Функционалдық сауаттылық туралы түсінік
Павлодар облысының білім беру басқармасы
Павлодар қаласы білім беру бөлімінің
Павлодар қаласының Әлихан Бөкейхан атындағы
лицей-мектебі КММ
Инновациалық тәжірибені жалпылау тақырыбы:
Көркем еңбек сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған
Өнерлінің қолы ортақ
АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА
Павлодар, 2023
1. Автор туралы мәлімет
Кинжибаева Салтанат Николаевна
Біліктілік санаты - педагог - зерттеуші
Лауазымы - көркем еңбек пәні мұғалімі
Педагогикалық еңбек өтілі - 19 жыл
Білімі - жоғары
ПМПУ - 2009 жыл
Мекеме атауы - Павлодар қаласының Әлихан Бөкейхан атындағы лицей-мектебі КММ
Жұмыстың атауы - Көркем еңбек сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту
Тәжірибе жинақтау жылы - 2020-2023
Біліктілікті арттыру туралы мәлімет
№
Жылы
Біліктілікті арттыру курсының тақырыбы
Орны
1
2023
Дизайн және көркемдік модельдеу саласындағы мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру
Өрлеу
Педагогтің жетістіктері
1.
2020
Қосымша білім беру ұстаздар арасындағы Педагог таланты номинация бойынша
1 орын
2.
2020
Әл Фарабидің 1150 жылдығы олимпиада
1 орын
3.
2020
Білім беру бөлімі, тамыз конференциясының қатысушысы - Үздік баяндама-
Диплом
4.
2021
XXII Сәтбаев оқулары атты жас ғалымдар, студенттер мен оқушылардың ғылыми конференциясында жоғары нәтижеге қол жеткізгені үшін
1 орын
5.
2022
Үздік авторлық бағдарлама республикалық конкурсының облыстық кезеңінде сараптамалық топ жұмысына белсенді қатысқан үшін
Алғыс хат
6.
2023
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ғылыми-әдістемелік жұмысына сүбелі үлес қосып, орта білім беру мазмұнын жетілдіруде өзінің озық іс-тәжірибесімен, ғылыми-әдістемелік ой тұжырыдарымен бөліскен үшін2023 ж.
Алғыс хат, Астана
Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамалары авторлық бағдарлама кіріспеден, күнтізбелік жоспардан, бағдарлама мазмұнынан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттерден және қосымшалардан тұрады. Әдістемелік құралдың кіріспесінде функционалдық сауаттылық деген, функционалдық сауаттылықты қалыптастыру жолдары қарастырылған.
Өнерлінің қолы ортақ авторлық бағдарламасы жалпы білім беру мектебінің Көркем еңбек типтік бағдарламасының негізінде құрастырылған. Бағдарламаның бағыты: Өнерлінің қолы ортақ көркем мазмұндығы жағынан-эстетикалық; функционалды арнауы-қолданбалы; ұйымдастыру құрылымы-үйірмелік; іске асыру уақыты бойынша үш жылдық. Орта мектеп жас шамасындағы балаларды дизайн элементерімен сәнді-қолданбалы өнерімен таныстыру негізінде құрылған бағдарлама. Бағдарламаның жаңашылдығы. Шығармашыл дарынды балалармен жұмыс жасаудың әдістері мен қалыпсыз сабақтар өткізілу түрлерінің қолданылуы-еркін шығармашыл элементтерімен толықтырылғандығы. Жалпы білім беру мектебіндегі технология сабақтарында баланың алған білімдерінен үйірмеде алғандары тереңірек, кеңірек болып, баланың ішкі дүниесі байиды және бос уақытын пайдалы өткізуіне себеп болады. Өнерлінің қолы ортақ білімдік бағдарламасы қазіргі білім технологияларымен құрастырыла отырып, келісілерді қамтиды:
Өзектілігі: соңғы жылдары сәндік-қолданбалы шығармашылық сабақтар өте танымал болды. Ұлттық құндылықтарға, өз халқының көркем дәстүрлеріне қызығушылық артты. Жаңа мәнерлілік құралдарын іздестіру ұлттық мәдениет бастамасына сүйену ниетіне алып келеді. Оқушылардың халық шығармашылығы қазынасымен қарым-қатынасы оларға өз халқының көпғасырлық көркем мәдениеті үшін заңды мақтаныш сезімін оятады, өз қолдарымен сәндік өнер пәнін жасауға қызығушылығын оятады.
Ұлттық құрақ тігумен шұғылдану, оқушылар үшін ерекше тартымды, өйткені олар үйде аналары мен әжелерінің жасаған қолөнер бұйымдарын көріп өседі. Тігумен айналысу, балалардың, бағдарламалау және бақылау дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. Пішімдердің үлгісін бастырып сызу және аспаптармен (инемен, қайшымен) жұмыс істеу қолды жұмыс жасауға дағдыландырады.
Практикалық маңыздылығы: Алған білім, білік және дағдылар негізінде оқушылар өз қолдарымен ұлттық бұйымдар мен үй интерьерін безендіретін заттарды жасай алады.
Жаңалығы: авторлық бағдарлама оқушыларға жаңа көркем бейнелерді дамытуға және оларды өмірлік жағдаймен біріктіруге, әр түрлі материалдарды үнемді пайдалануға, әр түрлі технологияларды практикада пайдалануға бағытталған.
Өнерлінің қолы ортақ бағдарламаның мақсаты: оқушыны шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, жетістіктерін бағалап көрсету, белсенділігін қалыптастыру, өздігінен еңбек етуге дайындау, іскерлігін дамыту
Бағдарламаның міндеттері:
білім алушыларды шығармашылыққа тарта отырып жобаны тани білуге, он саусағынан өнері тамған баланы тәрбиелеу;
Қазақстан халқының мәдени дәстүрлерімен, құрақ тігісінің тарихымен, қазақтың ұлттық ою-өрнектерімен, қазақ халқының тұрмыс заттары мен бұйымдарын әр түрлі түрлерімен таныстыру;
іскерлік, икемділік қабілеттерін арттыру
құрақ техникаларының, ұлттық ою-өрнектерді жапсыру, ұлттық ою-өрнектерді кестелеу тәсілдерін үйрету;
танымдық, эмоционалды-ерік саласындағы кемшіліктерді түзету;
эстетикалық түсініктерді дамыту;
Оқушылардың алған білімі мен іскерліктері оларға өмірде пайдалы болады, сонымен қатар қалыптасқан тұлғаның табандылық, шыдамдылық, еңбектегі ұқыптылық, шығармашылық қиял сияқты маңызды қасиеттері кез келген жұмыста табысқа ықпал етеді.
Бағдарлама курсы 7-9 сынып оқушыларына арналған.
5 сынып - 34 сағат
6 сынып - 34 сағат
8 сынып - 34 сағат.
Бағдарламаның негізгі мазмұны практикалық жұмыстарды құрайды (оқу уақытының 90% - ға дейін), қалған уақыт теориялық материалды зерттеуге бөлінеді.
Пәнаралық байланыстар - бейнелеу өнері, оқу, математика, әдебиет.
Бағдарламаның ресурстық қамтылуы: материалдық-техникалық: тігін машиналары қол инелері, оймақ, , жіптер, қайшылар, шаблондар мен үлгілерге арналған картон, маталар, тігін фурнитурасы.
Оқытудың көрнекі құралдары: бұйымдар бейнеленген журналдар, эскиздер, қол және машина тігістерінің үлгілері, кестелер, презентациялар, ұлттық декоративтік шығармашылықтың дайын бұйымдары.
Күтілетін нәтиже:
жұмыс алгоритмі мен қауіпсіз жұмыс техникасын сақтай отырып, балалардың бұйымды дұрыс орындау дағдылары мен біліктерін меңгеру;
балалардың Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнеріне, тігуге деген тұрақты қызығушылығын қалыптастыру;
балалардың шығармашылық конкурстарға, көрмелерге қатысу белсенділігін арттыру;
жаңа білім мен шеберлікті игерудегі оқушылардың дербестігін арттыру;
тапсырмада өзіндік бағдарлау;
жасалған жоспар бойынша жұмыс жасау, оқушылар өздерінің бағдарламаға сай жасаған туындыларының нәтижесін мектепішілік, аудандық көрмеде көруі.
Бағдарлама негізінде жатқан қағидалар:
қол жетімділік (қарапайымдылық, жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкестігі);
көрнекілік (иллюстративтілік, дидактикалық материалдардың болуы);
демократиялылық және гуманизм (педагог пен оқушының социумдағы өзара іс-қимылы, жеке шығармашылық қажеттіліктерін іске асыру);
ғылымилық (негізділігі, әдіснамалық базаның және теориялық негіздің болуы);
жайдан күрделіге дейін (қарапайым жұмыс дағдыларына үйреніп, бала өз білімін күрделі шығармашылық жұмыстарды орындауда қолданады).
Сабақтың түрлері: баяндама, лекция, пікірталас, әңгімелесу, талдау, теориялық, машықтық, жеке, топтық, технологиялық нұсқау карталар, үлгі суреттер арқылы орындалуы жүзеге асырылады.
Сабақтың тақырыбы: оқушылардың қызығушылығын, өзін-өзі көрсету мүмкіндігін ескере отырып құрылады. Оқушылардың бағдарлама мазмұнын меңгеру барысында арнайы дағдылар мен біліктердің даму қарқыны, дербестік деңгейі, ұжымда жұмыс істей білу ескеріледі.
Бағдарлама күрделі жұмыстарды индивидуализациялауға мүмкіндік береді: күшті балаларға күрделі конструкция қызықты болады, аз дайындалған, оңай жұмысты ұсынуға болады. Бұл ретте жұмыстың оқыту және дамыту мәні сақталады.
1. Функционалдық сауаттылық туралы түсінік
Функционалдық сауаттылық ұғымы алғаш рет өткен ғасырдың 60-шы жылдары ЮНЕСКО құжаттарында пайда болды және кейіннен зерттеушілердің қолдануына енді. Функционалдық сауаттылық, кеңінен алғанда, білім берудің (бірінші кезекте жалпы білім беруді) көп жоспарлы адамзат қызметімен байланысын біріктіретін тұлғаның әлеуметтік бағдарлану тәсілі ретінде түсіндіріледі. Қазіргі тез құбылмалы әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторлардың біріне айналуда.
Сонымен функционалдық сауаттылық дегеніміз - адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына , жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады.
Яғни, оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдана алуына үйрету. Мұндағы басшылыққа алынатын сапалар:
- белсенділік;
- шығармашылық тұрғыда ойлау;
- шешім қабылдай алу;
- өз кәсібін дұрыс таңдай алу;
- өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады.
Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.
Функционалды сауатты адам - қоғамның құндылықтарына сәйкес, қоғамдық ақуалдың қалыптасқан мүдделеріне қарай әрекет етеді. Бүгінгі күнге қажетті мамандықты таңдап, дұрыс шешім қабылдап, заманауи ақпараттық технологиялардың тілін біліп, кез-келген әлеуметтік ортаға бейімделеді. Осы тұрғыда функционалды сауатты адамның негізгі белгілерін тұжырымдауға болады: қоғамдық ортада өмір сүре білетін, тіл табыса білетін, белгілі бір сапалық қасиеттері бар, жалпы негізгі және пәндік құзыреттіліктерді меңгерген адам болып саналады [1].
2 Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру жолдары
Функционалдық сауаттылық - адам іс-әрекетінің, қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастардың әртүрлі салаларында өмірлік міндеттердің кең ауқымын шешу үшін өмірде алған барлық білімді, дағдыларды пайдалану мүмкіндігі ретінде қарастырылады.
Жаратылыстану-ғылыми функционалдық сауаттылық - бұл білім алушылардың ғылыми әдістерді қолдана отырып, зерттелетін және шешілетін мәселелерді нақты өмірлік жағдайларда қолдану үшін, қоршаған әлемді және оған енгізілетін өзгерістерді түсіну үшін қажет бақылаулар мен эксперименттерге негізделген тұжырымдар алу үшін пайдалану қабілеті.
Педагог - ғалымдар өз шеңберінде мұны функционалдық сауаттылық, шығармашылық танымдық міндеттер деп атайды.
Оқушылар шығармашылық тапсырмаларды орындау кезінде, көпшілігі ұсынылған тапсырмалардың стандартты орындалуының орнына тапсырманы ерекше орындауға тырысады. Сондықтан, оқу сабағын дайындау ойын-сауық принциптері, әр түрлі әдіс-тәсілді кіріктіру мен шығармашылық тапсырмалар жүйесіне негізделген, өйткені олар тұлғаның дамуына оң ықпал етеді.
Сапалы білімнің қазіргі заман түсінігі өзгеше - білім беру нәтижелерінің сапасы өмірлік жағдайларда туындайтын нақты мәселелер мен міндеттерді шешудегі құзыреттілігі ретінде қарастырылады.
Мұндай құзіреттілікті күнделікті өмірдегі мәселелерді шешу үрдісінде ғана қалыптастыруға болады, осыған байланысты жағдаяттық міндеттер үлкен әлеуетке ие.
Тәжірибе қалыптасуының басында белгілі бір қиындықтар туындады:
- оқытылатын материалды жоспарлауда;
- оқытудың формалары мен әдістерін таңдау;
- іскерлік оқытуды ұйымдастыруда;
- мұғалім дайын білімнің көзі болудан бас тарту маңызды болды.
Әртүрлі пәндер бойынша оқушылармен жұмыс істеу әдістемесіндегі қиындықтарды жою үшін тәжірибе тақырыбы бойынша әдебиеттерді оқыдым, мектептегі, қала, облыс көлеміндегі әдістемелік бірлестіктерге қатыстым, интернет ресурстарын, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді пайдалана отырып, өз білімімді жетілдірумен айналыстым:
2017-2020 жылдар - НЗМ ДББҰ Павлодар қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының жаттықтырушы.
2018-2021 жылдар - Ұлттық біліктілік оталығының көркем еңбек, бейнелеу өнері пәндерінің тест тапсырмаларының сарапшысы
2018-2021 жылдар - Павлодар педагогикалық университетінің студенттердің дипломдық жұмыстарының рецензенті.
2019 жыл Мектептегі мұғалім көшбасшылығы бағдарламасы бойынша педагог кадрларының біліктілікті арттыру курсы.
Үздік авторлық бағдарлама республикалық конкурсының облыстық кезеңінде сараптамалық топ мүшесі.
2020-2022 жылдар - Мектеп, қала, облыс көлеміндегі семинарларда баяндама жасадым.
2020 жылы - Республикалық Үздік авторлық бағдарлама байқауына қатысып қалалық кезеңінде, жүлделі орынға ие болдым.
2023- жылы - Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы құрылған жұмыс тобының құрамында 5-9 сыныптарға арналған Технология оқу пәнінің Үлгілік оқу бағдарламаларын жетілдіру жұмысына қатыстым.
Ұстаздардың міндеті - оқушылардың дарындылығын көрсету, шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ету, оқушыларды қоршаған әлемді тану үрдісіне барынша тарту, пәнге танымдық қызығушылықтың қалыптасуына ықпал ету үшін олардың іс-әрекетін дұрыс басқару және бағыт-бағдар беру. Егер оқушыларды оқыту үрдісінде шығармашылық әлеуетін дамытуға мүмкіндік беретін жүйе қолданылса, онда түлектердің білім сапасы артады және қоғамдық мәдениетті арттыра алатын қоғамдық -белсенді шығармашылық тұлға тәрбиеленеді.
Нәтиже:
Функционалдық сауаттылықтың түрлеріне орай әр пән мұғалімі өз пәніне байланыстыра отырып, білім мен практиканы ұштастыра отырып оқытады. Менің жүргізетін пәнім бойынша көркем еңбек сабағынада әр тақырыптың мазмұнын анықтай отырып, еңбекке құштарлықты заманауи көзқарастағы ұғыммен беру басты мақсатым болып табылады., нәтижелі ауқымды жобалар бойынша жұмыс жасап, мектеп, облыс, республика деңгейінде нәтижелерін ұсынды. Солардың кейбіреулері:
№
Жылы
Тақырыбы
Оқушының тегі, аты
Нәтижесі
1.
2020
Шексіз шығармашылық
Есенгельды Даяна
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың арасында қашықтан өткізілген Шексіз шығармашылық Республикалық байқауға Алтын қолдар номинациясы бойынша қатысқаны үшін, 2 орын
2.
2022
Алтын қазына
Саметова Жансая
Алтын қазына көркем жəне сəндік - қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының қалалық көрме - байқауының жеңімпазы - 2 орын
3.
2022
Өз қолымен ғажайып жасау
Қайырбек Мадина
Өз қолымен ғажайып жасау қашықтықтан қалалық байқауына қатысқаны үшін - 1 орын
4.
2023
Тоқыма бұйымдарын дайындау
Жабаева Рания
Алтын қазына көркем жəне сəндік - қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының қалалық кезеңінде жүлдегері - 3 орын
5.
2023
Бала креатив
Рахатова Айзере
Туған жердің көктемі қалалық байқауына Сәндік қолданбалыөнер номинациясының жүлдегері - 1 орын
6.
2023
Бала креатив
Айтмухмбетова Дильмира
Туған жердің көктемі қалалық байқауына Сәндік қолданбалыөнер номинациясының жүлдегері - 2 орын
7.
2023
Бала креатив
Рыспекова Дарига
Туған жердің көктемі қалалық байқауына Сәндік қолданбалы өнер номинациясының жүлдегері - 2 орын
Өз тәжірибемде мен проблеманы табу, тұжырымдау және болжау қабілетін ынталандырамын, шығармашылық идеялар мен шығармашылық әрекеттің нәтижелерін ынталандырамын. Оқушыларға тапсырмалар ұсына отырып, мен олардан пән негіздері туралы білімді ғана емес, сонымен қатар шығармашылық пен қиял элементтерін де көрсету күтілетінін түсіндіремін.
Мен өз жұмысымда дизайн дағдыларын дамыту жаттығуларын кеңінен қолданамын. Бұл жаттығулардың мақсаты-оқушыларды жобалау саласында білім, Дағдылар мен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған белгілі бір қызмет түріне тарту. Жаттығуларды таңдау оқушылардың жасын және олардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып жасалуы керек. Тапсырмаларды таңдау кезінде олардың өзектілігі мен практикалық маңыздылығын ескеру қажет.
Менің жұмысыма жүйедегі оқушыларға идеядан бастап оны модельде, өнімде (еңбек өнімінде) жүзеге асыруға дейінгі бүкіл жобалық-технологиялық тізбек бойынша практикалық қызметті ұйымдастыруды игеруге мүмкіндік беретін жобалық әдісті қолдану ерекше мән береді.
Көркем еңбек сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылықты дамыту мақаласы дайын тұлғаны оқыту және тәрбиелеу мәселесіне арналған:
- мақсат қою, өз қызметін ұйымдастыру, өз еңбегінің нәтижелерін бағалау қабілетін көрсету кезінде ұлттық және әлемдік мәдениетке интеграциялау;
- жеке қасиеттерді қалыптастыру: ақыл, ерік, сезімдер мен эмоциялар, шығармашылық қабілеттер, іс-әрекеттің танымдық мотивтері;
- әлемнің тұтас бейнесін қабылдау.
Осы мақаланың негізгі қорытындысы білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың пәрменді құралы болып табылады деген тұжырым болып табылады.
Көркем еңбек сабақтарында функционалдық сауаттылықты қалыптастыру шарттары
1. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі
2. Жүйелік-белсенділік тәсілі
3. Сабақтағы оқу іс-әрекетінің нәтижелі сипаты
4. Пәнаралық интеграция
5. Білім беру технологиялары
6. Зерттеу және проблемалық стратегиялар
7. Техникалық құжаттамамен жұмыс
8. Оқу-практикалық тапсырмалар
Көркем еңбек сабақтарының міндеті-оқушыны жағдайды бағдарлауға және одан өз бетінше шығудың жолын табуға үйрету, жаңа білім алу, мақсатты дұрыс қою және іс-қимыл жоспарын жасау.
Қорытынды.
Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру-бұл мұғалімнен оқытудың заманауи формалары мен әдістерін қолдануды талап ететін күрделі процесс. Осы формалар мен әдістерді қолдана отырып, біз бастамашыл, өздігінен, шығармашылықпен ойлайтын тұлғаны тәрбиелей аламыз.
Технология сабақтары қазіргі табысты адамның әртүрлі дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі, яғни функционалды сауатты тұлға.
Қортындылай келе, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған білім мазмұнын игерген оқушылардың білімдері мен біліктері өмірлік жағдаяттарда қолдана білуді, әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істей білуді және алынған ақпараттарды сыни тұрғыдан бағалай білуді, өзінің болжамдарын ұсыну және зерттеулер жүргізу, өзінің ойын негіздей білуді; іскерлігі мен дағдыларын адами іс-әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-ақ тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалануды қамтамасыз етеді.
Қазіргі мектеп-бұл өмірдің бір бөлігі, онда оқушы болашаққа ғана емес, сонымен бірге өмірге де дайындалады, кез-келген мәселені шешуге үйренеді, ақпаратты білімге айналдыруға және білімді іс жүзінде қолдануға үйренеді. Мектеп балаларға нақты адами қатынастар әлеміне енуге көмектесіп, оларды қазіргі қоғамда өмір сүруге үйретуі керек. Мұғалімнің алдында үлкен міндет тұр. Ол балалармен бірге ертеңге деген ұзақ және қиын жолдан өтуі керек.
Көркем еңбек сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамыту оқушылардың кешенді мәдени және көркемдік сауаттылығын қалыптастырудың ажырамас бөлігі болып табылатынын атап өткен жөн. Бұл процесс олардың эмоционалды, шығармашылық және интеллектуалды дамуына ықпал етеді және оларға өнер объективі арқылы әлемді жақсырақ түсінуге және түсіндіруге көмектеседі.
Менің көпжылдық тәжірибемнің нәтижесінде табысқа ұмтылған тұлғаны қалыптастыруға бағытталған дидактикалық жүйе қалыптасты. Жүйенің тиімділігі мен табыстылығы оқушылардың үлгерімі мен білім сапасының тұрақты жоғары көрсеткіштерімен расталады.
Бұл әрекет түрі мен үшін де, оқушылар үшін де қызықты. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Жұмабаева, А. Е. Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауатты-лығын қалыптастыру мәселелері және оларды шешу жолдары
2. А. Е. Жұмабаева, А. Б. Д. Д. Тоқан ХХІ ғасырдағы білім: III материалдар жинағы Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. - Мәскеу, 2020. - 351-356 ББ.
3. Ергешбаева Ш.Н. Мүдде мен мақсат - жарқын болашақтың кепілі. Өрлеу - Шымкент №1 02.2014ж.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz