Саясаттанудың негізгі парадигмаларын салыстырмалы талдау



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Орындаған: Әскерова Айым
Қабылдаған :Инкарбаев Е.Т.
Саясаттанудың негізгі парадигмаларын салыстырмалы талдау
Жоспар:
1) Кіріспе
2) Негізгі бөлім
3) Қорытынды
Кіріспе
Саясаттану ғылымы - ол саясат түсінігін қарастыратын ғылым болып табылады. Саясаттану адамдар өмірінің ерекше саласы ретінде билікті жүргізу қарым-қатынасы, қоғамды мемлекеттік-саяси ұйымдастыру мәселесін, қоғамның қызмет етуін қамтамасыз ететін саяси институттарды, саяси қағидаларды, саяси ережелерді, адамдар арасындағы қарым-қатынасты, қоғам мен мемлекет арасындағы қарым-қатынасты зерттейтін ғылым болып табылады.
Парадигма (грекше - үлгі деген сөз) - зерттелетін мәселені шешу үшін үлгі ретінде алынған теория; ғылымның белгілі бір даму кезеңінде ғылыми қауымдастықпен қабылданған және болжамдарды ғылыми тұрғыда ұғыну үшін, ғылыми таным процесінде туатын міндеттерді шешу үшін үлгі, модель, стандарт ретінде пайдаланылатын теориялық және әдістемелік ережелер жиыны. Парадигма ұғымын 20 жж ғылыми айналымға енгізген американ философы және қоғам тарихын зерттеуші Г.Кун. Оның анықтамасына сәйкес парадигма - бұл белгілі бір уақыт ішінде ғылыми қауымдастыққа танымдық проблемаларды қоюдың логикалық моделі және олардың шешімдерін табуда нұсқаулық ретінде қызмет ететін білім жүйесі.
Негізгі бөлім
Саясаттануда парадигма деп саяси өмірді бейнелеуді, білімді ұйымдастырудың қисынын білдіретін, әлеуметтік құбылыстардың бір тобын теориялық пайымдау үлгісі деп мойындаған негізгі тұғырнама желісін айтады. Парадигма жасау арқылы зерттеушіде зерделеудің негізгі өлшемі қалыптасады. Соған орай ол деректерді жинап, талдайды, түсіндіреді, мағлұматтарды жинақтайды, жүйелейді.
Саясаттану парадигмаларын жинақтай келе оларды теологиялық, натуралистік, әлеуметтік және тиімді-сыни деп жүйелеуге болады
Теологиялық парадигма - саясатты, билікті құдайдың құдіретімен түсіндіреді. Бұл парадигма саяси ғылымның алғашқы дами бастаған кезеңінде пайда болған. Ол кезде барлық әлеуметтік-саяси құрылыс, мемлекет құдайдың құдіретімен жасалған және дамиды делінген. Теологиялық парадигманың дамуының бастапқы кезеңдерінде мифология көрнекті орын алды, өйткені мифтер көптеген халықтардың өмірінде өр түрлі дәрежеде өз уақытының саяси проблемаларының көрінісі ретінде қызмет етті. Мұнда билік табиғаттан тыс, ерекше абсолютті күш ретінде қарастырылады. Айтарлық, Көрнекті христиан философы Аврелий Августин (б.з. 354-430 жж.) адамдар қауымдастығының бір-біріне кдрама-қарсы екі түрі: "құдай қаласы" және "жер қаласы" өмір сүреді деп есептеді. "Жер қаласы" - кемеліне жетпеген адамдардың шынайы өмірі, ал "құдай қаласы" - Құдайды сүю мен іздеу, бірақ оның жерде тұрағы жоқ болғандықтан ол қаңғыбастық пен үйсіздікке душар болған. Осылай Әулие Августин адамдардың нақты өмірі мен олардың саяси проблемаларының "жер қаласында" болатындығын атап көрсетті.

Натуралистік парадигма - саясатты әлеуметтік сипаты жоқ табиғи себептермен, атап айтқанда, географиялық ортамен, биологиялық және психологиялық ерекшеліктермен түсіндіреді.
Географиялық ортаның саясатқа ықпал етуін теориялық түрде негіздеген француз ойшылы Ж.Боден болды. Оның идеясын одан әрі дамытқан Ш.Монтескье. Оның ойынша географиялық орта, әсіресе климат халықтың рухын, мемлекеттің құрылыс түрін, қоғамыдық құрылыстың сыр-сипатын айқындап, саясатында шешуші рөл атқарады.
Саясатты биологиялық себептермен түсіндіруші ғалымдар П.Майер мен К.Лоренц саяси процесті адамның туа біткен физиологиялық қасиеттерімен байланыстырады.
Ал психологиялық бағыттың негізін қалаушылар саяси даму процесін адамның психологиялық қасиеттерімен түсіндіреді. Бұл бағыттың негізін қалағандар Г.Тард, Г.Лебон, Э.Дюркгейм және т.б.

Әлеуметтік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Теологиялық парадигма
Саясаттанудың түсініктері мен категориялары
Саяси ғылымның зерттеу объектілері
Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы
Саясаттанудың әлеуметтік-гуманитарлық білімдер жүйесіндегі орны
Саясаттану пәні, ұғымдары, әдіс-тәсілдері мен қызметтері
Саясаттану парадигмалары
Саясаттанудың негізгі парадигмалары
Саяси зерттеулердің негізгі әдістері
Әлеуметтік жұмыс әдістері мен технологиясына талдау
Пәндер