БАСҚАРУ ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ПӘНІ
ҚЫСҚАША ДӘРІСТЕР МАЗМҰНЫ
Соңғы жылдары басқару психологиясына ғылым мен оқу пәні ретінде қызығушылық артты, бұл өндіріс пен басқарудың психологияға, "адам факторына" назар аударуымен байланысты. Басқару психологиясы пән ретінде осы саладағы мамандарға ғана емес, менеджерлерге, экономистер мен психологтарға, сондай - ақ медицина, ауыл шаруашылығы, ІІМ қызметкерлеріне және түрлі мамандықтар өкілдеріне де оқытылады.
Соңғы бірнеше жылда жарық көрген басқару психологиясы бойынша кітаптар мен оқу құралдарының едәуір санының пайда болуына қарамастан, олардың көпшілігі білім беру нарығының барлық қажеттіліктерін толықтай қамтамасыз етпейді. Сонымен, көптеген оқу құралдары бұрын психологияны мүлдем меңгермеген басшылар мен менеджерлерге арналған (және бұл жағдайда олар жалпы және әлеуметтік психологияның барлық аспектілерін қамтиды) немесе нақты мамандық мамандарын даярлау үшін жасалған. Бұл дәріс материалдарын әзірлеу жалпы және әлеуметтік психологиямен таныс студенттерге арналған қазақ тілінде жазылған оқу құралының қажеттілігінен туындады.
Бұл оқу материалында отандық және шетелдік психологияның дәстүрлі, қалыптасқан теориялық модельдерін және жаңа концептуалды парадигмаларды біріктіру әрекеті қолданылған.
Бұл оқу материалы есте сақтау мен қабылдаудың психологиялық заңдылықтарын ескере отырып құрылымдалған және бес негізгі бөліктен - мағыналық блоктардан, модульдардан тұрады. Әр бөлік, өз кезегінде 3 тақырыпшадан тұрады. Әрбір бөлік тұтас оқу бірлігі болып табылады және келесілерді қамтиды: сабақ тақырыбының атауы; студент меңгеруі тиіс негізгі ұғымдар; берілген тақырып бойынша теориялық материалдың қысқаша мазмұны; семинар сабағындағы аралық бақылау сұрақтары; студенттердің сабақта немесе үйде өз бетінше орындауы үшін тапсырмалар (оқытушымен анықталады). Оқу жоспарына сәйкес оқытушы тақырыптарды таңдап, студенттерге сабақ үстінде жұмыс жасау үшін тапсырмалар бере алады.
Студенттердің өзіндік жұмысы үшін қолданылатын барлық тесттік және сауалнамалық әдістемелер қосымшада ыңғайлы болу үшін жинақталған. Әдістемелер оларды сабақта қолдануға оңай болатындай етіп таңдап алынды (қысқаша, түсінікті, интерпретацияның айқындылығы, қорытындылардың зерттелетін теориялық материалға сәйкестігі).
Біз таңдап алған тестілік және сауалнамалық әдістемелер ғылыми-зерттеу мақсаттарына емес, кейбір психологиялық феномендерді оқыту және көрсету мақсаттарына қызмет етеді. Аталған әдістемелерді кәсіби пайдалану үшін оларды әзірлеушілерге немесе арнайы психодиагностикалық әдебиеттерге сілтемелер жасалған.
"Басқару психологиясы" оқу материалы семинар және практикалық сабақтарды дайындау және өткізуге арналған. Сабаққа дайындалу кезінде сіз берілген тақырып бойынша теориялық материалды оқып, оны оқытушының дәрісте берген материалымен байланыстыруыңыз қажет.
Білуге қажетті негізгі ұғымдар мен тұлғалар әр тараудың басында көрсетілген. Осы ұғымдардың анықтамаларын мәтінде табасыз.
Оқу құралында білуге қажетті теориялық материалдар тақырыптарда қысқаша баяндалған. Алайда бұл оқу құралы дәріс курсы емес, сондықтан тақырыпты тереңірек оқу үшін ұсынылған әдебиеттерді оқу керек. Содан кейін сіз аралық бақылау үшін сұрақтарға жауап беріп, тақырыптың негізгі ұғымдарын ауызша немесе жазбаша түрде анықтай аласыз. Оқытушы сондай-ақ сізге кейбір тапсырмаларды үйге бере алады (мысалы, тест немесе сауалнама сұрақтарына жауап беру). Бұл тесттерді қосымшадан таба аласыз.
Тест нәтижелеріне диагноз ретінде қарауға болмайды. Тест және сауалнамалармен жұмыс жасау - бұл өзін жақсы түсіну және курста оқылатын заңдылықтарды тереңірек зерттеу тәсілі болып табылады. Тесттерден алынған нәтижелерді оқытушымен талқылай аласыз.
1 дәріс. БАСҚАРУ ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ПӘНІ
0.1. Басқару психологиясы ғылым ретінде
...
Негізгі түсініктер: басқару, басқару психологиясы, басқару деңгейлері, басқару функциялары, басқару субъектісі, басқару объектісі, басқару әдістері, басқару табыстылығы
Басқару психологиясы адамдар мен адамдар тобын басқарудың психологиялық заңдылықтарын зерттейді.
Басқару психологиясы басқару теориялары мен психология ғылымының тоғысында пайда болды. Басқарудың жалпы теориясы кибернетика мен жүйелер теориясының негізінде қалыптаса бастады [Бандура және т.б., 1998]. Кибернетика - биологиялық, техникалық және кешенді жүйелердегі ақпаратты өңдеу, байланыстыру және басқару жайындағы ғылым. Осылайша, бастапқыда басқару нақты ақпаратты басқару ретінде қарастырылды. Бүгінгі таңда, негізгі екпін адам жүріс - тұрысын (мінез - құлығын) басқаруға қойылады. Менеджментте басқару кең мағынада, әлеуметтік орта мен өндірістік саланы реттеу мен үйлестіру бойынша қызмет ретінде түсіндіріледі [Вачугов және т.б., 2001]. Басқару объектілеріне: инновациялар, өндіріс, қаржы, нарық, ақпарат, жабдықтаулар мен кадрлар жатады. Сәйкесінше қаржыны басқару, инновацияны басқару т.б. жекелей қарастырылады. Дегенмен, әлеуметтік-психологиялық бағдар тұрғысынан барлық өндірістік үрдістер адамдар арқылы - мекеме қызметкерлері көмегімен іске асады, яғни аталған үрдістерді басқару да аталған адамдардың жүріс-тұрысымен (мінез-құлығымен) тікелей байланысты.
Басқару мәселелерімен информатика, құқықтану, философия, психология, педагогика, эрганомика, әлеуметтану сынды ғылым салалары айналысады. Бұлардың ішінде психология жетекші мәнге ие болып табылады. Әлеуметтік психология, еңбек психологиясы, тұлға психологиясымен қоса, өзге де жалпы психологияның негізгі салалары басқару психологиясының теориялық негізін құрайды. Басқару психологиясын әлеуметтік психологияның қолданбалы саласы ретінде қарастыруға болады [Андреева, 2000].
Басқару - бұл өзге адамдардың күшінің көмегімен мақсатқа жету үрдісі [Ладанов, 1997]. Яғни, басқару үрдісінде қызметтің құрамдас бөліктері оның қатысушылары арасында бөліп беріледі: мақсатты бір адам қояды, ал оның іске асуына бағытталған әрекеттер мен операцияларды өзге мүшелер атқарады. Осыған орай, басқарудың негізгі мәселесі туындайды: адамдардың таныс емес мақсатқа сай әрекет жасауларына қалай әсер етуге болады?
Басқару деңгейлері
Ұйымдастыруда әдетте басқарудың бірнеше деңгейі болады. Мұнда жоғары шектегі басшы төменгі шектегі басшылардың жұмысын үйлестіріп отырады. Лауазым атауы әдетте, басшы отырған басқару деңгейімен сәйкес келеді. Басқару деңгейлерінің саны ұйым көлеміне байланысты. Барлық басқару деңгейлері негізгі үш категорияға бөлінеді.
1. Институционалдық деңгей - басқарудың жоғарғы деңгейі (жоғары буынды басқару, топ-менеджмент) - ең көп кездесетін: бұл компания президенттері мен вице-президенттері, министрлер, оқу орындарының ректорлары және т.б.
2. Басқарушылық деңгей - басқарудың ортаңғы деңгейі. Мұндағы басшылар жоғарғы буынның басшыларына бағынышты және төменгі буындағы басшылардың жұмысын үйлестірумен, қадағалаумен айналысады. Егер ұйым басқарудың бірнеше деңгейлерінен тұрса, онда орта деңгей бірнеше қосымша деңгейлерге бөлінеді. Мұндай деңгейлер бөлім меңгерушілері, декандар, сектор меңгерушілері болуы мүмкін.
3. Техникалық деңгей - басқарудың төменгі деңгейі - тапсырманың тікелей орындалуына бақылау жасайды (шеберлер, бригадирлер және т.б.)
Басқару функциялары
Басқарудың келесі функциялары бөліп қарастырылады:
1. Жоспарлау - өзге функциялардың іске асуын қамтамасыз ететін, ең маңызды функциялардың бірі. Негізгі мәні ұйымның мақсатына жету жолында қажетті құралдар мен бағыттарды жасап шығару болып табылады.
2. Ұйымдастыру - адамдардың, идеялардың және үрдістердің өзара әрекетін қамтамасыз ететін, мақсатқа бағытталған басшының әрекеті.
3. Мотивация - басшы құзырындағылардың бұйрықты нәтижелі орындауы үшін стимулдарды іске қосу мен пайдалану.
4. Бақылау - мақсатқа бағытталған әрекеттер нәтижелерінің мониторингі. Бұл функцияның мазмұнына әрекетті талдау, яғни: әрекетті бақылау, оның параметрлерін эталонмен (үлгімен) салыстыру, әрекеттің сандық және сапалық бағасы, ауытқуларды анықтау, әрекетті іске асырудың ең тиімді жолдарын анықтау және т.б. кіреді.
Басқару құрылымы:
Басқару құрылымы 1 суретте көрсетілген.
1. Басқару субъектісі - басқару іс-әрекетін іске асыратын және басқару лауазымына ие басшы.
2. Басқару объектісі - басқару субъектісінің жоспарлы, жүйеленген және ұйымдасқан әсер етуі бағытталған адамдар немесе топтар.
3. Басқарушылық ықпал немесе басқару әдістері - басқару объектісіне әсер ету үшін басқару субъектісі қолданатын шаралар жүйесі.
4. Мақсат - әсер ету объектісінің болашақтағы күтілетін жағдайы немесе оның іс-әрекетінің нәтижесі. Ол басқару субъектісімен тұжырымдалып немесе сырттан берілуі мүмкін (жоғары шектегі басшы тұрғысынан).
Басқару субъектісі
Индиви-дуалды ерекшелік-тері
Әсер ету әдістері (Басқару)
Басқару Объектісі (индивид немесе топ)
Индиви-дуалды ерекшелік-тері
Басқару оъектісінің реакциясы
Мақсаты
Нәтиже туралы кері байланыс
Басқару субъектісі
Индиви-дуалды ерекшелік-тері
Әсер ету әдістері (Басқару)
Басқару Объектісі (индивид немесе топ)
Индиви-дуалды ерекшелік-тері
Басқару оъектісінің реакциясы
Мақсаты
Нәтиже туралы кері байланыс
1 сурет. Басқару элементтерінің арақатынасы үрдісі. (басқару құрылымы)
Мақсаттың төмендегідей түрлері болуы мүмкін:
a) стратегиялық (қашықтықтағы);
b) тактикалық (аралық).
Стратегиялық мақсаттар тактикалық мақсаттарды анықтаса, олар өз кезегінде басқару міндеттерін анықтайды. Мақсатқа жетуге бағытталған нақты сұрақтар басқару міндеттері ретінде қарастырылады. Басқару субъектісі өзара қарым-қатынас мақсатын анықтап алса және басқару объектісі оны іске асыруға қауқарлы болған жағдайда басқарудың сәтті болу ықтималдығы жоғарылайды.
Сәтті басқару үшін:
1) басқару субъектісінде - басқару мотивациясы мен мүмкіндігі;
2) басқару объектісінде - міндеттерді орындауға деген мотивациялары мен қабілеттері болуы тиіс.
Басқару субъектісі мен басқару объектісінің элементтерін бөліп көрсету басқарудағы екінші мәселе - басқарушылық әрекеттегі манипуляцияны тудырады. Әсер ету объектісі ретінде бағынушы тараптың қабылдануы басқарушылық өзара әрекетте манипуляцияға әкелетіні сөзсіз. Аталған мәселені ұйымдағы қарым-қатынас бөлімінде толығырақ қарастырамыз.
Шындығында, басқарылатын адамдар да (ұйымдар да) белсенді субъект болып табылады. Бұл басқарушылық әрекет адамдардағы түрлі реакциялардың тууына әкеледі. Аталған фактіге (адами факторға) жеткіліксіз назар аудармау көбінесе басқарудың әдіс-тәсілдерін таңдау барысында бағынушы тараптың индивидуалды ерекшеліктері есепке алынбай қалады. Нәтижесінде, күтілетін нәтиже шындықпен сәйкес келмей, іс-әрекет мақсаты орындалмайды.
Аралық бақылауға арналған сұрақтар
1. Басқару психологиясының пәні?
2. Басқарудың мәні неде?
3. Басқару қызметтері қандай?
4. Басқару үрдісініңің құрылымы?
5. Басқару объектісін бөлу мәселесі неде?
6. Басқарудың табысты болуын не қамтамасыз етеді?
Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
1 тапсырма. Микротоптарда сұрақты талқылаңыз: манипуляциясыз басқару болуы мүмкін бе? Өз талқылауыңыздың нәтижелерін келтіріңіз.
2 тапсырма. Басқару үрдісін оның құрылымы мен қызметтері тұрғысынан өзіңізге таныс деңгейде (сіз жұмыс істеген немесе жұмыс істейтін мектеп, ЖОО, кәсіпорын) талдаңыз.
1.2. Басқару психологиясының тарихы және теориялық негіздері
...
Негізгі түсініктер: ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz