Жаңылтпаштар мен тақпақтар арқылы айтылымды жақсарту


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті
Ағылшын және ОӘ кафедрасы
Дипломдық жоба
Пән бойынша: «»
Мамандығы: 6В01701: Шет тілі: екі шет тілі (ағылшын/қытай)
Тақырыбы: «Жаңылтпаштар мен тақпақтар арқылы айтылымды жақсарту»
Орындады: Халелова Д. А.
Топ: АКК-203
Ғылыми жетекші: Сагындыкова Ж. О.
Көкшетау 2024
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
І. Ағылшын тіліндегі айтылымды жаңылтпаштар мен тақпақтар арқылы жақсартудың теориялық сипаттамасы
1. 1 Ағылшын тілінің айтылымындағы жаңылтпаштар мен тақпақтардың алатын орны мен рөлі
1. 2 Ағылшын тілі сабағында жаңылтпаштар мен тақпақтарды қолданудың маңыздылығы
1. 3 Ағылшын тілі сабағында жаңылтпаштар мен тақпақтармен жұмыс істеу кезеңдері
ІІ. Ағылшын тілін оқытуда жаңылтпаштар мен тақпақтарды қолдану бойынша практикалық-эксперименттік жұмысты ұйымдастыру
2. 1 Оқушылардың жаңылтпаштар мен тақпақтарды қолдану кезіндегі туындайтын кедергілер
2. 2 Оқушылардың ағылшын тіліндегі айтылымын жаңылтпаштар мен тақпақтар арқылы дамыту жолдары
2. 3 Ағылшын тіліндегі айтылымды жақсарту үшін жаңылтпаштар мен тақпақтарды қолданудың практикалық-эксперименттік жұмыстың нәтижелері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымша
Кіріспе
Ағылшын тілінде айтылымға ерекше мән берілетіні бәріне мәлім. Оқушының айтылымы жақсы болмаса, ағылшын тілін үйреніп, оған басқа адамдарға өз ойын ағылшын тілінде анық және дұрыс етіп жеткізу қиынға соғады, сондықтан айтылымды дамыту және жақсарту үшін әртүрлі әдістер қолданылады. Өкінішке орай, қазіргі кезде көптеген мектеп оқушыларында түсініксіз, қате және анық емес сөйлеу байқалғандықтан, бұл мәселе өте өзекті болып табылады.
Қазіргі уақытта айтылым мен сөйлеуді жақсарту және жетілдіру үшін көптеген әдістер мен құралдар бар. Ең танымал әрі ең қолайлы әдістердің бірі - жаңылтпаштар мен тақпақтар болып табылады. Егер оқушы айтылыммен көп жұмыс жасаса, күнделікті өмірде жаңылтпаштар мен тақпақтарды жиі қолданып, оларды күн сайын қайталаса өте жақсы нәтижеге қол жеткізе алады. Жаңылтпаштар мен тақпақтар арқылы оқушы жеке дыбыстарды, сөздерді бірнеше рет қайталай отырып, тез айтуды үйренеді. Осылайша, оқушының артикуляциясы жақсарып, еш қиындықсыз сөйлеуді үйренеді, жаңылтпаш пен тақпақты есте сақтай отырып, есте сақтау қабілеті жақсарады, ағылшын тілінің сөздік қоры байытылады. Жақсы айтылыммен оқушы мұғалімнің тапсырмаларын жақсы және алаңдамай орындайды әрі өз ойын дұрыс түсіндіріп жеткізе алады. Оқушы жаңылташтар мен тақпақтарды оқығанда тілдің әртүрлі функцияларымен танысады, олар оған тілдің лексикасын игеруге едәуір көмектеседі. Оқушылардың сөздердің дұрыс айтылуына мотивациясы болуы үшін сабақты ойын түрінде өткізуге болады. Осылайша, студент шабыттанып, әртүрлі дыбыстар мен сөздерді үйренуге және айтуға қызығушылық танытады. Сол себепті, жаңылтпаштар мен тақпақтарды қолданудың тиімділігі толығымен дұрыс қойылған мақсатқа, таңдалған әдістер мен түрлі тиімді жаттығуларға байланысты болып келеді.
Тақырыптың өзектілігі: Ағылшын тілі сабақтарында жаңылтпаштар мен тақпақтарды қолдану оқушылардың дұрыс және жақсы айтылымына қол жеткізудің тиімді әдісі болып табылады. Сабаққа деген қызығушылықты арттыруға көмектесіп, оқытылатын тіл елінің қызықты фактілерімен және мәдениетімен танысуға мүмкіндік береді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: орта мектептегі орта буын оқушыларына ағылшын тілін үйретуде жаңылтпаштар мен тақпақтарды қолдану мүмкіндіктерін зерттеу болып табылады.
Жұмыстың міндеттері:
- Жаңылтпаштар мен тақпақтармен жұмыс істеу әдістерін талдау;
- Жаңылтпаштар мен тақпақтармен жұмыс істеу кезеңдерін, формалары мен принциптерін бөліп көрсету;
- Оқушылардың ағылшын тіліндегі айтылымын жаңылтпаштар мен тақпақтар арқылы дамыту жолдарын анықтау;
- Оқушылардың жаңылтпаштар мен тақпақтарды қолдану кезіндегі туындайтын кедергілерді алдын алу жолдарын қарастыру;
- Сабақта қолданылатын жаттығу үлгілерін көрсету.
Нысан: Оқушылардың жаңылтпаштар мен тақпақтар арқылы сөйлеудің айтылу жағын меңгеру процесі.
Зерттеудің пәні: Ағылшын тілі сабағында қолданылатын жаңылтпаштар мен тақпақтардың үлгілері.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz