Зерттеу бөлімі Координаталық жазықтық



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Павлодар облысы Білім беру басқармасы
Ертіс дарыны аймақтық ғылыми - тәжірибелік орталығы
Қаныш Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназияс

Тақырыбы: Координаталық жазықтықтың күнделікті өмірдегі көрінісі
Бағыты: Қолданбалы математика

Орындағандар: Мукарамов Амир, Нұрланбек Мәди

Ғылыми жетекшісі: Баймурат Ж.

2023 жыл
АННОТАЦИЯ
Координаталық жазықтықта кескіндеудің маңызыі атты еңбекте киіз үй мен ою-өрнектер туралы кең ауқымда көрсетілген. Бұл ғылыми еңбектің мақсаты - құнды және тарихи дүниелеріміздің мәртөбесін көрсетіп, әлемге паш ету!

Мазмұны

Аннотация ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 бет
Пікір ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2 бет
Мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3 бет
Зерттеу бөлімі
Координаталық жазықтық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4 бет
Рене Декарт ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Координаталар бойында нүкте салу
Киіз туырлықты қазақпыз ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Ою-өрнек ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ..

Кіріспе
Бізге барлық пәндер ұнайды, бірақ математика пәніне деген қызығушылығымыз көбірек болды. Математика пәні туралы көп білгіміз келеді. Маған математика және математикамен байланысының бәрі ұнайды. Біз не істесек те, барлығы математика мен сабақтасады. Математика грек тілінен қазақшаға аударсақ, білім, ғылым деген мағынаны білдіреді. Математика бізге ғаламның көптеген құпияларын ашуға көмектеседі. Біз математика дегенде тек сандар ғана емес мұнда басқа да керемет нәрселер аз емес. Бұрынғы кезден-ақ математиканың көмегімен көптеген небір кереметтер жасаған: дұрыс жолды тапқан және күнді, ай мен жұлдыздарды бақылау арқылы жыл мезгілдердің ауысатын уақытын болжаған. Сонымен қатар Галилейдің Әлем математика тілімен бейнеленген деген сөздерінен математиканың құдіреттілігін көруге болады. Математиканың әр түрлі қыр-сырларымен таныса отырып, мен координаталық жазықтық тақырыбына тоқталып отырмын. Координаталар бойында нүкте салу арқылы сурет шығару қызығушылығымды тудырды. Менің бұл тақырыпты алып отырған бірден-бір себебім координаталар бойында өзіміздің ұлттық нақыштағы қазақ халқының баспанасы киіз үйді және ою өрнектерін кескіндеу. Сонымен қатар оларды басқа да көптеген елдерге танытып, қазақ елінің мәртебесін көтеру. Еліме өз үлесімді қосу. Екіншіден біз тек математика пәнінде есеп шығарып ғана қоймай халқымыздың салт-дәстүрін әдеп ғұрпын үйрету. Сонымен қатар математика сабағында ұлттық салт-дәстүрге, нақышқа келтірілген педагогика - психологиялық тұрғыда жазылған есептерді қолдануымызға болады.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Өз елімнің мәртөбесін көтеріп, қазақ халқының таңқаларлық дүниелерін әлемге паш ету!
Зерттеу жұмысымның ғылыми жаңалығы: Координаталық жазықтық бойында ұлттық нақыштағы киіз үй мен ою өрнектерді бейнелеу. Координаталық жазықтық бойында сурет шығару.
Зерттеу жұмысының құрамы: Зерттеу жұмысы Координаталық жазықтықта ұлтымыздың құнды дүниелерін кескіндеу тақырыбына жазылған. Бұл зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

Координаталық жазықтық Санақ басы О нүктесінде қиылысатын өзара перпендикуляр екі координаталық түзу тік бұрышты координаталар жүйесін құрайды. Сонда координаталар жүйесі - санақ басы ортақ, өзара перпендикуляр екі координаталық түзу. Сондықтан мұны тік бұрышты координаталар деп атайды. Тік бұрышты координаталар жүйесі орналасқан жазықтық деп аталады. Координаталар сөзі латынның coordinatus- қазақша реттелген деген сөзінен алынған.

Координаталық түзулер координаталық осьтер деп аталады.

Горизонталь сызылған координаталық абциссалар (Ох) осі деп аталады да, солдан оңға қарай бағытталады. Вертикаль сызылған координаталық түзу координаталар (Оу) осі деп аталады да, төменнен жоғары қарай бағытталады.
Абциссалар осі мен координаталар осінің қиылысу нүктесін координаталар басы деп атайды. Координаталар басы О әрпімен белгіленеді. Бұл латынша origa-басталу сөзінің бірінші әрпінен алынған. Берілген нүктенің абциссасы мен ординатасы нүктенің координаталары деп аталады. Координаталар осътер жазықтық төрт бөлікке бөледі. Олар ширектер деп аталады. Ал осы координаталар жүйесін алғаш ойлап тапқан француз философы және математигі Рене Декарт.

Декарт Рене (1596-1650) француз ғалымы, математик, физик және физиолог. Рене Декарт француз дворянының отбасында туып, иезу-иттердің Ла-Флеш коллегиясында физика, математика, арифметика, механика, музыканы тереңдетіп оқыды. Мықты математик ретінде танылған Декарт осы ғылымның көмегімен бүкіл ғылымдар жүйесін, философияны қайта өзгертуді армандады. Координаталар жүйесін былай тапқан: кереуетінде жатып шыбынның ұшқанын бақылаған Рене Декарт былай пайымдаған: Кез келген уақыт мезетінде шыбынның орналасқан орнын қалай түсіндіруге болады?. Ол кеңістіктері әр шамасы үшін (ілгері) кейін, жоғары (төмен), оңға (солға), үш координатаны (х,у және z) пайдалануға болатынын ашты.

Декарт сондай-ақ алгебрадағы шамаларды белгілеу үшін алфавиттің соңынан бастап әріптерді пайдаланған бірінші ғалым болған.
Ерекшеліктері:
Саясат мәселелеріне қызықпаған Декарт алгебра, аналитикалық, геометрия, механика мәселелерін зерттеумен айналысты жарықтың сыну заңын ашты, қанның айналуын зерттеді психология мен космогенияны, және әрине философияны талдады. Белгілі еңбектері: бірінші философия туралы пайымдаулар, Философияның алғашқы бастаулары, Метод туралы ойлар. Декарт адамның ақыл-ойына көбірек жүгінді. Бэкон жекеден жалпыға қарай жүрсе, Декарт жалпыдан жекеге көшті, оның бұл ерекшелігі математиканың ойлау тәсілінен көрінеді. Өзінің математикалық ізденістерін негізінде Рене Декарт жалпы ғылыми тәсіл ұсынды. Негізі себеп адамдар ғылым және өнер саласында ақиқат ұғымдары емес, болжамды көбірек қолданылады, сондықтан басқа тәсіл керек. Декарттың ойынша, мейлінше дәл ойларды ұсынуға тек математика қабілетті, сол осы ғылымның тәсілдерін жаңа философиялық жүйе жасау ісінде қолдану қажет.

Координаталар бойында нүкте салу

Біз осындай суреттерді координаталар бойында салуды білеміз. Ал неге біз өзіміздің ұлттық нақыштағы дүниелерімізді суреттемейміз. Киіз үй,ою-өрнек, домбыра, кебеже осыларды суреттеуді қолға алып отырмын.
Киіз туырлықты қазақпыз

Қазақтың байырғы ұлттық баспанасы киіз үй болған, оны кейде киіз үй, кейде қазақ үйі деп атайды. Қазақ үйлерінің үлкен-кішілігін керегелер санына қарай белгілейді. Киіз үйлердің екі, үш қанаттан бастап он екі, он сегіз, отыз қанатқа дейін жететін үлкенлері болған. Киіз үйлердің түрлері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Геометриялық ойлаудың даму деңгейлері
Нормальдің теңдеуі тәсілдері
Сызықтық функцияны оқыту әдістемесі
Натурал сандар туралы
Координаталар әдісін қарапайым есептерді шешуде қолдану
Координаталар бойында нүкте салу
Проективті жазықтықтағы квадрикалар
7-8-9 сыныптардан геометриядан таңдау курстарын оқыту
Дифференциалдық геометрияның беттер теориясы
Жазықтықтағы нүктелердің геометриялық орыны
Пәндер