СҰЛТАН БЕЙБАРЫСТЫҢ ТАРИХИ ТҰЛҒАСЫ
МІРЖАҚЫП ДУЛАТҰЛЫ АТЫНДАҒЫ № 68 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ
ТАҚЫРЫБЫ:СҰЛТАН БЕЙБАРЫС ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫПШАҚ ТАРИХЫНДАҒЫ РӨЛІ
БАҒЫТЫ: Тарих
ОРЫНДАУШЫ: (аты-жөні, сыныбы, мектебі, (қаласы) ауданы, облысы);
ЖҰМЫСТЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: (аты-жөні, ғылыми дәрежесі, қызметі, жұмыс орны);
Астана-2023 ж.
Түйіндеме -Бұл ғылыми жобада Дешті Қыпшақ даласының даңқты перзенті Сұлтан Бейбарыстың тарихи тұлғасы мен өткен өмір жолы қарастырылады. Сұлтан Бейбарыс билеген Мәмлүк мемлекеті және оның мемлекеттік құрылымы ашып көрсетіледі. Сұлтан Бейбарыс пен Алтын Орда, Дешті қыпшақ және мәмлүк мемлекеті сұлтандары арасындағы діни-мәдени байланыстар қарастырылып, Дешті қыпшақ тарихындағы рөлі мен орны айқындалады.
Аннотация: В данном исследовательском проекте рассматривается историческая личность и прошлая жизнь султана Бейбарыса, славного сына степи Дешти Кыпчак. Будет раскрыто мамлюкское государство под управлением султана Бейбарыса и его государственное устройство. Рассмотрены религиозно-культурные связи султана Бейбарыса с Золотой Ордой, Дешти Кипчаком и султанами мамлюкского государства, определены роль и место Дешти Кипчака в истории.
Annotation: This research project examines the historical personality and past life of Sultan Beybarys, the glorious son of the Deshti Kipchak steppe. The Mamluk state under the control of Sultan Beybarys and its state structure will be revealed. The religious and cultural ties of Sultan Beybarys with the Golden Horde, Deshti Kipchak and the sultans of the Mamluk state are considered, the role and place of Deshti Kipchak in history is determined.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4-5
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 СҰЛТАН БЕЙБАРЫСТЫҢ ТАРИХИ ТҰЛҒАСЫ
1.1 СҰЛТАН БЕЙБАРЫСТЫҢ ӨМІР ЖОЛЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6-7
1.2 1.2 СҰЛТАН БЕЙБАРЫС ЖӘНЕ МӘМЛҮК МЕМЛЕКЕТІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8-10
2 ДЕШТІ ҚЫПШАҚ ПЕН МӘМЛҮК МЕМЛЕКЕТІ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТАР
2.1 СҰЛТАН БЕЙБАРЫС ЖӘНЕ АЛТЫН ОРДА ... ... ... ... ... ... ... .11-13
2.2 ДЕШТІ ҚЫПШАҚ ПЕН МӘМЛҮК МЕМЛЕКЕТІ АРАСЫНДАҒЫ ДІНИ-МӘДЕНИ БАЙЛАНЫСТАР... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14-16
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17-18
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19-20
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Тәуелсіздік алғаннан тұстан бері тарихи тұлғаларымызды зерттеу қолға алынуда. Оларды ұрпаққа дәріптеу мәселесі мемлекет тарапынан ресми қолдау табуда. Былтыр 2022 жылы 13 ші қыркүйекте Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әл-Азһар университетінің Жоғарғы имамы Ахмад ат-Тайебті қабылдады. Кездесу барысында Мемлекет басшысы келесі жылы Сұлтан Бейбарыстың туғанына 800 жыл толатындығын атап өтіп, мерейтойға дайындық аясында Қазақстан тарапынан Каирдегі Сұлтан Бейбарыс мешітін қайта жөндеуге үлесін қосатнын айтты. Мысырдың Мәдениет министрі екі ел арасындағы мәдени ынтымақтастықтың ілгерілеуіне көңілі толатынын, осы бағыттағы байланысты одан әрі кеңейтуді қолдайтынын білдірді. Міне, биыл Сұлтан Бейбарысқа тұп -тура 800 жыл толып отыр. Бұл тақырыпытың өзектілігін негізеп береді. Осыған орай тұлғаның мерейтойын биыл 2023 жылы Мысыр мен Қазақстан арасында кеңінен атап өтуде бірқатар іс-шаралар жүзеге асып жатыр. Дешті Қыпшақ даласының даңқты перзенті Сұлтан Бейбарыс Мысырда мәмлүктер мемлекетінің негізін қалады. Осы мемлекетті 17 жыл бойы басқарған Бейбарыс елдің әл-ауқатын көтерді, дінге ерекше құрмет көрсетіп медреселер салды, каналдар мен бөгеттерді жөндейді, басқа елдермен сауда- саттық, мәдени байланыстар оранатты. Осылайша Мысырда мәмлүктерді жан-жақты мықты дамыған мемлекет дәрежесіне көтерді. Ол қарапайым құлдан мемлекет билеушісі дәрежесіне жетті. Сондықтан Сұлтан Бейбарыс есімінің Мысыр тарихында бүгінге дейін сақталуының сыры осында жатыр.
Жұмыстың мақсаты: Дешті Қыпшақ даласының даңқты перзенті Сұлтан Бейбарыстың тарихи тұлғасы мен өткен өмір жолы және Дешті қыпшақ тарихындағы рөлі мен орнын айқындай отырып оның мұрасын өскелең ұрпақ арасында кеңінен насихаттау. Мақсатты жүзеге асыруда мынадай міндеттер қойылады:
- Сұлтан Бейбарыстың әлемдік тарихтағы тұлғасын ашып көрсету;
- Сұлтан Бейбарыстың өмір жолын зерделеу;
- Сұлтан Бейбарыс билік жүргізген Мәмлүк мемлекетінің мемлекеттік құрылымын қарастыру;
-Дешті қыпшақ пен мәмлүк мемлекеті сұлтандары арасындағы байланыстарды айқындау;
- Дешті қыпшақ пен мәмлүк мемлекеті арасындағы діни-мәдени байланыстарды бағамдау,
- Сұлтан Бейбарыс пен Алтын Орда арасындағы одақтастық қарым- қатынастарды қарастыру;
Жұмыстың жаңалығы: Сұлтан Бейбарыстың тарихтағы тұлғасы мен өмір жолы және Дешті қыпшақ тарихындағы рөлі мен орны қолда бар әдебиеттерге сүйене отырып зерттелді. Сұлтан Бейбарыс Дешті қыпшақтың даңқты перзенті болғаны ұрпаққа насихатталды. Сұлтан Бейбарыстың Мәмлүк мемлекетінің негізін қалаушы болғаны қарастырылды. Мысыр мен Алтын Орда арасында тұрақты дипломатиялық қарым-қатынас пен екі ел арасындағы одақтастық және Дешті қыпшақ пен Мәмлүк мемлекеті сұлтандары арасындағы діни-мәдени байланыстар зерделенді.
Жұмыстың зерттелу деңгейі: Бұған дейін Бейбарыстану саласының бастау Батыс, Араб, Түркияда көп зерттелген болатын. Сұлтан Бейбарыс туралы ғылыми еңбектер Орта Азиядағы Түркі Әлеміне аударылып, жетпеді. Отандық ғалымдардың ішінде қыпшақтанушы ғалым шығыстанушы-арабтанушы, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ҰҒА-ның академигі Б.Е.Көмековтің еңбегін ерекше атаймыз.
Жұмыстың құрылымы: Ғылыми жоба жұмыстың мазмұны, кіріспе, екі тарау, төрт тараушадан, қорытыныды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 СҰЛТАН БЕЙБАРЫСТЫҢ ТАРИХИ ТҰЛҒАСЫ
1.1 СҰЛТАН БЕЙБАРЫСТЫҢ ӨМІР ЖОЛЫ
Түркі әулеті Бахриден шыққан мәмлүктердің Египетті билеген төртінші сұлтаны Жамақұлы Бейбарыс 1223-1277 жылдар ішінде өмір сүрген. Тарихи шығармаларда есімі Бейбарыс немесе Бибарыс деп аталады. Негізгі шыққан тегі - қыпшақ. Бұл туралы әр түрлі деркетер бар. Біріншісінде Хорезм, Дербент қыпшағы десе, екіншісінде Маңғыстаулық делінген. Алайда бүгінде Бейбарыстың Қырымда туғанын тарихшы ғалымдар айтып отыр. Беріш руынан шыққан. Араб елдерінің Мың бір түнмен қатар қоятын халық романы Бейбарыс әкесінің есімі Жамақ, ал анасының аты Әйек деп айтылған. Бейбарыс қыпшақ тілінде сөйлеген. Ал, енді алдыңғы Азиядағы араб тілдес халықатармен тілмәшпен тілдескен. Бейбарыс Дамаск базарында жетім қалған жасбала өзге де тұтқындармен бірге 800 дирхемге құлдыққа сатылған. Құлды сатып алған жаңа қожайын Айдакин Бундукдари болған. Соның атымен әл- Бундукдари атқа ие болады. Ерекше қабілет иесі Бейбарысты бірден таныған Айюби әулетінің сұлтаны Салих Нажумиддин оны жеке гвардияның бір бөліміне сардар етіп сайлайды. Енді жаңа әміршісінің атымен әл-Салихи есіміне ие болады. Осы тұстан крест жорығына қатысушыларға қарыс күресте Египет әскеріне қолбасшылық жасайды. Сөйтіп жүргенде Бейбарыс Сирияға қашып кетуге мәжбүр болады. Себебі, Египеттің жаңа сұлтаны Муиззәддин Айбек Айюби әулетінің соңына түседі. Мәмлүктер Айбекті өлтіргеннен кейін ғана Каирға қайтып оралады. Египетте таққа жаңа отырған Мұзаффар Сайфуддин Құтұз сұлтан Бейбарысты әскеріне басшы етіп тағайындайды. Ол моңғолдарға қарсы күреске аттанып, Айн-Жалут түбіндегі шайқаста жеңіске жетеді. Осы тұста Бейбарыс ер жүрек батыр ретінде ерекше көзге түседі. Құтұз барлықтарына сый-сияпат жасап, Бейбарысты елемей бос қалдырады. Құтұздың бұл іс-әрекетіне қапы болған ол өзіне пейілдес адамдармен келісім жүргізіп, Каирға қайтар жолда Құтұзды өлтіреді. Крест тағушыларды талқандағаннан кейін Бейбарыс өзінің қарсыласы Туран шаһты тақтан тайдырған. Онымен жақтас адамдар Бейбарысты Египеттің сұлтаны деп жариялайды. Осылайша ол әд-Мәлік әз-Заһир Руки-әд- Дүние вә-д-Дин Бейбарыс әл-Бундукдари әл-Салихи есіммен Египетің тағына отырған еді. Билікке келген бастап-ақ бар күшін крест жорығына қарсы жұмсайды. Бейбарыс таққа отырған кезі моңғолдардың 1258 жылы Бағдадты басып алып, Аббастан тараған халифалар әулетінің біразын дара асып жазалаған еді. Солардан біреу тірі қалып Шамға қашып кетеді. Бірақ оны Бейбарыс Мысырға алдырып 1261 жылы әл-Мустансир деген атпен халифа етіп жариялайды. Міне, сол жаңа халифаның қолынан өзі сұлтан лауазымын алған. 1265 жылы крест тағушы франктердің қамалдарын кезек-кезек жаулап алады. 1267 жылы Кіші Армения патшалығына, Кіші Азия селжұқтарына қарсы бірнеше жорықтар жасап, өзіне берберлерді бағындырады. Бейбарыс Машриқ елдерін жаулап алып, Мысырға шабуыл жасаған моңғолдардың талқандайды. Ол әскер ішінде темірдей тәртіп орнатты. Бейбарыс медреселер салып, каналдар мен бөгеттер, суландыру жүйелерін жөндетеді. Каир қаласында мешіт салдырды. Ол Бейбарыс мешіті деп аталады. Мысырда егін шаруашылығын дамытты. Бейбарыс тұсында Сирия мен Египетте қыпшақ текті әскер басыларға жер берген. Египеттің әл-Искандария (Александрия), Дамиетта, әл-Қаһира (Каир) сынды қалалары ірі сауда орталығына айналды. Әсіресе, Венеция, Сицилия, Генуя, Индия, Орта Азияның керуендері мен кемелері келген. Сұлтан Байбарыстың ішкен қымызына у қосып беріп өлтірген деген тұжырым бар. Уланған қымыз ішкен соң он үш күн денесі қызып, ауруы асқынып, қатты нашарлап, ақырында қан құсып, қиналып өледі. Дамашықта салынған зиратына жерленді. Ол өзі билік құрған елдің әл-ауқатын көтерді. Крест тағушыларды талқандады. Моңғолдарды Мысырға қия бастырмады. Бейбарыс кемел кемеңгер мемлекет билеушісі, батыр қол басшы болды. Ол қарапайым құлдан мемлекет билеушісі дәрежесіне жетті. Сұлтан Бейбарыс есімі Дешті Қыпшақ және Мысыр тарихында бүгінге дейін сақталуда.
1.2 СҰЛТАН БЕЙБАРЫС ЖӘНЕ МӘМЛҮК МЕМЛЕКЕТІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫ Мәмлүк мемлкетінің негізін салушы сұлтан Бейбарыс әкімшілік жүйені дамытып қана қоймай бұл жерлерге бұрын белгісіз басқа ережені кіргізген болатын. Бейбарыс мемлекет басқару ісінде Шыңғыс ханның Иасысын және түркінің Турасын башылыққа алған екен. Тура түрікше жол бағыт дегенді білдіретіні белгілі. Жеңімпаз патша мемлекетінде орнатқан мансаптар кейбіреулері одан бұрын болғанымен дәл осы түрде емес болатын. Сұлтан Бейбарыс ислам шариғаты тұрған кезде көшпенділер әдет-ғұрпын басшылыққа алды деген осы заманғы мұсылман тарихшыларына аса ұнамайды, сондықтан Бейбарыс мемлекет басқару ісіндедала әдет-ғұрпының ислам шариғатына қайшы келмейтін тұстарын ғана пайдаланған деген уәж айтады. Бейбарыс өмірнің жартысы ат үстінде өткен десек асыра айтқандық еместі. Мәмлүктер моңғолдар мен кресшілерге қарсы үздіксіз әскери әрекеттер жүргізіп отырғандығы әскер басында әрдайым сұлтанның болуын талап етіп отырған. Сұлтан Бейбарыс мемлекетінің астанасы болған Каирден тыс жерлерде жүруі сұлтанның ішкі істер бойынша орынбасары болу қажеттігін тудырған еді. Мемелекет басқару ісінде ба әмірлерге арқа сүйеген Бейбарыс сұлтандық наибы, яғни орынбасарлары мансабын қайта жандандырған болатын. Иеліктерінің қамқоршысы, екінші сұлтан екі жоғары мансапқа тек аса сенімді адам тағайындалған еді. Ол сұлтанның орынбасары, оның құзырларының бәрін атқарған. Бұл жерде мәмлүк мемлекетін құрамына кіретін аймақтардың -Шам, Дамаск, Алеппо, Сафат, Триполи, Хама, Карак, Александрияның әрқайсысының наибтары болған. Олардың ішіндегі ең ірісі Шам наибы болып табылады. Сонымен бірге, егер сұлтан өзінің наибымен жорыққа бірге шығатын болса, ірі әмірлердің бірін наиб ғайба етіп тағайындаған. Алайда, ондай жағдайлар өте сирек болған екен.Бейбарыс наиб мансабына өзі тәрбиелеп өсірген мәмлүгі әмір Білікті қойған. Ол сұлтан Бейбарыс қайтыс болғанша иесіне адал қызмет еткен. Осы жерде Біліктің өміріне қатысты бір қызық оқиғаны келтіруге болады. Бейбарысқа Білікті сатқан адам кезінде саудагерледің ішіндегі ең байларының бірі болғанды. Алайда, саудасы тоқырап, мал-мүлкінен айырылып тақыр кедейге айналған екен. Мәмлүк династиялары басқарған түрк мемлекетінің басында сұлтан тұрды. Оны өз ара тең саналатыны ірі әмірлер сайлайтын болған. Қыпшақ мәмлүктер сұлтандық әкеден балаға мұра етіп қалдыруға тырысса, кейінгі мәмлүктер кім күшті билік соныкі деген принцип ұстағаны тарихтан аян. Оны мұсылман тарихшылары түркі заңы деп атаған екен. Сұлтан абсолюттік биліктің иесі, алайда сұлтан Бейбарыс ақсақалдар кеңесін құрған қыпшақ сұлтаны саналған. Ол әр түрлі мемлекеттік сұрақтар бойынша тәжірибелі мәмлүк ақсақалдарымен ақылдасып отыратын әдеті болған. Сұлтан аптасына екі рет иеліктерінің тұрғындарының арыздарын қарайтын. Сұлтан үлкен сарайдың төрінде орнатылған жібекпен қапталған ағаш тақтың үстінде отырады, қасында төрт мазхаб қазылары мен қария мәмлүктер алдында арыз оқылып, қасындағылармен ақылдаса отырып әділ шешім қабылдайтын. Ал, әмірлер мәмлүктер және оларға бөлінетін жер иеліктері мәселесін қарағанда сұлтан әмірлерімен ғана қалып, қазылар бұл жиналысқа қатыспайтын тәртіа сақталған болатын. Хатшы мәмлүктердің аты- жөндерін, оларға бөлінетін жер иеліктері туралы жарлықты оқиды сұлтан қажет деп тапқандарына қолын қоятын. Барлық іс қағаздары қыпшақ тілінде жүргізіліп отырған екен. Жиналыс соңында ас тартылып, сый-сияпат көрген барлық мәмлүктер сұлтанға адалдықтарны білдіріп ант берген.Сұлтанмен бір дастарханнан ас ішкен екен. Мәмлүк мемлекетінің қызметкерлері әмірлер мен жаунгерлерге бөлінген. Әмірлердің өзң төрт сыныпқа бөлінген. Жүздік әмірлерлері- мыңбасылар қармағында жүз салт атты болған екен. Он - жиырма атты артық болуы мүмкін. Мыңбасы соғыс кезінде мың атты әскери бөлікті басқаратын. Мемлекеттің ірі мансаптарын, сұлтанның наибы мансабын осы топтан шықққан әмірлер иеленетін болды. Александрия Ніл өзенінің шығыс жағымен батыс жақтарының наибтарын қосқанда мыңбасылардың саны он- жиырмадан аспаған. Таблхана әмірлері-қарамағында қырық салт атты мәмлүк болған. Жиырма-отыз атты артық болуы мүмкін. Жалпы саны сексен, қырықтан кем емес. Бұл категорияға жататын мәмлүк әмірлері іс қараушылар, бақылау мансаптарын иеленетін болған. Бұл сыныпқа кіретін әмірлердің саны шектелмеген. Онбасылар-олардың қараамында он салт атты мәмлүк болған. Жиырма адамы болғанмен онбасы саналатын болған. Майда мансаптарды иеленетін әмірлер болды. Саны шектелмейтін. Бесбасылар-бесбасылар ссұлтан Бейбарыстың Мысырдағы иеліктерінде аз болған екен. Себебі, бұл сыныпқа жататын әмірлер аға мәмлүк болып табылады. Қатардағы мәмлүктер екіге бөлінген. Сұлтан мәмлүктері, жауынгерлерінің ішіндегі ең биік мәртебелісі, мүмкіншіліктері мол, сұлтанға ең жақын, иеліктері жағынан ең байы болып табылады. Бұнда әмірлер қызмет сатысынан біртіндеп өсіріп отырған. Халқа мәмлүктері-сан жағынан ең көбі. Әрбір қырық жауынгердің басшысы соғыс жарияланған ғана әскермен бірге шығатын болған. Енді сұлтан Бейбарыс құрған мемлекеттің ірі мансап иесі, сұлтанның Мысырдағы орынбасары мәмлүк мемлекетіндегі екінші мансап және ең жақын адамы болған. Жалпы сұлтан Бейбарыс құрған Мәмлүк мемлекетінің мемлекеттік құрылымы осындай мансаптардан тұрады. Бейбарыс ел басқарудың толықтай жаңа жүйесін жасады. Елдегі алым-салықты азайтты, сәулет өнерін, пошта қызметін, сыртқы саясатты жетілдірді. Бейбарыс сұлтан нағыз дипломат еді. Ол сыртқы саясатта әскери күшке ғана емес, әскери күштен кем ықпал етпейтін дипломатиялық саясатқа да жүгінді.

2.1 СҰЛТАН БЕЙБАРЫС ЖӘНЕ АЛТЫН ОРДА
Сұлтан Бейбарыс Алтын Ордамен тікелей дипломатиялық байланыс орнатуға ерекше маңыз берген болатын. Оның себебі, араб тарихшылары көрсеткендей тек қана Хулагу иеліктеріне қарсы әскери одақ құру ғана емес еді. Ондағы мақсат туған жерімен байланыс орната отырып өз ұлтының ұлдары мен қыздарының Мысыр жеріне келуін қамтамасыз ету болған. Осы мақсаттарын жүзеге асыру үшін Бейбарыс Алтын Орда хандарымен тікелей байланыс орнатып, елшіліктер жіберген. Бату хан қайтыс болғаннан кейін орнына Берке хан отырған болатын. Осы кезде Хулагу хан сыбағасын оған беріп тұрудан бас тартқан болатын. 1262 жылы Хулагу хан өз үлесін сұрай келген Берке ханның елшілерін өлтіріп тастайды. Бұдан бөлек тақ үшін күрес қыза түскен еді.Ибн Абдузаһир өзінің еңбегінде Хулагу иеліктерінен Бейбарыстың хан астына қашып келген түркі тайпалары туралы былай деп жазады: Берке ханның жақындарымыз деп бір топ татарлар, Хулугуден қашып келді. Хулагумен жағдай шиеленіскенде Берке хан оларға қайтып келіңдер, келе алмасаңдар Мысыр иеліктеріне өтіп, сұлтан Бейбарыстың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz