Әлімхан Ермековтың Қазақ жерлерін біріктірудегі рөлі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Оқу-ағарту министрлігі
Молда Мұса атындағы №5 жалпы орта білім беретін мектебі

АЛАШ ҚАЙРАТКЕРІ ӘЛІМХАН ЕРМЕКОВТЫҢ ҚАЗАҚ ЖЕРЛЕРІН БІРІКТІРУДЕГІ РӨЛІ

БАҒЫТЫ: ТАРИХ

АВТОРЫ: Азраткулов Саят Сабитұлы 11 А сынып

ЖЕТЕКШІСІ: Сейдуалиев Ө.К

Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
0.1 Әлімхан Ермековтың өмірі мен саяси қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 5

ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ
2.1 Әлімхан Ермековтың Қазақ жерлерін біріктірудегі рөлі ... ... ... 8

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11

АННОТАЦИЯ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . .. 13

Кіріспе
ХХ ғасырдың басында Қазақ жерінде әр түрлі саяси партиялар мен ұйымдар құрыла бастады. Халықтың ауыр жағдайы мен отаршылдық саясаттың ауыр зардаптары қазақ зиялыларының басын біріктіре бастады. Қазақ зиялылары Алаш партиясы мен автономиясының төңірегіне топтаса бастады. Алаш зиялыларының қатарында Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, Ә.Ермеков, М.Тынышбаев сынды қазақ зиялылары болды. Алаш қайраткерлерінің бір ғана мақсаты болды, ол қазақ халқын білімге және Ресейдің құрамындағы Алаш автономиясын құру идеясы еді.
1917 жылы желтоқсан айында Алаш қайраткерлері Орынбор қаласында Алаш автономиясы құрылғандығын жариялады. Алаш үкіметінің төрағасы болып Ә.Бөкейхан тағайындалды. Алаш автономиясының орталығы Семей қаласы болып белгіленді. Алаш автономиясының құрамына Бөкей Ордасы, Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстары, Закаспий облыстары мен Алтай губерниясының қазақтар мекендейтін аудандары енуге тиіс болды. Алаш қайраткерлері демократиялық қағидаттарды ұстана отырып, барлық азшылықтағы ұлттардың теңдігін жариялады.
Алайда В.И.Ленин бастаған большевиктер ұлттық мемлекеттердің құрылуынан және түркі халықтарының бірігіп кетуінен сақтанған болатын.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: ХХ ғасырдың басында қазақ жері Түркістан және Алаш автономияларының құрамында еді. Сонымен қатар солтүстіктегі жерлер Ресейдің өзге облыстарына енгізілген болатын. Алаш зиялылары автономия құруда ұлттық бірлік пен аумақтық тұтастық ұстанымын басшылыққа алды. Алашорда үкіметі және Түркістан мұхтариаты ұлт-азаттық қозғалыстар мен мемлекеттілік дәстүрдің жандануына үлкен ықпал етті. Кейін Қазақ АКСР-інің одақтас республикаға айналуына (Қазақ КСР-і) және одан кейін тікелей тәуелсіз Қазақстан Республикасының негізі қалануында зор рөл атқарды.
Қазақ жерлерінің Қазақ АКСР-і құрамына біріктірілуі 1920 жылы Қазақ АКСР-інің құрылуынан бастау алды. Қазақ АКСР-інің құрылуы қазақтар мекендеген барлық жерлерді біріктіру мәселесін қойды. 1921 жылы Қазақстанның батысы мен солтүстігіндегі және Батыс Сібірде шегаралық межелеу болып өтті. Орталық Азияны ұлттық-аумақтық жағынан межелеу мен қазақ жерлерін біріктіруді шешу жөнінде үлкен дайындық жұмыстары жүргізілді. Түркістанның құрамына кірген Жетісу мен Сырдария облыстарын Қазақстанға қосу жөніндегі идея Азамат соғысы кезінде-ақ пайда болған-ды. Осы облыстардағы қазақтар солтүстік облыстармен бірігіп, бір республиканың құрамында болу тілегін білдірді. Қазақ жерлдерін біріктірудің нәтижесінде Қазақ АКСР-іне Ақмешіт, Қазалы, Шымкент, Түркістан, Әулиеата және Сырдария облысының Ташкент, Мырзашөл уездерінің бір бөлігі берілді. Сонымен қатар Жетісу облысының Алматы, Жаркент, Лепсі, Қапал уездері өтті. Ал Орынбор губерниясы Қазақ АКСР-і құрамынан шығарылды. Қазақстан аумағы ұлғайып, 2,7 млн шаршы шақырымды құрады, халқының саны 5 млн 230 мың адамға жетті.
Қазақ жерлерін Қазақ АКСР-інің құрамына біріктіруде Алаш қайраткерлерінің еңбегі оразан зор болды. Олардың қатарында Ә.Бөкейхан, Т. Рысқұлов, С.Қожанов және Әлімхан Ермековтер зор еңбек сіңірді.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Алаш қайраткері Әлімхан Ермековтың өмір жолы мен саяси қызметтегі атқарған іс-әрекеттері мен Қазақ жерлерін Қазақ АКСР-інің құрамына біріктірудегі рөліне баға беру.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
Қазақ зиялыларының Алаш төңірегіне топтасудағы мақсатын анықтау.
Алаш қайраткері Әлімхан Ермековтың өмір жолы мен саяси қызметіндегі жеткен жетістіктерін зерттеу.
Әлімхан Ермековтың Қазақ жерлерін біріктірудегі дипломатиялық саясаты мен ерлігіне баға беру.
Зерттеу нысаны: Алаш қайраткері Әлімхан Ермековтың өмірі мен саяси қызметі және Қазақ жерлерін біріктірудегі рөліне баға беру.
Зерттеу жұмысының жаңалығы: Қазақ жерлерін біріктіруде Алаш қайраткері Әлімхан Ермековтың сіңірген еңбегі орасан зор. Қазақ жерінің тұтастығы мен қазақ ұлтының тарыдай шашырамай бір шаңырақ астында бірігуіне атсалысқан бірден бір тұлға ол Әлімхан Ермеков. Сол кездегі Кеңестік Ресейдің басшысы В.И.Ленинмен тікелей келіссөз жүргізіп, қазақтар мекендеген жерлер Қазақ АКСР-інің құрамына біріктірілуі тиіс деп, тарихи тұрғыдан дәлелдеп көрсеткен болатын. Қазіргі Қазақстанның ұлан байтақ 2,7 млн шаршы шақырымы сол кезде Әлімхан Ермековтың арқасында қалыптасқан болатын.

Әлімхан Әбеуұлы Ермековтың өмірі мен саяси қызметі.

Әлімхан Әбеуұлы Ермеков -көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Алаш партиясы мен Алашорда қозғалысы жетекшілерінің бірі, қазақтың тұңғыш математигі, профессор, ғұлама ғалым, белгілі ағартушы, қазақ тіліндегі тұңғыш Жоғарғы математика курсы оқулығының иесі. Әлімхан Әбеуұлы - Алаш ренессансының бірегей тұлғасы, ол француз, ағылшын, латын, италия тілдерін жетік білген.
1891 жылы бұрынғы Семей облысы, Қарқаралы уезі, Темірші болысында, қазіргі Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында дүниеге келген. Мектеп қабырғасында бала Әлімхан зейінді, алғыр, оқуға деген ынтасы зор болады. Мектепті үздік бітіріп шығады. Әлімханның атасы Ермек ақсақал кезінде Абайдың әкесі Құнанбаймен Меккеге қажылыққа барған. Ал әкесі Әбеу ел ортасында аты шыққан, қадірлі, озық ойлы кісі болатын. Сол уақытта ауылдан шыққан жас жеткіншектерге орыс оқу орындарында оқу қиын болатын. 1905 жылы Қарқаралы қаласындағы үш кластық училищені, 1912 жылы Семей ерлер гимназиясын алтын медальмен бітіріп, сол жылы Томск технологиялық институтының тау-кен факультетіне оқуға түскен алғашқы қазақ азаматтарының бірі еді. Институтта оқып жүріп Г.Потанинмен танысады. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Ж.Ақбаев, М.Дулатов сияқты зиялы қауым өкілдерімен, ғалымдармен етене жақын араласып, ұлт-азаттығы жолындағы күреске қатысқан. 1917 жылы шәкірт Әлімхан оқуын тоқтатып, Әлихан Бөкейхан бастаған Алаш зиялыларымен бір ту астына бірігіп, автономия құруға атсалысты. Алаш зиялылары, Қазақ автономиялық Республикасын құруға атсалысқан Әлихан Бөкейхан, Әлімхан Ермек, Жақып Ақбаевтар бір ауданның тумасы, яғни Ақтоғай ауданында дүниеге келген.1917 жылы Алаш автономиясы құрылғанда, 26 жасында жаңа үкіметтің жаңа премьер-министрінің орынбасары, әрі ел шаруашылығын жоспарлау комитетінің төрағасы болып тағайындалған. Сол жылы II Бүкілқазақтық съезіне Семей облысынан делегат болып қатысып, Алашорда үкіметіне мүшелікке өтеді. 1917-1918 жылдары Алаш автономиясы, Уақытша Сібір үкіметі, Комуч, Башқұрт үкіметі, Сібір облыстық думасы, Уфа директориясы атынан Колчактың Омбы үкіметімен келіссөздер жүргізеді. 1919-1920 жылдар аралығында Қырғыз (қазақ) өлкесін басқару жөніндегі әскери-революциялық комитетінің мүшесі, әрі коллегия төрағасы, Семей губревкомының мүшесі болып, Кеңес үкіметінің саяси басқару жүйесінде қызмет істеп, қазақ жерінің тұтастығын сақтау, шекарасын анықтау сияқты маңызды жұмыстар атқарып, қазақ жерлерін Қазақ АКСР-і шеңберінде тұтас дерлік топтастыруда айрықша еңбек сіңірген. 1920 жылы 17-тамыз күні Мәскеу қаласында Әлімхан Ермеков В.И.Ленин басқарған Бүкілодақтық Халық комиссарлары Кеңесінің мәжілісінде қазақ елінің шекарасы туралы тұңғыш баяндама жасаған қазақ. Батыс Қазақстан өңірінің, Каспийдің солтүстік жағалаулары (қазіргі Атырау облысы) қазақтың жері екенін дәлелдеп бермегенде қазақтың шұрайлы, мұнай мен балыққа бай өлкесі қазіргі Қазақстан территориясынан тыс қалар еді. Сонымен қатар Семей, Ақмола облысының жерлерінің, кейіннен Коростелев даласының (Алтай губерниясының қазақтар тұратын ауданы) Қазақстанға қайтарылуына зор үлес қосады. Еліміздің саяси, әлеуметік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды өзгерістерге басшылық жасап, Қарқаралыда халық ағарту ісімен айналысқан. 1921-1924 жылдары Семей губерниялық атқару комитетінің, губерниялық жоспарлау басқармасының, Қазақ АКСР-і Мемлекеттік жоспарлау комитеті төрағаларының орынбасары, өнеркәсіп секциясының меңгерушісі қызметтерін атқарады. Қазақ АКСР-інің 6-7 шақырылған Орталық Атқару комитетінің мүшесі болып сайланады. Қарқаралыда екі сатылы мектеп пен жанында кітапханасы бар педагогикалық техникум ашуға зор үлес қосады. 1937 жылы педагогикалық техникум педагогикалық училище болып қайта құрылады (1945 жылы бұл педагогикалық техникум Абай есімін иеленіп, 1953 жылы Саран қаласына көшіріледі. Бұл қазір Саран педагогикалық колледжі деп аталады). Оқуын жалғастырып, 1923 жылы Томск технологиялық институтын бітіріп, геолог-барлаушы инженері мамандығын алып шығады. 1926 жылы ғылыми-педагогикалық қызметке ауысып, 1926-1928 жылдары Ташкент қаласындағы Қазақтың жоғары тұңғыш педагогикалық институтының жоғарғы математика кафедрасының мұғалімі, әрі жаратылыстану-математика факультетінің деканы міндеттерін атқарады. 1929 жылы Қазақ педагогикалық институтында (қазіргі Алматы Мемлекеттік университеті) доцент, 1932-1935 жылдары Қазақ мемлекеттік зоотехникалық мал дәрігерлік институтында доцент, профессор міндетін атқарып, кафедра басшысы болады. 1935 жылы мал дәрігерлік институтта кафедра басқарып жүріп, институт ғылыми кеңесінің ұйғарымымен (ВАК шешімі бойынша) тұңғыш рет математика саласынан профессор атағын алады. Кеңес өкіметіне, коммунистік-репрессиялық жүйеге қарсы қызметі, Алаш партиясын құруға белсене қатысып, Алашорда үкіметіне мүше болғаны үшін 1930 жылдың 22 қыркүйегінде істі болып, М.Әуезовпен бірге түрмеде отырып, үздіксіз тергеуде болады. 1932 жылдың 20 сәуірінде ОГПУ үштігінің үкімімен алдын ала түрмеде отырған уақыты есепке алынып, босатылып, бақылаушы органдардың бақылауына алынады. 1935 жылы қазақ тілінде Ұлы математика курсы кітабын, 1936 жылы Қазақ тілінің математика терминдері атты түсіндірме сөздігін жарыққа шығарған. 1935-1937 жылдары Алматы Кен-металлургия институтында (қазіргі ҚазҰТУ) математика және теориялық механика кафедрасының меңгерушісі, техникалық факультеттің деканы қызметтерін атқарады. 1932-1936 жылдары ҚазАССР оқу ағарту халық комиссариатының арнаулы тапсырмасымен қазақ тілінде математика терминологиясын жасап шығарады. 1937 жылы сталиндік озбырлық бұғауына түсіп, Ресейге барып бой тасалап, 1938 жылы шамалы уақыт Куйбышев қаласындағы жоспарлау институтында кафедра меңгерушісі қызметін атқарады. Қуғын-сүргін жылдары ұлтшыл, халық жауы аталып, қудалауға ұшыраған. Өзінің халық жауы емес екендігін дәлелдеп, арызданып, 1947 жылы мерзімімен бұрын босатылып, елге оралады. 1947 жылдың 15 тамызынан Шымкент технология институтында математика кафедрасын басқарып, ұстаздық етеді. Өкінішке орай, ол жалған жаламен тағыда тұтқындалып, Ішкі істер министрлігінің түрмесіне қайта жабылады. 1954 жылы ісі қайта қаралып, 1955 жылдың 7 наурызында КСРО Бас прокурорының қаулысымен түрмеден мерзімінен бұрын босатылып, 1957 жылы қарашада толық ақталды. Өмірінің соңына дейін Қарағанды тау-кен институтында (қазіргі ҚарМТУ) аға оқытушы қызметін атқарып, ықтималдық теориясы, математикалық статистика, теориялық механика, математикалық терминология мәселелері төңірегінде ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысқан. 1970 жылы Әлімхан Ермеков өмірден өтті. Артында жұбайы Рахиля, қызы Раушан ұлы Мағауия қалды.
Әлімхан Әбеуұлы болмаса, атақты геолог Қаныш ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАНДА МАТЕМАТИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУЫНДА Ә. ЕРМЕКОВТЫҢ РОЛІ
Орта Азия ғалымдарының математикаға қосқан үлесі
Томдағы инженерлік сабағында, Жетеді біл жылдан соң тамамына
ҚАЗАҚТЫҢ ТҰҢҒЫШ МАТЕМАТИГІ Ә. Ә. ЕРМЕКОВТІҢ ӨМІРІ МЕН ҚЫЗМЕТІ
Кеңес үкіметі кезіндегі қазақ зиялылары
Алаш қозғалысына қатысқан Кереку өңірінің қайраткерлерінің ұлтшылдығы
Темірбек Қараұлы Жүргеновтың өмірі мен қоғамдық - саяси қызметін зерттеу
Қазақ ұлт зиялыларының қалыптасуы
Алаш партиясы программасының жобасы
ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының еңбектеріндегі тəуелсіздік идеясы
Пәндер