Жерді экономикалық бағалау түсінігі


«Ш. ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕ АҚ
« ИНЖИНИРИНГ » ФАКУЛЬТЕТІ
(факультет атауы)
« ҚҰРЫЛЫС ИНЖИНИРИНГ » КАФЕДРАСЫ
(кафедра атауы)
6В07307 - « КАДАСТР »
(мамандық/БББ шифры) (мамандық/БББ атауы)
(Бакалавриат, магистратура, докторантура) бойынша білім алушылардың
(керегінің астын сызу)
3 курс, күндізгі оқыту, Кад-20-1 тобы оқу курсы
өндірістік тәжірибе бойынша
(тәжірибе түрі)
Бегимов Жарас Нурланулы
(Т. А. Ә. )
ЕСЕБІ
ТЕКСЕРГЕН:
Кәсіпорныннан тағайындалған Университеттен тағайындалған
тәжірибе жетекшісі: тәжірибе жетекшісі:
Басқарма бастығы Даиров Е. С. Профессор ассистенті, магистр Ақмурзаева Б. С.
(лауазым, Т. А. Ә. кәсіпорын жетекшісі) (лауазым, Т. А. Ә. университет жетекшісі)
(баға) (қолы) (баға) (қолы)
05. 06. 2023 24. 06. 2023
(күні) (күні)
АҚТАУ 2023ж.
МАЗМҰНЫ:
- КІРІСПЕ
- НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1 Жерді экономикалық бағалау түсінігі
2. 2 Жерді бағалау бойынша жүргізілетін жұмыстар
2. 3 Суармалы егістік жерлерінің топырақ сапасын айыру
2. 4 Топырақты бониттеу
III. ҚОРЫТЫНДЫ
IV. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «» РМК-ның Маңғыстау филиалы «» РМК бас директорының 2020 жылғы 06 наурыздағы №22-ө шешімі негізінде құрылған. «» РМК-нің Маңғыстау облысындағы филиалдың бас директоры Даиров Елтай Сағынғалиұлы
Филиалдың мақсаты - «» РМК-нің жеке құрылымдық бөлімшесі ретінде Маңғыстау облысының аумағында «» РМК мүдделерін қорғау және ұсыну.
Филиал Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 29 ақпандағы №114 «Мемлекеттік қала құрылысы кадастры саласында мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағаларын белгілеу туралы» бұйрығына сәйкес мемлекеттік қала құрылысы кадастры саласындағы қызметтерді / жұмыстарды ұсынады:
- мемлекеттік қала құрылысы кадастрын ақпаратпен толтыру;
- мемлекеттік қала құрылысы кадастрынан ақпарат беру (кадастрлық ақпарат және кадастрлық жоспар) ;
- 1:500 масштабтағы кадастрлық жоспарды жасай отырып, инженерлік коммуникацияларды түгендеу.
Бұл өндірістік тәжірибе одан әрі тәуелсіз қызмет үшін жақсы практикалық тәжірибе болып табылады. Тәжірибе барысында мен қызықты жаңа фактілермен таныстым. Өзімнің теориялық білімін бекіттім, өз кәсібімен жақсы танысып және сондай-ақ бұл тәжірибе менің алдағы мансаптық баспалдағымда жақсы қадам болды.
Қызметкерлерден өзімнің сұрақтарыма жауап ала отырып, мен өзім үшін қосымша ақпарат алдым, бұл маған болашақта пайдалы болады. Олар маған пайдалы кеңестер берді. Өндірістік практикадан өту барысында мен университетте алған барлық білімімді бекіттім және жетілдірдім.
Жер кадастрын басқару оңай емес, сіз өте мұқият және ұқыпты болуыңыз керек, Сіз өз жұмысыңыз үшін үлкен жауапкершілікке ие боласыз, қателесуге болмайды. Мен тәжірибеден өту кезінде жұмыстың ауырлығын түсіндім және түсіндім. Мен көп нәрсені үйрендім. Далалық, камералдық жұмыстарды да атқардық.
Жер кадастрын басқарудағы өндірістік тәжірибе маған және менің болашағыма оң әсер етті. Енді мен құжаттаманы егжей-тегжейлі түсініп, өз мамандығымның қыр-сырын түсіндім. Осы өндірістік практика арқылы өзімнің мамандығыма байланысты біраз нәрсе ұқтым.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1 Жерді экономикалық бағалау түсінігі
Жерді экономикалық бағалау - экономикалық көрсеткіштер бойынша экономикалық құнарлығын салыстырып бағалау.
Жерді экономикалық бағалау-жер кадастры жүйесінде экономикалық, өндірісе қолданылатын жердің құндылығын, табиғи және экономикалық жағдайларын есептеудегі экономикалық көрсеткіш көмегімен топырақтың әр-түрлілігімен өндірістік қабілеттілігін анықтаумен мінезделеді. Экономикалық бағалау мәліметтері келесі есептерді шешуге қажет :
- Жерді пайдаланушылардың, жеке меншік иесінің, жалға алушының меншігіндегі жерлердің шаруашылық іс-әрекетін бағалауға;
- Жер учаскесін бөлуге және беруге;
- Жердің нормалық бағасын, жер салығын, жердің жалға беру бағасын бекітуге;
- Мемлекеттік меншіктегі жер қорларын жеке және мемлекеттік меншікке беруге қажет.
Экономикалық бағалаудың ең басты мақсаты-көп жақтылы есептеу негізінде ауыл шаруашылығындағы әр-бір шаруашылық жерлерінің өнімділігін және оларды пайдаланудағы экономикалық тиімділігін және жер учаскенің әр-түрлілігін пайдаланудағы қоғамдық еңбекті анықтау болып табылады. Республикада ауыл шаруашылық жерлерін бағалау келесі мақсаттарға сәйкес жүргізіледі:
- Нысаналы мақсатты ескере отырып, жер учаскелерін пайдалану тиімділігін анықтау;
- Жер учсаскесін кепілдікке беру арқылы несие алу;
- Салық салу, жерді жалға алу төлемдерін анықтау;
- Мемлекеттік мүдделер үшін жер учаскелерін алып қою кезінде;
- Жер учаскелерінің жемесе жерді пайдалану құқығын сату кезінде оның бағасын білу.
Жерді бағалау үшін жер бағалық аудандау өткізіледі. Содан кейін, сол жерлердің шекараларынада топырақ бонитировкасы және жердің экономикалық бағалау жүргізіледі. Жерді экономикалық бағалау 2-ге бөлінеді
- Жалпы бағалау-жалпы ауылшаруашылық дақылдары бойынша бағаланады;
- Жеке бағалау-жеке ауыспалы егістіктер бойынша бағаланады.
Бағалау көрсеткіштері: өнім құндылығы (ӨҚ), шығын қайтарымы (ШҚ), дифференциалдық табыс (ДТ)
Жерді бағалау бойынша жүргізілетін жұмыстар:
- дайындық жұмыстары, бастапқы ақпаратты жинау, өңдеу;
- топырақтарды бонитеттеу;
- жерлерді жалпы және жеке экономикалық бағалау;
- жерді бағалау мағлұматтарын қарау;
- жерді бағалау материалдарын жасап шығару, беру.
Дайындық жұмыстары 2 бөлінеді:
- камеральдық, дайындық жұмыс;
- далалық жұмыстар.
Камеральдық дайындық жұмыстары келесі мәліметтерді қамтиды
- жердің сапалық және сандық есепке алу мәліметтері;
- агро климаттық көрсеткіштері.
Жерді бағалау кезеңдері:
1кезең-Бастапқы құжаттарды жүйелі түрде жұмысқа дайындау.
2 кезең-Жер бағалаудағы аудандау.
3 кезең- Топырақты агроөндірістік топтастыру.
4 кезең- Өнімділік бойынша бағалау шкаласын құру.
5 кезең-Жер бағалау жұмыстарын жүргізу.
6 кезең-Жер бағалаудағы құжаттарды дайындау және беру.
Жер бағалау жұмыстарын жүргізудегі құжаттар:
Есептік нормативтік құжаттама (коэффиценттік кестелер) . Ішкі шаруашылық жерді бағалау жеке шаруашылықтар бойынша жүргізіледі. Жерді бағалау үшін жер жер бағалық аудандау өткізіледі. Содан кейін, сол жерлердің шекараларынада топырақ бонитировкасы және жердің экономикалық бағалау жүргізіледі. Жерді экономикалық бағалау 2-ге бөлінеді
- Жалпы бағалау-жалпы ауылшаруашылық дақылдары бойынша бағаланады;
- Жеке бағалау-жеке ауыспалы егістіктер бойынша бағаланады.
Бағалау көрсеткіштері: өнім құндылығы (ӨҚ), шығын қайтарымы (ШҚ), дифференциалдық табыс (ДТ) .
2. 2 Жерді бағалау бойынша жүргізілетін жұмыстар
Жерді бағалау бойынша жүргізілетін жұмыстар:
- дайындық жұмыстары, бастапқы ақпаратты жинау, өңдеу;
- топырақтарды бонитеттеу;
- жерлерді жалпы және жеке экономикалық бағалау;
- жерді бағалау мағлұматтарын қарау;
- жерді бағалау материалдарын жасап шығару, беру;
Бағалаудың есептік - конструктивтік әдісі. Шаруашылықтардың егістік жерлеріне бағалау шкаласын жасау төмендегі ретпен жүргізіледі:
Шаруашылықтың егістік жерлерінінің балл бонитеті әрбір топырақ түрлерінің балл бонитеттерінің орташа өлшемдері бойынша мына формуламен анықталады:
Бш =∑ К1-п∙Б1-п, бұндағы,
∑ К1-+п
- Бш - шаруашылық егістігінің балл бонитеті,
- К1-п - топырақ түрлері тармақтарының көлемі;
- Б1-п - топырақ түрлері тармақтарының балл бонитеті.
Құрама (комплексті) топырақты жер участкелерінің балл бонитеті әр құрамның (комплекстің) компонентінің орташа өлшем мөлшеріне сәйкес біркелкі контурға негізделіп қайтадан есептеледі: әрбір топырақ түрлерінің сапалық баллдары ауыл шаруашылық дақылдардың көпжылдық орташа шығымдылығымен салыстырылады.
2. 3 Суармалы егістік жерлерінің топырақ сапасын айыру
Суармалы егістік жерлердің топырақ сапасын айырғанда жоғарыда айтылған алты көрсеткіштерге қосымша төмендегі көрсеткіштер ескеріледі:
- топырақ құрамындағы тұздың орта мөлшері топырақтың 0-50 см. қабатына қоса 50-100 см қабатында алынады (топырақтың екінші қайтара тұздануын білу үшін;
- топырақтың 0-50 см қабатындағы кішкене бөлшектердің орташа өлшем мөлшері;
- топырақтың ұсақ бөлшекті қабатының қуаты.
Эталон ретінде топырақтың 0-50 см қабатындағы қарашіріннің 2, 5%-ке тең мөлшері алынады. Шығымдылық пен топырақтың балл бонитетінің арасындағы байланыстың тығыздық өлшемі ретінде бірнешеден корреляциялық коэффицииентті қолданған жөн. Егер олардың арасында тікелей байланыс (тәуелдік) болса, онда регрессия теңдеуі есептелінеді. Сол арқылы шығымдылықтың өзгеруіне сәйкес топырақ сапасының балл көрсеткішінің өзгерісі аңықталады. Регрессия теңдігі бойынша топырақ сапасы балының және шығымдылықтың шамасын теориялық тұрғыдан есептелінеді. Осыдан кейін оларды практикалық көрсеткіштермен салыстырып, олардың айырмасының екі есе дәрежесінің орташа мәні үйлесімдік шама ретінде пайдаланылынады.
Табиғи жайылым алаптарының топырағының сапасын айыру.
Бұл жұмысты геоботаникалық зерттеу мәліметтерінің негізінде өсімдіктердің белгілі бір топырақ түрлерінің бағалау топтарына ұштастырылған түрлері бойынша жүргізіледі. Табиғи жайылымдық алаптардың топырақ сапасы екі түрлі көрсеткішпен анықталады: мал азықтық бірлік (кормовая единица) және сіңірілгіш протеин (переваримый протеин) арқылы. Бірінші (малазықтық бірлік) негізгі көрсеткішті болып саналады, ал екінші көрсеткішті анықтаудың мақсаты сіңірілгіш протеиннің қаншалықты жетіспеушілігін және оның орнына пайдаланатын қажеттілікті көрсету болып саналады. Эталон ретінде (100 балл) бір гектар алаптың 10 ц. Малазықтық бірлікке және 100 кг протеинге тең өнімділігі алынады. Осы жолмен анықталған баллдардың нәтижесі бойынша бонитировкалық шкала жасалады. Жер учаскесінің кадастрлық номері мемлекеттік кадастр кітабына енгізіледі және есептік кварталдың кадастр картасына қойылады.
Жер иеленушіліер және пайдаланушылар бойынша бағалау шкаласын құру .
Жоғарыда қарастырылған әдістемелер бойынша жер иеленушілер мен жер пайдаланушылардың жерлерінінің балл бонитеті әрбір топырақ түрлерінің балл бонитеттерінің орташа өлшемдері бойынша мына формуламен анықталады:
Бш =∑ К1-п∙Б1-п, Бұндағы,
∑ К1-+п
Бш-шаруашылық егістігінің балл бонитеті,
К1-п-топырақ түрлері тармақтарының көлемі;
Б1-п-топырақ түрлері тармақтарының балл бонитеті.
Құрама (комплексті) топырақты жер участкелерінің балл бонитеті әр құрамның (комплекстің) компонентінің орташа өлшем мөлшеріне сәйкес біркелкі контурға негізделіп қайтадан есептеледі. Әрбір топырақ түрлерінің сапалық баллдары ауыл шаруашылық дақылдардың көпжылдық орташа шығымдылығымен салыстырылады. Ескеретін жағдай, жер құнарлылығы өмір бойы өзгермейтін тұрақты көрсеткіш емес. Ол табиғи жағдайлардың және қазіргі ғылыми-техникалық үдеу кезеңінде адам әрекетімен өзгеріп тұрады. Сондықтан жерді бағалау көрсеткіштері де тұрақты емес. Міне соған байланысты жерді бағалау жұмыстарын 10-15 жылда қайталап тұру қажет. Ал топырақтың мелиоративтік-жағдайлары жиі өзгеріп тұратын суармалы егіншілік жағдайларда бұл қайталауды 5-6 жылда жасау керек.
2. 4 Топырақты бониттеу
Топырақты бониттеу түсінігі латынның «bonitas» деген сөзінен, қазақша сапалылығы жақсы деген мағынаны білдіреді. Топырақты бониттеу нәтижесінде, оны сапасы мен өнімділігіне қарай бағалап, бағалау көрсеткіштерін балл арқылы анықтайды. Топырақты бониттеу және жерді экономикалық бағалау бірімен-бірі ортақтық мақсаттарымен тығыз байланысқан және жерді пайдалануды тіркеу, оның саны мен сапасын есепке алу, тексеру және бағаланатын жерлердің өндірістік көрсеткіштері туралы статистикалық ақпараттардың бірыңғай нәтижелеріне сүйенеді. Жерді экономикалық тұрғыдан бағалаудың топырақты бониттеуде негізгі айырмашылығы, бониттеу топырақты ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық жағдайларын ескермей табиғи дене ретінде қарасытрады. Олардың табиғи құнарлылығының негізгі факторлары бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіп-өндіруге салыстырмалы жарамдылығын анықтайды. Сонымен қатар экономикалық бағалау үшін топырақ топтарын бөлуді қамтамасыз етеді. Ол жерді экономикалық тұрғыдан бағалауда ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі құралы ретінде қаралады. Осыған орай жерді экономикалық тұрғыдан бағалау қол жеткізген қарқынды егіншілік деңгейінде жер сапасындағы айырмашылық экономикалық құнарлылылық көз қарасында жеткілікті дәлдікпен бейнелеуі тиіс. Бұл бағалау өндірістің жергілікті табиғи және экономикалық жағдайлары, учаскелердің орналасуы, ауыл шаруашылығы өнімдерін алу үшін кеткен еңбек шығындарын есептеу арқылы жүргізіледі. Бірақ осымен экономикалық бағалаудың мағынасы таусылмайды, өйткені ол ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің тиімділігін есептеумен қатар, жалпы бүкіл мемлекеттік жер қорының тиімділігін есептеуі керек. Жерді экономикалық тұрғыдан бағалау материалдарын пайдалану жер қорларын болжау және жоспарлау жұмыстарын ұйымдастырумен кеңейе бастады. Бұл жұмыстарды орындау барысында жерді экономикалық тұрғыдан бағалау материалдары оның әртүрлі санаттары, жер пайдалану мен алқаптар топтары ара қатынасын белгілеу, халық шаруашылығының барлық салаларын жоспарлы дамыту негіздері болып саналады.
Жерді экономикалық бағалау материалдары шаруашылық аралық жерге орналастыру жұмыстарында жобалау шешімдерін қабылдауда негіз болады. Әсіресе экономикалық бағалау материалдары шаруашылық ішкі жерге орналастыру жобаларын негіздеуде маңыздылығы өте зор.
Топырақты бонитеттеудегі кәзір қолданылатын әдістер В. Докучаев принциптеріне негізделген. Олар топырақ қасиеттері мен агроклиматтық жағдайлардың санды көрсеткіштерін байланыстырып біртұтас пайдалануға негізделген. Сондықтанг бұл көрсеткіштер ауылшаруашылық дақылдарының орташа көпжылдық өнімі мен тығыз корреляциялық байланыста болғаны керек, әсіресе қарқынды (интенсивті) егіншілікте. Топырақ көрсеткіштеріне оның тығыздылығы және қарашірінді жиегінің қалыңдығы, гумустілігі, қышқылдылығы, механикалық құрамы, негіздер сіңіру сиымдылығы жатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz