Кәсіпкерлік қызметтерден мысалдар келтіру


«АТАМЕКЕН» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ
ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
КӘСІПКЕРЛІК НЕГІЗДЕРІ
ЖОО ОҚЫТУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
НҰР-СҰЛТАН 2019
Әдістемелік құрал: « Кәсіпкерлік негіздері » курсы бойынша ЖОО оқытушыларына арналған нұсқаулық / Е. С. Дүйсенханов, Н. Е. Жұлдызбаев, А. С. Успаева, А. С. Өтепқалиев, С. Атагельдинова, Ғ. Е. Керімбек - «Атамекен» ҰКП. Нұр-сұлтан: «Шаңырақ-Медиа» ЖШС, 2019 ж. - 300 б.
Әдістемелік құрал: «Кәсіпкерлік негіздері» курсы бойынша ЖОО оқытушыларына арналған нұсқаулық болашақта бизнесмендер қатарына болуды жоспарлап отырған студенттер үшін кәсіпкерлік қызметті жүргізу, сондай-ақ болашақ өмірде табысты адам болуды жоспарлап отырған, ол басқа компанияда жалдамалы қызметкер болса да, бірақ табысты бола алатын адамдар үшін кәсіпкерлік дағдыларды дамыту бойынша базалық курс жасайды.
Нұсқаулық қазіргі заманауи әлем жағдайында кәсіпкерлік қызмет үшін білім мен дағдылардың іргелі жиынтығын қалыптастыру мен арттыруға ықпал ететін іс-тәжірибеге бағытталған оқыту моделін қамтиды.
Әдістемелік құрал Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауына сәйкес Қазақстанды жаңғырту контексінде және жарияланған басымдықтардың бірі - Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасын іске асыру арқылы бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту мен кеңейтуге арналып әзірленген.
ISBN
© «Атамекен» ҰКП, 2019
АЛҒЫСӨЗ
Құрметті оқытушы!
Сізді «К әсіпкерлік негіздері » курсының енгізілуімен құттықтаймыз.
Өзіңіз білетіндей, кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік ойлау қабілеті бар адамдар мұндай ойлауы мен дағдысы жоқ басқалардан оңай өмірде бейімделеді және әлдеқайда табысты адамдар. Сіз бұл курсты сабақ бере отырып, өз студенттеріңізді кәсіпкерлік әлеміне алып, бизнес негіздерін зерделеудің қызықты дәліздері арқылы өткізесіз.
Кәсіпкерлер кез келген мемлекеттің дамуында маңызды рөл атқарады, өйткені олар басқаша ойлай алады, ал өз идеяларымен және іс-әрекеттерімен өз өмірін де, басқа да адамдарды өзгертуге қабілетті. Кәсіпкерлер әлемді басқаша көреді, басқаша ойлайды. Басқалары бір байқаған жерде, кәсіпкерлік ойлау қабілеті бар адам мүмкіндіктерді көреді. Мұның бәрі дағдыларға жатады. Ал, белгілі болғандай, дағдыларды меңгеруге және дамытуға болады.
Бұл « Кәсіпкерлік негіздері » курсы жоғары оқу орындарында Қазақстан Республикасының « Атамекен » Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен пайда болды және кәсіпкерлерді дайындауға арналған.
«Кәсіпкерлік негіздері» курсын оқыту Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 27 «Жастар жылын өткізу жөніндегі Жол картасын бекіту туралы» Қаулысының «Жоғары оқу орындары мен ТжКБ студенттерін кәсіпкерлік негіздеріне оқыту» 11 тармағын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қаулысы 5. 4. 2 тармағының 2 тармақшасын орындау мақсатында іске асырылуды.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасын (Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 27 Жарлығы) және Жастар жылын өткізу жөніндегі жол картасын (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 27 қаулысы) жүзеге асыруды Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының білім алушылары үшін әзірленді.
« Кәсіпкерлік негіздері » - бизнес-ойлау психологиясын тәжірибелік түрде оқыту, бизнес-идеяны таңдау дағдыларын алу, бизнес-модельдерді және негізгі кәсіпкерлік қызметті жоспарлауды үйренуді, маркетинг және кәсіпкерліктің мақсатты аудиториясымен жұмыс істеу дағдыларын, кәсіпкерлік ресурстарды сату және басқару стратегияларын, қаржылық модельдерді жобалау мен инвестицияларды тарту әдістерін, сондай-ақ салықтық және құқықтық сауаттылығы мен кәсіпкерлердің жауапкершілігінің негіздерін зерттеуді қарастырады. Нұсқаулық негізінде курсты оқу барысында студенттердің өз стартаптарымен дербес жұмыс жасай алуын білдіретін іс-тәжірибеге бағытталады. Сонымен қатар бағдарламада алынған білімді жұмыс істеп тұрған қазақстандық және халықаралық компаниялардың мысалдарымен қолдана алуды көрсететін кейстер әдісі, сондай-ақ студенттерге кәсіпкерлік-жаттығуларға қатысу үдерісінде алған білімдерін меңгеруге мүмкіндік беретін геймификация қағидаты қолданылады.
«Кәсіпкерлік негіздері» курсы бағытталады:
- білім алушыларда кәсіпкерліктің теориялық және тәжірибелік негіздерін қалыптастыруға;
- Қазақстан Республикасы кәсіпкерлік қызметтің жүйесі туралы білімді игеруге;
- өз жетістіктері мен өмірлік ұстанымдары үшін жауапкершілікті тәрбиелеуге;
- білім алушыларда кәсіпкерлік ойлауды және өз әлеуетін іске асыру үшін мүмкіндіктерді көре білуді қалыптастыруға;
- бизнес-идеяларды ойлап табуға және оларды кәсіпкерлік қызмет деңгейіне дейін дамыту дағдыларын сатып алуға;
- бизнестің өміршеңдігін арттыру мақсатында бәсекелестіктің өзгермелі жағдайларында бизнес-модельдеуге және бейімдеу дағдыларын дамытуға;
- білім алушыларда жеке қаржылық сауаттылық пен бизнес-жоспарлаудың тәжірибелік дағдыларын қалыптастыруға;
- зерттеу дағдыларын қалыптастыруға, заманауи ақпараттық технологияларды пайдалануға.
«Кәсіпкерлік негіздері» курсы 11 тараудан тұрадыжәне оқытудың қосымша түрлері есебінен 36 сағат көлемінде жүргізіледі. Қорытынды нәтижесі болып комиссиямен студенттерден бизнес-жобаны қорғауды қабылдау және қорғағандарға сертификат беру табылады.
Нұсқаулық интерактивті нысандар мен оқыту әдістерін қамтиды: қонақ дәрістер, семинар, тәжірибелік жұмыс, тренинг, шағын сабақ презентациясы, кейстер әдісі, жобалық әдіс, видео фильмдерді талқылау, сондай-ақ студенттің оқытушымен өзіндік жұмыстары, шағын топта жұмыс істеу, оқыту жаттығулары, кері байланыс, күрделі және пікірталас сұрақтары мен мәселелерін талқылау, мастер-класс, жеке портфолио және аналитикалық есептерді қорғау.
Студенттер аудиториясының ерекшелігі ескеріле отырып, курсты оқу барысында логикалық қорытынды жасауға, мазмұнын өз тәжірибесіне бейімдеуге және аудиториялық тәжірибелік сабақтар мен аудиториядан тыс өзіндік жұмыстарды орындаудың нәтижесінде алған білімдерін сынақтан өткізуге мүмкіндік береді.
Алғысөзді қорытындылай келе, мемлекеттің дамуына қосқан үлесіңіз үшін рақмет айтып алғыс білдіреміз, себебі сіз жаңа кәсіпкерлерді және кәсіпкерлік білімі мен дағдысы бар адамдарды дайындау арқылы елдің экономикасын өркендетуге үлес қосудасыз.
Сіз сізге жүктелген миссияның барлық жауапкершілігін сезінесіз және осы тізбектегі маңызды буын ретінде, мақтанышпен және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кадрларының қалыптасуына өз бөлігіңізді енгізуге күш саласыз деп үміттенеміз.
Табыс тілейміз!
ОҚЫТУДЫҢ НӘТИЖЕСІ
Курсы оқытудың мақсаты - студенттердің кәсіпкерлік қызмет негіздерін меңгеруде тәжірибелік дайындығын, оның мазмұнын, әлеуметтік-экономикалық үдерістердегі маңызы мен орнын қамтамасыз ету.
Оқытылатын курстың міндеттері:
- білім алушыларда кәсіпкерліктің ұйымдық-басқару негіздерін қалыптастыру;
- кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру мен басқарудың мәнін және негіздерін ашу, кәсіпкерлік қызметті жоспарлаудың мазмұнын, құрылымы мен әдістерін негіздеу;
- Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру мен реттеудің заңнамалық тәжірибесі саласындағы кәсіби білімін көтеру;
- оқу материалын қазіргі заманауи жағдайларды ескере отырып, жетекші кәсіпкерлік құрылымдардың кәсіпкерлік жүргізу тәжірибесімен ықпалдастыру негізінде студенттердің кәсіпкерлік ойлауын дамытуға ықпал ету;
- білім алушыларда кәсіпкерлік ойлауды және өз әлеуетін іске асыру үшін мүмкіндіктерді көре білуді қалыптастыру, бизнес-идеяларды ойлап табу дағдыларын және оларды тәжірибелік тұрғыда іске асыру мүмкіндіктерін дамытуға ықпал ету;
- стратегиялық және ағымдағы қаржылық жоспарлауда, қаржылық-шаруашылық қызметті талдауда, нақты экономикалық жағдайларда басқарушылық шешімдер қабылдауда қаржылық құралдарды (әдістер, қаржылық құралдар мен көрсеткіштер) қолдану мүмкіндігі үшін студенттердің аналитикалық ойлау дағдыларын дамыту;
- тәуекелдің түрлерін, олардың пайда болу көздерін, олардың даму заңдылықтарын түсінуге қол жеткізуді қамтамасыз ету және ықтимал шығындарды бағалаудың қазіргі заманауи әдістемелерін қолдану негізінде тиімді тәуекел-менеджмент бойынша шешімдер қабылдау дағдыларын қалыптастыру.
Қол жеткізу құзыреттіліктері:
Студент курсты оқып болғаннан кейін меңгеруі тиіс білім мен дағдылар жүйесі:
- макроэкономикалық реттеу жүйесіндегі кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыс істеу заңдылықтарын ұғынады, бағалайды және қазіргі заманауи жағдайды ескере отырып, олардың дамуын болжайды;
- Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті жүргізудің заңнамалық және ұйымдық-басқару тетігін меңгереді, оларды кәсіби деңгейде корпоративтік жұмыста пайдалана алады;
- бизнес-идеяларды ойлап табуға, оларды тәжірибелік іске асыру мүмкіндіктерін өлшеуге, қаржылық көрсеткіштер жүйесін қолдану негізінде кәсіпкерлік қызметті жоспарлауды және болжауды жүзеге асыруға; бизнес-жоспарларды жобалауға және әзірлеуге; субъектінің экономикалық жай-күйін және оның даму келешегіне ағымдағы бағалауды жүзеге асыруға қабілетті болады;
- кәсіпкерлік қызмет тәуекелдерін бағалау дағдыларын және дағдарысқа қарсы басқару әдістерін меңгереді, қазіргі заманауи ақпараттық технологияларды қолдану және көп нұсқалы есептеулерге негізделген басқарушылық шешімдер қабылдауға қабілетті болуы;
- кәсіпкерліктің бірлескен ортақ жауапкершілігінің қағидаттарын ескере отырып, әр түрлі талдамалық әдістерді пайдалануға, өзекті ақпараттарды талдай білуге, шешімдер қабылдауға және олардың салдарын бағалай алады;
- кәсіпкерлік құрылымдарды жедел және стратегиялық басқару әдістерін кәсіби қызметте қолдана алады.
ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР
«Кәсіпкерлік негіздері» курсын оқу білім алушыларға кәсіпкерлік қызметті жүргізу бойынша негізгі теориялық аспектілермен танысуға, өз кәсіпкерлігін құрудың бастапқы іс-тәжірибелік дағдыларын меңгеруге және кейіннен кәсіби пәндерді оқу кезінде бизнес-жоспарларды әзірлеу, жеке стартап құру, ғылыми зерттеулер мен өнертабыстар көрме-конкурстарына қатысу, жобалық шешімдердің техникалық-экономикалық негіздемесін дайындау үшін алынған білім мен дағдыларды пайдалануға мүмкіндік береді.
Оқу материалы мазмұнының ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың келесі әдістері ұсынылған: зерттеу, кейстерді талдау, іскерлік ойындар, пікір алмасулар, иллюстрациялар, презентациялар, демонстрациялар, мәселелі және ойындық жағдайлар, экскурсиялар, өзіндік іздеу, модельдеу және жобалау.
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
1-тақырып. Кәсіпкерлік-ойлау психологиясы
Кәсіпкерлік ойлау түрінің ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз. Мемлекеттің экономикасын дамыту үшін кәсіпкерліктің маңызын негіздеңіз. Кәсіпкердің басқа адамдардан басты ерекшеліктерін және табысты кәсіпкерлердің жеке қасиеттерін атаңыз. Кәсіпкердің келесі сапалық деңгейіне: тәуелсіздікке ұмтылу; іс-әрекеттің еркіндігі; шығармашылық жұмыс; капитал құру; үстемдікке, билікке, ықпалға қажеттіліктер; жеңіске деген ерік; қарсыластармен және өзімен күресте табысқа ұмтылу; мүмкіндіктерді тану; жобалай білу; тәуекелдерді басқара білу; сәтсіздікті бастан өткере білу; жоспарлау емес, іс-әрекеттерге бейімділікке баға беріңіз және дәлелдеңіз. Тауарлар мен қызметтің арасындағы айырмашылықты салыстырыңыз. Кәсіпкер қандай игіліктерді өндіре алады? Кәсіпкерліктің басқа да қандай түрлері бар екенін болжаңыз.
Кәсіпкерліктің түрлері бойынша 3 мысал келтіріңіз: B2C тауарлары мен қызметтері, B2B тауарлары мен В2В қызметтері, B2G тауарлары мен қызметтері. Команда қатысушыларының рөліне (PAEI моделі: продюсер (P), әкімші (A), кәсіпкер (E) және интегратор (I) сипаттама беріңіз. Компания менеджменттің сан алуан стильдерін талап ететін кәсіпкерлікті дамытудың әр түрлі кезеңдерінен өтетінін дәлелдеңіз. Ағынның жай-күйін және оның қандай артықшылықтары бар екенін атаңыз.
Сіз бизнес-жобаны жүзеге асыру үшін бірлесіп жұмыс істейтін команда құрыңыз.
2-тақырып. Бизнес-идея мен стартапты таңдау
«Сіз неге кәсіпкерлік қызметпен айналысқыңыз келеді?» деген сұраққа жауап беріңіз. Өзіңіздің кәсіпкерлігіңізді бастау үшін орындалатын іс-әрекеттерге сипаттама беріңіз. Өз кәсібін ашу үшін қажетті ресурстардың түрлерін анықтаңыз. Кәсіпкерлікті дамыту туралы көзқарасты негіздеңіз. Өз идеяларыңызды нарықтық тұрақтылық тұрғысынан талдап, оларға тиісті ұпай қойыңыз.
«Икигай» ұғымының мәнін және оны өз өмірінде қалай қолдануға болатынын айқындаңыз. Сипаттама беріңіз: аздан бастау, өзін босату, үйлесім мен тұрақтылық табу, ұсақ-түйекке қуану, мұнда және қазір болу. Бизнес-идеяның мәніне сипаттама беріңіз және келешекті бизнес-идеялардың аса маңызды ерекшеліктерін біліңіз. Кәсіпкерлік үшін идеяларды таңдау ережелеріне анықтама беріңіз. Қазіргі нарықтың трендтеріне талдау жасаңыз. Бизнес-идеяларды ойлап табу әдістерін атаңыз. Клиенттік бағдарлану ұғымына сипаттама беріңіз. Сізге белгілі клиенттік бағдарлануға үш мысал келтіріңіз.
Ұсақ мәселелердің тізімін жазбаша жасаңыз. Әзілдеудің де қажет екенін ұмытпаңыз. Егер тапсырма дұрыс орындалса, онда ұсақ-түйек мәселелерден құрылған тізімі басқа да өнертабыстар үшін көптеген идеяларды құруға сіздің ақыл-ойыңызды ынталандырады. Сіз тізімде ең өзекті және нақты мәселелерді көрсетіңіз. Сіз ұсақ-түйектердің тізімін ең өзекті және келешекті болып көрінетін бірнеше мәселелерге дейін азайтыңыз. Таңдалған мәселелерді шешудің бірнеше тұжырымдамасын жасаңыз. Тұжырымдамалардың жалпы санынан бірін таңдап, өнертабыстың дербес безендірілуін және оны қолданудың ықтимал салаларын қоса алғанда, оны жан-жақты ойластырыңыз. «Идеялар матрицасы» деген жаттығуды жүргізіңіз. Аудитория алдында өз жобаңызды ұсыныңыз (3 минут) .
Сізде бизнес-идея пайда болған кезде, оны іске асыру үшін сізге қандай ресурстардың қажет екендігін ойлаңыз. Сізге бастапқы салымдар үшін қанша көлемде қаражат қажет екенін, сіздің командаңызда қанша адам болуы тиіс, міндеттерді өзара қалай бөлесіз, қандай жабдықтардың қажет болатынын және басқа да мәселелерді анықтаңыз. Командалық жұмысты тағы бір рет жүргізіп, өзіңіздің бастапқы идеяңызды ертең іске асыра алатындай етіп қайта қарап шығыңыз. Жаттығудың осы кезеңінде сіздің ойыңызға келген бизнес-идеяны - бұл сіздің өз өміріңіздің келесі 20 жылында не нәрсемен айналысатыныңызды елестетіп көріңіз. Ойлаңыз, сіз оған дайынсыз ба? Неліктен? Сіздің идеяңызда тағы нені қарауға болады? Оны қалай жақсартуға немесе өзгертуге болады? Мүмкін, сіз енді оны толығымен қайта қарастырғыңыз келетін шығар. Тағы да бір рет топтық жұмысты жүргізіп, соңғы жағдайды ескере отырып, аудиторияға жаңа жобаны ұсыныңыз. Икигайдың принциптерін және қазіргі нарықтың трендтерін ескеруді ұмытпаңыз (клиентке бағдарланушылық) .
Таңдалған мамандықтар бойынша кәсіпкерліктің салалық ерекшеліктерін дербес белгілеңіз. Бизнес-идеяларды жіктеу әдістерін атаңыз. Бизнес-идеяларды іріктеу әдістерін негіздеңіз (Smell Test) . Smell Test негізгі ережесі -ешбір қосымша зерттеулерсіз. Бұл екеудің - сіз және сіздің идеяңыздың кездесуі. Өз идеяларыңызды алып, олардың қаншалықты маңызды үлесті қанағаттандырады және осы үшін төлеуге дайын ба деген ұстаным бойынша 1-ден 10-ға дейін баға қойыңыз. Сіз бизнес-идеяңыздың сіздің бейімділігіңізге қаншалықты сәйкес келетінін айқындаңыз, сіз өз бағытыңыз бойынша басқа да тараптардың қысымынсыз бір нәрсе жасай аласыз ба немесе дами аласыз ба? Сізді достарыңыз осы саладағы ең үздік деп санай ма? Әзірленген әдістемелік нұсқаулықты басшылыққа ала отырып, сіз идеяңызға 1-ден 10-ға дейінгі ұпайларды қойыңыз. Өз идеяларыңызды нарықтық тұрақтылық тұрғысынан талдау жасап, оларға тиісті ұпай қойыңыз. Сіз оны жүзеге асыру үшін нақты қадамдарды сипаттаудың қаншалықты оңай екеніне негізделе отырып, 1-ден 10-ға дейін ұпай қойыңыз. Сіздің бәсекелестермен салыстырғанда қанша және қандай бәсекелік артықшылықтарға ие болғанына байланысты бизнес-идеяңызға 1-ден 10-ға дейін ұпай қойыңыз. Сіздің бизнес-идеяңызға арналған әрбір өлшемшарт бойынша ұпайларды жинақтаңыз.
Командамен ақылдасып, осы оқу курсының аясында дамытатын идеяны таңдау қажет. Есіңізде болсын, сіз таңдаған идея барлық команда қатысушыларын қызықтыруы және оны іске асыруда, сондай-ақ келесі сабақтарда тестілеу үшін жеткілікті түрде қарапайым болуы тиіс.
3-тақырып. Стартаптың бизнес-моделі
Бизнес-жоспардың үлгілік құрылымын әзірлеңіз. Нарықтың жағдайы мен үрдістеріне талдау жасаңыз. Бәсекелестерді анықтаңыз және кәсіпкерлікке SWOT талдау жүргізіңіз. Бизнес-модельдің маңызын негіздеңіз. Инновациялық бизнес-модельдің қызметіне сипаттама беріңіз. Бизнес-модельдерді түрлендіру тәсілдерін атаңыз. Төрт элементтен тұратын бизнес-модельдерге сипаттама беріңіз: клиент (кім?), құндылықтар ұсыныстар (не?), өнімнің құнын құру тізбегі (қалай?), табыс тарту механизмі (неге?) . Инновациялық бизнес-модельдерді сипаттаңыз. Бизнес-модельдің өзгеруін негіздеңіз. «Бизнес-модельдер» деген жаттығуды жүргізіңіз.
Ұқыптылық стартап түсінігіне сипаттама беріңіз (Lianstartup) . Бизнес-модель арнасын құрудың мәні мен әдістерін анықтаңыз. Өз стартаптарыңызға арналған канва бизнес-модель құру іс-әрекеттерін жасаңыз. Өміршеңдігі ең төмен өнімге анықтама беріңіз (MVP) . Кәсіпкерлік жұмысының негізгі компоненттері мен үдерістерін көрсететін көрнекі сызбасын құрыңыз. Бизнес-модельдер арнасын жасаңыз және оны мәтінмен, стикерлермен, суреттермен немесе бейнелер арқылы толтырыңыз.
Сандар бойынша жүріңіз және логикалық тізбектердің көмегімен өз моделіңізді құрыңыз: негізгі құндылықтар; тұтынушылар сараланымы; өзара әрекеттер арналары; клиенттермен қарым-қатынас; кіріс ағындары; негізгі ресурстар; негізгі іс-әрекеттер; негізгі әріптестер; шығыстар құрылымы. Өз стартапыңыз бойынша командаға бөлініңіз, өз стартап-жобаңыз бойынша канва бизнес-модельін құрыңыз. Компанияның бизнес-жоспарын жасау үшін маңызы мен қажеттілігіне анықтама беріңіз. Бизнес-жоспардың құрылымына сипаттама беріңіз. Бизнес-модель мен бизнес-жоспар арасындағы айырмашылықтарды салыстырыңыз. Жеке стартап үшін бизнес-жоспар жасаңыз. Бизнес жоспардың негізгі бөлімдерін сипаттаңыз.
Бизнес-жоспар бөлімдерінің үлгілік құрамын есептеңіз (халықаралық тәжірибе бойынша) : түйіндеме; бастапқы мәліметтер мен сипаттамасы; нарық конъюнктурасын болжау; маркетинг стратегиясы; бәсеке; тауар (қызмет) ; шығындарды айқындау; өндіріс жоспары; жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру; өткізу нарығы; кірістерді анықтау; қаржылық жоспар; экономикалық, коммерциялық және әлеуметтік тиімділікті бағалау; тәуекелдерді талдау және қарсы тұру шаралары.
Отандық тәжірибе бойынша бизнес-жоспардың үлгілік құрылымын құрыңыз: кіріспе; компанияның сипаттамасы; өнімнің (жұмыс, қызмет) сипаттамасы; нарықты және бәсекелестерді талдау; маркетингтік жоспар; өндіріс жоспары; ұйымдық жоспар; қаржылық жоспар; инвестициялық жоспар; тәуекелдерді талдау; қосымшалар.
Бизнес-модель мен бизнес-жоспардың құрылымын салыстырыңыз. Сіз өткен сабақта жасаған бизнес-модельді бизнес-жоспарға қалай өзгертуге болады деп ойлаңыз. Команда да жұмыс істей отырып, өз стартапыңыз үшін бизнес-жоспар жасаңыз. «Кәсіпкерлік негіздері» курсы бағдарламасы аяқталғаннан кейін, команда да жұмыс істей отырып, дайындаған бизнес-жоспарды презентация жасаңыз, өзіңіздің стартапыңызға бизнес-жоспарды жасауға кірісіңіз.
4-тақырып. Стартап қызметіндегі маркетинг
Өз өніміңізге, қызметіңізге анықтама беріңіз. Өз өнімдеріңізді және қызметіңізді бәсекелестердің өнімімен немесе қызметімен салыстырыңыз. Өнімді сату немесе қызмет көрсету орны бойынша таңдау жасаңыз. Тауарды жылжыту әдістерін, жарнама түріне сипаттама беріңіз.
Компанияның мақсатына жету үшін келесі маркетинг қызметінің міндеттерін шешуді бағалаңыз: нарықты жан-жақты зерттеу; клиенттердің қалауын жан-жақты талдау; нарықтағы баға белгілеу жүйесін мұқият зерттеу және ұйымның баға саясатын әзірлеу; бәсекелестердің қызметін талдау; компанияның тауарлары мен қызметтерінің сан алуан түрін жасау; сұранысқа сәйкес тауарды шығару және қызмет көрсету; сервистік қызмет көрсету; маркетингтік коммуникациялар.
Маркетинг принциптеріне сипаттама беріңіз: компанияның өндірістік мүмкіндіктерін зерттеу; тауарды немесе қызметті өткізу әдістері мен бағдарламаларын жоспарлау үдерісі; нарықты саралау; тауарлар мен қызметтерді үнемі жаңартып отыру, оларды өткізу жолдарын, технологияларын жетілдіру; ұйымның тұрақты өзгеріп отыратын сұранысқа икемді бейімделуі.
Өз стартап тобыңызда өз өніміңізге арналған «4Р-product (өнім), price (баға), place (бөлу), promotion (жылжыту) » маркетинг моделін жасаңыз. Бәсекелестердің типтерін (тікелей және жанама) салыстырыңыз. Келесі кәсіпкерлік үшін тікелей және жанама бәсекелестің типтерін келтіріңіз (мүмкіндігінше көп) : кофехана; балалар ойыншықтарының дүкені; ивент-агенттік; велосипедтерді жалға беру; веб-студия.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz