Жеке құқықтық әдістер


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ
Қ. ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пән:
Тақырыбы «Мемлекет және құқық теориясының әдіс-тәсілдерінің жүйесі»
Орындаған: Аманкосов А.
Тексерген: Нурлин А.
Ақтөбе-2023
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ
Әр ғылымның өз саласында объективті ақиқатқа жетуге, заңдылықтарды бейнелеуге және алдын-ала болжауға арналған, жүйелі түрде құрылған мәселелері болады. Сол мәселелер ғылыми тұрғыдан зерттеліп, тұжырымдалып ғылымның пәніне айналады.
Мемлекет және құқық теориясы - қоғамдағы саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік құбылыстарды зерттеп, қоғамдық өмірдегі қарым-қатынастарды реттеу, басқару әдіс-тәсілдерін, объективтік заңдылықтарын анықтап отыратын ғылым. Жалпы теория - мемлекет пен құқықтың өмірге келу, даму заңдылықтарын, мақсатын, мазмұнын, құрылысын, нысанын, қағидаларын, белгі-нышандарын, функцияларын зерттейді.
Мемлекет және құқық теориясы - мемлекет пен құқықтың қоғамдағы мәні, мақсаты және дамуы туралы негізгі және жалпы заңдылықтары туралы жалпыланған білімдер жүйесі, қоғамдағы мемлекеттілік пен құқықтық құбылыстарды анықтайды. Әр ғылымның өздері ғана зерттейтін ғылымы болады. Яғни, белгілі мөлшердегі сол пәнге сай зерттелуге жататын құбылыстар мен заңдылықтар.
Мемлекет пен құқық теориясының пәніне олардың қоғамда пайда болуы, қандай қызмет атқаратыны және де дамуы туралы негізгі және жалпы заңдылықтар жатады.
Жалпы теорияның пәні қоғам мен мемлекеттің арасындағы санқырлы, күрделі қарым-қатынастарды, қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің алатын орнын, маңызын, азаматтық қоғам мен мемлекеттің өзара байланысын, адамдардың сана-сезімін, оның қоғамдағы маңызын, мемлекеттің болашағын, құқықтық мемлекет қалыптастыру бағыттарын зерттеп, қорытынды тұжырымдар жасап отырады.
Мемлекет пен құқықты бір-бірінен айыруға болмайды. Олар объективтік тұрғыдан тығыз байланыста бірлесіп дамитын ғылым. Бірақ та олар бір ғылымға жатқанымен өздерінің нақты бағыттары болады. Мемлекет қоғамның саяси-экономикалық құрылысымен шұғылданады, ал құқық болса - нормативтік актілер жүйесін қалыптастырады.
Міне осы бірлестікпен дербестік олардың мазмұнын, мақсатын, қызметінің әдіс-тәсілдерін, функцияларын жан-жақты зерттеуге, жаңартуға, дамытуға мүмкіншіліктер береді. Мемлекет пен құқықты тереңірек зерттеп білуге жаңдай туады.
Заң ғылымы өткен дәуірде (алғашқы қоғамда, құлиелену, феодалдық, буржуазиялық формацияларда), қазіргі кезеңде, боашақта мемлекет пен құқықтың қоғамды басқарудағы объективтік және субъективтік заңдылықтарын, әдіс-тәсілдерін зерттейді. Осы үш дәуірде болған және болашақ қоғамның және мемлекет пен құқықтың өздерінің даму процесінде болған жақсы тәжірибелерді жинақтап қорытынды тұжырымдар жасалып отырады.
Сонымен, мелекет және құқық теориясының пәні - адам қоғамының өміріндегі құбылыстардың, мемлекет пен құқықтың өмірге келу, даму объективтік заңдылықтары мен олардың мәні-маңызы, құрылымы және мақсаты.
Бұл түсіндірме үш тараудан тұрады:
-Қоғамның қалыптасу, мемлекет пен құқықтың өмірге келу заңдылықтары;
-Қоғамның, мемлекеттің, құқықтың даму заңдылықтары;
-Қоғамның, мемлекеттің, құқықтың тарихи маңызы, құрылымы, мақсаты.
Мемлекет пен құқық теориясы іргелі терең ғылым ретінде бірнеше функциялар атқарады:
Онтологиялық функция - (шын білім - грек . . . ) Адам қоғамының тұрмысын, оның қағидаларын, құрылымын, даму заңдылықтарын зерттеу. Бұл зерттеу арқылы мемлекет пен құқықтың өмірге келуін, дамуын, болашағын білуге мүмкіншілік қалыптасады.
Гносеологиялық функция - (гр. -білім, теория) . Таным теориясы арқылы мемлекет пен құқықтың құрылымын, маңызын, мақсатын білуге болады.
Эвристикалық функция - (гр. - табу) . Заң ғылымының барлық саласында зерттеудің әдіс-тәсілдерін жетілдіріп, қоғамдағы құбылыстарлың даму процесінің жаңа заңдылықтарын табу, ашу.
Методологиялық функция - мемлекет пен құқық теориясы заң ғылымдарының салаларын талаптарына сәйкес жалпы әдістемелік ғылыми тұжырымдар жасап, ғылымның ары қарай жақсы дамуына жағдай жасау.
Саяси функция - қоғамның алдынлда тұрған мақсатты, саясатты жалпы теория тұрғысынан орындау бағыттарын, жлдарын белгілеу. Мемлекеттің ішкі-сыртқы саясатының ғылыми негіздерін жасап, оның ғылыми тұрғыдан орындалуын қамтамасыз ету.
Идеологиялық функция - жалпы теория қоғамдағы әртүолі көзқарасты, саясатты, идеяларды біріктіріп, ғылыми тұрақты жүйе қалыптастырып, адамдардың сана-сезімін, құқықтық мәдениетінің сапасын жақсарту.
Тәжірибелік-ұйымдық функция - тәжірибелерге сүйене отырып, жалпы теория қоғамдағы заңдылықты, тәртіпті сапалы іске асыру үшін ұсыныстар жасап отыруы қажет.
Болжау функциясы - жалпы қоғамдағы саяси-құқықтық құбылыстармен ғана шектелмей, сол құбылыстардың болашақ бағытын зерттеп, ғылыми қорытынды тұжырымдар жасап, оны құқықтық реттеп-басқару бағдарламасын дайындауы қажет.
Құқық және мемлекет теориясының функциялары бір-бірімен тығыз байланыста дамиды. Олардың қызметін біріктіріп зерттегенде, жалпы теорияның қоғамдағы маңызы жақсы көрінеді. Жалпы теория өз функцияларын заң ғылымының басқа салалармен бірлесіп атқарады. Сонда ғана нәтиже болады.
Мемлекет пен құқық теориясының осы аталған функцияларының ішінінен әдістемелік тұжырымдар жасайтын методологиялық функцияға кеңінен тоқталайық.
Методология - дүниені философиялық тұрғыдан түсіндіретін ілім. Ғылымның методологиясы - оның ғылыми зерттеу әдіс-тәсілдері. Ғылымның әдіс-тәсілдері дегеніміз - белгілі бір пәнді танып-біліп, анықтау үшін зерттеу барысында пайдаланылатын тәсілдері, амалдары мен жолдары. Әдіс-тәсілдер белгілі бір қорытындыға жету үшін көмектесетін әрекеттердің жиынтығы болып табылады. Әрбір адамның ойлау қабілетінің деңгейі әртүрлі болып келеді, сол себепті барлық адамдардың табысқа жету мүмкіндіктерін туралау үшін белгілі бір құрал керек. Мұндай құрал ғылымда ғылыми әдіс деп аталады.
Мемлекет пен құқық теориясының әдісі - оның пәнін түсінуге көмектескен тәсілдер мен жолдардың жиынтығы арқылы білім алу, мемлекеттік -құқықтық құбылысты зерттеуде ғылыми жолмен қамтамасыз етілген теориялық принциптердің, логикалық әдістер мен арнайы тәсілдердің жиынтығы болып табылады. Сонымен қатар, мемлекет пен құқық теориясы қазіргі таңдағы мемлекеттік құқықтық болмыстарды, құқықтық түсініктерді зерделейді, мемлекет пен құқықты басқа құрылымдардан бөліп қарауға, сонымен қатар, әлеуметтік құбылыстар жүйесіндегі олардың орнын анықтауға, мемлекет және құқықтық мәнін түсінуге жол ашады. Яғни, мемлекет және құқық теориясы дегеніміз тек қана ертеден сақталып келе жатқан ғылыми жүйе емес. Ол әр кезеңде ізденісте жүретін, үнемі даму үстінде болатын, тірі ғылым. Әдіс және әдіснама (методология) деген түсініктерді ажыратып алуымыз керек.
Әдіснама екі мағынада қолданылады:
1. Әдістер туралы ілім
2. Әдістер жинағы
Мемлекет және құқық теориясының әдістері мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды зерттеуде ғылыми жолмен қамтамасыз ететін теориялық принциптердің, логикалық әдістері мен арнайы тәсілдерінің жиынтығы болып табылады.
Мемлекет пен құқық теориясы өзінің пәнін түсіну үшін ғылымда көптеген әдіс-тәсілдерді қолданады.
Мемлекет пен құқық теориясының барлық көпжақты әдіс-тәсілдерін мынандай жүйе түрінде елестетіп түсінуге болады (№1 кестеге қараңыз) :
- Жалпы әдістер- ойлаудың универсальды принциптерін көбірек
көрсететін философиялық, дүниетанымдық бағыттар. Жалпы әдістерге мыналар жатады:
а) Метафизика. Ол мемлекет пен құқықты мәңгілік және өзгермейтін институттар ретінде қарастырады;
ә) Диалектика-табиғаттың, қоғамның және адам ойының дамуы мен қозғалысының жалпы заңдары жайындағы ғылым, дүние танудың әдісі мен теориясы. Диалектика объективті күрделі заңдылықтардың қажеттігін қарама-қайшылыққа толы табиғатын зерттейді. Диалектиканың негізгі заңдары: қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі; сан өзгерісмтерінің сапа өзгерістеріне ауысуы; терістеуді терістеу заңы.
. Өз ішінде материалистік және идеалистік болып бөлінеді.
Материалистік диалектика - бұл құбылыстарды қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістермен, нақты айтқанда, жеке меншіктің пайда болуымен және қоғамның таптарға бөлінуімен байланыстырады, яғни, мемлекет пен құқық нақты бір тарихи кезеңге сәйкес, бір-бірімен байланыстылықта, даму барысында қарастырылады.
Сонымен, материалистік диалектиканың методологиясының негіздеріне сәйкес мемлекеттік-құқықтық құбылыстар қоғамның өмірімен бірге зерттелуі тиіс. Сондықтан, қоғам, мемлекет, құқық - осылардың арасындағы қатынастарының түрлерін білу қажет. Қоғамның базисі мен қондырмасы арқылы арқылы қоғам мен мемлекет-құқықтық байланысы, қоғамның мүдде-мақсатының құқық-мемлекетпен байланысы.
- Қоғамның экономикалық базисы өзінің қондырмасымен байланыста дамиды. Қондырманың бір саласы құқық пен мемлекет. Қондырма - базис арқылы қоғам, құқық және мемлекетпен тығыз байланыста болады. Қоғамды реттеп басқаратын құқықтық мемлекет.
- Құқық пен мемлекет қондырманың бір күрделі саласы, олар қоғамның барлық саласымен үздіксіз байланыста болады және құқық пен мемлекеттің қызметі қоғамдағы адамдардың сана-сезімімен де байланыста дамиды. Бұл екі жақты объективті процесс.
- Мемлекет пен құқық қоғамның қоғамның жалпыхалықтық және таптық мүдде-мақсаттарын реттеп-басқарып іске асырып отырады. Бұл да екі жақты объективтік процесс.
Идеалистік диалектика, өз кезегінде, объективтік және субъективтік идеализм болып екіге бөлінеді.
Объективтік идеализм мемлекет пен құқықтың пайда болу себептері мен өмір сүру жағдайын құдайдың күшімен, ал субъективтік идеализм адамның санасымен байланыстырады.
Сонымен, материалистік және диалектикалық әдіске сәйкес мемлекет пен құқық қоғамның экономикалық, саяси, рухани жағдайларымен тығыхз байланыста, үздіксіз қозғалыста, дамудағы объективті шындық құбылыстар. Мемлекет пен құқықтың өздерінің даму заңдары болады.
- Жалпы ғылыми әдістер- ғылыми танымның барлығын толық
қамтымайтын тәсіл, жалпы әдістен айырмашылығы, оның тек жекелеген кезеңдерінде қолданылады. Оған мыналарды жатқызуға болады:
- Талдау- күрделі мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды шартты түрде жеке бөліктерге бөлу;
- Синтез- оның бөліктерін шартты бөлу жолымен, құбылыстарды зерттеу;
- Жүйелі ыңғай- объектінің тұтастығын ашуға, ондағы көпжақты кейіпті ашып көрсетуге бағыт береді;
- Функциональды ыңғай- бір әлеуметтік құбылыстың, екіншісінен өзгешелігін білуге бақыттайды.
- Жеке ғылыми әдістер- мемлекет пен құқық теориясының
техникалық, жаратылыстану, табиғи және гуманитарлық ғылымдардың ғылыми жетістіктерін қабылдауы нәтижесінде пайда болатын әдістер.
Оған мыналарды жатқызуға болады:
- Нақты әлеуметтанушылық әдіс - мемлекеттік-құқықтық аядағы субъектілердің тәртібін көрсететін мәліметтерді алуға бағытталған, анкеттер жасау, бақылау және басқа әдістер. Бұл әдіс сұраудың, бақылаудың, сұқбаттасудың және т. б. тәсілдердің көмегімен мемлекеттік-құқықтық саладағы субъектілердің іс жүзіндегі жүріс-тұрысы туралы мәліметтер алуға мүмкіндік береді.
- Статистикалық әдіс - нақты бір мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың сандық көрсеткішін алуға мүмкіндік береді;
- Кибернетикалық әдіс - кибернетикалық түсінік жүйесімен, заңдармен және техникалық құралдар арқылы мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды білуге мүмкіндік береді;
- Жеке құқықтық әдістер - тек заң ғылымдарына ғана тән болып келеді, оларға мыналар жатады:
- Формальді-заңды әдіс - заңды түсініктерді белгілеуге, олардың белгісін айқындауға, топтастыру жұмысын жүргізуге, құқықтық ұйғарымдардың, ережелердің мазмұнын талқылауға мүмкіндік береді.
- Салыстырмалы-құқықтық әдіс - әртүрлі құқықтық жүйелерді не олардың жекелеген бөліктерін салыстыру - заңдарды, заңды тәжірибені, олардың жалпы және ерекше қасиеттерін көру мақсатында жүргізіледі.
Мемлекет пен құқықты жалпытеориялық тұрғыдан зерттеудің негізгі принциптері:
- Тарихи. Тарихи жағынан қойылатын талап, мемлекеттілік пен құқықтық құбылыстардың даму кезеңдері арқылы, олардың тарихи қарым-қатынастары байқалады.
- Объективтілік принцип ретінде, мемлекеттік-құқықтық шындықты, ғылыми жағынан адал көрсету, ол құбылысты қандай күйде болса да, өзгертпей сол күйінде көрсету.
- Нақтылық - принципі мемлекет пен құқық теориясының, танымдық объектінің тұрған жерінің барлық басты жағдайын есепке алуды, маңызды қасиеттерін, қарым-қатынастарын және оның даму тенденуциясын анықтауды талап етеді.
- Плюрализм. Мұнда, мелекет пен құқықты зерттеудегі көпжақтылық туралы сөз болады.
Егер ғылым, өзінің назарын құбылыстардың тек бір ғана жақтарына не қасиеттеріне салып, басқасын, қасиеті жоқ, қосымша жағдай ретінде есепке алмаса, ол қайткен күйде тығырыққа тірелуден қашып құьыла алмайды. Ғылыми танымның плюрализмі дегеніміз - бір кездегі оның универсалдығы, себебі, бір мезгілде тек мемлекеттіліктің не болмаса, құқықтық құбылыстардың қарама-қайшы көзқарастары емес, олардың пайда болуы туралы бірдей емес ұсынулары, мәндері, әлеуметтік бағыттары, құрамдары, даму жолдары есепке алынады. Мемлекет пен құқық теориясы плюралистік жол арқылы, шын мәніндегі, объективтік шындықты кқрсететін үйлесімді білім жүйесін жасайды.
Өздерінің жиынтығымен ғылымның жүйесін толықтай құратын ғылыми пәндерді шартты түрде үш үлкен топтарға бөлуге болады:
- Техникалық:
- Табиғи (жаратылыстану) ;
- Гуманитарлық
Гуманитарлық ғылымдар - қоғамды, адамды, әлеуметтік қатынастарды және институттарды зерттейді.
Заң ғылымдары - гуманитарлық ғылымның бір бөлігі, себебі мемлекет пен құқық әлеуметтік институттар арқылы көрінеді.
Мемлекет пен құқық теориясы - біріктірілген жалпы түсініктеме бойынша құқықтану деп аталатын заң ғылымдарының жүйесіне кіреді. Қазір көптеген заң ғылымдары бар, яғни заң ғылымдарының жүйесін айтуға болады. Оны мемлекет пен құқықтың көп қырлы қиындығы мен қоғамдық өмірдің көптеген жақтарына тікелекй қатынасы бар құбылыс екендігімен түсіндіруге болады. Оның бір ғылымның көлемінде зерттеу мүмкін емес. Сондықтан, заң ғылымдарын мемлекет пен құықты зерттейтін белгілі ғылыми салаларына бөлу қажеттілігі туады. Заң ғылымдарының жүйесін мынадай негізгі топқа бөлуге болады:
- Мемлекет және құқық теориясы;
- Тарихи-құқықтық ғылымдарға - мемлекет пен құқық теориясы, мемлекет пен құқық тарихы, саяси және құқықтық ілімдер тарихы жатады.
- Салалық заң ғылымдарына - конституциялық құқық, әкімшілік құқық, қаржы құқығы, азаматтық құқық, отбасы құқығы, қылмыстық еңбек құқығы және тағы да басқа құқықтар жатады.
Мемлекет және құқық теориясы жалпы мемлекеттік және құықтық құбылыстарды қоғам өмірінің қай жерінен орын алса да, тәуелсіз, тұтас күйінде негізгі жалпы заңдылықтар арқылы зерттейді. Салалық заң ғылымдары болса, мемлекет тетігінің бөлігін белгілі мекемелердің (заң шығару, орында және сот мекемелерінің), жеке топтағы құқық нормаларын (салалық құқық) зерттейді, онымен қатар, олардың құрамын және мақсатын зерттеуге, қоғамдық қатынастардың белгілі түрінің құқықтық реттеуіндегі ерекшеліктерін таңдауға көңіл бөлді. Мысалы, әкімшілік құқығы - ғылым ретінде мемлекеттік билік органдарының орындау-нұсқау қызметтерінің құқықтық түрлерін зерттесе, еңбек құқығы - жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек ету процесіндегі қоғамдық қарым-қатынастардың құқықтық реттелуін зерттейді.
Мемлекет және құқық теориясы салалық заң ғылымдарының орнына жүрмейді және оның ішінде жойылып кетпейді. Заң ғылымдарының әрбір салалары өз пәндерінің ерекшеліктері мен заңдылықтарын зерттейді. Салалық ғылымдарға қарағанда мемлекет және құқық теориясы жалпы теориялық ғылым есебінде белгілі. Мемлекет және құқық теориясының салалық құқықтарды зерттеудегі маңызы олардың заң ғылымдары жүйесіндегі әдістемелік негізгі ғылым екндігінде. Ол ғылымның жалпы теориялық ережесі салалық ғылымдардың арнайы мәселелерін шешу үшін негіз болып есептеледі. Өздерінің салалық теориясын шығарғанда ол заң ғылымдарының мемлекет және құық теориясындағы әдістемелік ережеге сүйенеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz