Қазақстан Республикасындағы медициналық техниканың қолданылу деңгейін анықтау


Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы
«Назарбаев Зияткерлік мектебі»
Қазіргі Әлемдегі Қазақстан Курстық Жұмыс
Тақырыптың бағыты:
Тақырыбы: Қазақстан медицина саласында ғылыми-техникалық жетістіктерді қаншалықты қолдануда?
Орындаған: 12В Маратова Нұрай Манатқызы
(аты-жөні)
Жетекшісі: Амангалиев Жанат Мураткалиевич
(аты-жөні)
Ішкі модератор: Исабай Айқын Мағжанұлы
(аты-жөні)
МазмұныСемей, 2024 оқу жылы
- КІРІСПЕ БӨЛІМ 3Зерттеу өзектілігі 3Зерттеу мақсаты 3Зерттеу әдістері 3Зерттеу сұрақтары 3Зерттеу гипотезасы 3
- НЕГІЗГІ БӨЛІМ 4
Активті медициналық техника - ауыр жағдайдағы пациенттердің профилактикасы, оларды диагностикалау, емдеу, оңалту, медициналық сипаттағы ғылыми зерттеулер үшін медициналық мақсатта жеке түрде, кешеннің немесе жүйенің құрамында қолданылатын аппараттар мен жабдықтар. [1] Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы үшін бірден-бір әлеуметтік маңызы зор саланың бірі медицина болып табылады. Еліміз үшін медицина, медициналық техникамен қамтамыз етілу маңызды болып саналады. Мысалы, зертханаларда заманауи медициналық жабдықтардың болмауы олардың сынақ базасын жаңғырту процесін баяулатады. Қазақстанда зертханалардың тек 2-3%-ы ғана ғылыми-медициналық техникамен жабдықталған. ҰАО әдіснама және нормалау департаментінің бас маманы Алмат Орынғалиұлының айтуынша, қолданылатын ғылыми- медициналық жабдықтардың үштен бірінің қолданылу уақыты 15 жылдан асып кеткен. Оның ішінде 1960-1970 жылғы үлгілері де бар. Мұндай жабдықты пайдаланудың себебі сынақ әдістерінің өзінің ескіруінде болып тұр. [2] Сонымен қатар, қолданыстағы сәулелік терапия жабдықтарының 50%-ы ескірген. Атырау облысында 1968 жылы шығарылған құрылғы қолданылады. Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Ұлытау, Жетісу және Қызылорда облыстарында сәулелік терапия аппараттары жоқ», - деді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы. [3] Бұл Қазақстандағы ғылыми-техникалық жетістіктердің дамуындағы баяулауының және медициналық жабдықнаманың көп қолданылмауының көрінісі. Ғылыми техникалық жетістіктердің дамуы Қазақстан үшін алуан түрлі мүмкіндіктерді ашады, мысалы, заманауи медициналық технологиялар дәрігерлерге тиімдірек және жекелендірілген емдеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл науқастың көрсеткіштерінің жақсарту және өлім көрсеткіштерінің азаюы үшін маңызды болып табылады.
Демек, Қазақстан Республикасындағы ғылыми-медициналық жетістіктердің қолданылу аясының тар болуы еліміздің дамуына, демографиясына, халық денсаулық деңгейлеріне және т. б. факторларға әсер етеді. Медицина саласының, медициналық жабдықнаманың қолданылуы еліміз үшін маңызды әрі өзекті болып табылады.
Зерттеу мақсатыҚазақстан Республикасындағы медициналық техниканың қолданылу деңгейін анықтау.
Зерттеу әдістері- Тақырып бойынша сенімді және ресми ақпарат көздерін табу, оларды қолданып, түйіндеу
- Қоғам пікірін білу және түсіну мақсатында Google Forms платформасында сауалнама жүргізу және нәтижелерін зерттеу
- Тақырып жайында білімі мен тәжірибесі мол сарапшыдан сұхбат алу, сұхбат жазбасын өңдеп, сапалы мәліметтерге қол жеткізу
- Сауалнама, сұхбат және де әдеби шолу арқылы алынған ақпараттарды пайдалана отырып, SWOT кестесін құру, талдау жасау
- Зерттеу мақсатына, жұмыс сапасына сәйкес қорытынды жасау
- Әлем бойынша медицина саласы ең дамыған ел қандай?
- Қазақстанның медицина саласының дамуы: ең дамыған елмен салыстырмалы түрде
- Қазақстандағы медициналық техника жетістіктерінің таралуы қаншалықты?
- Қазақстандағы медициналық техникалардың қолданылу деңгейі қандай?
- Қазақстандағы ғылыми-техникалардың қолданылу тиімділігі қандай?
Болжамдық тұрғыдан қарастырса, медициналық техникалардың дамуы деңгейінің жоғары болуы Қазақстан Республикасының медицинасының, денсаулық деңгейінің және ел үшін маңызды басқа салалардағы дамуына алып келуі мүмкін.
- Негізгі бөлім
2. 1 Теориялық зерттеу
2. 1. 1 Әлем бойынша медицина саласы ең дамыған ел қандай?
Қазіргі таңда, медицина саласы бойынша дамыған лидер елдердің бірі-Тайвань. NUMBEO онлайн сервисінің сарапшыларының пікірінше, Тайвань әлемдегі ең дамыған медицинаға ие ел. NUMBEO рейтингі бойынша Тайванның денсаулық сақтау жүйесі 85, 9 баллға бағаланған. [4] Көптеген жергілікті емханалар емдеудің тиімділігін, қауіпсіздігін, қызметкерлерді оқыту деңгейін және басқа да маңызды параметрлерді бағалайтын JCI жүйесіне сәйкес аккредиттелген.
2. 1. 2 Қазақстанның медицина саласының дамуы: ең дамыған елмен салыстырмалы түрде
Қазақстанда азаматтардың негізгі медициналық көмекке қолжетімділігін қамтамасыз ететін міндетті медициналық сақтандыру жүйесі бар. Қазақстанда мемлекеттік ауруханалар мен емханалардың жұмыс істейтін инфрақұрылымы болды, бірақ медициналық қызметтердің сапасы аймаққа байланысты әр түрлі болуы мүмкін. NoNews сайтының деректері бойынша, Қазақстан денсаулық сақтау индексінің рейтингі бойынша, басқа елдердің арасынан 56-шы орында тұр. Елімізде денсаулық сақтау индексі 60. 09 болып табылады. [5] Екі ел арасындағы айырмашылық 25, 81-ді құрайды. Ендігі, Тайвань туралы айтатын болсақ, бұл елде барлық азаматтарға сапалы медициналық көмекке қол жеткізуді қамтамасыз ететін міндетті Ұлттық медициналық сақтандыру (NHI) жүйесі бар. Тайваньдағы денсаулық сақтау инфрақұрылымы, әдетте, заманауи ауруханалар мен емханалар бар жоғары сапалы болып саналады. Сонымен қатар, Тайвань медициналық техника құрастырып, шығарудағы лидер елдердің бірі болып табылады. Мысалы, “LightMed”, ”Mediland” сияқты түрлі медициналық техниканы өндіретін компаниялар Тайваньда орналасқан. Бұл, Тайвань мемлекетінің медицина саласындағы дамуының көрсеткіші. Яғни, Қазақстанның медицина саласының дамуын Тайваньмен салыстыра отырып қарасақ, екі ел арасындағы даму алшақтығын көре аламыз.
2. 1. 3 Қазақстандағы медициналық техника жетістіктерінің таралуы қаншалықты?
Қазіргі таңда медициналық техникамен қамтамасыз етілу өте маңызды, әрі өзекті мәселе. Қазақстанда медициналық техникамен қамтамасыз етілу деңгейінің медициналық көмектің көлеміне, жұмыс істеп тұрған денсаулық сақтау ұйымдарының профильдеріне, халыққа медициналық көмек көрсету стандарттарына сәйкес келмеуі орын алады. Сонымен қатар, елімізде әртүрлі аймақтардағы медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын теңестіру және нығайту қағидасы жүзеге асырылмаған. Өкінішке орай, елімізде денсаулық сақтау мекемелерін медициналық құрал-жабдықтармен жабдықтау тәсілдерінің біріктірілуінің болмауы және медициналық жабдықтың тозуының және тоқтап қалуының жоғары деңгейі орын алады. [6]
Дегенмен, Қазақстан Республикасында медициналық техниканы өндіруші Отандық компаниялар бар. Мысалы, “Ordamed” компаниясы. “Ordamed”- заманауи медициналық жабдықтарды шығаратын ірі қазақстандық өндірушілердің бірі. Жетекші корейлік компаниялармен серіктестікте Ордамед жоғары сападағы медициналық жабдықтардың желісін жасап, табысты алға жылжытуда. Бірақ шығарылатын құрал-жабдықтардың сапасына күмән бар, өйткені республикалық деңгейдегі көптеген ауруханалар еуропалық өндірушілердің жабдықтарын пайдалануға басымдық береді.
2. 1. 4 Қазақстандағы медициналық техникалардың қолданылу деңгейі қандай?
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz