Алоэның емдік қасиеттеріне шолу



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Мектеп атауы

Тақырыбы:
Мектеп:
Секция:
Жетекші:
Оқушының аты-жөні:

Астана, 2023 жыл

Мазмұны
Кіріспе
1 Алоэ өсімдігінің сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4-5
Алоэ өсімдігінің құрылысы және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... .5-7
Негізгі бөлім
Алоэның емдік қасиеттеріне шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8-13
Алоэмен эксперименттер ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13-15
Қортынды

Аннотация
Алоэның емдік қасиеттері тақырыбындағы ғылыми жобадан алоэның өсу ортасы мен түрлерін, оның құрамы мен адамға тигізер пайдасын оқи алатын боласыздар. Сонымен қатар тәжірибие барысында анықтаған көптеген емдік қасиеттерімен танысып, оны үй жағдайында қолдануға және оны әрі қарай пайдалануға ұсына аласыздар.
Еліміздің ертеңі, білімді жастардың қолында болса, олардың денсаулығы басты орында болмақ. Сондықтан қазақ жерінде қаншама емдік қасиеті бар өсімдіктер мен шипалы гүлдер жетерлік. Алайда, біздің еліміздің бірқатар өңірлерінде бөлме өсімдігі ретінде өсірілетін алоэның адам денсаулығына тигізер пайдасы турасында айтатын боламыз. Ол әрбір адамның жасушасына қалай әсер етеді, қандай ауруларға ем екендігіне жоба барысында қанық боласыз.
Әрбір дәрілік өсімдіктің өзіне тән химиялық құрамы мен қарсы көрсетілімдері болады. Алоэныңда қарсы көрсетілімдері бар. Сондықтан жобаны оқығанда мұқият назар аударып, не үшін алоэ, қандай жағдайда адам денсаулығына зиян екендігін анықтай аласыздар.

Кіріспе
Зерттеу мақсаты - Алоэның ғалымдар зерттеулеріне сүйене отырып, оның құрамын анықтау және емдік қасиеттеріне толық тоқталып, тәжірибие арқылы жүзеге асыру.
Зерттеу обьектісі - емдік қасиеті бар өсімдіктерді анықтау мақсатында жүзеге асырған ғылым саласында дәлелдеп, арнайы емге қолдану.
Зерттеу кезеңдері - жыл уақыт аралығында зерттеу жүргізіліп, теориялық түрде жиналған ақпараттарды.
Зерттеу жаңалығы - олардың көпшілік біле бермейтін түрлерімен таныстыру, ақпараттандыру және оны өсіруді, дәрілік және емдік қасиеттерін толық жүйелі зерттеулер нәтижесінде қолға алу.
Зерттеудің өзектілігі:
Алоэның емдік қасиеттерін тереңінен зерттеп, оны әрі қарай экспериментте қолданып көру. Әрі қарай сол арқылы биік белестерге қол созу.
Зерттеу міндеттері:
- Дертке дауа болған алоэ турасында деректерді жинау, жобаны қорғау
- Алоэның адам ағщасына қаншалықты пайдалы екендігін нақтылау
- Емдік қасиетіне тоқталып, тәжірибие жүзінде дәлелдеу
Зерттеудің нысаны:
Алоэ гүлі мен оның жапырақтары, шырыны мен тұнбасы
Зерттеу әдістері:
Жұмысты жазу барысында деректерді жинау, олардың жазу, соған сәйкес тәжірибие жасау жұмыстары жүргізілді. Мектеп оқушылары арасында сауалнама жүргізіліп, нәтижесі көрсетілді.
Бізді қоршаған ортаның, әрбір жаратылыстың өзіне тән тіршілік ету дағдысы бар. Ал оны танып, ғылымға енгізу барысында ғалымдар көптеген зерттеулер жүргізіп жаңалықтар ашқан. Адам ағзасына және оның өмір сүру дағдысына қажетті жануарлар мен өсімдіктер жүйесін зерттеу мақсатында денсаулыққа пайдалы болатын гүлдерді, емдік шөптерді анықтап, оны өмірде қолдана бастаған.
Қазақ халқы ерте заманнан-ақ дәрі-дәрмексіз көптеген ауруларға шипа таба білген. Адамның өмір сүруіне қажетті тағамдар мен витаминдерді төрт түліктен алатын болса, ауырғанды басуға, оны жазу барысында табиғат берген мыйлар өсімдіктер арқылы жазатын болған. Мәселен, дәрі шөптен шығатынын ежелден біліп, соны өз өмірлерінде қолдана алған.Бұл турасында қазіргі таңда елге танылып, өзінің дәрілік шөптер арқылы дәрі жасап және инемен ем жүргізіп жүрген Жасан Зекейұлыны Дәрі шөптен шығады деп аталатын мақаласында мынадай тұжырымдар келтірген.
Жиде - ағаш тектес, күзде жапырақ төгетін өсімдік. Жинау және өңдеу қажет. Бұл өсімдіктің жемісі, тамыр қабығы дәрі болып табылады. Жемісін піскен сәтте жинап алып, кептіру қажет. Тамыр қабығын әр мезгілде жинаған жөн.
Ем болатын аурулары:
Дене қуатын арттырады, жүйкені тыныштандырады, асқазанды, іш өткені тоқтатады, несеп айдауға көмегі зор. Осындай ақпараттарды кезіктіру болады. Соның ішінде қазіргі таңда зерттеліп, медицинада пайдаланып жүрген алоэ өсімдігінің адам ағзасына пайдасы зор. Қазақ халқы да орыс тіліндегі және өзге шығыс ғалымдарының емдерін оқып, оны халықтық еммен ұштастыра алған. Соның бірі алоэ өсімдігі. Ал осы жоба барысында алоэның құрамы, өсу ортасы, оның түрлері, емдік қасиеттері турасында тоқталатын боламын.
Қазақ даласында 600-ға жуық өсімдік өсіп, оның 500 түрінен дәрілік заттар жасауға қолданылады. Сондықтан біздің елімізде дәрі жасау және оның адам ағзасына зиянсыз ету басты назарда ұстанғандығы анық. Дүниежүзіндегі дәрілердің 40 проценті шөптер мен өсімдіктерден жасалады. Солардың бірі алоэ өсімдігі болмақ. Ол негізінен біздің елімізде үйдегі өсірілетін өсімдіктер санатында болса, негізінен далалық ойпаттарда өсетіндігі анықталған.
Алоэ - Африка контингентінде таралған, бірақ тропикалық аймақтарда да тіршілік етеді. Ол шырынды жасыл бұтақтардың ұштарында майлы жапырақтарының шоғырын алып жүретін жоғары жағы тармақталған, көбіне ағаш тәрізді өсетін өсімдіктің түрі. Төменгі жағында діңдер көбінесе ағаштанған және үлкен бұтақтар бар және қоңыр қабығымен жабылған. Алоэның негізгі 240 түрі бар. Бұл жуық көрсеткіш болып табылады. Ғылымдағы зерттеулер мен толықтырулар жыл сайын енгізіліп келеді.Оның гүлдеуі өте сирек. Біздің елімізде қазіргі таңда ағаш тәріздес түрі өсіріледі. Гүлдеген сәті қыс айларында кездесіп отырады, алайда жыл сайын гүлдемейді. Қытай Халық Республикасында веналық ауруларды емдеуге пайдалануда. Ал Америка Құрама Штаттары мақұлдағандай, оны көбінесе адамға суық тиген кезде қолдану қажет. Сонымен қатар негізі жапырағы мен одан бөлінетін сөлін алып қолданады. Мәселен, тұмау, жара емдеуге, күйікті тез жазып алу үшін жиі қолданады. Сонымен қатар адам миының дамуына, әсіресе үлкен мидың жұмысындағы тітіркену мен тежегішті реттеп, жұмыс істеу қабілетін жоғарлайды.
Алоэның химиялық құрамын қандай?
Әр өсімдіктің, гүлдің химиялық құрамы болады. Ал алоэның да өзәне тән химиялық құрамын талдау жасалған зерттеулерге көз жүгіртсек.

Антрагликозид-алоин бар
Алоэ-эмодин - 1,66
Алоэзин - 25
Натолин
Геманатолин
Ребарберон
Шайырлы қоспа
Эфир майы
Ферменттер, микроэлементтер, фитонцидтер

Сонымен қатар ең құндысы 22 амин қышқылының 20-сы адам организмінде кездеседі. Ғалымдардың толық әрі нақты зерттеуінің нәтижесінде алоэның құрамынан сирек кездесетін күрделі көмірсудің түрі - ацеманнанды тапты. Бұл тұмау, қызылша және кейінгі уақытта өршіп тұрған ісік ауруларын емдеуде кеңінен қолданады. Тіпті кейінгі уақыттарда СПИДпен ауратын науқастарға, осы көмірсу қажет екені дәлелденген.
Алоэны үй және дәрілік өнім ретінде қалай қолдануға болады?
Бұл сұрақтың туындайтыны заң. Соныдықтан барлық бөліктерін және өз бетінше пайдалуға болмайды. Өйткені арнайы зерттеумен, дәрігердің кеңесі арқылы жүзеге асыру тиіс. Жапырақ бөлігіндегі сөлді алып, оны пайдалу қажет.
Негізгі бөлім:
Қазіргі кезде сирек кездесетін өсімдіктер санатына жататын алоэның бірнеше түрлері бар екенін растаған болатынбыз. Оның қолданыстағы түрлерін сіздерге нақытылай кетсек.
Алоэ дудниковое - шағын және ылғалды жерлерде тіршілік етеді. Трансвалдағы Саутнсбергтің солтүстік беткейінде және Крюгер ұлттық паркінде бұталар арасында өседі. Қарапайым ғана және тармақталған діңі бар. Биіктігі 4 метрге дейін жететін өсімдіктің жапырақтары тығыз розеткалы, тар, алдымен сыртқа жайылып өседі. Гүлдеген сәтте сары немесе жасыл-сары болып ашылады. Өсуі өте сәнді.
Алоэ ағашы - биіктігі 3,3 м-ден аспайтын әдемі бұтақты өсімдік. Сабағы түптен тармақталып, олардың әрқайсысы жапырақтардың розеткасымен аяқталады. Жапырақтары ұзын, біршама етті, жасыл немесе сұр жасыл, жиектері тістеліп өседі. Гүлшоғыры әдетте бұтасыз болады. Гүлдері қызыл, цилиндр тәрізді, гүлдің сабын толық жауып тұрады. Жапырақтың целлюзасы дәрі ретінде қолданылады. Оңтүстік Африкада кездесіп, Свазиленд, Мозамбике, Родезии және Малави аймақтарында өседі. Биіктікте және тау шыңдарында өседі. Кеңінен таралып, сол аймақтарда өз деңгейінде өседі.
Алоэ Байнези - ағаш тәріздес алоэның ең үлкен және биік түрі: биіктігі 18,2 м-ге дейін, діңінің диаметрі 1,8 м-ге дейін таралған. Діңі де, гүлі де дихотомиялық түрліше тармақталады. Үштік цилиндр пішінді жарғақшалары бар. Гүлдерінің түрі қызғылт түсті, ұштары жасыл, сирек сарғыш. Сәндік өсімдік ретінде бақшалардағы беткейлердегі тығыз, бұталы тоғайлар мен ормандарда өседі.
Алоэ каштаны - діңі қалың бұтақты, биіктігі 4,5 м-ге жететін ағаш өсімдігі. Жапырақтары жоғарыдан ойық, екі жағында көкшіл немесе сұр-жасыл, жиектері қызыл тістері бар. Гүлшоғыры қарапайым - жұқа цилиндр пішінді ракемалар. Гүлдері қоңырау тәрізді, қызғылт. Африканың орманды беткейлерінде өседі.
Алоэ волокнистое - қолөнер сабақтары мен бұтақтары ұзындығы мен қалыңдығы 2,5 м-ге дейін жететін эпикоидты өсімдік. Жапырақтары күн тәріздес. Артқы тұстары ашық жасыл, күндіз қоңырға айналады. Содан кейін басқа гүл тұқымдастарына қарағанда дақты болады. Гүлшоғыры қарапайым болып келеді. Ол Кенияның құмды аймақтарында өседі.
Алоэ прибрежное - ұзындығы 3 метр биіктікке жетеді. Діңі қалың, айнала қураған жапырақтарымен қоршалған, кейде өсімдік сабақсыз болып көрінеді. Жапырақтары үшкір, сұр немесе көкшіл жасыл, Гүлдері қылшықта жиналады. Қатты тармақталып гүінің түсі қызғылт болып келеді. Бұталы аймақтарда Оңтүстік Африкада өседі.
Алоэ Марлоти - Сабағы ең танымал алоэның түрі. Ұзындығы 4-6 метр аралығында өседі. Нәзік жіне етті жапырақтары тығыз орналасып, үстіңгі беті ойық сұр,жасыл түстерге боялады. Екі жағында шашыраңқы қызыл-қоңыр үшкір тікенектер, жиектерінде қызыл-қоңыр тістері бар. Бұл түрінің гүлшоғыры өзгелерііне қарағанла өгеше болып келеді. Көлденеңнен жапырақ ішіндегі сөлдерінің орналуы тармақталып, адамның қолдануына, яғни жинап алуына өте ыңғайлы. Тауда өсетін алоэ өсімдігі Трансваалда, Свазилендте, Солтүстік Наталда кең таралған.
Алоэ Вера - 80 - 150 см ұзындықта өседі. Тұғыры 50-60 см биіктікте, ал жапырақтары қатты және сопақша түрінде кездеседі. Бұтақтарының жоғары жағында орналасқан гүлдері бар. Гүлдерінің түсі ашық қызыл немесе қызғылт, сирек сары. Оңтүстік Африканың жоталы аймақтарында тіршілік етіп, өседі.
Алоэ сидячецьетное - өсімдік қарапайым түрінде және өзгеше болып көріне бермейді. Жапырақтары тығыз, жасыл және қызғылт гүлдері бар. Жартасты тау беткейлерінде өседі. Гүлшоғыры бұтақсыз, 1-5 ұзын цилиндр тәріздес.
Жоғарыда аталған алоэның түрлері өте сирек кездесетін және дәрілік шөп ретінде пайдалануға болатын түрлері. Байқап отырғандарыңыздай көпшілігі Африка мемлекетінде тіршілік етеді.
Біз дәрілік және оны үй жағдайында, косметалогияда пайдалану үшін қандай бөліктерін қолданамыз?
Қолданылу бөлігіне жапырақтары және соның ішіндегі сөлі жатады. Жапырағын кесерден бұрын 2 апта бұрын су құйып, баптамау қажет. Емдік мақсатқа пайдалану үшін 3-5 жыл аралығын қөсіп, жетілген алоэ өсімдігі жарамды болып саналады. Көбісі алоэны улы өсімдіктер қатарына жатып, уланып қалу мүмкіндігі барма деген ойға оралады. Сондықтан бұл зерттеу барысында алоэ ешқандай улы өсімдіктер тізіміне жатпайтындығын және кермек дәмі бар. Дегенмен медицина саласындағы ғалымдардың зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, мынадай қарсы көрсетілімдері бар.
Өт жолдары ауруы
Бүйрек және бауыр ауруларында
Гипертония
Гемморой
Жүктілік мерзімінде
Қолдану үшін дәрігердің кеңесіне толық жүгінген жөн болмақ.
Алоэ - ерекше дәрілік өсімдік. Оның сөлінің 97 пайызы судан тұрады. Ең ежелгі заманда Мысыр елінде сок дайындап, өздерінің ауруларына ішкізіп, жазып алған деректер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бөлме өсімдіктерінің дәрілік қасиеттерін тану, ажырата білу, олардың емдік қасиеттерін анықтау
Алоэ өсімдігінің ерекшеліктері және емдік қасиеттері
Халық қоспасы
Суккулентті бөлме өсімдіктерін өсіру
Дәрілік өсімдіктерді жинау
Дәрілік өсімдіктерді жинау мерзімдері
Үй өсімдіктерінің биологиялық ерекшеліктері
Арша жемісі
“ШҚО 2005-2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау” өңірлік экологиялық бағдарламасы
Экстрактілер
Пәндер