Құрттың адам денсаулығына пайдасы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Астана қаласы №71 мектеп-лицейШЖҚ МКК

ТАҚЫРЫБЫ: Құрт - қыстың қымызы

Секция: Медицина

Орындаған: Пазик Нұриман 4"Ә" сынып оқушысы

Жұмыстың жетекшісі: Камзенова Акмарал Мукажановна
Бастауыш сынып мұғалімі


Астана қаласы, 2023 ж

Құрт - қыстың қымызы атты
Пазик Нұриманның ғылыми жұмысына

Пікір
Мен өзімнің шәкіртім Пазик Нұриман ғылыми жұмысын түгелдей оқып, мазмұнымен таныстым.Ғылыми жұмыстың тақырыбы Құрт - қыстың қымызы
Бұл оқушылар осы тақырыпқа қызығушылық танытып, өздерін толғандыратын сұрақтарға жауап іздегендіктерін байқап, оларға бағыт беріп, зерттеу жұмыстарымен айналысуды ұсындым. Оқушылармен бірлесе отырып құрған зерттеу жоспарын орындау барысында ата-аналар да балаларына түсіністікпен қарап, мүмкіндік жасады.
Зерттеу барысында оқушылар кітапханаларға барып, ғаламторды қолданып қана қоймай, осы ұлттық тағамды жасаудың қыр-сырын білу үшін өз қолымен дайындап жүрген кісілермен кездесіп, түрлері, жасалу ерекшеліктерімен танысты.
Менің ойымша,Пазик Нұриман өзінің зерттеу жұмысының тақырыбын толығымен ашып, алдына қойған мақсаты мен міндеттерін орындау үшін ізденіс танытып, өз тақырыбына қатысты көптеген ғылыми әдебиеттерді пайдалана отырып, қорытындылар, тәжірибелер жасап дәлелдеген.Негізінен, зерттеу нысаны етіп алған еңбектері бойынша ойларын нақты баяндаған.Сондықтан да, жұмысты бағалауға тұрарлық ғылыми еңбек деп есептеймін.

Жетекшісі: Бастауыш сынып мұғалімі
Камзенова Акмарал Мукажановна



Зерттеу жұмысына қысқаша аннотация

Біз бұл жұмысымызда қазақ халқының ұлттық тағамы құрт туралы жаздық. Құрт ерте заманда дамып, күні бүгінге дейін құндылығын жоғалтпай келген тағам.
Еліміз өркендеп, экономикамыз қарыштап дамыған қазіргі заманда халықтың талғамының өзгеруіне сай кейбір ұлттық тағамдардың да сұраныстан түсуіне әкеліп соқты. Бұл мәселе қазақ құртын да айналып өтпеді. Бүгінгі күнде құрт дастархан сәні болған қасиетінен айырылып, сұраныстан түскелі тұр.
Біз өз жұмысымызда құрттың адам денсаулығына тигізер пайдасы орасан зор екенін баяндай отырып, құрттың Қазақстанның ұлттық бренді болуға лайық нағыз тағам екенін дәлелдеуге тырыстық.
Зерттеу жұмысын орындау барысында өз пікірлерімізді зерттеу материалдарына сүйене отырып дәлелдедік.
Өз зерттеу жұмысымызда замандастарымыздың өз ұлтының ұлттық тағамдарын қадірлей білуін, дәм кепиетін ұмытпауын және тұрмыста күнделікті пайдалануын көздедік.

Ғылыми жоба тақырыбы: Құрт - қазақтың ұлттық тағамы

Жобаның негізгі мақсаты:
Қазақ халқының байырғы тағамы - құрттың пайдасын анықтау арқылы маңызын көрсету, Қазақстанның әр түрлі аймақтарында жасалу түрлерін зерттеп, ерекшеліктерін табу, организмге күнделікті қажеттілігін насихаттау, ұлттық бренд ретінде әлемдік нарыққа шығаруға үлес қосу.
Зерттеу заты - үй жануарларының сүтінен жасалатын құрт тағамы.
Зерттеудің өзектілігі- балаларға арналған құрамында әр түрлі химиялық қоспалар бар шетелдік тағамдар орнына таза, табиғи, кейінгі уақытта көбейіп кеткен әр түрлі ауруларға қарсы иммунитет нығайтатын дәрумендері бар құрт тағамын балалардың күнделікті ас мәзіріне қосу қажет .
Зерттеудің болжамы-егер құрт жайлы көбірек оқып білсек, онда құрттың көптеген сырларын ашар едік.
Зерттеу әдістері
- ғылыми әдебиеттердегі анықтамалармен танысу;
- бақылау;
-зерттелген нәтижеге талдау жүргізу
Мазмұны:
1.Кіріспе
2. Негізгі бөлім:

2.1. Құрт - қазақтың ұлттық тағамы
2.2. Құрттың түрлері
2.3. Құрттың жасалу технологиясы
2.4. Құрттың адам денсаулығына пайдасы
2.5. Құрттың тарихи деректерде қолданылуы.
2.6. Қазақстанның ұлттық бренді - құрт
3. Біздің зерттеу жұмысымыз
3.1.Құрттың әр аймақтағы жасалу жолымен танысу
3.2.Сауалнама нәтижесі
4. Қорытынды
5. Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Бұл жобада қазақ халқының өмірінде маңызды рөл атқаратын мал шаруашылығының, соның ішінде Зеңгі баба деп пір тұтқан сиыр сүтінен жасалатын осы заманға дейін жеткен және көпшілікке таныс негізгі түрлерінің бірі құрт туралы айтқымыз келді. Құрт - қазақ халқының сүттен жасалған ұлттық тағам ретінде кеңінен қолданатын өте көне түрінің бірі.
Құрт ежелгі замандарда қалыптасып, дамып, бүгінгі күндерге дейін өз қасиетін жоғалтпай, жақсы сақталған. Бізді қазақ құртының және құрттың жасалу әдістері мен кейбір тағамдарға қосымша қолданылатындығы қызықтырды. Тағамның өте көне әрі пайдалы түрі - сиыр сүтінен жасалған құрт жайында мәлімет жинағым келді.
Өз мақсатымызға жету үшін, алдымызға мынадай міндеттер қойдық:
-Сиыр сүтінен жасалған құрт жайында материалдар жинау;
-Құрттың еліміздің әр аймағындағы жасалу технологиясын анықтау;
-Құртты кеңінен пайдалану әдісін ұсыну;
- Құрттың адам денсаулығына пайдасын көрсету;
-Қазақтың ұлттық тағамы құртпен танысу;
Қоғамның қарыштап дамып, адамдардың талғамының өзгеруіне сай халықтың ұлттық тағамдарға деген сұранысы да өзгерді. Ал, бұған себеп, түрлі тағамдардың, соның ішінде, басқа елден келген астардың көбеюі. Бірақ, бұл тағамдардың пайдасынан зияны басым екенін зерттеушілердің өзі дәлелдеп отыр. Дастарханымыздың сәні, денсаулығымыздың көзі болып келген құрт, ірімшік, жент, қаймақ, сүзбелердің орнын шет елдік құнары аз, денсаулыққа пайдасынан зияны басым қытырлақтар мен шытырлақтар жаулап алды. Қазіргі сауатты, жоғары білімді, оқыған - тоқығаны көп деп жүрген халқымыз дәрумендерге бай ұлттық тағамдарымыздың құнын жоғалтып алғандай.
Бізде ұлттық тағамдардың ұмыт болып бара жатқаны шындық. Жобаның негізгі мақсаты осы ұлттық тағамдарымыздың ішіндегі кенеулісі болып табылатын құрттың қасиетін өзіне қайтарып беру. Халықтың санасын өткенге қайта оралту. Құрттың қайтадан кең қолданысқа түсуіне ықпал ету. Сол себепті біз құрт туралы деректер жинауға ұмтылдық. Зерттеу жұмысы барысында біз құрттың қайнатылуына қарай үш түрге, қара құрт, ақ құрт және ежігей деп бөлінетінін, жасалуы мен пайдалануына қарай одан да бірнеше түрге бөлінетінінің куәсі болдық.
Құрт өз деңгейінде қолданысқа түскен жоқ. Міне, сол себепті құрттың құрамына және оның адам организміне тигізетін пайдасына баса назар аудара отырып, деректер жинақтап, зерттеу жұмысын одан әрі жүргіздік. Біз зерттеу барысында үлкен апалардан әр аймақтарда жасалатын құрт түрі мен құрамы туралы деректер жинадық. Нәтижесінде құрттың пайдасы мен жасау әдістерін анықтадық. Сонымен қатар сыныптағы оқушылар арасында да сауалнамалар жүргіздік. Сыныптастарыма Құрт туралы не білесің?, Құртты жеп көрдің бе?, Отбасыңда құртты пайдалана ма? деген сауалдар жүргіздік. Кейбір сыныптастарымыз құрт туралы мүлде ештеңе білмейтін болып шықты. Отбасыңда құртты жиі пайдалана ма дегенге Наурыз мерекесінде пайдаланады немесе Наурыз көже істегенде қосады дегендер де болды.
Жұмыстың мақсатына жету үшін үлкен кісілермен сауалнамалар жүргіздік, ғылыми-зерттеу еңбектерден, әр түрлі басылымдардан, ғаламтордан материалдар жинадық, дәмі әр түрлі құрт жасау тәсілдерін анықтадық.
Зерттеу жұмысымның барысында сиыр сүтінен жасалған құрттың әр түрін әкеліп сыныптастарыма ұсындым. Нәтижесінде мен сияқты жасөспірімдерге қышқыл құрттың да, тәттілеу құрттың да ұнайтынын анықтадым.
Қазіргі кезде балалар әртүрлі сағыздар мен шоколодтарды әсіресе, киндер сюрприз, синикерстерді көп пайдаланады. Чупа-чупс сорады. Сағыздың асқазанды саздыратын зияны болса, түрлі шоколодтар баланың асқа деген тәбетін жояды. Бұл тағамдардың пайдасынан зияны басым екенін зерттеушілер дәлелдеп қойған. Мәселен, барлық дүкендерде сатылатын американдықтардың жылдам әзірленетін гамбургер, чизбургер, хот- дог секілді тағамдары денсаулыққа зиян, әрі адамның тез толысуына себепші болады. Міне, осы секілді басқа елден келген астардың көпшілігінің пайдасынан зияны басым болса да, барлық дүкендерде осы тағамдар сатылады, ал өзіміздің ұлттық тағамдарымызды еш дүкеннен таба алмайсың. Тек құртты ғана санаулы дүкендерден табуға болады. Бұлай кете берсе, құртымыздың жойылып кету қаупі туындап отыр. Біздің мақсатымыз балалар ойнап жүргенде, бос кездерінде ауыздарына сағыз салып, чупа-чупс сорғанша құрт салса, құрт мүжісе, құрт сорса деген ой еді. Бұл бала денсаулығына өте пайдалы болар еді.
Жоба барысында құрттың халық тарихымен жасасып келе жатқан ұлттық тағам екеніне және құртты үнемі қолдануда үлкен мән - мағына бар екеніне көз жеткіздім. Біздің алдымызға қойған мақсатымыз мектеп оқушыларына сиыр сүтінен жасалған құрт тағамы жайында толығырақ мәлімет беру және оның пайдасын, түрлерін насихаттау. Осы еңбегіміздің нәтижесі ретінде болашақта дүкен сөрелерінен балаларға арналған әртүрлі тәттілер мен сағыздар сияқты балалар еркін сатып алатындай құрттың әр түрі болса деп ойлаймыз. Тіпті дәріхана сөрелеріне де гематоген, аскорбинкалармен қатар құрттың әр түрін қоюға болады. Біздің зерттеуіміздің нәтижесінен туған осы бір жаңалық өзім сияқты оқушыларды қызықтырады деген ойдамын ... ... ... ... ... ... ... ...
Зерттеу жаңалығы: құрттың адам денсаулығына пайдалы екені.
Құрт туралы мектеп оқушыларының толығырақ мағлұмат алуына көмегімді тигізсек деген оймен осы жобаны ұсынып отырмыз.
2.1. Құрт - қазақтың ұлттық тағамы
Қазақ халқы ұлттық тағамға өте бай. Ұлттық дастарқанымыздың ас мәзіріне ет, сүт, балық, ұн өнімдерінен жасалған тағамдар көптеп енеді. Ата-бабамыз осынау бай дастарқан мен табиғи құнарлы ұлттық тағамдарды ішіп-жеу арқылы анау-мынау ауруға дес бермеген. Бір тағамның бірнеше жолмен дайындалып, жасалу технологиясының мұқият сақталып, жасалу түріне қарай бірнеше атау берілуінің өзі аналарымыздың тамақтың бабын жақсы білгенін аңғартады.
Халқымыздың күнделікті өмірде де дәмге мән бере сөйлеген. Мәселен бір күн дәм татқанға қырық күн сәлем деп ренжісе көңілі қалған күнде дастарханымнан дәм татып едің ғой деп, салмақ сала сөйлесе, ренжіген адамын дәм тұзым атсын деп қарғаған.
Қазақ халқы асты үш түрге бөледі. Олар ақ (сүт тағамдары), қызыл (ет тағамдары) және көк (жеміс тағамдары).
Ертеде ата - бабаларымыз амандасқанда мал - жан аман ба? , - деп сұрайтын. Осы бір ауыз сөздің өзінен ақ қазақ өмірінде малдың орны ерекше екенін ойлауға болады. Малдың күші сүт, жүн, қылы, ет, терісі - халықтың тағамы, киімі, баспанасы, үй - жиһазы, өмірінің, тірішілігінің негізі. Мал өсіру, малшылық - тіршіліктің көзі. Тұрмыстың бұл түрінің адамзат өркениетіне, мәдениетіне қосқан үлесі зор. Малдың өнімінсіз әлі де күн көру қиын. Малдың етін айтпағанда, сүт және одан өндірілетін тағамдарсыз, жүн, тері және олардан жасалатын бұйымдарсыз қазіргі адамзат өмірін көз алдыңа елестету мүмкін емес. Кейінгі кездерде балықшылықпен айналысқандар - кеме жасауды, егіншілікпен айналысқандар техниканы игеріп алға шықты. Ал малшылықпен айналысқандар техника жоқ кезде адам игеруге келмейтін жерлерді игеріп, бүкіл адамзатқа қажет нарселерді ойлап тапты, мысалы: шалбар, етік, ертоқым, жүген; етттен, сүттен жасалған тағамдар; теріден, жүннен жасалатын бұйымдар. Малшылық - адамзаттың байырғы дәуірден бері бірге жасасып келе жатқан кәсібі.
Мал және онан алынатын өнімдер қазақтың басты байлық қоры. Соның ішінде ұлттық тағамдарының негізгі көзі болып табылатын сүттің орны бір бөлек. Сүт - химиялық құрамы жағынан тамаша тағам. Оның құрамында адам ағзасының қалыпты жетілуі үшін барлық зат бар. Соған орай оған физиологиялық құндылығы жағынан бірде бір азық тең келе алмайды. Сүт басқа өнімдердің биологиялық құндылығын көтереді. Ас қорыту бездерінің жұмыс істеу қабілетін үнемі жақсартып отырады. Сүтті пайдаланып әр түрлі тағамдар дайындауға болады. Айран ұйытып, ірімшік, құрт кептіруден бастап, ботқа пісіруге дейін осы бір керемет өнім пайдаланылады. Ал сүт қосып дайындалған тағам өте дәмді болады. Оның үстіне сүт өнімдерінің дәрулік қасиеті бар. Олар емдеу, алдын алу, диеталық тағам ретінде де қолданылып жүр. Сүт тағамдарын халық бір сөзбен ақ деп атайды. Осы ақтан бірнеше жүздеген, мыңдаған жылдар бойы халық аса бай тәжірибе жинақтай жүре одан жүзден астам тамақ түрлері мен дайындау әдістерін жасаған. Және олардың көптеген қызықты атаулары мен орны және алуан түрлі ерекше жасау, пісіру жолдары тағы бар. Сөйтіп бір сүттен сұйық, қою, қоймалжың, ащы, тұщы, жұмсақ, қатты, ұнтақ тағамдар жасап шығарған. Олардың көпшілігі қазіргі кезде қазақ дастарқанынан сирек көрінетін жеңсік ас қатарына жатады
Ұлттық тағамдардың ішінде ежелгі және көпшілікке ортақ тағамның бірі - ақ екені белгілі. Ағы бардың бағы бар деп қазақ халқы сүт тағамын бақыт несібесі деп білген. Сүтті соншалық қасиеттеудің басты себебі - ол тіршілік арқауы, одан неше алуан құнарлы тағамдар әзірлеп, дастарқан молшылығын жасаған. Одан қымыз, шұбат, айран, қатық, сары май, ірімшік, құрт, сүзбе, қаймақ сияқты ішетін, жейтін, сусындайтын алуан түрлі тағам әзірлейді.Сүт төрт түлік малдың аттарына қарай бие сүті, түйе сүті, қой - ешкі сүті, сиыр сүті делінеді.
Қазақтардың сүттен жасайтын ұлттық тағамдарының түріне сан жетпейді - деп жазған ертедегі бір зерттеуші. Демек, оның барлық түрлері мен аттарын түгел айтып беру қиын. Сүт тағамдарының осы заманға дейін жеткен және көпшілікке таныс негізгі түрлерінің бірі туралы айтқым келеді.
Қазақ халқының сүттен жасалған ұлттық тағам ретінде кеңінен қолданатын тағамының өте көне түрінің бірі -құрт.
Құртты ежелгі замандарда қалыптасып, дамып, бүгінгі күндерге дейін өз қасиетін жоғалтпай, жақсы сақталған ұлттық тағам ретінде пайдаланып келеміз. Халқымыздың бүгінгі күні бізге жеткен құртының түрі көп. Құрт күнделікті өмірде тағамның бір түрі ретінде, немесе басқа тағамдардың дәмін келтіру үшін қолданылатын тағам десек те болады.
Құрт - сүттен жасалған ұлттық тағам. Құрт - сөзінің мағынасы да құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді. Бұл тағам ақуыздарға өте бай, адам денсаулығына өте пайдалы.
Құрт сөзіне Қазақстан тарихының ІІІ-томында мынадай анықтама келтірілген: Пісірілген сүттен күнделікті ішу үшін қатық, айран ашытылды. Айран мен іріген сүттің артығы күбіге құйылды, ол іркіт деп аталады.Іркітті әбден қоюланғанға дейін үлкен қазанда қайнатты. Бұл қою іркіт дорбаға құйылып сүзілді.Одан сүзбе алынып,сүзбеден қысқа арнап құрт, сықпа, ежігей кептірілді.
Құрттың адам денсаулығына өте пайдалы екенін бұрынғы ата-бабаларымыз біліп, құртты үнемі пайдаланған екен. Мал бағуға кеткенде қалталарына құрт салып алған және күнделікті тағамдарға қосып ішкен немесе құртты езіп ішкен, сондықтан ол кісілер көп ауырмаған, дәрі-дәрмек пайдаланбаған. Ертеректе тіс дәрігері де болмаған, ата-бабаларымыздың тістері ауырмаған. Атап айтқанда, адамның тісінің қалыптасуына құрттың пайдасы зор екен. Егер бала жастайынан құрт жеп өссе оның тісі өткір, қатты, ауырмайтынына көз жеткіздім. Құрт, ірімшік жеп, қымыз, айран, сүт ішкен баланың денсаулығы мықты болады екен. Құртты адам алыс сапарға шыққанда пайдаланса, қарны ашпайды, шөлдемейді, ал самолетпен ұшқанда құрт құлақтың бітпеуіне және жүрек айнымауына көп ықпал етеді екен. Сонымен қатар, құрт дәрумендерге бай, адамның ас қорытуында әсері өте жоғары , атап айтсақ кейбір ас қорытуға арналған дәрілерге пара-пар сияқты.
Ал қыста құртты езіп ішсең ол тамаша қорек болады , әрі адам суыққа тоңбайды екен.. Құрт - қыстың қымызы - дейтіні сондықтан болса керек.
2.2.Жасалу технологиясы
Құрттың өзіне тән жасалу технологиясы, тәсілі бар. Құртты қалай жасайды, оған не қосады, немен жасайды, сүттен қалай алады деген сұрақтар төңірегінде біраз ізденіс жұмыстарын жасадық. Жоғарыда Айран мен іріген сүттің артығы күбіге құйылды,ол іркіт деп аталады, - деген жолдар бар. Яғни құрт іркіттен жасалады. Алдымен іркіт деген не? Соған тоқталайық.
... Жиі енеді түсіме бұрынғы ауыл,
Ойнақ салып, құлын-тай қырында жүр.
Сүттен бұлақ ағызып, сиырлы ауыл,
Іркіт иісі келеді мұрынға бір, - деп ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жырлаған іркіт дегеніміз не?
Энциклопедия болсын, түрлі ақпарат ағымынан болсын іркіт туралы мәлімет іздегенімізде мынадай деректер алдық.
1.Іркіт - майын алып, құрт қайнату үшін ұйытып сабаға шикі сүттен немесе пісірген сүттен жинаған айран, қатық. Сабаға жиналып толған сүттің пісілуі сауылып отырған сауын малдың азды-көптігіне тікелей байланысты. Малы көп үйлер барлық малдың сүтін араластырмай, сиыр сүтінен ғана немесе қой-ешкі сүтінен ғана жинайды. Саба неғұрлым тез толса, іркіт көп ашымайды, нәтижесінде құрт шағырмақ, ащы болмайды. Іркітті алғашқы піскен сүтті ұйытып алып сабаға құяды да, үстіне шикі сүт құйып жинай береді. Кейде іркітті сусын орнына ішеді.
2. Іркіт - құрт қайнату сабаға, күбіге жинап ашытқан айран - қатық, шикі сүт. Іркітті сиырдың, қойдың, ешкінің сүтінен дайындайды. Піскен сүттен ұйытылған айранды немесе шикі сүттен ұйытылған қатықты сабаға не күбіге жинайды да пісіп, оның майын қалқып алғаннан кейін, ыдыстың ішінде іркіт қалады. Іркіттің ащы не тұщы болуы оның дайындалған сүтіне ғана емес, дайындау тәсіліне де байланысты. Іркіт құйылған ыдыс күннің көзінде тұрса іркіт божып ащиды да дәмі қышқылданып кетеді. Іркіт құйған ыдыс көлеңкеде тұрса, іркіттің дәмі бұзылмай тұщы болады.
Иә, кейбір аймақтарда іркіттің дайындалу тәсілі осыған саяды. Бұл тәсіл әсіресе оңтүстік аймақтарда жиі кездеседі екен. Оңтүстіктің кейбір тұрғындарынан сұрағанымызда да дәл осындай жауап алдық. Біз енді солтүстік аймақтың тұрғындарының құрт жасау әдісімен танысқымыз келді. Сөйтіп, солтүстік тұрғындарына өз сауалдарымызды қойғанда мынадай ақпараттар алдық. Ендеше, солтүстік аймақтықтар құрт жасау үшін іркітті қалай дайындайды?
Сиырды сауып алған соң, сүтті жылы күйінде сүт машинасына құйып тартады. Сүттің қаймағы алынады да, қаймақтан бөлінген сүтті көк сүт деп атайды. Оны ағаш бөшкеге құйып жинай береді. Көк сүт құйылған ағаш бөшке күн шуағы мол түсетін күнгей бетке қойылады. Бөшкенің бір бүйірін дөңгелете кесіп, тесік жасайды да, сол тесікті бекітіп тұратын ағаш тықпа жасайды. Тартылған көк сүтті ағаш бөшкеге құйып, аузын мықтап бекітеді. Ол кешке дейін күн көзіне пісіп, ақырып тұрады. Сары суы бөлініп, іркіті бетіне шығып быжиды. Міне, сол кезде бөшкенің бүйіріндегі тесікті ашып, сары суын ағызады. Іркіт ішінде қалады. Бұл әдіс күнде қайталанады. Ағаш бөшке ашыған іркітке толған уақытта іркіт дайын болды дегенді білдіреді.
Іркіттің жасалу әдісін білдік. Іркіттен құрт қалай алынады. Көкейімізді тескен сұраққа жауап іздеп жүріп, соңында мынадай қорытындыға тоқтадық.
Ауылдағы қазақ есік алдына жер ошақ қазады да тай қазанды қойып, құртты осы қазанда қайнатады. Алдымен, құрттың түбі күйіп кетпес үшін қазанның айналасын майлайды. Қазанға Ағаш бөшкеде жиналып пісілген іркіттің бәрін құймай, алдымен бір - екі шелегін ғана құяды. Астын тұтатады. Құрт қайнатуды жер ошақтағы жанып жатқан оттың да үлкен маңызы бар. Отты малдың кепкен жас тезегімен тұтатып, үстіне қыстан шыққан қойдың қалың қиын үстемелеп салып отырады. Ағашты көп пайдалана бермейді. Ағаш қатты жанатындықтан қазанның астын жабыстырып, күйдіруі немесе тасытып жіберуі мүмкін. Ондай жағдайда құрт күйік дәм татып кетеді. Малдың қиы құртты баяу, бабымен қайнатады. Бастапқыда құйған екі шелек іркіт қайнауға айналғанда тағы да қалған екі шелек іркіт үстінен еселенеді де одан әрі қайнатылады. Құрт қайнап жатқан кезде оның түбі күйіп кетпес үшін арнаулы құрт қайнатқышпен әлсін-әлсін қазанның түбін, ернеуін қырып, араластырып отырады. Әбден қойылған құртты кенеп қапқа құйып керегеге асып қояды. Сонда оның қалған суы тағы да ағып, құрғайды. Бұдан кейін шараға салып, аздап дәміне қарай тұз араластырады да қолмен бөлшектеп, сығып немесе алақанда айналдырып өреге жайып кептіреді. Құртты кептіру үшін әр түрлі формаға келтіреді. Оның негізі түрлері - күлше, жарма, сықпа және шүйірмек. Күлшені жасағанда құртты кесектеу етіп (уысқа сиярлықтай) домалақтайды. Одан соң оң қолдың бас бармағы мен төрт саусағының арасына қысып бүйірін жұқартып, дөнгелек формаға келтіреді. Күлше ұзақ уақыт сақтау үшін жасалады. Кейде күлшенің бүйірін тесіп моншақ сияқты жіпке тізіп, керегенің басына, өренің ашасына іліп кептіреді. Оны көп кептіру керек, әйтпесе іші көгеріп кетеді. Сықпаны жасағанда құртты шағындап қана алып,төрт саусақтың бүгуіне салып сығып жасайды. Шүйірмектің мөлшері сықпаның жартысындай ғана болады. Шүйірмек жасағанда құртты екі саусақты бүгуіне салып, екінші жағын басқа қолдың бармағымен батыра қысады. Бұл тез кебеді. Көгермей, қызбай біртегіс кебу үшін өреде жатқан кезде оны бірнеше рет аударып отырады. Ал құртты кептіргенде ыдысқа салмай шидің үстіне жайып кептіретіні шидің арасы саңылау болады. Сонда астынан соққан ауа лебі құртты біркелкі,ә рі тез кептіріп,күн қызуымен жарылып кетуден сақтаған.Осындай әдіспен қайнатып, кептіріп алған құрт жыл бойына, кейде 2-3 жылға дейін сақтала береді.
Құртты әсіресе ауа - райы ыстық оңтүстік аймақтармен солтүстіктің кейбір жылы аймақтарында істеу ыңғайлы. Себебі құрт аса ыстықты қажет ететін тағам. Күн көзі дұрыс түспейтін, қоңыржай аймақтарда құрт жасау нәтижелі іс бермейді. Себебі Күн көзінен алынған қуатты энергия құрттың бойына табиғи дәруменді сіңіреді. Әрі құрттың көгермей, шірімей кебуіне де аса қуатты күн көзі ғана пайдасын бермек. Осындай әдіспен қайнатып, кептіріп алған құрттың 2 немесе 3 жылға дейін азбай сақталуының сыры осында.
Құрттың қай түрі болса да өреге кептіріледі. Күлше мен жарманы қысты күні жеу үшін, ал,сықпа мен шүйірмекті жазды күні, күзде шайға салу үшін дайындайды. Қайнатқан құрттың өзі үш түрлі болады: бірі - ақ құрт. Ол көп ашымаған майдан әбден арылған іркіттен қайнатылады. Ақ құрт аталатын себебі, тұзын көбірек етіп қосады. Ол көбіне жазда, күзде желінеді. Екінші- қара құрт. Ашуы жеткен іркітке аздап сары май қосып қайнатады. Тұзын аздап қана қосады. Құрттың осы түрін қыста езіп, дәмді құрт көже даярлайды. Үшінші - ежігей құрт. Ежігей де құрттың жасалу жолымен әзірленеді. Бірақ ол өте ашымаған іркіттен жасалады. Әзірлеу кезінде бір шелек іркітке екі шелек қаймағы алынбаған сүт қосып қайнатылып дайындалады. Әбден қайнап суы сарқылып піскен ежегей суы сорғытылып сәл кебір тартқаннан кейін алақанға салып сығып өреге қатарлап жайып кептіріп алады. Ежігей кепкен кезде де ащы құрт сяқты тас болып қатып қалмайды. Үгітіліп тұрады. Әбден кептірген ежегей жазда да, қыста да дәмі де, түсі де озгермейді. Ежігейді кептірмей де пайдалануға болады. Үстіне сары май, қаймақ құйып, қонақтарға ұсынады. Сондықтан да оны дастарқанға салуға даяр тұру үшін ыдыста екі ـүш күн сақтап қойса да бұзылмай сақтала береді. Кұрт күшті ас, ол әр түрлі тамаққа қосылады.
2.3. Құртың түрлері
Қазақ халқының, яғни біздің аналарымыз тағамның түр - түрін жасап, оның бабын да жақсы таба білетінін ғылыми жобамыздың басында да атап өткен болатынбыз. Мәселен аналарымыз бір ғана сүттің өзінен түрлі тағам жасай білген. Ал сол сүттен жасалынатын құрттың өзі жасалу жолына қарай сан түрге бөлінеді. Осы орайда құрттан істелетін немесе кұрт қосылатын тағамдардың кейбір түрлерін айта кету қажет деп таптық. Мәселен құрт:
1) Жас құрт
2) Көбік құрт
3) Ыстық құрт
4) Сықпа құрт, немесе сүзбе құрт
5) Малта құрт
6) Езген құрт
7) Ақ малта
8)Ұнтақ құрт
9) Ақ құрт
10) Қара құрт
11. Құрт май
12) Ежігей немесе ежегей құрт деген түрлерге бөлінеді.
1) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрттың адам ағзасына пайдасы
Оқушылардың атқарған қызметі
Құрт - қазақтың ұлттық тағамы және оның жасалу жолдары
Сықпа құрт
Құртты ветсансараптау
Сүт қышқылды өнімдер
Квалиметрия
Құрттың жасалу технологиясы
Сүт тағамдары
Қазақтың ұлттық тағамын жетілдіру. Құрт
Пәндер