Жобаның бюджеті


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ:

І. Кіріспе

«Дұрыс тамақтанып жүрміз бе?» . . . 2-3

ІІ. Негізгі бөлім:

1. Жобаны жүзеге асыру кезеңдері:

А- теориялық білімдер . . . 3-5

Б- Көкөністерді өсіру ерекшеліктері . . . 5-6

В-Жылыжай құрылысын бастау . . . 6-7

Г-Жылыжай жасауға қандай материалдар қажет . . . 7

2. Жылыжайда жүргізілетін эксперименттік жұмыстар макет құрылысы . . . 8-12

3. Жобаны жүзеге асыру жоспары . . . 13-15

4. Жобаның бюджеті . . . 16-17

5 . Қорытынды . . . 18

6. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 19

КІРІСПЕ

«Дұрыс тамақтанып жүрміз бе?» Медицина ғылымының атасы әйгілі Гиппократ: «Біз тамақтану үшін өмір сүрмейміз, өмір сүру үшін тамақтанамыз», - деген екен. Расында да осылай, өмір сүру үшін тамақтанамыз, аксиома бұл - дәлелдеуді қажет етпейді. Дегенмен, қазірде өмір сүруіміз үшін тамақтанып жүрген азығымыз жайлы толықбілемізбе?
Бүгінгі қоғамда тағамның түр - түрі дүкен сөрелерінде толып тұр, тіпті кейде не жейтініңді білмей де қаласың. Күнделікті қажетімізге жаратып жүрген тағамдардың құрамы мен сапасына көп жағдайда мән бере бермейтініміз де шындық.

Еліміздің ертеңі - балалар. Ал, балалардың өсіп жетілуі мен толыққанды дамуында тамақтанудың атқаратын рөлі орасан зор екені айтпаса да түсінікті. Кемел келешегіміздің кепілі сәбилер қазір не жеп жүр? Ендеше, балаларымызға өз қолымызбен беріп жүрген тамақтарымыздың құрамына қанықпызба?
Бүгінгі таңда, яғни дамыған біздің заманда ішіп отырған азығымыздың өзін білім мен ғылым айналып өтпеді. Сіз (ГМА) генетикалық модификацияланған ағзалар (организмдер) дегенді естідіңіз бе? Ол қандай ағзалар?
ГМА - бұл биотехнолог ғалымдардың тағамды түрлі зиянкестерге, суыққа, ыстыққа төзімді етіп жасап шығарған еңбегінің жемісі. Ол қалай жүзеге асады? Зиянкестер мен әр түрлі жағымсыз жағдайларға азық қалай төзімді бола алады? Мұндай азықтардың құрамына түрлі жануарлар мен жәндіктердің гені егілген. АҚШ-та жеміс-жидекке жанды организмнің ДНК-сін қосып «сапалы» өнім шығару қолға алынған. Мәселен, камбала балығының ДНК-сын қосып қызанақтың жаңа сортын ойлап тапты. Кәдімгі күріштің тұқымына адамның бауырынан алынған ДНК-ны қосып, құрт жемейтін өнім жасады. Картоп пен бәйшешекті будандастырды. Мұндай жағдайда өнімге зиянды жәндіктер жоламайды және ұзақ сақталады. Тіпті, Қазақстанда өсірілетін бидайға да мысықтың ДНК-сы қосылғанынан көпшілік бейхабар. Білгіңіз келсе, қамба толы астыққа тышқан жіберіп көріңіз, «мысық-бидайдың» маңын баспайды. Тіпті мұндай ұннан жасалған нанның өзін тышқан тістемейді де.
Генетик ғалымдардың нақты есебі бойынша әлемде 1000 түрлі өсімдік тектес көкөніске гендік будандастыру жүргізу мүмкіндігі бар екен. Ал қазір бұлардың 100 түрі таңдап алынып, будандастырылған. Ең кең таралған гендік модификацияланған дақылдарға - соя, жүгері, бидай, қызылша, мақта, рапс, картоп жатады. Былайша айтқанда, халық ең көп тұтынатын заттар.

ІІ. Негізгі бөлім:

Қазіргі таңда гендік модификацияланған тағамдар нарығымызды жаулап алды. Емізулі баланы да, одан қалса, баланы емізетін ананы да сондай тағамдармен қоректендіреміз Бір қызығы биотехнология ғылымының осы тұсын ең алғаш ойлап тауып, қолданысқа енгізген АҚШ модификацияланған өнімдерге өз елінде тиым салған көрінеді.
Модификацияланған өнімдер - қарапайым тілмен айтқанда, өзінің бастапқы табиғи күйін жоғалтқан өнімдер. Мұндай өнімдерді жасап шығаруға не түрткіболды?
Біріншіден, ол өнімдер түрлі қолайсыз жағдайларға төзімді; екіншіден, нарық бағасынан сәл төмен; үшіншіден, зиянкестермен күресіп жату - көп еңбекті қажет етеді; төртіншіден, жері аз, халқы көп елдер үшін табиғи қалпында өсіруге қарағанда уақытты ұту. Бесіншіден - өнім қаншалықты көп болса, табыс та еселенбек. Ғалам болып, дамыған болып ұтқанымыз осы. Ал енді ұтылғанымызды бағамдап көрелік.
Біріншіден, ГМА қауіптілігі - гендердің орналасуымен байланысты. Гендердің өзгеріске ұшырауынан белгісіз улы заттар түзіліп, адам мен жануарларда жағымсыз әсер туғызуы мүмкін. Біздің елде өсірілмейтін тропиктік жемістерді алайық. Көп балаларда апельсин, лимон, ананас, кивиді жегенде аллерия каптап кетеді. Демек, модификацияланған өнімдердің аллергия тудыратын қасиеті бар.
Екіншіден, гендік модификацияланған аты да айтып тұрғандай ген арқылы будандастырылған өнімдердің адам геніне әсер ететінін айтпай кетуге тағы болмайды. Генетика - тұқым қуалаушылық туралы ғылым екенін есімізге түсірсек, осы өнімдерден болған аурулардың туқым қуалайтынын да есімізден шығармауымыз керек.
Ресейлік ғалымдар тәжірибе жүзінде гендік модификацияланған тағамдарды егеуқұйрықтарға берген көрінеді. Сонда әлгі азық-түлікті пайдаланған егеуқұйрықтардың үшінші, төртінші буындары ұрпақсыз қалған. Ашығын айтқанда, белсіздікке, бедеулікке ұшыраған. Ендеше, қазір көп қыз-келіншектеріміздің бала көтере алмай жүргеніне, жігіттеріміздің белсіз болып жатуына осы тағамдардың әсері болмағанына толық сенім бар ма?
Үшіншіден, бабаларымыздың «Ауру - астан, дау - қарындастан» деген сөзін түсірейікші есімізге. Бұрын неге ауру аз болған? Жауабы өте қарапайым - себебі, халқымыз тек табиғи өнімді пайдаланған. Трансгенді өнімдерді қолдану асқазанның сілемейлі қабатының құрылымын, зат алмасуды бұзады деген тұжырым бар.
Төртіншіден, жоғарыда айтып өткеніміздей модификацияланған өнімдердің бастапқы табиғи қалпын жоғалтқанын еске түсірсек, табиғилығын жоғалтқан өніммен тамақтанған ағзаның да өз иммунитетінен айрылатынын ескермеуге тағыболмайды.
Бесіншіден делік, Ресейдің тағамтану институты трасгендік картопқа зерттеу жүргізгенде, мынадай қызық жағдайға тап болған. Осы картопты жеген көртышқанның мүшелерінде және қан айналу жүйесінде өзгерістердің болғаны байқалған. Ендеше, мұндай өнімдермен қоректену - қанайналым жүйесінің өзгеруіне де әсер етпей қоймайды екен.
Модификацияланған өнімдерді күнделікті тұрмыста қалай анықтауға болады? Мәселен, сіз үйге балаңызға нестле шокаладын алып келдіңіз, ал оған зиянкестер жоламайды. Сіз сәбиіңіздің дене мүшелері толыққанды жетілсін деп алма алдыңыз, оның сіз түгілі, құртекеш құрт та дәмін татпайды. Тағы бірде сіз салат жасап жейін деп қияр мен қызанақ алып келдіңіз де, ұмытып кеттіңіз, ол көп уақытқа дейін, сіз салат жасаймын дегенше бұзылмайды. Ал ауылдан ешқандай будандастырылмаған, тіпті химиялық қосынды да кездеспейтұғын алма мен жүзімді, шие мен шабдалыны құрт- құмырсқа сізбен бірге таласып жеп бітеді. Шалғайдағы ағайынның беріп жіберген қияр мен қызанағы мейлі тоңазытқышқа қойыңыз, ол бұзылып, шіріп те үлгереді. «Қияр неге қауындай, шие неге қызанақтай?. . » деп қызылкеңірдек болып жүрген зерттеушілер сөзі де - құлағыңызға алтын сырға.
Бұлардың барлығы - ғылымды серік қылған ғалымдарымыздың зерттеуі, бірінің теріс, бірінің оң беріліп жатқан қызу пікірлері. Ал бұл пікірлер ортақасып, ымыраласамын дегенше, балаларымызға, болашағымызға, ертеңіміз болатұғын еркелерімізге қазақтың дархан жеріндегі құнарлы топырақтан маңдай термен алынған табиғи өнімдерімізді бере тұралық.

Жобаның жүзеге асыру кезеңдері

Жылыжай орны - Талдықорған қаласы №27 Орта мектеп-гимназиясының оқу-тәжірибе үлескісі.

Зерттеу гипотезасы - жылыжайда өсірілген көкөністер мен жемістер экологиялық таза болады, онда өсірілген өнімдер оқушылардың денсаулығын нығайтуға ықпал ететін болады және мектепті қаржыландыруды қамтамасыз етеді.

Жобаны жүзеге асыратын әдістері - жобалау, тәжірибелік, зерттеушілік, сауалнамаалут. б.

Күтілетін нәтиже:

1. Барлық оқушылар үшін мектепте арзан ыстық тамақпен ұйымдастыруға мүмкіндік болады.

2. Жергілікті халық гүлдер мен көкөністердің өсірілген көшеттерімен (көк жуа, укроп, жасыл көшеттер) қамтамасыз етіледі.

3. Ерте көктемде мектеп жылыжайында сату үшін және оқу-тәжірибе үлескісі үшін көшеттер өсіріледі . Жаздың алғашқы айларында - ақ жас жаңапіскен көкөністер ала алады. Түскен пайда мектеп асханасына және материалдық - техникалық базаны жақсартуға жұмсалады. C:\Users\user2\Downloads\WhatsApp Image 2023-11-02 at 14.40.17.jpeg

C:\Users\user2\Downloads\WhatsApp Image 2023-11-02 at 14.40.15.jpeg

Экомектеп жобасы негізінде №27 Орта мектеп-гимназиясында 2024-2025 оқу жылдарында Жылыжай ұйымдастыру көзделуде. Қазіргі кезде макеті мен орны анықталынған. Келесі оқу жылында қаржыландырулар арқылы қаңқасы құрылып көкеністердің түрлерін анықталады.

  1. Дайындық кезең- теориялық білімдер.

Ең алдымен жылыжай салу үшін, мол мәлімет, көпбілім қажет. Мен олүшін көп іздендім интернет желісінен видеороликтер қарадым, жылыжайқұрылысы туралы кітаптар оқыдым. Біздің қалады жылыжайшаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер аз. Біз бизнес- жобамыз арқылы еңалдымен көкіністік өсімдіктерді өсіруді қолға алмақпыз, бірте-бірте жеміс- жидектер мен гүлдер өсіруді қолға аламыз. Негізінен жылыжайларда қызанақ, қияр, бұрыш, баклажан, салат, редис және аскөк, шпинат, қырыққабат, ақжелкен өсіруді қолға алмақпыз.

2 . Көкөністерді өсіру ерекшеліктері.

Қияр тұқымдарын 20 сәуірде себіледі және 20-22 күнненсоң (10-12 мамыр), көшетті жылыжайға яғни тұрақты орынға отырғызады. Көшет тұқымдарын стақанға, пакеттерге немесе құмыра ыдыстарға 8X8 немесе 10Х10 см өлшемдеегеді. Көшетті 22-25 күннен артық өсірмейді.

Топыраққа қызанақ тұқымын себер алдында, калий перманганатының жылы ерітіндісінде (0, 5стсуға 1 г марганцовка ) 15-20 минут малыпаласыз. тұқым . Ерітіндіге жібіткен соң оларда тамыршалар пайдаболғанша күтесіз. Көшетті + 22 + 25 ° С температурада, шағын қорапта өсірген дұрыс.

Болгар бұрышын 2 тұқымын құмыраларға өсірген тиімді немесе + 21 + 24 °С температурада диаметрі 8 см көшетке арналған жәшіктерге отырғызған жөн. Егер қажет болса, өсімдіктерді диаметрі 23 см, диаметрі немесе 2-3 тен көшетке арналған қалталарда өсірген дұрыс.

Редис - біржылдық өсімдік. Жарықсүйгіш өсімдік, көлеңкеде яғни күн дұрыс түспесе түйнектері кішкентай болады. Шалғам өскіндері -3 C, ал ересек өсімдіктер минус 5 ° С салқынғатөзімді. Өскіндердің өсуі үшін оңтайлы температура + 18 + 20 ° С .

Жылыжай құрылысын бастау. Макет C:\Users\Айбек\Downloads\WhatsApp Image 2023-10-12 at 22.21.08.jpeg C:\Users\Айбек\Downloads\WhatsApp Image 2023-10-12 at 22.21.18.jpeg

C:\Users\Айбек\Downloads\WhatsApp Image 2023-10-12 at 22.21.17.jpeg

Тамшылатып суару - өсімдіктің тамырына суды, тыңайтқыштарды және өсімдіктерді зиянкестерден қорғайтын агрохимиялық заттарды дәл әрі біркелкі жеткізу үшін қолданылатын өндірістік әдіс. Құбырлар топырақ үстімен немесе астымен орналастырылуы мүмкін. Суарудың мұндай түрі тыңайтқышты да, суды да қажет мөлшерде пайдалануға мүмкіндік береді, бұл дегеніңіз - суды үнемдеу. Мұнда жылытудан бастап тамшылатып суаруға дейінгі барлық процесс компьютермен бақыланады.

Жылдан жылға ағынсудың өзін тиімді пайдалануға көңіл бөліне бастағаны мәлім. Сол себепті, бұл әдістің игілігі көп-ақ.

Тамшылатып суарудың бір қасиеті - әрбір егілген дақылдың үстіне тамшылатып қоюында. Суды уақтылы, әрі суды керек кезінде ғана береді.

Өлшеуіш құрал арқылы шарулар кеткен шығынын нақты есептеп отырады. Яғни, қаржыны үнемдейді. Қазіргі күні шаруалар ағынсуға екі есе арзан төлейтіні мәлім болып отыр.

Көкөніс дақылдарын өсіру технологиясы бойынша сөрелі, сөресіз/топырақпен/ және гидропондық жылыжайларды ажыратады. Жылыжай қаңқасын тұрғызу үшін болаттан, мырышталған және алюминий профильдер және желімделетін ағаш элементтерін пайдаланады.

Сыртынан жабылған мөлдір жабынына қарап әйнектелген жылыжай және қатты полимер материалмен жабылған жылыжай болып бөлінеді.

Жылыжайда жылу мен энергия үнемдеу үшін, 5-25 мм ауа қабаттары бар арнайы екі қабатты қатты полимерлік материал пайдаланылады.

Сонымен қатар жылыжайды бір немесе екі беткейлері тең цилиндрлік және гиперболалық жоталы, ангарлық және блоктық деп те бөлуге болады. Жылыжайға арналған орын оның солтүстік жағынан, жоғарыдан шамамен 2м қорғалған болу керек. Жылыжай ұзына бойымен әрдайым күн сәулесінен ауысуын ескеріп, батыстан шығысқа қарай орналастырылады. Жылыжайда өсімдіктер мол өнім беруі жарықтың түсуіне байланысты. Күн сәулесінің жетіспеушілігі жылыжайда қияр, қызанақ, бұрыш сияқты жарық сүйгіш көкөністер өсіру мүмкін болмайды.

Қысқы жылыжайды шығыстан батысқа қарай, ал көктемгі жылыжайды солтүстіктен оңтүстікке бағыттау жақсы нәтиже береді.

Жылыжай жасауға қандай материалдар қажет.

Қаңқасы жүздік поликарбонаттан және металл құбырлардан жасалады. Жылыжайда өсімдіктер өсіру үшін 25 С температура қажет. Жылыту көзі - газ арқылы. Жылыжай қаңқасын әр бағытта құбырлар қиып өтеді. Бір ссекцияның ұзындығы 2, 1 м. Ауданы 100 кв. м . Жылыжайдың ені 10 м, ұзындығы 20 м, биіктігі 2, 5 - 3 м болады деп есептеп отырмыз. Жылыжайда өсімдіктерді суару үшін су жылытатын 2-3 куб м ыдыс орналастырамыз. Мектебіміз су көзімен қамтылғандықтан сол суды жылытып пайдаланамыз.

4. Эксперименттік жұмыс.

Біз экспериментке мектеп ішінде оқушылар қарапайым тез өсетін шөптесін өсімдіктер өсірілді болатын оқу - тәжірибе үлескісін аламыз деп отырмыз. Әр көктемде біз жуа және бұрыш көшеттерін отырғызып аламыз. Бұл жылыжай жылына 5-7 мың т табыс әкеледі деп есептеп отырмыз. Үлескінің топырағы құнарлы болғандықтан, бірте - бірте жылыжайда өсімдіктер көлемін ұлғайтамыз деп есептейміз. Ескі жылыжайды әрбір көктемде жабынмен жабамыз. Жылыжай күн астында ұзақ ашық болса өзінің құнарлығын төмендетеді. Жыл сайын жаңа қақпақ болып табылады. Бұл тиімсіз болып табылады. жаңа жылыжай азайту үшін берік поликарбоната шығындарды жабуға қажет. Әрбір жылда жаңадан жабын жабамыз. Бұл тиімсіз. Жылма жылғы жаңа теплицаға ала беріп шығынданғаннан сапалы поликарбонатпен жапқан тиімді.

Жылыжайдың қаңқасын солтүстіктен - оңтүстікке бағыттаған дұрыс. Жылыжайдың жарық мол келетін жағын тіке оңтүстікке қаратқан тиімді себебі күн сәулесі оңтүстіктен мол түседі және жарықтың, жылудың шашырауы осы бетте жоғары.

Егер оңтүстікке қарататын мүмкіндік болмаса шығыс жақтан түсірген дұрыс. Сонымен қатар осы заманғы заманауи технолгияларды енгізу арқылы жылыжайда ыңғайлы микроклимат қалыптастыруға жағдай жасап, есесіне сапалы, экологиялық таза, жоғары өнімдер аламыз деп ойлаймыз.

Жобаны жүзеге асыру жоспары:

I кезең . 2023-2024 о/ж

Атқарылатын жұмыстар

Орындалууақыты

№:
Атқарылатын жұмыстар:

Макет қаңқасын жасау

Орындалууақыты:

Қыркүйек

№:
Атқарылатын жұмыстар:

Кішігірім тқымдарды отырғызу

(практикалық жұмыс)

Орындалууақыты:

Қазан

№:

1

Атқарылатын жұмыстар:

Тұқымдар сатыпалу

Орындалууақыты:

Қаңтар-ақпан

№:

2

Атқарылатын жұмыстар:

Көшеттер отырғызу.

Орындалууақыты:

Ақпан-наурыз

№:

3

Атқарылатын жұмыстар:

Көшеттерді өсіру, күтіп-баптау.

Орындалууақыты:

Ақпан-мамыр

№:

4

Атқарылатын жұмыстар:

Көшеттерді сату.

Орындалууақыты:

Мамыр-маусым

№:

5

Атқарылатын жұмыстар:

Тұрмысы төмен отбасыларға қайырымдылық акциясын өткізу «Тегінбереміз»

Орындалууақыты:

маусым

№:

6

Атқарылатын жұмыстар:

Оқу-тәжірибе үлескісіне көшеттер мен тұқымдарды отырғызу.

Орындалууақыты:

маусым

№:

7

Атқарылатын жұмыстар:

Мектеп айналасына гүлдер егу.

Орындалууақыты:

маусым

№:

8

Атқарылатын жұмыстар:

Тәжірибелер жүргізу.

Орындалууақыты:

маусым

№:

9

Атқарылатын жұмыстар:

Суару, түптеу жұмыстары

Орындалууақыты:

Жазбойы

№:
Атқарылатын жұмыстар:

Көкіністерді жинау.

Орындалууақыты:

Тамыз-қазан

№:
Атқарылатын жұмыстар:

Көкіністерді консервілеу.

Орындалууақыты:

Тамыз-қазан

№:
Атқарылатын жұмыстар:

гүлдердің тұқымын жинау.

Орындалууақыты:

Қыркүйек-қазан

№:
Атқарылатын жұмыстар:

бақылаулар мен зерттеулерді ңқорытындысын шығару.

Орындалууақыты:

қазан

№:
Атқарылатын жұмыстар:

өнімдерді сатудан түскенпайда туралы ата-аналар комитетіне есеп беру.

Орындалууақыты:

қазан

ІIкезең. 2024-2025 оқу жылы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өнеркәсіптік өндірісті жоспарлау принциптері
Кондитерлік шығаратын “Бон-Бон” кәсіпорнының бизнес- жоспары
Басқару шығынының бюджеті
Инвестициялық жобаны бизнес жоспарлау және оны басқару
Мемлелеттік мекемелер қаржыларының ерекшеліктері
Қаржылық менеджмент оқу құралы
Жергілікті бюджеттің кірістері мен шығыстарын қалыптастыру
Бюджеттеу
Бюджетті құру және орындауда туындайтын негізгі мәселелер
Қостанай облысының өнеркәсібінің қазіргі жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz