Артикуляциялық жаттығулар арқылы баланың тілін дамыту
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ЖӘНЕ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ОРЫНДАРЫНЫҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЛОГОПЕДТІК ОЙЫНДАР
(Әдістемелік құрал)
№ 30 Назерке бөбекжай-бақшасының логопеді
Тайшабарова Камар Немісбековна
УДК 379 (с 89)
ББК 74-202.4
Пікір жазған:
Асанбаева Сәуле Асанбайқызы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық
университеті Көптілді білім беруді дамыту орталығының директоры,
ф.ғ.к., доцент
Мектеп жасына дейнгі балаларға арналған логопедтік ойындар әдістемелік құралы Тайшабарова Камар Немісбековна №30 Назерке бөбекжай-бақшасының логопеді 2021
ISBN 978-601-7211-41-7
Ұсынылған әдістемелік құрал мектепке дейінгі жаста дыбыс айту бұзылыстарын түзету бала өмірінің келешегіне өте маңызды. Дыбыс бұзылыстары баланың есте сақтау , ойлау, қиялдау сияқты психикалық процестерінің дамуындағы ауытқуларына әкеліп соғуы және қарым-қатынасқа түсуіне кері әсер тигізу мүмкін.
Әдістемелік құрал мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалармен логопедиялық жұмыста кездесетін проблемаларды шешуге және түзету сабақтарын тиімді ұйымдастыруға көмектеседі. Ұсынып отырған артикуляциялық жаттығулар кешендері мен гимнастика түрлері, сөйлеу кезіндегі тыныс алуды дамытуға арналған жаттығулары,ойын техникасы тұрғысынан баланың дыбыс айту бұзылыстарын түзетумен қатар, оның қызығушылығын арттыруда өз үлесін қосатыны сөзсіз.
(C) № 30 Назерке бөбекжай-бақшасы, 2021
(C) Тайшабарова Камар Немісбековна, 2021
Жамбыл облысы Тараз қаласы

Мектеп жасына дейнгі балаларға арналған логопедтік ойындар әдістемелік құралына
ПІКІР
Қазіргі кездегі әдебиеттер мәліметтерін қарастырып талдайтын болсақ, тіл кемістіктері бар балалардың саны жылдан-жылға артып келетінін байқаймыз. Сөйлеу дамуының кешігуі,сөйлеу тілінің дамуы тежелуінің әртүрлі деңгейлері,ерте жастағы дамуында ауытқулар, дыбыстарды дұрыс айталмауы, тілдің фонетикалық - фонематикалық дамуы тежелуі бар балаларды жиі кездесетінің көреміз. Әсіресе тұрақты түрде мектепке дейінгі арнайы мекемелерінде тәрбиеленетін балдырғандар арасында сөйлеу тілінің дағдылары жеткілікті деңгейде қалыптаспағандығы анық байқалады.
Бұл тақырыптың өзектілігі мынада - дамуында ауытқуы бар ерте жастағы қазақ тілді балаларға арналған педагогикалық түзету, оның ішінде сөйлеу тілін дамыту, дыбыс айту бұзылысын түзету бойынша жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуді қажет етеді. Осы балалардың сөйлеу тілін бағытты түрде дамыту, олардың жалпы дамуының да бірден бір шарты болып табыладыжәне тіл кемістіктердің пайда болуының алдын алады.
Осы ұсынылған ойын жаттығулар жүйесі мен түзету жұмысында қолдануы мұғалім-логопедтерге баланың сабаққа деген қызығушылын арттырып, логопедиялық тиімді әсер етуге көмектеседі.
Пікір жазған:
Асанбаева Сәуле Асанбайқызы,
Қазақ мемлекеттік
қыздар педагогикалық университеті
Көптілді білім беруді дамыту орталығының
директоры, ф.ғ.к., доцент
Жоспар:
І. Кіріспе бөлім.
1. Бала тілінің дамуына әсер ететін жетекші фактор - ойын.
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Ұсақ мотроиканы дамыту арқылы сөйлеу тілін жетілдіру.
2. Саусақ ойын - жаттығулары.
ІІІ. Қорытынды бөлім.
1. Бала саусағын ойната отырып тілін дамытайық.
2. Пайдаланылған әдебиеттер
Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып,
оның шығармашылық қабілетін дамытады
ойынсыз ақыл- ойдың қалыптасуы мүмкін
емес.
В.А. Сухомлинский
І.Кіріспе
Әрбір сүйікті ана тез арада дыбыстарды дұрыс айтуға және дәйекті сөйлеуге мүмкіндік бергенін қалайды. Баланың сөйлеуін қалыптастыру үшін онымен үнемі сөйлесіп, сөздерді қисықсыз айту өте маңызды. Алайда, бұл баланың артикуляциялық аппаратын дамыту үшін жеткіліксіз.Сіздерге баланың сөйлеу тілін дамыту мақсатында көмекші құрал ретінде өз тәжірибемнен МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЛОГОПЕДТІК ОЙЫНДАР атты әдістемелік құралымды ұсынамын. Әдістемелік құрал мазмұны төмендегідей:
* Тіл гимнастикасының негізгі ережелері
* Артикуляциялық гимнастиканың түрлері
* Тіл гимнастикасы: қызықты және көңілді
* Бет пен ерінге арналған артикуляциялық гимнастика кешені
*Сөйлеу барысында балалардың дұрыс тыныс алуын дамытуға арналған ойындар осындай бөлімдерден жинақталған. Ұсынылып отырғанойындардың барлығы дерлік баланың сөйлеуін дамытуда өте тиімді.
Тіл гимнастикасы балаға дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтуды тез үйренуге көмектеседі. Тұрақты және қысқа мерзімді іс - шаралар балаға құрдастарынан артықшылық береді, ал ересектер-қуаныш пен мақтаныштың тағы бір себебі.
Балабақашағы оқыту- тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс- әрекет кезіндегі тілдік қарым- қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.
Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр- түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым- қатынас жасай білуге үйретеміз.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде тәрбиешінің:
-балалардың сөздік қорларын дамыту;
-жаңа сөздерді меңгерту;
-үйреген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады.
Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын молайтуда ойын, тапсырма жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын- баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол озін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.
Халық даналығында Ойнай білмеген, ойлай да білмейді, Ойында озган, өмірде де озады деген аталы сөздер сырына жүгінсек, мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген құлқы, қарым- қатынасы, мінез- құлық көріністері олар өсіп- есейгенде де жалғасы береді. Ойын барысында бала өзін қоршаған үлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелері мен
кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды.
Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілді дамытуға, шығармашылық әрекетін байытуға бағыт алады. Баланың ойын кезіндегі қимыл- қозғалысы дене бітімін жетілдірсе, ал қарым- қатынастағы пайымдаулары өзіндік таным- түсінік, мінез- құлық әдептерін бекітуіне әсер етеді. Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып, өзіне түрлі ақпараттар алады, дүние сырын ашады.
Мектепке дейінгі тәрбиеленушілерде педагогикалық процестер барысында баланың көңіл-күйін анықтап, психологиялық мотивтерді туындатып, жағымды мінез- құлық дағдыларын қалыптастыру көзделеді. Психологиялық жаттығулар баланы үлкендермен және достарымен қарым- қатынас мәдениетіне тәрбиелеп, өз пікірлерін айтып жеткізе білуге көмектеседі. Ойын жаттығулар арқылы баланың білімділік дағдыларын күнделікті іс-әрекетте қолдана білу мүмкіндіктері қарастырылады.
Психологиялық ойын- жаттығулар баланың жан дүниесінің, рухани жай-күйінің үйлесімді дамуына ықпал етеді. Баланың сезім әрекетін, әсерленушілік деңгейін анықтау үшін қолданылады.
Ойындардың негізгі мақсаты балалардың ықылас зейінін, сөздік қорын, байқампаздығын, есте сақтау, қабылдауын дамытуғы, икемділікті арттыруға, өзінің жеке құрбыларының іс- әрекетін бағалай, құрметтей, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтау, қалыптастыру. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, сол ойындардан үлкен де мәнді, мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Өйткені ең алдымен не нәрсенің болсын жөн бастар қайнар көзі болатыны белгілі. Сондықтан да ойын бала бойындағы қандай да бір өнердің бастауы деп білеміз.
Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма- жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді., таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл- ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді.
Ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық- саусақ ойыны. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан- жануарларды, құстарды, ағаштарды т.б көптеген бейнелерді бейнелей алады.
Ал тіл кемістігі кездесетін балалардың жалпы қимылдары, соның ішінде бұлшық етінің қимылдары жеткілікті деңгейде дамымайды.
Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзеті- тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды.
ІІ. Негізгі бөлім.
Ұсақ моториканы дамыту жұмыстарын ерте сәбилік шақтан бастаған дұрыс. Омыраудағы баланың өзіне саусақтағы бас миымен байланысқан
активті нүктелеріне әсер ете отырып массаж жасау керек. Ерте жаста және
мектепке дейінгі кіші жаста қарапайым жаттығуларды жасауда өлеңмен, тақпақпен ұйқастырылған жаттығуларды пайдалану ұсынылады. Сонымен қатар өзіне -өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру: тиегін өзі салып, өзі ағыту, бауын байлау, т.б. Ал ересек топтағы балалар үшін ұсақ моториканы дамыту және қолдың икемділігін арттыруға арналған жаттығулар мектепке дайындықтың яғни, жазу, сызуға үйренудің маңыздысы болып саналады.
Ұсақ моториканы дамытудың маңыздылығы неде? Адамның бас миында саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын орналасқан. Ұсақ моторикаға әсер ете және оны белсендіре отырып, көрші орналасқан сөйлеуге жауап беретін орталықты да дамыта аламыз.
Педагогтар мен балалар психологының мақсаты- ата - аналарға ұсақ моториканы дамыту ойындарының маңыздылығын ұғындыру. Баланы қызықтыруда және жаңа хабарларды игеруіне көмектесуде үйретуді ойынмен алмастыру, алға қойған мақсатына жетуін, тапсырманы орындауда қиындыққа кездессе мойымауына үйрете отырып, аз мөлшердегі жетістіктерін де бағалап, мадақтап қоюды да ұмытпауы керек.
Ұсақ моториканың қимылдары мен қолдың икемдігі бас миының құрылымының даму деңгейін көрсетеді. Осыдан келіп қол қимылдарын басқара білу туады. Сондықтан ешқашан да баланы мәжбүрлеуге болмайды.
Қазіргі кезде баулы ойыншықтардың көбейгенін немен түсіндіруге болады. Қазіргі ата - аналарда мұндай ойыншықтар болған жоқ қой, сонда олар осындай қалыпты деңгейге қалай жетті? Бір түсінбейтін нәрсе, осының бәрі не үшін керек?
Қазіргі кездің балаларында жалпы моторлық артта қалушық байқалады екен. Ойлап көріңізші, тіпті қазіргі балабақшадағы балалардың ешбірінде баулы аяқ киім кездеспейді. Бау байлауды үйрету ата- анаға да, тәрбиеші ге де қиындық туғызатын болса керек. Осыдан 20 жыл бұрын ата- аналарға, олармен қоса олардың балаларына көп нәрсені қолмен жасауға тура келді: кір жуу, тоқу, тігу т.б. Ал қазіргі кезде осының бәрін жасайтын машина.
Жалпы моториканың дамуының аздығын, соның ішінде қол қимылының аздық себебін зерттей келе қазіргі заманғы барлық баланың жазуға дайын еместігі немесе тілінің дамуында бір ақау бар екендігі анықталды. Осыдан келе мынадай қорытынды шығаруға болады: егер тілінің дамуында ақау болса, онда бұл ұсақ моториканың мәселесі.
Тіпті баланың сөйлеу тілі қалыпты болған жағдайда бұл қолын басқаруы қалыпты деген сөз емес. Егер 4 - 5 жастағы балада бау байлау қиындық келтірсе, ал, ермексаздан тек шар мен ұзынша жабыстырылса, және 6 жаста тиек тігу- орындалмас және қауіпті іс болса, онда сіздің балаңыз кінәлі емес.
Өкінішке орай көп ата- ана қолдың икемі мен ұсақ моториканың даму деңгейінің төмендігін тек мектепке барарда ғана байқайды. Бұл балаға өте ауыр жүк. Жаңа хабарларды қабылдаумен қатар, икемге келмейтін саусақтарымен қарандашпен жазып үйренуі керек.
Кішкентай ғана сәбидің қалайтыны қозғалу, қозғалыс- әлемді танудың мүмкіндігі. Яғни, бала қозғалысының дәл және нақты болса, оның әлемді ақылмен тануы да терең бола түспек.
Егер сіз бірінші сынып оқушысында жазуда қиындық болмасын десеңіз немесе 3 жастағы баланың тілінің дамуында ақау болмасын десеңіз дамыту ойын - жаттығуларын бала туылған соң екі айдан кейін бастаңыз. Ұсақ моториканы дамыту әдістемесі мұндай жағдайда өте тиімді. Омыраудағы баланың саусақтарын уқалауға болады, жас жарымдағы баламен саусақ ойындарын бастауға болады. Мысалы, баланың бас бармағын жаймен сипап отырып, оған былай деңіз: Саусақ - бала сен қайда болдың? Содан соң бас бармақты балан үйрекпен түйістіре отырып, мына саусақпан орманға бардым, ортан түйрекпен түйістіре отырып, мына саусақпен щи пісірдім,
Осылайша жалғастырып басқа саусақтармен де мына саусақпен ботқа жеп, мына саусақпен ән салдым деп аяқтайсыз. Балаларға бұл жаттығу қатты ұнайды, уақытты да көп алмайды, ал пайдасы оның өте көп, себебі ұсақ моториканы дамытып жатырмыз ғой.
Бір жастан асқан балалар үшін - саусақ бассейні әдістемесі өте пайдалы. Бір ыдысқа 1 кг бұршақты немесе фасольді төгеміз де ішіне баланы қызықтыратын бір ойыншықты көміп қоямыз. Сондан соң оны тауып беруін өтінеміз. Бұл қызықтыру жаттығуы кезінде баладан алыстап кетпеңіз. Себебі ұсақ нәрселерді аузына салып алу қаупі бар.
Саусақ жаттығулары
Пассивті
сипау
Сүйемелдеусіз
Активті
Дауыстың сүйемелдеуімен
(түрлі тақпақпен, көрініспен т.б сүйемелдеу)
діріл
уқалау
Пассивті жаттығу - ұсақ моториканы дамытудың алғашқы сатысы. Саусақ жатығуларын ең төменгі деңгейден бастаған дұрыс.
Содан кейін ғана активті саусақ жаттығуларына көшуұсынылады. Оның
деңгейі баланың ұсақ моторикасының даму деңгейіне қарай таңдалады. Қол саусақтарына арналған пассивті жаттығулар жасау кезінде балаға қолайсыз жағдай туғызбауын және тітіркендіпмеуін қадағалаған жөн. Жаттығулардың мақсатты пайдаланылуы мынадай әдістерді ұсынады: сипау, жаймен уқалау және діріл. Массажды әрекеттер саусақ ұшынан басталып төменгі буынға қарай жалғасады. Массаж жасау кезінде жай лирикалық әуен қоюға да болады.
9 айдан жоғары сәбилерге арналған ойын- жаттығулар.
Көңілді қуыршақтар.
Қазіргі кезде ағаштан жасалған көңілді қуыршақтар жай ойыншық емес, жәдігер зат болып пайдаланылатын болды. Ал ойыншықтың бұл түрі бала саусағын басқаруы мен ойлауын шыңдайтын таптырмас ойыншық.Алдымен екі жартыны құрастыру арқылы бір қуыршақты пайдаланыңыз. Содан соң ойынды күрделендіре түсіңіз: екі қуыршақ, үш қуыршақ. Балаға аздап қиындық келтірсе асықпаңыз. Баланың жетістікке өзі жетуіне мүмкіндік беріңіз.
Пирамидалар.
Дүкеннен пирамида ойыншығын сатып аларда дөңгелектерінің әр түрлі болғанын қадағалаңыз. Дөңгелек диаметрі бірінен соң бірі үлкейе түсуі керек. Мұндай ойыншық балаға саусақ қимылын ғана емес, логикалық ойлануына да жол ашады. Балаға пирамиданы жинауды ұсынасыз. Алдымен бірге жинап, содан соң өз бетімен жинауға кіріседі.
Жиек бойымен жүргізіп шық.
Бұл ойынға мақпал қағазға жабыстырылған үй, машина, гүл, кесе сияқты суретті карточкалар пайдаланылады. Ересек адам бала саусағын мақпалға тигізе отырып суретте не бейнеленгенін сұрайды. Осы сурет бойымен моншақтарды немесе бұршақтарды жүргізіп шық деген тапсырма беріледі. Жабыстырып шығу арқылы ойын жалғасады.
Ойынға пайдаланылатын барлық заттар бала өміріне қауіп төндірмеуі керек.
Адамның он екі мүшесінің тіршілікте атқарар міндеті зор. Соның ішінде екі қолға бес - бестен біткен он саусақты күнделікті қажетті жұмыстарды атқаруға пайдаланытынымыз белгілі. Сонымен қатар ертеден бізге жеткен Қуырмаш ойынынан саусақ атауларын бала тәрбиелеуге, оның тілін жетілдіруге, ойын ұштауға әдемі пайдаланғанын білеміз.
Қуыр, қуыр, қуырмаш,
Тауықтарға тары шаш.
Балапанға бидай шаш,
Балаларға тәтті шаш .
- дей келіп, жұмылған әр саусақты жеке-жеке ашарда:
Сен түйеңе бар,
Сен жылқыға бар.
Сен сиырға бар,
Сен қойыңа бар,
Сен үйде отырып
Шешеңе көмектес.
- деп әр саусаққа тапсырма беріледі. Одан соң әр саусақтың басынан ұстай тұрып қарның ашса: мына жерде нан бар, мына жерде май бар деп әртүрлі астың атай келіп, қолтыққа жеткенде қуырмаш, қуырмаш деп қытықтайды.
Көтеріңкі көңіл - күй сыйлайтын бұл ойын балаға саусақтардың атын, адамға нәр берер түрлі астың атауын да үйретеді. Сондай - ақ төрт түлік малды таныстырып, оны бағып еңбектенгенде ғана тамақтануға болатынын ескертіп, еңбекпен тапқан тамақ тәтті болатынын уағыздайды.
Халық өзінің өмір тәжірибесінде тіршілікте қалай қолдануына қарай саусақтарға ат қойған. 1-ші саусақ- Басбармақ, 2-ші саусақ - Балаң үйрек, 3-ші саусақ - Ортан терек, 4-ші саусақ- Шылдыр шүмек, 5-ші саусақ - Кішкентай бөбек.
Дыбыстарды айту кемшіліктерін түзету
Дыбыстарды түзету төрт негізгі кезеңдерден тұрады:
1.Дайындық кезеңі - дыбысты дұрыс қабылдап, қайталау және дыбыс анализаторларын дайындау (артикуляциялық жаттығуларды,тыныс алу гимнастикасы орындау, қолдың ұсақ моторикасын, фонематикалық естуін дамыту, сөздік қорын молайту,баланы сөйлеу белсенділігін ынталандыру).
Артикуляциялық жаттығулар
Артикуляциялық жаттығулар арқылы баланың тілін дамыту
Фонематикалық есту қабілетін дамытуға арналған ойыннан соң, дыбыстарды жекелеп айтып, сөйлеу мүшелерінің осы дыбыстарды айтқанда қалай қолданатыны балаға көрсетілуі жөн. Мысалы, ш дыбысын айтқанда ерін алға қарай сәл ғана сүйірленіп тілдің ұшы тістен алыстап, артқы көмейге қарай жиырылады, ж дыбысы да сол сияқты айтылады. С дыбысын айтқанда ерін азғана ашылып, тіл төменгі тістің түбіне таяу келеді, з дыбысы да осы сияқты айтылады. Соңғы дыбысты айтқанда бір ерекшелік -- аздаған үн қатысады. Осы дыбыстарды дұрыс айту үшін артикуляциялық жаттығуларды пайдалануға болады.
Артикуляциялық жаттығу - бұл бұлшық ет пен сөйлеу аппаратын нығайтуға, сөйлеуге қатысатын ағзалардың күш, қимыл-қозғалыс және іс-әрекеттің дифференциациясын нығайтуға арналған жаттығулар жиыны.
Артикуляциялық жаттығу дыбысты қою мен машықтандырудың дайындық кезеңі болып табылады.
Артикуляциялық жаттығудың мақсаты дыбысты дұрыс айту үшін сөйлеу аппаратын дұрыс қозғалысқа келтіру және тілді белгілі бір қалыпта ұстау, қарапайым қимылды күрделі қимылдарға айналдыру.
Артикуляциялық жаттығуларды жасау не себепті керек
1. Артикуляциялық және тілдік есту қабілетін дамытатын жаттығуларды уақытында жасау кейбір балаларға өздігінен, мамандардың көмегінсіз, дыбыстарды дұрыс айтуға көмектеседі.
2. Тілі шорқақ балалар үйде жаттығуларды жасаса, мамандармен жұмыс істегенде тезірек жетістіктерге жетеді, себебі олардың тіл бұлшық еттері дайын болады.
3. Артикуляциялық жаттығулар барлық дыбыстарды дұрыс айтатын, бірақ сөйлеу кезінде тілі күрмеленетін балаларға да пайдалы.
4. Артикуляциялық жаттығулар балаларға да, ересектерге де дұрыс, әдемі және айқын сөйлеуге көмектеседі. Сонымен қатар дыбыстарды дұрыс айту жазуға үйрету кезеңінің негізін құрайды.
Артикуляциялық жаттығуларды орындау ережелері:
Үлкен адам орындалатын жаттығуды балаға ойын түрінде түсіндіреді.
1. Жаттығудың орындалу тәсілін көрсетеді.
2. Жаттығуды бала жасайды, үлкен оның дұрыс орындалуын қадағалайды: қимылдың дәлдігі, темпі, тұрақтылығы, бір жаттығудан екіншісіне өту ыңғайы. Сонымен қатар артикуляциялық жаттығулар оң және сол жақ үшін бірдей, симметрияда орындалуы керек. Олай болмаған жағдайда артикуляциялық жаттығуларды орындау өз мақсатына жетпейді.
3. Бала белігілі бір жаттығуды орындау кезінде қиындыққа тап болған жағдайда оған көмек беріңіз: таза шпатель, қарындаш, қалам немесе таза саусақпен.
4. Балаңыздың тілін дұрыс қалыпқа келтіру мақсатында, мысалы жоғарғы ерінің жалауы үшін, баланың ернін тосаппен, шоколадпен, балмұздақпен немесе балаңыз жақсы көретін басқа да затпен жағып қойыңыз. Тапсырмаларға шығармашылықпен қараңыз.
Ескерту
Жаттығу жасай бастағанда тіл бұлшық еттерінің тарылуы байқалуы мүмкін. Уақыт өте келе бұлшық еттерінің тарылуы босап, қимыл-қозғалыстар қиындықсыз және икемді бола бастайды.
Артикуляциялық жаттығуларды орындағанда:
Балада дұрыс сөйлеу дағыдысы қалыптасу үшун артикуляциялық жаттығуларды күнде жасау керек.
1. Жаттығуларды күніне 3-4 рет 3-5 минуттан орындаған жөн.
2. Әр жаттығу 5-7 рет орындалуы тиіс.
3. Бір статистикалық жаттығуды 10-15 секунд ұстап тұру ұсынылады (қимыл-қозғалысты өзгертпей ұстап тұру).
4. Артикуляциялық жаттығуларды іріктеу кезінде қарапайым жаттығудан күрделі жаттығуларға өту керек. Балаңыз белігі-бір жаттығуды дұрыс жасай алмай тұрып, одан күрделі жаттығуға өтудің керегі жоқ. Жасай алмай жатқан жаттығуды орындату үшін жаңа ойындар ойлап табуыңыз абзал.
5. Артикуляциялық жаттығуды отырып орындаған абзал, себебі отырғанда баланың арқасы түзу, денесін, аяқ-қолдарын бос ұстайды.
6. Бала үлкеннің және өзінің бетін айқын көруі тиіс, себебі жасап жатқан жаттығудың сапасын өзі бақылай алуы керек. Сондықтан жаттығуларды жасап жатқанда үлкен және бала қабырғадағы айна алдында болуы керек. Сонымен қатар, баланың қолында кішкентай айна болуы мүмкін (9х12 см), бірақ ондай жағдайда үлкен балаға қарама-қарсы, бетпе-бет отыруы тиіс. Төменде көрсетілген жаттығулар айна алдында орындалатын жаттығулардың бірі болып табылады.
Артикуляциялық жаттығулар
Тыныс алу жаттығулары
Сөйлеу кезінде пайда болатын тілдік тыныс алудың маңызына ерекше көңіл бөлген жөн. Сөзіміз түсінікті болуы үшін қарапайым тәжірибе жасап көрейік: алақаныңызды ауызыңызға жақындатыңыз және кез келген бір дыбысты айтыңыз. Сіз ауа ағымы алақаныңызға тигенін сезесіз. Тыныс алып дем шығарғанда дыбыс шығады, ал дыбыстар тілдік ағымға қосылады, бірнеше дыбыстан сөз, әрі қарай сөйлем туындайды және осының бәрін анық не көмескі, жәй не қатты айтуға болады.Демек, айтылған сөз дәлдігі, тазалығы және әсерлілігі тілдік тыныс алуға байланысты. Сондықтан да тілдік тыныс алуды басқара білуге үйрету қажет. Осы орайда тыныс алу гимнастикасы бойынша арнайы жаттығуларды ұсынуға болады.Тыныс алу жаттығуларының мақсаты баланың тілдік тыныс алуын дамыту.Алғашқы жаттығулар дене бітімін дұрыс қалыптастыруға бағытталады: тілдік тыныс алу өз жолында бұлшықет кедергілеріне, қыспаққа түспеуі тиіс. Егер біз иық және мойын бұлшықеттеріне қысым түсірмей, басымызды тік және еркін ұстап, дұрыс тұрсақ, онда еркін тыныс алып, сөйлей аламыз. Сондықтан да ең алдымен сымбаттылық әліппесіне көңіл бөліңіз.Балалар тілдік тыныс алу барысында дем алудың қысқа, дем шығарудың ұзағырақ боларын түсінуі тиіс. Бірқатар жаттығулар тілдік тыныс алуды ретке келтіруге көмектеседі: сөзді, сөйлемді дұрыс айту үшін ауаны үнемді шығындауға, үзіліс кезінде жұмсақ, естіртпей ауа жинауға, жеңіл, әрі шынайы тыныс алуға үйретеді.Осы жаттығулардың негізі - тыныс алуды реттеу, яғни дем жұтып, дем шығаруды дұрыс кезектестіре білу, ерікті түрде ақырын дем шығара білу.Алдымен дұрыс дем алу және дем шығаруға үйретеміз:мұрынмен дем не ауа жұту - ауыз арқылы дем шығару,терең дем алу - ұзақ дем шығару қысқа терең дем алу, ақырындап дем алу- қысқа шұғыл дем шығару.
Тыныс алу жаттығулар
Баланың тілін дамытуда саусақ ойындарының маңызы
Сөйлеу мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзету-тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қажет етеді. Адамның бас миында саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын орналасқан. Ұсақ моторикаға әсер ете отырып, көрші орналасқан сөйлеуге жауап беретін орталықты да дамыта аламыз. Балалардың сөздік қорларын дамытуда саусақ ойындары үлкен нәтиже береді. Саусақ ойындары арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашады. Саусақтарының қимыл қозғалысына қарап бала қуанады, шаттанады, сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады.
Саусақ ойындары
.
Кірпі
Момақанмын алайда,
Тікенім көп, абайла.
(Үш саусақты түйістіріп, кірпінің жүрісін салу).
Кіріп кетсе қолыңа,
Өепелеме, жарай ма?
(Екі қолдың саусақтарын айқастырып, кірпінің тікенектерін жасау).
Құлпы
Ілген есік сыртына,
Ұқсайдыма құлпыға?
(Екі қолдың саусақтырын құлпықа ұқсатып айқастыру).
Ашқың келсе аямай,
Қатты тартып, жұлқыла.
(Екі қолды екі жаққа қатты күшпен тартып, құлпыны ашуға тырысу).
Саңырауқұлақ
Саңырауқұлақ,
расында
Естімей ме құлағың?
(Бір қолмен саңырауқұлақтың қалпағын, екінші қолмен денесін келтіру).
Шуласақ та қанша біз,
Меңірейіп таұрасың.
(Екі қолдың саусақтарымен партаны тықылдату, шулау).
Күнге ұқсаймыз
Қол ұстасып дөңгелеп,
Тұра қалдық екеуміз.
(Екі бала дөңгеленіп кол ұстасады).
Өзіміз де дөңгелек,
Күнге ұқсайды екенбіз.
(Сұқ саусақтарымен бас бармақтарының ұшын бір-біріне тигізіп, дөңгелек күн жасау).
2. Дыбысты қою- жеке дыбысты дұрыс, анық айтуға үйрету:
- еліктеу арқылы баланың назарын артикуляциялық мүшелерінің қимылдарына, қалыптарына аудару, және осы фонеманыңдыбысталуына назар аудару.
- механикалық, құралдардың (шпател, логопедиялық зондтар) көмегіменсөйлеу мүшелеріне механикалықықпал жасау.
Логопедиялық жұмыстарда массаждық зондтарды қолдану
Әр түрлі тіл кемістіктерін түзету кезінде қолданылатын бірден-бір емдік логопедиялық массаждың бірі зондпен массаж жасау болып табылады.
Тілге, ерінге, бетке, жақ сүйектеріне, жұмсақ таңдайға арналған ерекше массаж түрлері пайдалынады . Осы зондтар көмегімен бұлшықеттерді қозғалту, оларға қысым түсіру, ығыстыру, үйкеу сияқты әр түрлі қимыл-қозғалыстар жасайды.
Бұл әдіс өте қарапайым және тиімді болып табылады. Ол мақсатқа сәйкестендіре ықпал етіп, артикуляциялық мүшенің жарамсыздығын қарқындата және қалпына келтіре отырып мүмкіндік береді. Дыбыстаудың тұрақтылығы жылдам өтеді.
Массаж жасау үшін зондтардың әрқайсысы белгілі бір топқа, яғни тіл бұлшықетіне, бетке, жаққа, ерінге, жұмсақ таңдайға әсерін тигізеді.
Логопедиялық зондпен массаж
3.Дыбысты дұрыс айтуға машықтандыру. Қойылған дыбысқа бекіту мақсатында әртүрлі дидактикалық материалдар пайдаланады (суреттер, лото, ойындар, жаңылпаштар, карточкалар т.б.)
4 Бір дыбысты ұқсас дыбыстармен алмастырған немесе шатастырған жағдайда - диффенциациялау, немесе ажырату кезеңі. Бұл кезеңде аралас әдіс - тәсілдер қолданылады (дыбысты ұста, сөздерде дыбыстың орнын тап, фонематикалық қабылдауын қалытастыратын ойындар)
Қазақ тіліне тән дыбыстарды түзету тәсілдері
Ә дыбысы.
Ә дыбысын дұрыс игеруге А дыбысы негіз болады. Бала А дыбысын айцтқан кезде тілді алдыңғы тістерге тигізе жылжытып тілдің ортасыназдап дөңдестіріп ұстау керек.Ә дыбысымен буын айтуға машықтарғанда алдымен тіл алды дауыссыздардан бастаған жөн.
Мысалы,
Әт- тә-әб-бә-кә
Әл-лә-әг-гә-әм
Әс-сә-әд-дә-әп т.б,
Ғ дыбысы
Ғ - дыбысын айтқанда ауа ауыз қуысы арқылы өтеді. Тілдің арты таңдайдың түбіне жиырылып, ауа олардың арасынан шыққан кезде дауыс шымылдығы дірілдейді, Ғ - дауыссыз, шұғыл, қатаң-ұяң.
Буындарда, сөздерде машықтандыру.
Ға-ға-ға ғұ-ғұ-ғұ ға-ға-ға -жағағы-ғы-ғы-бұғы
Ғо-ғо-ғо ғи-ғи-ғиғи-ғи-ғи- Сағи ғу-ғу-ғу-қағу
Сурет бойынша сөйлем құрастыр.
Қ дыбысы
Қ дыбысын айтқанда ерніміз ашық, тісіміз алшақ салынған. Тіл ұшы төменгі тістің жанында, бірақ тіске тірелмейді. Алдыңғы және ортаңғы тілдің арқасы төмен, артқы жағы сәл жоғары көтеріліп жұмсақ таңдайға тіреледі.
Артикуляциялық жаттығулар
Тосап Сағат Саңырауқұлақ
Буындарда машықтандыру.
Қа - қа - қа құ- құ- құ қу- қу- қу
Ақ- ақ -ақ оқ- оқ- оқ ық- ық-ық
Буын арқылы сөздерде машықтандыру.
Қа қа қа- аққала Қо қо қо -қораз
Қа қа қа- қармақ Қо қо қо -қозы
Қа қа қа-қалақ Қо қо қо -қоңыз
Фонематикалық естуін дамыту.
Сөздің басындағы, ортасындағы,соңындағы дыбыстарды айтып бер: қызыл, қазан, қоржын, қақпа, қабақ, қасқыр, қонақ, қаңқа, ұшақ, қатық, аяқ, балық , жастық, тасбақа.
Суреттегі заттарды ата және сипатта.
Қуыршақ Жаңғақ Қарындаш
(әдемі, қызыл киімі бар,т.б.) (қатты, ағашта өседі) ( қысқа, сары, ағаштан жасалған)
Һдыбысы
Еріндер өзінің алдындағы немесе артындағы дауысты дыбыстардың айтылыуына қарай өзгеріп тұрады. Үстінгі тістер мен астыңғы тістердің арасы А дыбысын айтқандай қашықтықта болады. Тілдің ұшы астыңғы тістерге тірелеп, үстінгі көсіліп жатады.Жұмсақ таңдайдыңмартқы жағындағы кішкентай тіл іштен дүмпіп шыққан ауаның серппесімен тербеліп ашылады да, дыбыс көмейден шығады. Дауыс пердесі ашық.
Һ дыбысы дауссыз, ауызды, қатаң, тіл арты.
Артикуляциялық жаттығулар
Күрекше Бұзық тілді жазала
Дыбысты буында, сөздерде машықтандыру
Һа-һа-һа Һаз-һаз-һаз- жиһаз
Һаз-һаз-һаз Һар-һар-һар- қаһар
Һар-һар-һар Һар-һар-һар - айдаһар
Ң дыбысы
Ң дыбысын айтқан кезде тіліміздің артқы жағыжұмсақ таңдайға тығыз тиеді. Тіл ұшы төмен түседі. Дыбыс мұарқылы шығады. Ң дыбысыдауссыз,ауызды, қатаң, тіл арты.
Дайындық кезінде қолданылатын жаттығуларды жасату.
Көңілді тіл туралы ертегі.
Өзінің үйшігінде көңілді тіл тұрыпты.Ол үйдің аты не? Кім біледі? Дұрыс,ол үйдің аты-ауыз. Үйдің есігі ашылып, жабылып тұратын болған (ауыз ашық, жабық). Тіл бір жерде тыныш отыра алмайды екен. Үйшігінен жүгіріп шығып, айналаға қарайды (тілін шығару). Міне ол күннің көзіне жылынуға шықты (жалпақ тілді шығарып ұстау). Аздап желдің лебі білінді. Тіл тоңып, үйшігіне кіріп есігін жауып алды (аузын жабу). Үйге кірген соң тіл мысыққа сүт құйды, мысық сүтті жалады (жоғарғы ерінді жалау), соңынан есінеді (ауызды кең ашу). Тіл сағатқа қарады. Сағат сыртылдап тұр екен (ауызды кең ашып , тілдің ұшын оңға, солға қимылдату). Мен ұйықтайтын уақыт болған екен деп тіл жатуға кетеді.
Ұ дыбысы
Еріндер құбырға ұқсап, ұшы сүйрленіп алға созылады, үстінгі тістермен астыңғы тістердің арасы белгілі бір қашықтықта сақталады.Тілдің ұшы астыңғы тістің артына қалай сәл тартылады, ұсті деңгейдегі қалыпта сақтап, көлбеужатады да, ауа ауыз куысымен еркін шығады. Жұмсақ таңдай жоғары қөтеріліп, мұрынға ауа жолы жабылады. Дауыс пердесі жабық. Ұ дыбысы дауысты, ерінді қысаң, тіл арты.
Фонематикалық қабылдауын дамыту.
Ұ-дыбысын естісең, шапалақ соқ:
бұ, тү, су, сұ, ес, аш, ұш, ұп.
Артикуляциялық гимнастика.
КүрекшеСылақшыАлтыбақан Кесе
Суреттегі заттарды атап, бұынға бөл.
Берілген сөздерді пайдалана отырып, сөйлемдер құрастыр.
Ү дыбысы
Еріндер құбырға ұқсап, ұшы сүйрленіп алға созылады,үстінгі тістермен астыңғы тістердің арасы белгілі бір қашықтықта сақталады.Тілдің ұшы астыңғы тіске тіреледі де, екі жағы көтеріліп үстіңгі азу тістерге қабысады, Соның салдарынан тілдің ортасында ауыз қуысы мен еркін шығатын науа пайда болады, жұмсақ таңдай жоғары көтеріліп, мұрын ауа жолы жабылады. Дауыс пердесі жабық.
Ү дыбысы дауысты, ерінді, қысық, тіл алды, жіңішке.
Фонематикалық қабылдауын дамыту.
1. Ү-дыбысын естісең, қайтала:
со,сү, іш, еш, үш, үт, да, дү.
Ү-Ұ-дыбыстарын сөздер арасынан бөлу.
Ү-дыбысы бар сөздерді Үсенге бересіңдер, ал Ұ-дыбысы бар сөздерді Ұлпан алады.
Үстел, ұшқыш, сүт, күн, нұр, үйрек, күш, құлақ, түлкі, балмұздақ, алмұрт, жұлдыз.
Артикуляциялық гимнастика.
Ат шауып келеді
Кәмпит
Суреттегі заттарды ата, сөзде Ү дыбысының орнын тап
(басында, ортасында, аяғында).
І дыбысы
Еріндер дыбыстың шығуына қатыспайды, үстінді тістер бір біріне өте жақын тұрады, тілдің ұшы астыңғы тіске тіреледі де, үсті көсіліп, көлбеу жатады,жұмсақ таңдай көтеріліп мұрынға ауа жолын жабады, дауыс пердесі жабық. І дыбысы дауысты, езулік, қысың, жіңішке, тіл алды.
Тіл ұстарту
Іс іс іс піс қазаным піс
Із із із татумыз біз
Ір ір ір сыныпқа кір.
Ойлан,жұптас,талқыла әдісі арқылы тапсырма
1І дыбысы мен әрпі бар сөздерді айту.
2 І дыбысы қай жерде айтылады.
3Ідыбысы бар сөздер мен сөйлем құра.
Артикуляциялық гимнастика.
Күлімдеу
Суреттегі заттарды ата
Ойын Қай әріпті жоғалттым?
Ө дыбысы
Астындағы тістер мен жоғарғы тістер арасындағы ара қашықтықтан біршама үлкендеу болады. Тілдің ұшы төмен түседі де, сәл артқа қарай тартылады. Ортасыныі көлбеулігі бірдеңгейде сақталады, ауа еркін шығады, жұмсақ таңдай жоғары көтеріледі де, мұрын ауа жолы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz