Қазақ халқының бидай дақылынан жасалатын тағамдары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Ғылыми жоба
Тақырыбы: Қазақ халқының бидай дақылынан жасалатын тағамдары

Бағыты:

Жоба қорғаушы:
Ғылыми жетекшісі:

Оқу жылы: 2023-2024 ж.

Мазмұны:
І Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

ІІ Негізгі бөлім
Бидай өнімдерінің халқымыз үшін құндылығы ... ... ... ... ... ... .. ... ... 5
Бидайдан жасалатын нан тағамдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..7
Бидай дақылынан жасалатын сұйық тағамдар ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 1
ІІІ Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 14
ІҮ Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... .. 15

АҢДАТПА

Бұл ғылыми жұмыста бидай дақылының халқымыз үшін маңыздылы және бидайдан жасалатын тағамдардың адам денсаулығына пайдасы туралы мәселе қарастырылған. Бұл жобада бидайды тек дәнді-дақыл тұрғысынан емес, оның ерте заманнан халқымыз үшін пайдалы құндылық ретінде көрсету тақырыбы қозғалған. Жұмыстың барысында тақырып толыққанды ашылып, нәтижесінде халқымыздың бидайдан жасалатын тағамдарының пайдасы туралы тұжырым жасалды.

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Бидайдан жасалатын тағамдар халқымыздың негізгі астарының бірі болып саналады. Алайда, соңғы жылдары пайда болған түрлі ғылымдар бұл тағамдардың пайдасын жоққа шығаруда. Халқымыз ерте заманнан бидай дақылын қастерлеп, одан ас атасы нанды жасаған. Бидай туралы аңыз-әңгімелер, мақалдар шығарған. Осылайша, ұрпағын обал-сауапты білуге баулып, астың кепитін тануға шақырған. Бидай дақылы туралы білу, одан жасалатын тағамдардың түрлерін анықтау, олардың адам денсаулығы үшін маңыздылығын көрсету бүгінгі таңда өзекті болып саналады.
Жұмыстың мақсаты: Бидай дәнді-дақылынан жасалатын тағамдар туралы ақпарат жинау, оның халқымыз үшін маңыздылығын анықтау, зерттеу жүргізу. Бидайдан жасалатын тағамдардың адам денсаулығына пайдасы туралы іздену.
Міндеті: Бидай өнімдерінің халқымыз үшін құндылығын анықтау. Бидайдан жасалатын нан және сұйық тағам түрлерін көрсету.

Зерттеу объектісі: Қазақтың ұлттық тағамдары туралы кітаптар, дәнді-дақылдар туралы зерттеулер.
Гипотеза: Бидай дақылынан жасалатын тағамдар адам денсаулығына пайдалы. Халқымыз үшін бидай тек дәнді-дақыл емес, ұлттық құндылық.
Жаңалық: Бидайдың халқымыз үшін құндылығын түрлі мысалдармен дәлелдеу. Бидай ұнымен бірге, көкөніс сығындылары қосылып жасалған бауырсақтың жаңа рецептін ұсыну.
Бидайдан жасалатын тағамдардың адам денсаулығына пайдасын көрсету. Тақырыпты тұжырымдаған мақала жариялау.

ІІ Негізгі бөлім
Бидай дақылының халқымыз үшін құндылығы
Бидай астық тұқымдасына жататын, халық үшін аса маңызды дәнді дақыл.
Бидайдан жасалатын тағамдардың негізгісі - нан. Ас атасы - нан, Нан атасы - дән деп халқымыз бидай өнімдерін аса қадірлеп, ұрпағына оны қастерлеуді өнеге еткен. Бұрынғы замандарда бір үзім нанның өзі адамдарды аштықтан аман алып қалған да кездер болған. Оған дәлел жазушы Ұларбек Нұрғалымұлының Дайағашшы кітабында Күлдегі күлше деген әңгімесі. Әңгімеде кейіпкердің: Келінім дегдар, текті жердің қызы еді... Көш кеткеннен кейін түн жамылып барып жерошақтың шетіне көмілген нан мен оқты алдым... деген сөздері бар [1] . Көшпелі қазақ тұрмысында көшкен жұртта ошақтың орнынан нан көміп кететін бір игі дәстүр болған. Демек, данышпан халқымыз үйіне келген қонақты былай қойғанда, жұртына келген қонақтың да несібесін ойлаған болып тұр. Бұл жерде адамның аштығын басатын басқа да бір дәм қалдырса болушы еді, бірақ күлше нанды қалдыруында үлкен пәлсапа, мән бар. Бұл - ас атасына деген құрмет, нанды қастерлеу.
Халық арасында Арпа ішінде бір бидай, Көңілім сүйген таңдаулы бір бидайым, Шырқап әнге салайын келсе ыңғайым деген секілді әндер бар. Бұл әндерде де бидайды ерекше теңеумен таңдаулы етіп айтып тұр.
Бидай дақылына халқымыз айрықша назар аударған. Мәселен, халық ауыз әдебиетінде кездесетін Сары бидай, Қызыл бидай деген әндер бар. Бұл әндерге қарап әнді бидай дақылы туралы деп топшылауға болушы еді. Ал қос әннің де мәтініне үңілсек, халқымыз сұлу қыздың әсемдігін бидайға теңеген екен.
Қыз емес, қыздың аты - қызыл бидай, [2] - деп келетін өлең жолдарынан да қазақ халқы ең бір асыл дүниесін, қымбаттысын бидайға теңегенін көреміз.
Халықтың тұрмыс-тірішілігінде қолданылатын басқа да дәнді-дақылдарды емес, бидайды әнге қосып, аруларының сұлулығын бидайға балап, бидай өңді деп әспеттеген дақыл туралы осы жобамызда сөз етпекпіз. Демек, бидайды өлеңге қосып, аңыз қылып айтқанда, одан жасалатын өнімдер де аз болмаса керек. Әлбетте, халқымыз үшін бидайдан жасалатын тағамдардың құндылығы да жоғары болған.
Өлең-жырдан бөлек ел ішінде бидай тіркесімен жасалған тұрақты тіркестер (фразеологизмдер) де кездеседі. Мәселен бидай өңді деген тұрақты тіркес ақ құба, ажарлы деген мағынаны білдіреді. Жазушы Кемел Тоқаевтың бір шығармасында Бидай өңді, селдір қара мұртты Қарекең биік шағылдың басынан төмендей түсті... деген жолдар кездеседі [3].
Ал бидайша қуырды деген тұрақты тіркесі екі аяғын бір етікке тықты, қыспаққа алды деген мағынаны білдіреді. Жазушы Ғабиден Мұстафиннің прозалық шығармаларының бірінде Олар кетісімен Танакөз Әбекең мен Тәукені бидайша қуырды деген жолдар бар [3].
Бидайды адамдар нақты қай кезден бастап пайдаланғаны белгісіз. Аңыздарға сүйенсек, есте жоқ ерте замандарда Ақ бидай өз бетімен өседі екен. Бір жылы қуаңшылық болып, жер-дүние сусырап, бидай да өлер халге жетеді. Алайда Ақ бидайға ешкім көмектеспейді. Қыбырлаған жәндік, ұшқан құс, жүгірген аң біткеннен көмек сұрағанмен, ешбір қайыр болмайды. Сол кезде өтіп бара жатқан адам баласы Ақ бидайға көмектесіп, суарып баптайды. Күз болғанда бидай да баданадай дәндерін адам баласына шашау шығармай сыйға тартады. Келесі жылы көктемде адам баласы бидайды қайта егіп, көбейтеді. Міне, осылайша адамзат бидайды қолда өсіріп, оны көбейткен екен дейді аңыз-әңгімелер[4].
Қазіргі таңда бидай өнімдерінің денсаулыққа пайдасы туралы да, зияны туралы да көптеген ақпараттар айтылып жүр. Десек те, бидай өнімдері, соның ішінде нан тағамдары халқымыз үшін аса қадірлі тағамның бірегейі. Небір қиын-қыстау, зұлмат ашаршылықтарды көрген ата-бабаларымыз нанның бір тал қоқымын да шашпауды, аяққа таптамауды бізге өсиет еткен. Астың кепиеті болады, обалы ұрады деп есептеген аталарымыздың өсиетін орындау бүгінгі жас ұрпақтың, яғни біздің міндетіміз. Бүгінгі жобамызда да осы бидай өнімдерінің түрлері, пайдасы, жасалу жолдары туралы кеңірек айтатын боламыз.
Бидайдан жасалатын нан тағамдары
Қазақ халқы асты ас - адамның арқауы деп жоғары бағалаған. Адамның өмір сүруіне тиісті үлкен қажеттіліктің бірі ас болғандықтан астан үлкен емессің деп тиым жасаған. Арпа, бидай ас екен, Алтын-күміс тас екен деп астың құны жоғары екенін дөп басып айтқан. Қазақ қай кезде де жаюлы дастарханға, ондағы ас-ауқатқа құрметпен қараған. Ауру - астан деп те тағамдардың жасалуындағы тазалыққа, ыдыс-аяқтың бүтіндігіне назар аударған. Дала философиясында сапарға шыққан жолаушы жолындағы кез-келген үйге түсіп, қонақасы ішуге құқылы болған, ал жолаушы түскен үй қонағын күтуге міндетті болған. Тіпті халқымыз Би бол, би болмасаң да би түсетін үй бол деп тілек тілеген. Мұның бәрі де халқымыздың жақынға да, жатқа да ас беру арқылы береке тілеуінде, барымен бөлісіп жақсылық шақыру ниетінде болса керек.
Бүгінгі тақырбымызға өзек болып отырған бидайдан жасалатын тағамдардың ішіндегі ең көп тарағаны әрі қастерлісі - нан. Нанды астың төресі деп санаған халқымыз оның қиқымын да шашпай, жерге тастамаған. Нанның қиықымын жеген бала бай болады деген сөз де балаларды ерте бастан ас қадірін білуге, ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеуден туындаса керек.
Бүгінгі таңда өндірістің дамуына байланысты нан өнімдерінің түрлері өте көп. Тамақ өнеркәсібі де халықтың талғамы мен қажеттілігіне қарай нанның да көптеген түрлерін ұсынады: қара бидай ұнынан жасалған нан, ақ нан, ашытқысыз, дәнді дақылдар қоспасынан жасалған нан, глютенсіз нан т.б. жалғаса береді. Нанның қай түрін алсақ та, оның адам ағзасы үшін қажетті көмірсулардың көзі екендігі анық. Бұл көмірсулар мидың жұмысын жақсартып, бойымызға күш-қуат береді.
Бидай ұнынан жасалатын нан құрамына назар аударсақ, оның ішінде түрлі минералдар, дәрумендер бар. Мәселен, қара бидай наны В1, В2, Е дәрумендерімен, калиймен, натриймен, фосформен және қалыпты зат алмасуға қажетті басқа микроэлементтерге бай. Сонымен қатар, қара бидай нанын тұтыну мырыш, мыс және темірге деген күнделікті қажеттіліктің 30% -на дейін қанағаттандыра алады[4].
Нанның құрамында өсімдік ақуызы бар екендігі жиі ескерілмейді, өйткені дәнді дақылдар оңай қорытылатын ақуызға ие. Қара бидай және бидай ұны әсіресе ақуызға бай. Өнімдегі ақуыздың орташа мөлшері 4-тен 15%-ға дейін, бұл адамның күнделікті қажеттілігінің 20-35% қанағаттандырады. Бидай нанынның пайдасы туралы ғалымдар пікіріне назар аударсақ.
Қазақ тағамтану академиясының академигі Төрегелді Шарманов өз сұқбаттарының бірінде былай дейді: Әрине, құрамы байытылған бидай ұнынан жасалған нанды қала тұрғындары жиі пайдалануы мүмкін. Себебі, түрлі нан дайындау өндірісітері қалада орналасқан. Ал, кейде өз диірмендерінде ұн тартып, оған қоса қоятын витаминді қоспасы жоқ ауылдағылар үшін оның пайдасы бар ма? Ең бірінші кезекте дәл осындай сападағы нан ауыл үшін керек сияқты. Өйткені қан аздықпен ауыратындар саны әсіресе ауылда тұратын қазақ әйелдері арасынан байқалып отыр. Сондықтан ауыл үшін құрамы байытылған ұнның бағасы тиімді болуына назар аударып отырмыз[5]. Демек, нан құрамын байыту арқылы бұл күнде белең алған қан аздық ауруының алдын-алуға болады екен.

Ертеден халқымыз нанды пісірудің түрлі әдістерін пайдаланған. Соның кең тарағаны - таба нан. Домалақтап жайған ашыған қамырды арнайы табаға салып пісіреді. Табаға салып пісіріліп жатқан нан бүгінде қазақы ауылдың көрінісі іспетті символикалық белгіге айналған.
Халқымыздың дастарханына сән беретін ерекше дәмді тағамының бірі - бауырсақ. Бауырсақ сөзінің өзі бауыр, бауырласу, бауырласуға деген сөзден туындаған. Бұл халқымыздың қонақжайлығын, кішіпейілдігін, жанашырлығын дастархандағы осы бір тағам арқылы көрсетуінен туындаған. Көшпелі өмір сүрген ата-бабаларымыз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ ұлттық тағам атауларының этимологиясы
Дәстүрлі еттен ұлттық тағамдар
Қазақтың ұлттық тағамдарының маңызы
Қазақтардың ұлттық тағамдары
Қазақ ұлттық тағам атауларының этнолингвистикалық ерекшеліктері
Тамақтану гигиенасы. Балалардың тамақтану рационын құру
Қазақтың ұлттық тағамы – бауырсақ
Ноқат дақылының биологиясы және морфологиялық сипаттамасы
Әсіпті дайындау тәсілі
Салт – дәстүрлердің тілдегі көрінісі (түркі тілдері негізінде)
Пәндер