Банкті басқару жүйесіндегі инновациялар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 149 бет
Таңдаулыға:   

«Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КЕАҚ

ӘОЖ 316. 422 (574) Қолжазба құқығында

Мақыш Мулдир Кикбаевна

Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің инновациялық қызметін басқаруды жетілдіру

6D051700 - Инновациялық менеджмент

Философия докторы (PhD)

дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация

Ғылыми кеңесші

экономика ғылымдарының кандидаты,

қауымдастырылған профессор

Бакирбекова А. М.

Шетелдік кеңесші:

экономика ғылымдарының докторы,

профессор

Шмарловская Г. А.

Қазақстан Республикасы

Нұр-Сұлтан, 2022

МАЗМҰНЫ

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . . 3

Анықтамалар . . . 4

Белгілеулер мен қысқартулар . . . 6

Кіріспе . . .
7
Кіріспе . . .: 1 Коммерциялық банктердің инновациялық қызметін басқарудың теориялық негізі . . .
7: 13
Кіріспе . . .:
  1. Банктің инновациялық қызметінің экономикалық мазмұны және оның ерекшеліктері . . .
7: 13
Кіріспе . . .: 1. 2 Банк қызметіндегі инновациялық қызметті басқару жүйесі мен оның құрылымы . . .
7: 25
Кіріспе . . .: 1. 3 Шетелдік банк тәжірибесінде қолданылатын басқарушылық инновациялар және оларды ұйымдастыру . . .
7: 34
Кіріспе . . .: 2 Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің инновациялық қызметІН басқаруДЫ талдау . . .
7: 50
Кіріспе . . .: 2. 1 Банктердің инновациялық қызметін ұйымдастырудағы инновациялық әлеуиетін талдау . . .
7: 50
Кіріспе . . .: 2. 2 Банктердің инновациялық қызметінің дамуын және белсенділігін талдау . . .
7: 61
Кіріспе . . .: 2. 3 Банктердің қашықтан қызмет көрсетуде қолданылатын бизнес-процесті моделдеу . . .
7: 74
Кіріспе . . .: 3 Коммерциялық банктердің инновациялық қызметін басқаруды жетілдіру жолдары
7: 84
Кіріспе . . .: 3. 1 Банк қызметінде инновациялық басқару тетігін және ұйымдастырушы-экономикалық инновацияларды дамыту . . .
7: 84
Кіріспе . . .:

3. 2 Банк саласында заманауй инновациялық технологияларды қолдану . . .

3. 3 ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктердің бизнес-процессін трансформациялаудың басты бағыттары . . .

7:

98

109

Кіріспе . . .: Қорытынды . . .
7: 133
Кіріспе . . .: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
7: 137
Кіріспе . . .: Қосымшалар . . .
7: 142

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Диссертациялық жұмыста келесі стандарттарға сілтемелер пайдаланылды:

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 31 тамыздағы №2444 Z952444 Заң күшi бар Жарлығы (ҚР 03. 07. 2019 №262-VI Заңымен өзгерутулер мен толықтырулар енгізілген) .

Зерттеу, даму және инновация статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру әдістемесі. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 6 қазандағы № 232 бұйрығымен бекітілген.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысымен бекітілген.

«Қазақстан Республикасының банк секторының қаржылық тұрақтылығын арттыру бағдарламасын бекіту туралы» Ұлттық Банк Басқармасының 2017 жылғы 30 маусымдағы №129. Қаулысы (2020 жылғы 24 ақпандағы өзгертулермен) .

Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы. «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері». 2018 жылғы 10 қаңтар.

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1050 қаулысымен бекітілген.

Анықтамалар

Диссертациялық жұмыста төмендегідей анықтамаларға сәйкес терминдер қолданылды:

Банктік инновация - бұл нарықтағы бәсекелестік артықшылықтарға қол жеткізу үшін банктік өнімдерді, қызмет көрсетуді, бизнес-процестерді ұйымдастыруды, басқаруды және маркетингті жетілдіруден тұратын банк қызметінің барлық аспектілерін жаңғырту процесінің түпкі нәтижесі.

Банктің инновациялық қызметі - бұл банктік инновациялар жасау және іске асырумен байланысты жүйелі процессті сипаттайды.

Банктік инновациялық қызметті басқару - бұл банктік ұйымның инновациялық-техникалық әлеуетін қалыптастыруға, қолдауға және дамытуға бағытталған шешімдерді дайындау және қабылдау жүйесін білідерді.

Банктің инновациялық саясаты - бәсекеге қабілеттіліктің күшейтілген деңгейін қамтамасыз етуге және қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарын неғұрлым тиімді пайдалануға бағытталған инновациялық қызметті жүзеге асырудың мақсаттары мен шарттарын көздейтін қазіргі заманғы басқару нысаны ретінде түсініледі.

Банктік бизнес-процестердің реинжинирингі - бұл процесс тәсілінің принциптеріне негізделген және қызметтің жекелеген көрсеткіштерін де, тұтастай алғанда банктің жұмыс істеу тиімділігін едәуір жақсарту мақсатында басқарудың қолданыстағы моделін түбегейлі өзгертумен сипатталатын инновациялық менеджменттің бағыты.

Бұлтты» технологиялар - бұл ақпаратты сақтау мен өңдеуден тұратын, сонымен қатар лицензияланған бағдарламалық жасақтаманы, аппараттық құралдарды, байланыс арналарын және пайдаланушыларға жедел техникалық қолдауды біріктіретін көп функциялы орта.

Бизнес-процесс - тұтынушы, клиент немесе тапсырыс беруші үшін құндылығы бар нәтижені (банктік өнімді, қызметті) құратын банк қызметінің әртүрлі түрлерінің жиынтығы түсініледі.

Болашақтың банкі - бұл дамыған технологиялық қызмет көрсетуге ие клиенттерге қосымша құндылықтар жасауға мүмкіндік беретін, клиенттердің қажеттілігін, тілегін, мүдделерін біріктіретін қаржы компаниясы.

Бизнес-модельдеу - банк ұйымдарының қызметін жақсарту мүмкіндіктерін іздеудің тиімді құралы болып табылады.

Блокчейн технологиясы - «ақылды байланыстар» негізінде орталықтандырылмаған онлайн-сервистерді құруға мүмкіндік бере отырып, банк секторында кеңінен қолданылады.

Big data ақпараттық технологиялары - нақты нәтижелер мен қорытындылар алу үшін құрылымдалған және құрылымдалмаған деректердің үлкен, таратылған және үздіксіз өсіп келе жатқан көлемін өңдеуге арналған тәсілдер жиынтығы.

Инновациялық қызмет - бұл инновациялық жобаны іске асыруға бағытталатын қызмет.

Коммерциялық банктегі инновациялық менеджмент - бұл инновациялық процестерді басқару тетіктерін қолдана отырып, ұйымның бәсекеге қабілеттілігі мен өміршеңдігінің қажетті деңгейіне қол жеткізуге немесе қолдауға бағытталған өзара байланысты іс-шаралар жиынтығы.

Клиенттермен қарым-қатынасты басқару - технологияларының мәні клиентке бағытталған инновациялық тәсілді сипаттайды.

Краудсорсинг - бизнес, мемлекет және жалпы қоғам алдында тұрған міндеттерді шешу мақсатында ақпараттық технологиялар арқылы адамдардың ресурстарын жұмылдыру.

Open Banking - дәстүрлі банктер мен финтех-компаниялардың ынтымақтастығы нәтижесінде тұтынушылар үшін жаңа өнімдер Open API технологиялары негізінде құрылатын қаржы қызметтері индустриясының инновациялық саласы.

Ұйымдастырушылық инновациялар - бұл банктік басқару инновацияларының келесі бір түрі ретінде оларда инновациялар дамуының алғы шарттары, сондай-ақ жаңа банктік өнімдер мен технологияларды жасауда және жетілдіруде банктің тиімді инновациялық саясатының негізі болып саналады.

Пирингтік несиелеу немесе Р2Р-несиелеу - халықтың басқа жеке тұлғалардан қарыз алуына мүмкіндік беретін банктік бөлшек несиелеуге балама.

Робоэдвайзинг - инвестициялық активтерді іріктейтін және портфельді басқаратын кеңесші роботтардың көмегімен автоматты қызмет.

Финтех-компаниялар - тұтынушыларға қаржылық қызмет көрсету мүмкіндігіне ие болады, оның ішінде дәстүрлі серіктес банктің лицензиясы мен технологиялық инфрақұрылымын қолдана отырып, қаржы ұйымдарында ашылған шоттарға қол жеткізе алады.

Цифрлық банкинг - банктің клиентпен жұмыс сапасын жетілдіретін, уақыт пен шығынды үнемдейтін, жеке деректердің қауіпсіздігін арттыратын, сервистердің жұмыс жылдамдығы мен сапасын арттыратын мобильді және онлайн-платформалардың көмегімен қаржылық қызметтерді іске асыру.

БелгілеуЛЕР МЕН қысқартуЛАР

АМL
  • Ақшаны жылыстатуға қарсы күрес
АМL: АҚ
Ақшаны жылыстатуға қарсы күрес:
  • Акционерлік қоғам
АМL: АҚШ
Ақшаны жылыстатуға қарсы күрес:
  • Америка құрама штаттары
АМL: АТ
Ақшаны жылыстатуға қарсы күрес:
  • Ақпараттық технологиялар
АМL: API
Ақшаны жылыстатуға қарсы күрес:
  • Қолданбалы бағдарламалау интерфейсі
АМL: b2b
Ақшаны жылыстатуға қарсы күрес:
  • Бизнестен бизнеске
АМL: BLE
Ақшаны жылыстатуға қарсы күрес:
  • Bluetooth қуаты төмен
АМL: ҒЗЖ
Ақшаны жылыстатуға қарсы күрес:
  • Ғылыми-зерттеу жұмысы
АМL: ҒЗТКЖ
Ақшаны жылыстатуға қарсы күрес:
  • Ғылыми-зерттеу және тәжірбиелік-конструкторлық жұмыстар
АМL: ЖК
Ақшаны жылыстатуға қарсы күрес:
  • Жеке кәсіпорын
АМL: GPS
Ақшаны жылыстатуға қарсы күрес:
  • Жаһандық позициялау жүйесі
АМL: ЕБ
Ақшаны жылыстатуға қарсы күрес:
  • Еншілес банк
АМL: ЕДБ
Ақшаны жылыстатуға қарсы күрес:
  • Екінші деңгейдегі банктер
АМL: EDI
Ақшаны жылыстатуға қарсы күрес:
  • Электрондық деректермен алмасу
АМL: IBM
Ақшаны жылыстатуға қарсы күрес:
  • Халықаралық бизнес-машиналар
АМL: ҚБҚ
Ақшаны жылыстатуға қарсы күрес:
  • Қашықтан банктік қызмет көрсету
АМL: ҚБЕО
Ақшаны жылыстатуға қарсы күрес:
  • Қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығы
АМL: ҚР
Ақшаны жылыстатуға қарсы күрес:
  • Қазақстан Республикасы
АМL: ҚР ҚРНДА
Ақшаны жылыстатуға қарсы күрес:
  • Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
АМL: ҚР БҒМ БҒССҚЕК
Ақшаны жылыстатуға қарсы күрес:
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті
АМL: MMA
Ақшаны жылыстатуға қарсы күрес:
  • Мобильді маркетинг қауымдастығы
АМL: NLP
Ақшаны жылыстатуға қарсы күрес:
  • Табиғи тілді өңдеу
АМL: OTP
Ақшаны жылыстатуға қарсы күрес:
  • бір реттік парольдер
АМL: CRM
Ақшаны жылыстатуға қарсы күрес:
  • Клиенттермен қарым-қатынасты басқару
АМL: SWIFT
Ақшаны жылыстатуға қарсы күрес:
  • Дүниежүзілік Банкаралық қаржылық телекоммуникациялар

қоғамы

АМL: PFM
Ақшаны жылыстатуға қарсы күрес:
  • Жеке қаржыны басқару
АМL: PDA
Ақшаны жылыстатуға қарсы күрес:
  • Қалта дербес компьютері
АМL: PSD2
Ақшаны жылыстатуға қарсы күрес:
  • Төлем қызметтері туралы қайта қаралған директива
АМL: P2P
Ақшаны жылыстатуға қарсы күрес:
  • Адамнан адамға
АМL: RPA
Ақшаны жылыстатуға қарсы күрес:
  • Технологиялық процестерді роботтандырылған автоматтандыру
АМL: ТКЖ
Ақшаны жылыстатуға қарсы күрес:
  • Тәжірибелік-конструкторлық жұмысы
АМL: ТМД
Ақшаны жылыстатуға қарсы күрес:
  • Тәуелсіз мемлекеттер достастығы
АМL: XML
Ақшаны жылыстатуға қарсы күрес:
  • Кеңейтілетін белгілеу тілі
АМL: ХҚКО
Ақшаны жылыстатуға қарсы күрес:
  • Халыққа қызмет ету орталығы
АМL: ЭЦҚ
Ақшаны жылыстатуға қарсы күрес:
  • Электрондық цифрлық қолтаңба

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі . Қазақстан Республикасының экономикасын тұрақтандыру мақсатында банк секторы дамуының жаңа кезеңінің негізгі мазмұны банк өнімдері мен қызметтерінің құрамын кеңейтуді, олардың сапасын арттыруды және ұсыну тәсілдерін жетілдіруді, бизнестің ұзақ мерзімді тиімділігі мен орнықтылығын арттыруды қамтитын банк қызметінің сапасын арттыру болуға тиіс. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының банк секторында қаржылық инновацияларды әзірлеу және енгізу, сондай-ақ оларды басқару ерекше өзектілікке ие болады.

Басқарудың қазіргі кезеңінде коммерциялық банктердің инновациялық қызметін жетіділдіру олардың Қазақстан және халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттырудың қажетті шарты болып табылады. Бұл қазіргі уақытта инновация ұлттық экономиканың барлық ішкі жүйелерін, оның ішінде банк секторын дамытудың жүйе құраушы факторы болып табылатындығымен анықталады.

Қазіргі жағдайда коммерциялық банктердің қызметіне инновациялық технологияларды, өнімдер мен қызметтерді енгізуге көп көңіл бөлінеді, алайда олардың ұзақ мерзімді және тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін отандық коммерциялық банктерге көрсетілетін қызметтерді жетілдіруге, жұмыс тиімділігін арттыруға және, сайып келгенде, бәсекелестік артықшылықтар құруға және нарықтағы орнын нығайтуға мүмкіндік беретін инновациялық қызметті іске асырудың ұйымдастырушылық-экономикалық тетіктері мен бағыттарын әзірлеу үлкен маңызға ие.

Экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде отандық коммерциялық банктердің инновациялық технологияларды енгізу мәселесінің өзектілігі және банк жүйесіндегі қазіргі жағдайдың ерекшелігі осы тақырыпты таңдауды алдын-ала анықтады, ол банк секторына қатысты инновациялық қызметті басқарудың теориялық негіздері мен практикалық ұсыныстарын дамытудың маңызды мәселелерін қамтыды.

Қаншалықты банктік жүйе бұл экономикадағы қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету көзіне айналғандықтан, банк секторындағы инновациялардың дамуын және оларды Қазақстан банк қызметінде басқарудың қажеттігін анықтады.

Қазақстан банк секторының дамуының жаңа кезеңінің басты мазмұнында банктің инновациондық өнімдері мен қызмет түрлерінің құралын кеңейтуді қамтитын банк қызметінің сапасын арттыру, сондай ақ оларды тиімді басқаруды жолға қою мәселелері қарастырылуы тиіс.

Мұндай шаралар банктерге өздерінің ресурстарын оңтайлы басқаруға, шығындарын қысқартуға, көрсетілетін қызмет түрлерін жаңартуға, банк өнімдерінің тұтынушыларына жеткізуде жаңа каналдарды игеруге, сол арқылы қаржы нарығындағы банктердің бәсекелестік ұстанымының өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Банк қызметін инновациялық дамыту сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің инновациялық қызметін басқару әдістерін жетілдіруді объективті қажеттілігін негіздейді.

Мәселенің ғылыми зерделену дәрежесі . Экономиканың әр түрлі салаларында инновациондық үдерістерді талдау мәселелері мынадай шетелдік ғалымдардың еңбектерінде жүргізілген: И. Шумпетер, Дж. Бернал, Д. Гелбрейт, Дж. Кларк, К. Фримен, Дж. Ст. Милль, Дж. Гобсон, П. Ф. Друкер, М. Блауг, Н. Кондратьев, С. Ю. Глазьев, А. Л. Суворова, Е. Е. Румянцева, А. Левинсон, С. Д. Бешелев, Ф. Г. Гурвич, В. И. Громека, Л. В. Канторович, Н. И. Молчанов, П. Н. Завлин.

Банктердің инновациялық мәселелері ұзақ уақыт бойы шетелдік экономикалық ғылыммен зерттеліп келеді, оған Ф. Мишкиннің [1], Дж. Синки [2], Т. Кохтың [3], П. Роуздың [4] және басқа да американдық ғалымдардың қаржы нарықтары мен банктік менеджмент мәселелеріне арналған еңбектері мысал бола алады. Ал батыс әдебиетінде әдетте «банк» термині емес, «қаржылық» инновациялар қолданылады, бұл қаржы құралдарындағы, банктік өнімдер мен технологиялардағы жаңалықтарды білдіреді. Ең бастысы, жаңа өнімдер мен қызметтер тұтынушыларға ескіге қарағанда белгілі бір артықшылықтар береді.

Коммерциялық банктердің инновациялық қызметін басқаруды дамыту мәселелері И. Т. Балабанов, О. И. Лаврушин, В. С. Викулов, И. П Хоминич, А. А. Аюпов, А. С. Борисов, В. И. Вагизова, П. В. Семикова, Е. Г. Новоселова, Ю. Н. Захаров, Р. А. Исаев, Л. В. Кох, Л. Р. Курманова, А. В. Муравьева, Т. В. Никитина, И. М. Подпосденова, Т. Ю. Попов, И. А. Смагин, Э. А. Уткин, А. И. Полищук, Т. Б. Рубенштейн, В. Д. Мехряков, Н. В. Бекетов, И. В. Извольская, Л. Г. Бокарева, И. В. Букато, О. В. Мирошкина және басқа ғалымдардың еңбектерінде қарастырылды.

Бірақ та осындай еңбектердің банктік инновациялардың даму мәселелерін зерттеуге арналғанымен, оларды қазақстан банк секторындағы инновациялық үдерісті басқаруда әсіресе банктерді бүгінгідей инновациялық экономикалық қалыптастырушысы тұрғысынан алғанда жеткіліксіз танытуда.

Әлемдік экономиканың жаһандануы тұтастай алғанда қаржы нарығының және әсіресе коммерциялық банктердің даму процестерін түбегейлі өзгертті, оларға инновациялық бағыт берді.

Екінші жағынан, бұл процестер Қазақстанның экономикалық жүйесінде тікелей қолданбалы маңызы бар өзекті ғылыми міндеттерді қойды, атап айтқанда: инновациялық ортаны қалыптастыру әдістерін дамыту міндеттері, банк саласындағы инновацияларды тікелей жүзеге асыру, сондай-ақ қазіргі жағдайда отандық банктердің инновациялық даму келешегін бағалау.

Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің инновациялық белсенділігінің әлі де болса төмен деңгейі және бәсекелестік қысымының жоғарылауын ескере отырып, тиімді инновацияларды жүзеге асыруға қолайлы инновациялық ортаны қалыптастыру арқылы банктердің инновациялық қызметін басқарудың инновациялық тетіктерін жетілдірудің объективті қажеттілігі туындайды.

Жоғарыдағы айтылғандардың барлығы банк секторындағы инновациялық қызметті басқарудың теориялық және қолданбалы мәселелерін шешуге бағытталған арнайы зерттеудің болуын қажет етеді, сондай-ақ осы диссертациялық зерттеудің тақырыбын оның мақсаты мен міндеттерін анықтауға мүмкіндік береді.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері . Диссертациялық зерттеудің мақсаты Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің инновациялық қызметтерін басқаруды жетілдіруге қатысты теориялық негіздемелер мен тәжірибелік ұсыныстарды жасау, сондай-ақ оларды отандық банктік тәжірибеде ендіру және даму бағыттарын анықтау.

Зерттеу жұмыстың қойылған мақсатына жету үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:

  • Банк саласында инновацияларға қатысты теориялық көзқарастарды зеределеу отырып, банктік иновация және инновациялық қызметін басқару ұғымдарын нақтылау;
  • Коммерциялық банктердегі инновациялық қызметті басқарудың теориялық негізін дамыту;
  • Шетел тәжірибесінде банк қызметінде инновациялық үдерісті басқару ерекшеліктерін қарастыру;
  • Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің қызметіндегі инновациялық өнімдерді мен технологияларды енгізу, оларды басқару жағдайына талдау жасау.
  • Қазақстан банк секторында қолданылатын инновацияларды басқару әдістерін жетілдіруге байланысты ғылыми-практикалық ұсыныстар әзірлеу.

Зерттеу пәніне Қазақстан банк секторындағы инновациялық қызметті басқаруды жүзеге асыру процессіндегі экономикалық субъектілер арасындағы экономикалық қатынастар жүйесі жатады.

Зерттеу нысаны ретінде Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің инновациялық қызметі және оларды басқару процессі алынды.

Зерттеудің теориялық, әдістемелік және ақпараттық негіздері . Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі отандық және шетелдік ғалымдардың банктің инновациялық қызметін дамытуға бағытталған ғылыми еңбектерді қамтиды. Зерттеудің ақпараттық базасына Қазақсан Республикасының инновациялық қызметке байланысты заңнамалар мен нормативтік актілерін, Мемлекеттің бағдарламалар, ҚР Ұлттық банкінің және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің статистикалық және есептік материалдарын, сондай-ақ ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктердің есептік мәліметтері, ғылыми әдебиеттерде, мерзімді басылымдарда және веб-сайттарда жарияланған банктердің инновацияларға қатысты материалдар жатады.

Диссертациялық зерттеудің жұмыс гипотезасы бұл Қазақстан экономикасының қазіргі инновациялық даму жағдайында отандық банк секторының тиімді қызмет етуіне және бәсекеге қабілеттігін арттыруға бағытталатын Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің инновациялық қызметін басқаруды дамыту қажеттігі мен маңыздылығы теориялық және әдістемелік тұрғысынан негізделеді.

Зерттеудің әдіснамалық негізі. Жұмыста ғылыми абстракция, топтау және салыстыру, статистикалық және қаржылық талдау, сараптамалық бағалау және имитациялық модельдеу сияқты зерттеу әдістері қолданылды.

Диссертацияның ғылыми жаңалығы ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктердің иновациялық қызметін басқару жүйесін дамытуға қатысты теориялық және практикалық ұсынымдар әзірлеуге байлынсты жаңашылықтардан тұрады. Жаңашылдық элементтерінде автордың алған келесідей теориялық және практикалық нәтижелері бар:

  • авторлық көзқарас тұрғыдан «банктің инновациялық қызметі» ұғымына тән ерекшеліктерді айқындау негізінде оған кең және тар мағынада анықтама беріліп, банктегі инновациялық менеджмент қызметінің тиімділігін ақпараттық жағынан қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қазіргі банктік инновациялық қызметтің басқару жүйесінің құрылымы, атқаратын қызметтері мен бағыттары нақтыланды;

- шетелдік банк тәжірибесіндегі қолданылатын инновациялық өнімдер мен ақпараттық технологиялар түрлері, цифрлық және необанктер қызметтері жан-жақты зерделенді;

- отандық банк секторында инновациялардың енгізуі мен қолданылу тиімділігіне баға беру мақсатында ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктердің қызметінде инфотехнологиялық технологияларды пайдалану тәжірибесіне талдау жасалды;

- ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктердің дамуының жаңа кезеңінде инновацияларды стратегиялық басқаруды енгізу арқылы, олардың қызметін ұйымдастыратын арнайы «Инновациялық даму бөлімінің» банктің ұйымдық құрылымында болуына және оның атқаратын қызметтеріне байланысты тәжірибелік маңызы бар ұсыныстар жасалды.

- қазақстандық банктің қызметінде заманауй инновациялық технологияларды енгізуде «Болашақтың банкін» және «Инновациялық банктің экожүйесін» құру қажеттігі тәжірибелік тұрғыдан негізделді.

Қорғауға шығарылатын диссертацияның негізгі ережелері:

1. Қазіргі заманғы банк секторының белсенді дамуы банктік инновациялардың маңыздылығы мен оң әсерін анықтау, инновациялардың тиімділігін салыстырмалы және сапалы бағалау үшін банктік инновациялық қызметін басқару жүйесін және оның бағыттарын теориялық-әдістемелік тұрғыдан негіздеу.

2. ҚР-ы екінші деңгейдегі банктердің инновациялық дамуын және олардың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында олардың инновациялық технологияларды игеруіне және оларды басқару жағдайына жасалған кешенді талдау.

3. Банктің инновациялық басқару тетігі ретінде стратегиялық инновациялық басқару қалыптастыру процесін іске асырумен айналысатын арнайы «Инновациялық даму бөлімінің» қазақстандық банктердің ұйымдық құрылымында болуына және оның атқаратын қызметтеріне байланысты тәжірибелік маңызды ұсыныстар.

4. Шетел банк тәжірибесін негізгі ала отырып, банктің бәсекелестік қабілетін арттыруға мүмкіндік беретін «Инновациялық банктің экожүйесін» құруға байланысты, сондай-ақ отандық банк саласында заманауй инновациялық технологияларды енгізу және цифрлық трансформациялану арқылы «Болашақтың банкін» құруға қатысты ұсыныстар.

Диссертацияның практикалық маңызы . Диссертацияда тұжырымдалған тұжырымдар, ұсыныстар мен ұсыныстар отандық банктік инновациялар саласындағы қазіргі басқару тәжірибесін жетілдіру бағытында банктердің инновациялық басқару стратегияларын даярлауда маңызды. Оларды инновациялық менеджмент сұрағы бойынша банк қызметкерлерін оқыту, қайта даярлау және кеңес беру процессінде де қолдануға болады.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік нәтижелерін Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің «Менеджмент» және «Қаржы» кафедраларында, сондай-ақ басқа да жоғары оқу орындарында «Инновациялық менеджмент» және «Банк менеджмент» пәндері бойынша оқу процесінде пайдаланылуға да болады.

Сонымен қатар жекелеген ғылыми нәтижелер «Центркредит банк» АҚ (Қосымша А), «First Heartland Jusan Вank» АҚ (Қосымша Б) және «RBK банк» АҚ-ның (Қосымша В) тәжірибесінде пайдаланылады және ол туралы актілермен расталады.

Зерттеу нәтижелерінің мақұлдануы . Диссертациялық зерттеудің негізгі ережелері мен нәтижелері келесі басылымдарды жарияланды:

  • Scopus халықаралық дәйексөз мәліметтер базасына кіретін шетелдік журналда:
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банкті басқару жүйесіндегі маркетингтің орны
Қазақстан Республикасындағы банктердің іс-жүзіндегі көрсететін қызметтер көрінісін талдау
Кәсіпорын бәсекелестікке қабілеттілігн жоғарылатудағы маркетингтің рөлі
Банк саласында есептеудің мақсаты мен қолданылуын зерттеу
Тәуекел-менеджменттің банк қызметіндегі тиімділігін жоғарылату
Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі өзекті мәселелер
АҚШ экономикалық институттарының әлемдік экономикаға әсері
Әлемдік банк жүйелері
Коммерциялық банктегі сервистің дамуының теоретикалық негіздері
ХХ ғасырдың соңғы онжылдықтары қоғамда пайда болған әртүрлі құбылыстар мен процестер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz