Қазақтың атбегілік өнері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
№36 қазақ орта мектебі КММ

Тақырыбы: Қазақтың атбегілік өнері

Бағыты: этномәдениеттану
Орындаушы: Бағдәулетұлы Нұртаза
Сыныбы: 4 А
Қала: Ақтөбе қаласы
Облыс: Ақтөбе облысы
Жетекшісі: Сүлейменова Гүлжаз Жаңабекқызы
Қызметі: Бастауыш сынып мұғалімі

Ақтөбе, 2023 жыл

МАЗМҰНЫ
АННОТАЦИЯ
I.КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
II.Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1.Атбегілік-халқымыздың генетикалық жадысы ... ... ... ... ...4-5

2.2.Атбегілік-ата кәсіп ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6-7
2.3.Атбегілік жайлы деректерді зерттеу практикасы.
Дәулеталы Қуандықұлы-шабандоз және атбегі ... ... ... ... ... ... 8-10
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11-12
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 14
Аннотация
№36 қазақ орта мектебі КММ-сінің 4 А сынып оқушысы Бағдәулетұлы Нұртазаның Қазақтың атбегілік өнері тақырыбындағы ғылыми жобасы атбегілік ата кәсіп екенін дәлелдеу, атбегілікті дәріптеу, насихаттау жайында сөз етіледі. Жоба арқылы жеткізгіміз келгені: қазақтың атбегілік өнерін жоғалтып алсақ, оны қайта қалпына келтіру қиын екенін көрсеткіміз келеді.Ат баптау тақырыбында атты қалай баптау керек екенін дайындау, қарау керектігі сөз болмақшы. Атбегілік - ата кәсіп тақырыбында қазақтың ежелден келе жатқан кәсібі екендігі айқын айтылады. Осы жоба арқылы өзіміз зерттеген,ізденіп,тарихымен танысқан атақты атбегілердің бірі- жерлесіміз Дәулеталы Қуандықұлы туралы мәліметтер айтылады.
Ғылыми жобаның мақсаты: Атбегілік ата кәсіп екенін дәлелдеу, қазіргі кездегі атбегіліктің жағдайына тоқтала отырып, атты баптау және атбегілікті дәріптеу, насихаттау.
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Егер, атбегілік өнері - табыс көзі емес екенін дәлелдейтін болсақ, онда ат жаратушыларды әр аймақтан көрер едік, яғни атбегілік ата кәсіп екенін дәлелдеудің бірден-бір жолы болып табылатынын жеткізгіміз келеді.
Зерттеу жаңалығы және дербестік нәтижесі: Сыны келіскен сәйгүлікті нағыз атбегілер жаратып-баптап бәйгеге қосады. Жақсы дайындықтардың жемісі ретінде жүлделі орындарға ие болады.Таза қанды тұлпарларды баптаудағы қазақтың атбегілік өнері әрі қарай дами түседі. Қазақтың атбегілік өнерінің беделі артады.
І.КІРІСПЕ

Атбегілік, казіргі тілмен айтсақ, жылқытану жайы қазақтың әлімсақтан қанына сіңген төл өнері, яғни, атбегілік - халқымыздың генетикалық жадысының туындысы. Сөйтіп,байырғы этномәдени таным-түйсігін жоғалтады. Осы олқылқтың орнын толтыру үшін жасалып отырған шаруа бұл.
Қазақстанның әр аймағында әр түрлі атайды. Орт., Шығыс Қазақстанда "атбегі", оңт-те "бапкер", батыста "атсейіс" дейді. Ежелгі түркі халықтарының жазба ескерткіштерінде, "бек" -- ұлық, көсем, әкім деген ұғымды білдірсе, бертін келе жеке істі жете білетін кісіні де соның "бегі" деп атаған. Осыдан атбегі, құсбегі деген сөздері шыққан.

Мен осы жобамда атбегі кәсібін зерттеп, жинақтаған мәліметтер бойынша тақырыптарда беруге тырыстым. Яғни Атбегілік тақырыбында атбегіліктің үлкен өнер екені қарастырылды.Сөзімізге дәлел - жұртымыздың жадысында жатталған 150 томдық жыр-дастан төгілмей - шашылмай бүгінге жетіпті. Аталарымыз жылқы түлігін қолға үйретіп,бастықтырған ықылым заманнан бастап-атты баптау,оны сынау,бәйгеге қосу,әрі жауынгерлік өнерге үйрету ісіне қатты мән берген.Әрі бұл ілімді ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып,мұрагерлік ретінде үйретіп отырған. Атбегілік өнер атты сынау мен баптаудан тұрады. Яғни, аттың сынын білген адам оны баптай да алады. Тіпті ерте заманда өмір сүрген атақты сыншылар тірі жылқыны былай қойып, далада жатқан қу сүйекке қарап-ақ сын-сипатын айтатын болған. Атбегілік өнер тек қазақ халқына ғана тән деу - артық айтқандық.Бұл мұра қырғыз, моңғол, алтай, хақас сияқты көшпелілерге де ортақ дүние.Бұлардың атбегілік өнерлерінде аса айырмашылық жоқ.

ІІ.Негізгі бөлім
2.1. Атбегілік-халқымыздың генетикалық жадысы.

Атбегілік -- қазақтың ең көне ұлттық өнері. Атбегі -- бәйге атын баптайтын адам. Мұндай бапкерлер ата-бабасынан бері жылқыны қадірлеп, қасиетін білетін кісілер арасынан шығады. Жылқы малы қолға алғаш рет біздің заманымыздан бұрынғы жетінші мың жылдықта Азия мен Еуропада үйретіліпті. Осы мәселені бүге-шігесіне дейін зерттеп жүрген ғалымдар оның ішінде алғаш қазақ топырағында үйретілгенін айтады. Ал бүгінгі біз қызығып жүрген арғымақтардың арғы атасын ілгері заманда ағылшын капиталистері мен араб байлары біздің даламыздан әкетіпті. Демек, бүгінгі ағылшын тұлпарларының бойында қазақ қазанатының қаны бар.
Көшпенділердің жылқымен бірге өсіп, біте қайнасқаны соншалық олардың тұрмыс-салтына, мәдениеті мен өнерінде қатысты айтылатын афоризмдері жетіп артылады. Бабы келмеген жүйріктің бағы байланады, Ер қанаты-ат дейтін қазақ әсіресе бәйгеге қосар жылқыны жаратуға ерекше мән берген екен. Нағыз атбегі жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығатын жануарды алыстан таниды. Жүйрік аттың тағдыры - қаһарман батырдың тағдыры - халықтың тағдыры деп те айтылып жатады.

Жылқы адамзат өркениетіндегі, әсіресе,дала өркениетіндегі дамудын жарқын да елеулі көрсеткіштерінің бірі болды.Жылықыны қолға үйрету көшпелі шаруашылық пен дала өркениетінің негізін қалады.Қолға үйретілген жылқының тұрмыста маңызы зор.Ол - ет және қымыз өндіру, салт міну,арба-шанаға жегу,жауынгерлік және сайыс өнеріне бағытталып өсірілген.

Еуропалық ғалымдардың зерттеуіне қарағанда,адам баласы жылқыны қолға үйреткеніне 5500 жылдан асыпты. Өркениет тарихында жылқылар алғаш рет қазіргі Украина топырағында қолға үйретілді деген тұжырым болған еді.Алайда,соңғы зерттеулердің қорытындысы өркениеттің Азиядан басталғанын дәлелдеді.

Ағылшын зерттеушісі Кимберлей Броун Лос Анжелес Таймсгазетіне сілтеме жасай отырып, HORSE атты журналға жазған еңбегінде, жылқы түлігі еуропалықтар ойлағаннан көп бұрын Азияда қолға үйретілгенін меңзеген.
Басылымның бұлай түйін жасауына себеп болған дүние: жоғарыдағы қазбадан табылған жылқылардың тістері мүжілген,әрі оған сызат түскен.Осыған қарап ғалымдар,жылқының мініске пайдаланылғанын,ауыздықталғанын анықтап отыр.Сонымен қатар,жер астынан табылған ыдыстардың түбінде кепкен қымыз қалдықтарының ізі қалған.

Біздің жыл санауымыздан 3600-3700 жыл бұрын энолит дәуірінде өмір сүрген ботайлықтар Есілдің жағасын мекендеп,жылқыны қолға үйретіп,оның етін тұтынып, қымызын ішіп күнелткен.Зерттеушілер осындағы жылқы сүйегінің бір жерге аса көп мөлшерде шоғырланғанына қарап,ботайлықтар жылқы малын будандастыруды да меңгерді деген оқшау тұжырым жасайды.

2.2. Атбегілік - ата кәсіп.

Атбегілік жүйріктің сынын білуімен,оны жаратып баптаумен шектелмейді,қайсарлықты,жүректілікт і,нар тәуекелділікті талап етеді.Атбегінің көкірегінде от болуы керек.Ат қосу қылыштың жүзіндегідей нәрсе.Болмайын десе,болуға тиісті нәрсенің өзі қолдан сусып шығып кетеді.
Яғни, ежелгі дәуірде жылқы түлігінің қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгені бұл малдың ерекше қастерленіп, өмір сүру жоралғысының ажырамас бір бөлігіне айналғанын көрсетеді. Тіпті, қазақ халқы әлі күнге дейін жылқының сүтін қымыз ретінде пайдаланып отырғаны- қазақ даласында сонау ежелгі дәуірден бері үзілмей жалғасып келе жатқан дәстүрдің айғағы.
Атбегілік - ол үлкен өнер. Егер бұл өнерді жоғалтып алатын болсақ, қайта қалпына келтіру меніңше өте қиын. Мысалы, бокстан жаттықтырушы табылмаса, оны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың спорт журналистикасының көш басында ұстазымыз
Ұлттық спорт түрлерінің ерекшелігі
Қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы отандық ғалымдар еңбектерінің аннотациясы
Жылқы малы қазақ халқының ежелден келе жатқан, тарихи қалыптасқан түлігі
Ақындық мектеп дәстүрі (Ж. Жақыпбаев шығармашылығы негізінде)
Жүніс батыр және сары бүркіт
Қазақ прозасындағы кейіпкер болмысы және авторлық ұстаным. Суреткерлік шеберлік және көркемдік әдіс-тәсілдер
Бастауыш сынып оқушыларын халық ауыз әдебиеті арқылы еңбекке тәрбиелеу
Көшпенділер мәдениеті
Психикалық дамытуға бағытталған тұжырымдамалар
Пәндер