Маңғыстау облысы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласы
№17 жалпы орта білім беретін мектебі

Ғылыми жоба

Тақырыбы: Ұлы жібек жолының бір тармағы- Маңғыстау

Секция: Тарих,өлкетану
Автор: Сарсен Расул, Абдылқасыл Құралай
Ғылыми жетекшісі: Аманжолова М.К

20232024 оқу жылы
Аннотация: Бұл зерттеу жұмысын жазудың басты себебі орта ғасырлардағы батыс пен шығысты байланыстырушы ең ірі сауда жолы Ұлы Жібек жолының Қазақстан территориясынан өткендігін тарихтан жақсы білеміз.
Тарихта Ұлы жібек жолы деген атпен қалып, әлемдік цивилизацияның (өркениеттің) дамуына өзіндік үлес қосқан, сауда-саттықтың, мәдениет пен әдебиеттің, әлеуметтік экономикалық өркендеу қозғалысының күре тамыры болған Ұлы жібек жолының бір тармағы осы Маңғыстау өлкесінің шығыс өңірі - Бейнеу арқылы өткендігін біре білсе бірі біле бермейді. Қазіргі кезде бізге жеткен Ұлы жібек жолының картасына көз салсақ, керуен жолы Бейнеу жері арқылы да жол тартыпты. Осы ғылыми жоба арқылы біз Ұлы жібек жолынының бір тармағы өзіміздің атажұртымыз Маңғыстау өңірі екендігін ашып көрсетеміз.

Автор: Сарсен Расул, Абдылқасыл Құралай

Мазмұны

І Кіріспе: Ұлы Жібек жолының бір тармағы- Маңғыстау ... ... ... ... ... ... .. ... ...

ІІ Негізгі бөлім
1.Маңғыстау Алтын Орданың саяси орталықтары мен Хорезм, Орта және Шығыс Азия елдерінің арасындағы тұрақты алмасуды қамтамасыз етіп отырған көлік ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2.Тарихшы Әл-Жауһаридың еңбегіне шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

3.Әбіш Кекілбаевтың Ұйқыдағы арудың оянуы атты еңбегіндегі Ұлы Жібек жолының тарихынан үзінділер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

4.Үстірт пен Бейнеуден табылған керуен сарайлардың құпиялары ... ... ... ... ... .

5.Ұлы даланың жеті қыры ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ІІІ Қорытынды: Ұлы Жібек жолының Маңғыстаудан өтуінің тарихы-мәдени маңызы мен атажұрттың құпияларын ашуды жалғастыру ... ... ... ... ... ... . ... ... .

Ежелгі тарихы көне дәуірлерден басталатын атажұрт Маңғыстау өлкесі қашанда өзінің сұлу табиғатымен, ақбортас тауларымен, келісті келбетімен, қазыналы қазба байлығымен, тамсандырған тамаша сәулет өнерімен, киелі жерлерімен, шырайлы елімен өзгені өзіне тартып тұрады. Осынау керемет өлкені көріп, танысуға және зерделеп-зерттеуге кезінде талай саяхатшылар мен тарихшылар, ғалымдар, елшілер, географтар, этнографтар, натуралистер ынтық болған. Тарихта Ұлы жібек жолы деген атпен қалып, әлемдік цивилизацияның (өркениеттің) дамуына өзіндік үлес қосқан, сауда-саттықтың, мәдениет пен әдебиеттің, әлеуметтік экономикалық өркендеу қозғалысының күре тамыры болған Ұлы жібек жолының бір тармағы осы Маңғыстау өлкесінің шығыс өңірі - Бейнеу арқылы өткені белгілі. Негізгі керуен жолы еліміздің оңтүстігіндегі Сыр бойында орналасқан Отырар, Түркістан, Сайрам, Жаркент, Сауран, Сығанақ тағы да басқа көптеген шаһар-кенттердің үстімен өтіп тұрған. Қазіргі кезде бізге жеткен Ұлы жібек жолының картасына көз салсақ, керуен жолы Бейнеу жері арқылы да жол тартыпты. Арысы - Қытай мен Үндістан, берісі - Бұхара мен Хиуа, Көнеүргеніштен шықққан керуендер Үстірт қырының үстімен Белеулі, Құсшы, Ноғайты, Жезді, Белдеулі, Сам керуен сарайларына аялдап, Жемдегі Таскешуден өтіп, Сарайшыққа жетіп, одан әрі Еуропа асқан. Осы керуен жолының маңызы жайлы қазір кезде ғалымдар орынды пікірлер білдірген. Мысалы: ...Ол жерде 40 күннен аспайтын Сарайшық пен Үргенішті тұтастырып отырған жербетілік жол керуен сарайының желі жүйесіне қосылып жатты. Осы барлық жолдар континентаралық хабарлау жүйесінің ең маңызды аумағын қалыптастырды және Маңғыстау Алтын Орданың саяси орталықтары мен Хорезм, сондай-ақ Орта және Шығыс Азия елдерінің арасындағы тұрақты алмасуды қамтамасыз етіп отырған көлік болды.. депті, Маңғыстаудың тарихи-мәдени мұраларын зерттеуге бағытталып ұйымдастырылған халықаралық конференцияда баяндама жасаған Оксфорд университетінің ғылыми қызметкері Мори Фаверо-Думенжу (Маңғыстау газетінің 2019 ж. №38-39 санынан.) Сонымен әңгімеміздің басында айтқандарымыз дәлелді болу үшін бізден бұрын жазылған тарих беттерін парақтап көрелік.
Ең алдымен орта ғасырда өмір сүрген Отырарлық ғұлама, тарихшы Әл-Жауһариды тыңдалық, ол: ...Жібек жолының үлкен тармағы ең әуелі Киев Русінен, Бұлғар жерінен өтіп,Үстірт үстімен Аралды айналып, Жент қаласына жететін. Жентке жеткенше, сауда керуені құс қанаты талған шөлден, түйе табаны күйген құмнан өтеді, арып-ашып әбден әлсірейді. Көліктерінің жартысы орта жолда қаңқа болып қалады. Әйтсе де керуен көгілдір Жент қаласына енгенде баяғы азаптың бәрі көрген түстей ұмыт болады... дейді. Сол секілді әйгілі кезбе Вильгельм Рубриквис күнделік дәптерінде: ...Жент, Тараз қалалары адамның көптігінен ортасы шүңірейген ығы-жығы, етек-жеңі айырықша мол, ба- зарлары асыл жиһаздарға бай болушы еді, онда араб елінен, Мысыр қаласынан жеткен әшекей бұйымдар, Рум елінің әсем көрнекті суреттері, піл сүйегінен жасалған бұйым, алтынмен аптап, күміспен күптеген Қытай кітаптары мол ұшырасады деген екен. Қазір өзіміз өмір сүріп жатқан Бейнеу көлемінің Сам құмы қойнауы, Үстірт үсті арқылы өткен Ұлы жібек жолының бір тармағы Ноғай жол деп аталған. Өткен тарихты парақтасақ, ортағасырда Шыңғысхан Көнеүргеніш қаласын тас-талқан етіп қиратқан соң, Ақсақ Темір Сарайшық қаласын жаулағаннан кейін (Сарайшықтың әдемілігінен оны қиратуға көзі қимапты-К.Ә.) жолмен өтетін керуен легі сұйыла бастаған. Арадан бірнеше жүз жыл өткен соң осы жолмен орыс патшасы 1 Петрдің тапсырмасымен 1717 жылы жазға салым 4000 қолды бастаған князь Александр Бекович-Черкасский Хиуаға барғаннан кейін сапары сәтсіз аяқталады. Содан соң арадан 100 жылдан астам уақыт өткен соң, яғни 1825-26 жылы Ф.Ф.Берг экспедициясы Сарайшықтан Үстірт арқылы Хиуаға дейінгі жерлердің су көздерін зерттеп, ара қашықтықтарын картаға түсіріпті. Айта берсек, бұл жолмен талай саяхатшылар мен тарихшы-ғалымдар жүріп өткен. Жалпы бұл жолдың кезінде зор маңызы болғанын әлгіндей тарихи деректер дәлелдейді. Қарап тұрсаңыз, бүгінде бұл жолдың сілемі - тепсең болып ойылған күйде, шығыстан батысқа қарай құм төбелерден асып, қырға өрмелеп, көз жетпейтін көкжиекке шұбатылып сіңіп жатыр. Әрине, оны мұқият зерделеп, байқағанда ғана көреміз. Ноғай жолы Шығыс пен Батысты жалғаған Ұлы Жібек жолының бір саласы. Осы Ноғай жолы арқылы Орта Азияның асыл тауарлары Руске, Еуропаға жеткен. Осы жолдың бойындағы керуен сарайлардың біздің дәуірімізге сұлбасы жеткені-Белеулі.
Сөз болып отырған Белеулі керуен сарайы жайлы осыдан екі ғасыр бұрынғы тарихшы А.И. Левшиннің жазба дерегін келтірелік. ...Сарайшық қаласынан Хиуаға дейін Арал мен Каспий теңіздерін бөліп тұрған мойнақ арқылы өтетін бірнеше жол бар, соның ішінде ең тамашасы-Ноғай жолы деп аталады. Ноғай жолында ескі құрылыстардың құлаған орындары көп. Білеулі-Үстірттің дәл ортасында. Ол жерде қырғыздардың (қазақтардың) айтуы бойынша мешіт пен медресе салынған. Құрылыстың (Білеулі) тас плиталарымен салынған, кірпіштен өрілген еңселі қақпасы әлі де бар....(А.И.Лепшин. Описание киргиз-казачих и киргиз-кайсацских орд. и степи.СПБ.1854 г.) Бұл айтылып отырғанБелеулі керуен сарайының жұрнағы Өзбекстан территориясындағы Киік сай теміржол бекетінен 70 шақырым шамасында жерде тұр. Белеулі керуен сарайы Ұлы Жібек жолындағы біздің жеріміздегі Жезді, Құсшы, Көптам, Белдеулі керуен сарайларының орындарымен салыстырғанда ең көлемдісі, әрі Үстірттің орталығында тұрғанымен маңызды болғанға ұқсайды. Бұдан басқа да Сам құмы арқылы өткен Ноғай жолында кездесетін керуен сарайлар бірнешеу. Бұл жөнінде 1946 жылы Сам өңіріндегі тарихи-мәдени ескерткіштерді арнайы есепке алып зерттеген экспедиция жетекшісі Т.К.Басенов Архитектурные памятники в районе Сам деген кітабында: ..По этой территории, величественно пересекая ее в направлениях от Аралского до Каспийского моря, прошел древний караванный путь из Средней Азии в Восточную Европу. Часть этого пути становится впоследствии старой ногайской дорогой. По этому же пути лежала часть нашего маршрута на Сам (от Шагырли, Шуль-Кум до песков Сам, фигур 37.) деп жазған архитектор ғалым. Зерттеу барысындағы пікірінде ол: ...Возможно археологические раскопки докажут, что именно здесь находилось древнее городище Сам и в ХYI В.., быть может,использовали его остатки и батыра Ногайлы место расположения возвышенное и обозреваемость окружающей месности достаточная... дейді. Міне, бұл пікірде ескерткіштердің, соның ішінде Ноғай жолындағы керуен сарайлардың құрылысы жөнінен біршама жәйттерді аңғартады. Енді осы керуен сарайларының ел үшін маңызы мен өркениетке қосқан үлесін ой елегі- нен өткізіп, зерделеп көрелік. Біріншіден, бұл сарайларды кезінде сауда-саттық жасауға мүдделі мемлекеттер салдырған болуы мүмкін. Себебі тауар артқан түйе керуендері ұзақ жол жүргенде тынығуы қажет екені айтпасақта түсінікті. Сол үшін сауда жасауға мүдделі болған ел жол бойына аялдайтын осындай керуен сарайларын тұрғызуға мәжбүр болған секілді. Сарайлар дегеніміз үлкен кешенді құрылыс. Оның ішінде жолаушыға қажетті тұрмыстық қызметтің сан алуан түрлері болған.
Атап айтқанда, моншасы, асханасы, демалыс орындары болу заңды. Және сарайларды мейлінше алыстан көз тартатындай сәулетті де көрікті етіп салып, ұзақ жол жүргенде шаршап-шалдығып, шөлден кенезесі кеуіп, әрең жеткен керуеншілерге қолайлы жағдай туғызуды мақсат еткен жергілікті жұрт жолаушыларға қызмет көрсету арқылы күнкөріс жасап, пайда (табыс) тауып отырғанын жоққа шығаруға болмайды. Сарайларды салатын шеберлер мен құрылыс материалдарына да ерекше мән беріліп, өрілген тастардың нобайы жергілікті жерден жоғары технологиямен өңделген.Тастар төрт қырлы, беті теп-тегіс. Шеберлерді Иран,Үндістан, Араб елдерінен және Хорезмнен әкелсе, қабырғаларын тұрғызған күйдірген белдеулі қызыл кірпіштерді Хиуа мен Бұхарадан тасып салған. Маңғыстау тарихын терең таныған ғұлама-жазушы Әбіш Кекілбаев Ұйқыдағы арудың оянуы деген кітабында Хорезм мен Еділ бойы арасындағы қарым-қатынастарда Маңғыстау мен Үстірт қандай маңызға ие болғандығын айта келіп, осы өңірдегі Ұлы Жібек жолы тарихының білгірі археолог-ғалым С.П.Толстовтың Ежелгі Хорезм цивилизациясының іздерімен атты еңбегіндегі деректерін: ...Осынау Хорезм шахтары жолының бойындағы толып жатқан керуен сарайлардың ішінде жан-жағын 8х8х-6х8 метр шаршытас қоршаулармен қоршалған төрт шегенді құдықтың қасындағы Белеулі деп аталатын сәнді сарай ерекше көзге түседі. Әлгіндей шараш-шаршы тас қоршаулардың ішіндегі құдықтың қасында сом тастан ойып жасалған үлкен - үлкен астаулар жатыр. Керуен сарай-өте мұқият өңделген ұлутастардан шаршылап қиып қаланған аса сәнді құрылыс. Оның төрт бұрышына күмбездеп өрілген көрікті төрт мұнара орнатылыпты. Ал сарайдың кірер қақпасындағы жақтай боп иілген маңдайшаның екі жағына көне сасанид үрдісімен екі арыстан мүсіні тастан қашап бейнеленіпті. Төрт бұрышты керуен сарайдың кең ауласында қос қапталада қос қабат құжыралар орналасыпты да, ал түп жаққа кең-кең бірнеше зал салыныпты, қақпа алдындағы шағын аулада ежелгі хауыз бен құдықтың жұрнағы жатыр. Сарай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұнай және газ өндіру
Маңғыстау облысының экономикалық-географиялық жағдайы
Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы мемлекеттік мекемесі
Маңғыстау облысының халқы
Қошқар Ата қоймасының техногендік қалдықтарының іргелес территориялардағы биотаға әсерін анықтау
Батыс Қазақстан аймақтарының туризмінің дамуы
Тұрғын үй нарығының даму жағдайы (Маңғыстау облысы материалында)
НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ТҰРҒЫН ҮЙ САЛАСЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ БАСЫМДЫ БАҒЫТТАРЫ
Қазіргі жағдайдағы тұрғындардың тұрмыс деңгейін бағалауды және арттыруды теориялық негіздеу және оның механизмін жетілдіру
ТАҢҒАЖАЙЫП ТАБИҒАТТЫ АЯЛАЙ БІЛЕЙІК
Пәндер