Саңырауқұлақ аурулары


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

https://avatars.mds.yandex.net/i?id=957108f6035f62803b9e3dfe7ca266ad5863df88-9181115-images-thumbs&n=13

СӨЖ

Тақырыбы :Фитопотологиялық ауру тудыратын саңырауқұлақ

Орындаған: Сыйырбай Айым

Қабылдаған:

Алматы, 2023

Мазмұны:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1 Өсімдіктің инфекциялық ауруларын туғызатын саңырауқұлақтар

2. 2 Саңырауқұлақ аурулары

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе:

Фитопатология (грекше phyton - өсімдік, pathos - ауру, logos - оқыту) - өсімдік ауруы туралы ғылым, оның негізгі міндеті - фитопатогенді организмдерден ауыл шаруашылығы дақылдарының шегетін зардабын бəсеңдету жолын іздестіру. Ол ауру өсімдікті, аурудың туу себептерін жəне оның дамуына қоршаған орта жағдайының əсерін зерттейді. Фитопатология бірнеше пəнге бөлінеді:

1) Жалпы фитопатология - ауру қоздырғыштарын, олардың морфологиялық-биологиялық ерекшеліктерін, жүйелік орнын, экологиясын, аурудың туу себептерін зерттейді.

2) Ауылшаруашылық фитопатология - нақтылы өсімдіктердің ауруларын, əрқайсысына тиісті қоздырғыштар түр құрамын, аурудың сыртқы белгілерін, инфекция қорын, таралуын жəне даму ерекшеліктерін зерттейді.

3) Орман фитопатологиясы - орман ағаштары мен бұталардың ауруларын, орман шаруашылығы өнімінің ауруларын, ағаштан жасалған мүліктерді шірітетін микроорганизмдерді зерттейді.

4) Өсімдік иммунитеті - өсімдіктің инфекциялық ауруларға иммундылығын, төзімділігін, шыдамдылығын зерттейді.

5) Аурудың дамуын болжау - ауру қоздырғыштардың биологиясы мен өсімдік жəне сыртқы орта байланысын зерттеп, аурулардың дамуын жəне олармен күресу шараларының уақытын белгілейді.

Сау өсімдікте генетикалық ерекшеліктеріне байланысты өзіне тəн физиологиялық қызметтері, яғни клетканың бөлінуі мен дамуы, дифференциациясы, топырақтан суды сорып алуы, оның өсімдікте жəне өсімдік бойымен таралуы, фотосинтез жəне оның өнімнің өсімдік бойымен жылжуы, қоректік заттардың түзіліп, сақталуы жəне т. б. қалыпта жүреді. Егер өсімдікке ауру қоздырғышы немесе сыртқы ортаның белгілі бір қолайсыз жағдайы əсер етсе, онда оның бір немесе бірнеше функциялары қалыптан ауытқып, өсімдік ауруға шалдығады. Өсімдіктің қоздырғышқа алғашқы реакциясы көзге көрінбей, кейін гистологиялық өзгерістер болғанда ғана өсімдікте аурудың сыртқы белгілері байқалады.

Залалданған клеткалар мен ұлпалар əлсіреп немесе бұзылып, өсімдіктің дамуы бəсеңдеп, кейде солып, қурайды. Түрлі клеткалар мен ұлпалардың залалдануынан кейбір физиологиялық үдеріс бұзылады немесе жойылады. Мысалы, өсімдік тамырының инфекциялық залалдануы су мен оның ерітіндісіндегі қоректік заттардың топырақтан өсімдікке өтуіне кедергі келтіреді; ксилема түтіктерінің аурулары су мен минералдық заттардың өсімдіктің жоғарғы бөлігіне таралуын бөгейді; жапырақ ауруы - фотосинтез үдерісіне кедергі жасайды; қабықтың залалдануы - фотосинтезде түзілген заттарды өсімдіктің төменгі бөлігіне жылжуына бөгет жасайды; гүлдер залалданса - жемістер түзілмейді; жеміс кеселге шалдықса - жеміс пен тұқым шіриді. Кейбір аурулар залалданған клеткалар санының көбеюіне немесе көлемінің ұлғаюына əсерін тигізеді. Соның нəтижесінде залалданған өсімдік мүшесі еріксіз үлкейіп ісінуі немесе қурап, жойылуы мүмкін. Өсімдіктің ауруы деп əртүрлі факторлардан клеткалар мен ұлпалардың биохимиялық, физиологиялық үдерістері қалыптан ауытқып, соның нəтижесінде өсімдіктің анатомиялық-морфологиялық құрылымының бұзылуын айтады. Бұл құбылыс өсімдік бетінде дақ, өңез, жара, ісік, шірік жəне т. б. əртүрлі белгілер қалдырады .

Ең алғаш ауру өсімдікке сипаттама берген А. Франк (1815), Де Кандоль (1832) болды. Өсімдікте өзіне тəн белгілерінен басқа да құбылыстар түзілсе, онда ол ауру болғаны деген көзқарасты кейіннен көптеген ғалымдар (А. С. Бондарцев, С. И. Ростовцев, В. Ф. Купревич, А. Н. Бухгейм, Э. Стекман жəне т. б. ) дұрыс ұғым деп құптады.

Негізгі бөлім:

Өсімдіктің инфекциялық ауруларын туғызатын саңырауқұлақтар

Қазіргі кезде табиғатта саңырауқұлақтардың жүз мыңға жуық түрлері белгілі. Олардың ішінде он мыңға жақын түрі ауру қоздырғыштары. Саңырауқұлақтар гетеретрофты организмдер. Көптеген өсімдіктер саңырауқұлақтың бір түрімен залалдануы мүмкін, ал əрбір паразитті саңырауқұлақ өсімдіктің əр түрін залалдайды. Кейбір саңырауқұлақтар өмірінің бəрін тек тірі өсімдікте өткізеді. Оларды облигатты паразиттер деп атайды. Басқалары өмірінің бір бөлігін тірі өсімдікте, ал қалғанын өлі органикалық қалдықтарда өткізеді) . Табиғатта саңырауқұлақтар органикалық заттарды ыдыратып, заттардың табиғатта алмасуына қатысады. Кейбір саңырауқұлақтар дамуы кезінде адамға пайдалы антибиотиктер сияқты заттарды синтездейді, нан пісіруде, сыра өнеркəсібінде қолданылатын түрлері де бар. Сонымен қатар көптеген саңырауқұлақтар өсімдік ауруларын қоздырып, өнімнің сапасы мен шығымын төмендетіп, қоймадағы өнімді бұзып, халық шаруашылығына үлкен зиян келтіреді

Саңырауқұлақ денесі жіпшумақ деп аталады. Жіпшумақ өте жіңішке жіпшелерден тұрады. Жіпшелер бір жəне көп клеткалы болады . Бір клеткалы жіпшумақ пердесіз, ал көп клеткалы жіпшумақ перделі болады. Кейбір төменгі сатыдағы саңырауқұлақтың денесі цитоплазманың бір бөлігі - плазмодийдан тұрады. Саңырауқұлақ жіпшумағының құрылысына байланысты төменгі жəне жоғарғы болып екі сатыға бөлінеді. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтың вегетативті денесі плазмодий жəне бір клеткалы жіпшумақ, ал жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтарда - көп клеткалы жіпшумақ.

Плазмодий жəне зооспорадан басқа саңырауқұлақ клеткаларының тығыз қабықшасы болады. Ол бір, екі, үш қабатты болуы мүмкін. Оның құрамы көмірсулар, майлар, хитин жəне басқа да азотты құрылымдардан тұрады. Вегетативтік көбеюде жіпшелерге қатты қабықша өзіне тəн сыртқы пішін беріп, клетка ішіндегі заттарды сыртқы ортаның ықпалынан сақтайды. Клетка мен субстрат жəне клетка мен сыртқы ортаның арасындағы зат алмасу клетка қабықшасы арқылы өтеді. Қабықшасының сыртқы қабатында түрлі пигменттер болады. Олар клеткаға əртүрлі түс береді. Саңырауқұлақ түріне байланысты оның клеткасында бір, екі немесе бірнеше ядролар болады. Ядролар ұсақ, пішіні əртүрлі, екі қабатты мембранасы бар, ішінде ядрошық пен хромосомдар болады. Саңырауқұлақтың тұқымқуалаушылық қасиеті осы ядродағы дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) молекулаларында болады. Рибонуклеин қышқылы (РНҚ), ДНҚ жəне гендер арқылы ядро цитоплазмасындағы тіршілік əрекетінің үдерістерін бақылап отырады.

Саңырауқұлақтардың қоректенуі Фитопатогенді саңырауқұлақтар қоректік органикалық заттарды тірі жəне тіршілігі жойылған клеткалардан алады. Саңырауқұлақтың вегетативті денесіне қоректік заттар клеткалардың қабықшасы арқылы өсімдік пен саңырауқұлақ клеткасындағы осмос қысымы əртүрлі жағдайда, яғни саңырауқұлақтың күші өсімдіктің сору күшінен басым болғанда енеді. Саңырауқұлақтың негізгі жіпшумағы клетка үстінде орналасып, қоректік заттарды гаусторийлары арқылы сорып алады.

Күрделі органикалық қосылыстарды (белоктар, көмірсулар) саңырауқұлақтардың өте күрделі ферменттері суда еритін қарапайым затқа айналдырады. Ферменттер саңырауқұлақтың денесін құруда өте маңызды рөл атқарады. Олардың саны саңырауқұлақтардың өміріне тікелей байланысты. Сапрофитті саңырауқұлақтарда ферменттер саны өте көп, себебі олар органикалық заттарды өсімдік жəне жануар қалдықтарынан алады. Факультативті паразиттерде ферменттердің саны əртүрлі, бірақ мөлшері көп. Факультативті са- 31 профиттерде ферменттер аздау, ал облигатты паразиттерде олар өте аз жəне тұрақты болады. Клетка қабығын ыдырату үшін саңырауқұлақтар целлюлаза, пектиназа ферменттерін қолданады. Клетка құрамындағы заттарды саңырауқұлақ сіңіру үшін, оларды ыдырату қажет. Мысалы, амилаза ферменті крахмалды гидролиздеп, протеаза белоктарды ыдыратады. Саңырауқұлақтардың өсіп-өнуі үшін басқа да қоректік элементтер қажет. Оларға көміртегі, азот, күкірт, фосфор, калий, магний, темір, қорғасын, мыс, кобальт, молибден, марганец, дəрумендер жəне т. б. жатады

Саңырауқұлақ аурулары

2. 1Дəнді дақылдардың түрлі аурулары

Фузариоз . Ауру қоздырғышы - Fusarium Link туысының саңырауқұлақтары. Паразиттің микроконидиялары түссіз, жұмыртқа тəрізді, бір немесе екі клеткалы, тез ыдырайтын тізбек құрады. 135 Макроконидиялары түссіз, біз немесе орақ тəрізді, ұштарына қарай жіңішкереді. Жіпшумақта кейде түсі қара, пішіні домалақ склероцийлар түзіледі. Егістікте өсімдік қалдықтарында саңырауқұлақтың перитецийлері пайда болады. Олардың қалталары цилиндр тəрізді, қалтаспоралары ұзынша, екі клеткалы. Собықтың жеке бөліктерінде жеңіл немесе тығыздалған қызғылт өңез түзіледі. Дəндердің түсі қоңырқай тартып, егін жинаған кезде оңай үгітіледі. Ауру қоры - өсімдік қалдықтары, əсіресе собық орауыштарындағы жіпшумақ жəне склероцийлар. Залалданған дəндердің өну қабілеті жойылады. Аурудың қоздырғышы жүгерінің балауыздануынан бастап өсу кезеңінің соңына дейін егістікті залалдайды да қоймада үдеріс дамиды.

Сұр шірік. Ауру қоздырғышы - Botrytis cinerea Fr. саңырауқұлағы. Жіпшумағы түссіз немесе зəйтүн-сұр түсті, конидия тасушылары қалың қабықты, тармақталған, ұшында қысқа, тісті өскіндері бар. Осы өскіндерде топталған, пішіні домалақ, түссіз, жиынтығы көкшіл-сұр конидиялар түзіліп, алғаш ақшыл-сұр, кейін қара склероцийлар пайда болады. Инфекция қоры - өсімдік қалдықтарындағы склероцийлар мен конидиялар. Мол ауа жəне топырақ ылғалы аурудың қарқынды дамуына əсерін тигізеді. Кесел белгісі собықтағы дəндер аралығымен таралған тығыз, сұр өңез түрінде білінеді.

Зең. Зең ауруын əртүрлі саңырауқұлақтар қоздырады. Ауру қоздырғышы - Penicillium Link саңырауқұлағы. Ұшы шашақталған конидия тасушыларда шар немесе эллипс тəрізді, тегіс, түссіз немесе боялған конидиялар тізбектеліп дəн бетінде тығыз, түсі ақ, жасыл, сары, қызғылт үлпек түзеді. Ауру қоздырғышы - Aspergillus Micheli саңырауқұлағы. Конидия тасушылары шоқпар, цилиндр, алмұрт тəрізді, төбесіндегі туынды тармақтар шар құрып орналасқан.

Конидиялары шар , эллипс тəрізді, қоңырлау немесе түссіз, тізбектеліп орналасады. Ауру қоздырғышы - Cladosporium Link саңырауқұлағы. Собықта түрлі-түсті өңез түзіледі. Дəн бетіндегі үлпек жасылдау немесе зəйтүн-қара түсті болады. Конидия тасушылары қарапайым, сəл 136 тармақталған қоңыр немесе зəйтүн түсті. Конидиялары бір клеткалы, сопақтау немесе цилиндр тəрізді, қоңырлау немесе зəйтүн түсті, 1-4 перделі. Жоғарыда аталған саңырауқұлақтар жүгеріні қоймада залалдап, тұқымның сақталуы мен өнгіштігін төмендетеді. Сондықтан собықты қысқа мерзімде орауыш жапырақтарынан тазартып, қоймада дұрыс сақтауды ұйымдастыру қажет. Паразиттер негізінен жарық дəндерде кездесіп, олардың токсиндері ұрықпен өскіндерді уландырып, тұқымның көктеу энергиясын кемітеді. Жүгеріні жинау жəне қоймада сақтау кезеңдеріндегі жоғары ылғалдылық аурудың дамуына қолайлы жағдай туғызады.

Нигроспороз. Ауру қоздырғышы - Nigrospora oryzae Petch. саңырауқұлағы (77-сурет) . Сұрғылт жеңіл жіпшумақ дəн қатарымен таралады. Бұрыс бұтақталған, қарапайым конидия тасушылардың жоғарғы бөлігінің сəл ісінген ұшында жеке-жеке түзілген конидиялардың түсі алғаш түссіз болып, кейін қараяды. Конидия пішіні шар немесе эллипс тəрізді, қабығы қалың, диаметрі 12-15 мкм. Тыныштық кезеңінен өткен конидиялар өне бастайды. Бұл саңырауқұлақ өте əлсіреген немесе жансызданған өсімдіктерді залалдайды. Бірқалыпты температура (20-25°С), жеткілікті ылғалдылық, төменгі агротехника, өсімдіктің механикалық зақымдалуы, егінді кеш егіп, кеш жинау жəне т. б. кеселдің дамуына қолайлы жағдай туғызады. Қоймада бұл ауру əрі дамымайды. Инфекция қоры - ауру собықтар мен оның орауыштары, өзегі, жапырақ қынабы жəне т. б. Бұл ауру дəннің балауызданып пісе бастаған кезінде білініп собықтар, бүршіктер, кейде жапырақ қынабы, сабақ залалданады. Кесел собық өзегінің негізінен басталып, талшықтанып, ыдырап, қарайып, дəндер күңгірттенеді. Ауру қатты дамығанда собық өзегі ыдырап, талданады да дəндері сұрланып, жетілмей ұяшығында бос орналасады. Өзекке тіркелген жерінде дəндер саңырауқұлақ спораларынан тұратын қара-көк түсті тозаңды ұнтақпен жабылады. Залалданған сабақтар көгеріп немесе сұрланып, талшықтанып, 77-сурет. Нигроспороз 137 эпидермис жарылып, астынан спора жиынтығынан құралған күйелі өңез көрінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Жалпы фитопатология» пәнінен оқу – әдістемелік кешені
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары
Өсімдік ауруы
Дәнді дақылдардың аурулары
Жылыжайдағы қырыққабаттың аурулары
Өсімдік аурулары мен сипаттамасы
Алматы облысының табиғи климат жағдайы
Жоңышқа
Саңырауқұлақтардың жыныстық споратасушысы
Өсімдіктердің аурулары. Түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz