Екінші деңгейлі банктердегі инвестициялық саясат пен инвестициялық қоржынды басқару (КазИнвестБанк мысалында)


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

І КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫҢ БАСҚАРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН ҚАЖЕТТІЛІГІ

1. 1 Коммерциялық банктерде инвестициялық саясатын қалыптастырудың рөлі мен тәртібі

1. 2 Инвестициялық қоржынның диверсификациясы

ІІ ЕКІНШІ ЖЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚОРЖЫНДЫ БАСҚАРУ

2. 1 Инвестициялық тәуекелдер және оларды басқару әдістері

2. 2 Инвестициялық қоржынның табыстылығы және оның депозиттік

сыйақымен байланысы («КазИнвестБанк» АҚ мысалында

2. 3 Коммерциялық банктерде инвестициялық қоржынды басқаруды жетілдіру жолдары

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының алдындағы міндеттері, алға қойған мақсаты болып әлеуметтік бағыттағы жоғары тиімді экономиканы қалыптастыру, әлемдік кеңестікте өз орнын табу, экономикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету, жоғары дәрежелі еңбек өнімділігіне жету, аралас экономиканы қалыптастыру, түрлі меншік иелеріне жол ашу, нарық орталықтарында тиімді заңға негізделген іскерлікке қол жеткізу болып табылады. Банк ісі көзқарасы тұрғысынан қарағанда, инвестицияның мағынасы туралы түсіндірілгенде үшінші жақтан бағалы қағаздарға ұзақ мерзімге қаржының салынуын айтуға болады. Инвестиция салудың мақсаты - ұзақ мерзімге қаржы қорының ағымын қамтамасыз ету.

Инвестициялар басқа салымдардан түсетін табыстар (оның ішінде кредиттік) тәрізді, сондай табыс түсіруі тиіс. Сонымен бірге инвестициялар - тез арада қолма-қол ақшаға айнала алатын банк активтері.

Банктің инвестициялық саясатының мақсаттарын анықтайтын табыс пен өтемпаздықтың сұранысы осының негізгі факторлары болып табылады. Сөйтіп, банктің инвестициялық саясаты активтердің өтемпаздығы мен инвестицияның табыстылығын қанағаттандыруды теңестіруге бағытталған. Инвестициялық саясатта бағалы қағаздарды жабу мерзімінің белгілі бір кұрылымын алдын ала қарастыру керек. Коммерциялық банк кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің, халықтың және басқа да банктердің қаражаттарын салым ( депозит) түрінде тартады. Банктер тартатын қаражаттар құрамы бойынша әр түрлі болып табылады. Олардың негізгі түрлері - банктердің клиенттермен жұмыс істеу барысындағы тартқан қаражаттары (депозиттер) және банктердің меншікті қарыздық міндеттемелерін шығару жолымен жинақтаған қаражаттары (депозит және жинақ сертификаттары ) болып табылады. Банктің пассивтік операцияларды жүзеге асыру барысындағы ресурстық базасын қалыптастыруы оның активтік операцияларына қатысты маңызды рөл атқарады. Банктік ресурстың негізгі бөлігі банктің инвестициялық операцияларды жүргізуінен қалыптасатыны белгілі. Оның қызметінің тұрақтылығы инвестициялық операцияларын тиімді жүргізуіне байланысты. Осыған байланысты ресурстық потенциалды өсіру және пассивтерді тиімді басқару арқылы оның тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері өзекті мәселеге айналды.

Курстық жұмыстың өзектілігі - Қазақстан Республикасындағы инвестициялар, инвестициямен байланысты операциялар және инвестициялық қоржынды басқаруға байланысты зерттеу жүргізу, оны жетілдіру жолдарын анықтау. Осының барлығы курстық жұмыстың тақырыбын талдауға әсер етті.

Жұмысты жазу барысындағы зерттеудің жаңалығы - Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің жүзеге асырып жатқан инвестициялық операцияларының кейбір шарттары толықтыруды қажет ететіндігінің анықталуы. Зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтерге негізделгенде инвестициялық қоржынның сапасын әрі қарай жетілдіру арқылы инвестициялық базаны көбейтуге болатындығы айқындалды.

Банктің ең негізгі мақсаты - максималды табыс табу болып табылады, ол банктің мобилизацияланған ақша ресурстарын неғұрлым тиімді орналастырып, пайдалану арқылы жүзеге асады. Инвестициялық қоржынды басқару банктің сырттан тартылған қаражаттарды орналастырудың тиімді жолдарын тиімді пайдаланумен байланысты. Қазіргі уақытта коммерциялық банктер сырттан тартылған қаражаттарды орналастырған кезде тек нарықтық критерийлерге, яғни өтімділікке, табыстылыққа және тәуекелділікке негізделеді. Бұл өз кезегінде банктің инвестициялық қоржынына әсер етеді.

Курстық жұмыстың мақсаты - банктің инвестициялық саясатының теориясы мен практикасына талдау жүргізу, инвестициялық қоржынды басқару түрлерін, әдістерін анықтау және бағалау және олардың ішінен ең тиімдісін таңдау болып табылады.

Осы мақсатты орындау үшін келесі міндеттер қойылады:

- банктің инвестициялық саясатының мәні мен түрлері және ерекшеліктері;

- коммерциялық банктер инвестиция жасайтын қаржы инструменттері;

- инвестициялық қоржынның табыстылығына талдау және оның депозиттік сыйақымен байланысы;

- инвестициялық саясаттың банктердегі қолданылуын талдау;

- коммерциялық банктерде инвестициялық қоржынды басқаруды жетілдіру жолдары;

- ҚР -ның инвестиция нарығын жетілдіру жолдарын ұсыну.

Курстық жұмыстың міндеті - банктердің инвестиялық саясатын, операциялары мен инвестициялық қоржынды толық зерттеу, жүргізілген зерттеуді статистикалық мәліметтермен толықтыру, қорытындысына зерттелген тақырыпқа қатысты өз ойымды жазып қорытындылау.

Курстық жұмыстың құрылымына тоқталсақ, онда Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктің инвестициялық портфелін басқару: КазИнвестБанк АҚ мысалы
Коммерциялық банктердегі депозиттік портфельді басқару: Қазақстанның екінші деңгейлі банктері мысалында
Инвестициялық қоржынды басқару: қағидалар, тәуекелдер және стратегиялар
Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясат, екінші деңгейлі банктердің инвестициялық қызметі және даму перспективалары
Екінші деңгейлі банктердегі несиелік тәуекелді басқару: ЦентрКредит Банкі мысалында
Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердегі тәуекелділікті дағдарыстық басқару: Темір Банк мысалында
Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясатты реттеу және екінші деңгейлі банктердің инвестициялық қызметі
Екінші деңгейлі банктердегі бухгалтерлік есеп пен аудитті ұйымдастыру ерекшеліктері: Қазкоммерцбанк АҚ мысалында
Қазақстандағы инвестициялық саясат пен кәсіпорындардың инвестициялық іс-әрекеті
Қазақстандағы инвестициялық саясат пен инвестициялық белсенділікті арттыру жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz