Құқықтық мемлекеттің түсінігі


ҚҰДАЙБЕРГЕН ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ
АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТАНУ
ФАКУЛЬТЕТІ
ҚҰҚЫҚТАНУ КАФЕДРАСЫ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы :Қазіргі құқықтық, демократиялық мемлекеттің қоғам өміріндегі алатын орны мен міндеттері.
Орындаған :Асан Салтанат
Жетекші :Нурлин А. Қ.
2023-2024ж
Мазмұны
Кіріспе
1. Құқықтық мемлекеттің түсінігі .
1. 1. Құқықтық мемлекеттің мақсаты мен белгілері
1. 2. Қазіргі құқықтық мемлекеттің қоғам өміріндегі алатын орны мен міндетті.
2. Демократия түсінігі. Демократиялық мемлекет
2. 1. Қазақстан Республикасы -демократиялық мемлекет
2. 2. Қазіргі демократиялық мемлекеттің қоғам өміріндегі алатын орны мен міндетті.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазіргі құқықтық мемлекет пен демократиялық мемлекеттің орны мен міндеттері аса маңызды. Қазақстанда тұрып жатқан ұлттар мен ұлыстардың, этникалық-әлеуметтік топтардың отаны десекте болады. Қазақстан жері көп ұлтты. Қай ұлт болсада, олар Қазақстан Республикасының тең құқықты. Құқықтық мемлекеттің негізін құраушысы және өзін-өзі реттейтін азаматтық қоғам. Құқық барлығына ортақ. Қазақстан құқықты мемлекет. Себебі біз тәуелсіз мемлекетте басқа ұлттармен тату-тәтті сүріп жатырмыз. Тәуелсіз алғанымызға биыл 31 жыл толады. Құқықтық мемлекет туралы осы уақытқа дейін пікірлер қалыптасып жатыр. Қазақстанда құқықтық мемлекеттің қалыптасуы ұзақ процесс. Қоғамдық сананың түбегейлі өзгертілуі қажет. Ал мемлекеттік билік қоғамның қауіпсіздігін қатамасыз етуге, тұлғаның еркіндігі мен құқығын қорғауға бет бұруы керек. Құқықтық мемлекет бүгінгі таңда жалпы адамдық құндылықтардың ең елеулісі . Құқықтық мемлекет дегеніміз азаматтардың құқығын және бостандығын толық түрде қамтамасыз етеді.
Демократиялық мемлекет дегеніміз бүкіл әлемде жаһандану кезіңде кеңінен таралған мемлекет түрі.
Қазақстан Республикасы демократиялық мемлекет. Қазақстан Республикасың Конститутциясының 1 бөлім 1-бабында:ҚР өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
Қоғам яғни халық билік жүргізе алады. Олар сайлауға қатыса алады, көпшіліктің даусымен шешім шығарады. Мемлекеттік биліктің бастауы халық. Біз осындай дамыған мемлекетте тұрып жатқанымызға қуаныштымыз. Басқа елдерден артықшылығымыз жоқ. Жеріміз үлкен 9 орындамыз. Егер заң жоқ болғанда, барлық адам қазіргідей өмір сүрмейтін еді.
Курстық жұмыста:Мазмұны, кіріспе, 2 тарау, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімі бар.
1. Құқықтық мемлекет түсінігі.
Құқықтық мемлекет дегеніміз жеке тұлғаның және қоғам мүдесін қорғайтын, заң үстемдігімен құқық принциптеріне негізделген мемлекет. Құқықтық мемлекет ол конституциялық басқару тәртібі мен ережесі, дамыған құқықтық жүйе мен пайдалы яғни тиімді сот билігі бар мемлекет. Құқықтық мемлекет идеясының сонаудан бері келе жатқан тарихы бар. Ежелгі дәуірден бастау алады. Иммануил Кант-құқықтық мемлекеттің философиялық ілімін жасады.
Құқықтық мемлекет алғаш рет атауы 19 ғасырдың бірінші жартысында пайда болған, кейін Еуропаның біршама елдерінде пайда болды. Бірақ құқықтық мемлекет туралы мәліметтер антикалық заманда қалыптасып содан кейін мемлекет пен құқықтық арақатынасы туралы шешімдер жасалған еді. Жаңа заманда құқықтық мемлекет туралы пікірлер мен көзқарастардың қалыптасуы құқық доктаринасының бекіттілуі, зайырлы заң дүниетанымының пайда болуы, полициялық тәртіпті қадағалауы, жеке тұлғалардың бостандықтары мен теңдігі, құқықтарын білу, атқарушылық және сот тармақтарына бөлінуі туралы ақпараттардың қалыптасуы, конституционализм теориясы мен тәжірбиенің дамуы жүрді. Бұл ережелердің жасалуына: Гуго Гроций, Бенедикт Спиноза, Джон Локк, Шарль Монтескье, Джон Адамс тағы басқалары қомақты үлес қосты.
Гроцкий - қоғам тарихында қалыптасқан құқықты екіге бөлді: біріншісі- табиғи құқық адамды қоршаған ортанын әсерінен және жеке адамның өзінің акыл, парасаттылығы қалыптасатын құқықтар; екіншісі - мемлекеттің қабылдаған нормативтік актілер аркылы ешкімге зиян келтірмей орындауга тиіс. Мемлекет - қоғамдық жалпы халыктық шарт аркылы өмірге келді деп түсіндірді.
Монтескье - мемлекет адамдардың саяси және азаматтық бостандығын, теңдігін қатаң орындауы керек. Сонда ғана құқықтық мемлекет болады.
Локк - Маркс құқықтық мазмұның өте дұрыс, ашык түсіндірді. Мемлекет адамдардың құқықтарын қорғау үшін қалыптасты. Құқықтың мемлекеттін негізі мазмұны халықтын табиғи бостандығы, тендігін қорғау.
Кант - құқықтық мемлекеттін философиялык негізін ғылыми тұрғыда зерттеді. Мемлекеттік жұмыстың өзекті мәселесі жеке адамнын қадір-қасиетін, ар-намысын, бостандығын, теңдігін қорғау, адамның қоғамда үстемдігін қалыптастыру деп айтқан.
Гегель - қоғамдық ғылымдардың негізгі бағыттарының бірі - құқықтық философия. Мемлекет дегеніміз жан-жакты дамыған құқық деген. Азаматтық қоғам құқық аркылы адамдардың мүдде максатын қорғайды. Мемлекет құқық пен моралдын бірлестігін дамытып халықтын әлеуметтік жағдайын жан-жакты жақсартады.
Маркс - құқық пен мемлекетті қоғамнын таптык кұрылысына сәйкес қараған. Таптар жойылса құқық пен мемлекет те жойылады. Бұл процесс қоғамда құқықтық мемлекет қалыптасып, бостандық орнаумен аяқталуга тиіс. Бостандык, - Маркстін ұғымында, қоғамдағы мемлекеттің үстемдігін жойып, оны қоғам бағындырып, халықтын мудде-максатын орындайтын органга айналдыру. Сонда ғана құқықтық мемлекет қалыптасады.
Қазіргі заманда құқықтық мемлекет туралы пікір жан-жакты дамып, дүние жүзінің ғалымдары бір ойға келіп, ортак ғылыми қөзқарас қалыптасты деуге болады. Құқықтық мемлекетте биліктің, азаматтың, қоғам мен құқықтың теңдігі және олардың заң алдындағы құқықтық теңдегі негізгі орын алады. Құқықтық мемлекетте қоғам заңмен реттеледі және заң үстемдік еткен жағдайда сот ісі тәуелсіз болып, тек заңға бағынады. Құқықтық мемлекет әрбір жеке адамның заңды мүдделерінің, ар-намысы мен қадірін қорғалуына кепілдік беруі, барлық азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, олардың бірлестіктерін қамтамасыз етуі керек. Құқықтық мемлекетте қоғам, топ мүшелері мен азаматтар қауымдастықтарының мемлекет алдында, жалпы мемлекеттің, оның органдары мен басқармаларының, лауазымды адамдардың қоғам, азаматтар алдындағы тәртібі орындалуы керек. Құқықты мемлекетте биліктің бір адамның қолыңда немеме органдар мен әлеуметтік топтардың қолында шоғырлануға жол бермейді. Құқықты мемлекетте сот әділдік жақтаушы, яғни құқықты қорғаушы, негізгі міндеті адам құқықтарын қорғау болуы керек. Құқықтық мемлекет екі жакты жауапты объективтік процесс.
Құқықтық мемлекетті қалыптастыру, дамыту адам қоғамының көне заманнан бері негізгі максаты болды. Көне дәуірдің ойшылдары: Сократ, Демокрит, Платон, Аристотель, Цицерон құқық пен мемлекеттін өзара қатынасын инабаттылық, парасаттылық, әділеттілік жолмен дамуын армандады. Аристотель: «Заң үстемдігі болмаса демократия жоқ», - деді. Феодалдык дәуірде Никколо Макиавелли, Жан Боден т. б. саяси кайраткерлер құқықтық мемлекет орнату туралы біраз пікірлер айтып кетті.
Құқықтық мемлекет бір уақыттада әлеуметтік мемлекет. Құқықтық мемлекет адамгершілік негізін, жалпы адамдық бостандығы және оның ары мен адамгершілігің құрайды. Құқықтық мемлекеттің режимін шын мәнінде адамның жоғары адамгершілік қасиетті бекітеді. Олардың қоғам өміріндегі басқару ролін атқарады, жеке адамға жасалатын басынушылық пен күштеуді жойды. Себебі ол мемлекеттік басқарудың демократиялық тәсілінен, сот процессінің адалдығынан, жеке адамның мемлекетпен қарымқатынастағы құқығының және тәуелсіздігіннің артықшылығы, аз топтың құқығың қорғау, әртүрлі діни сенімдерге көнуден көрінеді. Құқықтық мемлекет деген тәуелсіз мемлекет. Ол өзінің бойына бүкіл халықтың, ұлттың тәуелсіздігін жинайды. Бұл сияқты мемлекет үстемдікті, бәріне бірдейлікті, биліктің толықтығы, ерекшелігін іске асыру арқылы, адалдыққа негізделген азаматтардың қоғамдық қатынастарын және бостандығың қамтамасыз етеді.
Құқықтық мемлекетке мәжбүр ету, мемлекет тәуелсіздігінің маңызды көрсеткіші ретінде, құқықпен шектеледі, заңсыздық пен бассыздыққа жол бермейді. Құқықтық мемлекеттің экономиялық негізіне әр түрлі меншік формасына, көп тәртіпке сүйенген өндірістік қатынастар тең құқықты және бірдей мөлшерде заңмен қорғалғандар жатады. Құқықтық мемлекетте меншіктік, тікелей өндірушілер мен тұтынушылар жатады. Мемлекеттік құқықтың бастамасы: тек өзін өзі билегенінде, меншіктік бостандығында. Құқықтық мемлекеттің басты ерекшелігі адам, өмірі, құқығы, бостандығы. Құқықтық мемлекеттегі билік 3 тармаққа бөлінеді. 1. Заң шығарушы-Парламент, 2. Атқарушы билік-Үкімет, 3. Сот билігі. Құқықтық мемлекет жақсы дамыған мынандай мемлекеттер жоғары орындар алып отыр. Дания, Норвегия, Финляндия, Германия, Жаңа Зеландия, Канада. Қазақстан 62 орында. Құқықтық мемлекет белгісінің болуы саяси саланың жоғары даму деңгейін көрсететі. Құқықтық мемлекетте қоғамның барлық мүшелерінің қызметі заңға бағынады. Азаматтардан президентке дейін. Әрбір адамның құқықтары заңмен қорғалады және оған кепілдік береді.
1. 1. Құқықтық мемлекеттің мақсаты мен белгілері.
Құқықтың мемлекеттің мақсаты.
Құқықтық мемлекеттің мақсаты: адам мен азаматтың құқықтар мен бостандықтарының толық түрде қамтамасыз етілуіне және құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында мемлекеттік билікті құқықпен барынша байланыстыруға жағдай жасаушы саяси билік ұйымы. Құқықтық мемлекет саяси ұйымның билігі, адамның, азаматтың құқығы мен бостағын толық қамтамасыз етуге жағдайлар жасайды және мемлекеттік билікті құқықтың негізінен өз пайдасына пайдалануға мүмкіндік бермейді. Адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарын толық қамтамасыз етудің жағдайларын жасау, сондай-ақ билікті құқық арқылы қатты пайдалануға, деспотияға айналып кетуіне жол бермеу үшін мемлекеттік билікті құқық арқылы шектеп отырады.
Құқықтық мемлекеттің негізгі екі принципі бар.
Біріншісі:Адамның және азаматтың құқығын, бостандығын толық қамтамасыз ету. Сосын жеке адамдарға құқықтық ынталандыру режимін жасау.
Екінші: Құқықтың көмегімен мемлекеттік биоікті біртінлеп байланыстыру, мемлекеттік бөлімдер үшін құқықтық тежеу режимін құру.
Бірінші принцип-Қазақстан Республикасың Конституциясының 1 бабында былай бекітілген”Қүқықтық мемлекет өзінің тағайындалған қызметін” біртіндеп орындауы қажет. Ол міндетті және әрбір жеке азаматтың басының жан жақты даму мүмкіншілігіне кепіл беру керек.
Екінші принцип- оны жүзеге асыруға мынандай жолдарды пайдалану керек: 1) билікті заң шығару, атқару және сот органдарына бөлу. Мақсаты теріс пайдалануға жол бермеу;
2) Федерализм- көлденең бөлінген билікті, тағы да жоғарыдан төмен бөлу арқылы толықтыру жүргізу
3) Заң үстемдігі
4) Мемлекет пен жеке адамның екі жаққа да жауапкершілігі
Құқықтық мемлекеттің қағидаттаттары:1. Адам құқығы мен бостандығының басымдылығы. 2. Билікті бөлу қағидаты. 3. Заң үстемдігі қағидасы, заң алдында барлығы тең.
1. Адам құқығы мен бостандығының басымдылығы- жеке тұлғаның әлем қауымдастығы мойындап, халықаралық-құқықтық құжаттарда бекітілген, құқықтық тұрғыдан қамтамасыз етілген, ешкім шек пен бөгет қоймайтын немесе тиым сала алмайтын құқықтары мен бостандықтары. Адамзат қоғамында бұндай мәселелер ежелден назар аударылған. Мысалы Аристотель адам құқықтарын 2 топқа бөлді. Олар “табиғи” және “шартты” . Адамның табиғи құқықтарын мемлекет енгізген шартты құқықтардан жоғары қояды.
2. Билікті бөлу қағидаты - демократиялық-құқықтық елде мемлекеттік билікті бір-біріне тәуелсіз, дербес тармақтарға:заң шығару, атқару және сот қызметіне бөлу қағидаты. Жалпы билікті бөлу көне заманда пайда болған саяси-құқықтық қағида.
3. Заң үстемдігі қағидасы, заң алдында барлығы тең. Бұл құқықтық мемлекеттің негізгі белгілеріне жатады. Заң үстемдігі -заң алдында барлық адамдардың теңдігін анықтайды. Құқықтық мемлекет құқықтық заң үстемдігін бекітпей мүмкін бола алмайды.
Құқықтық мемлекеттің негізгі белгілері:
1. Барлық қоғам өмірінің аясындағы заң деңгейінің жоғарлылығы. Құқық жүйесіндегі жоғарғы құқықтылықтың нысанына ұйымдарды және адамдардың бостандығын қорғаушы заң жатады. Заңда мемлекет белгіленген бәріне міндетті тәртіп жолын белгілейді. Адалдық пен теңдіктен бастау алып, қоғам дамуындағы объективті қажеттілікті толық есепке алады. Заң жоғары заңдылық күшке ие. Басқа құқықтық актілер заңға сай болуы керек. Заң қоғам өміріндегі ең аса маңызды қажеттіліктерді, жағдайларды реттейді. Ол қоғамның адамгершілік құндылығын қорғайды. Мысалы:меншік туралы заңдар, кәсіпкерлік туралы, баспа тағыда басқа. Қосымша заң актілер оның ішінде ведомстволық, бірақ заңды ешқашанда жетілдірмейді, түзетпейді, өзгертпейді. Заңда бекітіліп жатқан қоғамдық қатынастардың объективтігі, олардың дамуы мен жаңалануы көрсетілуі тиіс. Заң шығарудағы әртүрлі тежеулік жүйе, субъективтік сипаттағы тиым салу, құқықтық мемлекеттің негізіне зиян келтіреді, қоғамдық қозғалысты тежейді.
2. Жеке адамның құқығының шындығы, оның еркін дамуын қамтамасыз етуі. Адамның әлеуметтік, саяси, адам бостандығы оның құқығы ретінде көрінеді. Құқықтық мемлекет жеке адамдарға бостандықтардың болуын қолдайды, ол мөлшерден әрі қарай мемлекеттің араласуы дұрыстыққа жатпайды. Мемлекеттік биліктің араласпау міндеттілігі, адамдардың өз құқығын сақтауды талап етеді. Егер белгіленген құқық бұзылған жағдайда ол соттың қорғауымен қамтамасыз етіледі. Құқық барлығына ортақ, көлемді және бір деңгейдегі бостандық. “Тұлғаға тиым салынбаған нәрседен басқаның бәріне рұқсат етіледі ”деп сипаттаған. Жеке адамның құқықтық сипаттағы бостандығы, қоғам өмірінің әртүрлі жағдайынан көрінеді. Ең маңызды: жеке адамның құқығы, оның мүддесін орындауға ұмтылған мемлекеттің қимылы, жеке адамның дербес құқықтығына, білім алу, әлеуметтік қамсыздандырылған, сотпен қорғалу, мемлекеттің көлемінде еркін жүру жатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz