Жергілікті жердің ауылшаруашылығын экономикалық дамыту
Атырау облысы
Құрманғазы ауданы
Жұмекен ауылы
Еңбекші жалпы орта мектебі КММ
Орындаған: Нурлыгалим Сұлтан
10- сынып
Ғылыми жоба тақырыбы: Жергілікті жердің ауылшаруашылығын экономикалық дамыту
ІІ Экономикалық және әлеуметтік үдерістерді математикалық модельдеу
Секциясы : экономика
Жоба жетекшісі: Шалабаева Гүлнар Әлиқызы
география пәні мұғалімі
Ғылыми кеңесшісі: Нургалиева Айман Калидуллаевна
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
биология және ауылшаруашылығы кафедрасының
қауымдастырылған профессор м.а.,PhD
2023 жыл
Мазмұны:
І.Кіріспе
Ауылшаруашылық кешенінің экономикадағы маңызы
ІІ. Негізгі бөлім.
2.1 Ауылшаруашылығының экономикадағы алатын орны және оны дамытудың мәні
2.2 Қазақстан Республикасының ауылшаруашылығының даму бағыттары
2.3 Ауылшаруашылық өнімдерін жергілікті жерде экономикалық дамытуға байланысты өндіру жолдары.
ІІІ Қорытынды бөлім.
Ауылшаруашылық өнімдерін жергілікті жерде экономикалық дамытуға байланысты ұсынымдар
Қосымшалар
Пайдаланылған әдебиеттер
Аңдатпа
Бұл жоба жергілікті жердің ауылшаруашылығын экономикалық дамытудың маңызын зерттеуге арналған. Ауылшаруашылығы - бұл еліміздің экономикасын биікке асқақтататын маңызды салалардың бірі болып табылады. Ауылшаруашылық өнімдерін өз тәжірибемізде қолдану арқылы сапасын жақсартып, ұлттық брендке айналдыра отырып нарыққа шығару арқылы аулшыруашылық экономикасын дамыту жөнінде айтылады.
Аннотация
Данный проект призван изучить значение экономического развития сельского хозяйства местности. Сельское хозяйство-одна из важнейших отраслей экономики страны. Речь идет о развитии экономики сельского хозяйства путем продвижения сельскохозяйственной продукции на рынок с улучшением ее качества и превращением в национальный бренд.
Annotation
This project is designed to study the importance of the economic development of agriculture in the area. Agriculture is one of the most important sectors of the country's economy. We are talking about the development of the agricultural economy by promoting agricultural products to the market with the improvement of their quality and transformation into a national brand.
Мақсаты: Ауылшаруашылық өнімдерін өз тәжірибемізде қолдану арқылы сапасын жақсартып, ұлттық брендке айналдыра отырып нарыққа шығару арқылы аулшыруашылық экономикасын дамыту.
Міндеттері:
* Ауылшаруашылығы дамуының экономикалық және тәжірибелік негіздерімен танысу;
* Қазақстан Республикасының ауылшаруашылығының даму көрсеткіштерін талдау;
* Ауылшаруашылық өнімдерін жергілікті жерде экономикалық дамытуға байланысты өндіру жолдарын үйрену;
* Жергілікті жерде экологиялық таза , бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіріп нарыққа шығару ,ұлттық брендке айналдыру арқылы экономиканы дамыту.
Зерттеудің өзектілігі: Елдегі ауылшаруашылығының дамуынсыз Қазақстанда жоғарғы ұлттық экономиканы қалыптастыру мүмкін емес. Әлемдегі дамыған елдерде ауыл шаруашылығы көбіне экономикалық өсім ырғағын, ұлттық жалпы өнімді құрай отырып, оның құрылымын және сапасын анықтайды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" Қазақстан халқына Жолдауында - "Қазақстанның айналасында өнім өткізетін өте үлкен нарықтар бар.Онда сапалы азық-түлік өнімдері тапшы. Қазақстанның стратегиялық мақсаты - Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың біріне айналу. Осы мақсатқа қол жеткіземіз десек, ең алдымен өнімді сапалы, жоғары деңгейде өндіру" - деген болатын [1].
Аграрлық сектор мол өнім өндіруде және оны өңдеуде жоғары мақсатқа жету, мемлекеттің халқын отандық тауармен толық қамтамасыз ету, бәсекеге қабілетті өнім өндіру үшін өндірістің тұрақтылығын қамтамасыз етуі тиіс. Отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында қабылданған бірнеше мемлекеттік бағдарламалар болса да, елімізде ауыл шаруашылығы экономиканың ерекше секторы ретінде әлі құралмады. Оның дамуына тежегіш болып тұрған себептер бірнеше. Соның негізгілерінің бірі болып жетілмеген несиелеу жүйесі табылады.
Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығын қолдаудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламалары қабылданып және солар іске асырылуда.
Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығын одан әрі дамыту мақсатында жеке секторды қосылған құны жоғары өндірістерді құруға ынталандыратын ауыл шаруашылықты қолдаудың таяу перспективаға арналған, оның ішінде бизнес ахуалды, бәсекелі ортаны қалыптастыруға, жоғары қосылған құны бар жеке секторды ынталандыратын қоғамдық институттар жүйесін қалыптастыру жөніндегі негізгі бағыттарды айқындады.
Зерттеу пәні. Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығының экономикалық дамуы болып табылады.
Зерттеу объектісі. Жергілікті жердің ауыл шаруашылығы саласы болып табылады.
Зерттеудің болжамы: Егер біз ауылшаруашылық өнімдерінің сапасын жақсарту арқылы ұлттық бренд деңгейіне жеткізіп нарыққа шығарсақ , ауылшаруашылық экономикасының дамуына үлес қосар едік.
Зерттеу әдістері:
* Отандық және шетелдік ғалым-экономистерінің ғылыми еңбектері, Қазақстан Республикасының заңдары, Үкіметтің нормативтік-құқықтық актілерімен танысу;
* Егін шаруашылығында өнімді бақылау;
* Зерттелген нәтижеге талдау жүргізу.
Кіріспе
Ауылшаруашылығы - матриалдық өндірістің ең ауқымды түрі. Аграрлық сөзі ( латын тілінде agrarius) - жер, жерді игеру, жерді пайдалану деген ұғымды білдіреді. Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады. Ауыл шаруашылығы екі үлкен саладан, яғни өсімдік шаруашылығынан және мал шаруашылығынан тұрады.
Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені ел экономикасында маңызды рөлге ие. Оның дамуы елдің тұрақты дамуын теңестіріп, еңбек өнімділігін арттырады және халықтың негізгі бөлігінің өмір деңгейінің жақсаруын қамтамасыз етеді. Ауыл шаруашылығы - бұл еліміздің экономикасын биікке асқақтататын маңызды салалардың бірі болып табылады. Ауыл шаруашылығы дегенде еріксіз ойымызға кең байтақ жеріміз, төрт-түлік малымыз, егінді алқаптарымыз оралады. Осы табиғаттың берген сыйын жоғалтпау үшін ауыл шаруашылығының жағдайын жақсартатын бір әдіс-тәсілдер керек сияқты.
Тәжірибелік сараптаудың нәтижесіне қарағанда, республиканың ауыл шаруашылық саласының сапалы, кең көлемде өнім өндіруге мүмкіндігінің жеткілікті екендігін көрсетуде. Аграрлық сектор мол өнім өндіруде және оны өңдеуде жоғары мақсатқа жету, мемлекеттің халқын отандық тауармен толық қамтамасыз ету, бәсекеге қабілетті өнім өндіру үшін өндірістің тұрақтылығын қамтамасыз етуі тиіс. Бұл туралы мемлекеттің Президенті өзінің Қазақстан халқына Жолдауында аграрлық сектордың экономикасын дамыту, оның өндірісінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері әлі ол болса толық орындалмай жатқандығын айта келіп, оны шешу үшін ауыл шаруашылығының өнімділігі деңгейін арттыра беру, жердің тозуына жол бермеу, еліміздің су және басқа да табиғи ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру, сонымен қатар ескірген аграрлық технологиялардың қолданылуына тосқауыл қою, аграрлық ғылымның дамуындағы баяулықты еңсеру мәселелерін жүйелі түрде шешу керек деген тұжырымдаманы айтты.
Біздің еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушінің табатын пайдасы төмен болғандықтан, мұның өзі ұдайы өндірісті қалыптастыруға әлі күнге мүмкіндік бермей келеді. Сондықтан олар өнімін өткізуден түскен қаржыға жаңа техника сатып алуға шамасы жоқ болғандықтан, ауыл шаруашылығында техниканың тозып, санының азайып, өнім сапасының төмендеуіне соқтырады. Бірақ сол бөлінген техникалардың көлемі ауыл шаруашылығында инновациялық үрдісті қалыптастырып, нақты табысқа қол жеткізуге мүмкіндік бермей отыр. Мемлекет Қазақстанның ауыл шаруашылық өндірісіне мемлекеттік қолдаудың ұтымды шараларын қолдануда, агро азық-түлік кешенінің мемлекеттік басқарылуын оңтайландыруда жұмыс істеулері керек деп ойлаймын.
ІІ.Негізгі бөлім
2.1. Ауыл шаруашылығының экономикадағы алатын орны және оны дамытудың мәні
Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарынан нық орын алу жөніндегі стратегиялық міндеттің орындалуы үшін әлемдік экономиканың өсімінен тұрақты түрде асып отыратын экономикалық даму қажет. Еліміздің жоғары деңгейде өзіндік жолы бар мемлекет ретінде танылуы, оның әлеуметтік-экономикалық үстемелеп дамуы, халықтың әл-ауқатын, тұрмыс жағдайын жақсартудың негізі болып табылады.
Ауыл шаруашылығы нарық қатынастарын ұдайы іске қосып отыратын ортаның нақ өзі. Экономиканың өтпелі кезеңдегі ауыл шаруашылығы, ең алдымен, нарықтың тауармен молаюына және жаңа жұмыс орындарының құрылуына мүмкіндік берді. Жалпы алғанда бизнес экономикада нақты белсенді, бәсекелес ортаны қалыптастырып ғана қоймай, сонымен қатар, мемлекеттің экономикалық дамуында оның тұрақтылығының индикаторы есепті орта тапты жасақтайды. Ауыл шаруашылығынң әлеуметтік міндетіне: халықты жұмыспен қамту, тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету, адамның өмірге деген сеніммен қарау мүмкіндігін арттыру жатады.
Қазақстанда бүгінгі күні ауыл шаруашылығы бастан кешіріп отырған қиыншылықтарға қарамастан, экономиканың серпінді дамып келе жатқан бөлігі болып отыр. Ең бастысы: ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін шағын кәсіпкерлер саны өсіп келеді. Өсім соншалықты жоғарыда емес. Дегенмен, өсім бар.
Бүгінгі күнде тұрғындардың мемлекеттік бөлікте жұмыспен қамтылу деңгейі төмендеді. Босап қалған еңбек ресурстарының бір бөлігі мемлекеттік кәсіпорындардан жеке кәсіпорындарға ауысты. Ауыл шаруашылығы нысандары арасында тауар айналымының ең жоғары деңгейі коммерциялық және делдалдық қызмет бөлігінде, сонымен қатар ол жұмыс орнының саны жағынан да алда.
Ауыл шаруашылығы, әсіресе агроөнеркәсіптік өндіріс саласында мықтап дамуы тиіс. Қазіргі уақытта агроөнеркәсіптік кірігу жүйесіндегі шағын кәсіпорындардың осы мәселені шешу үшін жақсы мүмкіндіктері бар. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешені мен ауыл селоларды дамытудың басты бағыттары туралы бағдарламада: Агроөнеркәсіптік кешені құрамына шаруа қожалықтары, фермерлік шаруашылықтар, өндірістік және тұтынушылар кооперативтері, ұйымдар, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы үшін өндіріске тиісті қаржы жұмсайтын, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен шұғылданатын, шикізаттарды өңдеп, олардан алынған өнімдерді сақтауды және өткізуді қамтамасыз ететін шаруашылық нысандары кіреді, - деп атап көрсетілген.
Нарықтық экономикаға көшуге орай көптеген жаңа шаруашылық түрлері пайда болды. Меншіктің мемлекеттік және кооперативтік түрлері қатарына жаңа түрлер көптеп қосылды. Олардың арасында жеке меншікке негізделген шаруа қожалықтарының өзіндік салмағы бар [2].
Ауыл шаруашылығы тек бәсекелестіктің ғана емес, сонымен бірге, қоғамдағы техникалық прогресс пен ақпараттандырудың да лайықты ұйытқысы болып табылады. Ол шағын қалалар мен аудандар аумағында тұратын адамдардың әлеуметтік экономикалық жағдайын жақсартуға қызмет етеді. Ауыл шаруашылығы мемлекет тарапынан оңай қадағаланады және оны дамытуға көп шығын жұмсалмайды.
Республикада ауыл шаруашылығын дамыту жолындағы көптеген кедергілер бүгінгі күні жойылып жатқандығын атай кеткен жөн. Алайда, ауыл шаруашылығының дамуына күрделі мәселелер әлі де баршылық. Бүгінгі негізгі мәселелер:
- несие алу мүмкіндіктерінің шектеулілігі;
- ауыл шаруашылығын қорғау, қолдау жөніндегі заңдылық базаның әлі де қалыптаспауы;
- ауыл шаруашылығын қолдау және қорғау инфрақұрылымының әлсіздігі;
- несиенің қысқа мерзімге ғана берілуі және несиені өтеу пайызының жоғары болуы;
- несие беру құжаттарын толтырудың тым қиындығы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың жүргізіп отырған экономикалық саясаты бәсекеге қабілетті ұлттық экономиканы қалыптастыруға, оны түбегейлі өзгертуге бағытталған. Ол отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігіне айрықша талаптар қоятын болады. Ендігі жерде ауыл шаруашылығы шикізатын өндірумен өңдеу саласында жоғары сапаға жету ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz