Дұрыс берілген тәрбие сапалы білімге негіз
Орындаған: Нусуп А.Н
Тексерген: Бакирова Г.П
Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы
"Адамға ең бірінші білім емес,тәрбие беріліуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның бар өміріне апат әкеледі" демекші сөзімді атақты ойшыл Әбу Насыр Әл-Фараби дің осы бір нақыл сөздерінен бастағым келіп отыр.Жалпы адамзат баласын өркениетке жетелеп,саналы және парасатты жеке тұлға ретінде қалыптастыру үшін не қажет? Менің ойымша ол-тәрбие. Бұл ұғымды әр адам әрқалай түсінуі мүмкін. Өзімнің жеке көзқарасымды айтатын болсам Тәрбие тал бесіктен деп бекер айтылмаған. Тәрбие-ерте заманнан бастап ата бабамыздың болашақ ұрпаққа мұра қылып жеткізіп отырған өнеге өсиеті. Отбасыдағы тәрбиені дұрыс ала білген бала ішкі руханиаты бай,кез келген ортада басқа адамдармен тез тіл табыса алатын тұлға болып өзін көрсете алады. Мәдениет пен тәлім-тәрбие ұштасқанда ғана адамзат баласының бойында адамгершілік қасиеттері пайда болып, өмірде өз жолын тауып кете алады. Кез келген бала тәрбиесіне отбасынан бөлек көптеген факторлар әсер етеді мысалға: білім ордалары, араласатын достары, қоршаған ортасы, мәдениет пен оның қоғамдағы орны жалпы айта берсек өте көп. Сол үшінде әр баланы кішкентай кезінен бастап тәрбие мен адамгершілікке баулып, оның өз қызығушылықтарының ары қарай дамуына жақындары мен отбасы барынша ықпал етуі керек. Егер әр жас буын ата-бабаның жолымен, ананың жылулығымен берілген қасиеттерін, ата-анасының тәлім-тәрбиесін ұғынып өз бойына сіңіре алса және одан бөлек келешекте оны өз өмір жолында қолдана білсе онда болашағымыздың жарқын болары сөзсіз. Мәдениетіз білім-қауіпті деп Ермек Тұрсынов ағамыз айтпақшы, білімді бірақ мәдениеті, тәрбиесі жоқ адам болса оның қоғамға деген пайдасынан көрі төнгізер қауіпі жоғары болмақ.
Шынымен де, айналамызға бір зер салып қарасақ адамдардың ішкі мәдениеті төмендеп бара жатқан секілді. Тіпті барлығына қолжетімді әлеуметтік желілерде болсын қазақылық болмысымызға жат не болмаса ұлттық құндылықтарымызға бір мүлдем сәйкес келмейтін іс-әрекеттерді байқап жатамыз. Ең сорақысы мұның барлығы ашық түрде еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін қолжетімді түрде тұр. Кейде өзімізге жат,жөнсіз бір әрекеттер байқап қалсақ қазір заман өзгерген немесе заман өзі сондай деп көз жұмып, қысқа қайыра саламыз. Осылайша біз өзіміздің ғасырлар бойы үзілмей, өз үлгісін жоғалтпай келе жатқан халқымыздың рухани келбеті мен мәдениетінен алшақтап кеткенімізді мойындап, жауапкершілікті алудан қашқақтаймыз. Сол себепті әке-шеше балаға өзінің ұлттық құндылықтарын ұмыттырмай әрі қоғамдық өмірге сай түрде тәрбиелеуге міндетті. Ұядан не көрсең, ұшқанда соны ілерсің деп осыдан халық бекер айтпаған. Санасы қате пікірлермен уланған адамды оңай ғана тәрбиелеу қиын жұмыс. Әлемде қаншама бұрыс пікірлі, қате идеалогияның жетегінде жүрген адамдар бар. Кей біреулері мұның қате екендігін түсінсе де, үйреніп қалған әдетінен шыға алмайды. Сондықтан баланың ең әуелгі өсетін ортасына, отбасы тәрбиесіне өте терең көңіл бөлу керек. Тәрбиенің қиындықтары көп, сол қиындықтан қашпаған ата-ана ғана саналы тәрбие бере алады. Қанша жерден білікті, жоғары дәрежелі маман бол, шет ел асып қызыл диплом ал бірақ адами тұрғыда алған тәлім-тәрбиең қоғамға басқа көзқараспен қарап менмендік танытса онда жеткен жетістігіңнің айналаңа пайдалы болатынына сенімдісіңбе? Осы тұжырымым әл-Фарабидің Тәрбиесіз адамға білім беру қауіпті сөзіне жақсы аргумент болатын секілді.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясында сөйлеген сөзі бар Қазіргі заманғы әлемде еліміздің берік мәдени тұғырынсыз экономикалық және саяси табыстары болуы ақылға сыйымсыз. Планетаның 30 лайықты ұлтының біріне айналу үшін, бәрінен бұрын, ХХІ ғасырда ең танылған мәдениеттің қатарында болу керек. Біз Қазақстанның әлемдік жоғары мәдениет қоғамының үш ондығы шоғырына енуін қамтамасыз етуге тиіспіз Яғни мемлекетімізді дамыту үшін ең алдымен осы мәдениет саласына көңіл бөлінуі қажет. Жоқ демеймін әрине, елімізде жастардың руханиятын байытып, кемелденуге шақыратын жобалар ашылып жатыр. Мысалға қарапайым кино саласына зер салсақ.Өзіңіздің тұратын жеріңіздегі кинотеатрларға барып көріңізші. Афиша толған түпнұсқасынан орыс немесе қазақ тіліне аударылған шетелдің түсірілген фильмдері, өзіміздің отандық режиссерлердің түсіргенін көрейін десең толған комедия, әзіл ысқаққа толы жастарға көңіл көтеріп, бос уақыт өткізгеннен басқа берер мән мағынасы жоқ кинолар. Тарихымызды еске алып жас буынға тәрбие беретін фильмдердің сеанстарына қарасаң тек кешкі бірең сараң уақытқа қойылған, ал кейбір елді мекендерде мүлдем жоқ. Қыркүйектің 21і ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz