Құқықтық шығармашылықтың түрлері
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 Құқықтық шығармашылықтың түсінігі мен қағидалары ... ... ... ... ... ...4
1.1 Құқықтық шығармашылықтың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2 Құқықтық шығармашылықтың кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
2 Заңды білу презумциясы.Заңды техника ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
2.1 Нормативтік.құқықтық актілерді жүйелеу және оларды есепке алу ... ... ...7
2.2 Заңды нормалардың түсінігі, белгілері, түрлері, құрамы ... ... ... ... ... ... ... 11
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
КІРІСПЕ
Құқықшығармашылық - бұл құзіретті органдардың заң нормаларын қабылдауға, өзгертуге және жоюға байланысты арнайы қызметі. Құқықшығармашылық мыналармен сипатталады:
- ол белсенді, мемлекеттік, шығармашылық қызметті білдіреді;
- оның негізгі өнімі - нормативтік актілерден көрініс тапқан заң нормалары;
- бұл қоғамды басқарудың маңызды құралы; мұнда оның даму бағдараламасы қалыптасады, маңызды жүріс - тұрыс ережелері қабылданады;
- құқықшығармашылықтың деңгейі мен мәдениеті, қабылданған нормативтік актілердің сапасы - бұл қоғамның өркениеттілігі мен демократиялылығының көрсеткіші.
Субъектілерінің түріне қарай құқықшығармашылық келесі түрлерге бөлінеді:
1) халықтың мемлекеттік және қоғамдық өмірдің маңызды мәселелері бойынша жалпыхалықтық дауыс беруін - референдум - жүргізу кезіндегі тікелей құқықшығармашылығы;
2) өкілетті мемлекеттік органдардың тікелей құқықорнықтырушы қызметі;
3) әдет түрінде қалыптасқан немесе мемлекеттік емес ұйымдар қабылдаған нормаларды мемлекеттің санкциялауы.
Құқықшығармашылық процесс бірнеше кезеңдер арқылы жүзеге асырылады:
1. Заң шығару ынтасы - құқықшығарушы органға нормативтік актіні шығару туралы ұсыныс немесе актінің дайын жобасы ұсынылады. Заң шығару құқығына ие субъектілер шеңбері заңнамада қатаң түрде анықталған.
2. Заң жобасын талқылау - бұл кезең құжатты қажетті сапаға жеткізу, қарама - қайшылықтарды, олқылықтарды, түсініксіз мәселелерді және т.б. жою үшін қажет. Ерекше маңызды заң жобалары жалпыхалықтық талқылауға ұсынылады.
3. Заңды қабылдау.
4. Қабылданған актінің мазмұнын көпшілікке жеткізу, яғни, заңды жариялау.
1 Құқықтық шығармашылықтың түсінігі мен қағидалары
Құқықтық шығармашылықтың түрлері
Құқықшығармашылық - бұл құзіретті органдардың заң нормаларын қабылдауға, өзгертуге және жоюға байланысты арнайы қызметі.
Құқықшығармашылық мыналармен сипатталады:

- бұл қоғамды басқарудың маңызды құралы; мұнда оның даму бағдараламасы қалыптасады, маңызды жүріс-тұрыс ережелері қабылданады;

Мемлекеттің түсінігі және белгілері.
Мемлекет - бұл арнайы басқару және мәжбүрлеу аппараты бар, қоғамның өкілі бола тұра, оны басқаратын және оның дамуын қамтамасыз ететін, бұқаралық биліктің саяси-аумақтық, егеменді ұйымы.
Мемлекетті рулық құрылымдағы әлеуметтік биліктен ажырататын төмендегідей белгілері болады:
1. Бұқаралық биліктің болуы. Міндетті түрде мемлекеттің басқару және мәжбүрлеу аппараты болуы тиіс, себебі, бұқаралық билік - бұл шенеуніктер, әскер, полиция, түрме мен басқа да мекемелер.
2. Аумақтық бөлініс. Мемлекет өз аумағында өмір сүруші барлық адамдарды өз билігімен және қорғау арқылы біріктіреді.
3.Салықтар жүйесі. Олар мемлекеттік аппараттың өмір сүруін қамтамасыз ету үшін қажет.
4. Егемендік. Бұл мемлекетке тән өз аумағындағы үстемдік пен халықаралық қатынастардағы тәуелсіздік.
5. Құқықтың болуы. Мемлекет құқықсыз өмір сүре алмайды, себебі, құқық мемлекеттік билікті заңдастырады.
Мемлекеттік билік әлеуметтік биліктің ерекше түрі ретінде.
Мемлекеттік билікке сипаттама берместен бұрын әлеуметтік билікке анықтама беріп алу қажет.
Әлеуметтік билік - бұл адамдарың кез-келген бірігуіне тән үстемдік пен бағынушылық қатынастары, бұл кезде бір тұлғалардың - билік құрушылардың - еркі мен әрекеттері басқа тұлғалардың - бағынушылардың - еркі мен әрекеттеріне үстемдік құрады.
Әлеуметтік билік кез-келген ұйымдасқан, белгілі бір дәрежеде тұрақты адамдар тобына - руға, тайпаға, отбасына, қоғамдық ұйымға, партияға, мемлекетке, қоғамға және т.б. тән.
Мемлекеттік билік әлеуметтік биліктің ерекше бір тұрі ретінде көрініс табады. Бұл мемлекеттік мәжбүрлеуге сүйенген, субъектілер арасындағы үстемдік және бағынушылық сипаттағы бұқаралық-саяси қатынас.
Мемлекеттік биліктің ерекшеліктері:
1. Бұқаралық билік. Ол бүкіл қоғамның, халықтың атынан қызмет етеді және өз қызметінде бұқаралық негізге - қазына мүлкіне, өз кірістеріне, салықтарға ие.
2. Аппараттық билік. Ол аппаратқа, мемлекеттік органдар жүйесіне сүйенеді және олар арқылы жүзеге асырылады.
3. Заң қолдайтын билік. Сол себепті, ол аппарат пен заң нормаларының көмегімен елдегі барлық халық үшін міндетті сипатты иеленеді.
4. Егеменді билік - ол кез-келген биліктен дербес және тәуелсіз.
5. Заңдастырылған билік. Яғни, ол заңды негізді және қоғамдық тануды иеленген.
Мемлекетте еңбек бөлінісі болған жағдайда ғана, яғни, ерекше қызмет түріне негізделген дербес билік түрлері қалыптасқан жағдайда ғана, мемлекеттік биліктің тиімділігі артады. Мұндай биліктің үш түрі бар: заң шығарушы билік, атқарушы билік және сот билігі.
Мемлекеттің мәні.
Мемлекеттің мәнін түсіну мемлекет және құқық теориясының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Мемлекеттің мәні - бұл оның мазмұнын, мақсаттарын, қызмет етуін анықтайтын басты қасиеті. Мемлекеттің мәнін бұл түсініктің кең және тар мағынасында анықтауға болады.
Кең мағынада мемлекеттің әлеуметтік мәнін биліктік-саяси ұйымдасқан қоғам, құқықтық заңдарға бағынған көптеген адамдар бірлестігі ретінде анықтауға болады. Мұндай бірлестіктердің тұтастығы сәйкес мемлекеттік-құқықтық институттар мен қатынастарда көрініс тапқан бұқаралық-биліктік құрылымдар негізінде қалыптасады.
Тар мағынада мемлекеттің әлеуметтік табиғатын қоғамнан бөлектенген, жекелеген класстар мен әлеуметтік топтардың да, қоғамның да мүддесін білдіруші әрі қорғаушы басқару аппараты, бұқаралық биліктің әртүрлі мекемелерінің жүйесі ретінде анықтайды.
Жоғарыда аталғандардың негізінде, мемлекеттің мәнін қарастыруда екі аспектіні ескерудің маңызы зор:
1) формальды - кез-келген мемлекеттің саяси биліктің ұйымы екендігі;
2) мазмұнды - осы ұйымның кімнің мүдделеріне қызмет ететіндігі.
Мемлекеттің мәнін анықтауда келесі бағыттарды атап өтуге болады:
- класстық, бұған сәйкес мемлекетті экономикалық үстемдік құрушы топтың саяси билігінің ұйымы ретінде анықтауға болады;
- жалпы әлеуметтік, бұған сәйкес мемлекетті әртүрлі класстар мен әлеуметтік топтардың мүдделерін ескеру үшін жағдай жасайтын саяси биліктің ұйымы ретінде анықтауға болады.
Сонымен, мемлекеттің мәні саяси билік аппаратының көмегімен қоғамның тұтастығын және қалыпты қызмет етуін қамтамасыз етуден көрінеді.
Құқықтық шығармашылықтың кезеңдері
Құқықтық шығармашылық -- пісіп жетілген қоғамдық даму қажеттіліктеріне сәйкес, нормативтік құқықтық актілерді жасау мен қабылдау бойынша мемлекеттік органдар мен өкілеттелген қоғамдық, ұйымдардың ғылыми негізделген шығармашылық қызметі.Құқық шығармашылық - бұл мемлекет органдардың заңи нормалары қабылдау, өзгерту және жоюмен байланысты қызметі.
Құқық шығармашылық субъектісі ретінде тиісті өкілеттігі бар мемлекеттік органдар мемлекеттік емес құрылымдар, сондай-ақ референдумда заң қабылдаған кезде азаматтар бола алады.
Құқық шығармашылық қызмет конституция, заңдар және регламентпен белгіленген көлемде жүзеге асады. Құқық шығармашылық жаңа құқық нормасын қабылдаумен өзгерістер мен түзетулер енгізу арқылы ескі заңдарды жетілдірумен сипатталады.
Құқық шығармашылықтың белгілері: - ол белсенді, шығармашылық мемлекеттің қызметі; - оның негізгі өнімі - құқық нормалары; - бұл қоғамды басқарудың маңызды құралы; - құқық шығармашылықтың деңгейі және мәдениеті, қабылданған нормативтік актілердің саласы - бұл қоғамның өркениетінің және демократиялығының бір белгісі.
Құқық шығармашылықтың қағидаттары - бұл құқықтық нормаларды қабылдау, жою немесе ауыстырумен байланысты қызметтің негізге алушы идея, бастаулар, ережелер, құқықты шығаратын органдар үшін бағыт.
Құқық шығармашылыққа келесі қағидаттар тән:
ғылымилық;
кәсібилік;
заңдылық;
демократиялық;
ашықтық;
жеделділік.
Құқық шығармашылық субъектілеріне байланысты келесі түрлерге бөлінеді: 1) референдум жүргізу барысында халықтың тікелей құқық шығармашылығы; 2) мемлекет органдардың құқық шығармашылығы; 3) жекелеген лауазымды тұлғалардың құқық шығармашылығы; 4) жергілікті өзін - өзі басқару органдарының құқық шығармашылығы; 5) локальді құқық шығармашылық; 6) қоғамдық бірлестіктердің құқық шығармашылығы.
Құқық шығармашылық мәніне байланысты келесі түрлерге бөлінеді: - заң шығармашылық (жоғарғы өкілдік органның құқық шығармашылығы); - құқық шығармашылықты тапсыру (Парламенттің тапсырысы бойынша атқарушы органның норма шығармашылық қызметі); - заңға тәуелді құқық шығармашылық - бұнда норманы Президент, Үкімет, министрлік, жергілікті органдардың ұйым жетекшілерінің қабылдауы.
Құқық шығармашылық қызметі екі негізгі бөліктен тұрады: бірінші, әрекеттік заңи мәнінен тәуелсіз құқық шығармашылықтың ұйымдастырушылық мәселелерінен тұрады (заң жобасын дайындау, оны талқылау).
Бұнда заңның жобасын дайындауда мемлекет еркін алдын ала қалыптастыруды көздейді. Екінші, құқықтық бастауларға негіз болады, заң жобасын дайындау туралы шешімді қабылдаумен байланысты. Заңда мемлекеттің еркі ресми бекітіледі де, заң жобасы жалпыға міндетті құқықтық актіге айналады.
2 Заңды білу презумциясы.Заңды техника.
2.1 Нормативтік.құқықтық актілерді жүйелеу және оларды есепке алу. Заңды білу презумциясы. Заңды техника
Нормативтік құқықтық актінің нақты қисынды құрылымы болуға тиіс. Нормативтік құқықтық актінің мазмұнын шартты түрде мынадай бөліктерге бөліп қарастыруға болады: 1. Нормативтік құқықтық актінің тақырыбы. 2. Преамбула. 3. Негізгі ережелер. 4. Нұсқамалар. 5. Өтпелі және қорытынды ережелер. Нормативтік құқықтық актінің тақырыбы қысқа әрі нұсқа болатын реттеу пәнін қамтуға тиіс. Бұл бірыңғай заңнамалық жүйеде оны кейіннен іздеуді жеңілдету қажеттілігімен шартталған. Нормативтік құқықтық актінің жалпы қисынын сақтау қажет. Ол қисынды тұтастық, реттілік пен жүйеліліктен тұрады. Нормативтік құқықтық актінің қисынды жүйелілігі нормативтік құқықтық актінің бірыңғай заңнама жүйесінің бөлігі болып табылатындығын және бұл жүйеде нақты өзіндік орынға ие екендігін көздейді. Бұл ретте әрбір заңнамалық акт аяқталған сипатқа ие болуға және белгілі бір саладағы құқықтық қатынастарды реттеуге тиіс. Сонымен қатар материалдық және процестік құқық нормаларын араластыруға жол берілмейді. Жоғарыда келтірілгеннің барлығы Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы заң жобаларына қатысты қолданылмайды. Нормативтік құқықтық актінің қисынды реттілігі нормативтік құқықтық актілердің белгіленген құрылымын қатаң сақтауды талап етеді. Нормативтік құқықтық актілердің құрылымына қатысты талаптар Құқықтық актілер туралы ҚР заңының 23-бабында бекітілген. Кодекстер, заңдар құрылымына қатысты талаптар жөніндегі ақпарат әдістемелік ұсынымдардың тиісті бөлімдерінде анағұрлым толық келтірілген. 33 Қисынды тұтастық талаптарына сәйкес нормативтік құқықтық акт қабылдану мақсаттары мен алға қойылған міндеттеріне толықтай сай болуға тиіс. Осы мақсатта заң мәтініне кіріспе бөлік - преамбула қосылуы мүмкін. Мұнда заң қабылдаудың негізгі мақсаттары мен реттеуі тиіс құқықтық қатынастар аясы көрсетіледі. Алайда преамбула Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы заң жобаларында келтірілмейді. Преамбула актінің негізгі ережелерінің алдында жазылады. Преамбула заңнамалық актінің мәтініне заң қабылдау мақсаттарын және алға қойылған басты міндеттерін түсіндіру қажет болған жағдайда енгізіледі. Преамбула заң шығарушының ниетін анықтайды, заңнамалық актінің қолданылу аясын ашады және оның құқықтық қолданылуы үшін негіз қалыптастырады. Бұл ретте преамбулаға нормативтік нұсқамалар қосуға жол берілмейді. Преамбула тармақтар мен тармақшаларға бөлінбейді және өзге нормативтік құқықтық актілерге сілтемелер қамтымайды. Нормативтік құқықтық актінің келесі бөлігі - негізгі ережелер. Бұл құқықтық қатынастардың қарастырылып отырған саласын құқықтық реттеу үшін негіз болатын негіз салушы бастамалар болып табылатын жалпы нұсқамалар. Негізгі ережелердің болуы заң үшін міндетті сипатқа ие емес, керісінше, негізгі ережелерді қосу тек білгілі бір саладағы құқықтық қатынастарды реттейтін кешенді заңнамалық акт (кодекс, шоғырландырылған заң және т.б.) үшін ғана орынды. Негізгі ережелер бөлімі, әдетте, келесі элементтерден тұрады: негізгі ұғымдар (ұғымдық аппарат); қолданылу аясы; негізгі қағидаттары; өзге жалпы ережелер. Негізгі ұғымдар жаңа дефинициялар немесе ұғымдар қамтитын және олардың мағынасын түсіндірмей, нормативтік құқықтық актіні дұрыс түсіну мен қолдану мүмкін емес нормативтік құқықтық актілерде беріледі. Сондай-ақ нормативтік құқықтық акт аталмыш акт мәнмәтінінде өзге мағынаға ие болуы ықтимал кеңінен таралған ұғымдарды да 34 қамтуы мүмкін. Берілген құрылымдық элементті нормативтік құқықтық актінің ұғымдық аппараты деп те атайды. Назар аударарлық жайт, заңда қолданылатын ұғымдар заңмен қарастырылып жатқан салаға ғана қатысты. Басқа заңдар тура сол ұғымдардың мүлдем өзге анықтамаларын көрсетуі мүмкін. Мәселен, Қазақстан Республикасының бірқатар заңдарында рұқсат беру тәртібі ұғымы қамтылған, ол заңға байланысты әртүрлі мағына беруі мүмкін, мысалы, өзін-өзі реттеудегі рұқсат беру тәртібі. Алайда, қайталауды болдырмау мақсатында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеушілер заңда қолданылатын ұғымдардың өзге заңдарда бар-жоғын ескеруі қажет. Сонымен қатар ұғымдық аппаратты заңға тәуелді актілер мәтініне қосқан кезде қолданылатын ұғымдардың аталмыш саланы реттейтін заңдарға қайшы келмеуін ескеру қажет. Осылайша, заңға тәуелді актілер мәтініне заңның тиісті нормасын қайталайтын ұғымдық аппаратты қосу кеңінен таралған тәжірибеге айналды. Бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында жалпымен мойындалған практика болуына қарамастан, біздің ойымызша, аталмыш жайт негізсіз болып табылады. Заңнамада бар ұғымдарды қайталаудың еш қажеттілігі жоқ. Сондықтан заңға тәуелді актілерде тек заңға тәуелді деңгейде қолданылатын ұғымдардың анықтамалары ғана көрсетілуге тиіс. Терминдерді екіге бөліп қарастыруға болады: арнайы және жалпы терминдер. Арнайы терминдер - белгілі бір қызмет аясында ғана қолданылатын және тек сол салаға ғана тән ұғымдар. Мұндай ұғымдарға келесідей терминдерді жатқызуға болады: аккредитация, факторинг, банкаралық клиринг және т.б. Жалпы терминдер - күнделікті өмірде кеңінен қолданылатын, бірақ қарастырылып отырған нормативтік құқықтық акт мәнмәтінінде мүлдем өзге мағынаға ие ұғымдар. Мәселен, тәуекел, басшы, уәкілетті орган және т.б. Бұл ретте, берілген терминдердің анықтамалары өздері көрініс 35 тапқан заңнамалық актілер мәнмәтінінде беріледі және тек аталмыш құқықтық қатынастар аясында ғана қолданылады. Қазақ тiлiндегi нормативтiк құқықтық актiдегi терминдер мен анықтамалар әлiпбилiк ретпен орналастырылады. Орыс тiлiндегi нормативтiк құқықтық актiдегi терминдер мен анықтамалар қазақ тiлiнде жазылған ретке сәйкес болуға тиiс. Сонымен бірге қазақ немесе орыс тілдерінде баламасы болған жағдайда, шетелдік сөздерді барынша қолданбаған жөн. Балама сөздер болмаған жағдайда, қалыптасқан халықаралық ұғымды (мысалы, франчайзинг) қолданған дұрыс. Негізгі ережелердің ендігі элементі нормативтiк құқықтық актiнің қолданылу саласы болып табылады. Бұл элемент, әдеттегідей, нормативтiк құқықтық актiнің қолданылу саласын заңнамалық тұрғыда нақтылау қажет болған жағдайда ғана қолданылады. Және қолданылу саласын ашу үшін преамбула жеткіліксіз болған жағдайда ғана. Мәселен, қажет болған жағдайда, бөлек нормада заң реттемейтін салаларды белгілеуге болады. Сонымен қатар аталмыш бөлім тиісті саладағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің негізгі қағидаттарының сипаттамасын да қамтуы мүмкін. Әдетте, мұндай элемент кодекстерде және шоғырландырылған заңдарда кездеседі, бірақ қажет болған жағдайда, жай заңға да енгізілуі мүмкін, егер заң белгілі бір саланы реттейтін болса. Бір саладағы қоғамдық қатынастарды реттейтін негізгі заңдар мен кодекстердегі қағидаттарды түрлі заңдардың қайталауына жол берілмейді. Дегенмен, бұл іс жүзінде кездеседі және заңды техника қағидаларының бұзылуы болып табылады. Құқықтық нұсқамалар нормативтiк құқықтық актінің негізгі бөлігі болып табылады. Барлық қалған құрылымдық элементтер белгілі бір дәрежеде осы бөлікке негізделген. Құқықтық нұсқамалар құқықтық қатынастар субъектілеріне белгілі бір әрекет (әрекетсіздік) жасауға қатысты талаптар қамтуы немесе белгілі бір жүріп-тұру үлгісін көздеуі мүмкін. 36 Жекелеген нормативтiк құқықтық актілерде (мәселен, кодекстерде) бекітілген нұсқамаларды орындамағаны үшін санкциялар көздеу қажет. Нормативтiк құқықтық актінің ең соңында өтпелі және қорытынды ережелер баяндалады. Бұл бөлімде нормативтiк құқықтық актінің негізгі бөлімінде көрініс таба алмайтын қосымша ережелер, сондай-ақ нормативтiк құқықтық актінің күшіне ену тәртібі көрсетіледі. Нормативтiк құқықтық актілерді әзірлеу кезіндегі заңды техника мазмұнының ең негізгі талаптарының бірі нормативтiк құқықтық актілер мәтіндерінің бірыңғай жазылу стилін сақтау болып табылады. Бұл талап нормативтiк құқықтық акт мәтінінің бірыңғай мағыналық мазмұны мен бірегейлігін қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен бірге іс жүзінде заңды техника қағидаларын бұзушылықтардың ішіндегі ең кеңінен тараған түрі ретінде нормативтiк құқықтық актінің жазылу стиліне қойылатын талаптардың сақталмауы мен қисынды жүйенің болмауын келтіруге болатындығын атап өтеміз. Осы орайда нормативтiк құқықтық акт жобасын әзірлеу мен тексеру кезінде ең бірінші кезекте заңның қисынын, стилі мен тілін қадағалау қажет. Нормативтiк құқықтық актілер мәтіндерінің мазмұны мен жазылу стиліне қойылатын талаптар Құқықтық актілер туралы ҚР заңының 24-бабында келтірілген. Дегенмен, аталмыш нормада белгіленген тізбе түпкілікті болып табылмайды. Заңнамалық актілерді ресімдеуге қатысты қалыптасқан тәжірибеге және заңды техниканың жалпы ережелеріне сәйкес нормативтiк құқықтық актінің стиліне, қисыны мен тіліне қатысты мынадай талаптарды бөліп қарастыруға болады. 1. Нормативтiк құқықтық акт мазмұны реттеушілік сипатқа ие болуы керек. Бұл дегеніміз, нормативтiк құқықтық актінің мақсаты қоғамдық қатынастарды реттеуге, ал нормативтiк құқықтық актінің өзі белгілі бір әрекеттерді (әрекетсіздікті) 37 жасауға қатысты нормативтік нұсқамаларды қамтуға тиіс екендігін білдіреді. Бұл ретте, нормативтiк құқықтық актінің мәтiнiнде мағыналық және құқықтық жүктемесi жоқ декларативтік сипаттағы ережелер қамтылмауға тиiс. Бұл талап декларативтік сипаттағы нормаларды қамтуы мүмкін Конституцияға қатысты қолданылмайды, себебі олар мемлекеттің заңнамалық жүйесінің жалпы бастауларын белгілейді. 2. Заңнамалық актілердегі нормативтік нұсқамалар не қоғамдық қатынастардың барлық қатысушыларына, не жекелеген қатысушылар санаттарына арналған, нақты адамдарға арналмаған. Бұл ретте, заңнамалық актілердегі нұсқамалар созылмалы сипатқа ие. Нормативтік құқықтық актілердегі тапсырмалар мемлекеттік органдарға не қажет болғанда олардың басшыларына жолдануға тиіс. Тапсырма беруші тұлғаға бағынысты емес мемлекеттік органдарға қатысты, нормативтік құқықтық актілердегі тапсырмалар ұсынымдық нысанда не олармен келісім бойынша жазылуға тиіс. Соңғы жағдайда мемлекеттік органның атауынан кейін (келісім бойынша) деген белгі көрсетіледі. 3. Нормативтік құқықтық акт мәтіні түсіну үшін қарапайым және мүмкіндігінше барынша ықшам болуға тиіс. Осы орайда нормативтік құқықтық акт ережелері барынша қысқа болуға, нақты және әртүрлi түсiндiруге жатпайтын мағынаны қамтуға тиiс. Дұрыс құрастырылмаған сөйлем норманың екі түрлі талқыланунына, оның әртүрлі түсінілуіне әкеп соқтыруы мүмкін. Бұл нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің теңтүпнұсқалығына да қатысты. Екі тілдегі мәтіннің теңтүпнұсқалығына қатысты талаптың бұзылуы оны түсіндіру мен іс жүзінде оның қолданылуымен байланысты проблемаларға әкеп соғуы мүмкін. Нормативтiк құқықтық актiнiң мәтiнi әдеби тiл нормалары, заң терминологиясы және заң техникасы сақтала отырып жазылады. Нормативтiк құқықтық актіде грамматикалық немесе мағыналық қателіктер болмауға тиіс және өзі жазылған 38 тілдің сөйлеу мәдениетінің үлгісі болуға тиіс. Жазылған норманың мағынасын өзгертіп жіберуі мүмкін тыныс белгілер ережелерінің сақталуына ерекше назар аударған жөн. Сондықтан ескірген және көп мағыналы сөздер мен сөз орамдарын, эпитеттердi, метафораларды қолдануға, сөздердi қысқартуға жол берілмейді. Нормативтiк құқықтық актiнiң құрылымдық элементінде жазылған құқық нормасы нақ осы актiнiң басқа құрылымдық элементтерiнде қайталап жазылмайды.
Нормативтік құқықтық акт мәтінінің қарапайым және ықшам болуын қамтамасыз ету мақсатында нормативтік құқықтық акт мәтінінің өзінде қысқартудың не аббревиатураның мағынасын таратып жаза отырып, мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың атауларын қысқартуға жол беріледі. 4. Нормативтік құқықтық актіде қолданылатын тұжырымдар барынша ресми сипатқа ие болуға тиіс. Құқықтық нормалардың түсіндірме немесе пікір нысанында жазылуына жол берілмейді. Норма сипатына (императивті немесе диспозитивті) қарамастан, оның жазылу стилі бұйрықты сипатта болуға тиіс. 5. Нормативтiк құқықтық актiнiң мәтiнi бiрыңғай қарiппен басылуға тиiс. (Құқықтық акт туралы ҚР заңының 24-б. 2-т.). Нормативтік құқықтық актілердің мәтінінде абзацтарды сызықшалармен немесе өзге де белгілермен белгілеуге, жекелеген сөздер мен сөз тіркестерін бөліп көрсетуге және астын сызуға жол берілмейді. Ресімдеу қағидаларын бұзу заңның бір бөлігі басқа бөліктеріне қарағанда басым заңды күшке ие дегендей жалған көзқарас қалыптастыруы мүмкін. 6 6. Белгіленген нұсқамалардың бірыңғай түсінілуі мен қолданылуын қамтамасыз ету қажет. Өзге мәнмәтінде талқылануы немесе басқа мағынада түсінілуі ықтимал сөйлем мүшелерін қолдануға болмайды.
Сол себепті нормалар мағыналық жүктемесі жоқ артық сөздер мен терминологиялық конструкциялардың қолданылуына жол бермеу арқылы барынша қысқа жазылуға тиіс. Бұл талаптың бұзылуы норманың түсінілуін тежейді және оны әртүрлі түсіндіруге мүмкіндік береді.
Заң шығармашылығының тиімділігі мәселесі бүгінгі күнде ең бір маңызды мәселе болып табылады. Тиімділік әрқашанда болашақта болуға тиісті жағдаймен емес, бүгінгі күнгі шындықпен, шынайы жағдаймен өлшенеді. Қолданыстағы нормативтік актілердің ғылыми деңгейі, заң шығармашылығының және жалпы құқықтық реттеудің тиімділігі біраз шамада заң шығару техникасының деңгейіне байланысты. Еліміздің қарқынды дамуы жағдайында заң жобаларын дайындау техникасына қатысты ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz