ЭКОНОМИКАДАҒЫ ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
Экономика,басқару және құқық факультеті
Экономика,қаржы және есеп кафедрасы

РЕФЕРАТ (БӨЖ)
ПӘНІ;ҚАРЖЫ ИНСИТУТАРЫ ЖӘНЕ НАРЫҚТАРЫ
ТАҚЫРЫП;ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР,ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРҒА МІНЕЗДЕМЕ

ОРЫНДАҒАН:ЖУСУЕВА БЕГИМАЙ
ЭҚЖ: 311 ТОБЫНЫҢ СТУДЕНТІ

ТУРКЕСТАН 2023

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... 3
Валюталык операциялар жөнінде түсінік ... ... ... ..4
Экономикалағы валюталык операциялар турлері ... ... ... ... 5
ҚОРЫТЫҢДЫ ... ... ... .15
КОЛДАНЫЛ АН ЭДЕБИЕТТЕР TI3IMI ... ... ...16

ҚІРІСПЕ
Әлемдік валюталық жүйе дүниежүзiлiк шарушылықтың шеңберiндегi сатып алу және сату айналымын тудыратын әдiстер, құрал жабдықтар және мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрi даму экономикасы халықаралық ақша кеңiстiгiндегi адекватты шарттарды талап ететiн ұлтаралық капитал үрдiсiнiң объективтi дамуын бейнелейдi. Халықаралық валюталық жүйенiң негiзгi құраушы элементтерi ретiнде әлемдiк ақшалай тауар және халықаралық өтiмдiлiк, валюталық бағам, валюталық операциялар, валюталық рыноктар, халықаралық валюта, қаржылық ұйымдар және мемлекетаралық валюталық келiсiм шарттарды атауға болады. Өз кезегінде валюталық операциялар осы аталған валюталық қатынастардың негізі болып табылатын валюталардың арасындағы әр түрлі есеп айырысулардың жүргізілуін, төлем құралы ретiнде шетел валютасындағы өзге төлем құралдарын пайдаланумен байланысты мәлiмелердің атқарылуын, ұлттық валютаға, сондай-ақ номиналы мен құны ұлттық валютада көрсетілген бағалы қағаздар мен төлем құралдарына меншік құқығы мен басқа құқықтардың ауысуына байланысты резиденттер мен резидент еместердің арасындағы валюталық операциялар болып табылады. Сонымен қатар валюталық операциялардың негізінен банктік операция ретінде және Ұлттық банктен лицензиясы бас басқа да валюталық операцияларды жүзеге асыруға құқысы бар органдардың валюталық операцияларды жүргізуіне байланысты валюталық операцияның көптеген түрлері болады және олар валюталық мәмілелерде әр түрлі сипатта және мақсаттарда қолданылады.

Валюталык операциялар жөнінде түсінік
Валюта дегеніміз - мемлекеттердін занды телем куралы ретінде кабылданган акша бірлігі немесе банкноттар,казыналык билеттер мен тиындар,соның ішінде кымбат металдардан жасалаған тиындар (айналымнан алынган немесе алынатын, бірак айналымда журген акша белгісі мен айырбастаута жататын тиындар) туріндегі колма-кол және аударым нысанындары куннын ресми стандарттары, сондай-ак, шоттардаты,сонын ішінде халыкаралык акша немесе есеп айырысу бірлігіндегі каражат. Валюта аркылы сырткы тауарлар мен кызметтерді пайдалануга, туризм жане мемлекетгін жеке акша козгалысын және т.б. көптеген кызметтерді жасауға болады.
Валюталык нарык дегеніміз - улттык валютаны шетелдік валютата алып саткан кезде, усыныс пен сураныс нәтижесінде калыптаскан белгілі-бір ресми орын.Валюталык нарыкта валюталармен белгілі іс-эрекеттер жасалынады.Оларды валюталык операциялар деп атайды.
Валюталық Операциялар -- валюталық құндылықтарға қатысты жасалатын мәмілелер. Олар ұлттық заңдармен және халықаралық келісімдермен реттеледі. ҚР-ның заңдары бойынша, валюталық операциялар валюталық құндылықтарды меншіктену және т.б. құқыларының өзгеге берілуіне байланысты, соның ішінде төлем құралдары ретінде шет ел валютасын және шет ел валютасы түріндегі төлем құжаттарын пайдалануға байланысты операциялар; валюталық құндылықтарды республикаға алып келу, сыртқа шығару және жолдау; ұлттық валютаны, сондай-ақ, номиналы мен құны осы валютамен есептелінетін құнды қағаздар мен төлем құжаттарын меншіктену құқыларының бір-біріне өтуі жөніндегі резиденттер мен резидент еместер арасындағы мәмілелер болып бөлінеді. Олардың ағымдық және капитал қозғалысына байланысты түрлері бар. Ағымдық валюталық операциялар экспорт-импорттық сауда операцияларына (олардың төлемақыларын өтеуге, осы мақсаттар үшін кредит бөлуге), сондай-ақ, шет елде тұратын, жұмыс істейтін азаматтардың валюталық қаражаттарын (зейнетақыларын, аударымдарды, т.б.) пайдалануларын қамтамасыз етуге арналады. Капитал қозғалысына байланысты валюталық операциялар қазақстандық капиталды шет ел экономикасына салуға, не шет ел капиталын ішке тартуға, ел экономикасын өркендету үшін пайдалануға қызмет етеді. Егер белгілі бір шектен асып кетсе, осы екі процес те экономикасының дамуына кері әсер етіп, кесірін тигізуі ықтимал. Мәселен, ұлттық экономиканың әр алуан саласында ше-телдіктердің бақылау орнатуына немесе отандық капиталдың қайтарымсыз шетке кетіп қалуына душар етеді.Сондықтан, капитал қозғалысына байланысты операциялар тиесілі органдар арқылы мемлекет тарапынан қатаң бақылауға алынуға тиіс. Экономикалық процестерге тигізетін әсерлеріне қарай валюталық операциялар осындай екі негізгі түрге сараланған. Бұған қоса, өткізілу тәртібіне орай олар қолма-қол және шұғыл валюталық операцияларға жіктеледі. Қолма-қол валюталық операциялар кезінде валюталар мәміле жасалған сәтте не одан бір жұмыс күні өткен соң айырбасталады.

2. Экономикалағы валюталык операциялар турлері

Бүгiнгi әлемде экономикалық және шаруашылық қатынастар күннен-күнге даму барысында халықаралық валюта қатынастарының өркендеуi өндiргiш күштердiң қарқынды өсуiмен, дүниежүзiлiк рыноктың қалыптасуымен, халықаралық еңбек бөлiнiсiнiң тереңдеуiмен, шаруашылық байланыстарының интернационалдануы және жаһанданумен сипатталады. Әлемдік валюталық жүйе дүниежүзiлiк шарушылықтың шеңберiндегi сатып алу және сату айналымын тудыратын әдiстер, құрал жабдықтар және мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрi даму экономикасы халықаралық ақша кеңiстiгiндегi адекватты шарттарды талап ететiн ұлтаралық капитал үрдiсiнiң объективтi дамуын бейнелейдi. Халықаралық валюталық жүйенiң негiзгi құраушы элементтерi ретiнде әлемдiк ақшалай тауар және халықаралық өтiмдiлiк, валюталық бағам, валюталық операциялар, валюталық рыноктар, халықаралық валюта, қаржылық ұйымдар және мемлекетаралық валюталық келiсiм шарттарды атауға болады.
Өз кезегінде валюталық операциялар осы аталған валюталық қатынастардың негізі болып табылатын валюталардың арасындағы әр түрлі есеп айырысулардың жүргізілуін, төлем құралы ретiнде шетел валютасындағы өзге төлем құралдарын пайдаланумен байланысты мәлiмелердің атқарылуын, ұлттық валютаға, сондай-ақ номиналы мен құны ұлттық валютада көрсетілген бағалы қағаздар мен төлем құралдарына меншік құқығы мен басқа құқықтардың ауысуына байланысты резиденттер мен резидент еместердің арасындағы валюталық операциялар болып табылады. Сонымен қатар валюталық операциялардың негізінен банктік операция ретінде және Ұлттық банктен лицензиясы бас басқа да валюталық операцияларды жүзеге асыруға құқысы бар органдардың ваюталық операцияларды жүргізуіне байланысты валюталық операцияның көптеген түрлері болады және олар валюталық мәмілелерде әр түрлі сипатта және мақсаттарда қоладнылады.
Осыған байланысты курстық жұмыстың тақырыбы Валюталық операциялар және оның экономикадағы түрлері болып алынды.
Тақырыптың өзектілігі банктер және басқа да лицензиясы бар тұлғалар жүргізетін валюталық операциялардың түрлерін бүгінгі заман талабына сай жан-жақты зерттеп, оларды еліміздің тәжірибесінде тиімді қолдану, валюталық операциялардың түрлері бойынша мәмілелр жүргізуде халықаралық талаптарға сай келуін ескеру және оларды дамыту болып Жұмыстың негізгі мақсаты еліміздегі валюталық операцияның заңдық-экономикалық сипаттамасын ашып, валюталық операциялардың негізгі түрлерін талдау.
Осыған орай келесідей міндеттер ескерілуі керек:
Валюталық операцияларға анықтама беру және оның құрылымын қарастыру;
Валюталық қозғалыстарға тоқталу және валюталық операциялардың өзіндік белгілеріне байланысты жіктелуіне тоқталу;
Валюталық операциялардың негізгі экономикалық түрлерін талдау.
Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүргізу ережелері мен реттеу органдарын талқылау;
Валюталық операциялар түрлерін жүргізетін маманданған ұйымдар мен олардың міндеттерін қарастыру болып табылады.
ЭКОНОМИКАДАҒЫ ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
Валюталық операциялардың негізгі түрлері және жіктелу барысы
Валюталық операциялардың анықтамасын беруден бұрын "валюта" терминiнiң мәнiне тоқталайық. Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес, "валюта деп мемлекеттердiң заңды төлем құралы ретiнде қабылданған ақша бiрлiктерi немесе банкноттар, қазыналық билеттер мен тиындар, соның iшiнде қымдат жасалған тиындар (айналымнан алынған немесе алынатын, бiрақ айналымда жүрген ақша белгiсiмен айырбастауға жататынын қоса алғанда) түрiндегi қолма - қол және аударым нысандарының құнның ресми стандарттары, сондай- ақ шоттардағы, соның iшiнде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бiрлiктерiндегi қаражаттарды бiлдiредi".
Кассалық келісімдер немесе дереу оырндалатын келісімдер спот (spot) ережелеріне сай жүзеге еасырылады. Спот бағамы (курсы) операция жүргізіліп жатқан шақта ұлттық валютаның елден тысқары жерлерде қаншалықты жоғары бағаланатындығын көрсетеді. Спот ережелеріне сай классикалық келісімдер валютаның дереу алу үшін ған емес, валюталық тәуекелді сақтандыру, сондай-ақ алып-сатарлық операцияларды жүргізу үшін де қолдналылады.
Спот валюталық операциясының мәні келісім жасалған сәттегі курсы бойынша валютаны сату, сатып алу және оны контрагент - банктердің келісім жасалған күннің ертенінен қалдырмай беру міндеттемесінде болса керек. Валютаны жеткізіп беру мерзімі валюталандыру күні деп аталады. Мұның өзін келісуші тараптардың өз міндеттемелерін толығымен орындайтын күн деп те айтуға болады.
Төлемдер күнін дәл анықтау валюталық рыноктың негізін құрайтын құнды компенсациялау принципін қамтамасыз ету үшін өте маңызды. Аталған принциптің мәні айырбас келісім шартына қатысушы тараптардың қай-қайсысы болса да екінші жаққа кредит бермейді. Практика жүзінде бұның мәні мынада: егер, Германиядағы банк дәл осы күні марка төлемін жүзеге асырса, Ұлыбритания марканың эквовалентін фунт стерлингпен төлеуі тиіс.
Ал, практика жүзінде келісуші тараптардың бір мезетте валютаны алу мүмкіндігін кепілдендіру өте ауыр іс. Әсіресе әр түрлі сағат белдеуіндегі елдер арасындағы есеп айырысуларды мұның өзі қиындығы көп жұмыс. Осыған байланысты қажетті төлемін атқарған банк контрагенттің өз міндеттемесін дәл уақытында орындағандығына сенімді емес, сондықтан кредиттік тәуелділік - делькреде пайда болады.
Кассалық операциялардың валюталық рыноктарда кеңінен қоданылуының басты себебі сыртқы саудада валютаны дер кезінде алу мақсатымен байланысты. Банкаралық рыноктағы олардың көлемі 60%-дан астам болып отыр.
Валюталық операциялардың екінші түріне мерзімдік келісім-шарттар жатады. Соңғы жылдары қаржы рыногы дамуының маңызды бөлігін дәл осы мерзімдік сауда құрап отыр.
Қазақстанның рыноктық экономикаға өтуімен байланысты республикамыздағы мерзімдік сауда бірте-бірте кеңейіп келеді және оның дамуына бірқатар факторлар әсер етеді
біріншіден, мерзімдік келісімдер рыногы әр түрлі өнімдерді өндірушылер мен тұтынушыларды тауарды өткізуде немесе сатып алуда баға тәуелділігін кемітуге мүмкіндік береді
екіншіден, мерзімдік келісімдер рыногы экспорттаушылар мен импорттаушылар валюта бағамының шайқалу себебінен туындайтын тәуекелдіктен қорғайды немесе оның әсерін азайтады. Мерзімдік келісімдер шетелдік инвесторлар үшін де қолайлы болып отырады
үшіншіден, мерзімдік келісімдер рыногының өзі рыноктық экономиканы тұрақтандырушы механизмге айналып отыр, соның ішінде қаржы-қаражат секторының да бірқалыпты жұмыс істеуіне игі әсерін тигізіп, қаржы активтері иелеріне құндық бағамдарды қамсыздандыруға , ал кредиторларға пайыздық қойылымның өзгеруін қамсыздандыруға едәуір жәрдем жасайды.
Мерзімдік келісім шарттар рыноыгының түрлеріне келетін болсақ, олар мынадай:
Форвардтық келісімдер рыногы;
Фьючерстер рыногы;
Опциондар рыногы.
Форвардтық келісімдер мерзімдік контрактылардың ең алғашқы қолданыла бастаған түріне жатады және олар бағалардың едәуір шайқалуларына қарсы жауап ретінде қалыптасады. Қазіргі кезде форвард операциялары ең алдымен шетелдік валютамен саудада қолданылады. Форвардтық контракт дегеніміз мүдделі екі жақтың биржаның қатынасынсыз келісімге көрсетілген затты алдағы белгіленген уақытта бір-біріне жеткізіп беруді міндеттейтін келісім шарт.
Форвардтық келісім-шарт тек қана валюта төңірегінде емес, сондай-ақ басқа да активтермен, айталық, тауарлар акциялар, облигациялармен де жасала береді.
Валютаны сату, сатып алу жөніндегі форвардтық келісім мынадай ережелерге сүйенеді:
Келісім-шарт жасаған мезеттегі валютаның курсы белгіленіп, бекітіледі;
Валютаны екінші жаққа тапсыру тұрақты кезеңдер ішінде, ең көп тараған кезеңдерде 1,2,3,6 ай мерзімдері жатады. келісім шарт жасалған мезетте ешқандай ақша сомалары ешкімге де аударылмайды.
Валюталық операциялармен шұғылданатын банктер өздеріне пайда келтіру үшін валютаның екі түрлі курсын тағайындайды:
Сатып алушының курсы - бұл курс бойынша банк валютаны сатып алады;
Сатушының курсы - бұл курс бойынша банк валютаны сатады. Сатып алу мен сатудың арасында түскен пайданы маржа деп атайды.
Мерзiмдiк операцияда есеп мәмiледе көрсетiлген мезгiлде жүргiзiледi: ол айдың ортасы немесе аяғы болуы, болмаса үш, алты ай және уақыт өткеннен кейін болуы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының валютасымен операциялар
Валюталық операцияларды классификациялау
Валюталық операция түрлерін жүргізетін және реттеу органдары мен ұйымдары
ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДЕГІ АҚША - НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Ақша-несие саясаты туралы ақпарат
Қазақстанның Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының даму ерекшелігі, және оны талдау
Сыртқы экономикалық қызметінің жалпы мәселелері
Экономиканың ақшалай-несиелік тұрақтылығындағы орталық банктің атқарылатын рөлі
Қазақстандағы пайыздық саясаттың мәні
Қазақстан Республикасының ұлттық банкінің пайыздық саясаты
Пәндер