Ағылшын және қазақ тілдеріндегі анималистік мақал - мәтелдер
Ағылшын, қазақ және түрік тілдеріндегі анималистік мақал мәтелдер
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Теориялық бөлім 4
1.1 Ағылшын және қазақ тілдеріндегі анималистік мақал - мәтелдер. 4
2 Практикалық бөлім 7
2.1 Ағылшын және түрік тілдеріндегі анималистік мақал - мәтелдер 7
2.2 Қазақ және түрік тілдеріндегі анимлистік мақал - мәтелдер. 11
Қорытынды 13
Қоланылған әдебиеттер : 14
Кіріспе
Халықтың сан алуан білімдерін алғашқы іргетасы сонау ерте кездің өзінде - ақ ауыз әдебиетінің түрлі жанырларында қалана бастаған. Кез-келген халықтың баға жетпес асыл мұрасына айналған, фальклордың негізгі саласының бірі болып табылатын мақал - мәтелдер сыртқы дүниенің небір тылсым сырларын ашып көрсетеді. Әрбір халықтың даналығы мен шешендігінің куәсі болып тұратын осы сөз маржандары кез - келген халықтың өшпес мұрасы, әрі өткен өмірдің, қилы - қилы замандардың хабаршысы іспеттес. Мақал - мәтелдер әу баста дана мен ойшылдың, шешен мен ақын - жыраулардың көмейінен ағытылған асыл сөздер болған.
Түркі халықтары өздерінің мақал - мәтелдерін аталар сөзі, ақыл сөзі, нақыл сөз, даналық сөзі, көсем сөзі дей отырып, Атаңның сақалына қарама, айтқан мақалына қара , Мақал - мәтел маржан сөз, қоса көрме арзан сөз деуі - халықтың берген әділ бағасы.
Тілдегі осы тамаша сөз орамдарының құрамындағы компоненттер семантикалық жағынан ерекшеленіп, ұйытқы сөз қызметін атқарады. Осындай ұйытқы сөздердің бірі болып табылатын жан - жануарлар атаулары, қарастырылып отырған жұмыстың Ағылшын, қазақ және түрік тілдеріндегі анималистік мақал - мәтелдер атты тақырыбына негіз болып отыр.
Тақырыптың өзектілігі. Түркі тілді халықтарда анималистік мақал - мәтелдер көптеп кездеседі. Қарастырып отырған қазақ, түрік тілдеріндегі мақал - мәтелдердің көпшілігі төрт түлік, жан - жануарлар негізінде қалыптасқан. Ағылшын тілінің мақал - мәтелдері болса түркі халықтары, соның ішінде, қазақ және түрік тілдерінің мақал - мәтелдерінен алшақтау, яғни компоненттері жөнінен, құрамында кездесетін жан - жануарлар атауының сан алуандылығымен ерекшеленеді. Халықтың осы көне мұрасын, атап айтқанда, үш тілдің (ағылшын, қазақ, түрік ) анималистік мақал - мәтелдер мағыналық тұрғыдан болсын, құрамына қарай болсын, талдап, ішкі мәнін ашу - қазргі тіл бөліміндегі өзекті мәселелердің бірі десек те болады.
Жан - жануарлар атаулары тілдердің басым көпшілігінің лексикасының ең көне қабатын құрап, көптеген мақал - мәтелдердің пайда болуына негіз болған бірліктер қатарына жатады. Анималистік мақал - мәтелдерде жан - жануарлар атауының қолданылу аясы, оладың халыққа жеткізер мағыналық астары әр тілдің мақал - мәтелдерінде әрқилы болып келеді. Осыған қарамастан, барлық халықтардың мақсат - мүддесі, ой - арманы сай келгеніндей, мақал - мәтелдердегі, оның ішінде, ағылшын, қазақ және түрік тілдеріндегі анималистік мақал - мәтелдердің мағыналас, яғни синонимдес және де керсінше қарама - қарсы мағынада антонимдері де ұшрасады. Аталған мәселелер тақырыптың өзектілігін көрсетеді.
1 Теориялық бөлім
1.1 Ағылшын және қазақ тілдеріндегі анималистік мақал - мәтелдер.
Ағылшын және қазақ халықтарының арасында жалғасымды әрі тығыз қатынас бар деп айта қою қиын. Алайда халықтар арасындағы байланысты әдебиет, яғни барлық адамзат баласына тән жазу өнері, тіл өнері тудыра алады. Сол себепті де зерттеу тақырыбына негіз болған жан - жануарлар туралы мақал - мәтелдер екі халық фольклорында да маңызды орын алумен қатар, кейбір ұқсастықтар мен ортақ құбылыстар да кездеседі.
Жан - жануарлар атауы, осы атаудың әдебиеттегі алар орны мен қолданыс аясы жайында біршама тіл мамандарының жазған еңбектері бар. Мәселен, жан - жануарлар мен аң - құс атауларының бейнелі қолданысының кейбір көріністері В. В. Виноградов, Н. Д. Арутюнова, Ю. Д. Апресян, В. Н. Телия, В. А. Маслова. А. С. Аманжолов, Р. Ғ. Сыздық, М. Р. Сәбитова т.б. ағылшын тіліне қатысты А. Д. Молчанова, И. Д. Петрова, Г. С. Григорьева, В. В.Тимофеевна сынды ғалымдардың еңбектерінде сөз етілді. Жануарлар атауының метафоралық қолданысы жайында жазған Е. А. Гутман, Ф. А. Литвина, О. А. Рыжника, С. К. Сансызбаева, Р. Қ. Смағұлова сынды ғалымдардың зерттеу жұмыстарын атап кеткен жөн. Қазақ тілінде бұл тақырып төңірегінде бірнеше диссертация мен мақалалар жазылған болатын. Дегенмен, зерттеу нысанының тілдік табиғаты толығымен ашылып, айқындалды деп айта қою қиын.
Жануарлар атауларының ауыспалы мағынада қолданылып, өзіне тән емес ұғымдарда пайдаланылуы адамзат баласының тұрмыс - тіршілігінің ұзақ уақыт бойы жануарлар әлемімен тығыз байланыста болып келгенімен түсіндіруге болады. Ал дүниедегі алуан түрлі құбылыстар жөніндегі түсінігін халық өзін қоршаған ортадағы танымына етене жақын, ертеден таныс ұқсас бейнелер арқылы білдіретіні мәлім. Тілдегі қандай да бір сөздің мағынасында таным объектісі болып отырған құбылыстың ерекше сипатын білдіретін элементтер қаншалықты басым болса, сол құбылысты осы сөздің көмегімен бейнелеу мүмкіндігі соншалықты арта түспек.
Адамзат өмірінде басқа да тіршілік иелері, яғни жан - жануарлар маңызды да ажырымас бір бөлік секілді көрініс тапқан. Адам болмысын, айналадағы құбылыс пен оқиғаларды т.б. сипаттауда жануарлар мен аң - құс атаулары таптырмас құрал ретінде әдебиетте шебер түрде қолданылады.
Анималистік мақал - мәтелдерді талдау барысында оларды жасауда ең өнімді деген, белсенділігі жоғары жан - жануарлар атауының тілдің негізгі сөздік қорына жататындығы анықталады. Жануар атауының мақал - мәтелдерде кездесу жилігі сөздің буынына, яғни сөздің ұзын не қысқалығына байланысты болады. Сол себепті екі - үш буындық сөздер ( жануарлар атауы) мақал - мәтелдерде өте жиі ұшырасады. Мәселен, ағылшын тілінің мақал - мәтелдерінде dog , horse,donkey, pig т.б. атаулар жиі кездеседі; ал қазақ тілінде жылқы, қой, түйе, ит сөздері молынан қолданылған.
Анималистік атаулардың кездесу жиілігі тек жоғарыда аталған факторларға ғана байланысты бола бермейді. Сонымен қатар ол тілден тыс құбылыстармен де тығыз байланысты болып келеді. Әр халықтың өмір сүру, тіршілік ортасы мен айналадағы кездесетін жан - жануарлар да бұл процеске әсер етеді. Ұлт психологиясы, оның айналадағы заттарды қабылдау ерекшелігі, адам мен жануар тіршілігіндегі психо - физологиялық ерекшеліктеріндегі ортақтық және олардың семантикасындағы бағалаушы, сипаттаушы, бейнелеуші элементтердің басқа лексемаларымен салыстырғанда басым келуі, осының бәрі де жан - жануарлар атауы қолданыс жиілігін түсіндіре алады.
Әр халықтың дүниені бейнелі қабылдауының түп негізінде қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды сол халықтың тұрмыс - жағдайына, тыныс - тіршілігіне, салт - дәстүрі мен мәдени өміріне тікелей қатынасы бар заттармен салыстыру әрекеті жатыр.
Ағылшын және қазақ тілдерінде анималистік мақал - мәтелдердің көптеп кездесуіне орай, олардың пайда болу себептері, шығу төркіні, семантикасы, көркемдігі, жасалу жолдары қызығушылық тудырмай қоймайды. Бір қарағанда мәні түсінікті болып келгенімен анималистік мақал - мәтелдердің әр қайсысының құрылу, пайда болу тарихы бар десек те болады.
Жоғарыда айтылып кеткендей, ағылшын және қауымдарының өте тығыз әлуметтік - тарихи, мәдени және тағы басқа да байланыс бар деп айта қою қиын. Дегенмен де, тіл - тілде ұқсас жағдайларда қалыптасқан мақал - мәтелдер де кездесіп отырады. Құрылымы бөтен тілдердің өзінде мағыналас, ұқсас бейнеге негізделген, сыртқы мағыналық сипаты жөнінен біртектес мақал - мәтелдердің де кездесу себептері де бар; адам баласының өмірлік тәжірибесі мен ойлау процесіндегі ортақтық, яғни бір - бірімен тығыз қатынаста болмаған халықтардың әлемді бейнелеудегі, оны танудағы ұқсастықтың болатындығымен түсіндіруге болады.
Таза мінсіз асыл сөз ...ой тоқытса шығады дегендей халықтың осы сөз маржандары да қиын - қыстау сәттердің бейнесі ретінде ой түкпірінен шыққан асыл сөздер екені даусыз. Кез - келген мақал - мәтел, шешендік сөз, жыр болсын, барлығы да қоғамдық оқиғалардың түрткісімен пайда болды. Адамзат өміріндегі қилы - қилы өзгеріс пен құбылыстар халық өміріне әсерін тигізіп, ал халық өз тарапынан бұны өзінің ой еңбегінде, өлең жырлардында тамаша түрде, астарлы бейнеде сипаттап жеткізе білген. Әлуметтік оқиғалар, табиғат құбылыстары, адамның мінез - құлық ерекшеліктері, бәрі - бәрі мақал - мәтелдерде көрініс таба білген. Сол себепті де, ағылшын және қазақ халықтарының фольклорындағы осы бір жанрдағы ұқсастық пен біртектестілік түсінікті болып тұрады.
Аң - құстардың географиялық ортада таралуы және халық тіршілігіндегі, шаруашылығындағы атқарар ролі де, осы атаулардың мақал - мәтелдерде кездесу жиілігіне әсерін тигізеді. Ағылшын халықтарының мақал - мәтелдерінде қолданылатын жан - жануарлар атауы қазақ мақалдарында өте сирек немесе мүлде қолданылмауы мүмкін. Мұның себебін әр халықтың өмір сүру салтына қарай отырып анықтай аламыз.
Қазақ халқы мал шаруашылығымен айналысып, саят құрып, аңға шығып, қысқасы үй жануарларымен де, түз талғыларымен де жете таныс болуы мәлім. Ағылшын халқы да мал шаруашылық және аң аулау, балық аулау кәсібімен айналысқан.
Анималистік мақал - мәтелдерде жан - жануарлар атауының алуан түрі қолданылады және оларды жалпы түрде былайша саралауға болады еді: үй жануарлары, жабайы аңдар, теңіз жануарлары, құс, құрт - құрмысқа, шыбын - шіркей және т.б. Осы топтардағы жануарлар атауының мақал - мәтелдерде қолданылу жиілігін саралар болсақ, онда әр қайсысының сан мөлшері әрқилы болып келеді. Мәселен ағылшын тілі мақал - мәтелдерінде ең жиі ұшырасатын атулар: dog, horse, fish, cat, bird, pig, donkey, cock, hare, lion. Бұлар ағылшын мақал - мәтелдерінің тірек сөзі ретінде өте жиі түрде қолданылады. Орташа жиілікте пайдаланылатын анималистік атаулар: snake, worm, bee, bear, chicken, cow, sheep, mouse, calf, fox, hen т.б. Болып табылады. Ал animal, ant, bat, beast, beetle т.б. анималистік ұғымдардың қолданылу аясы тар, яғни бұлар ағылшын мақал - мәтелдерінде өте сирек кездеседі. Қазақ халқының мақал - мәтелдеріне келер болсақ, сөзсіз алғашқы орынға үй жануарлары, яғни төрт түліктің атаулары шығады. Бұл түсінікті де. Жазын жайлауда, қысын қыстауда, үйір - үйір жылқы, отар - отар қойымен сиыр, түйе, басқа да мал түлерін өсіріп, бұл істің қыр - сырын таныған дана халқымыздың осы кәсіп жайында, төрт түлік төңірегінде сөз қозғап, ой тарқатпауы мүмкін емес. Сол себепті де халқымыздың осынау сөз зерделерінде қой, жылқы, сиыр, түйе, ешкі атаулары молынан кездеседі. Сонымен қатар жеті қазынаның бірі ретінде дәріптелін ит атауы да анималистік мақал - мәтелдердің тірек сөзі ретінде жиі қолданылады. Қазақ халқы көшпенді халық болғанмен, оған аңшылық та, балық аулау да жат емес. Алайда бұлар ірі кәсіпке айналмаған және бұл кәсіпке қатысты анималистік таулар өте аз көлемде қолданылады. Арыстан, қоян, құс, қасқыр, шошқа, аю, түлкі таулары үй жануарлар мен төрт түлікке қарағанда сирек ұшрасады.
Керсінше, ағылшын тілінің фольклорында түз тағылары мен аң - құс , теңіз жануарлары мен балық атаулары жиі кездеседі.
Жан - жануарлар атауы мақал - мәтелдерде тек зоо әлемді бейнелеуде, жануарлар тіршілігіндегі ерекшеліктер мен құбылыстарды суреттеу үшін ғана қолданылмайды. Олар сонымен қатар, символдық табиғаты бар. Қоршаған ортадағы құбылыстар, өмірдегі оқиғалар, адамның алуан түрлі мінезі мен ішкі дүниесін бейнелеуші ретінде анималистік атаулар таптырмас құрал болып табылады.
Көбіне әр жануар атауы белгілі бір символдық табиғатқа ие болып, ал бұл символ әр халықта әрқилы тұрыснан танылады. Екі тілде де момындық, жуастық символы ретінде қой алынады. Қазақ халқында Қой аузынан шөп алмайтын деген мақал ағылшынның " as gentle as lamb " тіркесіне сай келеді.
Ағылшын халқындағы : " March comes in like a lion and goes out like a lamb " мақалы табиғат құбылысына, ауа - райына байланысты айтылады. Себебі, көктемнің алғашқы ай -- наурыз жауын - шашын , желмен басталып, ауа - райы өте құбылмалы келеді, ал соңында жайбарақат әрі тыныш күйге түседі. Сондықтан да ауа - райының қаттылығы "lion" - арыстанға теңестірілсе, жайма - шуақ мезгіл "lamb" яғни қозыға, моп - момақан қошақанға ұқсатылады. Қазақ халқына қой атауына арналған мақал - мәтелдер өте көп және мұнда қошқар, тоқты, саулық, қозы, ісек сияқты атаулар да қолданылады. Малды бақсаң , қойды бақ деген қазақ халқы бұл тақырыптағы анималистік мақалдарда адамдар арасындағы қарым - қатынас, олардың мінезінің құбылуы және басқа да түрлі әрекеттерді меңзеп тұрады.
Жылқы малы ерекше қастерлеп, құрметтелген түріктің бірі. Ер қанаты - ат , Ат адамның қанаты, ас адамның қуаты , Жақсы ат жанға серік , түйе малдың қасқасы және басқа да көптеген мақал - мәтелдер халқымыздың жүйрік тұлпар мен сәйгүліктерді қаншалықты бағалай білгенін көрсетеді. Жылқы қазақ қауымы үшін сенімді серік, жүйрік көлік болып қана қалмай, еңбекқорлық, төзімділік және де ерлердің сенімді досы ретінде мақал - мәтелдерде символдық қасиетке ие болды. Бұл символдың қалыптасуын халқымыздың өткен тарихы түсіндіре алады. Ержүрек батырларымыз аталар жерін ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен, тұлпардың үстінде шауып жүріп қорғаған. Ер қанаты саналған жүйрік ат әр батырдың мақтанышы, қиындық заманда сүйеніші әрі адал жолдасы бола білген. Жылқы атауының ағылшын халқының мақал - мәтелдерде қолданылу аясы біршама өзгеше болып келеді. Жылқы ( Horse ) ағылшын тілінің мақалдарында еңбекқорлықты ғана сипаттаушы ретінде қолданылады. Мәселен, " A good horse should be seldom spurred " ( Жақсы ат қамшы салдырмас ) ( 4.57 ) -- еңбексүйгіш адамға арналып айтылады. Яғни ат ағылшын тілінің мақал - мәтелдерінде еңбексүйгіштіктің символы ретінде ұғынылады.
Ақ түйенің қарны атқарылып жатыр деп молшылық пен мырзалық, байлықты қазақ халқы түйеге теңеген. Көшпенді халықтың Нар жолында жүк қалмас , Атан түйе жүк астында қартаяр деп суреттелген түйе керуен жүгін тасуда таптырмас көлік, шыдамды жануар. Ал ағылшын тіліне келер болсақ, мұндай түйе атауы мақал - мәтелдерде өте сирек ұшрасады. Мұның себебін түйе малының ағылшын жерінде мекендемейтіндігімен түсіндіруге болады.
Халық ақыл - ой мен даналықты қаншалықты биік қойып, дәріптес, топастық пен надандықты соншалықты сынап, әшкерелеп отырған. Ал ақымақтың симболы реінде есек атауы екі халық мақал -мәтелдерінде де молынан ұшырасады. Мұндағы ұқсастық та сонда, мақал - мәтелдерде есек ( ass, donkey ) ақымақ әрі ақылсыз адамға теңестіріліп, ондай адамдардан аулақ жүруді, байланысудың ешқандай жақсылық әкелмейтінін баян етеді. Ағылшын халқында " Honey is not for the asses mouth " ( Талғамы жаман татымдыны сасытады) , " If a donkey bray at your don't bray at him " ( Жарыммен жолдас болма) , " All asses wag their ears " ( Ақымақ басқа адырайған көз бітер ), " Jest with an ass and he will flap you in the face with his tail " ( Ақылы аздың ашуы көп ) ( 4.15 -52 ) және тағы басқа мақал - мәтелдер тірек сөзі ретінде есек атауын қолданылу арқылы ақмақтық пен арсыздықты шебер тілмен жеткізе білген. Ал қазақ халқының мақал - мәтелдерінде есек көлік ретінде пайдаға асқанымен де, ол мақал - мәтелдерде ақмақтық сипатын тасиды. Қазақ фольклорында бұл тақырыпта мынадай мақалдарды ұшырастыра аламыз : Есектің еті арам, күші адал , Есекке үкі таққандай, итке жалпош жапқандай , Есек семірсе иесін тебер , Есекке күміс ер жараспас және тағы басқа. Сонымен қатар ақмақтықты сипаттау мақсатында, қазақтар сиыр атауына байланысты Сиыр сипағанды білмес , Жаман сиыр өрешіл деген мақалдар да бар.
Дана сөздерде өте жиі ұшрасатын анималистік атаулардың келесісі -- ит. Жеті қазынаның бірін қазақ халқы мал баққанда, қой қайыруға, қасқырдан қорғауға, күзетуге пайдаланады. Сондықтан да қазақ мақалдарының басым көпшілігі ит атауын осы қызметіне қарай сипаттайды. Иттің жаманы ырыс әкеледі , Жақсы ит малдан артық
2 Практикалық бөлім
2.1 Ағылшын және түрік тілдеріндегі анималистік мақал - мәтелдер
Түркі тілдес халықтарға жататын түрік ұлты сан ғасырлық тарихы және мәдениетімен танымал. Осы ұзақ тарих сахнасындағы түрік халқының сөз өнері, ауызша және жазбаша әдебиеті де ғасырлар куәсі, әрі түрік халқының осы уақыт аралығындағы жинақталған қазынасы.
Өзінің "SINFLANDIRILMIS TURK ATASOZLERI " АТТЫ ЕҢБЕГІНДЕ Метин Юртбашы түрік ұлысының әлемінің түрлі өлкелеріне таралғандығы, оның бай сөз өнеріне және де баға жетпес қазына -- мақал - мәтелдерге ие екендігін сөз өтеді. Алғашқы жазба ескерткішіміз Орхон жазбаларынан бастап, тарихшыларымыз, тілшілеріміз әр дәуірде қоғамда қолданылған мақал - мәтелдерді жинақтап сақтай оттырып, оларды өздерінен соңғы құшақтарға ақтаруды қалады. Бұл тақырыптағы ең бай мұра -- XI ғасырдан қалған Диуани - лұғат - ат - түрк және де осы еңбек төңірегінде жазылған бірнеше еңбектер де бар.
Мақал - мәтелдер бір ұлттың айнасы дер болсақ, түрік ұлтының мақал - мәтелдері әрдайым түрік халқының мәдениеті мен әдебиеті, өнері, салт - дәстүрі мен халық ой - санасын жалпы оқырманға ақтаруда тамаша құрал болып табылады.
Сөз сөнерінде шек жоқ, дүие тілдерінің алуан түрлілігіне қарамастан, халықтар әдебиетінде, даналық сөздер мен мақал - мәтелдерде ортақ құбылыстар, сәйкестіктер болмай қоймайды. Сол сияқты түрік және ағылшын тілдері, яғни құрлымы мсүлде бөтен, бір - бірімен тілдік қасиеті жағынан алшақ жатқан екі тілдің мақал - мәтелдері салыстыру әрі қызық әрі әлі де толық зерттеле қоймаған тақырыптардың бірі. Екі халықтың даналық сөздерін қарастыру барысында тілдердің өзіндік ерекшелігі мен осы тілде сөйлейтін ұлттың тыныс тіршілігі де назарға алынуға тиіс. Бұл көптеген түсініксіз жайттарды анықтап беруі мүмкін.
Түркі тілі Үнді - еуропалық тілдер тобынан алшақ, ал ағылшын тілінен лингвистикалық сөздік қоры жағынан мүлде өзгеше болғанына қарамастан, біз мақал - мәтелдерді қарастыруда салыстыруға мүмкін жайттар мен ұқсастықтарды табуға тырысамыз. ( 22.5 )
Мәселен, ағылшын тілінде one ( бір ) және two ( екі ) салыстыра қолданылуы байқалады.
Мысалы: One bird in hand is better than two in the bush.
Немесе ырғақты сақтау мақсатында, " One snitch in time saves nine " деген мақал да ұшрасады.
Ал түрік тілінде " bir " ( бір) және " bin " ( мың ) сөздерді жиі қолданылады.
Мысалы: Bir dost az, bir cok.
Түрік мақал - мәтелдері кеңес пен ескертпелерді қатаң түрдегі бұйрықты сөз арқылы мақалдардың басында береді.
Мысалы :
Bin olc, bir kes.
Gulme komsuna, gelir basina.
Түрік мақал - мәтелдерінде ағылшын тілінің мақал - мәтелдерінде жиі кездесетін шылаулар and, out, neither... nor etc. мүлде қолданылмайды десек те болады. Мысалыға алар болсақ:
Az olsun, oz olsun.
Cok yasayan cok gorur.
Аталған екі тіл мақалдарындағы бір ұқсастық мақалдағы етістік екінші бағыныңқыда қайталануды қажет етсе де, екі ойды не затты салыстырып, салыстыруда бір ғана етістік қолданылады.
Мысалы : Demir nemden, insane gamdan curur.
Lit. Iron deteriorates with dampness, humans with worry.
Түркі халқының мақалдары әдетте өте қысқа, алты сөзден не мұнан да аз болып келеді. Түрік тілінің осы бір тамаша сөз өрнектерінің
қысқа әрі нұсқа болуының себебі, мұнда ағылшын тіліндегідей
" the" артиклі мен шылаулардың болмауы және де ағылшын мақалдарында қолданылатын " is " " he who" секілді қосымша жүктің болмауында. Мысалы ретінде түрік және ағылшын тілдерінің мақдарын келтіре кетейік.
Түрік тілінде :
Fare ciktigi deligi bilir.
Tavsan dagda suyu ateste.
Sakal kecide de var.
Ihtiyar kopek bosuna havlamaz.
Ағылшын тілінде : The early bird catches the worm.
He who lies down with dogs, rires with fleas.
What' s good for the goose is good for the garder.
Сөз маржандарының сұлулығы мен ықшамдығын, қандай тілде болмасын өз әуезділігін жоғалтпай келуі, олардың нағыз асыл сөз қазналары екендігінің дәлелі. Мақал - мәтелдердің тақырып кендігі, сан алуан салаға арнала айтылған шеберлігі, қамтылған тақырып ауқымдығы, бәрі де тіл - тілдегі осы дана сөздерді салыстыра, салғастыра зерттеуді қызықтыра түседі. Зерттеу жұмысының тікелей нысанына келер болсақ, анималистік мақал - мәтелдер ағылшын тілінің де, түрік тілінің де фольклорындағы сарқылмас байлық болып табылады. Түрік тілінде анималистік мақал - мәтелдердің көп болуы түрік халқының зерек ой иегерлері, жануарлар дүниесімен тығыз әрі ажырамас байланыста екндігін көрсетеді. Мақалдарда жануарлар атауының қолданылуы түрлі мақсаттарыды көздейді және мұнда сан алуан тақырыптар көтеріледі. Олар тіпті бесіктегі сәбиге арналып, яғни ұрпақ тәрбиесінде де өзінің мүлтіксіз қызметін атқарып келеді. Түрік халқының бала тәрбиесінде жанұяның, ата - ананың ықпала зор екендігін насихаттайды. Түркияның өзін алып қара болсақ, мұңдағы әр өкілде бір мәндес мақал түрі сөздік құрам арқылы беріледі.
Мәселен, Анадолының біраз аудандарында қолданылатын:
Agaca cikan kecinin dala bakan oglagi olur -- мақалы басқа өлкелерде біршама өзгерек болып келгкенімен түпкі мағнасы бірдей болып келеді.
Deli koynun deli kuzusu olur.
Keci nereden atlarsa olgan da oradan otlar.
Өзінің " HAYVAN MOTIFLI ATASOZLERIMIZ ve DEYIMLERIMIZ " атты еңбегінде Ахмет Янар осы тектес мақалдарға тоқтала кетеді. Адамға артылған жауапкершілікті ауырсынбау керектігін мына мақалдың түрлі жерлерде басқа - басқа сөздер арқылы бірдей ой мен сезімді бөлісуі түрік ұлысының бір ерекшілігі болар.
Eger ata yuk olmaz.
Esegin semeri esge yuk olmaz.
Kusa kanadi yuk olmaz.
Koca boynuzu yuk degil. ( 24.14)
Кітап авторы сонымен қатар адамзат тарихында түрік ұлты секілді жануарлар әлемімен тығыз байланыста, аралас - құралас болған, оларды жүрегімен сүйген басқа бір халық жоқтығын айтады. Бұған түрік мақал - мәтелдерінің көпшілігінде тірек сөз ретінде анималистік атаулардың қолданылуы дәлел бола алады. Түрік халқы екі, үш кейде бес анималистік атауды бір мақалға сыйғызып отырған. Мысалы:
Attan buyuk deve var, deveden buyuk fil.
Kopek cobanin can yoldasi, keci koyunun car yoldasi.
The early bird catches the worm.
When the cat's away the mice play.
Анималистік мақал - мәтелдерде аң - құс атауының кездесуі сол халықтың өмір сүру ортасына, географиялық ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Мақалда ұшрасатын анималистік атаулар осы мақал иегерлерінің өмір сүретін ортасында аталған жан - жануарладың мекен ететіндігін білдіреді. Түрік тілі түркі тілдес тілдер тобына жататындықтан, түрік тілінің мақал - мәтелдерінде төрт түлік, үй жануарлары атауы жиі ұшырасады. Оладың ішінде ат, сиыр, түйе, ешкі, қой, ит, мысықтағы басқа да атаулар көптеп қолданылады. Сонымен қатар Түркия мемлекетінде мекн етпейтін жан - жануарлар аттары мақалдарда қолданыла отырып, оның көркемдігін арттырып отырады. Мәселен; қабылан, піл, жираф, түйеқұс және сол сияқтылар. Яғни, түрік халқының анималистік мақал - мәтелдеріндегі жан - жануарлар түрі сан алуан; олар кішкентай құрт - құмысқадан, ірі аң мен құстарды қамтиды.
Әр тілдегі қолданылатын мақал - мәтелдер басқа ұлт өкілдерінің де фольклорында орын алған болуы мүмкін. Бұл да болса әлуметтік және мәдени қарым - қатынас , ұлт пен ұлт арасындағы тарихи байланыстың нәтижесі. Мемлекеттік байланыс негізінде өркениеттер бір - біріне әсер етпей қоймайды. Мәселен, түрік тіліндегі мақал - мәтелдерді басқа ұлт тілдерінен; ағылшын, француз, неміс, болгар және басқаларынан да кездестіруіміз ғажап емес.
Тілімізде қолданылатын көптеген мақал мен мәтелдерді басқа ұлттардан да ұшырастыра аламыз. Бұл сөздер әлуметтік - тарихи байланыстар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz