БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЗЕРТТЕУ



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ДАРЫН ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
Алматы ОБЛЫСЫ
Жамбыл ауданы
ҒЫЛЫМИ ЖОБА

Бағыты: Салауатты табиғи орта - Қазақстан 2030 стратегиясын
жүзеге асырудың негізі
Секция: Биология
Тақырыбы: Зертханалық жағдайда далалық сәлбен (Salvia stepposa schost)
морфологиялық-анатомиялық ерекшеліктерін зерттеу

Жас ізденуші: Балтабек Ақерке
Мектебі: Жамбыл атындағы орта мектеп КММ
Сыныбы: 10 А сынып оқушысы

Жоба жетекшісі: Құрманғали Алуа
биология пәнінің мұғалімі
Ғылыми кеңесшісі: Калиева Анар Нургайыповна
PhD, қауымдастырылған профессор м.а.

Алматы 2023

МАЗМҰНЫ

ЭССЕ

АННОТАЦИЯ

ПІКІР

КІРІСПЕ

3

4

8

9
1
ДАЛАЛЫҚ СӘЛБЕННІҢ (S. STEPPOSA SCHOST.) БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЗЕРТТЕУ

1.1

1.2
Зерттеу объектісі мен зерттеу әдістері
Далалық сәлбеннің (S.stepposa Schost.) морфологиялық ерекшеліктері
12

13

1.3
Далалық сәлбен (S.stepposa Schost.) жапырағының анатомиялық құрылысы
14
1.4
Далалық сәлбен (S.stepposa Schost.) сабағының анатомиялық құрылысы
16
1.5
Далалық сәлбен (S.stepposa Schost.) тамырының анатомиялық құрылысы

18

ҚОРЫТЫНДЫ
19

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

20

ҚОСЫМША

21

ЭССЕ

Құрамындағы биологиялық белсенді заттардың тиімділігіне байланысты дәрілік өсімдіктерді зерттеуге деген қызығушылық жылдан - жылға арта түсуде. Ертеден бері қолданылып келе жатқан табиғи қорлары жеткілікті дәрілік өсімдіктер тиімді табиғи көздері ретінде пайдаланылуда.
Дәрілік өсімдіктің вегетативтік мүшелерінің анатомиялық диагностикалық белгілерін анықтау шикізатты пайдалануда оны іріктеп алудағы сапасын көтереді. Пайдалы дәрілік өсімдіктерді терең зерттеу қажет, бұл оларды сақтауда, қалпына келтіруде маңызды болып табылады. Осы орайда, ерінгүлділер тұқымдасының тауқалақай туысына жататын далалық сәлбен (Salvia stepposa Schost.) қызығушылық тудырды. Дәрілік өсімдіктерді зерттеу барысында морфологиялық - анатомиялық әдістер қолданылады.
Алматы облысы Қарасай ауданында өсетін ерінгүлділер тұқымдасына жататын далалық сәлбен (S.stepposa Schost.) дәрілік өсімдігінің биологиялық ерекшеліктерін тереңірек білу мақсатында, Көлді және Абай популяцияларының вегетативтік мүшелерінің морфологиялық-анатомиялық ерекшеліктеріне зерттеулер жүргізілді. Зерттеу жұмысын орындау барысында өсімдіктің жапырағы, сабағы, тамырынан фиксация жасалып, кесінділер даярланды. Сандық талдау үшін биометрикалық көрсеткіштер МСх100 фотоқондырғылы Микрос микроскопы арқылы өлшеніп, микросуреттерге түсірілді. Алынған нәтижелер бойынша екі популяция бойынша салыстырмалы талдау жүргізіліп, қорытынды жасалды.
Далалық сәлбеннің (S.stepposa Schost.) морфологиялық, анатомиялық ерекшеліктерін зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтерді, болашақта ғылыми жұмысты әрі қарай жалғастырып, зерттеулер жүргізуде пайдалануға болады.

АННОТАЦИЯ

Зерттеу жұмысының өзектілігі:
Қазақстан флорасы пайдалы өсімдіктерге, оның ішінде ерекше маңызды болып саналатын дәрілік өсімдіктерге өте бай. Қазіргі таңда елімізде табиғи дәрілік өсімдіктер қорын, оның түрлерін тиімді пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылуда. Өйткені фармацевтикалық өндірістердің синтетикалық препараттарды шығарудағы жетістіктеріне қарамастан, медицинада кеңінен қолданылатын дәрілік препараттардың 40% -ға жуығының негізгі шикізаты дәрілік өсімдіктер. Туған өлкеде кездесетін дәрілік өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктерін тереңірек біліп, зерттеу әдістерін меңгеру биология пәніне деген қызығушылықты арттыра түсетіні анық.
Ғылыми зерттеу жұмысының мақсаты:
Алматы облысында кездесетін далалық сәлбеннің (stepposa Schost.) морфологиялық ерекшеліктері мен жапырағы, сабағы, тамырының анатомиялық құрылысына микроскопиялық талдау жасау және морфометрикалық көрсеткіштерін анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
далалық сәлбеннің (S.stepposa Schost.) морфологиялық ерекшеліктеріне сипаттама жасау;
далалық сәлбен (S.stepposa Schost.) жапырағының анатомиялық құрылысын анықтау;
далалық сәлбен (S.stepposa Schost.) сабағының анатомиялық құрылысын анықтау;
далалық сәлбен (S.stepposa Schost.) тамырының анатомиялық құрылысын анықтау.
Зерттеу базасы: Жамбыл атындағы орта мектеп КММ
Зерттеу нысаны - Алматы облысында кездесетін - далалық сәлбен (S.stepposa Schost.)
Зерттеу әдістері: бақылау әдісі, Страсбургер-Флемингтің фиксация әдісі, микроскопиялық әдіс, морфометрикалық өлшеу, құрылымдық талдаулар әдістері.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы
Далалық сәлбеннің (S.stepposa Schost.) жапырағы, сабағы мен тамырының морфологиялық-анатомиялық құрылысының анықталуы және адам денсаулығын жақсартуға пайдалануы жайлы мәліметтердің жинақталуы.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы
Далалық сәлбеннің (S.stepposa Schost.) жапырағы, сабағы мен тамырының биологиялық ерекшеліктерін зерттеу әдістері мен нәтижелерін талдаудың көрсетілуінде.
Зерттеу болжамы: Егер, далалық сәлбеннің (S.stepposa Schost.) жапырағы, сабағы мен тамырының ботаникалық ерекшеліктері анықталып, денсаулығын жақсартуға пайдалануы жайлы мәліметтер жан-жақты жинақталса білімалушылардың туған өлкенің өсімдіктерін танып-білуі жайлы білімдері толыға түседі.

ANNOTATION
Relevance of the research work:
The flora of Kazakhstan is very rich in useful plants, including medicinal plants, which are considered particularly important. Currently, special attention is being paid to the issues of effective use of natural medicinal plant stock and its species in the country. Because, despite the success of pharmaceutical industries in the production of synthetic drugs, the main raw material of about 40% of drugs widely used in medicine are medicinal plants. It is clear that learning more about the biological features of medicinal plants found in one's native land and mastering research methods will increase interest in the subject of biology.
The purpose of scientific research work:
Microscopic analysis and determination of morphometric indicators of morphological features and anatomical structure of leaves, stems, roots of Stepposa Schost. found in Almaty region.
Objectives of the research:
- description of the morphological features of the steppe sedge (S.stepposa Schost.);
- determination of the anatomical structure of the leaf of field sedge (S.stepposa Schost.);
- to determine the anatomical structure of the stem of field sedge (S.stepposa Schost.);
- determination of the anatomical structure of the roots of field sedge (S.stepposa Schost.).
Research base: Zhambyl secondary school KMM
The subject of the study is the steppe sedge (S.stepposa Schost.) found in the Almaty region.
Research methods: control method, Strasburger-Fleming fixation method, microscopic method, morphometric measurement, methods of structural analysis.
Scientific novelty and theoretical importance of research
Determination of the morphological and anatomical structure of the leaves, stems and roots of the steppe sedge (S.stepposa Schost.) and collection of data on their use to improve human health.
Practical significance of research
- Methods and results of analysis of biological characteristics of leaves, stems and roots of field sedge (S.stepposa Schost.) are presented.
Research hypothesis: If the botanical features of the leaves, stems and roots of the steppe sedge (S.stepposa Schost.) are determined and information about their use to improve health is comprehensively collected, students' knowledge of native plants will be enriched.

Жамбыл атындағы орта мектеп КММ 10 А сынып оқушысы
Балтабек Ақеркенің Зертханалық жағдайда далалық сәлбен (Salvia stepposa schost) морфологиялық-анатомиялық ерекшеліктерін зерттеу атты ғылыми жобасына ғылыми кеңесшінің

ПІКІРІ
Қазақстан флорасы дәрілік өсімдіктерге өте бай. Қазіргі таңда елімізде медицинада кеңінен қолданылатын дәрілік препараттардың 40% -ға жуығының негізгі шикізаты дәрілік өсімдіктер. Құрамындағы биологиялық белсенді заттардың тиімділігіне байланысты дәрілік өсімдіктерді зерттеуге деген қызығушылық жылдан - жылға арта түсуде. Осы орайда ғылыми жұмыс бүгінгі таңдағы өзекті мәселені шешуге бағытталған.
Оқушы зерттеу барысында биолог ғалымдардың дәрілік өсімдіктерді зерттеулері бойынша озық тәжірибелері мен еңбектерін негізге алған. Алматы облысында кездесетін далалық сәлбеннің (Salvia stepposa Schost.) 2 популяциясының морфологиялық ерекшеліктерін көрсетіп, жапырағы, сабағы, тамырының анатомиялық құрылысына салыстырмалы микроскопиялық талдау жасаған және морфометрикалық көрсеткіштерін анықтаған.
Зерттеуші ғылыми жұмысты орындауда алдына қойған міндеттерін жауапкершілікпен орындап, өзінің ізденушілік қабілетін көрсете алған. Алынған нәтижелер мен міндеттердің негізінде жасалған қорытындылары шынайы, ғылыми жаңалығы зерттеу мазмұнымен сәйкес болып келеді.
Қорыта айтқанда, Балтабек Ақеркенің Зертханалық жағдайда далалық сәлбен (Salvia stepposa schost) морфологиялық-анатомиялық ерекшеліктерін зерттеу атты ғылыми жобасын орындауда алдына қойған мақсатына жеткен және болашақта жалғасын табады деп сенемін.
Қазақ ұлттық қыздар
педагогикалық университеті
Биология кафедрасының
PhD, қауымд.профессор м.а. Калиева А.Н.

КІРІСПЕ
Далалық сәлбеннен (Salvia stepposa Schost.) алынатын эфир майы медицинада, парфюмерияда және тамақ өнеркәсібінде, жапырағы халықтық медицинада ойық жараны емдеуде қолданылады. Жапырақтарында витаминдер, фитонцидтер, эфир майы, алкалоидтар, флавоноидтар, органикалық қышқылдар, шайыр және илік заттар бар. Сәлбеннің қабынуға қарсы, микробқа қарсы, қан тоқтату, организмді күшейту және ас қорыту жүйесінің секреторлық белсенділігін арттыратын, тершеңдікті азайтатын қасиеттері бар. Сонымен қатар, бауыр, бүйрек, вирустық инфекциялар, ангина, бронхит, гингивит, паротит, полиартрит, радикулит, неврит, диабет, әйелдер және тері аурулары, жарақаттар, фурункул, күйік, демікпе ауруларға пайдалы екендігі анықталды [1,2].
Сәлбеннің жапырақтары зарарсыздандыратын, асқындырмайтын, қан тоқтататын және тер бөлінуін шектейтін әсерлі қасиеттері бар. Гипертониялық, атеросклероз, шипалы былау үшін де пайдаланылады [3].
Қызыл түсті түрі ою-өрнек, кескіндер, гүлмен көмкерілген сөздер жазуға, гүлзардың жиектеріне, гүлді кілем жасауға көп қолданылады. Түсіне, биіктігіне қарай жеке-жеке топтастырып отырғызған дұрыс. Сәлбеннің 5-6 түсті түрінен ғана жеке гүлзар жасауға болады. Түбектерге аласа түрлерін отырғызады. Әр көшеттің арақашықтығы 18-20 см-ден кем болмауы керек [4]. Ұзақ әрі мол гүлдеуі үшін, гүлшоғыры тұқымданып кетпей тұрып, гүл күлтелері қоңырқай тарта бастағанда, жұлып тұрған дұрыс. Тұқымын тамыз айында жинайды [5].
Біржылдық гүлдерді жыл сайын тұқымнан көбейтіп өсіріп отырады. Мамыр айында гүлдету үшін, ақпан айының соңы, наурыз айының басында жылыжайда немесе үйде 20-22ºС жылылықта тұқым арқылы көбейтеді. Тұқым 7-10 күнде өніп, өскін шығарады. Өскінге бір-екі жапырақ шыққанда, көшеттеп, әрқайсысын жеке отырғызады. Сәуірдің аяғында немесе мамыр айының басында, көктемнің ызғарлы суығы өткеннен кейін көшеттерді далаға егеді. Өскін өніп шыққан уақытынан бастап 60 күннен кейін гүлдей бастайды. Сонымен қатар қалемшелеп те көбейтуге болады. Бақшаға сәуірдің аяғы, мамырдың басында тұқымынан егетін болсаңыз, жаздың ортасында гүлдейді [6].
Сәлбен халық медицинасында өте көп пайдаланылады. Ерте кезден ақ Жерорта теңізінде пайдалана бастаған. Гиппократ сәлбенді тіршілік шөбі деп атап кеңінен пайдалануды ұсынған. Сәлбен salvia, латынша salvere -сау болу деген сөзден шыққан. Әлемде сәлбеннің жүзден аса, әр түрлі емдік қасиеті бар түрлері кездеседі. Оның ішінде галлюциноген өсімдігі бар оның отаны мұхиттың арғы бетіндегі Мексика. Біздің орманды-далалы зонамызда халық медицинасында ертеден қолданылатын дала сәлбені (луговой) жиі кездеседі.
Сәлбеннің жапырақтарында витаминдер, фитонцидтер, эфир майы, алкалоидтар, флавоноидтар, органикалық қышқылдар, шайыр және илік заттар т.б. көптеген пайдалы заттар бар.
Сәлбеннің қабынуға қарсы, микробқа қарсы, қан тоқтату, организмді күшейту және ас қорыту жүйесінің секреторлық белсенділігін арттыратын, асқорыту сөлінің бөлінуін күшейтетін, тершеңдікті азайтатын қасиеттері бар.
Сәлбеннің емдік қасиеті асқазан ауруларын, бауыр, бүйрек, вирустық инфекциялар, ангина, бронхит, гингивит, паротит, полиартрит, радикулит, неврит, диабет, әйелдер және тері аурулары, жарақаттар, ойық жара, фурункул, күйік, демікпе және т.б. ауруларға пайдалануда анықталды.
Үй жағдайында дайындағанда өсімдік жапырағының су экстракты (тұнба, қайнатпа) көбінесе сусамыр ауруына, іш өтуге, қабынуға,тершеңдікке және асқорыту жүйесін жақсарту үшін пайдаланады. Спиртті тұнбалары көбінесе антисептикалық, шаншуға, қант диабетіне және әйелдер ауруларына жақсы әсер етеді.
Сәлбен өсімдігінен тұнба, қайнатпа жасау рецептерінің бірнеше варианттары бар. Өлшемдік қатынасы мен әдістері қалай пайдалануға байланысты болып келеді. Рецептерді белгілі бір ауруға байланысты арнайы анықтамалардан қарау керек. Сыртай және іштеу пайдалану үшін кеңінен таралған өсімдік өнімі және судың 1:10 қатынасында кептірілген жапырақтан, 1:5 қатынасында жас жапырақтан дайындалған тұнбаны пайдалануға болады.1 сағатқа жеткізбей термосқа бұқтырып қояды немесе қайнауға жеткізбей су моншасында дайындалады.
Сәлбен тұнбасы мен қайнатпасы шаш түбін қатайтады, шаштың түсуін азайтады. Бұған дәлел көптеген сусабын құрамында сәлбеннің болуы. Сонымен қатар қартаю кезінде еске сақтау қабілетін, жүйке жүйесінің жұмысын жақсартуда, қолдың дірілдеуін азайтуда пайдалы. Сәлбеннен жасалған препараттар аса қауіпті ауырулар гипертония, қант диабеті, асқазан жарасы, бүйректің, өт жолының созылмалы қабынуларында, ісік ауруларында пайдаланылады. Бұл ауруларда адамдар өздігімен емделмей, дәрігердің бақылауы бойынша сәлбенмен емделсе қорытындысы жақсы болады. Сәлбеннің емдік қасиеттері денсаулықты жақсартып, өмірді ұзартады [7].
Сәлбен ұйқы безінің қабынуына, бауыр, геморрой, іш өту, метеоризмда, энтероколитте, гастритта, энтеритта, холециститта, көк бауыр ісігінде, кіші дәреттің тоқтамауында пайдаланылады. Сәлбен қанды тазартады, тыныс алу мүшелерін, бауырды, асқазанды, теріні емдейді. Тамақты шаю үшін 1 шәй қасық сәлбенге 250 г қайнаған су құйып 10 минут бетін жауып қояды. Сәлбенмен ауызды шаю миндалинді, тамақты, ауыз қуысын, тіс түптерін, парадонтозды емдеудің бірден-бір тәсілі.
Сәлбен шырынын күніне 2 рет аш қарынға және кешке қабылдайды. Гинекологиялық аурулардың алдын алуда және емдеуде сәлбеннен дайындалған жылы бұлау қабылдау керек. Ингаляцияны ангинада, бронхитта, трахеитта, ларингитта, фарингитта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зоопсихология пәні
Зоотехниялық эксперименттер
Оқушылардың физиологиялық дамуы пәні
Мектепке дейінгі психология пәні, мақсаты мен міндеттері жайлы
Тарихи антропологияның мәні және оның методологиясы мен әдістемелері
Құс өсіру бойынша кәсіби стандарт
Биология сабағында жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыру
Физиология ғылымының зерттеу әдістері
Жеткіншек жастағы балалардың психологиялық даму ерекшеліктері
Жабайы кенепшөптен алынған препараттардың биологиялық белсенділігін анықтау
Пәндер