Аудандық газетті электрондық түрде шығару


Кіріспе
Ғылыми жобаның өзектілігі: Ауданымыздың қазақ тіліндегі газеттердің ең алғаш рет зерттелуі және баспа газетінің аудан тұрғындарының қызығушылығының төмендеуі.
Ғылыми жобаның негізгі мақсаты: Ауданымызда басылып шығарылған 1941 жылдан бүгінгі күнге дейінгі газеттердің тілдік ерекшелігі мен көтерілген тақырыптардың ауқымдылығын анықтау.
Ғылыми жобаның гипотезасы : Бұрынғы және қазіргі газеттерде сөздік, тілдік, тақырыптық айырмашылықтары бар.
Зерттеу сұрақтары: Ауданымызда газет қашан пайда болды?
Газеттердің атаулары қандай болды?
Бұрынғы газетпен қазіргі газеттен айырмашылығы бар ма?
Бұрынғы газеттерде қандай ерешеліктер болды?
Ауданымызға жалпы газет баспасы керек пе?
Ғылыми жобаның зерттеу кезеңдері:
- Газеттің тарихымен танысу, қайдан шыққанын, қалай қалыптасқанын зерттеп, кітапхана, редакция, мұрағатқа бару, ғаламтордан іздеу.
- Жетекшіммен бірге газеттерді зерттеу.
- Аудан тұрғындарынан сауалнама алу.
Ғылыми жобаның зерттеу әдісі: теориялық талдау, лингвистикалық салыстыру, саралау.
Ғылыми жобаның жаңашылдығы: Аудандық қазақ тіліндегі газеттердің 1941-ші жылдан бастап бүгінге дейінгі даму тарихын зерттеу.
Ғылыми жобаның практикалық қолдану салалары:
Күнделікті өмірде қолдану;
Қазақ тілі сабақтарында;
І. Ескі газетті зерттеу
Қазіргі кезде қоғамды ақпарат құралдарынсыз елестету мүмкін емес. Олардың басымдығы сондай, тіпті төртінші билік деп те атайды. Қоршаған орта, әлеумет үнемі өзгеріп, жаңарып отырады. Әлемге қызмет ететін баспа газеттері де осы өзгерістерге сай өзгереді. Қоғамдық өзгерістер сол баспадан көрініс табады.
Бұқаралық ақпарат құралдарының ескі түрі баспа болып табылады. Ол жеке дара күш ретінде өз алдына тәуелсіз. Баспалық ақпарат құралдары елдің мәдени және саяси өмірінде маңызды орын алады, адамдарға айналасында болып жатқан оқиғаларға қанық болуына, бағытталуына септігін тигізеді.
Газет публицистикасын жаңа тарихты, қоғамның күнделікті қарбалас тіршілігі, саяси, әлеуметтік, тұрмыстық тағы басқа мәселелердің толықтай көрінісін беретін заманауи жазба деп атайды. Газет бетінің тақырып шектеусіздігі оның лексикасының ерекше ауқымдылығы мен әртүрлілігін көрсетеді. Газет сөзінің принципиалдық ерекшелігі ондағы газет тақырыбы ауқымында бағалаушылық қасиетіне ие болатын эмоционалдық рөлінен көрініс табады.
Ауданымыздың баспасы аудан өмірінде үлкен рөл атқарады. Аудандық жаңалықтар, саяси, әлеуметтік, тұрмыстық жаңалықтары, оқиғалары басылып шығатын бірден -бір ақпарат құралы - ауданымыздың газеті.
Тарихы тереңде жатқан бұл басылым шағын ғана ауданды ақпаратпен қамтамасыз етіп жатқаны, үлкен қоғамдық істі алда ұстап тұр. Себебі, аудан тұрғындары ұялы телефон, интернет жоқ кездерде ақпаратты тек қана теледидар, радио немесе газеттен алған.
Аудандық баспаның ең алғашқы қалыптаса бастауы халықтың жалпы мәдениеті мен экономикасына байланысты. Мәдениеті ерте дамыған елдерде публицистикалық жанр ерте дамиды. Біздің ауданымыздың газет баспасын шығаруы сонау 1934 жылы бас алған деседі. Дереккөз және мұрағаттық дәлел ауданымызда жоқ болғанымен 1941 жылғы газет беттерінде [1] . шығуына 7 ші жыл. деп жазылған. Демек, ауданымыздың экономикалық, әлеуметтік, саяси, тұрмыстық жаңалықтарымен 1934 жылдан бастап жариялағаны туралы айтуға болады. Бірақ, бертін келе «Шұғыла» газетінің алғашқы бетінде 1935-ші жылғы 1 тамыздан бастап шығарылды деп жазылған [1] .
Баспа газетінің өзгеріске ұшырауы тарихқа, қоғамда болып жатқан саяси оқиғаларға байланысты. Ауданымыздың саяси өзгерістері, қоғамдағы болып жатқан жаңалықтар барлығы өзгеріске ұшырайды. Соған орай аудандық газетіміздің атауы да сан алуан рет өзгеріпті. Өзгеру ретін тапқан деректерім бойынша реттеп былай көрсетуге болады.
Схема№1
Аудандық мұрағатта фондтық газеттер (ФОНД №76) номерде 1941-1945 жылдар аралығында басылып шыққан газеттер ғана сақталған.
Сурет №1
ІІ. Бұрынғы газеттің қазіргі газеттен тілдік, тақырыптық айырмашылығы
Газет беттері үнемі қоғамдық өзгерісті, ерекшелікті көрсетіп тұратын айнасы деуге болады. Заманның ағымы, саяси мәселе, мемлекеттік жаңалықтар барлығын сол кезде тек газет беттерінен оқуға болатын еді. Бұрынғы газетпен қазіргі газетті салыстыратын болсақ өте көп айырмашылықты көреміз.
- Біріншіден, газет бетіне міндетті болып жазылатын ай аттары қазіргі кезде:тамыз, қаңтар, шілде . . . т. с. с. болып жазылса, 1941-1945 жылға дейінгі мен зерттеген газет беттерінде ай аттары орысша жазулы болды. Мысалы :август, январь, июльтағы сол сияқты [2] .
- Екіншіден, апта күндерінің атауында да кейбір өзгерістер болды. Мысалы: Қазіргі газетте:жексенбіболып жазылса, 1941-1945 жылдардағы газеттерде:жексембіболып жазылыпты.
- Үшіншіден, кейбір сөздерде дауыстыы, ідыбыстарының сол кезде сөз арасында болмауы. Мысалы:аул, әсресе, абройменсөздерінде. Қазіргі кездеауыл, әсіресе, абыроймендеп қолданылады [3] .
Сол баспалардың қаріптік ерекшелігімен тілдік ерекшелігі көзге түседі. Яғни, 1941 жылғы газетте латын қаріпін етене жиі қолданыпты. Дәлел ретінде мына мақалаларды келтіре аламын. «Memlekettik mjndettemelerdj sapalь etjp tez orьndaiьk», «Mektep remontь tez aiaqtalu kerek» [1], Бірақ 1941 жылдың аяғы 1942 жылдың басы кезеңінде газет беттерінде латын қаріпі мен кириллица араласып қолданылыпты. Оны мына мақалалардан байқауға болады. «BARLЬQ KҮCJMJZ OTAN ҮCJN» «Аул шаруашылық машиналарын сапалы ремонттады» [1] . Ал 1942 жылдың аяғы мен кейінгі жылдардағы газеттерді алып қарасақ таза кириллицамен жазылғанымен кейбір әріптерінде қызықты өзгерістерді кездестіруге болады. Мысалы: қазіргі кездегі ұ әріпі ȳ болып қолданылған. Бұл сөзге дәлел ретінде мына мақалаларды алуға болады. «Істің табысты болуы ȳйымдастыру жȳмысына байланысты», «Жȳмыс нормасы» [2] .
Сурет №2
1941-1945 жылдардағы Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы екінші дүниежүзілік соғыстың құрамдас бөлігі ретінде тарихқа мәңгі енді. Бұл соғыста Қазақстандағы әр отбасынан жүздеген мың адам қолына қару алып, ұрыстарға қатынасты. Сол сұрапыл заманда газет баспасы тоқтамады. Жәнеде биліктегілер орысша сөйлегендіктен қазақ тілді өкілдерінің орысша сөзді қосып сөйлеуі бір әдет болып қалды деуге де болады. Яғни сол кездегі баспа бетінде тек қана саясат, тұрмыс туралы емес, соғыс туралы көптеген мәліметтер, мақалалар басылып шығарылды. Оған дәлел ретінде мына мақалаларды атап өтуге болады.
Сурет №3 «соғыс тақырыбында»
Жоғары атап өткендей бұрынғы газеттердің тілдік ерекшелігі осында болып тұр. Яғни, сол кездегі сөйлеу тілі, баспа тілі орысша сөздерді өте көп қолданғанын байқауға болады. 1941 -1945 жылдардағы газеттерді алып қарасақ мынадай сөздер кездеседі:
Схема №2 «Орысша сөздер»
Жоғарыдағы сөздерді 21-шы ғасырдағы ақпарат құралдарынан тауып қарасақ. Төмендегідей өзгеріске ұшырағанын байқауға болады [4] .
- Finansь -қаржы
- Ustavь-жарғы
- Kolxoz -ауыл
- Protsentj -пайызы
- Predsedatelj -төрайымы
- Plandь -жоспарды
- Отряды-жасақтар
- Учаскелердің -аумақтардың
- Планы - жоспары
- Август - тамыз
- Гвардеец -күзетші
- Отличник -үздік оқушы
- Указ - жарлық
- Наградты - марапатты
- Коллективі -ұжымы
- Пленумы -жиналысы
Яғни, заманына қарай сөздері де өзгерген. Осыдан қарап, қазіргі баспа тілі таза қазақша болғанына көзіміз жетіп отыр. Әрине кіріктірілген сөздер жоқ емес, оларда қолданыста бар. Бұған қоса кететінім тіпті сол кездерде қолданыста болып, қазіргі кезде қоғамдық өзгерістерге ұшырап, қолданыстан жоғалған сөздерде баршылық. Олар:
- Bolcevik
- Комсомолдар звеносы
- Стахановшылар
Бұл тек ғана 1941-1945 жылдардығы баспа газеттерін қазіргі баспамен салытыруым.
1941-2023 баспа беттеріндегі үнемі кездесетін тақырыптар, көтерілген мәселелер, жазылған ақпараттар бүгінгі баспамен ортақ тақырып, ұқсас мәселе солай сақталып қалды. Олар:
Схема №3
Ал 2007 жылдан бергі баспамен қазіргі күнгі баспадан тілдік, жазылған мақала, тақырыптық жағынан несімен ерекшеленіті туралы жаза кететін болсам. Олар:
Схема №4
ІІІ. Бүгінгі таңдағы газеттің қажеттілігі
Зерттеу жұмысымның өзекті мәселесі қазіргі кездегі аудандық газеттің қажеттілігі болып табылады. Яғни, мен аудан көлемінде ересек адамдардан Google формасы арқылы сауалнама алдым. Сауалнама нәтижесі өте қызықты. Қазіргі кезде газет оқитын адам өте аз. Себебін бәріміз білеміз. Ол-ғаламтор. Инстаграм, Тик-ток, Ютуб. сияқты платформалар. Бірақ соған нақты дәлелді түрде көз жеткізу үшін мына деректерді ұсынамын. Төмендегі сілтеме арқылы сауалнама жауабын нақты көруге болады. https://docs. google. com/forms/d/e//viewform?usp=sf_link
Және осы QR код арқылы. Сканерлеп, кіріп қараңыз.
Бірінші сұрағым, гендерлік ажырату. Сауалнама алар алдында -Нені білгім келеді?, -Не туралы сұрасам екен? - деген сұрақтар туындады. Бірінші білгім келгені аудандық әлеуметтік, қоғамдағы өзгерістер кімдерді қызықтыратыны, олардың жас айырмашылығықандай?
Бұл сауалнамаға барлығы 64 адам жауап берді.
Оның 10-ы ер адамдар.
54-і әйелдер.
Диаграмма №1
Жасына қарай ең көп сауалнамаға жауап берген белсенділер 40-45 жас аралығындағы адамдар. Одан кейін 30-35 жастағылар.
Мүлдем жауап бермегендер 60-65, 65-70 жастағылар.
Диаграмма №2
Аудандық газетіміздің атауы «Кызылту», «Кішкенекөл таңы» болып табылады. Ал сауалнама жауабын №3 диаграммадан көруге болады.
Диаграмма №3
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz