Химиялық элементтердің табиғатта таралуы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
"Жетісу облысының басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын
орталығы бар №22 орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Жоба тақырыбы:Адам ағзасындағы химиялық элементтердің әсері

Бағыт: Жаратылыстану

Секция: Химия

Оқушының аты - жөні: Энлыс Али
Сыныбы: 9 сынып

Жетекші: Бегалинова Тогжан Ануаровна,
химия пәні мұғалімі, модератор

Ғылыми жетекшісі: І. Жансүгіров атындағы ЖУ жаратылыстану ғылыми бағыт бойынша білім беру бағдарламаларының оқытушы - ассистенті, химия магистрі С.А. Маманова

Талдықорған қаласы 2023 жыл

"Адам ағзасындағы химиялық элементтердің әсері"

Мазмұны

I Кіріспе
1 Адам ағзасы туралы жалпы мәлімет
2 Химиялық элементтердің табиғатта таралуы
3 Адам организіміндегі химиялық элементтердің рөлі

II Жұмыстың зерттеу бөлігі
1. Химиялық элементтердің ағзадағы мөлшерінің өзгеру салдарынан туындаған ауру түрлері мен себептері.
2. Қант диабетінің алдын алып, емделу жолдары
Зерттеу саласын анықтау

III Қорытынды

IV Пайдаланылған әдебиеттер

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

Жобаның мақсаты: Адам ағзасына Менделеев кестесіндегі химиялық элементтердің маңызды екенін және олардың қандай рөл атқаратыны жайлы бағыт - бағдар беріп, өскелең ұрпаққа адам ағзасы химиялық элемент негізінен тұратынын дәлелдеу.
Міндеттері:
- Химиялық элементтер жайлы оқып танысу.
oo Адам ағзасына химиялық элементтердің әсерін қарастыру.
oo Азық - түліктер мен жеміс-жидектердегі химиялық элементтердің мөлшерін анықтау. Химиялық элементтердің ағзадағы мөлшерінің өзгеру салдарынан туындаған ауру түрлері
- Нәтижесін анықтап, қорытындысын шығару.
Жұмыс екі бөлімнен тұрады, біріншісі теориялық: химиялық элементтер жайлы ақпарат беру, адам ағзасына әсері туралы түсінік беру. Ал екіншісі болса практикалық, бұл бөлімде өзім азық - түліктер мен жеміс - жидектерге жүргізген зерттеулер. Химиялық элементтердің ағзадағы мөлшерінің өзгеру салдарынан туындаған ауру түрлерін айқындау, мысалы қант диабеті.
Болжам: егер де, адамдар өз денсаулығына көңіл бөлсе онда химиялық элементтердің қаншалықты денсаулығына әсерін тигізетінін толық түсінеді, яғни дұрыс тамақтанып, салауатты өмір салтын ұстанады.
Күтілетін нәтиже:
► мазмұнына сәйкес ақпарат беріледі;
► химиялық элементтердің ағзаға әсері туралы білетін болады;
► өз денсаулықтарына көңіл бөлетін бөледі.
►Ауруларға шалдығу себептерін біледі

Аннотация
Соңғы жылдары халықтың салауатты үмір сүруіне көп көңіл бөлінуде. Табиғаттағы өзгерістер және қоршаған ортаның әсері жайлы зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Топырақ, ауа, су - тіршілік көзі екендігі белгілі. Тіршілікке әсер етуші биогенді элементтер жайындағы ғылыми-жобалы жұмыстарды өзекті зерттеулердің қатарына жатқызуға болады.Соңғы жылдарда әлемдік жаһандану үрдісінде табиғатта тепе-теңдік жағдайында сақталып тұрған кейбір химиялық элементтердің адам ағзасында бірден көбейе түсуі және ағза үшін маңызы бар элементтер мөлшерінің кеміп кетуі байқалуда. Химиялық элементтердің барлығы да тиісті мөлшерден артық болса немесе азайып кетсе адам ағзасына кері әсер ететіні анықталған. Химиялық элементтердің табиғатта таралу жағдайларына жасалған зерттеулер бойынша жердің массасының шамамен 50%-ын оттек, 25%-дан астамын кремний құрайды. Он сегіз элемент - оттек, кремний, алюминий, темір, кальций, калий, натрий, магний, сутек, титан, көміртек, хлор, фосфор, күкірт, азот, марганец, фтор, барий - жер массасының 99,8-ын құраса, қалған 0,2%-ы барлық басқа элементтердің үлесіне тиеді.
Элементтердің ағза мен қоршаған ортада әркелкі таралуы олардың сіңірілуіне, табиғи қосылыстардың судағы ерігіштігіне байланысты. Суармалы жерлерден ж6лына 6 млн.т. тұздар шайылып, жер бетіне таралып отырады. Бұл көрсеткіш жылдар өткен сайын 12 млн.тоннаға дейін артатындығы жайлы ғылыми болжамдар бар.
Әр түрлі жасушалар мен ағзалардың түзілуі мен өмір сүруі үшін қажетті элементтер биогенді элементтер болып табылады.
Адамның ағзалары химиялық элементтерді әр түрлі концентрлейді, яғни микро-және макроэлементтер мүшелер мен ұлпаларда әркелкі таралады. Су-маңызды еріткіш және ол адамның мүшелерінде, ұлпаларында және биологиялық сұйықтықтарда әркелкі таралған, асқазан сұйығының, сілекейдің, қан плазмасының, лимфаның 99,5% - дан 90% - ға дейінгі аралығын құрайды. Су ресурстарының құрамын зерттеу, үнемі бақылау және мемлекет тарапынан қорғау іс-шараларын жүргізудің тіршілік үшін маңызы бар деуге болады.

Аннотация
В последние годы большое внимание уделяется здоровому образу жизни населения. Проводятся исследования изменений в природе и влияния окружающей среды. Известно, что почва, воздух, вода - источники жизни. К числу актуальных исследований можно отнести научно-проектные работы в области биогенных элементов, влияющих на жизнедеятельность. В последние годы в процессе мировой глобализации наблюдается немедленное увеличение в организме человека некоторых химических элементов, сохраняющихся в равновесии в природе, и уменьшение количества элементов, имеющих значение для организма. Было обнаружено, что все химические элементы негативно влияют на организм человека, если их количество превышает или уменьшается. Согласно исследованиям условий распространения химических элементов в природе, около 50% массы Земли составляет кислород, более 25%-кремний. Восемнадцать элементов- кислород, кремний, алюминий, железо, кальций, калий, натрий, магний, водород, титан, углерод, хлор, фосфор, сера, азот, марганец, фтор, барий - составляют 99,8% массы Земли, а остальные 0,2% приходится на долю всех других элементов.
Неравномерное распределение элементов в организме и окружающей среде зависит от их усвоения, растворимости природных соединений в воде. В год с орошаемых земель 6 млн.тонн соли вымываются и распространяются по поверхности. Есть научные предположения о том, что этот показатель по прошествии лет составит до 12 млн.тонн. Элементы, необходимые для образования и выживания различных клеток и организмов, являются биогенными элементами.
Органы человека по-разному концентрируют химические элементы, то есть микро и макроэлементы неравномерно распределяются по органам и тканям. Вода является важным растворителем и неравномерно распределена в органах, тканях и биологических жидкостях человека, составляя от 99,5% до 90% желудочной жидкости, слюны, плазмы крови, лимфы. Можно сказать, что изучение состава водных ресурсов, постоянный контроль и проведение охранных мероприятий со стороны государства имеют жизненно важное значение.

Abstract

In recent years, a lot of attention has been paid to the healthy life of the people. Research is being conducted on changes in nature and the impact of the environment. It is known that soil, air, water are the source of life. Scientific and project work on biogenic elements affecting life can be considered among the current researches. In recent years, in the process of world globalization, it has been observed that some chemical elements, which are kept in equilibrium in nature, immediately increase in the human body and the amount of elements important for the body decreases. It has been found that all chemical elements have a negative effect on the human body if there is an excess or a decrease in the appropriate amount. According to research on the conditions of distribution of chemical elements in nature, approximately 50% of the earth's mass is oxygen, and more than 25% is silicon. Eighteen elements - oxygen, silicon, aluminum, iron, calcium, potassium, sodium, magnesium, hydrogen, titanium, carbon, chlorine, phosphorus, sulfur, nitrogen, manganese, fluorine, barium - make up 99.8% of the earth's mass, the remaining 0.2% is accounted for by all other elements.
Different distribution of elements in the body and environment depends on their absorption, solubility of natural compounds in water. 6 million tons per year from irrigated lands. the salts are washed away and spread on the surface of the earth. There are scientific predictions that this figure will increase to 12 million tons every year.
Elements necessary for the formation and life of various cells and organisms are biogenic elements.
Human bodies have different concentrations of chemical elements, that is, micro- and macroelements are distributed differently in organs and tissues. Water is an important solvent and it is widely distributed in human organs, tissues and biological fluids, it makes up from 99.5% to 90% of gastric fluid, saliva, blood plasma, lymph. It can be said that the study of the composition of water resources, regular monitoring and state protection measures are important for life.

Кіріспе.
Адам денесі - адамның бүкіл құрылымы болып табылады, яғни бас, мойын, бағана, қолдар және аяқтар.

Биологтардың есебі бойынша ересек адамның денесі отыз триллион жасушадан тұрады. Адам денесі

жалпы 206 сүйектен құралады.Адам организмі - адам өмір сүруін қамтамасыз ету үшін бағытталған

функцияларды жүзеге асыратын өзара байланысты жүйелер жиынтығы.
Адам организмінде қаңқа жүйесін, бұлшық ет жүйесін, жүйке жүйесін, жүрек-қантамырлар жүйесін, дем алу жүйесін, ас қорыту жүйесін, зәр шығару жүйесін, репродуктивті жүйесін, эндокриндік жүйесін, иммунды жүйесін және жабынды жүйесін айқындайды.
Химиялық құрылысы: Адам денесінің органдары орта есеппен 60% судан, 34% Органикалық заттардан, 6% -- бейорганикалық заттардан тұрады. Органикалық заттардың құрайтын негізгі элементтер: көміртек(~18%), отеек(~65%), сутек(~10%) және озот(~3%), одан басқа фосфор(~1%) және күкірт(~0,25%). Бейорганикалық заттардың құрамына 22 химиялық элементтер -- кальций, фосфор, оттек, натрий, магний, күкірт, бор, хлор, калий, ванадий, маргнец, темір , кобальт, никель, мыс, мырыш, молибден, хром, кремний, йод, фтор, селен кіреді
Химиялық элементтер -- ядродағы зарядтары бірдей болып келетін атомдар тобы. Табиғатта кездесетін барлық жай және күрделі заттар химиялық элементтерден түзіледі. Элеметтер химиялық әдістер арқылы әрі қарай қарапайым затқа бөліне алмайтын химиялық заттар болып табылады. Олар белгілі атом саны бар біртекті атомнан тұрады.

Адам ағзасы химиялық элементтерді әр түрлі концентрлейді, яғни микро- және макроэлементтер мүшелер мен ұлпаларда әркелкі таралады. Макроэлементтер - көміртек, сутек, оттек, азот, фосфор - нәруыздың, нуклеин қышқылдарының және ағзаның басқа да биологиялық белсенді қосылыстарының құрамына кіреді. Нәруыздардың құрамында көміртек 51 - 55%, оттек 22 - 24%, азот 15 - 20%, сутек 6,5 - 7%, күкірт 0,3 - 2,5%, фосфор шамамен 0,5%. Көміртек, сутек және оттек көмірсулардың және липидтердің (майлар), ал фосфор, фосфолипидтердің құрамында фосфатты топтар түрінде болады. Көп мөлшерде липидтер бас миында, бауырда, сүтте, және қансұйықтығында концентрленеді. Сутек және оттек - макроэлементтері су молекуласын түзетіні белгілі, ал, ересек адам ағзасының шамамен 65%-ы су болып келеді.
Оттек пен сутекті көміртектің органикалық қосылыстарының тотығу және тотықсыздындыру қасиеттерін реттеуші ретінде қарастыруға болады. Қалған үш органоген - азот, фосфор, күкірт ферменттердің белсенді ортасын түзушілер. Элементтерді тірі ағзалардағы орташа мөлшеріне қарай үш топқа бөледі :
1.Макроэлементтер (оттек, сутек, көміртек, азот, фосфор, күкірт, кальциий, магний, натрий және хлор); ағзадағы мөлшері 10% - дан жоғары болады.
2. Микроэлементтердің (йод, мыс, мышьяк, фтор, бром, стронций, барий, кобальт) ағзадағы мөлшері 10%-15%.
3. Ультрамикроэлементтер - сынап, алтын, уран, торий, радий және т.б. Олардың ағзадағы мөлшері 15% - дан төмен.
Әр түрлі жасушалар мен ағзалардың түзілуі мен өмір сүруі үшін қажетті элементтер биогенді элементтер болып табылады.Тіршілік үшін маңыздылығына қарай химиялық элементтерді үш топқа бөледі:
1.Тіршілікке қажетті элементтер. Олар адам ағзасында үнемі болады және ферменттер, гормондар, дәрумендер құрамына кіреді : H, O, Ca, N, K, P, Na, S, Mg, Cl, C, I, Mn, Cu, Co, Fe, Zn, Mo, V. Олардың жетіспеушілігі адамның қалыпты өмір сүруін бұзады.
2.Қосымша элементтер. Бұл элементтер жануар мен адам ағзасында болады: Ga, Sb, Sr, Br, F, B, Be, Li, Si, Sn, Cs, Al, Ba, Cl, As, Rb, Pb, Ra, Bi, Cd, Cr, Ni, Ti, Ag, Th, Hg, V, Se. Олардың биологиялық маңызы осы уақытқа дейін толық зерттелмеген.
3.Өте аз элементтер. Адам және жануар ағзаларынан табылған, мөлшері және биологиялық маңызы белгісіз.
Жұмыстың зерттеу бөлігі.
Ағзаға белгілі бір элементтер жетіспесе, ол өз кесірін тигізеді. Денсаулығыңызда өзгерістер байқалса, дереу шара қолдану керек. Химиялық элементтердің ағзадағы мөлшерінің өзгеруіне әр түрлі аурулар әсер етеді. Мысалы, рахитпен ауырғанда фосфорлы - кальцийлі алмасу бұзылады да ағзадағы кальцийдің мөлшері төмендейді. Нефритпен ауырғанда электролитті алмасудың бұзылуының әсерінен ағзадағы кальцийдің, натрийдің, хлордың мөлшері азаяды да магний мен калий көбейеді. Ағзадағы макро- және микроэлементтердің мөлшерін гормондар реттеп отырады. Химиялық элементтердің адам ағзасындағы биологиялық орны әр түрлі болып келеді. Макроэлементтер - ұлпаның құрылысын, осмос қысымының тұрақтылығын, иондық және қышқыл - негіздік құрамын реттеушілер. Микроэлементтер қан жасалу, тотығу - тотықсыздану, тамырлар мен ұлпалардың өткізгіштігіне белсенді әсер етушілер. Макро - және микроэлементтер - кальций, фосфор, фтор, йод, алюминий және кремний, сүйек және тіс ұлпаларының түзілуін қамтамасыз етушілер. Микроэлементер ферменттер, гормондар, дәрумендер, биологиялық белсенді заттар құрамына комплекс түзушілер немесе активаторлар түрінде кіреді де зат алмасу, көбею, ұлпаның тыныс алу, улы заттарды залалсыздандыру үрдістеріне қатысады. Кейбір элементтердің мөлшері адам ағзасында жасы ұлғайған сайын өзгеріп отырады. Мысалы, кадмийдің бүйректегі және молибденнің бауырдағы мөлшері қартайғанда жоғарылайды.
Натрий басқа да микроэлементтермен өзара әрекеттесе отырып, қан тамырларынан ылғалды шығару мүмкіндігіне ие. Жасушалық қоректендіруді қамтамасыз ету үшін жаауапты. Ол жүйке реакцияларының және бұлшықет топтарының жиырылу тұрақтылығын ұстап тұрады. Натрий терлеген кезде сыртқа шығады, сол себепті оның ағзадағы мөлшерін қатаң бақылап отыру қажет.
Натрий жетіспесе шөлдің қанбауы, тәбет болмайды, жүрек айнуы, құсу, тахикардия - жүрек соғысы жиілейді, апатия күйін кешіп, жиі шатасу белгілері болады. Терінің серпімділігі азаяды, құрғап кетеді сонымен қатар "Анурия" - кіщі дәреттің шықпауы туындайды. Натрий ас тұзында көптеп кездеседі. Тағамдық өнімдердің ішінен теңіз балдырын айтуға болады. Сонымен қатар теңіз тұзы, тұздық, сорпа (сиыр етінен), соя құрамында бар.
Д дәрумені - бұл жай ғана витамин емес, ол шын мәнінде біздің ағзамызда шамамен 3000 генге әсер гормон. Ол имундық жүйе, инфекцияларға қарсы тұру және организмдегі жалпы қабынуды жеңу қабілетінде маңызды рөл атқарады.
Д дәрумені жетіспесе әлсіздік, сүйек деформациясы, бүкірею, салмақ жоғалту, тістің бұзылуы осындай қатардағы өзгерістер адам ағзасында пайда болады. Д дәрумені деңгейін толықтырудың ең жақсы тәсілі күн сәулесі астында жүру. Бірақ көбіміз осы дәруменнің жасанды түрін ағзадағы жетіспеушілігін толтыру үшін қажет етеміз. Егер сіз дәруменнің жасанды түрін қабылдасаңыз, оны D3 түрін сатып алғаныңыз жөн.
Магний астма және аллергиялық тұмауды жеңілдетеді. Магний жүйке және бұлшық ет жүйесінің саулығы, тіс және сүйектер үшін де маңызды. Магний теріні және шашты әдемілейді, тырнақтарды қуаттандырады. 300 ферменттің жұмысын жақсартады және осы арқылы зат алмасу үрдісіне әсер етеді.
Магний жетіспесе мазасыздық билейді, бастың жиі айналуы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта мектеп химия курсындағы металдардың жалпы қасиеттерін оқып үйретудің әдістемесі
Химия пәнінен дәрістердің қысқаша конспектісі
Табиғатта аз тараған, бірақ тіршілікте және техникада көп қолданылатын элементтер
Ағзаға қажетті химиялық өнімдер
Скандий элементі
Негізгі биогенді элементтердің биосферадағы айналымы
Төртінші негізгі топша элементтері
Химиялық элементтер
МЕКТЕП ХИМИЯ КУРСЫНДА БЕЙМЕТАЛДАРДЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Химияны оқытуда модульдік оқыту технологиясын қолдану әдістемесі
Пәндер