Алматы қаласы, Әуезов ауданы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛМАТЫ ДАРЫНЫ
ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ ОРТАЛЫҒЫ
№173 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ
ТАҚЫРЫБЫ:
М.О. Әуезов шығармашылығындағы табиғат және адам
Секциясы: қазақ тілі және әдебиеті
Орындаған:
Алматы қаласы, Әуезов ауданы
№173 мектеп-лицейдің 5 Ғ сынып білім алушысы
Қуанбекқызы Кәусар
Ғылыми жетекші:
Дарибаева Ж.
№173 мектеп-лицейдің қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі
Ғылыми кеңесші:
Гүлжаһан ... ... ... ... .
Алматы - 2023ж.
Т Ү Й І Н
Тақырыптың өзектілігі. Ежелден табиғат адамның ең асыл қасиеті - танымының және көркем әдебиеттегі эстетикалық ізденісінің басты нысаны екені белгілі. Бүгінгі таңдағы экологиялық ахуалға байланысты көкейкестілігі артып отырған табиғат М. Әуезов шығармашылығының негізгі өзегі. Сондай-ақ, табиғат - адаммен бірге күліп, бірге жылайтын, адаммен бірге түлеп, бірге жаңғыратын және адамның жүрек тереңіндегі тылсымын айнадағыдай көрсететін сырлы дүние. Ғалам жаратылысында адам орталық тұлға, табиғат оның ажырамас бөлігі. Табиғат адамның тіршілік ортасы, оның тірлігінің, өсіп-өнуінің негізі. Сонымен қатар табиғат - адамды, адамзат қоғамын, ақиқатты, хақты танудың әліппесі. Табиғат сұлулықтың, тылсым ақиқаттың бейнесі, эстетикалық таным обьектісі. Сондықтан да табиғат көркем шығармашылық ізденіске қашаннан азық болған. Табиғи ортаға саналы, жанашырлық көзқарас қалыптастыру, оны қорғау, көркейту және сұлулығын түйсіну бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Табиғат ана адамды алақанында мәпелеп өсіреді. Адам табиғаттың төл баласы болуымен қатар, көркем әдебиетте адам өзінің ішкі психологиялық күйін, жан ізденісін және тән құштарлығын қашаннан табиғат құбылыстарымен шендестіре, меңзей, бейнелей, теңей суреттеу дәстүрі бар.
Зерттеу жұмысының мақсаты. М.Әуезов шығармашылығындағы адам мен табиғаттың өзара үйлесімі мен арақатынасының мәні мен мазмұнын ашу. Жазушының өз шығармаларында әлем әдебиетіндегі озық көркемдік тәсілдерді қолданғанын және шығыс және қазақ әдеби дәстүрінен және мифологиясынан рухани бастау алғандығын дәлелдеу. Жазушының өзінің тың өрісі, өзіндік төлтума қолтаңбасы бар екенін айқындау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы
Адамды ғалам жаралысының мақсатты себебі деген қағидаға сай, оның рухани танымдық ақыл қуатының өсуі және рухани адамгершілік кемелденуі табиғатпен үйлесімді дамығанда ғана мүмкін болатынын және осының себебімен адам ақиқатқа бет бұратынын Әуезов әдеби көркем құралдармен, эстетикалық шеберлікпен бейнелегені көрсетілді.
Зерттеу әдістері: Жұмыста негізінен ғылыми-теориялық зерттеумен бірге көркем мәтіндік талдау, символдар және аллегорияларды саралау, герменевтикалық түсіну, мәселелік-контекстік сипаттау әдістері қолданылған.
Жұмыс нәтижесі: Жануарлар дүниесінің тыныс-тіршілігін суреттеп, осы көркем образдық құрал арқылы, психологиялық параллелизм әдісімен, адам психологиясының терең қатпарларына үңілген жазушы, адамның нәпсілік, хайуани табиғатын ашып, оның қауіп-қатерінен сақтандырғаны дәлелденді. Бұл тақырып болашақтағы зерттеулердің бастамасы бола алады.
Қорытынды: М. Әуезов шығармашылығында табиғат пен адам мәселесі жан-жақты ашылған. Бүгіндегі табиғат аясындағы адам мен табиғат арасындағы үйлесімнің бұзылуы экологиялық апаттарға әкелгені белгілі. Адамның табиғаттан өгейсіп, ғылыми-техникалық жетістіктерді қолданып, табиғатқа тұтынушылық, озбырлық көзқараспен ғана қарауы орны толмас экологиялық апатқа соқтырады.
М А З М Ұ Н Ы:
І КІРІСПЕ
М.О. Әуезов шығармашылығының зерттелуі ... ... ... ... ... ... ..3-4
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
ӘУЕЗОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ АДАМ МЕН ЖАНУАРЛАР ӘЛЕМІ.
2.1. М. Әуезовтың адамның образын ашуда қазақ әдеби дәстүріне жүгінуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5-6
2.2. М. Әуезов шебер суреткер, терең ойшыл ... ... ... ... ... ... ... .. .6-10
ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
Зерттеу күнделігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
І КІРІСПЕ
М.О. Әуезов шығармашылығының зерттелуі
Әуезов өз шығармаларында көркемдік шығармадағы батыстық әдістерге жүгіне отырып, қазақ жазба әдебиетінің төңкерістен кейінгі жаңа кезеңіне тыңнан түрен салушылардың бірі. Батыс әдеби дәстүрінің озық үлгілерін қазақ топырағына әкелді, замана талабына сай қазақ қоғамындағы адамдардың образын сомдады. Яғни, Адам орталық мәселе екендігін анық біле тұра, бұл мәселені замандастар талғамына сай, қоғамның қасаң заңдарына қайшылыққа келмейтіндей жеткізе білу жазушы шеберлігінің, ізденісінің сыры. Әуезов шығармасындағы кейіпкерлері қазақтың дәстүрлі көшпелі қоғамының өкілі және жаңа заман көшіне ілесу талпынысындағы адам. Еңлік - Кебек пен Қорғансыздың күнінде болсын немесе жиырмасыншы жылдары жазған басқа шығармаларда болсын, жас автордың күшті жағы да, осал жағы да бірдей бой көрсетіп отырған. Күшті жағы қайсы еді? Ауыл өмірін, ауылдағы тұрмыс, әдет-ғұрыпты жақсы білетіндігі, халықтың тілі мен әдебиетіне жетіктігі, туған жерді, кең даланы шексіз сүйетіндігі, сонымен бірге әділетсіздікке, озбырлыққа, надандыққа жаны төзбейтін сыншылдығы [1, 13], - деп жазады М.Қаратаев.
Шынында да жазушы шеберлігінің сыры оның халқына деген сүйіспеншілдігінде екендігін аңғарамыз. Жазушы шығармаларындағы көркем сөздер адамның сезім пернелерін дәл тауып, шыншыл да айқын көріністерді бейнелеп, адам қиялын самғау қияға шарлатып шалқытады. Осындай асқан шеберлік пен суреттеуден туындаған, жануарлар тірлігін бейнелейтін әйгілі шығармасы - Көксерек.
Көксерек әңгімесі жөнінде зерттеуші ғалым Р. Нұрғалиев былай деп пікірін білдірген: Әуезовтің Көксерегі - реалистік әдебиет дәстүрі тудырған мотивтерді, шеберлік палитрасындағы сан алуан бояулар мүмкіндігін өз мұратына орай өнерпаздықпен жаңғырту арқылы жазылған жаңа тынысты шығарма. Автор шағын көлемге мол мағына сыйдырған. Бейнелеп отырған болмыстың қыр-сырларын бажайлай таныған суреткер зады ежіктеуден, мыжыма тәптіштеуден бойын аулақ салып, жинақылыққа, тамшы арқылы көл суретін, тас арқылы тау кеспірін елестетуді эстетикалық мұрат тұтқан. Бұл образ табиғатына сандық белгіден гөрі сапалық ерекшелік хас екендігін айқындап, әсемдіктің гармонияға, симметрияға, тұтастыққа кіндіктестігін тағы да тиянақтай түседі [2. 221], - дейді.

0.1. М. Әуезовтың адамның образын ашуда қазақ әдеби дәстүріне жүгінуі
Абай Құнанбайұлының Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті, Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп, және хақ жолы осы деп әділетті, - деген ұлағатты сөзіндегідей Әуезов шығармашылығының да өзекті мәселесі - Адам.
Адам - әлем әдебиетінде, философияда, дінде, халық дүниетанымында ғалам жаратылысының мақсатты себебі, тылсым сыры. Мәселен, ХІV ғасырдың ескерткіші Рабғузидің Қисас-ул анбийа атты кітабындағы Адам ата алайһи с-саламның жаратылу тарихы туралы аңызда былай дейді: Жер жүзіне арнап бір халифа [орынбасар] жаратамын. Барлық жаратылғандардан оны асыл етемін - деген Алладан хабар келді, [3. 171] - деп жазады. Яғни Адам - ғалам жаратылысының асыл жауһары. Оған бүкіл періштелер сәжде жасауға тиісті болған.
Қазақ дәстүрлі қоғамында тәрбиеленген, Абай ғибраты арқылы мұсылман шығыс әдебиетінен тәлім алған М.О.Әуезов діни-философиялық ой толғаныстың өзекті мәселесі - Адам екендігін білген. Әрине, заман ағымына сай өзінің ішкі рухани ізденісін, жүрекжарды шынын тура айтуға жазушының мүмкіндігі болмады және ол дін уағыздаушысы емес еді. Ал, енді адам мәселесі әлем әдебиетінде болсын, діни-философиялық ой жүйесінде де негізгі мәселе екендігін Әуезов терең түйсінді. Қисас ул-анбийадан келтірген үзінді бүгінгі жұртшылыққа таң көрінгенімен, М.Әуезовтің балалық базарлы шағында, тәрбиеленген ортасында кеңінен танымал болса керек. Әуезовтің ұстазы Абай, Шәкәрім. Жылы жүрек, нұрлы ақыл, ыстық қайрат иесі болған мұсылман ғұламалары еді.
Шындығында да шығарманың көп ізденгендіктің жемісі екендігі көрініп тұр. Шығармада қысқа болса да, тұтастай бір өмір қамтылған.
Жазушының оқырман жүрегіне жол тапқан сүбелі шығармасы ертеректе қоғамдық саяси ой пікірге жат шығарма деп табылса, бүгінде классикалық шығарманың үлгісі ретінде көпшілік тамсана қарайды. Осы шығармаға не себепті қасқыр бейнесі өзек болды? Қасқыр қазақ тұрмыс-тіршілігінің, малшы қауымының өміріндегі ажырамас бір бөлшегі, аңдыған жауы.
Қасқыр тотемі көшпенді түріктердің ежелгі наным-сенімінде айрықша орны бар. Мәселен, қасқырды, оны киелі аң санап, ит-құс деп атауы, өз атымен атамау осы киелі аң санаған наным-сенімнің сарқыны екенін көпшілікке белгілі. Қасқыр турасында арғы ата-бабаларымыздың келе жатқан мақал-мәтелдері бар. Бөлінгенді бөрі алар, Бөрі арығын білдірмес, Иттің иесі болса, бөрінің тәңірісі бар, Қанша асырасаң да, бөрінің бөлтірігі орманға қарап ұлиды, Қасқыр да қастық қылмас жолдасына т.б. Қасқыр оқырман көкейіне жол табар бейнелі образдың бірі. Әрине, Әуезовке Джек Лондонның тигізген әсерін жоққа шығаруға болмайды. Бірақ кейіпкер ретінде қасқырды таңдап алудың негізгі себебін қазақ халқының өзінің тұрмыс-тіршілігінен іздеген абзал. Қасқыр бейнесінің халық көкейіндегі әуелден бар қалың бояулы суретін тың әдіспен жан бітіре айтуды көздегені, қасқыр бейнесі арқылы адам жанының тылсым тереңіне үңілуді мақсат еткені хақ. Жоғарыда айтылған мақалдардың бәрінде тілге қасқыр алынғанымен, адам психологияның сипаттары, мінез-құлықтары меңзелген. Ер азығы мен бөрі азығы жолда деген мәтелде дала сырттаны мен жорықтағы ердің тәуекелі психологизм параллелизм деңгейінде беріледі. Иттің иесі болса, бөрінің тәңірісі бар деген мәтел де осы сарындас.
Иман - қой, ақыл - қойшы, нәпсі - бөрі,
Бөріге қой алдырмас ердің ері,
Таяқты қатты ұстап қойшы тұрса,
Жоламас ешбір пәле шайтан-пері. [4.136], - деп Шал ақын жырлағанда, адамның жан-дүниесін ашып көрсеткен. Бөрі образы нәпсінің қорқаулығы мен зұлымдығын бейнелейді. Иманды қойға теңейді. Иман - адам рухының мәні. Меңзеу әдісі - халықтық қайнардан бастау алып жатыр. Қасқыр бейнесі адамның нәпсісі мен хайуандық, жыртқыштық болмысын меңзейді. Қасқырдың шығарма кейіпкері ретіндегі реалистік бейнеленуі, образының ашылуы автордың қазақ әдебиетіндегі тың жаңалығы, батыс дәстүрінен алған үлгісі. Қасқырдың ішкі психологиялық жай-күйін, реалистікпен суреттеу адамның нәпсілік табиғатын ишаралап, мейлінше ашуға мүмкіндік береді. Табиғат адамның қатігездігін кешпейді.М. Әуезовтың Көксерек шығармасындағы Құрмаштың трагедиялық образы осының бір мысалы.
2.2. М. Әуезов шебер суреткер, терең ойшыл
М.Әуезов өз шығармаларында пейзаж бен кейіпкер бейнесін байланыстыра суреттеудің шебері. Жазушының табиғат пен адам қарым-қатынасын философиялық тұрғыдан қарастыратын шығармасы Көксерекке кеңінен тоқталсақ, жазушының жануардың ішкі жан-дүниесін зерттеу арқылы, адамға деген көзқарасын, түсінігін беретін шығармаларының бірі осы Көксерек туындысы.
Көксерек әңгімесі жөнінде өз пікірін білдіруші, зерттеуші, ғалым Ш.Ахметов былай дейді: Мұқаңның хайуанаттар жайында жазылған аңшылар әңгімесі, әсіресе жасөспірімдердің аса сүйіп оқитын шығармаларының тобына жатады. Мұқаң, өзінің аса шебер жазылған атақты Көксерек әңгімесінде, алдымен, әр алуан жыртқыш азулы аңдардың мекен ететін жерілерін суреттеуден бастайды. Оның себебі әртүрлі хайуанаттар мекен ететін жерлерді суреттеу - сол жыртқыш аңдардың неге сондай жерлерде болатын себептерін ашып беруге жәрдем етеді. Екіншіден, сол аңдардың сыр-сипаты мен мінез өзгешеліктері де, сол мекен ететін жеріне және олардың немен қоректенуіне байланысты ашылады. Осыған орай жазушының аңдар психологиясын ашып беруге де зор күш салғаны айқындалады [5. 263], - дейді.
Шындығында да жануарлардың мекен ету орнын, мінез-құлқын, сонымен қатар хайуанға сезім, ақыл-ой бере отырып, көркем сөз арқылы суреттеу жазушының асқан шеберлігінің дәлелі. Қараадырдың қарағанды сайы елсіз. Айналада қат-қабат шұбар адырлар. Жақын төбелердің барлығын аласа бозқараған, тобылғы басқан. Ұзын кең өлкені қаптай басқан қарағанның ортасында терең, құз жар бар. Соның бас жағында итмұрынды қалың жыныстың арасында қасқыр іні бар. Жазғы салымнан бері соны екі қасқыр келіп мекен етті [6. 7], - деп жазушы шығармасын жыртқыш, азулы аңдардың мекен ететін жерлерін суреттеуден бастаған.
Композиция мен сюжетті оқиғадан оқиға тудырып, тез өзгеріп отырады. Мұның өзі оқиғаның одан әрі дами түсуіне себепкер болады. Одан әрі оқиға желісі өрби түседі. Көкшолақтың ақ қасқырға әкелген қозысының желінуі айтылады. Қозы екі қомағай ауыздың кергісінде қан жоса болып, дар-дар айырылды. Сырт-сырт етіп жас сүйек сынды. Қапаш-құпаш қорқ-қорқ етіп қомағай қанды ауыздар асайды. Тұмсығы мен бастары, мойын жүндері қып-қызыл болған қасқырдың жасыл көздері от шашады [6. 8]. Енді бұл жерде оқиғадан оқиғаның тууын байқаймыз. Осы от шашқан көздерін суреттеу арқылы қасқырдың өзіне тән тағылығын, жыртқыштығын жазушы бізге ескерткендей сезінеміз. Әрі қарай психологиялық сипаттама берілген. Ін үстіне мүйіз тұяқтар тасырлап дүбірлетіп келді, айқай-дабыр молайды. Бірі үстіне бірі келіп, жиын көбейді. Жерге ат үстінен тастаған ағаштар сарт-сарт түсіп жатты. Ін аузына екі аяқтылар жыбырлады. Көргіш көздер ін түбіне қадалды. Күшіктер бірі үстіне бірі үйіліп, баурын көтеріп қыбырлай алмай, жақын жерде жатыр еді. [6. 8], - деп қасқырлардың түйсігі арқылы берілген көріністі көреміз.
Екі аяқтылар қасқырдың 5 күшігін көзіне қарап тұрып, өлтіріп, біреуінің тірсегін қиып, ең кенжесін алып кетеді. Бұл оқиға қасқырлардың ызасын келтіріп, маңайдағы ауылдың қойларын жаралап, құлындарының желінуіне әкеп соқты. Бұл жерде адамдардың табиғатқа жасаған зұлымдығына жыртқыштардың берген тағылық жауабын көреміз. Жазушы шығармада адам, қасқыр және қоршаған ортаны байланыстыра суреттейді.
Ауылға алып қайтқан көк күшікті кішкене Құрмаш асырап, Көксерек деп ат қояды. Көксерек ауыл иттерінен, балалардан қорлық көріп өседі. Бұл жерде Көксеректің бөтен орынды жатсынғанын, өзінің табиғи ортасындай сезінбегендігін жазушы суреттеп, айта кеткен.
Ауыл иттері де Көксеректің түз тағысы екендігін сезгендей. Ауыл адамдарының арасында да Көксерек жайында әңгімелер тарай бастайды. Көксеректің қолға үйренбеуі Құрмаш түгіл, үлкен кісілердің өздеріне күдік тудырған. Ұры. Асырасаң да мал болмайды. Тұқымы жау емес пе! [6. 10], - деп, қасқырдың қорқаулығын ұққан ауыл адамдарының сөздерінен біз дала жыртқышы психологиясының үй жануары иттен өзгешелігін көреміз. Жетім, тасбауыр Көксеректе адамды жақсы көру сезімі аз. Құрмаш тамақ беру үшін шақырғанда ғана келеді. Оның өзінде де адамды жақын тарту жоқ, көңілін аулау, еркелеу деген сезімнен жұрдай. Ал, иттердің қасқырдан ерекше, одан жағымды қасиеттері көп. Оларға өзінің иелеріне қызмет ету, еркелеу, көңілін аулау деген қасиеттер тән. Даму, өмір сүру салтына байланысты әрбір жан иесінің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz