Қазақ хандығын басқарған хандар


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Картинки по запросу әл фараби университет

Факультеті «Биология және биотехнология»

СӨЖ

Тақырыбы: Ұлы дала аумағындағы мемлекеттіліктің қалыптасуы мен көшпелі және отырықшы мәдени аймақтардың өзара қатынастарының алғашқы кезеңдері (б. з. д. ІІІ ғасыр-б. з ІІ ғасыры) .

Қазақ хандығы

Орындаған: Әбдіманап Сағыныш

Тексерген:Дауытбекова М. К.

Алматы, 2023ж

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

*Қазақ хандығының қалыптасы;

*Қазақ хандығын басқарған хандар;

*Қазақ халқының шаруашылығы, қоғамдық құрылымы, салық түрлері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазақ хандығының негізін 1465 жылы Керей мен Жәнібек хандар қалады. Ол Еділден Жайыққа дейінгі аумақты, Сырдария мен Амудария өзендері аралығын қамтыған. Мемлекеттік құрылым дала демократиясына негізделген. Мемлекет басқарушылары ретінде хандар саяси билік жүргізіп келген. Оларды төре тұқымынан шыққан сұлтандар арасынан тандаған.

Қазақ хандығының тұңғыш ханы - Керей, соңғы ханы - Кенесары хан болды. Хандықты басқаруда Қасым, Хақназар, Тәуекел, Есім, Тәуке, Абылай сынды білікті хандар болған. Қазақ хандығы ” Жеті жарғы” , ”Есім ханның Ескі жолы” , “Қасым ханның Қасқа жолы” заң жинақтарын ұстанды.

Қазақ хандығының құрылу тарихы, даму кезеңі туралы көп деректер Мұхаммед Хайдар Дулатидың “Тарих-и-Рашиди” атты еңбегінде кездеседі. Сонымен қоса “Тарих-и Кипчак-хани”, “Нусрат-наме”, “Тарих-и Абулхаир-хани” және “Муиз ал-ансаб”, “Бахр-әл-асрар”, Салар-е-Джанг музейінде сақтаулы “Жамиғ ат-тауарих”, “Тарих-и Шах” және өзге де шығыс қолжазбалары XIV - XVII ғасырлардағы тарихи оқиғаларды зерттеу үшін маңызды мәлімет көзі екендігі белгілі.

Қазақ этнонимының туу тарихы ұзақ уақыт бойы зерттеушілердің қызу айтыстарына айналды. Түсіндіретін түпкілікті пікір алайда қалыптасқан жоқ. Қазақ сөзіне үндес терминдер Қазақстаннан шалғай аймақтардан да кездеседі. Тарихта «қазақ» атауы «касог» сөзінен шықты деген болжамдар да кездеседі. Ең алғаш бұл сөзді араб тарихшысы әл-Масуди өзінің 943 жылы жазған «Ширван және Аль-Баб тарихы» атты очеркінде атап өткен.

Негізгі бөлім

XVғ басында соңғы 200 жылда Ертіс пен Дунай арасында өмір сүрген Алтын Орда империясы әлсірей бастады. Соңғы 20 жылдағы азаматтық соғыс пен ханның жиі ауысуы ұлыстың экономикасын нашарлатып, саяси тоқырау кезеңіне алып келді. 1423-1425 жылдары Ұрыс ханның немересі Барақ сарай Беркені басып алып, Алтын Орда мемлекетін қайта біріктірді. Алайда билігі ұзаққа созылмай 5жылдан соң ұлыстағы Жошы ұрпақтарының қастандығы салдарынан биліктен айырылып, 1428 жылы Маңғыт билері қолынан қаза табады. Барақ қайтыс болғаннан кейін оның баласы Жәнібек және ағасы Кереймен бірге Жетісуға көшуге мәжбүр болады.

Барақ хан қайтыс болғаннан кейін Жошы ұлысы бірнеше хандықтарға бөлініп кетеді. Содан 1428-1430 жылы 200ге тарта ру басшыларының қолдауымен Шайбани әулетінен шыққан 16 жасар Әбілқайыр бүкіл Дешті қыпшақтың ханы болып сайланды. 1457 жылы Үз-Темір тайшы бастаған Ойрат әскері Әбілқайыр ханның жеңілісімен аяқталды. Сонымен қоса аталған жылы қара қыпшақ Қобыланды батыр Ақжол биді өлтіреді. Ақжол би беделді адам болғандықтан руластары Әбілқайыр ханнан Қобыландыны оларға беруін сұрайды. Бірақ хан Қобыландының әрекетін ақтап, оларға беруден бас тартады. Ханның бұл әрекетіне наразы болған арғын тайпасы одан көшіп кетеді. Әбілқайыр осы жеңілісінен кейін өз еліктерінде салықты арттырып, қатаң тәртіп орнатады. Ақыры 1458 жылы Әбілқайыр ханның саясатына, әділдігіне және көшпелілердің ата дәстүрінен безуіне наразы болған Алтын Орда тағының мұрагерлері Керей мен Жәнібек арғын тайпасын және басқа да Дешті қыпшақ руларын соңынан ертіп Жетісуға, Моғолстан аумағына қоныс аударады. Ол кезде Жетісуды билеген Моғолстан ханы Есенбұға оларды Әбілқайыр ханға қарсы қолдану үшін құшақ жая қарсы алады. Керей мен Жәнібекке Моғолстан батысындағы Шу мен Қозыбасы өңірінен қоныс береді. Осы оқиға жөңінде тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарихи Рашиди» еңбегінде былай диді:

“ ОЛ КЕЗДЕ ДЕШТІ ҚЫПШАҚТЫ ӘБІЛҚАЙЫР ХАН БИЛЕДІ. ОЛ ЖОШЫ ӘУЛЕТІНЕН ШЫҚҚАН СҰЛТАНДАРҒА КҮН КӨРСЕТПЕДІ. НӘТИЖЕСІНДЕ ЖӘНІБЕК ПЕН КЕРЕЙ МОҒОЛСТАНҒА КӨШІП БАРДЫ. ЕСЕНБҰҒА ОЛАРДЫ ҚҰШАҚ ЖАЯ КАРСЫ АЛЫП, МОҒОЛСТАННЫН БАТЫС ШЕГІНДЕГІ ШУ МЕН ҚОЗЫБАСЫ АЙМАҚТАРЫН БЕРДІ. ОЛАР БАРЫП ОРНАЛАСҚАН СОН ӘБІЛХАЙЫР ХАН ДҮНИЕ САЛДЫ ДА, ӨЗБЕК ҰЛЫСЫНЫН ШЫҢЫРАҒЫ ШАЙҚАЛДЫ. ІРІ ШИЕЛЕНІСТЕР БАСТАЛДЫ. ОНЫҢ КӨП БӨЛІГІ КЕРЕЙ МЕН ЖӘНІБЕККЕ КӨШТІ. СӨЙТІП ОЛАРДЫ ҚАЗАҚТАР ДЕП АТАДЫ. ҚАЗАҚ СҰЛТАНДАРЫ ХИЖРА БОЙЫНША 870 ЖЫЛДАРЫ(1465-66ЖЖ. ) БИЛІК ЖҮРГІЗЕ БАСТАДЫ ”.

Ұрұс ханның ұрпақтары Керей пен Жәнібектің күшеюі Әбілқайырды қауіптендірді. Сол себепті көшпелі өзбектер басшысы Моғолстанға жорыққа шығуға дайындалды. Бұл туралы Махмұд Ибн Уәлидің шығармасында айтылған. ” Көп әскер жиналғаны соншалық, бүкіл дала салт аттылардың мұндай санына

таршылық еткендей болды. Әскер Жетіқұдық мекеніне келіп тоқтаған кезде нөсер жауын құйып, қалың қар түсті, оның соңы қатты аязға ұласып, Әбілқайыр әскерінің іс- ірекетін тежеді. 1468жылы Әбілқайыр ауырып, қайтыс болды“.

Әбілқайыр өлімінен кейін Өзбек хандарының иеліктерінде берекесіздік пайда болды” , - деп жазады Ибн Рузбихан.

Қазақ хандығы құрылғаннан кейін Жәнібек пен Керейдің алдында мынандай үлкен тарихи міндеттер тұрды:

1. Дешті қыпшақ даласындағы көшпелілердің ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүр тәртібін қалпына келтіру.

2. Хандықтың идеологиясын реттеу.

3. Мал жайылымдарын қолданудың байырғы тәртібін қайта қалыптастыру.

4. Шығыс сауда керуен жолдары өтетін Сырдария бойындағы Сығанақ, Созақ, Түркістан, Сайрам т. б. экономикалық саяси маңызға ие қалаларды Қазақ хандығына қайтару.

Керей ханның үлкен ұлы Бұрындық ұлыстағы Жәнібектен кейінгі екінші адам болды. Ержеткенінен өзінің батылдығымен көзге түскен ол қазақ халқының этникалық территориясын қалыптасуына өз еңбегін сіңірді.

Изображение выглядит как Человеческое лицо, Борода человека, картина, одежда Автоматически созданное описание Ал Қасым хан ең үздік мемлекет билеушісі болды. Ол хандықты 1511-1521 жылдар аралығында биледі. Бұрындық хан лауазымын атқарған кезде Қасым қазақ әскерінің қолбасшысы болды. Сол кездерді баяндайтын деректерде Қасым ханды “ белгілі сұлтан және атақты баһадүр” деп атайды. Ол алғашқы қазақ заңы “Қасқа жолды” жазып шығарған. Бұл заң қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдет ғұрыптарына негізделіп жасалды. Бұл заңның өзекті қолданыс табуынын басты себептерінің бірі көшпелі қазақ өміріне үйлесім табуы.

Хақназар хан - таққа отырғаннан кейін хандық билікті нығайту үшін көп күш жұмсады. Өзінен бұрынғы Таһир хан мен Бұйдаш хан тұсындағы бытыраңқылықты қайта қалпына келтірді. Ол елді 42 жыл биледі. Хақназар ханның жеңістері Қазақ хандығының жерін кеңейте отырып күш қуаты мен беделін арттырды. Хақназар хан қаза болғаннан соң, оның орнына Шығай хан болды. Ол биліктегі жылдарында Хақназарды өлтірген Баба сұлтаннан өш алумен болды. Сондай жорықтардын бірінде қаза тапты.

Шығай ханның орнына отырған Тәуекел хан тұсында Ресей мемлекеті мен қазақ хандығы арасында дипломатиялық қатынас күшейе түсті. Ресейдің мұндағы мақсаты: Қазақ хандығымен одақтасып, Сібір ханы Көшімге қарсы күресу, осы одақтасты пайдаланып, Орта Азия хандарымен келіссөз жүргізу еді. Тәуекел хан Орта Азияның сауда нарығына шығуы үшін белсене күресті. Тәуекел ханның есімі ортағасырлық деректерде Таваккул-сұл­­тан, Тауке-хан, Таваккул-хан, Төкей хан деп кездессе, орыс дерек­терінде - Тевеккел-хан, Тевкель-царе­вич царь, Тевкель-царь деп жиі аталады. Шығай ханның ұрпақтарынан мол хабардар Қа­дырғали Жалайыр былай деп жазады: “Шығай ханның әйелдері көп еді, олар белгілі үш қара шаңырақтан (ордадан) тұратын. Олардан туған ұлдар мы­налар: Сейітқұл сұлтан, Ондан сұл­тан және Алтын ханым - Байм бегім атты бәй­бішеден туған еді. Төкей хан (Тәуе­кел хан - Б. К. ), Есім сұлтан, Сұлтан Сабыр бек ха­ным. Бұл үшеуінің анасы Жағат қызы Ях­шым бегім еді. Әли сұл­тан, Ибрагим сұл­тан, Шахим сұлтан - бұлардың анасы Бұ­рындық ханның қызы Дадам ханым еді”.

Одан соң хандыққа Есім хан Шығайұлы (1598-1628) билік етті. Есім хан 1598 жылы Бұқарамен бітім шарттын жасасты, - шарт бойынша өзбектер бұрын тартып алған Сыр бойындағы қалаларды қазақ хандығына қайтарып берді. Есім хан қазақ хандығын бір орталыққа бағынған мемлекет етіп құруды мақсат етті. Бұл саясатқа қарсы болған кейбір сұлтандар Қазақ хандығын бөлуге тырысты. Ташкент қаласы қазақ хандығына қараған соң оны Мұхаммед сұлтан басқарған еді. Ол Жәнібек ханның немерісі. Мұхаммед сұлтан мен Есім ханның арасында билік үшін күрес болды. Есім хан елді жуасытып бағындыру саясатын жүргізді. Сондықтан ол қанға-қан, кек алу, құн төлеу, әмеңгерлікті сақтау, зекет, ұшыр жинау, айып салу, діни патриархалдық екі салтқа арқа тіреу және тағы басқаларын уағыздады. Есім ханның бұл заңдарын “Есім хан салған ескі жол” деп атады. 1628 жылы Есім хан қайтыс болғаннан кейін орнына Жәңгір хан келді. Ол басы үлкен, кеудесі кең, аласа адам болған екен. Сол себепті халық арасында оны “Салқам Жәңгір” деп атаған. Жәңгір хан тұсында ойрат жоңғарлары арасында үш ірі шайқас -біріншісі 1635 ж ., екіншісі 1643 ж., үшіншісі 1652 ж . болған. Жәңгір хан 1652 жылы ойрат жоңғарларымен болған шайқаста қаза табады.

Ал Жәңгірдің баласы Тәуке хан (1680-1718) тұсында қазақ хандығының бірлігі күшейе түсті. Ол қазақ тарихында “Әз Тәуке”, “адамзаттың данасы” деп аталды. Олда басқа хандар секілді бір орталыққа бағынған қазақ хандығын құруға күш жұмсады. Феодал шонжарларының өкілдері мен билерден құралған “хандық кеңестің” және “билік кеңесінің” рөлін арттырды. Жыл сайын Ташкент қаласының түбіндегі Күлтөбеде үш жүздің басын қосқан құрылтайын ашып отырды. Тәуке хан беделді билерге арқа сүйеп, ақсүйектерді, сұлтандарды басуға тырысты. Жүздер мен ұлыстар арасындағы үлкен даулар билер кеңесінде, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер алдында шешілетін болды. Тәуке хан билік құрған кезде тұжырымдалған заңдар “Жеті жарғы” деген атпен белгілі, мұның өзі сөзбе-сөз алғанда “жеті ереже” дегеді білдіреді. Жеті жарғыға әкімшілік, қылмысты істер, азаматтық право нормалары, сондай-ақ салықтар, діни көзқарастар туралы ережелер енгізілген, яғни онда қазақ қоғамы өмірінің барлық жағы түгел қамтылған. Мазмұны жағынан “Жеті жарғы” үш бөлімнен турады: біріншіден, қазақтың ежелгі әдет -ғұрып заңдарын қамтыған “Қасым ханның қасқа жолына” негізделген, екіншіден, одан соңғы өзгерістер, соның ішінде “Есім ханның ескі жолына” негізделсе, үшіншіден, Тәуке ханның дәуіріне, саясатына сай енгізілген жаңалықтар.

Жеті жарғы» жеті заңнан құралды:

1. Жер дауы заңы (земельный закон)

2. Отбасы - неке заңы (семейно - брачный закон)

3. Әскери заң (военый закон)

4. Сот заңы (судебный закон)

5. Қылмысты істер заңы (уголовный закон)

6. Құн заңы (закон о Куне)

7. Жесір дауы заңы (закон о вдовах)

Сөйтіп, “Жеті жарғының” біздің заманымызға дейін жеткен заңдары осындай еді.

XVII-XVIII ғасыр басындағы қазақ хандығы

Қазақ хандығының қоғамдық құрылымы :

-Құрылтай;

-Хандық билік;

-Жүздік басқарy;

-Ұлыстық басқару;

-Рулық басқару;

-Ата аймақ;

-Ауылдық басқару.

Ауылдық басқару - бұл ұйым туыстас жақын бірнеше отбасынан құралады. Ауылды басқаратын адамдарды ауылнай немесі ауылбасы деп атайды. Міндеті:

*Ауылдастарының шаруашылығын басқару;

*Көші-қон уақытын белгілеу;

*Ауыл ішіндегі дау жанжалдарды дұрыс шешіп отыру;

Ата аймақ - бұл атадан тараған, жеті атаға дейінгі бірнеше ауылдан құралады. Басқаратын адамды ақсақал деп атайды. Міндеті:

*Ата аймақ ішіндегі неке мен отбасы, мұрагерлік пен енші т. б. мәселелерді шешуге құқылы болды;

*Жеті ата арасындағы дау жанжалдарды реттеп, кінәлі жағын жазалады;

Рулық басқару - он немесе он бес аймақтан құралатын болған. Руды басқаратын адамдырды ру биі немесе рубасы деп атаған. Міндеті:

*Ақсақалдарға ақыл кеңес берген;

*Рулық қауымдар арасындағы маңызды мәселелерді шешкен;

Ұлыстық билік - бірнеше рудан тұрады, жаугершілік жағдайда 10мыңдық жасақ шығара алады. Ұлысты басқару ханның немесе сұлтанның қолында болады.

Жүздік билік бірнеше ұлыстардан тұрған. Жүздің биі ордаби деп аталған. Басқарушысы хан . Міндеті:

*Үш жүздің билері мемлекеттік мәселелерді шешуде ханға кеңнес беріп отырған.

Хандық билік үш жүзден құралған. Билеушісі хан . Хандар Шыңғыс әулетінен сайланған. Хандар ешбір руға жатпаған. Міндеті:

*Елін, жерін сыртқы жаудан қорғауға міндетті;

*Әскери қолбасшылық етуге міндетті болды;

*Қоғамдық құрылыс пен тәртіпті сақтауға міндетті;

Құрылтай немесе Мәслихат бүкіл қазақ елінің бас қосқан кеңесі. Міндеті:

*Көрші елдермен соғысу немесе одақ құру т. б. бойынша шешімді бекіту не бекітпеу мәселесі қаралған;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ хандығының этномемлекеттік шекараларының өсуі
Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы (15-16 ғғ.)
Қазақ хандығы жөнінде
Xvi ғасыдағы қазақ хандығының саяи әлеуметтік және экономикалық дамуы
Қазақ хандығы
Қазақ хандығының мәдениеті
Қасым ханның тұсындағы Қазақ хандығы
Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы туралы ақпарат
Қазақ хандығына 550 жыл
Есім және Жәңгір хандар билеген тұстағы қазақ хандығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz