Ұлттық бұйымдар


облысы, ауданы, ауылы
Жоба тақырыбы:
3 D принтер арқылы ұлттық бұйымдарды нақыштау
Секция: информатика
Жетекшісі:
Орындаған:
2023 жыл
Мазмұны:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1 3D принтер деген не және ол қалай жұмыс істейді?
2. 2 3D принтер қалай жұмыс істейді?
ІІІ. Практикалық бөлім
3. 1 Ұлттық бұйымдар
3. 2 3 D принтер арқылы ұлттық бұйымдарды нақыштау
3. 3 Ежелгі қолөнер шеберлері салтын сақтай отыра: қазақ халқының зергерлік өнері туралы
3. 4 Ұлттық нақыштағы 3 D форматта бейнеленген қазақстандық бұйымдардың көшбасы
ІҮ. Қорытынды
Ү. Қолданылған әдебиеттер тізім
Аңдатпа
Ұрпағымыздың ұлт мәдениетінің кәусар бұлағынан сусындап өсуі ұрпақ тәрбиесінде кездесетін көптеген қиындықтардың алдын алуға септігін тигізеді. Мәдениет тақырыбын қайта қарау барысында жазылмай қалған көптеген деректерді саралап, тек қазақ халқының ғана емес елімізді мекендеген барлық ұлттар мәдениетінің тарихын қағаз бетіне түсіріп, ұсынуымыз керек. Әлемдік мәдениетке өлшеусіз үлес қосқан тарихи жәдігерлерімізді ұлттық құндылық ретінде сақтаумен бірге ұлттық мәдениетімізді ұрпақ санасына сіңіріп өсіру кезек күттірмейтін жауапты іс. Өз жұмысымда қазақ халқының тұрмысында ерекше орын алатын ұлттық нақыштағы бұйымдарды 3D принтерде шығару және жасалған бұйымдардың маңызына тоқталмақпын.
Аннотация
Рост национальной культуры нашего поколения, сопровождаемый родником, поможет избежать многих трудностей, с которыми сталкивается воспитание поколения. В ходе пересмотра темы культуры мы должны проанализировать многие неизведанные факты и представить на бумаге историю культуры не только казахского народа, но и всех народов, населявших нашу страну. Неоценимое ответственное дело-Сохранить как национальную ценность исторические реликвии, внесшие неоценимый вклад в мировую культуру. В своей работе я остановлюсь на важности изготовления изделий с национальным колоритом на 3D принтере, которые занимают особое место в быту казахского народа.
Жобаның мақсаты: 3D принтер арқылы ұлттық бұйымдарды нақыштау оқу мен дәріптеу және насихаттау.
Жобаның міндеттері:
Оқушылардың бойында 3D принтер арқылы ұлттық бұйымдарды нақыштау жайлы еңбектерін құрметтеу дағдыларын қалыптастыру;
3D принтер арқылы ұлттық бұйымдарды нақыштау жайлы құндылықтарын дәріптеу;
Жоба өзектілігі: 3D принтер арқылы ұлттық бұйымдарды нақыштауды танымдық тұрғыдан зерттеу.
Ғылыми жобаның деректік негізі: ғылыми жұмысты жазу барысында осы уақытқа дейін ғылыми айналымға тартылмай келген баспа сөз материалдары мен тарихи түрлі әдебиеттер, ғылыми зерттеулердің мәліметтері сұрыпталып алынды.
Зерттеудің болжамы: Зерттеу жұмысы 3D принтер арқылы ұлттық бұйымдарды нақыштау арқылы оқушылардың өзін өзі тәрбиелеуі және зияткер ұрпақтың қалыптасуына тарихи көмек.
Зерттеудің кезеңдері: Зерттеу жұмысының мақсаты мен тақырып ерекшелігіне байланысты әдеби-тарихи, жүйелі-сипаттамалық, баяндау, салыстырмалы талдау мен жинақтау, жүйелеу және оны түсіндіру әдістері қолданылды.
Ғылыми жобaның ғылыми жaңaлығы: 3D принтер арқылы ұлттық бұйымдарды нақыштауды танымдық тұрғыдан зерттелуі.
Кіріспе
Ұлттық бұйымдары - қазақтардың ұлттық зергерлік бұйымдары, яғни асыл металдарды әшекейлеп өңдеп, көп жағдайда қымбат тастармен безендіріп алынатын бұйымдар. Қазақ қолданбалы өнер туындылардың шығармашылық бейнесіне жалпы алғанда көркемдік тіл ықшамдығы және сәндеу шешімдерін жалпылау тән, бұл қазақ шеберлерінің қоршаған ортаны ерекше қабылдауымен айқындалады. Қазақтардың түйсігінде әлем сандық және кеңістік өлшемдермен айқын құрылымдаған, деңгейі мен дүниенің төрт бұрышы айқын көрініс тапқан. Осы түсініктен сәндік композиция құрайтын қарапайым симметриялық пішіндер туындайды. Сонымен қатар ұлттық бұйымдар арқылы, қлттық салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды, фольклор, ертегі, аңыз-әңгімелерін дәріптеу. Осындай феномен болған құндылықтарды 3 D принтермен жасау бұл қазіргі таңда таптырмас дүние.
2. 1 3D принтер деген не және оның мүмкіндіктері.
Бүгінде әлемдік технологияда, адам сенгісіз жаңалықтар орын алуда. Оған дәлел соңғы он жылда 3 d принтер деген атпен белгілі болған құрылғы. Ғалымдардың пайымдауынша 3 d принтердің қарқынды дамып келе жатқандығы сонша, әлемдік саудадағы тепе-теңдікті өзгертуде.
Бұл озық технологияны түсіндірудің қарапайым мысалы: сізге әжеңізден ерекше қобдиша мұрагерлікке қалды, бірақ оны абайсызда сындырып алдыңыз делік.
Тура мұндай қобдишаны сатып алу мүмкін емес, бірақ сүйікті затыңызбен қоштасқыңыз да келмейді. Алайда, соған ұқсас қаңқа сатып алып және үйіңізде 3 d принтер болса, кішкене күш салып сүйікті бұйымыңызды қайта қалпына келтіре аласыз. Бұған үшөлшемді басып шығару арқылы қол жеткізуге болады. Үшөлшемді басып шығару технологиясы күнделікті өмірімізге қарқынды еніп, ажырамас бөлігіне айналып келеді. Кейбір адамдар үшін бұл қосымша табыс көзі немесе шығармашылық идеяларын іске асыруға тамаша мүмкіндік болып отыр. Бұл - суретті үшөлшемді етіп шығаратын құрылғы. Ол сандық үшөлшемді модельді пайдалана отыра қабаттап шығарады. Суретті жасап шығаруға пластиктің бірнеше түрі негіз болады, алайда бүгінде өндірушілер бейненің әлдеқайда шынайы болуына жаңа компоненттер қосып жатыр.
Сырт келбеті жағынан 3d принтер металл бағыттаушылар қондырылған қарапайым принтерге ұқсас, ал басып шығаруды экструдер немесе лазер жасайды. Оны күрделі суреттер мен пішіндерді, бөлшектер мен фрагменттерді, жалпы қарапайым принтермен шығару мүмкін емес заттарды басып шығаруға қолданады. Үшөлшемді басып шығару жайлы алғашқы идеялар сонау 80-ші жылдары пайда болған. Дәл сол уақыттары арнайы фотополимерл пластиктің көмегімен нысаналар құрастыратын стереолитограф жасалып шығарылған. Технология фотополимерлердің қасиеті негізінде жасалған - лазердің әсерінен ол қатып қалып, пластиктің қатты пішініне айналады. 3d принтердің жұмысы былай іске асады: қызметші элемент - экструдер-бас принтерді іске қосатын пластик жіпті балқытады. Кейін балқытылған элемент шүмек арқылы беріледі, ал кейін бөлме температурасында тез қатады.
Жұмыс істеу үшін басқа өндірістік технологиялар сияқты арнайы жағдайды қажет етпейді. Оған қоса нысаналарды жасауға кететін шығын да аса көп емес - 1 кг пластик үшін бар-жоғы 50-60 доллар. Сонымен қатар нысана ұзақ уақытқа сақталады, бұл принтерді үй жағдайында пайдаланудың құндылығын арттырады.
Нақтырақ айтсақ, бұрындары 3 d принтерді инженерлер мен ғарыш саласының мамандары спутниктерге құрамалы бөлшектер жасау үшін ғана қолданған. Ал, қазіргі таңда үшөлшемді суреті бар қарапайым футболкалар жасап қана қоймай, ғимараттардың күрделі үшөлшемді проекциялық модельдерін құрастыруға болады.
- Мамандар медицина саласында титаннан жамбас сүйектің көшірмесін және керамикадан тіс протездерін жасау үшін үш өлшемді кескінді қолданады.
- Бұл жаңалыққа зергерлер де қуанды - жаңа заман принтерінің арқасында ең күрделі деген заттарға құйма пішіндерін жасау оңай болатын болды.
- Ал археологтарға табылған элементтің қисынды жобасын салып қана қоймай, оның нақты түрін құрастыруға мүмкіндік туды.
- Ғалымдарға арман болған «азық-түлік принтері» көп ұзамай шындыққа айналуы мүмкін. Ол ақуыздар мен көмірсулардан нағыз азық-түлікті жасай алады деп күтілуде.
- Озық технология адам мүшелерін жасауға көмектесуі мүмкін. Бұл әсіресе донор тапшылығына ұшыраған адамдарға өзекті. Қазірдің өзінде омыртқа аралық дисктер мен бағаналық жасушаларды басып шығару тәжірибеге еніп жатыр.
- Сән дизайнерлері де асыл тастан бұйымдар жасап, киім тіккенде және нейлон сияқты материалдарды қолданғанда осы технологияны пайдаланады.
- Қазірдің өзінде архитекторлар бетоннан салынатын үйлерді жобалағанда 3D принтерді қолдану әдістерін меңгеруге тырысып жатыр. Тіпті «түгелдей 3D принтердің көмегімен жасалған үй саламыз» деген бәсеке де басталып кетті.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz