Қазақтың ұлттық киімі бас киім
орта мектебі
Ғылыми жоба тақырыбы: "Қазақ халқының ұлттық бас киімдері"
Орындаған:
Жоба жетекшісі:
2022-2023оқу жылы
Түйіндеме
Қазақ халқының қол өнері көне заман тарихымен бірге дамып, бірге қайнасып келе жатқан бай қазына. Қазақ халқының қол өнерінің бір саласы - киім тігу. Ерте заманнан күні бүгінге дейін өзінің қадір-қасиетін жоймай, қол өнерінің озық үлгісі ретінді ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығыменде пайдаланудан қалмай келе жатқан қазақтың ұлттық киімдері әлі де аз емес.
Осы бағытта оқушының жасаған зерттеу жұмыстарының маңызы зор.
Жобаның мақсаты: ұлттық бас киімнің шығу тарихына шолу жасай отырып, оның түрлерін талдау, бас киімге байланысты дәстүрлер, әдет-ғұрыптарды саралау арқылы ұлттық мәдени мұрамызды қастерлеуге насихаттау болып табылады.
Жоба кіріспе, негізгі бөлім, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттерден тұрады.
Жобаның кіріспе бөлімінде тақырып өзектілігі, міндеттері, практикалық маңызы көрсетілген.
Негізгі бөлімінде қазақ халқының ұлттық бас киімдерінің ерекшелігі мен маңызы туралы айтылған және де осы қазақ халқының ұлттық бас киімдеріне қатысты әдет-ғұрыптар жөнінде жалпы мағлұмат берілген.
Қорытынды бөлімінде зерттеген жұмыстарын санамалап көрсетіп, өз ұсыныстарын білдірген.
Мазмұны
І. Кіріспе ___________________________________ ___________________ 3
1.1. Қазақ халқының ұлттық киімі - ұлт мақтанышы ___________________4
ІІ. Негізгі бөлім ___________________________________ _____________ _5
2.1. Қазақ халқының ұлттық бас киімдері ____________________________ 5
2.2. Бас киімдердің ерекшелігі мен маңызы ___________________________6
2.3. Бас киімге қатысты әдет-ғұрыптар ______________________________ 16
ІІІ. Қорытынды ___________________________________ ______________19
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ___________________________________ _22
Мектеп КММ
Қазақ халқының ұлттық бас киімдері"
атты ғылыми жұмысына
Пікір
Қазақ халқының ұлттық бас киімдері" атты ғылыми жобасында қазақ халқының киімі, ұлттық бас киімі басқа ұлттардан өзгеше өзіндік қасиетке толы екендігі туралы айтылған. Мұның басты себебі: қазақ халқының табиғат төсінде өсіп, еркін ғұмыр кешуімен байланысты. Қазақтың ұлттық киімдері негізінен ертедегі көшпенділер киімдерін еске түсіреді. Соның бірі - қазақ халқының ұлттық бас киімі.
Осы жобаның мақсаты - ұлттық бас киімнің шығу тарихына шолу жасай отырып, оның түрлерін талдау, бас киімге байланысты дәстүрлер, әдет-ғұрыптарды саралау арқылы ұлттық мәдени мұрамызды қастерлеуге насихаттау болып табылады.
Жалпы алғанда ғылыми жоба өз дәрежесінде жасалынған деуге болады. Зерттеу жұмысының мазмұндылығы мен мәнділігін ескере отырып, жоғары дәрежеде бағалауға ұсынамын.
мұғалімі: ФИО
Мектеп ------ ---------------------------------Қа зақ халқының ұлттық бас киімдері" атты ғылыми зерттеу жұмысы жайлы
К Ү Н Д Е Л І Г І
(20***жыл)
№
Атқаратын жұмыс тізімі
Мерзімі
Жетек-ші қолы
Нәтижесі
1
Ғылыми жұмыстың тақырыбын айқындау мақсатында ғылыми жетекшімен кеңесу, пікірлесу
Қаңтар -ақпан,
20ж.
Қазақ халқының ұлттық бас киімдері" зерттеудің тақырыбы
болып бекітілді.
2
Ғылыми жетекшімен үнемі кеңесе отырып, зерттеу жұмыстарын жүргізу.
Наурыз-сәуір 20----ж.
Жұмыстың мақсатымен, міндетімен таныстым. Орындау барысы туралы мағлұмат беріп, пайдаланатын әдебиеттерді көрсетіп берді.
3
Зерттеу тақырыбы негізінде интернет, баспа материалдарымен танысып, олардың ішінен қажеттілерін іріктеу
мамыр-тамыз
20 ---ж.
Берілген материалдармен танысып, өзіме қажетті мағлұматты алдым.
4
Ғылыми жетекшіден кеңес алу
қыркүйек-қазан
20--- ж.
Қажетті материалдарды жинақтап, саралап-жүйеледім.
І. Кіріспе
Қазақ халқының қол өнері көне заман тарихымен бірге дамып, бірге қайнасып келе жатқан бай қазына. Қазақ халқының қол өнерінің бір саласы - киім тігу. Ерте заманнан күні бүгінге дейін өзінің қадір-қасиетін жоймай, қол өнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығымен де пайдаланудан қалмай келе жатқан қазақтың ұлттық киімдері әлі де аз емес.
Еуразия даласын қоныс еткен көшпелі ел қазақтардың басқа халықтарға ұқсамайтын киім ұлгілерін табиғи ерекшеліктер мен көшпелі тіршілікке сәйкес қалыптасты. Қазақы киімнің барша сымбаты мен ою-өрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі бар. Ол - біздің ұлттық мәдениетіміз. Ұлттық киім - бай тарихи- мәдени мұра, оны зерттеу бізді өткен ғасырларды әдет - ғұрып, салт-дәстүр халықтың хал-ахуалынан кең көлемде жан - жақты хабардар етеді. Қазақ халқының киімі басқа ұлттардан өзгеше өзіндік қасиетке толы. Мұның басты себебі: қазақ халқының табиғат төсінде өсіп, еркін ғұмыр кешуімен байланысты. Қазақтың ұлттық киімдері негізінен ертедегі көшпенділер киімдерін еске түсіреді. Соның бірі - қазақ халқының ұлттық бас киімі.

Жобаның өзектілігі - тарих қойнауына сіңіп жоғалып бара жатқан бас киім үлгілерін қайта жаңғырту арқылы, оларды сақтап қалуға ат салысу өзекті мәселе болып табылады.
Міндеттері:
1) ұлттық бас киімдер туралы мәліметтер жинау және саралау;
2) ұлттық бас киімдерді жіктеу;
3) ұлттық бас киімдерге байланысты салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптарды талдау арқылы олардың ұлттық дініміздің қалыптасуына қосқан үлесін анықтау.
Практикалық маңызы - аталған жобаны мұғалімдерге, оқушыларға көмекші құрал ретінде қолдануға болады.
1.1. Қазақ халқының ұлттық киімі - ұлт мақтанышы
Қазақтың ұлттық киімдерінің тарихи Ұлы дала көшпенділерінің тарихымен тығыз байланысты. Бізге көшпенділер бірнеше мыңдаған жылдар бойы сақтаған салт дәстүрін, киім кию мәдениетін, ғажайып өркениетін мұраға қалдырып кетті. Осы ата - бабаларымыздың өткен тарихы, олар жасап кеткен дүниелер күні бүгінге дейін маңызын жоймай, мұрагер біздің қызығушылығымызды тудырып отыр. Мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан ұлттық киіміміз қазақ этносы көшпенді өмір салтын ХІХ ғасырға дейін сақтап келген халықтардың бірі болғандықтан көшпенді өмір салтына ыңғайлы функционалды және эстетикалық құндылықтарын өз бойына сақтап қалды. Қазақ киімдеріне ежелгі Қазақстан териториясын мекендеген сақтар, ғұндар, түркілер мәдениеті Қазақ мемлекетінің құрылуы Ресейге қосылуы, ревалюция кезеңі, кеңес өкметінің орнауы сияқты тарихи оқиғалар көрініс тапты (1-сурет). 1-сурет. Қазақтың ұлттық киімі
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Қазақ халқының ұлттық бас киімдері
Әлемге аты әйгілі болған Алтын адам жерленген 1969-1970 жылдары ашылған Есік қорғаны сақтардан қалған ескерткіш. 4-3 ғасырларда б.з.д. Жетісу жерінде олардың мемлекеті құрылған. Өмірдегі барлық құбылыс сияқты ғылым да ылғи да тынымсыз алға жылжып отырады. Осы Есік қорғанда табылған Алтын киімді бекзада үйсін қоғамына тән адам деген болжам да бар. Ал, Кемал Ақшев осы сақ-тиграхауттар мәдениетіне жатқызады.
Осы қорғаннан табылған аң стиліндегі алтын, қоладан жасалған басқа да құнды нәрселер табылған алтын заттардың көшірмелері мен әсемделген теңдесі жоқ киімдер, бас киімдер, аяқ киімдер үлгілері қалпына келтірілді. Мүрделердің киімдері мен бас киімдеріне тағылған жапсырмалы әшекей заттардың орналасу ретінің сол қалпында сақталуы қалпына келтіру жұмыстарының күмән келтірмейтіндей нәтижеде шығуына мүмкіндік туғызды.
Сонымен қатар киімнің негізгі түрлеріне тоқталар болсақ. Қазақтың ұлттық киімі бас киім. Бас киімдер ұлттық киімдердің мәнерлі және ерекше бөлігі болып саналады, олардан халқымыздың эстетикалық талғамын аңғарамыз. Ұлттық киімдердің ерекшелігімен қоса адамдардың жас ерекшеліктеріне қарай, киген киім сонымен бірге жүздің рудың ерекшеліктері жақсы сақталған. ХІХ ғасырдың 2 жартысында қазақ елінің тұрмысындағы өзгерістерге байланысты, мәдени өмірінде де өзгерістер болды. Осыған қарамай жүздердің, рулардың дәстүрлерінің сақталып қалуы, халықтың қоғамдық және мәдени өміріне өз әсерін тигізді, нәтижесінде жүзбен рудың ерте заманнан келе жатқан киім үлгілерінің ерекшеліктері сақталып қалды. Бас киімде жиі географиялық, ру- тайпалық ерекшелік байқалады.
2.2. Бас киімдердің ерекшелігі мен маңызы
Ерлердің бас киімі. Қазақта бас киімді ерлер де, әйелдер де киеді. Ерлердің бас киімдері әр түрлігімен ерекшеленеді.
ХІХ-ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақтың ұлттық киімдерін зерттеген Захарова И.В. мен Ходжаева Р.Р ер адамдардың бас киімдерін төмендегідей түрлерге бөледі:
1. Дөңгелек, жеңіл, өзінсырып, кестелеп матадан тіккен және қалпақ, тымақ астынан киетін кішігірім бас киім тақия;
2. Мақтадан тігілген кішкентай, етегі терімен көмкерілген бас киім- төбетей;
3. Киізден тігілген бас киім- қалпақ;
4. Қалың матадан тігілген басшылық Күләпара;
5. Тері қапталған жылы бас киім- бөрік;
6. Ақ терісінен жасалып суықта киілетін бас киім - тымақ;
Еркектің бас киімі сан жағынан онша көп емес: қалпақ, бөрік, тымақ, (жекей, құлақты, жаба салма, қайырма, төрт, сегіз сайлы, дөңгелек төбелі, шошақ төбе) құлақшын, жалбағай (делбегей, басшылық, далбай, күлапара), көпеш (құстаңдай, қолкесте, бізкесте түрлері бар), жепелер, тақия (зерлі, үкілі, оқалы, сырма, шошақ төбе, тікше, қатипа және т.б), қырпу(ішті бөрік).
Тақия кішігірім сәтен, шұға барқыт сияқты маталардан әр түрлі тәсілмен (сыру, кестелеу) тігілген бас киім (2-сурет). Оны қалыңдау, жұмсақ маталардан астар тігіп, астарына жүн немесе мақта салып жасайтын түрлері де болған. Ерлерге арналған тақияның кестесі де болады. Тақияның 4 сай немесе дөңгелек төбел етіп тігеді. Тақияны, еркектер үлкен баскиімнің астына міндетті түрде бас киім ретінде ұстанған.
Тақияныңда түрлері көп: зерлі, үкілі, оқалы, сырма, шошақ төбе, тікше, қатипа. т.б түрге бөлінеді. Етегі аласа төрт сай болып келетін, кестелі шошақ тақиялар онтүстікте кездеседі. Тегеріш тақиялар орта жүзде көбірек кездеседі. Ал жалпақ төбелі, биік, тостаған сияқты қаптама тақия кіші жүзге тән. Сондай - ақ, қазақ жерінде қазақы, ноғайша оқалы тақия, оқа шекке тақия, сырма тақия, тікше қатипа тақия, шошақ төбе тақия тәрізді тақия түрлері кең таралған. ХІХ ғасырдың 2 жартысында тігілген тақиялардың төменгі жағы (етегі жиегі) кеңейіп келген 5-7 см, төбелері 4 бұрышты сайдан тұрған. Сайлардың пошымына сәйкес төбесі үшкір, конус тәрізді де болған. Төбелері доғал, жатыңқы тақияларда қолданылған. Қатты болу үшін етегі мен төбелерінің тігісін жиілетіп жүргізген. Сәнді тақияларды кестелеп тіккен, шеттері мен тігістерін кантраст мақта қиындылары мен әдептеуде қолданылған. Жібек пен алтын немесе күміс зерлермен кестеленген барқыт тақияларды көбінесе жігіттер киген. Ерлерге арналған тақияның кестесі де, кестелісі де, кестесізі де болады. Тақияның орта жастағы, қарияларға арналған түрлері онша кестелеп әшекейленбейді.
Қалпақ - киізден немесе қалың матадан тігілген, биік төбелі ерлер бас киімі (3-сурет). Оны күз бен көктемде, салқын таулы өңірлерде жаз айларында тәңертенгі және кешкі мезгілдерде киеді. Төбесі шошақ биіктеу, етегі кең келген бұл бас киім күннің сәулесін, су өткізбейді, желге қақтырмайды, жауын шашында пана, сәнді де сәулетті киім. Оны ақ киізден немесе қалың матадан тігеді. Қойдың ақ жүнінен, ақ қозының күзен жүнінен, төбесіне ешкінің ақ түбітін қосып басқан шымыр ақ жұқа киізден тігеді. Ол негізі екі бөліктен құралады. Олар қалпақтың төбесіне және етегі кейде (қайырмасы) деп аталады.
Тымақ - биік төбелі, маңдайы, екі құлағы бар, желке, жотаны жауып тұратын артқы етектен тұратын, аңның, малдың терісінен тігілген қысқы бас киім (4-сурет). Суықтан, бораннан, қорғайтындай мол пішіледі. Сыртын берік және қымбат маталармен тыстайды. Оның іші тері, сырты шағи, пүліш, барқыт, дүрия, т.б матамен тысталады. Тымақтың құлағы мен етегінің төбемен жалғасқан жері милық деп атайды. Екі құлақтың сырт жағынан бастыра матадан жалпақ екі бау тағылады. Етегі төбеге қайырып қою үшін тымақтың артқы жағына тобылғыдан немесе арша сияқты берік ағаштан тиек жасап қадайды. Оны құрысқақ дейді.
Ескілік киімі деген өлеңінде данышпан Абай былай суреттеген:
Күләпара бастырған, пұшпақ тымақ,
Ішкі бауын өткізген тесік құлақ,
Тобылғыдан кесіп ап, жіппен қадап,
Артын белге қыстырған, бар құрысқақ.
В.Л. Плотниковтың 1859-1862 жылдардағы жазған қазақ киімдерінің ішінде бөрік пен тымақтың 15 түрлі үлгісі мен атаулары бар. Олар: жаба салма, қайырма, төртсай, дөңгелек төбе, шошақ төбе, жекей тымақ. Кейбір түрлері қазір де ел арасында кездесіп қалады.
Жаба салма тымақ - негізінен түлкі терісінен сенсеңнен тігіледі, құлағы мол, милығы кең, төбесі аласа болады.
Қайырма тымақ - түлке немесе қозы терісінен тігіледі, оны мандай төбесіне қарай үлкен қайырмалы келіп, жұрындары жалпақ болады. 4-8 сай тымақтар - төбелері төрт, сегіз бөліктерден немесе киіздерден құралады.
Дөңгелек төбел тымақ - төбесі иықсыз, милықты, жатаған келеді.
Шошақ төбе тымақ - төбесі иықсыз, үшкірлене биік етіп сырылады. Түлкі терісі, пұшпағы және қозының елтірісінен тігілген үш құлақ тымақтардың маңдай екі құлағы, артқы құлағы, төрт төбеден құралады. Оны қай жастың адамы да кие беруге болады. Жібек түрлерімен тысталады, тысы иесінің жас ерекшелігіне сай таңдалып алынады. Үш құлақ тымақты алдын ала дайындалған бөлек үлгі бойынша бөлекше әдемі сәнін келтіріп тігеді.
Жекей тымақ - жазбен күзде киетін, әрі сәнді жеңіл етіп тігілетін елтірі тымақтың түрі. Жекей сәнді деген мағананы білдіреді. Оның сыртын дүрия, шағи сияқты бағалы маталармен тыстап, кейде оның артқы етегін көтере түсіріп, кейде алдыңғы біржақ құлағын шекеге түсіріп киеді.
Құлақшын - ерлердің бас киімі (5-сурет). Бұлғын, құндыз, жанат, түлкі, қарсақ, суыр, т.б аң терілері мен бұзау, құлын,қозы лақтың бұйра терісі (елтірі) сияқты үй жануарларының терілерінен тігіледі. Төбе жағы екі түрлі тәсілмен пішіледі. Бірінші сайдан тұратын үшкіл, етек жағы төрт бұрышты болып келген немесе етек жағы қусырылып тігіліп, оған дөңгелек төбе қондырылған түрі. Теріге өлшеп пішіліп астарының арасына жүн, мақта салып, сырып тігіледі. Сыртын терімен тыстап, қалыпқа кигізіп керіп қояды.
Малақай. Малақай да аң терілері мен елтірінен арасына жүн мақта салып, сырып тігілген ерлер, соңғы кезде әйелдер де киіп жүрген бас киім (6-сурет). Малақай маңдайша, екі құлақшын жақтауы мен төбесі және артқы бөліктен тұрады.
Бөрік. Ерлер мен қыздар киетін бас киім (7-сурет). Бұрын жігіттер мен ересек адамдар бас киімсіз жүрмеген, көбіне бөрік киген.
Қамқаның бөрік кидім қиығынан,
Біреуге, біреу күлер миығынан...
Басында түлкі бөрік түбіттелген,
Болар ма сенен артық жігіт деген.
Сермейсің жел сөз десе емін еркін.
Басыңа жарасымды кәмшат бөркің,- деген халық жырларына арқау болған бөрік туралы деректерден байқайтынымыз оның бөрікті ерлерге де, қыздар да кигені мен қазақта Бөріктің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz