Апоптоздың даму кезеңдері


《Қарағанды медицина универцитет》ҚеАҚ
Мифология және физиология кафедрасы
Реферат
Тақырыбы:жасушаның реактивтілігі, физиологиялық қалпына келуінің түрлері. Жасушаның қартаюы.
Тобы: 1-009 Ом
Тапсырған: Абдураззаков М. Ш.
Қабылдаған: Тулеова Г. Қ.
Қарағанды 2023 жыл
Жоспар:
- Кіріспе
- ЖАСУША
- Негізгі бөлім
- Жасушаның реактивтілігі
- Жасушаның қартаюы
- Қалпына келуі
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер.
Жасуша - тірі организмдердің (вирустардан басқа) құрылымының ең қарапайым бөлігі, құрылысы мен тіршілігінің негізі; жеке тіршілік ете алатын қарапайым тірі жүйе. Жасуша өз алдына жеке организм ретінде (бактерияда, қарапайымдарда, кейбір балдырлар мен саңырауқұлақтарда) немесе көп жасушалы жануарлар, өсімдіктер және саңырауқұлақтардың тіндері мен ұлпаларының құрамында кездеседі. Тек вирустардың тіршілігі жасушасыз формада өтеді.
«Жасуша» терминін ғылымға 1665 жылы ағылшын жаратылыстанушысы Р. Гук (1635 - 1703) енгізген. Тіршілікті Жасуша тұрғысынан зерттеу - қазіргі заманғы биологиялық зерттеулердің негізі.
Жасушаның диаметрі 0, 1 - 0, 25 мкм-ден (кейбір бактерияларда) 155 мм-ге (түйеқұстың жұмыртқасы) дейін жетеді. Көпшілік эукариотты организмдер Жасушасының диаметрі 10 - 100 мкм шамасында. Жаңа туған жас сәбилерде - 2×1012 Жасуша, ал ересек адамның организмінде - 1014 Жасуша болса, организмнің кейбір тіндерінде Жасуша саны өмір бойына тұрақты болады. Жасушаның тірі заты - протоплазма. Ол биол. мембраналармен (жарғақтармен) шектелген биополимерлердің тәртіптелген құрылымдық жүйелері - цитоплазма және ядродан тұрады.
Жасуша ядросының құрамындағы әмбебап органоидты хромосома, ал цитоплазма құрамындағыларды -
- рибосома,
- митохондрия,
- эндоплазмалық тор,
- Гольджи кешені,
- лизосома,
- клеткалық мембрана деп атайды.
Рибосома Жасушадағы ақуыздың түзілуін қамтамасыз етеді, ақуыз синтезі орт. деп қаралады. Оның диаметрі 20 - 25 нм. Рибосома цитоплазмада бос күйінде де, жалғасқан түрде де, сондай-ақ барлық тірі организмдердің Жасушасында кездеседі.
Цитоплазма - ядроны қоршап жатқан Жасуша бөлігі. Оның құрамындағы химиялық макро және микроэлементтерден күрделі органикалық қосылыстар (ақуыздар, көмірсулар, липидтер, нуклеин қышқылдары, гормондар, ферменттер, витаминдер, тағы басқа) және минералдық заттар түзіледі. Митохондрия - Жасушаның тыныс алу процесін қамтамасыз ететін органоид.
Митохондрияның ұзындығы 10 мкм-дей, диаметрі 0, 2 - 1 мкм, саны 1-ден 100 мыңға дейін болады. Жасушадағы негізгі энергия тасушы зат - аденозин үш фосфор қышқылы. Бактерия, көк-жасыл балдырлар, т. б. тыныс алу процесін Жасуша мембранасы атқаратын организмдерде митохондрия болмайды.
Ядро - организмдегі ақуыздық алмасуды реттеу арқылы тұқым қуалаушылық қасиеттерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін жасушаның негізгі бөлігі.
Эндоплазмалық тор - цитоплазмадағы көпіршіктердің, жалпақ қапшықтардың және түтікше құрылымдардың торлы жүйесі. Бұл әртүрлі иондарды, қоректік заттарды тасымалдайды, липидтер мен көмірсулардың (полисахаридтер) алмасуына және улы заттарды залалсыздандыруға қатысады.
Гольджи кешені - бір-бірімен қабаттаса тығыз орналасқан жалпақ жарғақты 5 - 10 «цистернадан» және олардың шетіндегі ұсақ көпіршіктерден құралған органоид. Мұнда өндірілген өнімдер жинақталып, пісіп жетіліп, сыртқа шығарылады, Жасуша лизосомаларының түзілуіне қатысады.
Лизосома - қабырғасы мембранамен шектелген, қуысында ас қорыту ферменттері (протеиназа, нуклеаза, глюкозида, фосфатаза, липаза, тағы басқа) бар ұсақ көпіршіктер. Көпіршіктердің диаметрі 0, 2 - 0, 8 мкм. Лизосома ферменттерінің (20-дан астам) көмегімен Жасуша ішіндегі ас қорытуға және Жасуша құрамындағы жарамсыз құрылымдарды ыдыратуға қатысады.
Жасушалық мембрана - Жасуша цитоплазмасын сыртқы ортадан немесе Жасуша қабықшасынан (өсімдіктерде) бөліп тұратын Жасуша органоиды. Оның қалыңдығы 7 - 10 нм. Негізінен Жасуша мен оны қоршаған сыртқы орта арасындағы метаболизмге (зат алмасуға) қатысады, сондай-ақ, Жасушаның қозғалуы мен бір-біріне жалғануында үлкен рөл атқарады. Жасушаның жалпы құрылысы жануарларға да, өсімдіктерге де тән. Бірақ өсімдік Жасушасының құрылымы мен метаболизмінде жануарлар Жасушасына қарағанда біраз айырмашылық бар. Өсімдіктер Жасушасының біріншілік плазмолеммасы күрделі полисахарид негізінде (матрикс) орналасқан целлюлозды микрожіпшелерден құралған. Микрожіпшелер өсімдік Жасушасы қабырғасының тіректік қаңқасын түзеді. Көп өсімдіктер беріктік қасиет беретін - екіншілік Жасуша қабықшасын (целлюлозадан) түзеді. Өсімдік Жасушаның целлюлоза талшықтары күрделі полимерлі зат - лигнинді сіңіріп, қатаяды да Жасуша қабықшасы беріктенеді. Өсімдік Жасушасының цитоплазмасында арнайы органоид-пластидтер - хлоропласт, хромопласт, лейкопласт бар.
жасыл балдырлар, т. б. тыныс алу процесін Жасуша мембранасы атқаратын организмдерде митохондрия болмайды.
Апоптоз деген термин грекше - «жапырақтың түсуі» деген мағына береді.
Апоптоз - бұл генетикалы бағдарланған, энергияны қолданумен өтетін, клетка өлімінің белсенді процесі. Бұл клеткалы өлімнің ерекше түрі.
Табиғат клетканы қорғау мен репарация механизмдерімен ғана емес, сонымен бірге өзін-өзі өлтіру немесе суицида механизмімен де қамдандырды.
Клетканың ескіруі катабиозға («ката» -төмен, «био»- өмір) және клетканың өліміне алып келеді. Клетка өлімі - бұл тіршілік әрекеті құбылысының жаңадан кері айналмайтын өсуге, көбеюге қабылетін жоғалтқан тоқтауы.
Жасуша тіршілігінің жойылуы:
Жасушаның тіршілігіне организмдегі тотығу, тотықсыздану және зат алмасу процестерінің әсері;
Жасуша сыртқы орта факторлары әсерінен өз қызметін атқара алмаса немесе организмге зиян келтірсе;
Жасуша өз функцияларын орындап, организмге қажетсіз болғанда;
Жасуша қартайып өз қызметтерін орындай алмаған жағдайда.
Некроз - (грекше nekros-өлген) деп, тірі организмде жасушаның, тіннің немесе ағзаның бір бөлігінің бүтіндей өлуін айтады. Демек некроз тірі организмде болатын жергілікті өлім.
Некроз бұл қалыпты жағдайда да ұдайы болып тұратын құбылыс. Тері эпидермисі, асқазан-ішек шырышты қабатының жасушалары, қан элементтері және т. б әрдайым өліп, жаңа жасушаларымен алмасып отырады (регенерация) . Ағзалар негізін құраушы жасушалар бірнеше сағаттан бірнеше жылдарға дейін өмір сүріп, кейін өз тіршілігін жояды. Бұл физиологиялық өлім. Егер жасушаның өлімі әр түрлі зақымдаушы әсерлер нәтижесінде болса оны патологиялық өлім дейді. Некроз өте күрделі үрдіс, бірнеше сатылардан тұрады. Жасуша өлместен бұрын оның морфологиялық құрылысында көптеген өзгерістер болады. Егер осы кезеңде зақымдаушы себептер жойылса, жасуша өзінің әуелгі қалпына келе алады, сол үшін бұл үрдістердің морфогенезін мұқият зерттеу және түсіне білу қажет. Қазіргі кезде некроз дамуының мына сатыларын ажыратады:
- Некроз алды кезеңі (паранекроз) - бұған жасушалардағы ауыр дистрофиялық, бірақ қайтымды өзгерістер кіреді;
- Өлуалды кезеңінде (некробиоз) жасушада қайтымсыз өзгерістер пайда болады;
- Өлу кезеңі (некроз, некрофанероз) жасуша тірлігінің бүтіндей жойылуымен сипатталады;
- Өлгеннен кейінгі өзгерістерге (некролиз, аутолиз) - осы өлген жасушаның тін ферменттері әсерінде ыдырап, организмнен шығарылуы немесе олардың сау тіндерден шекаралануы кіреді.
Кейінгі кездері некроз түсінігімен бір қатарда «апоптоз» деген термин пайда болды. Оның некроздан айырмашылығы - ол негізінен жасушалардың зақымдануына, әсіресе олар ДНҚ-дағы өзгерістерге байланысты дамитын өзін-өзі өлтіру үдерісі. Сонымен апоптоз организмнің гендік қасиеттері өзгерген жасушалардан тазарудың физиологиялық механизмі. Апоптоздың алғашқы кезеңінде хроматинде маргинация, ал цитоплазма мен жасуша органоидтарында конденсация құбылыстары дамып, жасуша қалдықтары мембранамен қоршалған апоптоздық денешіктерге айналады. Апоптоз аймағында экссудативті қабыну болмайды.
Апоптоз - дегеніміз «қоңыр күз» деген мағынаны білдіреді. Апоптоз бағдарламасы келесі жағдайларда жіберілуі мүмкін:
- Клетканың халі нашарлағанда, немесе -«іштей апоптоз»;
- «Негативті сигнализация» сырттан, ол клетка рецепторлары арқылы беріледі, немесе -«апоптоз-команда бойынша».
Іштей апоптоз кезінде -келесі механизмді жіберу мүмкін:
1. Хромосоманың әртүрлі зақымданулары (ДНҚ- үзілулері, ДНҚ- шыншырының тігілуі) ;
2. Липидтердің асқын тотығуы (ПОЛ) нәтижесінде, мембрананың клеткаішілік зақымдануы.
Бұл зақымданулар сыртқы факторлардан пайда болады: сәулелену, температураның өзгеруімен, химиялық қосылыстармен, азот оксидімен, радикалдармен. Осындай бұзылыстарды стресстер, клетка қоректенуінің бұзылысы жылдамдатуы мүмкін (мысалы: жас үлкейген сайын бас миында нейрондар азаяды) .
Апоптоз - мұндай жағдайда Паркинсон ауруын туғызады. Сонымен, апоптоз дефекті клеткаларды жоюға бағытталған.
Апоптоз «команда» бойынша -
1. Бұндай апоптоз онтогенезбен байланысты:
- 1- жәндіктердің метаморфоз кезіндегі қуыршақ клеткасының жойылуы;
- 2- эмбриогенездегі хорданың (омыртқа) басталуы;
- 3- уылдырық шашқаннан кейінгі горбуша балығы мүшелерінің жылдам инволюциясы, өліммен аяқталады.
2. Иммунды жүйелердің пайда болуы және жұмыс істеуі.
3. Барлық қатардағы лимфоидты қан түзуші клеткалардың дамуы. Мұндай клетканың дамуы үшін кейбір цитокиндер қажет болады.
4. Әйелдердің репродуктивті жүйесінде:
- клеткалардың жойылуы (ооциттер, фолликулярлық клеткалар) ;
- сары дененің жойылуы;
- лактация тоқтағаннан кейінгі сүт безі лактоциттердің жойылуы.
Апоптоздың және некроздың морфологиясы.
Апоптоздың даму кезеңдері.
1. Хроматин конденсациясы және клеткалардың сығылысуы (цитоплазма конденсациясы салдарынан) . Хроматин ядроның шетінде тығыз гомогенді масса түрінде орналасады.
Цитоплазма көлемі азаяды, клетка өз түрін өзгертеді.
2. Ядро мен цитоплазма фрагментациясы(үзіктері), апоптозды денешіктің пайда
болуы, ядро ядро қабықшасымен қоршалған және тығыз хроматин массадын тұратын фрагменттерге ыдырайды.
Клеткада терең өсінділер болады, қалақтар пайда болады, олар біртіндеп үзіледі және оларды апоптозды денелер деп атайды. Оларда ядролы фрагменттер немесе цитоплазма бөліктері болуы мүмкін.
- Апоптоздық денешіктерді қоршайтын клеткалар фагоцитозы.
Апоптоздық денешіктерді фагоцитоздауға фагоциттер ғана емес, және де қоршайтын барлық клеткалар да қабылетті. Клеткалар апоптозды денені плазмолеммалар үстінің өзгеруі бойынша тани алады.
Сонымен жасушаның физиологиялық жағдайда өлуінің де, патологияға байланысты өлуінің де механизмдері бір деуге болады.
Өлген тіндер, ағзалар әдетте ақшыл-сары (жүрек, көкбауыр, бүйректер) немесе қоңыр-қара (тері, ішек) түрге кіреді.
Некроздың себептері өте көп және сан алуан. Олардың бәрін экзогендік және эндогендік себептер деп екіге бөлуге болады. Экзогендік себептерге: физикалық әсерлерді: жарақаттар, өте жоғары немесе өте төмен температура, радиация, электр тогы; химиялық заттарды: күшті қышқылдар мен сілтілердің әсерлерін; биологиялық әсерлерді: микробтар, вирустар, саңырауқұлақтар және олардың улары; нерв жүйесіндегі өзгерістерді: қан айналуының бұзылуына кіретін тромбоз, эмболия, спазмды кіргізуге болады. Эндогендік факторлардың әсер ету нәтижесінде пайда болған некроздарға: иммундық реактивтіліктің өзгеруіне, антиген және антидене реакцияларының нәтижесінде, иммундық кешендер әсерінде пайда болатын некроздарды жатқызуға болады.
Бұл айтылған себептердің кейбіреулері өзінің тікелей әсері нәтижесінде, ал басқалары қан тамырларындағы немесе нерв жүйесіндегі өзгерістер арқылы некрозға себеп болады. Осыған байланысты некроздың екі түрін: тура және жанама некрозды ажыратады.
Айтылған физикалық, химиялық, биологиялық факторлар тура некроздың себебі болса, жанама некрозға қан тамырлары тығындалып қалғанда немесе спазм нәтижесінде дамитын некроздар және нерв жүйесінің зақымдануына байланысты туындайтын трофоневроздық некроздар кіреді.
Некроздану үрдісі жасуша лизосомасының құрамындағы гидролиздеуші ферменттер әсерінде немесе некроз ошағына жиналған лейкоциттер ферменттерінің әсерінде жүреді.
Даму механизмдеріне қарап некроздың:
- Жарақаттық
- Токсиндік
- Нейрогендік
- Аллергиялық
- Қантамырлық түрлерін ажыратамыз.
Жарақаттық некроз оны тудырушы себептердің тіндерге тікелей әсерінен дамиды.
Токсиндік некроз тіндерге әр түрлі улы заттар әсерінде дамиды.
Оларға бактнриялардың улары, химиялық заттардың тікелей әсері кіреді.
Нейрогендік некроз орталық немесе шеткі нервтер зақымданғанда дамиды.
Аллергиялық некроз организмнің әр түрлі әсерлерге сезімталдығы артып кеткенде байқалады.
Қан тамырлық некроз ағзалардың қанмен қамтамасыз етілуі бұзылғанда кездеседі. Оған қан тамырларының эмболиясы нәтижесінде дамитын жүрек инфаркты, ішек гангренасы мысал бола алады.
Морфологиялық өзгешеліктеріне қарай некроздың екі түрін ажыратамыз:
- Коагуляциялық
- Колликвациялық
Коагуляциялық (құрғақ) некроз белокқа бай, бірақ құрамында су көп болмайтын ағзаларды: жүректе, көлденең жолақты бұлшықетте, бауырда, бүйректерде, көкбауырда дамиды. Некроз болған аймақта белоктар ұйып қалып, тін сусызданып, тығыздалып қалады. Коагуляцияланған тін гидролиздеуші ферменттер әсеріне төзімді болады, оның бір себебі нероз болған жерге кальцидің жиналып қалуы, осыған байланысты дамыған жасушаішілік ацидоз денатурация үрдісін күшейтетіні белгілі.
Колликвациялық (ылғалды) некроз құрамында су мол ағзаларда, мысалы, мида кездеседі. Зақымданған тін өзіне суда сіңіріп жұмсайды, сұйылады, ботқаға ұқсаған затқа айналады. Кейінірек ол жерде киста пайда болады.
Жасушаның қалпына келуі
Жасушаның бөлінуі екі кезеңнен тұрады, оның бөлінуге дайындық кезеңі - интерфаза, ал бөліну кезеңі - митоз деп аталады. Митоздың биологиялық маңызы - хромосома санының екі еселенуі және олардың жас клеткаларға тең бөлінуі. Митоз (кариокинез)
Көп жасушалы организмдер жасушаларының көбеюінің негізгі жолы - митоз немесе жасушалардың бөлінуі болып табылады. Жасушаның тіршілігін шартты түрде екі кезеңге бөлуге болады: интерфаза - жасушаның митоздық бөлінуге дайындық кезеңі және нағыз бөліну кезеңі. Екі кезең бірігіп митоздық кезеңді құрайды. Көбеюдің негізі ДНҚ-да жазылған генетикалық ақпаратты сақтау және тасымалдау болғандықтан, митоздың ең басты сипаты - ДНҚ-ның орналасатын жері хромосомалардың күйіне байланысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz