Ақпараттық технология - экономиканың және бүкіл қоғам мен мемлекеттің ілгерілеуінің белгісі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Аннотация ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Абстракт қазақ тілінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
Абстракт на русском языке ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
Abstract in English language ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1. Wi - Fi деген не? Wi - Fi-дың адамзатқа пайдасы ... ... ... ... ... ... .9
2. 2 Wi - Fi - дың адамдарға зиянды әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2. 3 Өз компьютерлеріңізде Wi - Fi - ды қосу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2. 4 Адамдарға Wi-Fi -дың зиянды әсерін азайтуға мүмкіндік беретін ережелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

А Н Н О Т А Ц И Я

Ақпараттық технология - қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы - әрбір тұлғаға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық ойлау-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастыру және оның әлеуметінің ақпараттық сауатты болуы мен ғасыр ағымына бейімделе білуге тәрбиелеу.Ал ғасыр ағымының өзі біз адамзатты еріксіз интернет желісімен байланыстырады.
Жиырмасыншы ғасырдың аяғында пайда болған Интернет қазір жер шарының әр түкпірін байланыстырып сан алуан адамдарды, елдер мен құрлықтарды біріктіріп отыр.
Интернет 1960 жылдары АҚШ-та дүниеге келдi.Оны соғыс бола қалған жағдайда бір-бірімен телефон арналары арқылы қосылған компьютер желілерімен байланысып отыру үшін АҚШ-ның орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан. Алпысыншы жылдардың аяғында Пентагон ядролық соғыс бола қалғанда компьютер желісінің үзілмеуі үшін арнайы жүйе жасады, тaжiрибенiң ойдағыдай жүргiзiлу барысында ARPA net желiсi пайда болып, ол Калифорниядағы жaне Юта штаты зерттеу орталықтарындағы үш компьютердi ғана бiрiктiрдi.Кейiн ARPAnet бейбiт мақсатқа қызмет еттi, оны негізінен ғалымдар мен мамандар пайдаланды.Сексенінші жылдардың басында Интернет деген термин пайда болды.Бұл ағылшынның халықаралық желі деген сөзі.
Интернеттiң мүмкiндiгi шексiз.Талғамыңыз бен көңiл күйiңiзге қарай одан сiздi қызықтыратын көп нәрсе табуға болады.Ал осы интернетті кез-келген өзімізге ыңғайлы жерде пайдалану үшін WI-FI желісінің орны бір бөлек. Қазірде кеңінен қолданыста жүрген бұл сымсыз желінің адамзатқа пайдалы тұстары мен зиянды жақтарын бірі білсе, бірі білмейді. Сондықтан бұл тақырыпқа тереңірек үңілуге бел будық.



Абстракт
Қазақ тілінде

Зерттеудің мақсаты:
WI-FI-ды мектептерде оқуға қажетті құрал ретінде қолдануда пайдасы мен зияндылығын зерттеп білу.

Міндеттері:
WI-FI-ды мектептерде қолданудағы пайдалы тұстарын көрсету және зияндылығынан сақтану жолдарын айқындау. Болжам: егер Wi - Fi желісінің адамзатқа пайдасымен қатар зиянды жағы толығымен ашып көрсетілсе, Wi - Fi туралы таным-түсініктеріміз арта түсер еді, оның пайдасы мен зиянын жетік меңгеріп, өз қажетімізге тиімді жарата алар едік. Сондай-ақ оның зиянды жағынан сақтану жолдарын меңгеріп, болашағымыздың сау да саламатты өмір сүруіне бар жағдай жасар едік.

Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі кезде барлық салаларда электрондық жүйе енгізіліп жатыр. Барлығымызға белгілі Ертөстік ертегісіндегі Ертөстік жыл санап емес, ай сайын, күн сайын өскен сияқты қазіргі кездегі ақпараттық технологияда жылдам дамып жатыр. Бүгінгі таңда интернетпен тығыз байланыста болудағы Wi - Fi қызметін тиімді пайдалану және оның пайдасымен қатар зияндылығы біздің тақырыбымыздың өзектілігі болып табылады.

Зерттеу барысында:
1. Wi - Fi желісінің сан алуан қыр-сыры ашылды;
2.Оның адамзат өміріндегі алатын орны айқындалып, маңыздылығы ашылды;
3. Wi - Fi желісінің адам ағзасына пайдасы мен зияны айқындалды;
4. Оның зиянды жақтарын танысып, одан сақтану жолдарын танып-білдік.

Жұмыстың орындалу әдістері. Wi - Fi желісі туралы баспасөз, энциклопедия, интернет материалдарымен жүйелі түрде танысу, оларды жүйелеп, жинақтау,ғылыми ізденіс, зерттеу, деректер жинау.

Абстракт
На русском языке

Цель исследования: изучить преимущества использования Wi-FI в качестве учебного инструмента в школах

Задачи: определение преимуществ использования Wi-FI в школах и избежание вреда.Прогноз: Если сеть Wi-FI выгода человечество,а также о вредной стороне полностью раскрыт Wi-FI и увеличат знание и понимание его плюсов и минусов,которые создали свой собственные потребности, а также узнать, как избежать вредных последствий его будущего здорового.Мы могли бы создать условия для выживания.

Тема: Фактическое использование Wi-FI и его вредных взаимодействий с интернетом
В ходе исследования:
1. Wi - Fi сети различные нюансы открыт;
2.Определены его роль в жизни человека, важность открыт;
3. Сети Wi - Fi на организм человека польза и вред определены;
4. Ознакомившись с его стороны вреда, дорог специального послания мы узнали.

Методы выполнения работы. Wi - Fi-сеть, энциклопедия, интернет систематическое знакомство с материалами, их систематизации, обобщения,научного поиска, исследования, сбор данных.

Abstract
in English language

The aim of the study: to study the advantages of using Wi-FI as an educational tool in schools

Objectives: to determine the benefits of using Wi-Fi in schools and to avoid harm.
Forecast: If the Wi-Fi network benefits humanity as well as the harmful side fully disclosed Wi-Fi and increase knowledge and understanding of its pros and cons that have created their own needs,and learn how to avoid the harmful effects of its future healthy.We could create conditions for survival.

Topic: the Actual use of Wi-Fi and its harmful interactions with the Internet

During research:
1. Wi - Fi network, the various nuances open;
2.Defined its role in human life, the importance of open;
3. Wi - Fi networks on the human body benefit and harm identified;
4. After reading his part of the damage roads of the special messages we've learned.

Methods of work. Wi-Fi network, encyclopedia, Internet systematic acquaintance with materials, their systematization, generalization,scientific search, research, data collection.

Кіріспе

Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең.
Жаппай ақпараттану кезеңінде ғаламтормен сымсыз байланысқа мүмкіндік беретін Wi - Fi желісінің адам өміріндегі пайдалы жақтары мен қауіпті жақтарын қарастыратын боламыз.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Жаппай ақпараттандыру ғасырында оқу орындарын ғаламторда сымсыз байланыспен қамтудың қажеттілігі қаншалықты және оның пайдасы мен зияны жайлы болмақ.
Ақпараттық технология - экономиканың және бүкіл қоғам мен мемлекеттің ілгерілеуінің белгісі. Біздің өркениетті дамуымыздың барлық маңызды өмірлік салалары бүгінде ақпараттық технологиялармен және жасалымдармен тікелей байланысты десек, асыра айтқанымыз емес.
Білім берудегі ақпараттық - коммуникативтік технологиялар ұғымы оқытудың жаңа инновациялық технологиялары, қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары, компьютерлік оқыту технологиялары және т. б. тіркестермен тығыз байланысты.
Инновациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, ғаламторда жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникативтік байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Заманауи ақпараттық қоғамның қалыптасуы мен дамуына жаһандық телефония, ғаламтор желісіне қол жеткізудің спутниктік жүйелері, тікелей сандық теле және радиохабар тарату, шұғыл корпоративтік және кең жолақты байланыс, навигация жәрдемдесіп отырғаны жасырын емес. Заман ағымына қарай ақпараттық технологияларды қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде.
Зерттеудің жұмысының мақсаты: бұл жоба оқу орындарындағы білім алушылар Wi - Fi - дың пайдасы мен зияндылығын анықтау.
Қазақстан - 2030 стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктірумен сипатталады. Сонымен қатар бүкiләлемдiк желiнi пайдалануа Wi - Fi желісі ақпарат жеткізуде көп пайда кiргiзіп, кең таралуда. Осы технологияның арқасында ғаламторға жылдам кіріп қолдануға болады. Wi - Fi - дың ерекшелігі бір - бірімен сымсыз байланыса отырып, оқу орындарында мобильді құрылғылары және планшет, ноутбук бар, білім алушылардың барлығы қолданады.
Бүгінгі таңда әлемнің атақты ғалымдарының өзі жас ғалымдардың ашқан жаңалығына назар аударып, экспериментті тағы да қайталап көретіндігін айтты.
Зерттеудің міндеті: 1. Оқу орындарында Wi - Fi - дың тиімділігін анықтау; 2.Wi - Fi - дың адам денсаулығына әсері; 3. Адамға Wi - Fi - дың зиянды әсерін азайтуға мүмкіндік беретін ережелермен таныстыру. Айта кетейік, осыдан бірнеше жыл бұрын Нидерланды елінде де осыған ұқсас зерттеу жүргізілген болатын. Ол кезде Wi - Fi желісі бар жердегі ағаштарға эксперимент жасалды. Нәтижесінде, осынау тал жапырақтары әдеттегіден түсін өзгертіп, діңгегі ауруға шалдыққан.Осы тақырыпқа байланысты көптеген баяндамалар қарастырылған, ғалымдардың тұжырымдауынша Wi - Fi жилігінің зияндылығын ғана емес, онымен қоса GSM стандартты желісінде дәлелдеді.
Бірақ оқу орындарына Wi - Fi керек пе? Оны қолдану қауіпсіз ба? Қауіпті аймақта кімдер болады? Оның зиянды сәулелерінен қалай қорғануға болады?
Біздің күнделікті өмірімізге байланысты ақпараттарды алудағы маңызды құрал ол - Ғаламтор. Адамзаттың интелектуалдық өмірі үшін ол аз мағына бермейді. Ғаламтордың ақпараттық қуатты мүмкіншілігін біз әлі тереңірек ұғына қойған жоқпыз. Осы мәселені жан - жақты зерттеу үшін, сауалнама, сұрақ - жауап, теориялық сараптама, математикалық және статистикалық әдістерін қолдандым.
Берілген жоба теориялық зерттеуге қатысты және тәжірибелік мағынасы жағынан бұл оқу орнындағы Wi - Fi - ды пайдаланудың нақты деректерін көрсетеді. Бұл жобаны дайындау кезінде ғаламтор - ресурстары пайдаланылды. Егер біз барлық мүмкіндіктерімізді толық пайдалана алатын болсақ, онда біз болашақта компьютерлік технологиямен толыққанды білім алар едік.

Негізі бөлім
2. 1. Wi - Fi деген не? Wi - Fi-дың адамзатқа пайдасы

ХХІ ғасыр-информацияың дамыған заманы. Компьютерлік технология өмірімізге кең таралып, қанат жайған заман. Осындай қоғамда техникалық құрылымдардың жетілуі, компьютерлік, ақпараттық жүйенің енгізілуі жаңа білім беру бағдарламасын қалыптастырды. Қарапайым тілмен айтқанда қажетті ақпаратымызды еш қиындықсыз табуға мүмкіндік беретін нотбуктердің арасында және интернет желісіне сымсыз қосылу бәріміздің басымыздағы жағдай.Ал осы сымсыз байланыс Wi-Fi желісін оқу процесінде пайдалану тиімді ме? Оның пайдасы не? Адамзатқа зиянды әсері қандай? Wi-Fi дегеніміздің өзі не? деген сұраққа жауап іздейтін болсақ - ол жай сымсыз байланыс. Бір жағынан жүйеге қосылу жылдамдығы 256-512 кБитс-тан жоғары болуы оқушылар мен мұғалімдерге тиімді. Wi-Fi желісі оқу орындарында активті оқытуға мүмкіндік береді.
Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен ХХІ ғасыр - ақпараттандыру ғасыры деп аталады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы да ғылыми - техникалық прогрестің негізгі белгісі - қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.
Визуалдық ақпараттар, ақпараттық технологиялар, компьютерлік, техникалық жабдықтардың дамуы, біріншіден, жаңа қадамдар, теориялық және педагогикалық тәжірибе жетістіктерінде заманауи білім берудегі болып жатқан өзгерістер. Ал, екіншіден оқу ақпараттарында, жұмыс істеудің жаңа мәдениетті қалыптастырудың қажеттілігінің артқандығына келісуге мүмкіндік береді. Мұндай мүмкіндіктердің түрлері көп, солардың ішіндегі ең танымалы - Wi - Fi технологиясы. 1991 жылы Wi - Fi - ды В. Хейздер Нидерландыда ойлап тапты. Бұл сауда - саттық салаларын қамту үшін әзірледі. Wi - Fi өзінің жылдам таралуының арқасында әуежайларға, кеңселерге, мемлекеттік орындарға, кафе - барларға және қонақ үйлерге тез енді. Бұл құрылғы төмен жиіліктегі 2, 4 Гц - ке толқынды шығарады.
Wi - Fi ағылшынның Wireless Fidelity - сымсыз дәлдiк сандық деректерді беру форматы болып табылады. Өзге тілде айтқанда - бұл қарапайым және сымдар, розеткалар, қалалық телефондар және осыған ұқсас ескірген құрылғыларды қолданбай, ноутбукпен (Wi - Fi байланысымен жабдықталған басқа құрылғылар) бүкіләлемдік ғаламтор желісіне қол жетімді әдіспен байланыс орнату болып табылады. Алдымен, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информатика пәнін оқытуда инновациялық технологияларды қолдану
Ақпараттық технологияларды информатика сабағында қолдану – заман талабы
Wi - Fi қызметтері. Жаппай ақпараттандыру
Информатика пәні мұғалімінің функциялары
Информатика пәнін оқытуда ойын технологияларын қолдану
Кәсіптік оқытудың қазіргі технологиялары
Білім беру жүйесіндегі дамыта оқыту технологиясы
Әрбір оқушының өз ерекшіліктеріне, ынтасына, мүмкіндіктеріне орай білім алуын қамтамасыз ететін оқыту жүйесін жасауға ұмтылу жолдары
Жаһандану үдерісінің ұлттық руханияттың дамуына әсерін көрсету
Қазақтанның «Қазақстан - 2030» ұзақ жылдарға арналған дамуының стратегиясы
Пәндер