Дене бітімі дамуының көрсеткіштері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Е А Бөкетов атындағы Қарағанды Университеті

РЕФЕРАТ
Пәні: Оқушылардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы
Тақырыбы: : Кіріспе. Балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуының жалпы заңдылықтары.

Орындаған: Омарова Ұ.
Тобы: СП-23-2(к)
Тексерген: Тебенова Қ. С.

2023
Жоспар:

I.Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
II.Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
0.1 Жасқа сай физиология және мектеп гигенасы пәні ... ... ... ... ... 4

0.2 Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасының дамуы ... ..5-6
2. Ағзаның дамуына сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6-8
2.1 Дене бітімі дамуының көрсеткіштері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8-9
2.2 Жыныстық жетілу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
3. Адам жасының кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9-11
III.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12

І. Кіріспе

Бұл тақырыптардың негізгі мақсаты - болашақ мамандарға балалар мен жас жекіншектердің өсіп дамуының ерекшеліктерін таныстыра отырып, болашақта осы мәліметтерді оқу - тәрбие жұмысында пайдалануға мүмкіндік береді.
Балалардың өсіп дауы үзіліссіз процесс болғанымен, олардың қарқыны өсу кезеңдерінде біркелкі емес. Бала организімінің өсу кезеңдеріне сәйкес ерекшеліктері болады. Осыған байланысты балалардың мінез-құлқы, дүниетанымы қалыптасады. Айтылып отырған ерекшеліктерді білу - оқу-тәрбие жұмысының күнделікті кестесін, мектеп гигиенасына қойылатын талаптардың дұрыс қалыптасуына негіз болады. Осы тақырыптарда балалардың өсу қарқыны, мүшелердің қалыптасуы сипатталады.
Жас балаларды оқытып, тәрбиелеу үшін осындай тақырыптардың қозғалғаны, қарастырылғаны өте қажет.

ІІ. Негізгі бөлім
1.1 Жасқа сай физиология және мектеп гигенасы пәні
Жаска сай физиология жөне гигиена пәні ғылымның екі саласын қамтиды: адам организмінің, жеке мүшелердің жөне мүшелер жүйелерінің қызметтерінің жас ерекшеліктерінің заңдылыктарын, даму жолдарын қарастыратын жасқа байланысты физиология және адамның денсаулығын сақтауға қажетгі жағдайларды қарастырып, анықтап, түрлі үсыныстар жасайтын гигиена ғылымдары.

Жасқа байланысты физиология мен мектеп гигиенасы -жоғары оқу орындарында жеке оқылатын пән, мұның оқытатыны балалар мен жас өспірімдердің физиологиялық ерекшеліктері, олардың жекеше дамуының қалыптасу зандылықтары және тәрбие жұмысының әсерінен пайда болатын физиологиялық функциялардың ерекшеліктері. Бүл пәнде негізгі назар мұғалімдер мен төрбиешілер еңбегіне іс жүзінде қажет болатын физиология мен гигиена ғылымдарының ілімдері мен қағидаларына аударылады. Мұндаи мәселелерге ең алдымен өсу мен даму, жоғары жүйке өрекетінің заңдылықтары жөне балалар мен жастардың жүйке жүйесінің жасына байланысты ерекшеліктері жатады.

Организмнің құрылысы мен қызметі біріне-бірі өзара өсер ететін болғандықтан, бұл оқулықта балалар мен жас өспірімдердің анатомиясының көптеген сұрақтары қамтылады.

Жасқа байланысты физиология мен гигиена - жас ұрпақтарды тәрбиелеудің, оларға жасына лайық білім берудің, ақыл-ойын дамытудың. дені сау, сымбатты, сұлу етіп өсірудің негізі.
Бүл пән мұғалімдерге психология меп педагогика пәндерінің негізін дұрыс түсінуге арқау болады, медициналық және санитариялық салауаттық мәселелерін қамтиды.

Жасқа байланысты физиология мен мектеп гигиенасының маңызы - еліміздің болашақ азаматтарын казак халқының мүддесін қорғай алатын білімді, өперлі, талапты, сұлу, еңбекқор, яғни жан-жақты дұрыс өсіп дамыған балалар мен жастар етіп тәрбиелеу мен оқыту. Сондықтан да бүл мұғалімдер мен тәрбиешілер үшін ғана емес, болашақ ата-аналар үшін де маңызы үлкен оқулық.

1.2 Жаска сай физиология мен мектеп гигиенасының дамуы

Анатомия мен физиология ғылымдары ерте заманнан бастап дамығанымен балалардың дене құрылысы мен мүшелерінің қызмет ерекшеліктерін зерттеу кейінірек басталған. Себебі, балалардың организмін зерттеу жалпы адам мен жануарлар организмін зерттеуден басталады. Ондай зерттеулер тек қана ХУIII-XIX ғасырларда ғана белгілі бір жүйеге келтірілді.

Жасқа байланысты анатомия мен физиология және балалар гигиенасы жалпы алғанда медиңиналық кажеттіліктерге байланысты дамыған. Сопдыктан да негізгі зерттеулер балалар ауруы мен олардың алдын алу мәселелерімен тығыз байланысты. Бүл тұрғыдан алғанда Н. Ф. Филатов, П. Ф. Лесгафг секілді дәрігерлердің еңбектері аса маңызды орын алады. П. Ф. Лссгафт балалардың дене қүрылысының дене шынықтыру тәрбиесіне байланыстылығын анықтап, баланың психологиясын, ақыл-ойын, ішкі сезімдерін дамытумен байланыстырады.

Алғаш рет 1939 жылы А. Н. Северцев тұжырымдаған, кейіннен П. К. Анохин дамытқан (1949) системогенез туралы ілімнің мүшелер мен мүшелер жүйелерінің гетерохронды (гетерос -әр түрлі, хронос - уақыт) түрде болу негізінің жасқа байланысты физиологияның дамуына ықпалы күшті болды. П. К. Анохиннің бұл пікірі бойынша, бала организмінің алғаш рет түрлі кезеңдерде дамуы оның құрылымдарының бір біріне уақытша байланысты өзгеруі арқылы жетілетіндігін байқатады. Функциялық жуйелердің әр уақытта пайда болуы мен әртүрлі дамуы ең алдымен дененің бейімделу қасиеттерін негіздейді. Бүлай бейімделу нәтижелері биологиялық жүйелердің қызметінің беріктігін, мықтылығын керсетеді. Ал мұның өзі онтогенездің түрлі кезендерінде көптеген жағдайлардың әсер етуінен пайда болады.

А. А. Маркосян 1969 жылы биологиялық жүйелердің бірліктігі тірі организмдердің қасиеттеріне негізделген жекеленіп дамудын жалпы заңдылығы екенін тапқан. Биологиялық жүйелердщ бірінің қызметін екіншісі жартылай болса да орындай алуы, қайталауы, мүмкіңдігінің қажеттіліктен артық болуы, оның жеке бөлімдерінің түрақты калпына тез келуін қамтамасыз етеді.

С. М. Громбахтың 1975 жылы тапқан мүшелер мен мүшелер жүйелерінің қызметі әр кезеңде белгілі бір саты жоғары артып, дамуға дайын тұратындығы бала организмін түсінуде маңызы зор. Қазіргі кезде баланың онтогенездік дамуында жүйкелік және психофизиологиялық қызметтерінің жүйелі дамуын талдап, мидың қүрылыстық және функциялық жетілуі зерттелді.

Мектеп гигиенасының нағыз дамыған мерзіміне XX ғасырдың 70-90-шы жылдар жатады. Бұл кезде гылыми зерттеулер арқылы балалардың өсуі мен дамуы тікелей олардың денсаулығына байланысты екені анықталды. Нашар өскен балалар дәрігерге жиі барып, түрлі аурулармен көп ауыратыны белгілі болды. Кейбір созылмалы аурулар балалар бақшасының ересектер тобында жүргеңде пайда болып, олардың мектептегі оқуына күшті әсер ететіні табылды. Осыған орай балалар бақшасындағы аурудың алдын алу шаралары күшейтілді.
Зерттеулер Қазақстанда да жүргізілді. Айталық, Алматы қаласы мен облысы бойынша 1950 жылмен салыстырғанда 1970-1980 жылдары 13, 15, 17 жастағы ер балалар мен 11-12, 15, 16 жастағы қыздардың дене көрсеткіштері анағұрлым артты. Яғни жыныстық жетілу қыздарда 9 жастан, ұлдарда 12-13 жастан, бұрынғыдан 1,5-2 жылдай ертерек басталды (Алиакбарова, Адеева,1980 Алиакбарова 1993 ).

2. Ағзаның дамуына сипаттама

Өсумен қатар организмде даму жүріп жатады. Даму - сапалық көрсеткіш. Организмнің дамуы деп ұлпалардын жекешеленіп белгілі бір қызмет атқаруға бейімделуін, организм мен оның жеке мүшелерінің қызметінің артуын, баланың ақыл-ой өрістерінің молаюын айтады. Организмнің дамуы екі түрлі болады: физикалық және функциялық дамуы.

Физикалық дамудың көрсеткіштері барлық мүшелерге бірдей: мүшенің ұзындығы, ені, тереңдігі, көлемі, аумағы, салмағы, алып жатқан орыны т.с.с.
Функциялык дамудың көрсеткіштері мүшенің атқаратын қызметіне байланысты әртүрлі. Мысалы, жүректің функциялық дамуын анықтау үшін оның систолалық немесе минутгық көлемін өлшейді.

Адам ағзасының онтогенездік дамуының негізгі кезеңдері:
1. Құрсақ ішіндегі, пренаталды кезең:
- эмбрионалды (алғашқы 2 ай)
- феталды (3-9 ай)
2. Құрсақтан тыс, постнаталды -
туғаннан өлгенге дейін

Ұрықтың дамуы бес кезеңге бөлінеді
1. Ұрықтану, зиготаның пайда болуы
2. Бөлшектену. Зигота жасушаларға -
бластомерлерге бөлінеді, олардан түйінделіп эмбриобласт, ал басқаларынан трофобласт
түзіледі, трофобласт бүртіктері жатырдың
шырышты қабығына өсіп бала жолдасыплацента түзеді.
3. Гаструляция-бір қабатты ұрық үш қабатты
гаструлаға айналады:
Сыртқы қабығы - эктодерма
Ортаңғы қабығы - мезодерма
Ішкі қабығы - энтодерма
4. Ұрық денесінің ерекшеленуі (бас, құйрық т.б)
5. Ағзалар мен ұлпалардың дамуы

Организм дүниеге келгеннен бастап оның постнатальды дамуы
басталады, ол организмдердердің түрлеріне қарай бірнеше күннен жүз
жылға дейін өтеді. Постнатальды онтогенезде ювениальды және
пубертантты кезеңдер, сонымен қатар өліммен аяқталатын кәрілік
кезеңді ажыратады.

- Ювенильды кезең. (лат. juvenilis -- жас) организмнің туылғанынан
жыныстық жетілуіне дейінгі кезең. Бұл кезеңге тікелей немесе тікелей
емес даму тән.
Тікелей дамуға ұшыраған организмдердің ювенильды кезеңдегі өсуінің
өзгешелігі -- клеткалардың саны мен көлемінің өсуі және денесінің
пропорциялары өзгеруі. Адамның әртүрлі мүшелерінің өсуі бір қалыпты
емес. Мысалы, басының өсуі балалық шақта аяқталады, аяқтарының
пропорциональды мөлшерге шамамен 10 жаста жетеді. Сыртқы жыныс
мүшелері 12-14 жаста өте тез өседі.

- Пубертантты кезең. Әйел мен еркек жыныс ағзаларының
репродуктивті жүйе қызметінің құрылу кезеңі. Ол
жыныстық жетілумен аяқталады - ұрпақ өрбітуге қабілетті
болады. Ол өз кезегінде 3 фазадан тұрады:
1. Балалық фаза (препубертатты фаза)
2. Бейтарап фаза (меншікті пубертатты фаза)
3. Ересек (постпубертты фаза)
6. Кәрілік

- Кәрілік -- онтогенез сатысы. Адамның
кәрілігі туралы әртүрлі анықтамалар
белгілі. Әсіресе, аса кең таралған
анықтамалардың бірі организм
жасының ұлғаюымен жүретін және
оның сырқаттары немесе өлімінің
ұлғаюына мүмкін болатын жүйелі
өзгерістердің жинақталуына
негізделеді. Адамның кәрілігін
зерттейтін ғылымды геронтология
(грекше geron-қария, logos-ғылым) деп
атайды. Оның мақсаты ересектік пен
өлім арасындағы жастық ауысудың
заңдылықтарын зерттеу болып
табылады.

2.1 Дене бітімі дамуының көрсеткіштері

Дене бітімінің дамуының көрсеткіштері, балалар организміне қоршаған ортаның тигізетін әсерінің деңгейін анықтаумен бірге, салауаттандыру шараларының тиімділігі туралы пікір айтуға да мүмкіндік береді. Жеке баланың, немесе ұжымның дене бітімінің даму дәрежесі, бағалы гигиеналық көрсеткіш болғандықтан, балалар мен жасөспірімдердің морфологиясы ішкі факторлардың да, сыртықы факторлардың да әсерін көрсетеді. Сондықтан да, және қолданылып жүрген тәсілдердің қарапайымдылығы мен арзандығына байланысты, балалар мен жасөспірімдерге дүниеге келген күннен бастап, жыныстық ер жету кезеңіне дейін антропометриялық байқауларды міндетті түрде жүргізу керек.
Сондықтан, дене бітімінің дамуын бағалағанда бой ұзындығын, дене салмағын және кеуде шеңберін міндетті түрде зерттеу керек. Арнаулы, терең жүргізілетін зерттеулерде дененің әртүрлі бөліктерінің ұзындық диаметрі, сан, иық, жіліншіктерінің шеңбері т.б. қосымша өлшенеді. Ұжымның дене бітімінің дамуын, жеке жас мөлшері топтарының негізгі антропометриялық белгілерінің және олардың өзгерістерінің орташа арифметикалық өлшемдерін есептеп шығару арқылы бағалайды.

Балалардың дене бітімінің дамуына жеке баға беру әртүрлі тәсілдермен жүргізіледі:
Ең басында осы мақсат үшін көп уақыттар бойы жеке антропометриялық параметрлердің қатынастары - индекстер тәсілі қолданылды. Бұндай индекстердің саны бірнеше ондықтарға дейін жетті. Әртүрлі индекстер әртүрлі көрсеткіштердің санынан тұрды, ең қарапайым индекстер - екі көрсеткіштен тұрды (дене салмағы - бой ұзындығы және кеуде шеңбері - бой ұзындығы индекстері). Индекстердің есептелуі қарапайым болып келетіндіктен, бұрынғы кезде кеңінен қолданылған болатын.
Сигмадан ауытқу тәсілі сияқты центильдік тәсілдер де дене бітімі дамуының параметрлерін, бір-біріне қажетті байланыссыз, бірінен-бірін жеке дара қарастырады. Регрессиялық тәсілде дене бітімі дамуының негізі ретінде бой ұзындығы алынады, ал, оған бағынышты белгілерге (дене салмағы мен кеуде шеңбері) варианттарды бөлген кезде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бір жасар балалардың денесінің дамуы
Тастанды балалар үйіндегі балаларға әлеуметтік сипаттама
Балалар мен жасөспірімдерді физикалық тәрбиелеуде медициналық бағалау.
Балалар мен жасөспірімдердің дене тәрбиесі
Дене бітімі
Балалар мен жасөспірімдердің морфофункционалдық даму ерекшеліктері
Ауыл шаруашылығы малдарының дене бітіміне қазіргі кездегі көзқарастары және оның мал шаруашылығындағы маңыздылығы
Терісі бағалы аңдарды боннтировкалау
Таза қанды малға
Оқушыларының физикалық денсаулық жағдайын бағалау
Пәндер