Сыбайлас жемқорлықтың қоғамға қандай әсерлері бар екенін анықтау


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Курстық жұмыс

Кіріспе:

Курстық жұмыс тақырыбы- Коррупция Қазақстанның дәстүріне айналудың әсерлері мен себептері

Қазіргі таңғы қоғамда сыбайлас жемқорлық мәселесі күрделене түсуде. Сыбайлас жемқорлық инвестиция шақыру процесстерін, әлеуметтік-экономика және нарықтық-экономика даму үдерістерін сұрақ астында қалдыруда. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық мекемелері үшін жағымсыз салдарлар әкеліп, елдің болашақтағы дамуына айтарлықтай қауіп төндіреді. Коррупция-жеке тұлғаның мемлекеттегі билік лауазымын қолдана отырып өз пайдасы үшін немесе басқа да бір тұлғалардың мақсаты үшін асыра пайдалану.

Біздің мемлекеттімізге жемқорлық тәуелсіздік алғаннан бері лауазымын өршіп келе жатырған дерт. Кез келген ақша транзакциясының бөлігі салық ретінде мемлекетіміздің қазынасына түседі, одан әрі қарай ол ақша әр азаматтарымызға ортақ медицина, білім, полиция, зейнетақы сияқты игіліктермен қамтамасыз етуге жұмсалады. Осындай схема мінсіз жұмыс жасайтын еді, егер жемқорлық болмағанда. Айтып өткенімдей жемқорлық біздің елімізде бұрыннан бар және ең даулы деген оқиға біздің елбасымызбен байланысты. 1979 жылы әлемде көлемі бойынша 5-ші орын алатын Тенгиз мұнай-газ кен орнын шетел компарпанияларына сатумен танымал. 1993 жылы Chevron компаниясы Тенгиз мұнай кен орнының 50% 40 жылға жалға алды, ал келісім кұны 420 млн доллор құрады. Осыдан үш жыл өте тағы ExxonMobil компаниясына 1, 05 млрд доллорға 25% сатылады. Бұл келісімдер экономикаға пайдасын тигізді деп ойлауға болады, бірақ тапқан ақша елбасының мемлекеттік құпия статусы бар жеке шотына енгізілді. (1-мысал) .

Одан басқа ел билігіндегі жемқорлық өзекті проблема екенін көрсететін көптеген тұлғалар бар. Мысалы Мұхтар Әблязов ауқымды алаяқтық пен амбеззлемент үшін сотталды. Оған 5. 5 миллиардтан астам салық төлеуден қашу және өзі бақылаған банктерге 7. 7 миллиардтан астам шығын келтірді. Бұл жағдай Қазақстанның қаржы секторындағы сыбайлас жемқорлықтың орасан зор ауқымын көрсетеді.

Биылғы қаңтар айының соңғы күні Transparency International ұйымы 2022 жылға арналған Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексін (СҚИ) жариялады. Бұл мәліметтер бойынша Қазақстан 180 елдің арасында 101-орынға тұрақтап, 2021 жылғы 37 ұпайдың орнына 36 ұпай ғана жинады. (3-мысал)

[1]

Бұл курстық жұмыстың мақсаты- cыбайлас жемқорлықтың Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік дамуына әсерін зерделеу; сыбайлас жемқорлықтан туындаған экономикалық шығындардың, сыбайлас жемқорлықтың инвестицияларға, бизнес-ортаға, қоғамдық қаржыға әсері Қазақстандықтардың өміріне әсері; сыбайлас жемқорлықтың білім беру және медициналық жүйелерге қалай әсер ететінін зерттеу және оның білім беру мен медициналық қызмет көрсету сапасына әсерін бағалау; Қазақстан азаматтары күнделікті өмірде жемқорлықпен қаншалықты жиі кездесуін анықтау: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін Үкімет пен халықаралық ұйымдар қолданатын қолданыстағы заңдар мен шараларды қарастыру және олардың тиімділігін талдау; сыбайлас жемқорлық туралы қоғамдық пікірді зерттеу.

Мақсаттарға жету үшін келесі басты зерттеу керек міндеттер:

  • Экономикалық есептер мен сыбайлас жемқорлықтың инвестициялар мен бизнес-ортаға әсері туралы деректерді талдау.
  • Сыбайлас жемқорлық деңгейі мен экономикалық көрсеткіштер арасындағы корреляцияны және әсерін анықтап, талдау жүргізу.
  • Басқа елдердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы табысты күрес жағдайларын зерттеу және Қазақстан үшін сабақтар түсіну.
  • Сыбайлас жемқорлық жағдайларын анықтау үшін білім беру және медицина қызметкерлерімен сауалнама жүргізу.
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте табысты елдердің зерттеулері мен тәжірибесі негізінде ұсынымдар тұжырымдау.
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиялардың күшті және әлсіз жақтарына талдау жүргізу және жақсартуларды ұсыну.
  • Сыбайлас жемқорлық туралы қоғам ой-пікірін анықтау.
  • Сыбайлас жемқорлықтың қоғамға қандай әсерлері бар екенін анықтау

[2]

Қолданыстағы статистика арқылы эконимика және коррупция ахуалын анықтауға болады.

Сауалнама жүргізу арқылы білім, медицина, жалпы азаматтардың күнделікті өміріне әсерін анықтауға болады. (Өткізілетін сауалнамада жыныс немесе жас бойынша бөліну болмайды, 100-200 респондент жауаптарын қарастыру жоспарлануда,

Ғаламтор дерек көзі арқылы жалпы тақырып бойынша ақпарат жинауға болады.

[3]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыбайлас жемқорлық қылмыстыққа тосқаулық қоюдың криминологиялық шаралары
«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ: ОНЫҢ ҚОҒАМҒА КЕРІ ӘСЕРІ»
Парақорлықты тергеу әдістемесі
Сыбайлас жемқорлық сананың функциялары
Медицина қызметкерлерінің қылмыстық жауапкершілігі
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ОРЫН АЛУЫ МЕН ҚҰҚЫТЫҚ РЕТТЕЛУІ
Саяси себептер
КӨПШІЛІК СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІГІ ТУРАЛЫ
Криминологияның айрықша пәні - заңдылықтар
Кәсіпорындардағы сыбайлас жемқорлық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz