Жанаса байланысқан сөз тіркестері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Әлеуметтік гуманитарлық факультеті https://www.egitimsistem.com/d/news/15112.jpg

«Кіші мектеп жасындағы оқушылардың тілдік білім негіздері» пәні бойынша

БӨЖ тапсырмасы

Тақырыбы: Буын түрлері

.

Орындаған: Сарсенбаева Акнур

Кабылдаған Абдуллина Гүлжан

Тобы: ППМ 314

Түркістан 2023-2024

Жоспары:

  1. Кіріспе:Буын анықтамасы және түрлері
  2. Негізгі бөлім:: Екпін және оның түрлері. . Тасымал мен оның ережесі. Матаса байланысқан сөз тіркетері. Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері. Жанаса байланысқан сөз тіркестері
  3. Қорытынды.

Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе: Буын анықтамасы және түрлері

Буын (фонетика) - сөйлеу мүшелерінің тұтастай қимылынан пайда болған бір немесе бірнеше дыбыстық тіркесі. Буынды тек дауысты дыбыстар ғана құрайды. Дауысты фонема өз алдына тұрып та, төңірегіне дауыссыздарды алып тұрып та Буын құрай алады. Буынға тән негізгі белгілер: 1) дауысты дыбыссыз Буын болмайды; 2) дауысты дыбыстың өзі де Буын бола алады (а-та, ә-же, а-па, т. б. ) . Бір Буында бірден артық дауысты болмайды, ал сөздің құрамында қанша дауысты дыбыс болса, сонша Буын болады (жұ-ды-рық, қа-лам, мек-теп) ; 4) Буында мағына болмайды; 5) Тілімізде байырғы сөздер, сондай-ақ, Буындар да екі дауыссыздан басталмайды (сқақ, рза, сланов деп жазбаймыз, дұрысы: сықақ, риза, сыланов түрінде келеді) ; 6) қазақ тілінде басқы (сөздің басындағы) Буын ғана дауыстыдан басталуы мүмкін, қалған жағдайда (екінші, үшінші, т. б. ) Буындар дауыстыдан басталмайды. Тасымалдың дауыстыдан басталмайтыны содан (кә-сіп, қыз-ғал-дақ, мә-сі) ; 7) сөздердің айтылуындағы Буын саны мен жазылудағы Буын саны әрқашан бір-біріне сай келуі шарт емес (айтылуда: Сар-ар-қа, кел-ал-май-ды, ал жазылуда: Са-ры-ар-қа, ке-ле ал-май-ды) . Тіліміздегі сөздер бір Буынды, не көп Буынды болып келеді. Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар өздігінен жеке тұрып Буын құрай алмайды, бірақ кейбір халық тілдерінде дауыссыздардың Буын құрайтын жайлары кездеседі (чех, серб тілдерінде) . Мысалы, Буын чех тіліндегі vlk (волк-қасқыр), серб тіліндегі прст (палец-саусақ) деген сөздер бір өңкей дауыссыздардың тіркесінен жасалғанмен, әрқайсысы бір-бір Буынды сөздер ретінде қаралады. Ондай дауыссыздарды Буын құраушы дауыссыздар деп атайды. Буын өзінің құрамындағы дауысты және дауыссыз дыбыстардың ретіне қарай мынадай түрлерге жіктеледі: Ашық буын - бір дауысты дыбыстың өзінен ғана тұратын немесе дауыссыз дыбыстан басталып, дауысты дыбысқа аяқталып тұратын Буын (а-ра, ұ-лы, ке-ше, қа-ла, не, а-сық, а-дым) ; 2) тұйық буын - дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа бітетін Буын (ат, өт, ас) ; 3) бітеу буын- дауысты дыбыс екі жағынан дауыссыз дыбыспен қоршалып тұратын Буын (тіс, қыз, қар, мұз, құз) . Бітеу Буынның бір ерекшелігі екі дауыссыз дыбыс қатар тұра беруі мүмкін. Мысалы, тарт, шәкірт. Қазақ тілінде Буын құрамындағы дыбыстардың басын құрап тұратын фонететикалық заң - үндестік заңы (сингармонизм) . Үндестік заңының әсерімен Буын құрамындағы дауысты мен дауыссыз дыбыстар біркелкі жуан Буын (шана, жұлдыз) не жіңішке Буын (кө-мір, кү-шік), еріндік (жү-зүм, бү-күр) не езулік (қы-зық, жә-бір) болып айтылады. Егер тілімізде аралас (жуан, жіңішке) Буынды сөздер кездесетін болса, онда олар кірме сөз болғаны. Мысалы, педагог, параллелипипед, т. б. Буынның жуан, жіңішкелігі қазақ тілінде дауыстыларға байланысты.

2. Негізгі бөлім: Екпін және оның түрлері.

Сөз ішінде бір буынның күшті айтылуын екпін дейміз. Екпін түскен буын басқа буындардан негізгі үш түрлі тәсіл арқылы ажыратылады.

1) Буынның біреуі басқа буындардан айрықша күшті айтылуы арқылы ажыратылады. Екпіннің мұндай түрі лебізді екпін немесе динамикалық екпін деп аталады. 2) Басқа буындардың ішінен бір буын айтылу тонының ырғағы (высота тона) арқылы ерекшеленіп, дауыс шымылдығының дірілінің жиілеуіне негізделеді. Екпіннің бұл түрі тоникалық немесе музыкальды екпін деп аталады. Екпіннің бұл түріне ие тілдер : қытай, корей, дүнген, япон, серб, литва және т. б. тілдер. 3) Басқа буындардың ішінен бір буын өзінің құрамындағы дауыстың созылыңқы айтылуы арқылы ажыратылады. Бұл квантативті екпін деп аталады.

Екпін арнаулы бір буынға байланбай, ыңғайына қарай әр басқа буынға түсе беретін болса, ондай екпін жылжымалы екпін деп аталады. Мысалы, орыс тіліндегі екпін - жылжымалы екпін.

Кейбір тілдерде, мысалы, түркі тілдерінде, екпін көбінесе арнаулы бір буынға байланып, басқа буындарға жылжи бермейді. Екпін белгілі бір буынға телініп тұрақталса, ондай екпін тұрақты екпін деп аталады. Түркі тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде, екпін көбінесе сөздің соңғы буынына түседі. Бірде екпін сөздің семантикалық жігін ажыратса, бірде грамматикалық жігін ажыратып тұрады. (Мысалы, орыс тілінде замок (қорған) - замок (құлып), мука (азап) - мука (ұн) деген сөздер мағыналары жағынан бір-бірінен екпіннің қай буынға түсуіне қарай ажыратылады. Тіл-тілде сөз екпінінен басқа фразалық екпін де болады. Кейбір сөз тіркестерінің құрамындағы сөздердің әрқайсысы өз алдына дербес екпінмен дараланбай, айтылу жағынан жігі жымдасып, бір ғана екпінге ие болды. Мұндай сөз тіркестеріндегі екпін фразалық екпін деп аталады. Акцентуациялық жақтан жігі ажырамай, бір ғана екпінмен айтылып, ритмикалық бір бүтін топ құрған сөз тіркесінің құрамындағы екпін түспеген сөз екпінді өз бойына тартқан сөздің алдында тұрса, проклитика деп аталады да, соңында тұрса энклитика деп аталады. Жөн-жосық, кем-кетік, көл-көсір, мал-мүлік тәрізді қос сөздер мен ән салу, қол қою тәрізді сөз тіркестерінің әрқайсысының алдыңғы сыңарлары дербес екпінге ие бола алмай, проклитикаға айналып тұр. Тіл - тілде энклитикаға айналатындар көбінесе көмекші сөздер. Мысалы, сен ғана, үйге дейін, алыс па, жақын ба, айта ғой тәрізді тіркестердің құрамындағы ғана, дейін, па, ба, ғой деген шылау сөздер өз алдына дербес екпінге ие бола алмай, энклитикаға айналған. Түркі тілдерінде күшейткіш үстеулер мен қос сөздердің құрамындағы күшейткіш буындар екпінді өз бойына тартып, өзінен кейінгі сөзді энклитикаға айналдырады. Мысалы, қазақ тілінде өте жақсы, тым биік, аса зор тәрізді сөздердің тіркестеріндегі өте, тым, аса деген күшейткіш үстеулер екпінді өз бойына тартып, өзінен кейінгі сөздерді энклитикаға айналдырып тұр. Логикалық екпін . Сөзде белгілі бір буынның екпін түсіп, ерекшеленіп айтылатыны сияқты, кейде сөйлемде бір сөзге айрықша назар аударылып айтылатыны бар. Сөйлемдегі айрықша назар аударылып айтылған сөзде ой екпіні болады да, ол сөз басқа сөздерге қарағанда, ерекше әуенмен айтылады. Мұндай екпін логикалық екпін деп аталады. Түркі тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде, логикалық екпін көбінесе баяндауыштың алдындағы сөзде болады. Мысалы, Болат қаладан кеше келді деген сөйлемде логикалық екпін кеше деген сөзде болса, Болат кеше қаладан келді (басқа жерден емес, қаладан) деген сөйлемде - қаладан деген сөзде.

2. 1 . Тасымал мен оның ережесі

Тасымал-сөздің жолға сыймаған бір немесе бірнеше буынның келесі жолға бөлініп жазылуы.

Тасымалдау кезінде еске ұстайтын ережелер: 1. Сөзді тасымалдау буын жігінен басталады:тө-менірек, төме-нірек, төмені-рек. 2. й және у дыбыстары бар сөздерді буынға бөлгенде бұл дыбыстар келесі буынның басында келеді және солай тасымалданады:да-уыс, да-йындық, құ-йын, са-уат. 3. Сөзді тасымалдағанда бір әріпті жол соңында қалдыру немесе келесі жолға тасымалдау дұрыс емес. 4. Екі әріптен құралған я, ю әріптеріне аяқталған сөздер тасымалданбайды:сия, қию, аю. 5. Аты және әкесінің аты қысқартылып, басқы дыбысы ғана жазылғанда, фамилиясынан бөліп, тасымал жасауға болмайды:Ә. -Жұмабаев, Ә. Қ. -Жұмабаев деу дұрыс емес. 6. Қысқартылған өлшем атаулары тіркескен сөзінен бөлінбейді:100-г, 25-см. 7. Бас әріп немесе бас әріп пен алғашқы сөз буыны қысқарған сөздер тасымалданбайды:АҚ-Ш, Т-МД, Қаз-МҰУ деу дұрыс емес.

Жазу барысында бір жолға сыймаған сөз буын жігі арқылы арқылы екінші жолға тасымалданады. Тасымал дауыссыз дыбыстан басталып жасалады. Мысалы, қа-раторғай, қара-торғай, қаратор-ғай; күн-делікті, күнде-лікті, күнделік-ті, т. б.

Төмендегі сөз түрлері тасымалданбайды:

1. Бір буынды сөздерді тасымалдауға болмайды: нан, көл, ор, ел, күрт, жұрт, т. б.

2. Жалғыз әріпті бірінші жолға қалдыруға немесе екінші жолға шығаруға болмайды: ана, ата, ұлы, екі, ұя, үю, тыю, қия, т. б.

3. Қысқартылып жазылған адам есімін тегінен бөліп тасымалдауға болмайды: А. Құнанбаев, М. Әуезов, С. Торайғыров, Г. Дулатова, т. б.

4. Қысқартылып жазылған өлшем атауларын алдындағы саннан бөліп тасымалдауға болмайды: 11-сынып, ХХІ ғасыр, 2012 жыл, 22 наурыз, 70 км, 52 кг, 120 г, т. б.

5. Бас әріптері, бас әріп пен сөздің басқы буынынан қысқарған сөздер тасымалданбайды: ҚР, БҰҰ, ҚазҰУ, ҚБТУ, т. б.

Сөз ішіндегі бір сөздің, бір буынның, бір дыбыстың көтеріңкі айтылуы екпін деп аталады. Қазақ тілінде екпін сөздің соңғы буынына түседі.

Екпін сөз екпіні, ой екпіні, тіркес екпіні, дыбыс екпіні болып бөлінеді.

Сөз екпіні - екі немесе көп буынды сөздің бір буынының көтеріңкі айтылуы. Көктем таңының мұншалық сұлулығын бұрын байқамапты.

Ой екпіні - сөйлем ішіндегі бір сөзді оқшаулап, даралап бөліп айту. Ой екпіні түсетін сөз көбінесе баяндауыштың алдында тұрады. Мысалы, Тілектің әкесі ертең Астанадан келеді. Ертең Астанадан Тілектің әкесі келеді. Тілектің әкесі Астанадан ертең келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі қазақ тіліндегі жанасу байланысу формасы
Ә. КЕКІЛБАЕВТІҢ АҢЫЗДЫҢ АҚЫРЫ РОМАНЫНДАҒЫ ЕСІМДІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІНІҢ ЖАСАЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Сөз тіркесінің зерттелуі. «Суггестия» термині
Сөздердің байланысу формалары
Синтаксис
СӨЗ ТІРКЕСІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ, ҚАЛЫПТАСУЫ
Диалектілік сөз тіркесі
Сөздердің тіркесу тәсілдерінің байланысу формалары
С. аманжоловтың синтаксис саласына қатысты зерттеулері
Сөз тіркесіндегі сөздердің байланысу формалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz