Шығай ханның баласы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университеті

Жаратылыстану ғылымдары факультеті

« Экология және химия» кафедрасы

C:\Users\User\Downloads\ахмет яссауи.png

БӨЖ

Пән атауы: Қазақстан тарихы

Тақырып : Есім хан

Орындаған: Нишанбаева Севинч

Қабылдаған : аға оқ. Адилбекова Забираш

Тобы : ЖХМ-311

Түркістан 2023

ЖОСПАР:

  1. Есім хан өмірбаяны

2. Есім ханның билікке келуі

3. Есім ханның «Ескі жолы» заңдар жинағы

4. Қорытынды

5. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Есім хан - 1598-1628 жылдары Қазақ хандығында билікте болған Шыңғыс әулетінің өкілі. Шығай ханның баласы. Есім ханның әкесі Шығайдың 1580-1582 жылдары хан болғаны баршаға мәлім. Қадырғали Жалайыридың Шығай хан туралы дерегінен оның бүкіл ғұмыры күреспен өткенін, жауларымен алысып-арпалысып, айбатымен қашырғанын, ерлігімен жақынының мерейін тасытқанын, сөйтіп бүкіл елге батырлығымен танымал болғандығын көреміз. Есім хан - Шығай ханның он екі ұлының бірі, Сейітқұл сұлтаннан, Ондан сұлтаннан және Тәуекел ханнан кейінгі төртінші ұлы. Анасы шағатайлық Яқшым бике (Жақсы бике болуы да мүмкін) . Тәуекел хан екеуі бір анадан туған (Қадырғали Жалайыр, 1997: 122-123) . Оның толық есімі - Есмұхаммед (Ишмұхаммед), бірақ жазба дерек мәліметтері мен ауыз әдебиетіндегі материалдарда, сондай-ақ тарихи әдебиеттерде Ишим, Ашим, Есим, Есім түрінде кездеседі.

C:\Users\User\Downloads\есім хан.jpeg

Өмірбаяны

Есім хан - Шығай ханның ұлы. Анасы Яқшым бике (Жақсы бике) . Тәуекел ханның інісі.

Толық есімі- Есмұхаммед (Ишмұхаммед), тарихи әдебиеттерде Ишим, Ашим, Есим, Есім деп кездеседі.

Есім хан, «Еңсегей бойлы ер Есім»-қазақтың ұлы хандарының бірі. Туған жылы белгісіз, Туған ағасы Тәуекел ханнан кейін ел билігін қолға алған Есім хан Қазақ Ордасын 1598-1628 жылдары басқарды. Қазақ хандығының астанасы Түркістан қаласында тұрып, билік жүргізді. Сұлтан кезінде-ақ ағасы Тәуекел ханмен Түркістаннан Самарқанға дейінгі жерді Қазақ хандығы құрамына қосты. 20 мың әскерімен өзі Самарқанда қалып, Тәуекел хан 80 мыңдай әскермен Бұқараға аттанады, бірақ жеңіске жете алмайды.

Есім хан ойрат қалмақтарымен күресте ерлік пен батылдықтың өнегесін көрсетіп, «Еңсегей бойлы ер Есім» атанады

Есім хан, «Еңсегей бойлы ер Есім»-қазақтың ұлы хандарының бірі. Туған жылы белгісіз, Туған ағасы Тәуекел ханнан кейін ел билігін қолға алған Есім хан Қазақ Ордасын 1598-1628 жылдары басқарды. Қазақ хандығының астанасы Түркістан қаласында тұрып, билік жүргізді. Сұлтан кезінде-ақ ағасы Тәуекел ханмен Түркістаннан Самарқанға дейінгі жерді Қазақ хандығы құрамына қосты. 20 мың әскерімен өзі Самарқанда қалып, Тәуекел хан 80 мыңдай әскермен Бұқараға аттанады, бірақ жеңіске жете алмайды.

Есім хан ойрат қалмақтарымен күресте ерлік пен батылдықтың өнегесін көрсетіп, «Еңсегей бойлы ер Есім» атанады

Қалмақтарға қарсы күресте Есім хан Батыс қазақстан жеріндегі ноғайлармен арадағы қарым-қатынасты күшейтті. Қазақ-қырғыз ынтымағын орнатуға күш салады. Есім хан билік еткен тұста Қазақ хандығының әскери қуаты күшейіп, 300-400 мыңға дейін атты әскер шығара алған.

Ел билеудегі жол-жобалар мен әдет ғұрыптар туралы ережелер жинағы- «Есім ханның ескі жолы» қазақ елінде XX ғасырға дейін сақталып, қызмет етті. Есім хан Түркістанда жерленген, қабірінің басына кесене орнатылған.

«Есім ханның ескі жолы»- дәстүрі қазақ қоғамындағы әдет-ғұрып заңдарының жиынтығы. Оның негізгі Қасым хан тұсында «Қасым ханның қасқа жолы» деген атпен 1511-1523 жылдары қабылданған. Есім хан ғасыр бойы сұрыпталып, орныққан осынау жол-жоралғы, әдет-ғұрып жосындарын өз заманының әскери-саяси және әлеуметтік қажеттіліктеріне орай жетілдіріп жүйеледі. Кейінен қазақ қоғамында бұл заңдар жиынтығы «Есім ханның ескі жолы» деген атпен қалды. Дау шешіліп, төрелік айту құзыретін иеленген би қазылардың оны білуі міндетті саналған.

Есім хан кезінде Қазақ хандығының шығысындағы жағдай Тәуекел тұсындағыдан әлдеқайда күрделене түскен еді. Мұнда ойрат тайпаларының бірігу процесі жүріп жатты. Сондықтан ол көршілерінде болып жатқан жағдайды жіті қадағалап, олардың тайпалары арасындағы алауыздықты өз пайдасына шешуге ұмтылып бақты.

Ойраттардың бір жағынан Ембі, Жайық, Еділ бойындағы ноғайлармен шарпысуы екінші жағынан орыс қамалдарының гарнизондарымен қақтығысуы Есім хан саясатының ықпалды болуына елеулі жағдай жасады. Ақырында үш жақты соғыстың өздеріне қырғын таптыратынын сезген ойрат әміршілері Есім ханның үстемдігін мойындап, тату көршілікте тұру мақсатында ұсыныс жасап, елшілерін жіберуге мәжбүр болады.

Хандығының шығысындағы жағдайды осылайша өз пайдасына шешкен Есім хан оңтүстігін де ойдан шығармайды

Есім ханның билігі тұсында (1598-1645) халық жадында «Есім салған ескі жол» деген атпен қалған әдет-ғұрып нормаларын қалыптастырған конституциялық құжат болғаны белгілі. Мұны «Есімнің заңы» деп ұққан жөн. Бірақ оның көктен алынбағанын, өз заманының орайы мен талабына қарай Есім хан мен оның кеңесшілері өңдеп, толықтырған баяғы «Қасым салған қасқа жолдың» бір нұсқасы екенін де естен шығармаған абзал. Түтпет келгенде, «Есім салған ескі жол» деген сөздің мәні де Есім ханның тұсында жасалған даналық заңдарға байланысты айтылған. Қоныс-тұраққа, мал-мүлікке, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа қатысты туындайтын дау-шардың шешімдері осы кезде сараланды.

Мұның өзі кейін Тәукенің әйгілі «Жеті жарғысына» негіз болып, қазақ халқының мәдени-рухани және салт-дәстүр қалыптарының төлтумалығын шыңдай түсуге ықпал етті. Жалпы көшпелілер мемлекетінің хандары сияқты, Есім хан да тақ үсті мен ат үстінде бірдей танылған біртуар тұлға. Оны халқының «Еңсегей бойлы Ер Есім» атанған атақты ханның қайтыс болған жылы - 1645 жыл деген шындыққа келетін сияқты.

Есім хан қазақ тарихында «Еңсегей бойлы ер Есім» деген атпен әйгілі болды, оған бұл атақ 1598-жылы ағасы Тәуекел ханмен бірге Мауреннахрға жасаған жорықта ерекше көзге түскені үшін берілген екен. Есім хан - Шығай ханның баласы, ол бұрын қазақ хандығының Түркістан қаласындағы хан ордасында тұрған. Хан тағына отырған соң Бұхарамен бітім-шартын жасасып, Орта Азия қалаларымен бейбіт, экономикалық байланыс орнатуға ұмтылды. Қазақ хандығын бір орталыққа бағынған мемлекет етіп құруды көздеді. «Есім ханның ескі жолы» деп аталған заңды құрастырды. Есім ханның қазақтарды бір орталыққа бағындыру саясатына қарсы болған сұлтандар қазақ хандығын бөлшектеуге тырысты.

Ташкент қаласы қазақ хандығына қараған соң оны Жәнібек ханның немересі, Жалым сұлтанның баласы Тұрсын Мұхаммед сұлтан басқарған еді. Ол көп ұзамай тәуелсіз хан болуға әрекет жасады. Тіпті өз атынан ақша соқтырып, «бажы және хараж» алым-салықтарын жинады. Сонымен, қазақ хандығын екіге бөліп, Түркістан қаласын орталық еткен Есім хан, Ташкент қаласын орталық еткен тұрсын хан билеген еді. Бұлардың арасында соғыс қақтығыстары болды. Бұл екі жақ ұйғыр, қырғыз, қарақалпақ билеушілерінен өздеріне одақтас-жақтастар іздеуге кірісті. Есім хан тобы Яркент хандығына қарсы болып Тұрпанды билеген Әбдірахим ханмен одақтасты. Ал Тұрсын Мұхаммед хан жағы Яркент билеушісі Шажайдің Ахметтің жақтасы болды. Бұлармен одақтасып отырған Әбдірахим мен Ахметтер де бір-бірімен жауласып отырған билеушілер болатын. Есім хан өзіне мықты сүйеніш ету үшін Яркент ханы Әбдірахиммен құдандалық байланыс орнатты. 1627-жылы Есім хан Тұрсын ханды өлтіріп, қазақ хандығын өз қол астына біріктірді. Есім ханның феодалдық бытыраңқылықты жеңіп, қазақ хандығын біріктіру жолындағы күрестері қазақтың «Еңсегей бойлы ер Есім» атты тарихи жырына өзек болған.

«Бахыр әл асырардың» авторы Махмұд ибн Уәлидің айтуына қарағанда, Есім хан 1628-жылы қайтыс болған. Ал «Қазақ совет энциклопедиясының» мәліметіне қарағанда 1645-жылы қайтыс болған делінеді.

Есім хан саясаты (Шығайдың баласы, 1598-1628 ж. ж) саясатының ерекшелігі:

Барлық қалаларымен қоса Түркістан аумағы Қазақ хандығына қосылды

Осы кезден бастап Ташкент қаласы 200 жылдай қазақтардың иелігінде болды

Оңтүстік Қазақстандағы отырықшы-егіншілік аймақтар Қазақ хандығының жері болып есептелді.

„Есім ханның ескі жолы“ атты әдет-ғұрып ережелері жинағын шығарды. Заңда:

• Әскери міндетті атқару ережелерін күшейтті

• Әскер тәртібін бұзушыларға жазаны ауырлатты

• Ескі құқықтық заңдар мен ғұрыптарды сақтады.

XVII ғ. Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы тұрақсыз болды:

• Хандық іштей бөлшектеніп, феодалдық қақтығыстар күшейді

• Үш жүздің әрқайсысы жеке хан сайлауға көшті

• Оңтүстікте іс жүзінде екі хан билігі орнады

Есім хан занында мұрагерлік, мирасқорлық мал мөлшері анық айтылған. Мирасқорлыққа бөлінетін мал-мүліктердің бөліну мөлшері: туған ұлдарына - екі еседен, туған қыздарына, - баласыз әйелдеріне - бір еседен, өгей балаларына - жарты еседен, есігінде еншілес болып жүрген құлы яки күңі болса - ширек еседен сыбаға тиісті.

"Есім ханның ескі жолындағы" қызға төленетін қалың малдың кесімді мөлшері бес түрлі болған. Олар:

1. "Жүз қырықтың қалыңы" - жүз қой, қырық қара деген кесім байлар мен билердің қызының қалыңы.

2. "Жүз жиырманың қалыңы" - жүз қой, жиырма қара деген кесім одан кейінгі орташа қызының қалыңы.

3. "Қырық жетінің қалыңы" - жеті қара, кырық қой деген кесім (байлардың, билердің "қатын үстіне" алатын кедейлердің қыздарына төленетін қалыңы) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәуекел хан
Хафиз Таныштың «Шараф-наме Шахи» атты шығармасының деректік маңызы
ХVI – XVII ғасырлардағы Қазақ хандығының сыртқы саясатын зерттеу
Мауараннахрда Абдолла хан мен оның баласы
Тәуекел хан туралы
Қазақ хандарың билеген жылдары
Есім ханның өмірі, отбасы
Тәуекел хан тұсындағы қазақ хандығы
XVI-XVII ғғ Қазақ хандығы
XV – XVI ғасырлардағы қазақ хандығының құрылуындағы керей – Жәнібектің, Хақназар және Тәуекел хандардың тарихи рөлі және оны нығайту жолындағы ішкі және сыртқы саясаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz