Фетр матасынан жасалған бұйымдардың пайдасы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе. Ғылыми жобаның жалпы сипаттамасы, ғылыми жаңалығы
мен зерттеу тақырыбының өзектілігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .3
І тарау. Фетр матасының техникасы және оның даму тарихы ... ... ... .6
І.1. Киіз басу өнері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
І.2. Фетр мата туралы: материалдың түрлері, ерекшеліктері, қасиеттері және қолданылуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12

ІІ тарау. Фетр матасынан жасалған бұйымдардың пайдасы ... ... ... ... .16
2.1. Менің жұмыстарым ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...20

Ғылыми жұмысымыздың негізгі мақсаты:
Ел ішінде кеңінен орын алған фетр матасымен жұмыс жасау түрлерін жинақтай отырып, фетр матасының шығу тарихына, өндіріс орындары туралы мәліметтер жинақтау. Оның оқушы бойына эстетикалық қабілеттерін дамытатындығын дәлелдеу. Адам өз қолымен жасалған сәндік бұйымдарды өз пайдасына жарата білуге шақыру. Жалпы өнімнің қолдануға дейінгі процесімен таныстыру, елімізге өнімнің қайдан келетінін анықтау.
Жұмыс кіріспе негізгі бөлімнен, қорытынды, ұсыныстармен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Теориялық бөлімінде фетр сөзінің мағынасына түсінік беріліп, шығу тарихы туралы мәлімен берілген.
Практикалық бөлімінде фетр матасымен жұмыс өнерінің түрлері, оны қолданушылар көлемі, насихаттаушылар саны мен оқушы қызығушылықтары салыстырмалы түрде көрсетіледі.
Фетр матасынан сәндік бұйымдар жасау жұмыстарының түрлерін анықтай отырып, оқушыларды өз еңбегінің жемісін қолдану әлдеқайда пайдалы, ұнамды екені туралы айтылады. Қолдан жасалған бұйымның артықшылығы дәлелденеді.

1.Кіріспе. Ғылыми жобаның жалпы сипаттамасы, ғылыми жаңалығы мен зерттеу тақырыбының өзектілігі.
Қай халықтың болмасын ұлттық мұрасы, халықтық қазынасы-қолөнері болып табылған. Халық шеберлері өз елінің ұлттық қолөнері бұйымдарын жасау арқылы сол халықтың этикалық және мәдени ұлттық дәстүрін көрсете білген. Зерттеліп отырған жұмыста халқымыздың қолөнерінің бір ғана қырын ала отырып, қазақ қолөнерінің ұлттық ерекшелігі мен сол қолөнердің заман ағымымен дамып келе жатқандығы негізгі арқау болған.
Қазіргі жағдайда біздің өміріміздегі қажетті мәселелердің бірі - эстетикалық белсенділігін тәрбиелеу. Эстетикалық сезім-адам өмірінде зор роль атқарады. Әсемдікті көре білу, түсіну, жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғарғы рухани ләззаттануға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде эстетикалық көзқарасты қалыптастыру- тәрбие барысында зейін салуды күн санап өсіруді талап ететін мәселе. Адамға тек қана өмірдің емес, еңбек, қоғамдық қатынастар, қоршаған орта, тәртіп, тұрмыс, табиғаттың да әсемдік жақтары ықпал етеді.
Адам өміріне эстетикалық көзқарас әрдайым қуатты күш ретінде көрінеді.
Көркемдікке және сұлулыққа баға беру үшін эстетикалық танымның маңызы зор. Эстетикалық таным, бұл өмірдегі, еңбектегі және табиғаттағы сыртқы әдемілік пен нағыз сұлулықтың арасын ажырата білу, өнер шығармаларына жоғарғы талап қою. Эстетикалық тәрбие беруде халықтық эстетикалық тәрбиенің маңызы зор.
Ел арасына, білім ордасына бірте-бірте тамаша үлгілермен еніп, оқушыларға жан-жақты білім мен тәрбие беруге, жаңаша еңбек етуге талпындырып отырады. Әрине бұл халықтық педагогика негізі болып табылады.Қайта жаңғырып, жастар тәрбиесіне арқау болып отырған халықтық педагогика-бұл кезде педагогтар қауымына емес, бүкіл қауымға ортақ әлеуметтік қозғалыс. Халықтық педагогика кешегі ойшылдар мен сал-серілерден,шешен-билерден, ақын-жыраулардан мирас болып қалған тәрбие құралы. Ұлттық педагогика жаңалық емес,ол ежелден халықпен бірге өмір сүріп келе жатқан тәлім-тәрбие мектебі.
Болашақ ұрпақтың сана-сезімін, ұлттық психологиясын,оны ерте замандағы ата-бабалар салт-дәстүрімен сабақтастыра тәрбиелеу қазіргі күннің ең өзекті мәселесі екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр.
Ұлттық педагогиканы насихаттауға қай пәннің болса да ыңғайы мен мүмкіншіліктері мол. Сонымен бейнелеу өнері және технология сабақтарында қолөнерге үйрету арқылы тәлім-тәрбие процесіне арқау ету қажеттігін күн тәртібі туындатты.
Басты мәселе - күнделікті өмірдегі әсемдіктің ең алғаш адам мен табиғаттың бірлескен әрекетінің күшімен пайда болғандығын ұғындыру. Халқымыздың тұрмысына енген қолданбалы қолөнер бұйымдары, олардың
әшекейленіп жасалуы, эстетикалық тәрбиеде өз алдына бір сала. Ағаш, тері, металл өңдеудегі өнері әлемге әйгілі.
Сонымен оқушылардың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу дамыған әсемдік сана мен талғамды, оны қабылдау және бағалау қабілетін қалыптастырудың мақсатқа бағыттала ұйымдастырылған процесі. Эстетикалық процесті тәрбиелеу жан-жақты және үйлесімді дамытудың жалпы жүйесінде ең алдымен өзіне тән қызмет атқарады. Ол іс-әрекеттің барлық өн бойындағы әсемдік нышанын анықтап, оны әсемдікке көзқарасының дамуы, білім алуы, қалыптасуы құралына айналдыру.
Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің негізгі құралы - өнер.
Қай халықтың болмасын өзінің қазынасының бірі сәндік қолданбалы өнері. Киіз басу, сырмақ сыру, текемет, алаша, шым-ши, құрақ көрпе және ұлттық киімдер мен кілем тоқу сияқты күні бүгінге дейін өз маңызын жоғалтпай келе жатқан сондай дәстүрлі қолөнер үлгілерін үйрету - адамды еңбексүйгіштікке, әсемдікке талпындырып, халқының тарихын біліп, мәдени мұрасын қадірлеп, дәстүрін жалғастыра білуге баулиды. Оның үстіне ұлттық қолөнер өзінің тарихы терең, мазмұны сан қилы ерекшеліктерімен болашақ жастарға рухани, эстетикалық, эмоционалдық, интеллектуалдық тұрғыда әсер етіп, олардың тұлғалық және салалық қасиеттерін дамыта түсері сөзсіз.
Сәндік қолөнерге үйреткенде белгілі шеберлердің туындыларына талдау жасап, мүмкіндігі болса еңбектерін көрсетіп, мұражайларды аралатып немесе шеберлердің жеке көрмелеріне апарып, оқушылардың қызығушылығы мен ой-өрісін ояту қажет деп санаймыз.
Оқушыларға тәрбиелік мәні бар халықтық мұралар аз емес. Қазақ халқының өнерін, іскерлігін, өнер шеберлерінің қолынан шыққан алуан түрлі заттар мен бұйымдарды айтып, бұрынғысымен бүгінгісін салыстыра отырып, өнерді сүюге, құрметтеуге баулу, бүгінгі шәкірттерді ертеңгі еңбеккер, жан-жақты жетілген азамат етіп тәрбиелейді, оқушылардың жүрегіне жол тауып, олардың бойында еліне, жеріне, өнерге деген сүйіспеншілігін, пәнді оқып үйренуге деген ынтасын, құштарлығын арттыру, қолөнерін жас-жеткіншектердің санасына жеткізудің құралы.
Ою - өрнекке мән беру, үйрену арқылы қабілетіміз қалыптасады.
Қолөнерді игеру арқылы кез келген істі төзіммен аяқтауға жаттығамыз және еңбек етуге үйренеміз.
Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. Фетр матасының техникасы және оның даму тарихы
Еңбек оздырады, жалқаулық тоздырады. Еңбек ширатады, өмір үйретеді. Еңбек түбі-бірлік,бірлік түбі-тірлік т.б. мақал-мәтелдер арқылы халық жас буынды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеп, сондай-ақ еріншектік, жалқаулық кісінің соры, жаман әдет, жат мінез екендігін еске салып отырған. Бүгінгі таңда бұл тәрбиелік тағылымды ұлттық қолөнерінің түрлерін оқушыларға бейнелеу өнері және технология пәнінен тыс үйірме сабақтарында үйретудің өзіндік ерекше мәні бар. Қазіргі балалардың мінез-құлқына, жүріс-тұрысына назар аударсақ, адамгершілік, мейірімділік, ізеттілік, қазақ қыздарына тән жақсы қасиеттерді табу қиын. Бұл мәселелерді ескере отырып, бейнелеу өнері, технология және үйірме сабақтарында ертеден келе жатқан, тіпті кейбір ұмыт бола бастаған қолөнер түрлерін оқушыларға үйрету барысында олардың бойындағы адамгершілік, сыйластық, кішіпейілдік, жауапкершілік, өнерге деген құрмет және эстетикалық талғамдарының дамуын біртіндеп байқауға болады. Бейнелеу өнері, технология және үйірме сабақтарында жалпы кәсіби, соның ішінде сәндік қолданбалы өнердің ішінде қазіргі заманауи сұранысқа ие болып отырған фетр матасынан қазақтың ұлттық бұйымдарының алуан түрінің ішінен камзолды тігу өнеріне толығырақ тоқтап өтейік.

Адам өнерінде сәндік қолданбалы өнер шығармалары үлкен орын алған. Сәндік қолданбалы өнер деп эстетикалық салаларға ие практикалық пайдалы заттар жасауды айтады. Бұл өнер өзінің табиғаты жағынан сәулет өнеріне жақын: онда пайда мен әсемдік бірлесіп жатады. Сәндік қолданбалы өнер халық шығармаларымен тығыз байланысты. Қазіргі кездегідей бұрынғы өткен заманда да адамдар өз тұрмысын өздері әсемдеуге ұмтылған.
Сәндік қолданбалы өнерге көркемдік жағынан әсемделеніп жасалған үй жиһаздары, ыдыс-аяқтар, әйелдердің зергерлік әшекейлері, ойыншықтар, киім кешектер және т.б. бұйымдар, сонымен қатар ою-өрнектер нақыштары мен үй ішін безендіретін сәнді жұмыстар кіреді. Сәндік қолданбалы өнердің ерекшелігі сонда, оның мазмұн мәні, сәндеу мақсаты мен міндеттері бір-бірімен тығыз байланысты болып, жасалынған зат немесе бұйымның атымен, материал ерекшеліктерімен және олардың дайындалу техникасымен астасып жасады.
Жоғарыда аталған тақырыпты кең көлемде ашу үшін, бұл матаның шығу тарихына тоқталып өтейік. Фетр матасы XVII ғасырда пайда болды. Әдетте бұл матаны киіз түріне де жатқызады. Фетрдың қалың киізден айырмашылығы ол ешкінің,қоянның және құндыздың былғарысындағы жұқа жібек талшықтарынан жасалады. Әлі күнге дейін бұл технологиямен фетр қалпақтарын жасап шығаруда.Бұл керемет тамаша, жеңіл, әдемі және төзімді материал қазіргі заман талабына сай өзінің ерекшелігімен танымал болып отыр. Бұл мата 400 жыл бұрын пайда болды. Қазіргі заманауи технологияның көмегімен түрлі бұйымдарды жасау үшін пайдаланылып келеді. Негізгі сипаттамалары оның тығыздығы мен құрамы болып табылады. Ал жанама сипаттамалары- қалыңдығы және өндіруші.
Соның ішінде бұл дәстүрлі табиғи жүн көбінесе бас киімдер, балалар ойыншықтарын түрлі сәнді аксесуарлар мен киім бөлшектері үшін пайдаланылады. Барлық операциялар үшін өнеркәсіптік өндіру үшін фетр автоматтандырылған. Биязы жүн фетр- бұл табиғи экологиялық материал. Ол қызуды шығармайтын және табиғи антисептикалық қоспаларға ие. Оның оң терісі болмайды. Екі жақ беткейі бірдей. Фетр матасының құрамы тікелей қасиетіне байланысты. Ең қымбат және ең сапалысы- жүнді фетр матасы. Жартылай жүнді фетр - жеңіл әрі пластикалы. Әдетте бұл матадан естияр балаларға арналған ойыншықтарды әзірлейді. Сондықтан да бұл жартылай жүннен жаңажылдық ойыншықтарды, үстел кілемшелерін, тұрмыстық бұйымдарын әзірлейді. Синтетикалық фетр матасы өзінің қаттылығымен ерекшеленеді. Бұл мата түрі балалардың шығармашылық жұмыстарына пайдаланылады.

0.1. Киіз басу өнері.
Көшпенді шаруашылықтың экономикалық құрлысының ерекшелігі қазақтар өмірінде рулық, халықтық этникалық ескерткіш мәні материалдық және рухани мәдениет саласындағы бірқатар спецификалық құрлыстардың пайда болуына әкеп соқтырады. Мұндай құрлыстардың қатарына киіз басу өнерін толықтай жатқызуға болады. Киіз басу өнері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі киім үлгілеріне ұлттық ою-өрнектер арқылы сәндеу әдістері
Оқыту әдістер тобы әдістер
Африка халықтары
Сарафан
Syn`sy` дәстүріне арналған костюмнің дизайн жобасы
Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын зерттеушiлiк әрекеттер арқылы қалыптастырудың дидактикалык негiздерi
Иран халқының дәстүрлі киімін зерттеу негізінде ұлттық әйелдер костюмінің коллекциясын жетілдіру
Мозаикалық мата бұйымдарының көркемдік ерекшеліктері
Кездесуге болмайтын жалғыз комбинация - қағаз емес негіз және қағаздың жоғарғы қабаты
Құрақ түстерінің үйлесімділігі
Пәндер