Қожа Ахмет Яссауидің кесенесін сипаттау


КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Қожа Ахмет Ясауи қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орыны бар ұлы ақын. Өз аты Ахмет, есімінің алдындағы «қожа» мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы «Ясауи» ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді. Бірақ нақтылық үшін айтсақ, Йасы қаласы оның туған жері емес, жастайынан жетім қалып, ағайын туыстарының қолына келіп, бала кезнен өскен жері. Ақынның туған жері қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы. Әкесі Ибрахим мұсылманша сауаты бар, сөз қадірін білетін білікті адам болған. Шешесінің аты Қарашаш.
Ахмет Бұхара қаласында Юсуф Хамаданидан діни білім алғаннан кейін, Түркістанға кліп, сол кезде Орталық Азияда кең тараған софылық, діни-тақуалық идеялардың ірі насихатшысына айналады.
Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы - «Диуани Хикмат» (Хикмат жинақ) . Бұл шығарма алғаш рет 1878 жылы жеке кітап болып басылып шығады. Содан кейін ол Стамбул, Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайыра басылады. Соның бірі 1901 жылы Қазанда Тыныштықұлының қазақтарға арнап шыығарған нұсқасы болатын. Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармасында ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейін өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұхара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кмшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл фәнидің жалғандығын білдіреді.
«Диуани Хикматтан» қазақ халқының ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы деректер табуға болады. Түркістан қаласында жерленген Қожа Ахмет Ясауи әзіреті сұлтан аталып, басына XIV ғасырдың аяғында атақты Ақсақ Темір күмбез орнаттырады.
Зерттеудің алдына қойған мақсат-міндеттері:
- Қожа Ахмет Яссауидің тарихтағы орнын және оның қазіргі әлемдегі рөлін саралау;
- Қожа Ахмет Яссауидің кесенесін сипаттау;
- Қожа Ахмет Яассауи - ортағасырлық мұсылман әлемінің үздік ойшылы болғанын анықтау;
- Қожа Ахмет Иассауи еңбектеріндегі қоғамдық педагогика мәселелерін зерттеу.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Өзіндік жұмыста дүние жүзіне аты мәшһүр түркі ақыны Қожа Ахмет Йасауидің діни уағыз, ғибрат өлеңдер жинағы болып табылатын «Диуани хикмет» еңбегінің зерттелу тарихы жүйелі түрде жан-жақты қарастырылады. Қожа Ахмет Йасауидің өмірі мен қызметіне,
шығармасы мен шығармашылығына, сондай-ақ аталған ескерткіш тілінің зерттелу тарихына аса зор мән беріледі.
Өзіндік жұмыста сондай-ақ маңызы жағынан кемімеген қолжазба, көшірме нұсқалары және хикметтері санының әрқилылығы тұрғысындағы тілдік мәселелер, түркі әдебиетінің ортағасырлық дамуының: поэтика, дүниетаным және замандастарына әсер-ықпалы контексіндегі мәселелер де қарастырылады.
Ұлы ойшыл, данышпан ақын Қожа Ахмет Йасауи бабамыздың діни уағыз, ғибрат өлеңдер жинағы «Диуани Хикмет» деп аталады.
(Еңбек қазақ тілінде «Даналық кітабы», «Даналық сөздер», «Ақыл кітабы», «Данышпандық жинағы», «Парасат жинағы» деп әр түрлі аударылып жүр) . Бұлай аталуы 16-ғасырдан беріде ғана. Әуелде «Құдай жолының әдебі» деп аталған. [1, 10]
Қ. А. Йасауидің өміріне, қызметіне қатысты деректер мен ауызша жеткен мәліметтер, аңыздар көп. «Осындай қат-қабат мәліметтер арасынан ақиқатын табудың өзі қиын», - дейді белгілі йасауитанушы-ғалым Намық Кемал Зейбек. [2, 2]
Қ. А. Йасауи Оңтүстік Қазақстандағы Сайрам (Исфиджаб) қаласында дүниеге келді. Сайрам қаласы өте ертеден аса маңызды ислам орталығы болатын.
«Қ. А. Йасауи - шыққан тегі жағынан түрік. Әкесі Исфиджабта атақ-даңққа бөленген әулие Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим екендігі белгілі. Анасы - Мұса шейхтің қызы Айша (қазақтар Қарашаш ана дейді) . Мұса шейх та Исфиджабта әулиелік кереметімен танылған адам болған. Тарихи деректерде Ибрахим шейхтің Ахмет және Гауһар атты екі перзенті болғандығы туралы мәліметтер басым». [ 2, 13]
Қазақстандық яасауитанушы Мұхамедрахым Жармұхамедұлы: «1166-67 жылдар ақынның қайтыс болған жылы емес, жер астына түскен 63 жасы болса керек. Жер бетінде қанша жыл жасаса, жер астында сонша жыл жасады. Ұлы ақын 1103 жылы туып, 1228 жылы қайтыс болады. Хикметінде айтылғандай, 125 жыл өмір сүрді», - деп оған дәлел ретінде
«Хикметтен» мына жолдарды келтіреді:
Иранлардин фаиз уа футух алалмадим, Иүз игирма бешка кирдимбилалмадым.
Хақ тағала тағатларин қылалмадим, Иштиб, уқиб иерга кирди Қул Қожа Ахмад.
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақтүрік университетіндегі өкілетті Кеңестің бұрынғы төрағасы Намық Кемал Зейбектің «Қожа Ахмет Йасауи жолы және таңдамалы хикметтер» (Анкара, 2003) деп аталатын еңбегі қазақ тілінде жарық көрді (Аударған - философия ғылымдарының докторы, профессор Досай Кенжетай Тұрсынбайұлы) . «Мен бұл кітапты жазған жоқпын. Тек қана дайындадым. Бақша өте үлкен… Сол бақшадан азды-көпті терген гүлдерімді сіздерге ұсынып отырмын. Бұлар - мәңгі солмайтын гүлдер. Егер бұл кітап көңiліңізге қонып, ұнап жатса, сан қайтара оқуларыңызды сұранамын», - дейді автор.
1991 жылдың 6 маусымында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Жарлығымен ашылған Түркістан Мемлекеттік университеті де Түркістан қаласында орналасқан. Бұл универститет 1992 жылы қазан айының 31-інде Қазақстан Республикасы мен Түркия өкіметтерінің арасындағы келісім нәтижесінде Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универститеті болып қайта құрылды. Қазір мұнда 10 мыңға жуық студент білім алуда. Оларға «Йасауитану» деген арнайы пән өтіледі. Мұның барлығы - қасиетті бабамыздың қалдырып кеткен асыл ойлары мен маржан сөздерін жас ұрпақтың санасына сіңіру үшін істелініп жатқан игі істер. Ұлы ойшылдың даналық сөздерін үйренуге деген жастардың ықыласының күннен күнге артып келе жатқаны қуантарлық жағдай. 2003 жылдың қазан айында Қ. А. Йасауи мұрасы бүкіләлемдік деп танылып, ЮНЕСКО-ның құрамына енді. Бұл қазақ халқы үшін үлкен жетістік болып табылады.
Жұмыстың хронологиясы: Бірінші тараудың бірінші бөлімінде IX - X ғасырды қамтыса, екінші бөлімінде XIX ғасырдың аяғында - XX ғасырдың басын қамтыды.
Екінші тарауда Қожа Ахмет Яссауидің өмірінен алынған бірнеше ауқымды жылдар қамтылды. Бірінші кезең: кесене салынғалы бергі ХХ ғ. бас кезі, яғни І дүниежүзілік соғыс басталғанға дейінгі кезеңді қамтиды. Екінші кезең: XX ғасырдың аяғы - XXI ғасырдың басын қамтыды.
Зерттеу әдістері: философиялық, психологиялық-педагогикалық, оқу- әдістемелік еңбектерге теориялық тұрғыда талдау жасау, жоғары педагогикалық оқу орындарында қолданылған әдебиеттерді зерделеу, озық тәжірибелерді зерттеу, сауалнама жүргізу, сараптау, тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижелерін жүйелеу, статистикалық өңдеу.
I ТАРАУ. ҚОЖА АХМЕТ ЯССАУДІҢ ӨМІРІ МЕН ЗЕРТТЕУЛЕРІНІҢ ТАРИХИ МАҢЫЗЫ
1. 1 Қожа Ахмет Яссауидің деректер негізінде ғұмырнамасы
Аты мұсылман әлеміне әйгілі, сопылық әдебиеттің ірі өкілі, кемеңгер, ойшыл ақын Қожа Ахмет Яссауи (1103-1228) артына мән-маңызы өшпейтін елеулі де асыл мұра қалдырды. «Диуани хикмет» атты өлең тілімен жырлайтын туындысы қанша ғасырлар өтсе де, өзінің өміршең құндылығымен мұсылман әлемінде жарық жұлдыздай ел-жұртқа аумас бағыт беріп келеді. Бұл аты шулы жинақ несімен құнды, оның мәңгілігі неде десек, ең алдымен, оның терең адамгершілікке құрылған дүнияуи мәселелердің сыр-сипатын айқара ашып түсіндіріп, бұл өткінші жалғанда неден үйреніп, неден жиіркену жолдарын көрсету деп жинақтай айтуға болар еді. Ал, тарата бағамдасақ, адам өміріндегі әр алуан қарым-қатынас: мансап пен нәпсі, қорлық, байлық пен кедейлік, әділеттік пен зұлымдық, ынсап пен қанағатшылдық, адамгершілік пен ізгілік, тәубашылдық пен имандылық секілді меселелердің сыр-сипатын ұғып білу арқылы Алла Тағаланы танудың жолдарын саралау, соған шын көңілден мойынсұну көріністері дер едік. Осы талаптарға орай ғұлама-ақын бұл өмірдің баянсыздығы мен ол дүниенің бақилығын (мәңгілігін) өз ара қарапайым тілмен салыстыра отырып, адалдық пен әділдіктің, мейірімділік пен қайырымдылықтың, тәубаға келу мен кешірімділік, адамгершіліктің имандылыққа бастайтынын бұлтартпас дәлелдер арқылы айғақтайды. Бұларға қарсы жауыздық пен зұлымдық, өтірік-өсек, надандық пен тойымсыздықтың кешірілмес күнә екеніне де зер сала үңіледі. Осы соңғылардан арылу, тазарудың міндет-мақсаттарын ашып пайымдауға да ол үлкен мән береді.
Жас Қожа Ахмет Яссауи қазіргі Шымкент қаласы жанындағы Сайрам елді мекенінде туып, сондағы ауылдық молдадан дәріс алған. Жастық шағы да сонда өткен. Әкесі Ибраһим өз кезеңінің сауатты, көзі ашық білімді, діндар адам болған. Анасы Қарашаш (енді бірде Айша деп те айтылады) елге қадірлі, ақылды да-аяулы адам болған делінеді. Ел-жұрт бұл кісілер дүниеден өткенде, екеуіне де күмбез тұрғызып белгі соққан, осы ескерткіштер әлі күнге дейін Сайрам елді мекенінде сақталған. Аңыз бойынша, жас Қожа Ахмет Яссауи ұстазы Арыстан Бабпен алғаш жолығып, Мұхаммед пайғамбардың өзіне арнаған құрмасын алатын көпір де сол Сайрам елді мекенінде. Алайда Қожа Ахмет Яссауидің Сайрамдағы жастық шағын баяндайтын деректер жоқтың қасы. Десек те Қожа Ахмет Яссауидің жастық шағы мен ата-бабалары туралы қызықты деректері бар бір құнды шежіре кейінгі жылдары табылды. Осы шежіре бойынша басылған «Шажараи-Саодат» атты кітапшада бұрынғы біз жариялаған «Насаб-намедегі» секілді Қожа Ахмет Яссауидің әкесі Ибраһим атаның арғы бабалары Мұхаммед пайғамбардың інісі әрі күйеу баласы Әзіреті Әлидің Мұхаммед Ханафия атты ұлынан тарайтыны айтылады. Бұл аталған шежіре 90-жылдардың бас кезінде Сайрам қаласындағы ескі, бұзылған үйдің қабырға жапсарынан табылған. Тапқан Сайрамдық Саидикрам Саидакбаров деген кісі. Кейін бұл алты метрлік Қытай қағазына жазылған қолжазба Шымкент қаласында жеке кітапша болып басылды. Мұнда Қожа Ахмет Яссауидің жастық шағы мен алғашқы оқыған ұстазы жөнінде бұрын ешбір деректе ұшыраспаған тың мәліметтер келтірілген.
Көзі қарақты, зиялы да тәрбиелі ортадан шыққан Ибраһим ата, осы «Шежіреде» айтылғандай, зейінді де зерек 6-7 жасар баласы жас Қожа Ахмет Яссауидің сондағы Шаһабиддин Исфиджаби деген ғұламаға алып келіп, «Сүйегі біздікі, еті Сіздікі, иншалла, артымызда лайықты мұсылман қалсын деген ниетіміз» деп қолынан жетектеп әкеліп өзі тапсырған делінеді. Ол кісі шашы да, сақалы да, тіпті, қасы да қудай аппақ болғаны себепті «Ақ Ата» деп аталып кетсе керек. Сол «Ақ Ата» бір күні балалардың қабілет-түсінігі мен ой өрісін сынау үшін, дәрістен соң шәкірттеріне былайша тапсырма берсе керек: «Шырақтарым, әрқайсысың үйге барған соң, бір-бірден мекиен тауық не қоразды құдайдың көзі түспейтін қалтарыс жерде «бісміллә» деп бауыздап алып келіңдер» депті. Ертеңіне өзге балалардың бәрі ұстазының айтқанын бұлжытпай орындап келіпті, тек Ахмет қана қоразды дорбаға салып тірідей алып келсе керек. Ұстазы Қожа Ахмет Яссауидан мұның, себебін сұрағанда, бала: «Ұстаз, кешіріңіз, қоразды «бісміллә» деп бауыздай алмағаным: қай жерге жасырынсам да, құдай бәрі бір құдыретімен «көріп тұрмай ма?» - депті. Сонда : «Бәрекелді, Ахметім» - деп, Ақ Ата оны бауырына басып, мандайынан сүйіпті. Көзіне жас келіп, іштей сезініп жүрген қастерлі ойының құпия-сыры ашылғандай: «құдай сені әрқашан жамандықтан сақтасын» деп ризашылық білдіріпті. Медреседен үйге қайтқанда да ол ұстаздарымен медіресе ауласын сый-құрмет тұтып үнемі айналып өтеді екен. Үлкен кісілерге жолыққанда да, «Ассалаумағалайкүм» деп бірінші болып әуезді үн қатып сәлем беру әдетіне айналыпты. Мұның бәрі үйдегі әке-шешесі мен медреседегі ұстаздар өнегесін, құрандағы мұсылмандық ереже-этикасын үлгі тұтуынан екені анық аңғарылады. Бұған жастай әкесі Ибраһим шайықтың айтуымен құлағына сіңген аңыз да елеулі әсер еткен болса керек: Мұхаммед пайғамбарымыз жеті қат Арсы-Күрсіге Жебірейілмен бірге ұшып бара жатып, кейін өзінің ісін жалғастыратын Қожа Ахмет Яссауидің рухын көріп, оған сәлемдемеге пейіштен бір құрма арнап, оны қашан, қалай тапсыруды Арыстан Бабқа жүктегенінен жас бала күн бұрын хабардар еді.
Қожа Ахмет Яссауидің есімімен «Қожа» сөзінің қосарланып аталуы жөнінде де бұл «Шежіреде» берілген түсініктің мәні өте зор. Мұнда осыған
орай: «Оның (Ахмет Иасауиді айтады - М. Ж) әкесі «Шайх Ибраһим» болса, арғы аталары Махмұд Шайх, Ифтиһар Шайх Омар Шайх және Мұхаммед пайғамбардың інісі әрі күйеу баласы болған Хазірет Әлидің Ханифа есімді әйелінен туылған Мұхаммед Ханафияның әулет-ұрпақтарына барып тіреледі. Сол үшін Хазірет Әлидің тұқымдары Орта Азияда «Қожа» атағына ие болған», - деп жазылған. Осы деректің мән-жайы туралы Мұса Сариемнің «Тарихи Эмания» атты кітабында да толық мәлімет келтірілгені сөз болады.
Осы мерзім жас Ахметтің өміріндегі аса елеулі, қиын кезең еді. Сол жылдары оның әкесі Ибраһим шайх қайтыс болып, баланың жетім қалған кезі болатын-ды. Ендігі мерзімде тікелей ұстазы «Ақ Атадан» тыс, Сайрамдағы өзге де ғұлама-білім иелерінен тәлім-тәрбие алған жас талап Қожа Ахмет Яссауи іздеп келіп пайғамбардың сәлемдемесін берген Арыстан Бабтан ислам шариғаты, тариқаты туралы көп үйреніп, сабақ алады.
Қожа Ахмет Яссауидің «мектеп көріп, қайнап толып тасқан» кезеңі өз хикметтерінде 17 жас деп жырланады (бір аңыз әңгімеде 20 деп көрсетіледі) . Ақын ұзақ жылдар бойы жиған-терген ілім-білімін енді халыққа таратуды мақсат етіп, бүгінгі Түркістан, кешегі Шауғар, Иасыға келіп біржолата мекен теуіп тұрақтайды. Әкесі Ибраһим Ата үнемі ой үстінде жүретін ұлы Ахметтің Иасыға қоныс тебуіне қарсылық білдірмей «жолың болсын» деп батасын беріп қала береді. Бұл Қожа Ахмет Яссауи өміріндегі ең бір шешуші, маңызды кезең болып табылады. Сондағы бұлақ басына бірінші болып қоныс тепкен сопының тұрақ-жайының төңірегі аз ғана уақытта еселеп артып, әуелі кішігірім ауылға, бір аздан соң қол өнері бар сауда орталығына, келе-келе қалашыққа айналады. Осындағы «Он жетімде Түркістанда тұрдым, міне» дегенде, ақын кейінгі Түркістан қаласынан емес (ХІІ-ХІ ғасырларда бұл мекен «Иасы» деп аталған), түрік халықтарының отаны Тұран, кең мағынадағы үлкен Түркістан туралы айтқан тәрізді.
Қожа Ахмет Яссауидің ізгі істері мен атақ-даңқының шарықтап өсуі, кемелденуі жер бетіндегі алпыс үш жылдық өмірімен тығыз байланысты. Халықтың әйгілі Түркістанды «Жарты Мекке» деп атап, Қожа Ахмет Яссауиді «Түркістан пірі» деп марапаттауында да үлкен мән бар. Ол мұсылман ілімінің асқан білгірі, соның тынымсыз насихатшысы болумен қатар, өзінің жеке тұлғасының жұртқа үлгі болар өнегесі де аз емес еді.
Білімді шәкірттер дайындап, ол сол тұстағы сопылық мектептің Иасауилік жаңа үлгісін қалыптастырды. Бұл орайда алқа-қотан «һу-һулеп» зікір айту дәстүрінің алғаш негізін қалағанын айтсақ та жеткілікті ғой дейміз. Сопы ауру-сырқау, мүгедек жандардың дертіне дәрман болуда да бойындағы дарыны мен күш-қуатын аямаған. Алайда мақсатқа жету жолында ол талай шырғалаңы мол қайғылы оқиғаларды басынан өткерген. Алғаш жастай әкесі, одан кейін анасы қаза тауып, үміт күткен жалғыз ұлы Ибраһимнің зұлымдар қолынан мерт болуы да өшпес із қалдырған:
Отыз жасқа кірдім, қылдым қасірет,
Уә, дариға, өтті ғұмырым, қане тағат?
Қанағатшыл Хақ қасында хош-сағадат,
Қызыл жүзім тағат қылмай солды, достар…
Елу алты жасқа кірді мұңлық басым,
Тоба қылдым, ағар ма екен көзден жасым.
Жарандардан ләззат алмай көңілім қалды,
Бір және Барым, дидарыңды көрермін бе?.
Осылайша бар өмірін Алланы тану мен соған беріле құлшылық етуге арнаған Қожа Ахмет Яссауи Мұхаммед пайғамбар жасы - алпыс үшке келгенде, «Құлым, жерге кір» деген «Алладан жарлық - хабар алып» дайындалған жер астындағы мекен - жайға (Ғарға - М. Ж. ) түсіп, қалған күндерін сонда өткізеді. Бұл сопы өміріндегі естен кетпес елеулі де әсерлі оқиға болғаны аңғарылады.
Ал енді, ақынның қанша жыл өмір сүргені (Жер бетіндегі 63 жас пен жер астындағы 63 жылын қосқанда) туралы мәселеге келсек, жоғарыда келтірілген жолдардағы өзі айтқан жер астындағы 63 жылын есепке алғанда, ол ең кемі 125 жыл жасаған болып шығады. Ендеше туған мерзімі 1103 жыл болса, онда қайтыс болған кезі 1228 жылға орайлас келеді
1. 2 Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани хикмет» еңбегінің ислам дінінің тарихындағы рөлі
Ислам дінінің Орта Азия мен Қазақстан аумағында таралуына сүбелі үлес қосқан шоқтығы биік тұлғалардың бірі Қожа Ахмет Ясауи. Өйткені оның еңбектері мен даналық хикметтерінің маңызы күні бүгінге дейін өзіндік мән-мағынасын жоғалтқан емес.
Қожа Ахмет Яссауи ілімінде Хаққа қызмет ету халыққа қызмет етуден басталады. Оны ғарип қылып, жалғыздыққа қарай итермелейтін күш оның дүниеге деген көзқарасы, Хақ жолына деген ұмтылысы мен махаббаты. Аллаға деген құлшылықтың ең жоғарғысы - еркіндік. Адамдардың рухани өмір ішкі рухқа қатысты болғандықтан, Қожа Ахмет Яссауи іліміндегі еркіндік мәселесі негізінен адамның «ішкі еркіндігі» шеңберінде қарастырылады. Ішкі еркіндікті ислам дүниетанымында «моральдық еркіндік» дейді.
Оның ілімінде нәпсі - жамандықтың, рух - жақсылықтың қайнар көзі болып табылады. Хикметтің басы - Алланы бар және бір деп білу. Ақиқатты адам баласына ескертіп, тікелей еске салып отыратын таным көзі - Құран деп біледі. Сонымен қатар, Алланы танудың негізгі сыры адамның өзінде екендігін айтады.
Сопылық дүниетанымға тән теориялы-тұжырымдамалық ұстанымды Қожа Ахмет Яссауи түркілік дүниетаным негізінде жаңғыртты. Ислам тарихында дінді ұғынудың, қабылдаудың ерекше түрі ретінде пайда болған «сопылық ағым» бой көрсетті. Қожа Ахмет Яссауи ілімі түркілік дүниетанымның негізгі категориясына сай дамыды. Тәңірді жазалаушы, қорқыныш иесі ретінде ғана емес, Тәңірді сүю және оның үкімдерін құрметтеу арқылы Аллаға деген махаббатты қалыптастырды. Бұл адам бойында махаббат, жауапкершілік сезімді, иманмандылық, ізгілік т. б. асыл құндылықтарға негіздейді. Қожа Ахмет Яссауидің хикметтері арқылы және оның нәтижелі жемістерінің негізінде ғана мәнді, мағыналы өмірді, «адамша тіршілік ету өнерін» меңгере алады .
«Диуани хикмет» еңбегімен мәшһүр болған тұлғаның қаламынан жыр жолдар елдің рухани азығы мен тәлім-тәрбиелік қасиеттерін молайтуға ықпалын тигізері айдан анық.
Қожа Ахмет Йасауидің «Диуани хикметтері» сопылық идеясын жыр еткен, этикалық-дидактикалық мазмұндағы әдеби шығарма. Шариғаттың қыр-сырын терең меңгеруде, дін қағидаларын қалың қауымға өз тілдерінде тереңнен таныту мақсатында хикметтерін жергілікті халыққа жақын айшықты айқын поэзия тілімен жазды. Қожа Ахмет Яссауи түркі тілінде халыққа бейнелі жыр жазудың үлгісін жасап, түркі тілдерінің көркем шығармалар тудыру мүмкіндігінің мол екендігін дәлелдеді. Оның жазба әдебиет үлгісіндегі шығармалары түркі топырағында ертеден қалыптасып, дамып келе жатқан суырып салмалық дәстүрдегі әдебиетке жаңа серпін, тың мазмұнды өзгерістер алып келумен қатар, оны түр және мазмұн жағынан көркейтіп, кемелдендіре түсті. Бұрыннан дидактикалық сипаты басым түркі әдебиеті насихаттық негіздегі ой тұжырымдармен толыға түсті. Қожа Ахмет Яссауи шығармашылығы түркі-мұсылман әлеміне кеңінен жан-жақты таныла отырып, Яссауи ізімен хикмет жазу дәстүрге айналды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz