Қашықтан оқыту жағдайында телеграм қосымшасын пайдаланудың тиімді жолдары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

І. Кіріспе бөлім.

Әлеуметтік желіні тиімді қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4-6

ІІ. Зерттеу бөлімі.

1. Жоспарлап жіберу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7-8

2. Фотоға түсіру ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9

3. Тест тапсырмаларын құрастыру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .10-12

4.Оқушы жіберген тапсырмаларды тексеру ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13

5. Телеграм қосымшасы арқылы видеомен жауап беру ... ... ... .14

ІІІ. Қорытынды бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 16

Аннотоция
Тақырыбы: Қашықтан оқыту жағдайында телеграм қосымшасын пайдаланудың тиімді жолдары
Мәселе:
Қашықтан оқыту кезінде , түрлі желілерді қолданамыз, бірақ оқушының да, мұғалімнің де жұмысын жеңілдететін телеграм қосымшасының қыр-сырын біле бермейміз. Жобада осы желіні пайдаланудың тиімді жолдарын қарастыру туралы айтылады.
Зерттеудің мақсаты:
Телеграм қосымшасының оқуға пайдасы, пайдалану жолдарының түрлері, түрлі функцияларын қолдана білуді үйрету.
Зерттеудің міндеттері:
-телеграм қосымшасы туралы ақпараттарды оқып, танысу;
- телеграм қосымшасының қолдану функцияларының ерекшеліктері туралы білімді жетілдіру;
-қашықтан оқыту кезінде телеграм қосымшасын қолданудың, оқушыға да, мұғалімге де тиімді жолдарын зерттеуге жұмыс жүргізу:
Зерттеу әдістері:
Зерттеуде баяндау, жинақтау, саралау,тәжрибе жасау, ой қорыту.
Пәні: математика, информатика
Болжам: Егер осы қосымша арқылы қашықтан оқу кезінде жұмыс жасауды үйренсек, оқушыға қызығырақ, ал мұғалімге оқушымен қарым-қатынаста жеңіл және уақытын, қағаздарын да үнемдер еді.
Осы жұмысым арқылы оны дәлелдегім келеді.

Жамбыл облысы Тараз қаласы
№ 9 орта мектебінің
2 а сынып оқушысы
Бульдешов Бекзат
Қашықтан оқыту жағдайында
телеграм қосымшасын
пайдаланудың тиімді жолдары -
тақырыбында жазған жұмысына

П І К І Р

№9 орта мектебінің 4 а сынып оқушысы Бульдешов Бекзаттың
Қашықтан оқыту жағдайында телеграм қосымшасын пайдаланудың тиімді жолдары - тақырыбында жазған ғылыми жобасы қазіргі таңда күнделікті өмірде қолдануға тура келетін тың тақырыпқа жазылған жұмыстардың бірі. Ол бұл ғылыми жұмысында телеграм қосымшасын пайдаланудың тиімді жолдарын, оның оқушы мен мұғалім арасында дұрыс кері байланыс жасауға үлкен көмек болатыны жөнінде жақсы, түсінікті көрсетілген.
Телеграм каналдың жай өмірде қолдана бермейтін түрлі функциялары жайында мәліметтер берілген. Яғни, мұғалім мен оқушы арасында байланысты жеңілдететін әдістерін ажырата білген. Ол функцияларды қай кездері және қалай қолдану туралы тәжрибе арқылы анық көрсетілген.
Ол осы өзінің ғылыми жобасында өз мақсатына жете білген.
4 а сынып оқушысы Бульдешов Бекзаттың Қашықтан оқыту жағдайында телеграм қосымшасын пайдаланудың тиімді жолдары тақырыбында жазған ғылыми жобасын ғылыми жобалар байқауына ұсынуға болады.

Жетекшісі: Кишимкулова Г.М.

І. Кіріспе бөлім.
Әлеуметтік желіні тиімді қолдану.

Биылғы 2020 оқу жылында бастау алған еліміздегі төтенше жағдайлардың бірі - GOVID-2019 коронавирустық инфекцияның пайда болуы білім беру жүйесіне жаңа өзгерісті, қашықтық оқыту үдерісін енгізді. Қашықтан білім беруге көшу коронавирустық инфекцияның таралуын азайтуға бағытталған шаралар аясында жүзеге асырылған еді. Елімізде тіпті әлемде алғаш рет білім беру жүйесінде қашықтан оқыту арқылы білім беру мен тәрбиелеу ісі жүргізілетін болғандықтан бастапқы кезде көптеген қиындықтар мен қобалжулар болғаны рас.
Бұл қиыншылықты ұстаздар мен оқушылар, ата-аналары түсінді, өзгерісті қабылдады. Тек ғана, бірлескен күш-жігердің арқасында осы кезеңді абыроймен еңсере алатынымызға шын жүректен сендік. Мұғалім тарапынан бағыт-бағдарлар беріліп, кедергілерден шығу мақсатында ата-аналармен бірлесіп, ынтымақтастықта жұмыс жасай отырып, 2019-2020 оқу жылының төртінші оқу тоқсанына қызу дайындықты бастап кеттік. Барлық мүмкіндіктерді, аспектілер мен тәуекелдерді жан-жақты ой елегінен өткізе отырып, ағымдағы оқу жылының соңғы тоқсанына арналған жұмыс жоспарлары жасалынды. Жоспар аясында біршама жұмыстар жүргізілді.
Қашықтан оқыту бағдарламасы аясында қолданылған әрбір платформалар тиімді болды, ұстаздарға да, оқушыларға да көмегі зор болды. Бұл цифрлық жүйелер оқушыларға өткен сабақты немесе бұрын талқыланған тақырыпты қайта қарауға, сондай-ақ онлайн сабақ өткізуге, кері байланыс орнатуға, жеке дара оқуға мүмкіндік береді.
Қашықтан оқу оқушыға қиындықтар туғызды. Айтар болсам: ғаламтордың керектігі, ұялы телефонның және электронды құралдың, компьютердің болмауы.
Қашықтан оқу кезінде білім, мектепте алып жатқан білімнен төмендеп кетті, себебі мұғаліммен тығыз байланыс жоқ, жоғарыда аталған құрылғыларды тиімді пайдалана алмау болды.
Дер кезінде сабақты түсінбеген жағдайда көзбе-көз сұрап біле алмайсың. Кей кездері мұғалімді мазалауға тура келеді.
Дегенмен , бұл жағдайдың да жақсы жақтары бар.
Біз техникамен жақынырақ танысып, әлеуметтік желілерді еркін қолданып, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландық. Желілердің бұрын білмеген қыр-сырын меңгере бастадық.
Қорыта айтқанда қашықтан оқытудың пайдасы мен зияны бірдей деуге болады. Республика аумағында карантиндік шектеулердің жалғасуына байланысты әлі де қашықтан оқу жүйесін пайдалануға мәжбүрміз.
Қазіргі кезде адамзат дамуының ерекше артықшылығы ақпараттық өркениетке көшу, адамдардың интеллектуалдық мүмкіндіктерін арттыратын есептеуіш техника мен ақпараттық теқнологиялардың жедел дамуы болып табылады.
Қашықтан оқу кезінде әлемдік ақпарат кеңістігіне жол ашып, оқушылардың ғылыми және шығармашылық ізденістері артты.
Ақпараттық технология жақсы дамығанымен ол оқудың басты құралы болып есептелмейді, бірақ кейбір әлеуметтік желілерді тиімді қолдану мұғалімдерге де, оқушыға да жеңілдеу болады.
Сол желілердің бірі телеграм қосымшасы. Мен осы желінің тиімді жақтарын пайдалана отырып, қашықтан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электронды пошта желісі
Service Desk және Help Desk жүйелерін талдау
Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру жолдары
Ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану
Қашықтықтан оқыту жағдайында цифрлық технологияларды қолданудың маңызы мен ерекшеліктері
Telegram мессенджерінің мүмкіндіктері мен Telegram боттарын құру технологиясына шолу
Instagramm - жастардың әлеуметтік желісі
1С бағдарламасын әлеуметтік мессенджерлермен байланыстыру
Мессенджерлер коммуникация құралы
Тапсырманың берілген күні
Пәндер