Құқықтық сананың функциялары


1 Құқықтық сана және құқықтық мәдениет
Құқықтық сана - қоғамдық және жекелеген сезімдердің бір бөлігі олардың объектісіне заңдар тұтасымен, жекеленген актілер мен нормалар, құқық, жеке адамның бостандығы мен міндеттері және құқықтық қатынастарға қатынасушылар, құқықты қолдау актілері құқыққа сай және қарсы тәртіптер құқықтық тәртіп және заңдылық жатады.
Құқықтық сана - құқықтық сезімнің, эмоцияның, көзқарастың, бағалаудың, белгінің, ойлаудың және басқа көріністердің жүйесі, әрекеттегі құқыққа заңды түсініктер мен категорияларға заңды тәжірибеге, құқыққа, бостандыққа, міндеттілікке және басқадай керек құбылыстар көрсетілетін құқықтық қатынастар.
Құқықтық сананың функцияларына мыналарды жатқызу-ға болады: саналық, реттеушілік, құқықтық үлгілеу функ-циясы, бағалау, құқықтық тәрбиелеу функциясы, прогностық функция.
Құқықтық сананың бағалау функциясы - қандай болмасын әлеуметтік-құқықтық құбылыстардың бір-біріне ұқсастығын өзінің міндетті жеке ойлары туралы не осы құбылыстардың әлеуметтік пайдалылығын (бағалылығын) көрсетеді.
Құқықтық сананың танымдық функциясы құқықтық білімді алудағы жүйелілікті көрсетеді. Қоғамның даму деңгейіне сай болу және адамның сол білімді меңгеріп тәжірибеде қолдануға қабілеттілік әрекеттері.
Құқықтық сананың реттеуші функциясы оның белгілі ережеге бағынған нәтижесімен өзінің субъектілерінің тәртібіне ықпал етуі (құқықтық сананы алып жүрушілерге) .
Құқықтық сана екі үлкен құқықтық идеология мен құқықтық психологиядан тұрады.
Құқықтық идеология - көзқарастар мен ойлардың жүйесі, онда теориялық нысанда қоғам өмірінің құқықтық құбылыстарын көрсетеді. Оны мынадан көруге болады: ғылыми идеялардан (мысалы, адал мемлекеттік құрылым туралы идея, құқықтық мемлекеттің құрылуын талап етеді) ; ережелермен, ілімдермен, теориялармен қоғамда қалыптасады және мемлекетке және оның органдарына құқықтық шығармашылық және құқықты қолдау әрекеттерінде оларды тиімді пайдалану жүктеледі.
Құқықтық психология - бұл сезім, үйреншіктік, көңіл-күй, дәстүр, қоғамда әрекет етуші әр түрлі әлеуметтік топтардың, жекеленген адамдардың құқыққа, құқықтық мекемелердің жүйесіне қатынасы көрсетіледі. Құқықтық психология төтенше күрделі және көптеген, әр түрлі көріністермен толтырылған адам баласы өмірінің көріністерін сипаттаушы.
Ол психологиялық және құқықтық құбылыстардың жиынтығынан құралады. Оған жататындар: құқықтық қажеттілік, құқықтық белгі, құқықтық менталитеті, құқықтық мотив, бағалылық-құқықтық бағдар, құқықтық көңіл күй, құқықтық сезім, құқықтық эмоциялар, құқықтық тәжірибе, құқықтық үйреншіктік, құқықтық бірлік, т. б.
Адамдардың құқыққа және оның белгілеуіне қатынасын тереңдік көзқарасы жағынан және құқықтық білімінің және уайымдаудың бағытына байланысты, құқықтық психо-логияның деңгейі деп аталады.
Құқықтық психологияның дамуының жоғарғы деңгейі (қоғам, әлеуметтік топтар, қаланың тұрғындары, мекеменің-ұжымы) - бұл шын мәніндегі, жүйеленген тұрақты, құқықтық шындықтың деңгейі және теориялық-тәжірибелік көрінісі, әлеуметтік психологиялық құбылыстардың, ондағы нағыз дамыған құқықтық топтар психологиясы туралы құқықтық ойларға максималды сай келуі, жалғасы ретінде, құқыққа сай тәртібімен лауазымды адамдардың, азаматтардың барлық топтардың, ұжымдардың мүшелері.
Құқықтық психологияның дамуындағы төменгі деңгейіне, көбірек оның жоғарғы тығыз құқықпен сай келмеуі, криминогенді әлеуметтік-психологиялық алғышарт-тардың болуы, көбірек кең көлемде және тереңірек көріне бастаған құқыққа қарсы қоғам мүшелерінің тәртібі.
Құқықтық сананы әр түрлі негіздерге сай жүйелеуге болады.
1. Жалпылық деңгейіне қарай көпшілік (ұлттың құқықтық санасы, халықтың), топтық (әлеуметтік топтардың құқықтық санасы, формалды және формалды емес ұжымдардың) және жекеленген (жекеленген адамдардың құқықтық санасы, сезім және жекелеген адамдардың құқық туралы ойлары) .
2. Мазмұнына қарай құқықтық сана бөлінеді: күнделікті (күнделік жағдайларда адамдардың құқық туралы, отбасында, жұмыста, қоғамдық және басқа өмір аясындағы атүсті ойлары), кәсіби (арнайыланған құқықтық білімдерге негізделген, кәсіби заңгерлердің жұмысында пайдаланы-латын) және ғылыми (кең және терең құқықтық қорыту және құқықтық құбылысқа қатынас) .
3. Басқару қарқындылығын көрсетумен, белсенді құқықтық сана деңгейі (мақсатты бағытталған, субъектінің белсенділік әрекеті, құқық нормаларының талаптарын сақтауға не сақтамауға бағытталған), құқықтық сананың дағдылы деңгейі (құқыққа, құқықтық құбылысқа қатысты сондай қатынастар, онда күнделікті субъектілердің әрекеттеріндегі жағдайлар. Ол құқық нормасын бұзғанда не бұзбағанда көрінеді (үйренген құқыққа сай тәртіп және үйреншікті құқыққа қарсы тәртіп; ситуативті құқыққа сай және ситуативті құқыққа қарсы тәртіп) және құқықтық сананың енжарлық (пассивный) деңгейі (субъектінің сол не басқа субъективтік құқықтың бөлігін не заңды міндетті орындаудан саналы түрде қалатын сипаты (конформистік құқыққа сайлық және конформистік құқыққа қарсы тәртіп; маргинальдық құқыққа сайлық және маргинальдық құқыққа қарсы тәртіп) .
Егер құқықтық сана құқыққа қатынасты адам баласы әрекеттерінің ішкі жағынан сипаттаса, ондай қатынастың сыртынан көрсетуші құқықтық мәдениет. Бұл категориялар бір-бірімен тығыз байланыста.
Құқықтық мәдениет - бұл экономикалық саяси, әлеуметтік және қоғамның дамуындағы рухани деңгеймен қамтамасыз етілген жалпы мәдениеттің бір түрі, адам баласында жиналып қалған құқықтық бағалылықты пайдаланудағы игерудің мүшелерін көрсетеді, себебі ұрпақтан-ұрпаққа беріледі.
Әдебиетте құқыққа, мәдениеттің неден қалыптасатыны жөнінде көптеген комплекс факторлар көрсетіледі. Ондай факторларға жататындар: құқықтық ойлау мәдениеті (құқық нормаларын білу, оларды тәжірибеде пайдалана білу) ; құқықтық сана мәдениеті қоғамдық құқықтық құбылыстардың табиғатын түсіну және құқықтың қоғамдық қатынастарды реттеуге қажет екенін саналы түрде мойындау, құқықтық тәртіп мәдениеті (игерілген құқық нормаларына сай, саналы қылықтар жасау) .
Таралу деңгейіне байланысты (әрекеттілігіне) қоғамың, топтың және ұйымның, сонымен қатар жеке адамдардың да.
Құқықтық мәдениеттің әлеуметтік қажеттілігі, оның орындайтын функцияларынан көрінеді. Олардың негізгілеріне мыналар жатады: бағалылықтағы, танымалдылықтағы, прогностік, реттеушілік, коммуникативтік, құқықтық-әлеуметтендіру және әлеуметтік-құқықтық шындыққа ықпал жасайтын бағыттар.
Құқықтық мәдениетті қалыптастыру процесінің негізгі бағыттарына жататындар: іскерлікті қалыптастыру және үйреншікті тәртіпті үгіттеу нысанында - құқықтық насихат, құқықтық тәрбие, құқықтық оқыту және білім. Жеке адамның құқықтық санасы көп жағдайда, әлеуметтендіруді қалыптастырады. Ол жеке адамның мәдениетінің қалыптасуына үлкен ықпал жасайды.
Құқықтық әлеуметтендіру - бұл адамның құқықтық білімді және оның талаптарын игеру, біртіндеп қажетті әлеуметтік-құқықтық әдетті игеріп, мақсатында құқықтық (заңды тыңдаушыға) тәртіп қалыптастыру және қамтамасыз ету.
Мұндағы есте ұстайтынымыз, адам әлеуметтенеді, пайдалы қоғамдық белгілер туралы білімді, өмір бойы алады. Құқықтық әлеуметтену процесіне үлкен ықпал ететін, нақтылы адамның өмірлік үлгісі - оның өзінің талаптары мен оларды іске асыратын микросоциумы.
Адам баласының тарихында құқыққа екі қарама-қарсы түсінушілік қалыптасты, тікелей құқықтық сана аясында көрінеді.
Біріншісі, құқық маңызды әлеуметтік бағалылық, және қоғамның ұйымдасуы мен дамуындағы негізгі факторлардың бірі (бастысы болмаса) ретінде мойындайды. Мұндай құқыққа деген көзқарас заңды дүниетанымдылық деп аталады. Олармен, барлық кәсіптік әрекеттерді юристердің толықтыруы қажет.
Дегенмен мөлшерінен асқан құқықтың күші туралы сенім шындықтан айырылу белгілі жағдайда белгілі негативтік нәтижеге әкеліп соғуы мүмкін. Мысалы, оның абсолюттік бағытына (құқықтық феттизм, романтизм, идеализм, волюнтизм), дүниеге құқықтық утопияны енгізу, яғни олардың жоқ бірақ идеялды жасалған қоғам мен құқықтың жүйесімен. Тәжірибеде қоғам құқықтық популизмінің көрінісімен кездесуі мүмкін, яғни билік әрекеттерімен, мақсаты құқықтың белгілілігін жұртқа таралуды қамтамасыз етуге негізделгенмен сендіру және демагогикалық ұрандар арқылы іске асыру.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz