Макраме өнерінің тарихына шолу



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
Қазіргі өркениетке ұмтылған қоғам талабына сай еліміздің іргетасын нығайтып, келешігін жалғастыратын, көкірегі ояу, саналы, арманшыл жастар екені даусыз. Альберх Дюрер айтқандай: Сенің алдында өнер көп, соның өзіңе пайда әкелетін біреуін таңда, оны зертте, қиындықтарына бас имей, шыдамдылықпен үйрен, өзіңе қуаныш сезімін алып келетін нәтижеге қолың жеткенше еңбектен. Осы тұрғыдан алғанда бір өнерді игеру, оны түсіну жаңа технология бойынша оқушылардың білімі мен шеберлігін арттыруға, ой- санасының дамуына мүмкіндік жасайды. Шығармашылық қабілеті дамыған, өнер тілін түсінген, өмірде бір мақсатқа қол жеткізіп үйренген оқушы кез келген істе осы қабілеттерін қолданатын болады. Мұғалімдерден қоғамның талап етіп отырған азаматтары осындай қабілетті, жан-жақты, ұлтының тарихын білетін, озық ойлы болуы қажет деп ойлаймын. Әр баланың ізденіс еңбегі жетістікке жеткізеді.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: мектептегі жүргізілетін технология сабағының негізінде бір кәсіпті меңгеруіме бағытталады. Қазіргі өркениетке ұмтылған қоғам талабына сай еліміздің дамыған елдермен қатар тұруы және ұлтымыздың болашағы үшін зерделі, білімді, өз бетімен іс-әрекет ете алу.
Қазіргі қоғамымызда рухани бай, терең білімді, өнерді бағалап, зерттей білетін, оны әрі қарай жалғастыра білетін, танымдық белсенділігі жоғары балаларды тәрбиелеп шығару мектептің міндеті.
ХХ ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытов сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол - жаңадан жаңаны табатын өнер деген екен. Сондықтан педагогика жаңалықтарын пән ерекшеліктеріне қарай қолдана білу, оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы.
Жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие үрдісін жаңаша дамыту, яғни, оның нәтижесінің көңіл толарлықтай болуын қадағалау жаңашыл-педагогтардың қолында.
Мектептегі үйірме сабақтарында макраме өнерін үйретуді жолдарын зерттеп, тиімді жолдарын қарастыру, оқушы ынтасын арттыруына, білімін толықтыруға, эстетикалық талғамын қалыптастыруға ықпалы боларын анықтау.
Зерттеу жұмысының мақсаты: макраме өнерін үйрену, оларды лентамен әрлеудің тиімді жолдарын түсіну және осы екі өнерді біріктіріп, түрлі бұйымдар жасаудың технологиясын қарастыру. Технология сабақтарында материалдарды сәндік-қолданбалы өнерде қолданудың ерекшеліктері және түрлі инновациялық әдістерді қолдану барысында:
макраме өнерінде қолданылатын материалдар түрін зерттеу және де технология пәніне ыңғайлы, яғни тиімді әдіс түрлерін анықтау;
технология пәніндегі инновациялық әдістің оқушыға тәрбиелік және танымдық тұрғыда берер әсерін зерделеу;
сәндік-қолданбалы бұйымдарын жасаудағы макраме өнерінің алар орны және түйін түрлерін дұрыс қолданудың маңыздылығы.
диплом жұмысының нәтижесінде макраме өнерінен заттар жасау.
Зерттеу объектісі: макраме және лентадан түрлі бұйымдарды жасау
Зерттеу жұмысының пәні: технология сабақтарынан тыс үйірме жұмыстарында оқушыларға лентамен түрлі бұйымдар жасауды және макраме өнерінің технологиясын үйрету. Бұл технологияны үйрету барысында қыз балаға тән әсемдікті көре, сезе білу дағдылары қамлыптасып, эстетикалық талғампаздығы арта түседі.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
еңбекке баулудағы макраме және лентадан түрлі бұйымдарды жасауды үйрену мазмұнын анықтау.
Зерттеу жұмысының нысаны: жалпы білім беретін орта мектептерде үйірме сабағында макраме өнерінен бұйымдар жасауда материалдарды дұрыс және тиімді қолдану жолдарын анықтау.
Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 МАКРАМЕ ӨНЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ҚОЛӨНЕРДЕГІ АЛАР ОРНЫ

1.1 Макраме өнерінің тарихына шолу

Рухани мәдениетіміздің зерттелу тарихын дәл мына уақыттан басталды деп басып айту қиын. Халықтық мәдениет қаншалықты көне болса, оның зерттелу тарихы да соншалықты тереңге таратады. Сол сияқты рухани мұрамыздың жиналуы, саралануы, насихатталуы да тереңге тамыр созады. Қай халықтың болмасын ұлттық мұрасы, халықтың қазынасы - қол өнері болып табылған. Қазақ қолөнерінің түрі, сапасы, өрнегі, бояуының өмірге келуі көшпелі өмірмен тығыз байланысты. Шебердің келуі көшпелі өмірмен тығыз байланысты. Шебердің қолынан шыққан бұйымдар күнделікті тіршілікпен қатар сол заманның ортақ қолөнер мәдениетінің баға жетпес үлгісі. Шебердің қолы ортақ деген мақал ел ішінде бекер айтылмаса керек. Нағыз шеберлікке жету үшін табандылық, іскерлік, талғампаздық, білім қажет. Шығармашылық ізденіс үстіндегі халық шеберлері тұрмысқа қажетті қолөнердің алуан түрлерін ойлап тапты. Өз ұрпағының "сегіз қырлы, бір сырлы"өнегелі, өнерлі болып өсуін мақсат еткен ата-анамыз өз бойындағы бар асыл қасиеттерін ұрпақтан ұрпаққа үйретіп келген. Халық шеберлері ұлттык қолөнер бұйымдарын жасау арқылы сол халықтың этикалық және мәдени ұлттық дәстүрін көрсете білген. Зерттеліп отырған жұмыста халқымыздың қолөнерінің бір ғана қырын ала отырып, қазақ қолөнерінің ұлттық ерекшелігімен сол қолөнердің заман ағымымен дамып келе жатқандығы негізгі арқау болған жайттарға шалу [1, 3 б].
Макраме - бұл ежелден бізге келіп жеткен қолөнер түрі. Макраме сөзінің негізі араб тілінде шілтер немесе шашақ дегенді білдіреді. Макраме (араб тілінде - тоқыма бау, шашақ, шілтерал турік тілінде -- шарф немесе майлық, шашағы) - өрнектеп өру техникасы. Кейбір деректер бойынша Еуропаға макраме өнері VIII -- IX ғасырларда Шығыс елінен келген. Бұл макраме техникасын Ежелгі Мысырда, Ассирии, Иран, Перу, Қытай, Ежелгі Греция елдеріде білген (Қосымша А). Макраменің өрлеуі біздің заманымызға дейінгі 9 ғасырдан бастау алады және осы уақыттан бастап макраме зерттеле бастаған.
Сол арқылы теңізшілер ақырындап алқа,көздер,тұмарлар тоқып, алыс елдердегі достарына берген 14 ғасырда теңізшілер өздерінін өнерлерін Испания, Үндістан, Қытай елдеріне таныстырған. Мадридта болған кездесуде табылған суреттерде сол кездегі өрнектер мен түйнектер белгіленген. Көп зерттеушілер макраме өнерінің тарихы Қытай немесе Жапония елі деп санайды. Археологтардың қазба жұмыстарының зерттеу нәтижесі негізінде сәндік қолданбалы өнердің бұл түрі қайдан пайда болғандығы белгілі болды. Мысыр елінде жүргізілген зерттеу нәтижесі негізінде макраме түйіндерін пайдаланған заттар төрт мың жылдан астам уақытты қамтыған.
Макрамемен төсек жапқыштарды, шілдерді, киімдерді өрнектеген (сурет-1). Ең алғаш бразиялық үндістер үрленетін төсек-гаммакты тоқып шыққан [3,10 б].

1-сурет. Үй интерьері, Жаммайка жастығы макреме өнерімен
1-сурет. Үй интерьері, Жаммайка жастығы макреме өнерімен

Сол кездегі бірінші рет макраме мектептері ашылған. Туринда Валентина Кавандалина 5-6 жастағы балаларға макраме тоқуға үйрететін мектеп ашқан (сурет-2). Ол макраменін жаңа түрін ойлап тапқан,ол макраме қазіргі кезде Кавандали деп аталады. Бұл әдіс екі түрлі жіппен түйнек жасағанда қолданылған.

2-сурет. Ковандали макраме техникасы

2-сурет. Ковандали макраме техникасы

Ковандали макрамесін кейде говелендік өру депте атайды. Өйткені фактура алынатын төсемнің говелендік әдіске ұқсас болғандықтан. Ковандали өрнектері тік және көлденең репс түйіндерінен тұрады. Өрнектерді дұрыс алу үшін қағаз бетіне схемасын құрастырып алу қажет,сол арқылы әр тор көзі қағаздың бір өрнек болып саналады. Ковандали техникасымен айқас кесте,тоқу кездерінде де жұмыс жасау қолайлы.
Макрамені суретшілерде өз жұмыстарында да қолданған. Ең бірінші рет Сандро Ботичели өз суреттерінде макрамені қолданған (сурет-3) . Сандро Ботичели өзінін Поклонение волхов деген суретінде қалпақты макрамемен бейнеленген. Осы суретінде алғаш макрамені суретеп шыққан [2,7б].

3-сурет. Макраме техникасымен Поклонение волховкартинасы

3-сурет. Макраме техникасымен Поклонение волховкартинасы

17 ғасырда макраме Италиядан солтүстік Еуропаға және солтүстік Америкаға тараған. Сол уақытта ғана макраме Англияда атақты бола бастаған. Еуропадағы сәнгерлер киімдерін түйнектермен көркемдеген (сурет-4). Үлгішілер әр түрлі музыкалық аспаптарға қаптар,перделер жасаған. Олар макрамені алтын түсті жіппен тоқыған. Макрамелер өшкен жоқ,олар тек қана өсе бастады,аттары да өзгерді. Әр түрлі уақыттарда макрамелер әрқалай аталған:төрт бұрышты тоқыма, түйнекті жаға,мексикалық жаға,түйнекті бахрома. Тек қана 19 ғасырда бұл өнер макраме деп аталған. Макраме түрікше аударғанда макрама, ал арабша миграмах деп аталған.Макраме өнерінің стилі жағыннан өзгеріске ұшырасада көркемдік безендірілуі мен орындалу техникасы өзгеріссіз қалды [2,8 б].

4-сурет. Сән әлемі

4-сурет. Сән әлемі

Біздің елімізде бұл макраме өнері өрнектеп тоқу атымен XIX - ХХ ғасырдың басында пайда болды. Әжелерміз бұл өрнектерді пайдалана отырып шашақтап орамалдар,жиекті әшекейленген шәлі,дастарханға майлықтар тоқыды. Осы уақытта макраме өнері сәнге айналған. Заман талабына сай қазіргі уақытада макраме өнерінен жасалатын сәнді сөмкелер, баулар, кружевные жағалылар, кашпо, сәндік қабырға әшекейлер, газетницы, дастархандар, терезе перделер және т. б сұранысқа ие. Қолөнердің бұл түріне ешқашан шығармашылық шектеу болмаған [1,6 б].

1.2 Макраме - қазақтың өрмек тоқу өнерінің жалғасы іспетінде және қажетті құрал-жабдықтар

Өрісі биік, өресі кең өнер атауының қай саласында болсын, жер жүзіндегі басқа да халықтар өзінің көне замандардан бері белгісіз болып қалғанымен, олардың аса дарынды, үлкен өнер иелері болғаны анық. Ол шеберлер ғасырлар бойы үй тұрмысында қолданылатын әр түрлі бұйымдар жасап, олардың көркемдеп сәндеумен болған. Ол бұйымдарды әдемілігіне, шебер жасағандығына қазір де қарап көз тоймайды. Қазақ қол өнерінің жолы, өзіне тән даму тарихы бар. Ол тарих сонау көне замандардан басталады. Қазақ халқы өзінің күн көріс тіршілігіне қажетті үй-жай салуды, киім кешек тігуді, азық-түлік өндіруді өзінің тұрмыстық кәсібі етіп, оларды күнбез-күн тіршілік барысында пайдаланса, әсем бұйымдар жасап өмірде сән салтанат құра білді. Халық шығармашылығының қандай түрі болсада халық өмірі мен, сол халықтың қоғамдық тарихымен, кәсібімен тығыз байланысты болады. Қазақ халқының қол өнері оның тарихымен бірге өсіп, біте қайнасып келе жатқан бай қазына. Ол тек қазақ халқының ғана емес Орта Азия, Ресей халықтарының өнерімен ұштасып келеді [4,13 б].
ХІХ ғасырда және ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ халқының қолөнері ішінде киіз үйдің сүйегін, ағаш төсек жасау, ағаш өрнектеу, кесте тігу, киіз басу, кілем тоқу, өрмек тоқу кең өріс алды.
Қазақ халқында да өріп-түю өнері ерте кезден қалыптасқан. Киіз үйге басқұр, уықты әдемілеуге шашақтар, түндікке арналған бауларды өрмектеп тоқыған (Қосымша Б).
Өрмек қазақ арасына кеңінен таралған қолөнердің бір түрі. Өрмек тоқу - халық қолөнерінің тоқу ісінде қолданылатын өте қарапайым әдісі, яғни мұны тоқу станогы десе де болады. Қазақ халқы арасындағы тоқымашылық өнердің бір түрі, осы өнер арқылы бау, терме бау, басқұр, алаша, тақыр кілем, түйе жабу, ат кежім, ер жабу, терме алаша түкті кілем, шекпен, шіидем, қоржын, дағар, егенше, кесе қап, арқан тағы басқаларды тоқуға болады. Өрмек тоқуда кежым тоқу, бұқар теру әдісі қолданылған. Бау, терме бау, басқұр, алаша, тақыр кілемдерге ''ирек'', ''тарақ'', ''қошқар мүйіз'', ''шырша'', ''қурайгұл'', ''шөп гүл'', ''жүрекше'', ''көз'', ''айшық'', ''жұлдызша'' сияқты өрнектер түсіріледі өрмек тоқылатын жіп қойдың және түйенің жұмсақ жүндерінен түтіліп, сабалып, шүйкеленіп онан соң ұршыққа иіріледі. Ол қайық, серу жіп, қылыш, адарғы, мосы ағаштың көмегімен күзу (күзеу), арқау жіптер арқылы ерсі (ерсі жіп) тоқылады. Тақталы алаша, терме алаша, басқұр әр түрлі боялған түрлі-түсті жіптен, ал шекпен тайлақ жүнінен арнайы оң, теріс иірілген жіптен тоқылады. Өрмекке арналған жіптің аралары ұзындығы 15 - 25 см, 15 - 20 см етіп үш қазыққа іліп, айналдыра төгіп шығады. Содан соң төгілген жіп күзеуге байланады да, одан кейін жіп қазықтар арасына төгіледі (сурет -6). Соңынан өрмектің екі басы керіліп байланады, ал күзу жіп мосы ағашпен керіледі. Сонда ғана өрмек тоқуға даяр болады. Күрделі техникасыз, кез келген жағдайда қолданып, керекті жабдықтары оңай табылатын өрмектің екі түрі бар.
Аспалы немесе термелі өрмек (кілем сияқты тұтас, енді заттар тоқылады);
Жай өрмек (шекпен, алаша, қап, қоржын, белбеу, терме бау, басқұр сияқты енсіз нәрселерді тоқуға арналған) [5, 248 б].

5- сурет. Өрмек басындағы тоқымашы. Н.Г. Хлудов. 1905 ж.
ҚР МОМ қорынан (КП 3643)

Өрмекке арналып иірілген жіптер істелетін бұйымдарға, жасалатын жолақтарға, өрнектерге қарай бірнеше түсті болады және ол түстер бөлек-бөлек домалақтанады. Тоқылғанда заттың ұзын бойына жұмсалатын бұл жіптер кейде жалаң қабат, кейде екі қабат иіріледі. Халық қолөнерінде көбірек қолданып жүрген өрмектің осы екінші түрінде - жай өрмекке тоқталып өтейін.
Жай өрмекті құрып, тоқу үстінде пайдаланылатын мынадай жабдықтар болады:
өрмек өрісінің қазықтары;
күзеу шыбығы - қабатталған шиден. түзі тобылғыдан, сымнан жасалады;
адарғы - екі жақ шеті жүздендіре жонылған, ортасы сәл дөңес, ені 20-25 сантиметрдей тақтай;
есепші немесе кергіш сабау, оны сару ағаш, беру жіп деп те атайды;
қылыш - өзі шынында да қылыш тәрізді, сырт жағын (жетесі) 3-4 миллиметрге дейін, дүз жағын 6-7 миллиметр шамасында ғана, жұқарта жонып, ортасын дөңестеу еткен, ені 12-15 сантиметр жалпақша келген ағаш;
арқау шөлмегі (жүгіртпе) екі басының аз ғана ашасы бар 20-30 сантиметрдей түзу таяқша;
арқалық - 1-1, 20 метр шамасындағы түзу таяқ (диаметрі 3 см);
көтерме немесе мосы - басы біріктірілген 3 ағаштан тұрады;
екі басын тұяқтап байлататын бақылау жіп (бөлік жіп);
өрмек жіптер. өрмекке арналып иірілген жіптер істелетін бұйымдарға, жасалатын жолақтарға, өрнектерге қарай бірнеше түсті болады және ол тұстар бөлек-бөлек домалақтанады.
Тоқылғанда заттың ұзын бойына жұмсалатын бұл жіптер кейде жалаң қабат, кейде екі қабат иіріледі. шекпен жіптерін жиек жіптер сияқты оңақай, солақай етіп иіре береді [5, 248 -251 бб]. Осындай әзір жіптерді мөлшерлеп отырып, екі топқа бөледі:
1-шісі өрмектің күзеуіне ілінетін үстіңгі жіптер;
2-шісі күзуге ілінбейтін астыңғы жіптер. Өрмекшілер тілінде үстіңгі жіпті ерісің деп, астынғы жіптер қарсысың деп атайды.
Арқау - бұл ерсі мен қарсы жіптердің арасында көлденең отыратын жіп, арқау тоқылатын нәрсенің қалың және жұқалығына қарай, кейде ерсі және қарсы жіптерінің жуандығымен бірдей, кейде одан жуан болып иіріледі. Күзу - бұл тоқылмайды, тек тоқылатын жіптерді ажыратып, әр қайсысын өз орнына түзу үшін қолданылады. Күзу жіптің мөлшері бір алқым шамасында, ол өте ширақы және екі қабат етіліп түйе жүнінен иіріледі де, соңынан ыспаланады. Күзу жіп болмайды. Өрмек жібінің өрісін (ұзындығы) өлшеп, оның неше метр немесе құлаш болатынын анықтап алған соң, жазық жерге әлгі өлшемді тең төрт бұрышқа бөліп 4 қазық, кейде үш бұрышты өрім жасап, үш қазық қағады. Өрмек құрылатын жер шөгірсіз, бұтасыз тегіс жер болуы және малдың, адамның көп жүретін аяқ асты болмауы керек. Өрмек құрушы шеберлердің көз мөлшері, көңіл есебі күшті келеді. Мысалы: өрмектің өрісі 20 метр болса, онда төрт бұрыштың әрбір қабырғасы 5 метрден келеді. Бұдан кейін сол 4 қабырғаның бірінің орта шенінен бесінші қазық қазылады, оған қатар арқалық, арқалыққа жабыстыра күзу шыбығын бекітеді.
Бесінші қазық пен арқалық қаданың арасы 20-25 см қашық тұрады.
Өрмектің ерсі және қарсы жіптерін екі адам алады да, өрістің 4 қазығын айнала жүріп, соған төгеді. Мұны өрмек жүгіру деп атайды. Егер ерсі жіптері бірнеше түсті болса, онда әлгі 2 адам оларды санай отырып кезекпе-кезек төгеді немесе бірнеше адамдар бөліп алып жүгіреді. Өрмек жіптері жерге түсіп, шөп шаламға былғанбау үшін және жүгірген кезде жіп домалақтары тез домалап, тез ағытылуы үшін, жүгірушілер әр домалақты ернеуі тегіз аяққа, табаққа салып алып жүреді.
Бесінші қазық пен арқалықтың қасында отырған адам өрмек құру ісінің тәжірибелі шебері болуға тиіс. Ол басы түзу шыбыққа бекітілген күзу жібінің шағым домалағын алады да, ерсі жіпті бір шалып, арқалықты орай күзу шыбығынан тағы бір рет жарты қазықбау байлауымен өткермелейді. Ал қарсы жіпті шалмай, тек арқалықтың сыртынан бесінші қазыққа іле салады. Осы тәртіппен жүргізілген өрмек жібінің бірі күзуге шалынып, екіншісі күзуге шалынбай бос қалып отырады. Мұны ңөрмек шолуң дейді.
Өрмек жүгіру біткен соң қазықтарды суарып тастап өрістегі жіпті екі еселеп жинайды. Сонда жіптердің екі жақ басы тұйық болып шығады. Мұның бір тұйығын өріске апарып, қазыққа кигізеді.
Екінші тұйығынан көлденең бір ағаш өткізеді де, оны тартып тұрып, жерге төсей бекітеді. Күзу шыбығы мен арқалықты көтеріп өрмек көтермесіне ілінеді. Дұрыс шалынған өрмек жіптері енді екіге бөлінеді. Демек, күзудегі жіп жоғары шығады да, бос жіп күзудің астында қалады. Бұдан кейін арқалықтың алдыңғы және артқы жағынан итіс-тартыс екі айқыс пайда болады. Арқалықтың асты, яғни екі жіптің арасы 10-15 см қуыс болады, бұл қуысқа қылышты өткізіп қояды. Енді алдыңғы айқас жіптерді ажыратып, қолмен санап отырады да, астыңғы жіпті үстіне шығарады. Ал үстіңгі жіпті астына түсіріп, бұл араға адарғыны сұғып қояды. Адарғымен бақылау жібін өткізіп, оның екі ұшын қоса тұйықтап байқайды. Жіп үзіліп немесе қосарланып шатаса қалса, оңай тауып алу үшін және жіптерді бір келкі керіп тұруы үшін, адарғы қоярда саналған жіпті 20-30 пардан топтастыра кергіш сабауға тізіп байлайды. Өрмек тоқушы күзудің астындағы 10-15 ашыққа арқау шөлмегін өткізіп алады да, арқауды көлденең қалдыра тартып тұрып, қылышпен нығыздап қағады. Бұдан кейін қылышты суырып алып, адырғыны қырынан көтере күзудің деңгейіне әкеледі. Сол кезде күзудің ілінбеген қарсы жіп адарғының қырымен 20-25 см жоғары көтеріліп, күзулердің ара-арасымен 10-15 сантиметрдей ерсі жіптің үстінен қуыс қалады. Тоқушы қылышты әкеліп осы қуыстан өткізеді де, жіптің арқауы үстінен пайда болған айқасын нығыздап қағады. Бұдан соң адарғыны кейін шегіндіреді. Күзеудегі ерсі жіптер тағы жоғары шығып, қарсы жіптердің үстіндегі қуыс қайтадан қалпына келеді. Тоқушы арқауды өткізіп алып тағы да қағады. Осы тәртіппен қайталанудың нәтижесінде ерсі жіп пен қарсы жіптердің үстіндегі қапсыра айқасып түсуінен барып өрмек тоқыла береді.
Киіз үйдің ішкі жасауы. Киіз үйдің ішкі жасауында тоқыма бұйымдар ерекше орын алады. Кереге мен уықтың қиысатын тұсына ені 30-50 см-лік терме басқұр тартылады. Одан бөлек, қанаттардың аралығын байланыстыратын таңғыш, уыққа байланатын жүннен тоқылған уықбау, сәндікке ілінетін шаңырақбау, желбау салпыншақтары, туырлық, үзік жолақтары - қолдан тоқылған бұйымдар болып табылады.
Алайда тоқыма бұйымдары арасында тықыр және түкті кілемдер, алаша, қоржындар ерекше орын алады. Әсіресе көшпелі тұрмыста қоржындардың орны ерекше болды. Қазақтың дәстүрлі өнерінің көне нұсқаларының бірі - түскиіз, төсек жапқыш. Түскиіз де әдемілік үшін киіз үйдің керегесін айналдыра ілінеді [7, 97 бет].
Киіз үйдің ішкі баулары:
басқұр - киіз үйдің ішін безендіру үшін, әр туырлықтың кереге басына үйкелмеу үшін уық пен керегенің түйіскен жерін сыртынан бастырып тағатын, өрнекті жалпақ құр;
үзік бау - үзіктің екі жиегінен екі немесе үш жерден айқастыра тартып керегеге байлайтын жалпақ терме бау;
бел-бау - туырлықтың керегеге тығыз жатуы және жел көтеріп кетпеуі үшін сыртынан бастырып буатын қыл арқан. Басқұр- киіз үйдің ішін безендіру үшін, әрі уық пен керегенің түйіскен жерін сыртынан бастырып тағатын өрнекті жалпақ құр. Басқұрдың ұзындығы киіз үйді айналдыра орап шығатындай болады. Ені 20 -- 30 см. Басқұрды өрмекпен терме тоқу, қақпа тоқу әдістерімен әр түсті жіп, арқау салып, ою-өрнекті етіп тоқиды. Түкті немесе ақ басқұр және түксіз немесе ала басқұр болып екіге бөлінеді ( сурет -6). Түкті (ақ) басқұрды түрлі-түсті жіптерді негізгі жіптерге түйіндеп, түкті ою-өрнек салып тоқиды. Түксіз (ала) басқұр әр түсті жіптерден алаша секілді тоқылады. Басқұрды түйе, қой және жылқы қылы қосылған ешкі жүнінен тоқиды [4, 42 бет].

6-сурет. Басқұр

6-сурет. Басқұр

Бел-бау. Бау әрқашан өзі қызмет атқаратын затына байлаулы, тағулы жүреді. Ол өз алдына шумақталып бөлек жиналмайды. Баулардың басты-бастылары мыналар: аяқбау-уықтың, бүркіттің, керегенің аяқбаулары; басбау - киіз есіктің тастамасы; балақ бау - бүркіттің аяғында жүретін былғары немесе айыс бау, тамақбау; құлақ бау; үзікбау; түндікбау; желбау; құрық бау т.б. баулар әрқашан өз орнында тағұлы немесе байлаулы жүреді. Баулардың бір басы (басталған жағы) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сәндік қолданбалы өнердің түрлері
СӘНДІК – ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР. ЕҢБЕККЕ БАУЛУДЫҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ
Қолданбалы өнердің негізгі шикізаты - тері өнімі
Тері илеу технологиясы
Кеңістікті жобалау. Көркем конструкциялау
Даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс
Жүсіпбек Аймауытов шығармаларындағы психологизм
Сахна тіліндегі сөйлеу мәдениеті
Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы әдебиет туралы айтыстар. ҚазАПП тұсындағы тұрпайы социологиялық сындар. Соғысқа дейінгі әдеби мұраны игеру мәселесі
Қазақтың ұлттық киімі бас киім
Пәндер