Жатыр өлеңі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
АСТАНА ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
БІЛІМ БЕРУДІ ЖАҢҒЫРТУ ОРТАЛЫҒЫ
№65 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ КММ

Мағжантану авторлық бағдарлама
(4-сыныпқа арналған факультативтік курсы)

Астана қаласы, 2023 жыл

I. ТҮСІНІК ХАТ
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының 2022-2023 жылғы Әдістемелік хаты негізінде: Алаш зиялыларының ой - тұжырымдамасы жас ұрпаққа Алаш зиялыларының өмірі, шығармашылығы, еңбегі жайлы насихаттауда Мағжантану курсын жазумен шектеледі.
Қазақ халқының Ұлы тұлға Абай атамыздан кейінгі, алыптардың алтын діңгектерінің бірі ғана емес, бірегейі десек те болады. Мағжан Жұмабаев өмірге титей болып келіп, аз ғана ғұмыры қуғын-сүргінде жүріп, ұлтжанды елін сүйгіш, халқының осы күнгі өмір сүруін армандап кеткен.
Бастауыш сынып оқушыларынан бастап тәрбие жұмысына әдебиет әлемі арқылы, Мағжан поэзиясын кеңінен пайдалануда ұлт болашағы үшін өте маңызды. Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып келе жатқан тастақ жол болғандықтан әрбір тәрбиеші сөз жоқ, ұлты тәрбиесімен таныс болуға тиіс... деп ақын, педагог Мағжан Жұмабаев ұлттық тәрбиемізді жоғалтып алмауды меңзейді. [43-бет]
Ұлы ұстаз Әбу Насыр әл-Фараби Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие берілуі керек. Онсыз берілген білім - адамзаттың қас жауы дегенде оқыту барысында тәрбиелік әлеуетін арттыру болып табылады. Мағжан атаның еңбектері өте құнды дүниелер, оның туған халқының тәлім-тәрбие беретін бай мұрасын оқушы бойына қалыптастыру құптарлық.
Адалдық, батылдық, төзімділікті қалыптастыру; құрмет, қайырымдылық сезімін дамыту; оқушыларды өз міндетіне, өзгенің мүддесіне байыпты қарауға үйрету; өз Отанын сүюге, ұлттар достығын құрметтеуге тәрбиелеу болып табылады.
Сонымен қатар, кейбір өлеңдері адам жанының психологиялық әлемінің құпия сырларын, дамуын кестелеп өрнектей білген. Ақын шығармашылығының үлкен бір арнасы- халыққа білім берумен айналысқан. Мектеп оқушыларына, мұғалімдерге арнап Педагогика (1922, 1923), Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жөні (1925) еңбектері жарияланған.
Мағжан Жұмабаев тәрбие мақсатын келер күнмен ұштастырған. Халық тәрбиесін қастерлей отырып, оны да жұрт талқысынан өткізіп, қабылдауды қажет деп ескерген [47-бет].
Өлең, шығармалары арқылы дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухы биік, мәдениеті жоғары, еңбекқор жағымды қасиеті жеткілікті ұлт тәрбиелеу.
Аталған курс төрт бөлімдерді қамтиды. Ақынның өмірбаяны, Мағжан шығармашылығы- әлеуметтік тақырыптарды қозғаушы, ағартушы, Мағжан поэзиясындағы - түркі тақырыбы, Мағжанды оқып, үлгі тұт.
Мағжан шығармашылық жолы Қызылжар қаласында оқып жүргенде басталады. Мағжанның жүрегіне 1909 жылы Петербург қаласында жарық көрген Абайдың тұңғыш өлеңдер жинағы оразан зор әсер етеді. Алғашқы өлеңдерінің бірі Алтын хакім Абайғадеп ерекше құрметпен аталған.[24-бет]
Ақынның Мен жастарға сенемін деген өлеңінде:
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстан қайратты-
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін! -деп келешек жастарды оқытып-тәрбиелеуде барлық күш-қабілетін жұмсап, үміт артуы. Бүгінгі бастауыш оқушыларының бойына сіңіруден бастау алады.
Ақын - талант, шығармашыл тұлға. Оның ақындық әлемінің ерекшелігі сонау заманның бай мен кедейдің қарама-қарсылығы емес, бірлігі мен ынтымағын жырлаған. Туған жерім-Сасықкөл өлеңінде Сыртында ақ боз үйлер жарасқан көл; Байларының кедейлерге қарасқан көл- елдегі уыздай ұйыған бірлікте деп түсінеді.[ 13-бет]
Табиғатты Мағжаннан көп, онан артық суреттеген қазақ ақыны кем де кем шығар -деп жазды.Ж.Аймауытов.Табиғатты, оның қойнауындағы ел-жұртты атып жырлаған.
Мағжан адам мен қоғамды, ел мен жұртты ешқандай топтарға бөлмей түгел құшақтап сүйген. Менің бір қарт анам бар, Неге екенін білмеймін - Сол анамды сүйемін. ... . Алаш деген елім бар, неге екенін білмеймін- Сол елімді сүйемін-деген өлең жолдарынан өз ұлтымен мақтанғаны.
Ақын қартайған анасын күделікті тұрмыстың жетегінде жүргенін, ана әркімге қымбат екенін айтқан. Өзінің жарын да сезімімен суреттеген.
Мағжанды оқып, үлгі тұту ұлты рухын көтеру, түпкі тарихымызды кеңінен ұғындыру. Алты Алаштың еліне шынайы қызмет жасап, өзгенінің жат қылықтарының жетегінде кетпеуді аңсап кеткен. Халық болашағына, дәл бүгінгі заманға поэзия әлемін жазып кеткен.
Ғұмыр бойы туған даласын, атажұртын өлеңмен тербеп-әлдилеген.
Мағжантану курсы осымен аяқталмай, әлі де жалғасы жазылады.

Мақсаты: Әдебиет әлемі арқылы Мағжан өлеңдерінің мағынасын жас ұрпақтың бойына сіңіру арқылы ұлттық сананы қалыптастыру
Міндеттері: Мағжан Жұмабевтың жырларын, өлеңдерін үйрету арқылы, ақындыққа балу, ұлтжандылыққа тәрбиелеу;
Өлеңдері арқылы Мағжан атаны тануы;
Ақынның мәдени мұрасы, өмірі жайлы білу.
Өзектілігі: оқушының бойына сыршыл ақынның өмірі мен шығармашылығын білу дәрежесін жоғарылату.
Күтілетін нәтиже:
Мағжан Жұмабаев шығармаларын оқуға құштарлығы артады;
Зеректік қабілеттерін дамытып, ой-өрісін кеңейтеді;
Оқушының дүниетанымы, оқуға қызығушылығы, ойды жүйелеу қабілеттері дамиды.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану, музыка,еңбекке баулу.

Оқытудың түрлері, әдістері: танымдық әңгіме, пікір-сайыс, театрланған сахналық көрініс, сұрақ-жауап, рөлдік ойындар, поэзиялық кеш және айтыс түрінде өткізуге болады.

II. КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

Мағжантану факультативтік курсы 4 -сынып
Жылдық сағат -34 сағат, а пталық сағат -1 рет

Тақырыбы
Сағат саны
мерзімі
Ақынның өмірбаяны

1
Кіріспе (жалпы шолу)

2
Мағжан Бекенұлы Жұмабайдың өмірбаяны шыққан тегі туралы
1

3
Мағжан атасы-Жұмабай қажы, әкесі-Бекен, анасы - Гүлсім туралы
1

4
Ғалия медресесінде білім алуы
1

5
Омбы қаласында мұғалімдер семинариясында оқып, Қызылжарда оқытушылық қызмет атқарды
1

6
Мәскеуде Жоғары әдеби-көркемөнер институтында білім алды
1

7
Жатыр өлеңі
1

2. . Мағжан шығармашылығы- әлеуметтік тақырыптарды қозғаушы, ағартушы.
8
Абай поэзиясын тануы.
Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға өлеңі
1

9
Туған жерім-Сасықкөл
1

10
Шын сорлы
1

11
Жазғы таң
1

12
Өнер білім-қайтсе табылар
1

13
Мен жастарға сенемін
1

14
Сүйемін (анаға арналған өлеңі)
1

15
Қазағым өлеңі
1

16
Қарағым өлеңі
1

3. Мағжан поэзиясындағы - түркі тақырыбы
17
Орал тауы
1

18
Алыстағы бауырыма
1

19
Жер жүзінде
1

20
Қазақ тілі
1

21
Тез барам!
1

22
Түркістан
1

23
Қайталау (Кім көп біледі?)
1

4. Мағжанды оқып, үлгі тұт
24
Мағжанды оқысаң, сөз маржанын тергенің! әдеби-танымдық кеш
1

25
Мағжан жүрегінің-тынысы жыр әдеби әуезді поэзия кеші
1

26
Мағжантану дәйексөздері
1

27
Мағжан атаның аударма саласына үлкен мән беруі
1

28
Абайды сүйемін. Бұдан соң Мағжанды сүйемін..
1

29
Мағжан атаның мемориалдық мұражайы (қайтыс болғаннан кейін )
1

30
Мағжан Жұмабайұлы жұмыстарын зерттеу жұмыстары. (эссе, сурет салу)
1

31
Мағжан шығармаларын жатқа оқу сайысы
1

32
Ұлағатты сөздері
1

33
Мағжан-жыр-маржандары сахналық көрініс
1

34
Жыл бойы өткенді қайталау . Жадымдасың мәңгілік
1

Әдістемелік нұсқаулық
Ақынның өмірбаяны
Мағжан Бекенұлы Жұмабайдың өмірбаяны шыққан тегі туралы
Мағжан Бекенұлы Жұмабай ( 25 маусым 1893 жылы) Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасында дүниеге келген. Орташа ауқатты отбасынан шыққан. Мағжан ауыл молдасынан сауатын ашқан. Азан шақырып қойған аты-Әбілмағжан.
1905-1910 жылдары Қызылжардағы (қазіргі Петропавловск ) №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескен Мұхаметжан Бегишевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыған.Араб, Парсы, Түрік тілдерін еркін меңгерген. Мағжан аталған Медрессені жақсы үлгеріммен бітірген.
Атасы-Жұмабай қажы. Әкесі Бекен саудамен айналысқан дәулетті адам болған, хат танитын. Жұрт сыйлайтын белгілі адам болған. Анасының есімі -Гүлсім. Гүлсім-Әшірбек деген оқыған адамның қызы екен.
Жеті ұл, екі қыз тәрбиелеген. Ұлдары: Мүсілім, Қаhарман, Мағжан, Мұхамеджан, Сәлімжан, Қалижан, Сабыржан. Қыздары: Күләндам, Гүлбарам.
Әкесі - Бекен 1934 жылы 61 жасында дүние салады, зайыбы-Гүлсім 1943 жылы өмірден озды. Мағжанның отбасындағы аға-іна бауырлары сол заманның кезінде айдалған, қуылған. Екі інісі Сабыржан мен Қалижан қырғыз жеріне паналап, кейінгі жылдары дүниеден өткен. Бекен атаның қазір Мағжаннан басқа ұлдарының қалған немелері бар. [ 10-бет ]
Жазба деректерге сүйенсек, Мағжан Жұмабайұлының әулетін жақсы білетін жақын ағайындарының бірі, жазушы Хамза Абдуллин ақынны жастық шағы туралы былай әңгімелейді.
Мағжан өлең жазумен тым кішкентай күнінен шұғылданған. Өйткені әкесі Бекен ақ пен қараны айыра білетін адам болған. Үйіне кітапты көп жиятын.
Сол кездері Қазаннан, Орынбордан, Ташкенттен шығатын кітапхананың қорын молайтумен болған адам. Оның үстіне Әшірек атты әрі оқымысты, әрі іскер қазақтың үйінде дүниеге келген, Мағжанның анасы Гүлсім қазақтың әдеби кітаптарының үлкен қамқоршысы болған.
Мағжан қазақ әдебиетінен басқа татар әдебиеттерін, Фирдоус, Сағди, Хафиз, Омар Хайям, Низами, Науаи секілді шығыс ақындарының достандарын оқып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңа үлгідегі Корей поэзиясының дамуы
Қазағым өлеңі
М. жұмабаевтың шығармашылығының жалпы қазақ әдебиетінде алатын орны
А. Байтұрсыновтың ұстаздық ғылыми еңбектерінің мәні
Жүрсін Ерман поэзиясының көркемдік ерекшелігі
Мағжан Жұмабаев шығармашылығын мектепте оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері
Ақындық даралық Ж. Әбдірашев, Т. Медетбек лирикалары негізінде
Мағжан Жұмабаев – лирик ақын
Жамбыл Жабаев өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат
Қадыр Мырза Әлі – балалар әдебиетінің классигі
Пәндер