Тұздың пайдалану тарихы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе.

Мемлекеттің бір жағынан ауруды болдырмау, екінші жағынан салауатты өмір салтын ынталандыру жөніндегі қадамдары халықтың денсаулығына әсер ететін маңызды фактор екенін әлемдік тәжірбие көрсетіп отыр.

Аурулардың алдын алу дегеніміз таза су мен кенеулі асты пайдалануды, тазарту жүйелердің болуын, қоршаған ортаны ластайтын және экологиялық зиян келтіретін обьектілерді қысқартуды, басқада қауіпті факторларды төмендету.

Адамзат қайғысының түп тамыры шын мәнінде адам мен табиғаттың дұрыс емес қарым -қатынасы.

Тұздың адам денсаулығына тигізетін пайдасы көп. Біздің Созақ ауданындағы Кәрікен орнының тұзы адам денесін емдеуге пайдасы зор. Қаратау ауылынан 60км жерде Кәрікен тұзды кен орны орналасқан. Тұз кені қабаттарының қалыңдығы-1, 8 метрге тең. Кәрікеннің көлемі, ені - 1, 5 шақырым, ұзындығы-2, 5 шақырым. Кәрікеннің балшығын, тұзын қазір емшілікке пайдаланып қолдануда. Қазіргі таңда жергілікті жерде йод тапшылығы аурулары белең алып отыр. Оның себебі халықтың йодталмаған тұзды пайдаланғаны. Йодталған тұз алқым ісуінен сақтайды. Ауданымызда жылдан-жылға иод тапшылығымен ауыратын адамдар көбейіп келе жатқанын байқаймыз. Егер де алдын-алу шараларын ұйымдастырмаса, ауданымызға үлкен қауіп төнері хақ. Адам ағзасына йод көбінесе тұз арқылы сіңетін болғандықтан, ауданымыздың тұз кен орны маңызды рол атқарады.

Зерттеу мақсаты: Кәрікен тұзының адам өміріндегі пайдасын айқындап, кәрікен балшығын, тұзың қазіргі емшілікке пайдалануды арттыру

Міндеттері:

-1. Тұздың құрамын зерттеу;

-2. Тұздың емдік қасиетін анықтау, талдау:

Зерттеу нысаны: Қаратау ауылындағы табиғи тұздың құрамындағы элементтерді анықтау,

Ғылыми болжамы: Йодталған тұзды қазіргі емшілікте қолданып, Қазақстанда йод тапшылығын жояды.

Өзектілігі: Күнделік тұрмыста йодталған тұзды тұтынып, емдік қасиетін ескене отырып, табиғи таза өнімді пайдалану.

Зерттеу кезеңдері:

І. Ізденіс. Ғылыми әдебиеттерден, газет-журналдарндан, ғаламтордан іздеу арқылы мәлімет алу.

ІІ. Мәлімет жинау. Тұздың шығу тарихы мен табиғи тұздың ққрамы туралы мәліметтерге шолу.

ІІІ. Зертханалық бақылау . Жетекшімен бірге тәжірбие арқылы табиғи тұздың химиялық элементерін анықтау.

ІV. Талдау жасау. Тұздың пайдасын зерттеу.

Зерттеу тәсілдері: Мәліметті жинап, танысу, жоспарлау, талдау, салыстыру, іздену

зерттеу.

Зерттеу жаңашылдығы: Йодталған табиғи тұзды зерттеу жұмысы арқылы қазіргі емшілікті жаңғыртып, жетілдіру.

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1. Әдебиетке шолу.

2. 1. 1. Қазақ емшілігі мен дәрігерлердің пайда болуы мен қазіргі дейінгі даму тарихы.

Қазақ емшілігі қазақ халқының ұлт болып қалыптасуынан бұрын пайда болған. Айтарлықтай түрік тайпаларының Тақар, Қарақұмық мәдениеті дәуіріндегі парасат уақытында масагит, сарматик, скет (скиф), үйсін, қыпшақ тайпалары кезінде - ақ адамдардың ауру сырқаумен күрес тарихы басталған. Ресей медицина ғылымының атасы аталған әйгілі физиолог И. В. Павлов (1849-1936) «Адамзат пайда болған кезде медицинаға адамзаттың жазба естеліктерінің жазылу уақытынан бастау қате болады», - деген еді.

Қазақ емшілігі мен дәрігерлердің пайда болуы мен қазірге дейінгі даму тарихына көз жібергенде әйгілі Әбу-Насыр Әл-Фараби, Әбу - Әли ибн Сина сынды ұлағатты ғалымдарымыздың ел жүрегінен қастерлі орын алады. Осындай ұлы адамдар өздерінің ғылыми еңбектері арқылы химиялық элементтерін қолдана отырып ұлтымыздың ежелгі медицина негізін қалады.

Медицина тарихына көз жібергенде дүние жүзіне аты әйгілі

Ли - Шыжының «Химиялық препараттарды, дәрі шөптерді пайдалану каталогына» тоқтамай өтуге болмайды. Бұл кітапта азық-түлікпен, қолдан емдеу тәсілдері туралы жазылған. Қазақ дәрігерлік ілімі тарихының өзіне тән ерекшеліктері бар.

2. 1. 2. Қазақ емшілігінің қолданған емдік дәрілері .

Ал енді медициналық қазақи қолданған емдік дәрілердің қайнар көзіне келейік. Қазір емшілері ауруға қарсы күресте алуан түрлі дәрі-дәрмектерді пайдаланған. Осы шипалы дәрі-дәрмектің көзі- ұлы табиғат және табиғат дүниесіндегі хайуанаттар мен жәндіктер, өсімдіктер. Нақтылап айтқанда бұлар үш түрге бөлінеді:

  1. Өсімдіктер
  2. Хайуанаттар мен жәндіктер
  3. Минералдар

Осы үшеуінің ішінде біз тақырыпқа сай өз жерімізде кездесетін минералдар, алкоидтар, бейорганикалық заттарды алайық.

Минералдар. Мыс, сынап, күкірт, ашутас т. б Мұнан басқа қазіргі заман дәрігерлерінің көптеген органикалық алкоидтар мен бейорганикалық тұздар қолданылады. Мысалы: сірке суы, спирт, алмаз тазаланған сор, ас тұзы, наркүміс тотияйын. Ал дәрілерді жасау сақтау, өңдеу әдістеріне келейік. Дәрілік заттардың жағымсыз әсерлерін төмендету үшін өңдеу жүргізіледі . Күйдіру әдісіне: дәрілік материалдарды күйдіріп, қып-қызыл болғаннан кейін суық суға немесе сірке қышқылына батырып бірнеше рет суарады. Бұл дәрілік материалдарды жұмсартып, оңай талқандау үшін пайдалы. Суға езу әдісіне: кейбір суда өздігінен ерімейтін дәрілерді, минералдар (тастар), сыр сияқтылар . Бұларды ұсақтап, талқандап, онан соң металл келіге салқын су құйып, бейне бір құрт езгендей келсаппен түйгіштесе, дәрінің нілі суға шығады. Шыққан нілді дәрі ретінде қолданылады. Өңделген дәрілердің түрлеріне: қайнатпа дәрі, ұнтақ дәрі балды дәрі, бытыра дәрі, балшық дәрі, сылама дәрі, ашытатын дәрі, шарбат дәрілер жатады.

Қайнатпа дәрі . Бұл ең көп қолданылатын дәрі. Дәрілерді қайнатқанда алдымен рецептіге араластырып, дәрі бататындай етіп, су құяды да 30 минут қайнатады.

Ұнтақ дәрі . Ұнтақ дәріні қазақ емшілері көп қолданылады. Рецепке негізделіп дәрілерді қайта-қайта талқандап, елеп, ұнтақтап шығады. Ұнтақ дәрінің артықшылығы. Бұл, сақтауға, ішуге, және сыртқы денеге пайдалануға қолайлы.

Балды дәрі. Рецептегі дәрілерді талқандап, електеп өткізіп, ыдысқа салғаннан кейін белгілі мөлшерде бал қосып, азырақ қыздырып, араластырады. Қамыр секілді қайта-қайта илеп, иі қанғаннан кейін тақтайдың бетіне қойып, бауырсақ секілді кеседі де, үлкен кішілігін бірдей етіп домалақтайды.

Бытыра дәрі. Дәрі ұнтақталып, әзірленгеннен кейін тақтайдың үстіне азырақ қайнаған су шашып, дәрі ұнтағын аздап сеуіп, тақтайды шайқап қозғайды, біркелкі дымқылданған соң, щеткамен ептеп сипаса дәрі домалақтанады. Жасап болғаннан кейін кептіріп сақтайды.

Балшық дәрі. Халық емшілері балшық дәріні ішуге жәнә сыртқа қолдануға арнап жасайды. Сыртқа қолданатын балшық дәрі тері ауруларына ( жара, мерез, шиқан, уытты ісіктер мен қотырларға) қолданылады. Дәрілік материалдарды талқандағаннан кейін, шыны ыдыста сапты аяқта уқалағышпен уқалап( май қосып) өлтіріп жасайды.

Сылама дәрі. Дененің сыртына жағып пайдаланады. Аю, борсық, қаз, жылқы, майларын шыжғырып, шыны ыдыста сақтайды.

Ашытатын дәрі. Дәрі қосып ашытып, ішуге сиыр сүті, түйе, бие сүтімен азықтанып емделуге, сол мезетке қажетке сай әзірленеді.

Шарбат дәрі. Шекер, бал немесе жеміс суларын қосып әзірленеді.

2. 1. 3. Тұздың пайдалану тарихы.

,, Тұзсыз нанда тамақтан өтпес,, дегендей атам қазақ мақал - мәтелдерге, астарлы сөздерге бай. Бұл сөз бұрынғы замандағы адамзатқа да тұздың қажетті болғанын дәлелдейді. Мыңдаған жылдардан бері қарай адамзаттың тұзсыз тіршілігін елестету қиын. Тұзды пайдалануды адам қай уақыттан үйренді, қай кезеңнен бастап тұз күнделікті тіршілігіне енді екен? Бұл сауалдың жауабын ғасырлар түкпірінен іздеген жөн. Әуел басында адам аңшылық кәсібімен күнелтіп, негізінде етпен қоректенеді де тұзды етпен сіңірді, тұзға оншалық әуес бола қоймады. Кейінірек адам егіншілік кәсібімен шұғылданып, өсімдік өнімін асқа пайдаланған шақта оған тұз қосу қажет болды

Ежелгі ата-бабаларымыз тұзды ең бірінші қай елде, қай кезде пайдаланғанын біз біле алмаймыз. Мүмкін ежелгі аңшы аңдардың ақ тасты жалағанын көріп, мұнда нендей сыр бар деп байқап көрген де болар. Кім білсін, адам тегі тым ертеден ақ ас дәмін келтіру үшін тұзды пайдаға асыруды үйренген. Орталық Европада шамамен алғанда тұзды пайдалану біздің жыл санауымыздың 3000 мың жыл бұрын, Таяу шығыста одан көп ерте 8000 мың жыл шамасында басталса керек. Бірақ алғашында оның пайда болу заңдылығын шығатын жерлерін білмеді. Содан тұз кендерін іздеп табу, оны өндіру қиынға соқты, әрі жолсыз, елсіз жермен мыңдаған шақырым жол жүріп тау-тасты басып кіре тарту да оңайға түспеді. Сөйтіп жанға жағымды тұз расында көптеген елдерде алтыннан да, күмістен де қымбат бағалы затқа айналды. Жер тарихында алғашқы тұз күмбездері тым кеш, тек палеозой эрасының алдында ғана протерозойдың ең жоғары венд дәуірінен (600 млн. жыл бұрын) бастап қорлана бастады. Жер қабатының кезеңдерінде тұз шөгінділері қалың болып кездессе (неоген, юра, триас, пермь, девон, кембрий жүйелері) басқа кезеңдерде тұз шөгінділері түзілмеген, атымен жоқ, не жартымсыз боілады

Тұз өндіру әдістері.

Кейінгі 30жыл аралығында Сарысу өзенін бойлай, Шу өзенінің алқабымен Жамбыл қаласына дейінгі аймақты алып жатқан тұз бассейнінің анықталуы Қазаақстандағы тұз геологиясының тамаша бір жетістігі болып табылады. Осы өңірде бұрында тұз қабаттарының, тұз күмбездерінің де бар екендігі белгілі болатын . Бірақ олардың геологиялық жасы қалыңдығы, аумағы туралы зерттеу мәліметтері жеткіліксіз еді. Соңғы кезде кең өлкеде мұнай-газ іздестірумен байланысты жүргізілген, көптеген терең бұрғылау жұмыстарының нәтижесінде әртүрлі нақты мағлұматтар алатындай жағдай туды. Негізінен Пермь кезеңі минералды тұздарға бай кезең болды. Айта кетер бір жағдай мысалы көмір темір, мұнай, түсті металдар қазып алған сайын түбі көрініп таусыла түсетіні белгілі. Тек тұздар ғана мезгіл сайын қайтадан шөгіп, молайып отырады. Шу -Сарысу ойпатына құйатын өзендер әрі қысқа, әрі климатқа байланысты жаз айларында тартылып қалатын. Климат жадайы осы күнгіден де қатаң шөлді болғандықтан, грунт суларының үлесіде мардымсыз, бірақ олардың минералдануы күшті еді. Пермь кезеңінде астыңғы тас көмір кезеңінің тұздары ойыстың кемер ернеулерінің бетіне шықты. Ендеше беткі немесе жер асты су ағындары осы тұздарды ерітіп, тұздығы қанып, құйған жерінде қайта тұнған. Ал мұнай мен газдың мол кендері әдетте тұз қабаттарымен жапсарлас кездеседі . Негізінен ас тұзын жер астынан көмір сияқты қазып алады.

2. 1. 4. Тұздың ағзадағы маңызы

Тұздың адам денсаулығына пайдасы көп. Мысалы: тұз қышқылы ішкен жеген тамақты ыдыратып, оның денеге сіңуіне мүмкіндік береді де, натрий бұлшық ет нервмізге сіңеді, сүйекпен шеміршек құрамына енеді. Денеміздің әрбір ағзасынан тұз ерітіндісі бейне бір жуып, тәніміздегі барлық сұйықтықтың ағысын реттеп отырады. Егер денеде тұз жеткіліксіз болса, бұлшық еттер тырысып, сіңір - буын құрысып, қан кеуіп, нерв жүйесі тарылады, ақыр соңында дертке ұшырайды. Тұзды көлдер, батпақтар, бұлақтар, ауру-сырқауды емдейтін курорт-санаторийлер объектісіне жатады. Тұз үңгірлері мен шахталары ішінде өкпе, тыныс демікпесін емдейді. Барлық өндірілетін ас тұзының тек үштен бір жуығы ғана қоғамда қолданады. Тұз негізінен өнеркәсіптің қайнар көзі болып табылады. Химиялық дайын бұйымдардың көбінің құрамдарына астұзынан құралатын, хлормен натрий кіретінін біз біле бермейміз. Химия да хлорлы натрий, глаубер тұзын, тұз қышқылын, хлорлы известі, мүсәтір спирті, қала берсе таза металды, натрийды өндіруге қолданылады. Сабын, иіс су, жасанды жібек, қағаз, шыны, әр-түрлі бояулар, каучук, дәрі-дәрмек, пластмасса, былғары, синтетикалық талшықтар мен улы химикаттар алуда қолданылады. Ас тұзының 1500 қасиеті бар. Өйткені олар өнімдермен бұйымдар жасалуда қолданылады. Болашақта электр тогын теңіз тұзды суымен тұщы суды қосып өндіру жолы зерттеліп жатыр. Күнделікті өмірде тәтті қамырға аздаған тұз салса тамақтың дәмі кіреді. Маса, кене, бүрге шаққан жерге тұз жақса, дуылы тез басылады. 5 грамм тұз көкөністі тұздауда жақсы нәтиже береді. Қайнаған сүтке бір шым-шым тұз салса ол тез ерімейді. Баспаны (ангина) жазу үшін тамақты тұзбен соданы қосып шайса тіпті жақсы. Қолға жұғып қалған пияз иісін немесе жағымсыз иісті жою үшін, алақанды құрғақ тұзбен сүрту керек. Қыста терезені тұзды сумен сүртсе, әйнекке қырау тұрмайды. Сөз соңында әр халықтың әр заманда айтқан тұзға қатысты мақал-мәтелдері болған.

Тұз бен нансыз әңгіме жүрмес.

Астың дәмін тұз келтірер.

Тұз астың көркі, шаш бастың көркі .

Дәмсізді дәмді қылған тұз әулие,

Алысты жақын қылған қыз әулие.

2. 1. 5. Тұзды йодтау қаулысы .

Бұл заң Қазақстан Республикасының халқы арасында йод тапшылығының алдын алу, йодталған тұздың және йод қосындыларымен басқа да тамақ өнімдерінің өндірісі, әкелу, әкету, және өткізу, сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді .

І- тарау. Жалпы ережелер

  1. бап. Осы заңда пайдаланатын негізгі ұғымдар.

Осы заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

  1. Тұзды йодтау - тұзды йод қосындыларымен байытудың өндірістік процесі;
  2. Йод тапшылығы аурулары -ағзаға йодтың жеткіліксіз түсуіне байланысты қалқанша без фунукциясының бұзылуынан блоатын адам ағзасының жай күйі;
  3. Жемдік тұз -мал шаруашылығында малдың азығына минералдық қоспа ретінде пайдаланылатын тұз ;
  4. Ас тұзы - тағамдық мақсатқа арналған тұз ;
  5. Йод тапшылығы ауруларының алдын алу -йод тапшылығы ауруларынан сақтандыруға бағытталған іс -шаралар жүйесі ;
  6. Уәкілетті орган -Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығын қорғау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органы ;
  7. Жалған ас тұзы - татымы әдейі өзгертілген не сапасы туралы ақпарат дұрыс емес және жергілікті емес ас тұзы ;

2. 2. Зерттеу бөлімі

2. 2. 1. Кәрікен тұзды кен орны.

Кәрікен Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданындағы ағынсыз көл. Қаратау аулынан 60 км жердегі алқапта орналасқан. Кәрікеннің көлемі ұзындығы - 2, 5 км, ені -1, 5 км, тереңдігі - 1, 8 метр шамасында. Жауын-шашын суымен қоректенеді. Жағалаулық балшығы емге қолданылады және тұзын өңдеуге болады. Ал құрылысына келсек, суы ішуге жарамсыз, минералдығына қарай кермек (тұздылығына қарай 24, 7-тен кем) және тұзды (24, 7-тен жоғары) болады. Суының химиялық құрамын зерттегенде элементтер мөлшеріне қарай корбонатты ( тұзға қаныққан қабатында НCO CОжәне Nа иондарының мөлшері тұрақты) сулфатты ( тым тұзды, аниондар құрамындаSOбасым жәнеNa, Cl иондары басымырақ келген) . Бұл Кәрікен тұзды кенінің балшығы ревматизмдік полиатритті, полиневритті, невралгияны т. б. ауруларды емдегенде жақсы нәтиже беретіні анықталды.

2. 2. 2. Күнделікті тұз құрамындағы иондар мөлшері.

Негізінен тұз құрамы натрий NaCl -дан тұрады . Химиялық натрийлер қосындысы NaCl ас тұзы минералогия ғылымында Галит деп атайды. Минералдар көбінесе әр заттың малекулалардың ішкі құрылысына сайма -сай оның атомдарының тұрған орындарын белгілейтін ғажап құрылыс. Сонымен астұзы Галит ішкі құрылысынасай текше кейде октаэдр пішіндес кристалдар түзеді. Тұз негізінен орта, қышқыл, негіздік, қос комплекс деп бөлінеді. Орта тұз құрамында бұл екеуінен басқа сутек NaHCO. Негіздік тұздың құрамындагидроксил ионы MgOHCl, ал қос тұзда бірнеше металл катиондары(SO), болады. Тұздың суда ерігенде металл атомдары катиондарын, қышқыл қалдығы аниондарын түзетін күрделі заттар екені анықталды. (Рай СЭС тен алынған мәліметтер)

Талданатын объект жеке зат немесе заттардың қоспасы болуы мүмкін, оның агрегаттық күйі бойынша - қатты, сұйық немесе газ тәрізді, құрылымы бойынша - біртекті немесе біртекті емес. Қатты заттар, мысалы, металдар, қорытпалар, кендер, өнеркәсіп өнімдері, сұйық заттар - сұйықтар және ерітінділер, газ тәрізді - жеке газдар немесе олардың қоспалары арқылы ұсынылуы мүмкін.

Қатты затты (құрғақ тұз) талдау үшін 0, 1-0, 2 г аз мөлшерде алынады.

Тұз кристалдарының түсі мен иісіне назар аударыңыз. Түссіз немесе ақ кристалдар түсті иондардың тұздарының жоқтығын көрсетеді (Cu2+, Ni2+, Co2+, Fe2+, Fe3+, Mn2+, CrO42-, Cr2O72-) .

Иіс әлсіз негіздердің немесе әлсіз қышқылдардың кейбір тұздарының маңызды сипаттамасы болып табылады. Мысалы, қатты (NH4) 2CO3 аммиак сияқты иіс, NaHSO3 күкірт диоксиді және т. б.

Зерттелетін үлгі фарфор ерітіндісінде ұсақталады және үш бөлікке бөлінеді: бір бөлігінде алдын ала сынақтар жүргізіледі, екіншісі жүйелі талдау үшін пайдаланылады, ал үшіншісі бақылауға қалдырылады.

Жүйелі талдаудың алдындағы алдын ала сынақтардың ішінде көбінесе жалынды бояу, қышқылдардың зерттелетін затқа әсері, еріткіш таңдау және ерітіндінің рН анықтау болып табылады.

Жалынды бояу үшін ұсақталған құрғақ үлгіні (тары дәнінің өлшеміне жуық) таңдау жеткілікті.

Ұсақталған үлгінің екінші бөлігін дистилденген суда ерітеді, оны толық ерігенше араластыра отырып, бөліктерге қосады. Бөлме температурасында еріту баяу болса, су моншасында қыздырыңыз. Кейбір тұздардың (Al3+, Fe3+, Sn(IV), Cr3+ және әсіресе Sb(III) және Bi3+ гидролизі кезінде мүмкін болатын еріту кезінде бұлыңғыр ерітінді (немесе тұнба) түзілсе, ерітіндіге 1-2 тамшы қосыңыз. лайлы ерітіндінің бөлек бөлігін тұнба HNO3 ерітіндісімен лайлану толығымен ерігенше құйыңыз. Бұл ерітінді катиондық талдау үшін қолданылады. Аниондарды талдау кезінде қышқылмен енгізілген NO3- анион басқа қышқылмен қышқылдандыру нәтижесінде алынған ерітіндінің жеке бөлігінде ашылады.

Үлгі ерігеннен кейін ерітіндінің түсі белгіленеді. Жеке затты талдау кезінде сары түсті ерітіндіде Fe3+, жасыл - Ni2+, көк - Cu2+, қызғылт - Co2+ және т. б.

Сынақ ерітіндісі катионды анықтау, анионды анықтау және тексеру сынақтары үшін үш бөлікке бөлінеді. Алдымен катион, содан кейін анион ашылады. Катионды анықтау үшін алдымен оның топтық тиістілігі белгіленеді, ол үшін топтық реагенттермен сынақтар жүргізіледі.

Дәмін анықтау.

5%-ті судағы ерітінде тұз дәмі анықталды. Ерітінді үшін 15 -25 градус ГОСТ 6709-72 дистилденген суқолданылады.

Ылғалдығын анықтау.

10 грамм тұзды алып анамитикалық таразда тарту керек. Арнаулы шкафта 140-150 градус тұрақты массасына келгенге дейін қыздырады. Шкафқа салғанан кейін 1сағаттан кейін таразға тартамыз. Ол тұрақты массасы 0, 001 болу керек.

Суда ерімейтін заттарды алу.

Тұзды алып суда ерімейтін заттарды алу үшін 100грамм тұзды алып еземіз. Оны сосын қасықпен араластырамыз, ұнтақты алып оны тордан өткіземіз,

Тордың тесігі 0, 3мм. Егер торда ұнтақтары қалып қалса, оны қайтадан тордан өткіземіз. Тұздың 1грамында 100 мыңға дейін микроб болады. Тұздың құрамында кейбір микро ағзалар тұзды қатты консентрлегенде дамиды және де тұздың қалпындада микро ағзалар дамиды. Микро ағзалар даму үшін 10 -12% тұз қажет етеді.

Тұздың қалыптасқан түрлері

Шөрек деп бір жылғы циклдің тұнбасын айтады. Ол құрамына сай галит, гидрогалит, миробалит, эпсолит тұнбаларына жіктеледі. Жыл ішінде жауын -шашынға байланысты шөрек түгелдей, болмаса жартылай да қайтадан ерітіндіге айналуы мүмкін. Қара тікен тұз (гранатка) көл түбіндегі құмдақ саз арасында қалып тасып өскен, сорайған, , тікен,, аты осыдан. Тіс пішіндес кристалдардан тұрады. , , Қара,, аталуы лай қсындыларынан күрегендіктен.

Шөрек 1м -2см

Қара тұз 0, 1 -3, 2м

Түпкі тұз ( ас тұзы) 0, 0 -2, 1м

Балшық 0, 0 -1, 5м

Ал енді осы Кәрікен тұзды кенінде кездесетін элементтер - ас тұзы, ашутас, тазаланған сор туралы айтайық.

2. 2. 3. . Кәрікенде кездесетін элементтер ас тұзы, ашутас, тазаланған сор. Басты ем болатын аурулары және пайдалануы.

  1. Ас тұзы ( Na, Cl) .

Ақ түсті кристалл зат, суда ериді, адам денесінде қажетті мөлшерден кем болмау керек. Кеннен алынады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан жеріндегі тұзды көлдер
Тұздың құпиясы
Тұздың денсаулыққа зияны
Тұздың адам өмірінде алатын орны
Натрий хлоридінен ( ас тұзынан) улану
Тұздың тарихы
Бидайдың сапасын зерттеу
Арал экологиясының ахуалы
Орталық қазақтанның аумағындағы көл қазаншұңқырларының түзілу жолдары
Облыс жерінде қар жамылғысы тұрақсыз
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz