ҚАДЫР ЖҮСІП ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі
Атырау облыстық білім беру басқармасы
Атырау қалалық білім бөлімі
З.Қабдолов атындағы
№40 жалпы білім беретін мектеп
Айсұлтан Ханат
5-сынып оқушысы
ҚАДЫР ЖҮСІП ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Секция: қазақ тілі мен әдебиеті
Жетекшісі: Гүлнара Нуршаханова
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Ғылыми жетекшісі: Қадыр Жүсіп
ақын, ф.ғ.д. докторы, профессор
Атырау - 2023 жыл
З.Қабдолов атындағы
№40 жалпы білім беретін мектептің 5-сынып оқушысы
Қадыр Жүсіп - батыстың баспасөз баһадүрі
атты тақырыбындағы зерттеу еңбегіне
Пікір
Оқушы өз жасына қарамастан зерттеу тақырыбына ерекше назар аударып, талдау жүргізе білген. Аталған жұмыс менің шығармашылығым жайлы болғаны үшін емес, кішкентай жеткіншектің ғылымға деген ынтасының жоғарылығы үшін өте жақсы деп бағалаймын.
Қадыр Жүсіп шығармашылығының әрқилы жағдайдағы таралу ерекшеліктеріне аса мән берілген. Әлбетте, бұл - ұстаз еңбегінің жемісі. Еңбекте тақырыпқа аса көркем шолу жасалынып, өз кейіпкерінің айшықты бейнесін ашуға тырысқан еңбекқорлық көрінеді.
Таңдап алынған тақырып бойынша жұмыстың құрылымы мен бөлім аттары дұрыс жүйеленген. Тапсырма бойынша барлық қойылған талаптары толық орындалған. Қорытынды нәтижесі жасалынып, негізгі тұжырымдар келтірілген, ұсыныс пен пікірлер орынды айтылған деп есептеймін.
Пікірімнің соңында ғылымға құштар жас өренге ақ жол тілеймін. Өркенің өссін, айналайын. Ата буынмен жақын танысқың келген көңілің, әдебиетке құштар жаның жамандық көрмесін.
Аннотация
Зерттеу мақсаты Қазақ әдебиеті мен педагогикасында, сонымен
қатар қазақ журналистикасында айрықша орын
алатын атыраулық жазушы Қадыр Өтегенұлы
Жүсіптің еңбек жолымен жете танысып, жазу
ерекшелігіне назар аудару.
Гипотеза Қадыр Жүсіп публицистикасындағы тақырып
ерекшелігі, өмір шындығы және
жыр жазуда көркемдік тәсілдер
ұтымды қолдану шеберлігін дәлелдеу.
Зерттеу кезеңдері І. Қадыр Жүсіп шығармаларының
тақырыптарын зерттеу
ІІ. Шығармаларындағы өзіндік ерекшелік
Зерттеу әдістемесі Теориялық-практикалық әдіс
Зерттеу жаңалығы Толағай жазушы-журналистің шығармаларын
зерделей отырып, оның шығармалары оқушыны
патриотизмге, туған жерін, елін
қорғауға үйретудегі
тәрбиелік мән-маңызын дәлелдеу.
Жұмыс нәтижесі Қадыр Жүсіп шығармашылығын зерттей
отырып, бүгінгі таңда Қадыр Жүсіптің даралық
сипатын тану арқылы журналист-жазушы
туындыларына мектеп бағдарламасынан
орын беру қажет деген ой түйдік.
Теориялық және практикалық Біздің кейіпкердің шығармашылығы
маңыздылығы әлі зерттеле қойған жоқ. Ал Қадыр шығармалары
зерттеуді қажет етеді. Өйткені адалдықты,
батылдықты жоғары қойған
туындыларының тәрбиелік маңызы зор
екеніне көз жеткіздік.
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
I тарау. Ана тілге жан бітірген жазушы
ІІ тарау. Қадыр Жүсіп шығармаларының көркемдік идеясы
2.1. Қадыр қиялындағы туған жер
2.2. Поэзиядағы проза
Қорытынды
Кіріспе
Қазақ журналистикасының әзірге дейінгі жеткен жетістігі мен бағындырған белестері ауыз толтырып айтуға жетерлік. Ұлт ұлылығының асқақтатылуы, мемлекет мәселелерінің мүлтіксіз шешілуі барысында ақпарат тізгінін қолға алып, дін , тіл, ұлт тақырыптарын жоғарғы деңгейде көтере білген қазақ журналистері - соның айғағы. Тарих парақтарын ақтарар болсақ, ұлт ұстазы - Ахмет Байтұрсыновтан бастап, Міржақып Дулатұлы, Мағжан Жұмабаев, т.б. сынды қазақ баспасөзінің алғашқылары ұлттық мүдде, ұлттық идеология мәселелерін күн тәртібінен түсірген емес. Сол дәстүрді жалғаған Тауман Амандосов, Марат Барманқұловтың ізін жалғағандардың біірі атыраулық сөз сүлейі - Қадыр Өтегенұлы Жүсіп. Ерлікке бастайтын орақ тілді мақалалар мен қалың бұқараны бір тақырып аясында жұмылдыра алатын алқалы сөз, тапқыр тақырыптар - оның шығармасының басты мәйегі.
Біздің кейіпкер 1937 жылы 10 қаңтарда Атырау облысы, Гурьев қаласында туған. 1961 жылы Гурьев мемлекеттік педагогика институтын бітіргеннен кейін, қаладағы Абай атындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып еңбек жолын бастаған. Батыстың баспасөз баһадүрі туралы етене жақын зерттеу үшін Қадыр ата қазір қызмет қылатын Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Зейнолла Қабдол атындағы ғылыми-зерттеу орталығында болып қайттық. Кейіпкердің жан дүниесіне үңілу, ой-орамдарын байқау оңайға түсті. Сәл ғана жымия түсіп, еш сызат жоқ әсем дауысымен әңгіме бастағанда, оқушы жүрегіміз езіліп, жан дүниемізді ерекше толқыныс биледі! Ал, оның тау қопарған жазу еңбекқорлығына келгенде, таңданысымызды жасыра алмадық.
Жақсының жақсылығын дәріптеу, адамның ел үшін еткен игілікті істері мен мұрасын кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге ету - ежелден қалыптасқан дәстүріміз. Олай болса, ұстаз есімін мәңгі ұлықтап, игі мұратын ілгері дамытудың шараларын жүзеге асыру ойластырылуға тиіс. Халық батыры, жазушы Бауыржан Момышұлының Ұстаздық-ұлы құрмет. Себебі ұрпақты ұстаз тәрбиелейді, болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да,е ңбекқор егіншісін де ұстаз өсіреді деген сөздері осындай өмірден өзінің мәртебелі орнын тауып, ел қажетіне жараған, бала жанының бағбаны бола білген Қадыр ата сияқты азаматтарға лайық. Біздің тарих бұл да бір қалың тарих, оқулығы жұп-жұқа бірақ-тағы... деп Қадыр Мырза Әлі ақын айтқандай, бардың бағасын біліп, халқының жоғын іздеп, тарихын түгендеп, қалыңдатып жүрген ғалымның, Қадыр Жүсіп сынды ұстаздың ел игілігі үшін еткен еңбегін зерттеу - біз секілді өрендерге парыз!
I тарау. АНА ТІЛГЕ ЖАН БІТІРГЕН ЖАЗУШЫ
Әдебиет -- парасат пен сұлулықты, адамның рухани жан дүниесін байытатын сұлу әлем. Осы сұлу әлемге талай нар тұлғалы адамдар келген. Соның ішінде қазақ жырының қарабурасы Мұқағали Мақатаев, өмірін өлеңмен өрген тарлан талант Төлеген Айбергенов, ойлы, сырлы жырларымен тебіренткен Сағи Жиенбаев пен Тұманбай Молдағалиев, шабытпен жырлай білетін Қадыр Мырзалиев, ағыл -- тегіл ақтарылатын, қуатты, құштарлы өлең жазатын ақындарымыз Әділбек Абайділданов, Жұмекен Нәжімеденов, Өтежан Нұрғалиев, Меңдекеш Сатыбалдиев, өрнекті өлеңнің кестесін тіккен ақын апаларымыз Фариза Оңғарсынова, Ақұштап Бақтыгереева, өршіл рухты Мұхтар Шахановтар болатын. Осындай ақын-жазушыларымыздың арасында Қадыр Жүсіпті де атауға болады.
Қадыр Өтегенұлы Жүсіп (Юсупов) 1937 жылы 10 қаңтарда Атырау облысы Гурьев қаласында дүниеге келіпті. Қаланың Жамбыл атындағы орта мектебін тәмамдап, 1961 жылы Гурьев мемлекеттік педагогика институтын бітіргеннен кейін, қаладағы Абай атындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып еңбек етеді. Содан кейін Алтынсарин атындағы №11 орта мектеп директорының орынбасары, №2 мектеп-интернатта аға тәрбиеші, облыстық халық шығармашылығы үйінің директоры, М.Әуезов атындағы №7, Қ.Сәтбаев атындағы №19 орта мектептерде мектеп директоры болды. Қадыр Өтегенұлы қала мектептерінде жұмыс істей жүріп, 1960 жылдан 1975 жылға дейін облыстық радиода дикторлық қызмет атқарды. Ал, 1982 жылы Гурьев педагогика институтына қазақ әдебиеті пәнінен дәріс беру үшін жұмысқа шақырылады. Мұнда бастауыш білім және бала тәрбиесі бөлімінде, кейіннен жаңадан ашылған қазақ тілі мен әдебиеті бөлімінде қазақ әдебиеті, әдебиет теориясы пәндерінен дәріс оқиды. Институтқа келісімен ғылыми жұмысқа шұғыл бет бұрып, 1984 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетіне ғылыми ізденуші болып тіркеледі. Ғылыми жетекшілікке академик-жазушы, профессор Зейнолла Қабдолов тағайындалады. Сөйтіп, 1988 жылы Жұмекен Нәжімеденовтің лирикасы атты тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғайды.
Кандидаттық диссертация қорғағаннан кейін, ғылыми жетекшісінің ұсынысымен докторлық ғылыми дәреже алуға ұмтылыс жасап, Жұмекен шығармашылығы бойынша ізденісін жалғастырды. Осылайша, 1996 жылы Жұмекен Нәжімеденовтің ақындығы атты тақырыпта докторлық диссертациясын сәтті қорғап, филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесіне ие болды. Кейіпкерімізге 1999 жылы Қазақстан республикасы ЖАК-тің шешімімен профессор ғылыми атағы берілді. Қадыр Жүсіп 2001 жылы Әлеуметтік ғылымдар академиясының корреспондент мүшелігіне сайланды. Еңбегі лайықты бағаланып, 2016 жылы Қазақстан Республикасы педагогика ғылымдарының академигі атағына ие болды. Ғалым 1988-2003 жылдары 15 жыл бойына қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушілік жұмысын атқарды. Ол - республикаға аты белгілі ақын. Қазақстан Жазушылар Одағының және Журналистер Одағының мүшесі. Өлеңдері облыстық, республикалық баспасөз беттерінде жарияланып келеді. Поэтикалық жинақтары Естелік, Жүрек сыры, Асау Атырау, Айша бибі, Зейнолланама, Қыран самғау атты жыр жинақтары жарық көрді. Орта мектепте оқушылардың шығармашылық дағдысын қалыптастыру, Орта мектепте лириканы талдау, Жыр жиһазы, Жұмекен Нәжімеденовтің ақындығы, Жазушы. Ғалым. Ұстаз, Таңғажайып Бейбарыс, Шың мен шыңырау, Алмас жыр, Әдеби толғамдар, Махамбеттану мәселелері, Қазақтың Қабдоловы, Жұмекен жұмбағы деген ғылыми-зерттеу монографияларының және Әдебиеттануға кіріспе, Көркем шығарма талдау атты оқулық пен әдістемелік құралдардың және жүзден аса ғылыми мақалалардың авторы. Қадыр Өтегенұлы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті жанындағы академик Зейнолла Қабдолов атындағы ғылыми-зерттеу орталығына басшылық етті. Осы орталықты басқара отырып, ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы бойынша әдебиеттану ғылымы бойынша жобаны жүзеге асырып, Батыс Қазақстан өлкесінің суырыпсалма ақындары мен жыраулары атты ғылым
еңбек жариялаған.
Ол кісі 2007-2012 жылдары Аджип компаниясымен келісім-шартпен құны 5 млн. теңгелік ғылыми жобаға жетекшілік жасады. Жоба бойынша үш кітап жарияланды: Атырау облысының жер-су атаулары,Мұнай және газ терминологиясының қысқаша түсіндірме сөздігі,Балық шаруашылығы терминологиясының қысқаша түсіндірме сөздігі. Академик Зейнолла Қабдоловтың 5 томдық шығармалар жинағының соңғы үш томын құрастырушы.
Қадыр Өтегенұлы мемлекеттік тіліміздің дамуына да үлес қосты. Сонау 1989 жылы күзде Алматыдағы республикалық Қазақ тілі қоғамының құрылтай жиналысында Атырау облысы бойынша Қазақ тілі қоғамының төрағалығына ұсынылды. Осы жиналыста әр облыстың Қазақ тілі қоғамы педагогика институттарының базасында құрылуы керектігі жөнінде қаулы қабылдануына байланысты Гурьев педагогика институтында тіл жанашырларының жиналысы өтіп, Қадыр Өтегенұлы облыстық қазақ тілі қоғамының төрағасы болып сайланды. Ол 1989 жылдың қазанынан 1990 жылдың мамыр айына дейін бұл қоғамдық жұмысты жемісті атқарып, қаладағы ылғи орыс балабақшаларында қазақ топтарын құруды, таза орыс мектептерінде қазақ кластарын ашуды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz