Гуманизм - әлеуметтік жұмыстың негізгі принципі және Қазақстандағы рөлі

Тақырыбы: «Гуманизм әлеуметтік жұмыстың негізгі принципі»
Жазған: Ахмет Дильназ
Тексерген: Сагидолда Нагима
Мазмұны
- Кіріспе . . . 2
- Негізгі бөлім 2-3
2. 1 Гуманизм әлеуметтік жұмыстың негізгі принципі ……… . . . … 4-5
2. 2 Әлеуметтік жұмыстың маңызы . …. 5-6
2. 3 Қазақстандағы әлеуметтік жұмыс …. . 6-8
- Қорытынды . 9-10
- Кіріспе
Әлеуметтік жұмыс- қиын жағдайға тап болған адамдарға қол ұшын созу, қолдау мен көмек көрсететін қызметтің түрі. Ол саяси, социалды, психологиялық, медициналық тұрғыда маңызды орын алады. Бұл мамандық адамда қандай жағдай болмасын, адам қандай болмасын оны қабылдау, барлық жағдайдағы адамдарды сақтау әрі жүзеге асыру, олардың басты міндеті болып саналады. Мысалы, әртүрлі мамандықтардың өзіндік міндеттері болады. Әлеуметтік қызметкердің де сол секілді өз орындайтын, жүргізетін міндеттері бар. Оларға: сыйластық таныту, адамгершілік, түсінушілігі мол, әділетті, жауапкершіл деген секілді қасиеттер адамның бойында болуы тиіс. Себебі, олар болмаса болашақта адамның ісіне қиындық, ауыртпалылық келтіретін болады. Ал ең басты міндет ол өз жұмысына деген қызығушылық. Себебі, қызығушылықсыз адам өз-өзін жоғалтады.
- Негізгі бөлім
Әлеуметтік жұмыс бүгінгі таңда қарқынды дамуда. Себебі, бұл мамандық өзіндік әртүрлі жақтағы жұмыс орындарына бөлінеді. Экономика, педогогика, медицина, психология деген салалар аясында жүргізіледі. Осылардың арқасында үлкен масштабты проект құруға болады. Ал оның іске асырылуы үшін бір сөзбен айтқанда гуманизм қажет. Гуманизм- адам өміріндегі үлкен құндылық. Яғни, көптеген жан-жақты салалармен байланысының қарқынды болуымен, адам өміріндегі әртүрлі ой-пікірлермен дамыған анықтама. Гуманизм адамның барлық қасиеттерін дәріптейтін термин, яғни адамның барлық жақсы жақтарына келісімнің болуы. Мысалы: бақытқа талпыну, еркіндікке, жауапкершілікке, адамгершілікке, қадірлікке ұмтылу жатады. Бұл анықтама әлеуметтік жұмыспен тығыз байланысқан. Себебі, әлеуметтік жұмыстың міндеттері гуманизмге сәйкес. Адамның бойында тура сондай қасиеттер болу керек. “Адамзаттың бәрін сүй бауырым” (А. Құнанбайұлы «Алланың өзі де рас, сөзі де рас- 1902ж) деп айтқан болатын. Шыныменде, жұмыс жағынан салыстырсақ, иә. Себебі бұл әлеуметтік жұмыскер үшін үлкен жетістік әкеледі. Ол сол ұранмен жүрсе, алдағы уақытта тәжірибелі маман атанады. Гуманизм әлеуметтік жұмыс принципінде көмектесу, жұмыс ісінде қадамдылықты, адамдар арасындағы байланысты дамытуға тырысады. Клиент пен жұмыскердің арасындағы басты фактор: «мында және қазір» яғни конфеденциальность. Басқа жерге таратпай, тек сол жерде ақпараттың қалуы. Соған қоса, әлеуметтік қызметкер жауап алушы үшін, тек тындаушы емес, түсінушілігі мол, мәселені шешуші адам ретінде көрінеді. Ең алдымен жұмыс қызметкері клиентті өзіне аударып, оған сенетіндей назарың аударып алу керек. Қызметкердің шыныменде, оның сұрағына қызыққандай клиентті ағарту. Бұл олардың арасындағы суықты жылытуға көмектеседі.
- Әлеуметтік қызметкер адамды толықтай танып, жанашырлық таныта білу тиіс.
- Әлеуметтік қызметкер адамның өміріндегі шатасқан жерінен көмектесу тиіс.
- Адамның сол қалпінде қабылдау тиіс.
Былай айтқанда әлеуметтік қызметкер: апа, ана, дос, таныс рөлін қамтиды. Қандай жағдай болмасын, қызметкер әңгіме арқылы адамға жеткізу керек, адамның өз-өзіне сенімін арттыру, өзіне өзін көмектесе алатынын түсіндіру тиіс. Сол арқылы адам шешімнің жемісін көру керек. Бірақ ең маңыздысы бұл клиентке өз пікірінмен мәжбүрлемеу, әйтпесе бұл оданда үлкен мәселеге айналады, яғни клиент алдағы уақытта басқалардың дегенімен жүреді. Моральдық тұрғыда ауыртпалылық келтірмеу, адам жеңілдікпен өз-өзін сынамайтындай, барлық жасаған іс-әрекетінен тек шаттық пен қуанышты көруге үйрену қажет. Әлеуметтік жұмыстың көптеген түрлері болғанымен оның ең басты құндылығы бұл- жеке тұлға. Гуманизм идеяларына сүйене, қазіргі таңдағы орта дамуда. Бүгін адамзат басқалардың өзгешелігіне, яғни киімінің, сөйлегенінің, мінез-құлқына таңғалмайды, себебі оған үйренді. Адам-ортадағы тұлға, сол орта арқылы адамның жеке қасиеттері мен ерекшелігі пайда болады, ал бұл басқалардан өзгешелік әлеуметтік қасиет ретінде саналады. Осы адамның бойындағы: әлеуметтілік пен ерекшелік өзара әрекеттеседі. Қорыта айтсам, әр жыл сайын әлеуметтік ортаның қызығушылығы өзгере береді, сән, стиль деген секілді. Бірақ адамдардың көбісіне сене берудің қажеті жоқ, себебі адамдар әртүрлі болады. Әлеуметтік жұмыстың атқаратын рөлі маңызды, қиындыққа тап болған адамдар үшін бұл қолайлы. Себебі, олардың біреуден көмек сұрауға мүмкіндігі болады.
- Гуманизм әлеуметтік жұмыстың негізгі принципі
Әлеуметтік тұрғыда гуманизм- адамды бірінші орынға қояды, оған сүйіспеншілікті, құрметтеуді, оның дамуына әрекет жасауды талап етеді. Ол адам қандай болмасын мейлі тіпті әртүрлілігінде қабылдайды. Адамның дін, ұлт, жас, бой деген секілді ерекшеліктеріне қарамастан әр адамның толыққанды лайықты өмір сүріп, тануға негізделген. Гуманизм, толық әлеуметтік қызмет көрсету жолында көптеген кедергілерді жену қабілетіне сенімін білдіретін, ең жоғарғы құндылық ретінде саналады. Әлеуметтік қызметкер гуманистік дүниетаным принципі ретінде қызмет етуі керек. Гуманизмнің принциптері әлеуметтік қызметкерден құрметтеуді, мейірімділікпен қарауды сұрайды. Бұл талаптарға: Қарапайымдылық, әдептілік, сезімталдық, дәлдік, зейінділік.
Қарапайымдылық- әлеуметтік қызметкер клиенттен өзін ешқашан жоғары ұстауға, өзін күштімін деп менсінбеуі қатан тыйым салынады.
Сезімталдық- әлеуметтік қызметкердің бойында міндетті түрде бұл қасиет болуы тиіс. Себебі, ол адамдармен жұмыс жасайды, ал олар қатты психоэмоцианалдық күйге беріледі.
Зейінділік- әлеуметтік қызметкер үшін тек қана тәрбие емес, соған қоса жемісті жұмыс үшін де керек. Бұл клиенттің өміріндегі өзгерістерге адекватты түрде қабылдауға көмектеседі, сондай-ақ шұғыл жағдайда тез шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Сыпайылық- әлеуметтік қызметкер үшін бұл мұқтаж адамға қызмет көрсетуге үнемі дайын болуға, оның жекесіне нұқсан келтірмеуге қажет болады.
Ұқыптылық- әлеуметтік қызметкер үшін бұл бос сөздер айтып емес, іс жүзінде дәлелдеуге жақсы. Яғни, басқа адамның уақытын алмай, дәл уақытында келе білу міндетті.
Жалпы, толықтай айтсам адамның бойында ұқыптылық, әдептілік, зейінділік, сезімталдық, қарапайымдылық деген секілді қасиетттер барлық адамдарда болған жөн. Әлеуметтік қызметкер үшін тіптен табиғи болу тиіс. Себебі, бұл актерлік шеберліктің нәтижесі болса, клиент сыпайылықты байқайды, ал бұл ешкімді алдамайды, бірақ ренжітеді. Соған байланысты, шынайы болған жөн, өйткені бұл клиентке деген сыйластықтың болмауын көрсетеді. Мықты маман атану үшін осының бәрін алдын-ала ескеру керек, себебі бұл маңызды.
2. 2 Әлеуметтік жұмыс
Әлеуметтік жұмыс- бұл көмек көрсетудің қызметтің түрі. Атқаратын жұмыс орындарына: оңалту орталықтары, зейнетақы ұйымдары, жұмыспен қамту мен әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында, мемлекеттік мекемелерде атқарады, бизнес, банк орталықтарынанда жұмыс табуға болады.
Әлеуметтік көмек көрсетуге осы топтар жатады:
- Жас аналар
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz