Қорқыт ата кітабы шығармасының зерттелуі


М А З М Ұ Н Ы
I. Кіріспе 1-бет
II. Зерттеу бөлімі
- Қорқыт ата туралы ақиқат пен аңыз 3-бет
- Қорқыт дәуірі және оның өмір сүрген кезеңі, тарихи келбеті---10-бет
- «Қорқыт ата кітабы» шығармасының зерттелуі 14-бет
- Баба жырының құрылысы, жырдағы басты тұлғалар бейнесі---18-бет
5. Қорқыттың өнегелі сөздері - ұрпаққа өсиет 20 - бет
III. Қорытынды 23-бет
Ұсыныс 24 - бет
Пайдаланылған әдебиеттер 25-бет
Күнделік 26-бет
Қосымша 27-бет
К і р і с п е
Зерттеу тақырыбының маңыздылығы «Қорқыт ата» кітабындағы Қорқыттың тарихи тұлғасы» тақырыбындағы зерттеу жұмысымда Қорқыт ата жырларына терең талдау жасай отырып, оның кім, қандай тұлға болғанын түптеп таныту мақсатында сол бабаның өмір сүрген кезеңі және тарихи тұлғасы, кемеңгерлік келбеті қоса қарастырылып, толымды ғылыми тұжырымдар жасалынды.
Киелі Сыр бойында дүниеге келіп, «Түркі дүниесінің рухани кемеңгері» атанған Қорқыт ата өмірі жайында айтылатын ақиқат пен аңызды айқындау, оның артында қалдырған мол мұрасын зерделеу - бүгінгі ұрпақ үшін парыз. Бұл тұрғыдан алып қарағанда дана Қорқыт атаның рухани бейнесінің сырын ашу арқылы сонымен сабақтастыра оғыз дәуіріндегі тарихи жағдайды және «Қорқыт ата кітабымен» етене сабақтас «Оғызнама» шығармасын қоса қарастырған.
Әлемге әйгілі Қорқыт атаның ғұмырлық жолына, сол кісінің атының жоғалмауына негіз болған, әрі оның даналығын танытқан «Қорқыт ата» кітабына және бұл кемеңгердің Сыр бойында қалған ізі - аңыздарына тереңірек үңілу біз үшін маңызды міндеттердің бірі болуы тиіс.
Қорқыт ата әлеміне, оның кемеңгерлік, рухани келбетін танытуға негіз болатын келелі мәселелерге үңілуде «Қорқыт ата кітабының» сыр-сипаты маңызды рөл атқарады. Бұл құнды кітаптың идеялық-мазмұндық сипаты, құрылымдық ерекшелігі мен ойдың стильдік берілуі тағы да басқа белгілері жөнінде зерттеген ғалымдар аз болмаған. Осындай ізденіс жұмыстардың арасындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтарды сараптап, бір жүйеге келтіру, ортақ бір түйіндемесін екшелеу - менің басты міндетім болды.
Зерттеу жұмысында «Қорқыт ата кітабының» мазмұндық құрылысы мен тұлғалар бейнесінің сомдалу сипатындағы ерекшеліктерді екшелей отырып, шығарманың мақсаты мен идеясын ашудағы қызметі жайында зерделенді.
Бұл жұмыс біздің бағзы заманғы бабаларымыздың әлемдік мәдениетке қосқан асыл мұраларын оқып білуге жетелейді. Сөйтіп, бүкіл ғаламдық өркениетті құндылықтардағы түркі үлесін, қазақ үлесін танытуға жол ашып, ежелден рухы биік ел екенімізді мәлімдейді.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері . Жұмыстың басты мақсаты дана Қорқыт атаның рухани бейнесінің сырын ашу арқылы сонымен сабақтастыра оғыз дәуіріндегі тарихи жағдайды және «Қорқыт ата кітабы» мұрасымен етене сабақтас «Оғызнама» шығармасын қоса қарастырып, осы бағыттағы кейбір шешімін таппаған жұмбақ жәйттердің сырын ашу, атап айтқанда, оғыздардың бұл екі эпосының өзара туыстас, бір-бірінің жалғасы екенін ғылыми негізде дәлелдеп көрсету, «Қорқыт ата кітабындағы» жырдың құрылымдық оқиғаларының логикалық жүйесі және шығарманы мазмұндық топтарға бөліну ерекшелігін зерделеу болып табылады.
Бұл мақсатты орындау үшін мынандай нақтылы міндеттерді атқару қажет деп білеміз:
- Қорқыт атаның өмірі, рухани болмысы жайындағы ақиқат пен аңыздардың ара жігін айқындау;
- Қорқыттың өмір сүрген кезеңі мен келбетін тарихи тұрғыдан зерделеу;
- Баба жырының құрылымдық қасиеттері мен стильдік сипаттарын сараптау;
- Қорқыттың өнегелі сөздерінің мән-мағынасын айқындау.
Жұмыстың теориялық және практикалық мәні .
- Ұсынылып отырған жұмыстың нәтижелерін мектепте Қорқыт және «Қорқыт ата кітабы» шығармасы жөнінде мәлімет жинаушыларға, әдебиетке деген қызығушылығы бар талапкер жастарға пайдалануға болады;
- оқушылардың Қорқыт және «Қорқыт ата кітабы» шығармасы жөнінде реферат жұмысы мен ғылыми жоба жазу барысында көмекші құрал бола алады; .
- «Қорқыттану» курсының бірізді бағдарламасы жасалынып, сол негізде ұрпақты Қорқыттың ғибраты мол нақыл сөздерімен сусындату, ұлтжандылыққа, батылдыққа тәрбиелеуге болады.
Зерттеудің нысаны ретінде Қорқыт ата туралы ақиқат пен аңыз арасындағы сабақтастықты айқындау, оның тарихи келбетін, өмір сүрген кезеңі тұрғысында таныту, «Қорқыт ата кітабы» шығармасының құрылысы мен басты тұлғалардың бейнесін сомдаудағы ерекшеліктерді ашу, Қорқыттың өнегелі ойларын ұрпақ бойына дарыту алынды.
Зерттеу жұмысының жаңалығы. «Түркі дүниесінің рухани кемеңгері» атанған Қорқыттың өмірі, келбеті жайындағы тарихи зерттеулер мен аңыздарды салыстыра отырып, ортақ бір түйіндемеге келтіру - бүгінгі әдебиет тарихы ғылымының маңызды міндеттерінің бірі. «Қорқыт ата кітабы» шығармасы жайындағы ізденіс зерттеу жұмыстарының арасындағы айырмашылықтары мен ұқсастықтарын сараптап, бір жүйеге келтіру, «Қорқыт ата кітабының» мазмұндық желісінің идеялық мақсаты негізінде 12 жырды топтастыру, логикалық жүйесі бойынша ретке келтіру қарастырылады. Сонымен бірге, Қорқыттың өнегелі сөздерінің өміршеңдігін өзінен кейінгі әдебиет өкілдерінің пікірлерімен үндестігі салыстырыла сипатталған.
Зерттеудің әдістері. Мәліметтерді жинақтау, саралау, баяндау, әдеби-ғылыми талдау әдістері басшылыққа алынды.
Зерттеудің құрылымы. Жұмыс кіріспеден, бес бөліктен тұратын зерттеу бөлімінен және қорытындыдан тұрады . Пайдаланылған әдебиеттер тізімі соңынан беріледі.
Қорқыт ата туралы ақиқат пен аңыз
Күллі тіршілік атаулының иесі құдіретті жер-ана топырағына таңертең табаным тигенде - ойсызда кешірілмес күнә жасағандай тосыннан селк ете қалып, тұла бойым аяз қарығандай дірілдеп қоя береді. Себебі, сол алақанның аумағындай ғана аяқтың ұшы тиген титімдей жерде талай ғасырлардан бері жүздеген үрпақтардың табанының табы жатқаны, тіпті, осы киелі топырақты қорғауда, қастерлеуде, сол үшін таласта талай-талай жандардың көз жасы тамып, маңдай тері ағып, қызыл қаны төгілген, ашығырақ айтсақ, елі үшін қайғы жұтқан даналардың қасиетті сүйегі жатқаны көзге елестейді.
Енді осыған өзіміз айқын білетін - қағандық дәуірден бергі ұлы ойшыл, батыл тұлғаларды тіркеңіз. Олай деуіміз - Қазақстан жері, әсіресе Сыр бойы бағзы заманнан түркілердің ата жұрты болған. Бұдан соң одан беріректе, өткен ғасырларда - Сыр бойында ғұмыр кешкен жүзден астам ақын - жырауларды қосыңыз. Сол жыр күмбезін жасағандардың көпшілігі осы өңірде дүниеден өткен. Бірақ солардың бәрінің дерлік мүрдесі қайда қалғаны белгісіз. Расында да, сол әруақты - арқалы бабалардың сүйегін абайсызда күнде басып жүрген шығармыз?! Сонда деймін-ау, жер бетіндегі барлық затқа жан беріп, асырап, тіршілік еткізіп тұрған да, санаға нұр төгер дана, кемеңгерлерді де бауырына алып, сақтаушы да жер-ана емес пе? Демек, тіршіліктің нәрі де, рухани байлық мұрасы да жер-ана төсінде сақталынады екен. Соған сәйкес жұмыр басты пенделердің барлығы да тұрған өңірдің топырағын әр кез басарда мейірімді жер-анаға тағзым етіп, құдіретті Тәңірге табынып барып алға аттағаны дұрыс болар еді. Сөйтсек ғана жер-ана ажарлы қалпында сақталынып, бәрімізге шапағатын аямай тигізері анық.
Негізінде, туған жердің сынық сүйем жері бабаларымыздың қаны мен теріне және адамзаттың азапты әрі қысқа ғұмыры жайлы толғанып, өксіген қасиетті даналардың көз жасына иленген шежіре - жыр - тарих - мұңлы ой.
Екіншіден, қазақ жері астыңғы қабаттарындағы табиғи мол қазба байлықтарымен дүниені өзіне қызықтыра қаратса, дәл сол өскен жердің рухани кеніші әлгіндей материалдық байлықтан бірнеше есе көп, әрі сан қырлы. Тек соның тілін тауып сөйлетсе дүниені тамсандырар, тас жүрекке де сәуле берер небір асыл көмбелердің сыры ашылары айғақ. Өйткені, біздің халық «жаным - арым садағасы» деп рухани мұраны еселеп дамытуға жабыла жұмылып, соны мөлдіреген тамшыдан құрап, шалқар - дария етіп қалыптастырған ғой! Бұған мысал ретінде қазақ даласының бір бөлігіндегі - Сырдария өзенін алайық.
Басқасын айтпағанның өзінде, күллі түркі тілдес халықтардың рухани бесігі іспеттес Жанкент, Түркістан, Отырар қалалары осы дария бойында.
«Қорқыт ата кітабы»
«Оғызнама» «Диуани хикмет»
Әлем мәдениетінің асыл қорынан алған
көне түркілердің әдеби мұралары
«Ақиқат сыйы» «Махаббатнама» «Көрұғлы» «Алпамыс батыр»
Осы қымбат дүниелер осы Сыр өңірінде жасалған.
Бұл атағандарымыз кейінгі кездері аздап сөз болып, ептеп зерттелініп, сыр-сипаты біршама таныла бастаған көне шығармалар. Ал, осы кезге дейін арнайы қарастырылмаған, тек рухани мұралардың аты сақталынғаны болмаса, ешқандай нұсқасы қолға түспей жүрген қымбат шығармалар қаншама десеңізші?! Бұл жайлы профессор Ә. Қоңыратбаевтың: «Жанкентте (Сыр) Оғыз-қыпшақ ұлысы жасалған еді. Оларды оғыздардың үш саласы дейміз. Бұл ұлыстар 300-400 жыл өмір сүрген болса, сол дәуірден қалған жазбалар көп. XII- XV ғасырларда авторлары бар жазбаларт көбейді. Соның қатарына XII ғасырда туған Яссауи, Сүлеймен Бақырғани поэзиясын, 1313 жылы Сунақта жазылған М. Хорезмидің «Махаббатнама» дастанын, Сарай Берке ақыны Құтыптың «Құсырау уа Шырын», Бұқарлық Рабат Оғузидің «Қиссасүль энбиясын» (1310) жатқызамыз. «Оғызнамадан» бастап сол жазбалардың бәрі де оғыз тілінде көрінген еді» - дегенінде елеулі шындық бар.
Ірі ғалым Ә. Қоңыратбаев тек оғыздар ұлысының Сыр бойында дәуірлеген кезеңін ғана айтып отыр. Оның ар жағында ұзақ-ұзақ ғасырларда жасалынған көне мұралар әлі зерттелініп табылып, сөз болған емес. Мысалға біздің дәуірімізге дейінгі YIII - YII ғасырлар аралығында жасалынған, көлемді-көлемді 21 кітаптан құралған «Авеста» даналық шығармасы алғаш осы Сырдарияның төменгі ағысы мен Арал теңізі өңірінде жасалынғанын көптеген шығыстанушы ғалымдар мойындап отыр.
Зерттеп қарасақ, сол қасиетті «Авеста» кітабынан бері қарай көне түркі шығармаларындағы дәстүр жалғастығы үлкен арнаға айналып, қазіргі әдебиетімізге тұтаса жалғасып жатыр. Өйткнні, Қазақстан мен Орта Азиядан бастап Енисей, Орхон, Дон, Каспий, Қара теңізге дейінгі ұланғайыр аймақты, яғни кемеңгер бабамыз Оғыз хан айтқан - дүниенің төрттен бірін билеген жауынгер көне түркілердің негізгі ата мекені Қазақстан аймағы, түпкі астанасы сол Сыр өзенінің төменгі ағысы тұсындағы Жент, Жанкент қалалары болған. Ал кейін, сегізінші-он бірінші ғасырлар аралығында оғыз ұлысы мықтап дамыған тұста да Жанкент шаһары солардың ел билейтін әкімдері түпкілікті түрде тұрған астанасы болып табылған. Бұл тарихи, ғылыми тұрғыдан дәлелденген нәрсе.
Осыған бүкпесіз көз жеткізетін тағы бір дәлел келтірейік. Бұдан бірнеше ғасыр бұрын жасаған парсы тарихшысы, әрі ғалымы Рашид ад-Дин «Оғызнама» шығармасы жайлы еңбегінде Оғыз хан жөнінде айта келіп: «Оғызың әкесі өлгеннен кейін байқалғаны, Оғыз (көзі тірісінде) бағзы заманда бір қала тұрғызып, оған Енкент деп ат қойды», - дейді. Осы дерекке сүйенсек, Янкент-Жанкент Оғыз ханнан да бұрын үлкен шаһар болған. Демек, осы қалада сол кезеңдерде соншама кең байтақ жердің, елдің тұтастығын, бірлігін, мәдениетін, әдебиетін, өнерін жасауға, сақтауға қатысқан сандаған даналар, ғұламалар, абыз, ақын-жыраулар өмір сүргені сөзсіз. Солар жасаған рухани мұраларды зерттеп біліп, бүгінгі ұрпаққа табыс
ету қазіргі баршамыздың борышымыз болып табылады.
Бұл деректерді әдейі келтіріп отырған себебіміз - осы жұмыста дана Қорқыт атаның рухани бейнесінің сырын ашу арқылы сонымен сабақтастыра оғыз дәуіріндегі тарихи жағдайды және «Қорқыт ата кітабы» мұрасымен етене сабақтас «Оғызнама» шығармасын қоса қарастырып, осы бағыттағы кейбір шешімін таппаған жұмбақ жәйттердің сырын ашу, атап айтқанда, оғыздардың бұл екі эпосының өзара туыстас, бір-бірінің жалғасы екенін ғылыми негізде дәлелдеп көрсету мақсат етілді.
Өткен дәуірден-ақ Сыр сүлейлерінің Отаны - Қармақшы ауданының төңірегі болып, жыр күмбезі де сол жерде көтеріліп, жыршы, жырау, термеші, әнші өнерінің баяғы қалпын сақтап, толастамай үдере дамуының сыры неде? Бәлкім, жыр мен күйдің атасы, болашақты болжаған кемеңгер Қорқыт атамен бірге бұл халықтық өнерлер тұтастай осы өңірде қонақтап қалған шығар?! Өйткені, түркі дүниесінің рухани көсемі атанған кемеңгер Қорқыт атаның қабірі-мазары Қармақшы ауданының орталығы Жосалы қыстағының батыс жағында - айқайлаған дауыс жететіндей жерде. Әсілі, ел аузындағы:
Жыраудың үлкен пірі Қорқыт ата,
Бата алған барлық бақсы асқан ата.
Таң қалып жұрттың бәрі тұрады екен,
Қобызбен Қорқыт ата күй тартқанда, -
деген жыр жолдары тегіннен-тегін айтылмаған болса керек. Осы ой жетегімен әлемге әйгілі Қорқыт атаның ғұмырлық жолына, сол кісінің атының жоғалмауына негіз болған, әрі оның даналығын танытқан «Қорқыт ата кітабына» және бұл кемеңгердің Сыр бойында қалған ізі - аңыздарына ынтызарлықпен үңілдік.
Түрлі зерттеулер, іздестірулердің нәтижесінде көне дәуірдегі рухани мұраларымызды жасаушылардың ең ардақты тұлғаларының бірегейі, түркі тілдес халықтардың, әсіресе, қазақ жұртының классикалық эпостық жырларының негізін қалаған, Орта Азия мен Қазақстан және Кавказ өңіріндегі бірнеше елдердің тәңірдей табынған пайғамбарына айналған Қорқыт ата алдымыздан көлбеңдей шықты.
Енді сол Қорқыт ата әлемін, оның кемеңгерлік, рухани келбетін танытуға негіз болатын келелі мәселелерге назар аударайық, сөйтіп, Қорқыт арқылы қазақ философиясының төркініне үңілейік. Бұл дүниеден бағзы заманда өткен кемеңгер, данышпан, ғұлама, ақын-жыраулардың есімін ұрпақтан-ұрпаққа шынайылықпен жеткізетін ең бірінші құрал - солардың даналық ойы, сөзі, жыры түскен жазба дүниелер. Олардың рухани келбетін де әуелі сол қағазға жазылған мұралар арқылы танып, тұжырымдаймыз. Сондықтан алғашқы сөзді осы бағытта маңдайға тұтар асыл қазына «Қорқыт ата кітабы» шығармасының сыр-сипатына үңілуден бастаған жөн.
Жалпақ әлемдегі адамзаттың бәрі ардақтап, құдірет тұтатын ұлы тұлғалардың қатары саусақпен санарлықтай. Әрине, ондай атақ-даңққа даналардан асқан кемеңгерлер ғана ие болатыны белгілі. Міне, сондай данышпандардың бірі - Қорқыт ата. Ол үлкен ақын, кемеңгер әрі асқан күйші, ел басқарған көсем, адам өмірін ұзартудың, оны мәңгі жасатудың емін іздеген данышпан, әлем құпиясын ашуда ой толғап, терең болжамдар айтқан ірі философ. Болашақты болжаған сәуегей, қобызда сарын тартып, табиғаттың жұмбақ сырларымен тілдескен ұлы абыз және өз дәуірінде халықтың бірлігін, татулығын, тыныштығын сақтауда даралана танылған тарихи ірі тұлға.
Түркі тілдес халықтардың ортақ перзенті, рухани көсеміне айналған Қорқыт ата ғайыптан пайда болған тұлға емес. Түркі елі бағзы заманнан ондай дана ойлы, халықты аузына қаратқан сөз зергерлеріне, батыр, билерге, алысты болжайтын абыздарға, арқалы жырау, ақындарға, өз жұртының қамын ойлаған атақты хандарға кенде болмаған. Табиғат - ана ерекше жаратқан бұл кемеңгер ежелгі заманана бері уақытпен бірге ғұмыр кешіп, ғасырлар жүрегінде сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, солармен бірге жасасып келеді. Бірақ, үнемі халық аузында айтылғандықтан Қорқыт ата есімі біртіндеп аңыздық дүниеге айналып кеткен. Бұл аяулы бабаның барша халық есінде сақталған данышпандық тұлғасы көмескіленбесін деген ниетпен Қорқыт атаның жасаған жыры оның өзі туралы, сосын рухани келбеті жайлы ғылыми тұрғыда зерттеу жұмысы қолға алынды.
Қорқыт ата - түркі халықтарының бәріне ортақ ұлы ойшыл-кемеңгер, жырау, күйші-қобызшы. Ол туралы деректер бізге үш түрлі жолмен жеткен.
Қорқыт жайлы деректер
Ел аузындағы «Қорқыт ата кітабы»
Қорқыт туралы Тарихи шежірелер
аңыз-әфсаналар
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылғы 12 қарашада «Қорқыт және түркі әлемі» халықаралық ғылыми-теориялық конференциясына қатысушыларға арнаған құттықтауында төмендегідей пікір айтты: «Түбі бір түркі халықтарының ортақ ойшылы саналатын атақты ақын, дәулескер күйші, философиялық мазмұны аса терең аңыздардың кейіпкері Қорқыт бабамыз - баршамыздың рухани болмысымыздың алтын арқауы болып табылады. Егемендікке қол жетіп, өзінің өткенініе көз жібере бастаған қазақ халқы үшін Қорқыт бабамыз қалдырған гуманистік ниеттегі дидактикалық мұралардың маңызы өзгеше зор дер едім. Өйткені оның осыдан он ғасырдан астам уақыт бұрын айтқан өсиет қағидалары қоғамымыздың бүгінгі тыныс-тіршілігімен де жақсы үйлесім тауып отыр.
«Өлген кісі тірілмес, өткен қайтып келмес», - дейді абыз өзінің сөзінде. Иә, өткенді қадірлеуге, одан сабақ алуға болады, бірақ оған қайтып оралу жоқ екен, тек ілгері ұмтылу қажет. Осы қарапайым айтылған кемел ойды
келешегіне үлкен бағдар белгілеп, әлемдік өркениет көшіне ілесіп, Орталық Азияның Барысы болуға бекем бел байлап отырған бәріміз де мұқият
зерделесек болады.
Аңыз бойынша Қорқыт бабамыз артына адамның өлімнен қашып құтылмайтындығы, оның ғұмырын жарық дүниеде бітірп кеткен жасампаздық ісі мен өшпес өнері ғана жалғастыра алатындығы туралы данышпандық пәлсапалық байлам қалдырды. Осы ғаламат ой әрбір саналы жанның ғұмыр бойы темірқазақ етіп ұстар бағдаршамы болуға лайық десек, қателеспейміз . . . » (67, 1) .
«Қорқыт ата кітабы» - түркі тектес халықтардың ежелгі тарихын, байырғы тұрмысын, әдет-ғұрпын, салт-санасын, ақындық дәстүрін танытатын эпикалық әрі тарихи мұра. Қорқыт ата хикаясы - VII - VIII ғасырларда Сырдария бойын мекен еткен оғыз-қыпшақ тайпалары арасында туып, сан ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа тараған, рухани қазына ретінде бүгінгі күнге дейін өзінің әдеби, тарихи, этнографиялық т. б. мәнін жоймаған, аса құнды көркем туынды.
Ал Қорқыт атаның өзі туралы бұл тақырыпты ұзақ жылдар бойы зерттеген ғалым Ә. Марғұлан төмендегідей пікір айтады: «Қорқыт - тарихи дәуірлерде Сырдария өлкесін қоныс еткен оғыз-қыпшақ тайпаларының ортасынан шыққан данышпан қария, ақылшы батагөй, асқан ақын (ұзан), болашақты болжап сөйлеген сәуегей кісі болған. Ол кісі туралы айтылатын қария сөз Азиядағы түрік тілдес елдердің көбінде бар. Бірақ қазақ халқы ескі оғыз-қыпшақ тайпаларының тарихи қонысына мирас болған, олардың түбегейлі ұрпағы болғандықтан, Қорқыт туралы айтылатын тарихи жырлар, аңыздар, ән-күйлер қазақ пен түркімендерде көбірек жолығады» ( 76, 135) .
Тарихи деректер мен халық шежіресі бойынша, Қорқыт - сегізнші ғасырда Сыр бойында өмір сүрген батыр, атақты ақын, сақан күйші, аңыз кейіпкері. Қорқыттың анасы қыпшақ тайпасынан, әкесі Қарақожа оғыздарынан екені мәлім. Міне, сондықтан да Қорқыт қыпшақтар мен сол кезде Сырдария бойын жайлаған оғыздар арасында екі жаққа бірдей ел ағасы атанған. Данышпан қарттың ұзақ жылдар бойы ел басқарған көсем болғанын, өз өмірінде үш хан тұсында уәзірлік қызмет атқарғанын дәлелдейтін тарихи деректер бар. Ал оның теңдесі жоқ күйші-композитор болғандығын халық жадында сақталған «Қорқыт ата күйі», «Қорқыт сарыны», т. б. музыкалық шығармалары дәлелдейді. Қазақ арасынан шыққан атақты күйші-бақсылар, ақын-жыраулар өздеріне Қорқыт атаны пір-ұстаз тұтқан.
Ел аузындағы аңыздарда Қорқыт ата өзінің жүйрік желмаясына мініп алып, халқына мәңгі жасайтын жерұйық іздеуші, ғұмыр бойы өлімге қарсы күресуші, өлім дегенді білмейтін ғажайып қайсар жан ретінде суреттеледі. Әйтсе де ол өмірінің соңында «өлмейтін нәрсе жоқ екен» деген пікірге келеді. Енді Қорқыт ата мәңгілік өмірді қобыз сарынынан іздейді. Ұлы күйші, кемеңгер жырау өзі іздеген мәңгілік өмірді шынында да тапқан секілді. Қорқыт атаның жан тебірентерлік сиқырлы күйлері, ұлағатты сөздері, әрбір жолы мақал-мәтелге айналып кеткен өлең-жырлары ұрпақтан-
ұрпаққа асыл мұра, мәңгілік қазына ретінде ауысып, мың жылдан астам
уақыттан бері өмір сүріп келе жатыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz